- •Мемлектеттік кәсіпорын.
- •Кәсіпорынның негізгі қоры, оның маңызы.
- •Негізгі қордың белсенді және енжарлы бөлігі.
- •Негізгі қорды бағалауда қолданатын құндар.
- •Амортизация, оның ұғымы, мазмұны.
- •Негізгі қордың тозу түрлері.
- •Негізгі қордың тиімділігін анықтайтын негізгі көрсеткіштері.
- •Айналым құралы, оның мазмұны.
- •Айналым құралының құрамы.Негізгі элементтері.
- •Айналым құралын мөлшерлеу.
- •Кәсіпорында айналым қорларын пайдаланудың экономикалық тиімділігі.
- •Тікелей инвестициялардың атқаратын қызметі.
- •Инвестициялық қызметтің базалық принциптері қандай?
- •Күрделі қаржыны қалыптастырудың негізгі көздері.
- •37. Өндіріс типтері (жеке, сериялық, жаппай), олардың сипаттамасы, артықшылығы және кемшілігі.
- •Өндірстің әртүрлі типтерінің салыстырмалы сиптаттамасын төмендегі кестеден көреміз.
- •39.Өндірісті дайындау, оның құрамы, мазмұны мен маңызы.
- •51.Күрделі қаржының тиімді пайдалану
- •52. Өндіріс шығындарының түрі.
- •54. Кәсіпоорынның пайдасы.
- •57.Дисконттық құн.
- •58.Дисконттық құнды есептеу әдісі
- •81. Жүкті тасымалдаудағы көлік шаруашылығының маңызы
- •82.Көлік шаруашылығының құрылымы
- •28. Кәсіпорынның экономикалық тиімділігі деген не?
- •70. Негізгі цехтың атқаратын қызметі
- •. Жүк айналымын анықтаудың есебі.
- •Кәсіпорында энергетикалық шаруашылықты ұйымдастырудың маңызы, негізгі міндеті мен функциясы.
- •85.Энергиялық баланс.
- •Энергияға жұмсалатын шығын есебі.
- •Негізгі цехтың атқаратын қызметі.
- •Ірі кәсіпорындағы құрылым бірлігі.
- •Нарық жағдайындағы өнімді өндіруге кететін шығындарды азайтудың жолдары мен маңызы.
- •Кәсіпорында көлік шаруашылығын ұйымдастыру
- •56. Негізгі капиталды қолданатын құндар, олардың аталуы, мазмұны және айырмашылықтары, қолданау аймағы.
52. Өндіріс шығындарының түрі.
Өндіріс шығынына: еңбекақы, түрлі төлемдер, материалды ресурстар құны және жыл бойғы негізгі қорлардың тозуы, өнім өндіруге қатысқан техникалар, машиналар, құрал-жабдықтар, үйлер, ғимараттар т.б. материалдық т.б. құралдар құны кіреді.
Өндірістің барлық шығындары өнімнің жеке түрлерінің (соның ішінде жеке тапсырыстар бойынша дайындалатын жеке бұйымдардың) немесе 6ip тектес өнімдер топтарының өзндік құнына жатқызу тәсілдеріне байланысты тікелей және жанама болып бөлінеді.
Тікелей шығындар деп - өндірістік өзіндік құнына тура және тікелей өз бетімен кipe алатын, өнімнің жеке түрлерінің өндірісімен байланысты (шикізат, негізгі материалдар, сатып алынатын бұйымдар мен жартылай фабрикаттар, өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысы және т.б.) шығындарды айтады. Жанама шығындар деп - өнімнің өзіндік құнына бөлінген сон, кіретін жабдықтарға (деуге болады) өнімнің түрлерінің өндірісімен байланысты шығындарды (құрылғыны ұстау және пайдалану шығындары цехтік шығындар және т.б.) айтады.
Шығындарды калькуляция баптары бойынша топтастырған кезде тәртіп бойынша тікелей шығындар (мысалы "материалдар") элементтер тұрғысынан есепке алынады, ал жанама шығындар (мысалы "косымша шығындар") кешенді статьяларды құрайды, яғни өндіріс үрдісіндегі аткаратын ролдері бойынша ажыратылатын бірнеше элементтерден тұратын шығындардан кұралады.
