Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dauylbaev_shpooor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
333.24 Кб
Скачать

39.Өндірісті дайындау, оның құрамы, мазмұны мен маңызы.

Өндірісті дайындау- бұл үрдіс тікелей жұмысшылар ұжымының еңбек жұмсауының нәтежиесінде жетілдіру және жаңа өнім түрін шығаруды үйымдастыру немесе дайындалатын бұйымды жаңарту. Өндірісті дайындау үрдісінде жұмыстың тұрі және сипаты бойынша – зертеушілік,

Конструкторлық, технологиалық, өндірістік және экономиалық болып бөлуге болады.

Өндірісті дайындаудың мазмұны .

Өнеркәсіп салаларында жаңа өнімді жасауды белгілі реттелінген фазадағы өндірісті дайындауда біртұтас үрдісте іске асырылады. Бұл дәйектілікке кіретіні:

  • Терең сипаттағы ізденіс және теориялық зерттеу;

  • Қолданбалы зерттеу үрдісіндегі бірінші кезеңде алынған білім;

  • Орындау кезеңдегі алынған білім мен зерттеудің қорытындысын іске асырудағы сызба және жаңа бұйымның түрлеріне жасалған тәжрибе – конструкторлық жұмыстар;

  • Жаңа бұйымды өндіруді ұйымдастыру түрлерін және оны орындау үрдісіндегі технологиалық дайындау әдістеріне жасалған технологиялық жобалау мен жоба – ұйымдастыру жұмыстары;

  • Жаңа өндірісті техникалық жабдықтау , техникалық жабдықтарды сатып алу және жабдықтарды жасау, сонымен бірге кәсіпорынды және оның бөлімшелерін керісінше қайта құру:

  • Жаңа өндірілетін өнімді игеру және дайындалған өнімді тексеру оны өндіріске ендіру;

  • Қоғамның талабын қанағаттандыруда саны мен сапа жағынан жаңа өнімді жеткілікті өндіру;

  • Жаңа өндірілген өнімнің жер жүзі рыногында бәсекеге тұрарлықтай жағында, соңғы ғылыми және техникалық жетістіктерді қолдану;

  • Еңбек өнімділігін арттыруда техникалық ұйымдастыруға керекті жағдай жасауды қамтамасыз ету;

  • Жаңа өнімді жасауда және оны өндіруде жоғарғы деңгейдегі сапаға өндіріліп, төмеңгі шығын жұмсауды ескеру;

  • Өндіріс кешенін дайындауға қайта-құру, технологиялық, ұйымдастыру және басқадай маңызды жұмыстардың жұмыс ұзақтығын қысқарту және өндірісте жаңа бұйымды игеру мерзімін қысқарту;

  • Жаңа өнімді игеруде және өндірісті дайындаудағы байланыстың, экономикалық шығындарды үнемдеу.

40. Өндірісті дайындауда ұйымдастыру-экономикалық негізгі бағыты мен мазмұны.. Қазіргі ғылыми – техникалық үрдісте негізгі өндірісті үйымдастырудың тиімді принциптері маңызды роль атқарады . Өндірісті ұйымдастыруда жалпы заңдылықта жаңа өнімді жасау үрдісінде өндірісті тиімді ұйымдастыру негіз бола алады: ● Кәсіпорынның алдына қойған мақсаты,өндірісті ұйымдастырумен оның сәйкестігі; Өндірісті ұйымдастыру формасы мен әдістерінің сипаттамасы және оның материалды –техникалық бағасының сәйкестігі; Нақты өндірістік–техникалық және экономикалық жағдайға бейімделуі; Өндіріс үрдісі мен жұмысшылар еңбегін ұйымдастыру ерекшіліктері мен сипатының өзара сәйкес келуі. т.б. Жаңа бұйымды шығару үрдісіндегі ерекшіліктерін ескере отырып, өндірісті дайындау жүйелерін құру және жаңалауда бірнеше өзгешелік принциптерін басшылыққа алуға болады:Кешенді принципі, мамандандыру үрдісі (жұмысшы орны), ғылыми - технологиалық және өндірістік интеграция, құжаттардың жиынтығы мен бұйым құру бөлшектерінің принципі, пропорцианалдық, қалыптылық, (ырғақтылық) немесе бірқалыптылық, ұздіксіз, қатарластыру, тура дәлділік .Кешенді принципі - өндірісті орындау бойынша жұмыс жүргізуде бірегей жоспар бойынша, барлық үрдістерді қамтуда ғылым- зерттеуден бастап, жаңа техниканы игеруге дейіңгі және бұл жағдайға техникалық, ұйымдастыру, экономикалық және басқадай пайда болған мәселелерді ескеретін кешен .Ғылыми- технологиалық және өндірістік интеграция.Жалпы мақсаттағы көптеген мамандалған бөлімшелер мен орындаушылардың бірдей жетістікке жетуін қамтамасыз етудегі жиынтығын көрсететін жұмыс.Құжаттардың жиынтығы мен бұйым құрал бөлшектерінің принципі –кешенді жұмыстарды бір мезгілде орындауда, әрі қарай оларды жалғастыруға құжаттардың толық жинағы немесе бұйымның құрам бөлшектері болуы. Мамандандыру принципі (жұмысшы орны)-бұл жұмыс әрбір жұмысшы орнында жұмыс түрінің операция санын қысқарту .