Кәсіпорын шығындары өнімді дайындау үрдісіне қатысу сипатына байлнысты негізгі және қосымша болып бөлінеді.
Heгізгі шығындар - өнімді дайындаудың технологиялық үрдісінің жүруімен тікелей байланысты. Оларға өнім дайындалатын шикізат пен материалдар шығындары, технологиялық үрдісте қолданылатын отын және энергия (ғимараттарды жылыту мен жарықтандыру шығындары емес) шығындары, негізгі өндірістік жұмысшылардың жалақысы, құрылғыны күту, ұстау, пайдалану шығындары кіреді.
Қосымша шығындар өнім өндірумен емес,өндірісті ұйымдастыру, басқару және пайдаланумен тікелей байланысты. Оларға әкімшілік - баскару персоналының жалақы шығындары үй - жай, ғимараттарды жылытумен жарық беру шығындары және олардың амортизациясы жатады.
Шығьндар өндіріс көлеміне байланысты өзгермелі және шартты -тұрақты болып бөлінеді.
Өзгермелі шығындар өндіру көлеміне байланысты пропорционалды түрде өciп немесе кеміп отырады. Бұған шикізат пен материалдардың, технологиялық мақсаттағы отын мен энергияның құны өндірістік жұмысшылыардың кесімді жалақысы жатады. Егер кандай да бip себеппен өнім шығару уақытша тоқтап қалса, онда осы уақытта өзгермелі шығындар да болмайды.
Шартты - тұрақты шығындар өзгермелі шығындарға қарағанда өндіріс көлемінен тіпті тәуелсіз. Бұл - басқару шығындары, ғимараттар мен үй -жайды жылыту және жарықтандырумен байланысты шығындар, жалға беру ақысы және т.б. Шартты - тұрақты шығындар өнім өндіру тоқтап қалса да, кәсіпорынның банкроттылығы және оның, ресми жабылуы жарияланғанға дейін орын алады.
53.Нарық жағдайындағы өнімді өндіруге кететін шығындарды азайтудың жолдары мен маңызы. Көп экономистер шығындарды анықтау үшін айтарлықтай өз үлестерін қосқан. К. Маркс 2 дәрежелі қағидаға негізделеді, олар: өндірістік шығындар, айналым шығындары.
Өндірістік шығындар түсінігінде жолақыға, шикізатқа, материалдарға кеткен шығындар кіреді, сонымен қатар мұның ішіне еңбек құралдарының амортизациясы да кіреді. Тағы басқа өндірістік шығындар түсінігіне тауарды шығару мақсатында кәсіпорын ұйымдастырушыларының жұмсаған шығындары жатады. Бір тауар құнының екіден бір бөлігін өндірістік шығындар құрайды.
Айналым шығындарының жіктелуі сол тауарды өткізу үрдісімен байланысты. Ол өндірістік инфрақұрылымға жақынырақ болып келеді және тауар құнына кіріп, соңғысын ұлғайтады. Қосымша шығындар тауар сатылғаннан кейін түскен ақшадан ғана төленеді. Таза айналым шығындары – сату шығындары (сатушылардың жолақысы және тағы басқа), маркетинг (тұтынушылардың сұранысын анықтау), жарнама, штаб-пәтер персоналының жолақысы және тағы басқа. Таза шығындар тауар құнын ұлғайтпай, тауарды өндіру үрдісі кезіндегі сатылғаннан түскен пайдамен төленеді.
Қазіргі кездегі шығындар концепциясын Шығыс экономистері енгізген, олар көбінесе жоғарыда айтылып кеткен екі кезді де қамтиды. Жалпы теорияда экономикалық және бухгалтерлік шығындар қалыптастырылады.