Өндіріс үрдісін мамандандыру деңгей санын мамандану коэффициенті мың (км) сипатталынып, оны төмеңгі формуламен анықтауға болады :

Км = Сбүй/ Жорн

Мұнда: Сбүй - өндіріс бөлімшелерінде талдау мезгілінде (ай,жыл)бұйым операциясын өңдеу саны; Жорн - өндіріс бөлімшелеріндегі (бөлімше,цех).Бұл көрсеткіш талдау жасау мезгілде жабдықтарды қайта жөңге келтірудің жылдық орта санына сәйкес келеді

  • Пропорцианалдық принцип -өндіріс үрдісін ұйымдастыруға, барлық бөлімшелерде немесе кәсіпорында, өндірісті дайындауға белгіленген мезгілде, жоспарға қаралған, өндіріс жобасын орындауда, бірдей еңбек өнімділігінде жұмыс атқарып, онда қатысатын бөлімшелердің жұмысын қамтамасыз ету.

Өндіріс үрдісінде пропорцианалдық коэффицентін (Кпр) формула бойынша анықтауға болады.

Кпр = Өжаб /Өқ

Мұнда Өжаб – нақты операцияны орындауды қолданғанда өндіріс бағытындағы құрамдар жабдықтардың өнімділігі;

Өқ - Өндіріс қуаттылығының бағыты.

41. Өндірісті дайындауда әлеуметтік- экологиялықтың негізгі есебі. Қазіргі ғылыми – техникалық үрдісте негізгі өндірісті үйымдастырудың тиімді принциптері маңызды роль атқарады . Өндірісті ұйымдастыруда жалпы заңдылықта жаңа өнімді жасау үрдісінде өндірісті тиімді ұйымдастыру негіз бола алады: ● Кәсіпорынның алдына қойған мақсаты,өндірісті ұйымдастырумен оның сәйкестігі; Өндірісті ұйымдастыру формасы мен әдістерінің сипаттамасы және оның материалды –техникалық бағасының сәйкестігі; Нақты өндірістік–техникалық және экономикалық жағдайға бейімделуі; Өндіріс үрдісі мен жұмысшылар еңбегін ұйымдастыру ерекшіліктері мен сипатының өзара сәйкес келуі. т.б. Жаңа бұйымды шығару үрдісіндегі ерекшіліктерін ескере отырып, өндірісті дайындау жүйелерін құру және жаңалауда бірнеше өзгешелік принциптерін басшылыққа алуға болады:Кешенді принципі, мамандандыру үрдісі (жұмысшы орны), ғылыми - технологиалық және өндірістік интеграция, құжаттардың жиынтығы мен бұйым құру бөлшектерінің принципі, пропорцианалдық, қалыптылық, (ырғақтылық) немесе бірқалыптылық, ұздіксіз, қатарластыру, тура дәлділік .Кешенді принципі - өндірісті орындау бойынша жұмыс жүргізуде бірегей жоспар бойынша, барлық үрдістерді қамтуда ғылым- зерттеуден бастап, жаңа техниканы игеруге дейіңгі және бұл жағдайға техникалық, ұйымдастыру, экономикалық және басқадай пайда болған мәселелерді ескеретін кешен .Ғылыми- технологиалық және өндірістік интеграция.Жалпы мақсаттағы көптеген мамандалған бөлімшелер мен орындаушылардың бірдей жетістікке жетуін қамтамасыз етудегі жиынтығын көрсететін жұмыс.Құжаттардың жиынтығы мен бұйым құрал бөлшектерінің принципі –кешенді жұмыстарды бір мезгілде орындауда, әрі қарай оларды жалғастыруға құжаттардың толық жинағы немесе бұйымның құрам бөлшектері болуы. Мамандандыру принципі (жұмысшы орны)-бұл жұмыс әрбір жұмысшы орнында жұмыс түрінің операция санын қысқарту .