Өндірістік шығындарға ақша түрінде көрсетілгенімен, белгілі бір өнім өндіруге, қызмет көрсетуге кеткен материалдық және еңбекке кеткен шығындар жатады. Сонымен қатар, олар өзіне өндіріс құралдарына жұмсаған шығындарды (шикізат, материалдар, бұйымдардың жиынтығы, жанар май, электр энергиясы және тағы басқа) және өндіріс қызметкерлерінің жалақысын жатқызады. Осы арқылы тауар өндірісі кәсіпкерге қаншаға айналатынын көруге болады.
Берілген анықтама бухгалтерлік шығындарды анықтап, сатып алынған ресурстардың төлемі ретінде тек нақты шығындарды қосады. Осылайша, бухгалтерлік шығындар экономикалық шығындардан ерекшеленеді. Ал сол экономикалық шығындар болса, өнім өндіру үшін нақты емес шығындарды қоса есептейді.
Нақты емес шығындар – бұл өнім процесінде қолданылатын өндірістік фактор, бірақ ол белсенді емес. Оған фирманы басқаратын адамдардың өзіндік еңбегін, оның өнім өндірісінде қолданылатын өзіндік капиталын немесе жерді жатқызуға болады, бірақ ол кәсіпорын меншігінде болуы керек. Нақты емес шығындарды фирманың экономикалық шығындарына қосу үшін оларға ақшалай түрде баға беру керек. Ал егер ресурстарды сатып алмаса, оны қалай істеуге болады? Ол үшін берілген ресурстардың «альтернативті құны» деген түсінік қолданылады. Мысалы, белгісіз бір кәсіпкер өндіріске өзінің қаржысын салды дейік.
Бұл қаржыны қолданудың альтернативті нұсқауы ретінде машиналарды жатқызуға болады. Кез келген кәсіпорынның акциясын сатып алатын болса, соған байланысты ол дивиденд алады және коммерциялық банктің депозитіне ақша салып, процент алады. Берілген ресурстардың жоғарыда айтылып кеткен альтернативті нұсқауларына қарағандағы ақша салымының альтернативті құнын бағаласақ, кәсіпкердің өз өндірісіне салғаны тиімді болады, әрі ақшалай табыс әкеледі. Егер акцияны сатып алуды альтернативті жағынан пайдаланатын болсақ, онда өз өндірісіне салынған салым жіберіп алған дивидендтер қатынасының альтернативті құнын құрайды, яғни нақты емес шығындар көлемі бухгалтерлік шығындармен қосқандағы өндірістік шығындардың нақты көлемін көрсетеді.
Кәсіпкер үшін, көбінесе, жалпы шығындарының көлемі емес, орташа шығындар көлемі – бір бұйымды өндіру үшін орта есеппен неше шығын жұмсайтыны маңызды болып табылады. Орташа шығындарды есептеу үшін жалпы шығындарды өндіретін өнім көлеміне бөлу керек. Орташа шығынды тауар бағасымен салыстыра отырып, бұл өнімді өндірудің тиімділігін анықтауға болады. Шекті шығындар бір өнім данасын артық шығарса, қаншалықты өсім болатынын анықтайды. Бұл фирмаға бір дана өнімді артық шығарғанда қаншалықты табысты болатынын көрсетеді. Кәсіпорынның еңбек қабілеттілігін ұстап тұру үшін, өнімді өткізу үшін және өндірістік факторларды қолдану мақсатындағы шығындардың құны ақшалай көрсеткішпен бағаланады. Өндірістік шығындардың жиынтығы өнімнің өндірістік өзіндік құнын құрайды. Өнімнің өзіндік құны өнім өндірісінің үрдісінде қолданылатын табиғи ресурстардың, шикізаттың, материалдардың, жанар майдың, энергияның, негізгі қордың, еңбек ресурстарының және тағы басқа өнім өндірісіне, өнімді өткізуге кеткен шығындарды көрсетеді.
Өндірістік шығындар - өзіндік құн экономикалық категориясының бастысы болып есептеледі. Олардың деңгейі, көбінесе, пайданың көлемін, кәсіпорынның рентабельділігін, оның шаруашылық қызметінің тиімділігін анықтайды. Өндірістік шығындарды қысқарту және оптимизациялау - әр кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін, беріктілігін, қаржылық тұрақтылығын білдіретін экономикалық қызметінің негізгі бағыты