Өндіріс үрдісін мамандандыру деңгей санын мамандану коэффициенті мың (км) сипатталынып, оны төмеңгі формуламен анықтауға болады :

Км = Сбүй/ Жорн

Мұнда: Сбүй - өндіріс бөлімшелерінде талдау мезгілінде (ай,жыл)бұйым операциясын өңдеу саны; Жорн - өндіріс бөлімшелеріндегі (бөлімше,цех).Бұл көрсеткіш талдау жасау мезгілде жабдықтарды қайта жөңге келтірудің жылдық орта санына сәйкес келеді

  • Пропорцианалдық принцип -өндіріс үрдісін ұйымдастыруға, барлық бөлімшелерде немесе кәсіпорында, өндірісті дайындауға белгіленген мезгілде, жоспарға қаралған, өндіріс жобасын орындауда, бірдей еңбек өнімділігінде жұмыс атқарып, онда қатысатын бөлімшелердің жұмысын қамтамасыз ету.

Өндіріс үрдісінде пропорцианалдық коэффицентін (Кпр) формула бойынша анықтауға болады.

Кпр = Өжаб /Өқ

Мұнда Өжаб – нақты операцияны орындауды қолданғанда өндіріс бағытындағы құрамдар жабдықтардың өнімділігі;

Өқ - Өндіріс қуаттылығының бағыты.

42. Ғылыми зерттеуді ұйымдастыру, оның жіктеулі мен орындалу мақсаты. Өндірісті ғылыми-технологиялық дайындау деңгейі негізгі өндірістің өнімді дайндаудағы тиімділігін арттыруды және оның берілген тұтынушылық қасиеттерін сақтайды және өндірістің ырғақты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Өндірісті ғылыми-технологиялық дайындау деп өндірісте өнім өндіру жүйесі мен конструкторлық технологиялық дайындауды реттеуші мөлшерлі-технологиялық шаралардың кешенін айтады.

Мөлшерлі-технологиялық шаралар кешені бірнеше сатылардан тұрады.

Тәжірибе-конструкторлық жұмыстар келесі сатылардан тұрады:

-технологиялық үрдістерді енгізу;

-негізгі өнімнің сызбаларын, технолоигялық құрал-саймандарды, стандартқа сәйкес емес құрал-жабдықтарды, өнімнің сапасын бақылау және сынау;

-тасымалдау құралдарын орналастыру мен жіберу жұмыстарын дайындау және жетілдіру.

Өндірісті ғылыми-технологиялық дайындау деңгейі көптеген факторларға тығыз байланысты. Оларға:

А) техникалық факторларға – типтік және стандартты технологиялық үрдістерді жасау және жетілдіру, технологиялық жабдықтардың стандартқа сай және унифицирленген құралдарын пайдалану, автоматтандырылған жобалау жүйесін қабылдау және т.б. жатады;

Б) экономикалық фактор - өндірісті технолоигялық жұмыстарының кезеңдері бойынша алдын ала қаржыландыру, жеңілдетілген несиені пайдалану, жаңа техниканы игерудің ынталандыру қорын құру және т.б.;

В) ұйымдастыру фактор - өндірісті мамандандыруды дамыту және тереңдету, негізгі өндірістің алғашқы өнімдер партиясының немесе тәжірибелік үлгісінің сапасы бойынша стандартты емес құрал-жабдықтардың, технолоигялық жабдықтардың сапасын аттестациялау, негізгі және көмекші өндіріс арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру және т.б.;

Г) әлеуметтік фактор – орындаушылар мамандығын көтеру, еңбек жағдайын жақсарту мақсатында өндірістік және көмекші операцияларды жақсарту мақсатында өндірістік және көмекші операцияларды механикаландыру автоматтандыру, әлеуметтік өрісті дамыту, ұжымда психологиялық атмосфераны жақсарту және т.б.,

Өндірісті ғылыми-техникалық дайындау үрдісін жүзеге асыруда стандарттар жүйесі бойынша мөлшерлер, ережелер және талаптарға сәйкес орындау қажеттіліг пайда болады.

Өндірісті конструкторлық дайындаудың сатылары келесі:

-техникалық тапсырма – бастапқы құжат болып саналады.

43. Ғылыми зерттеуді орындаудың негізгі кезеңдері.

Өндірісті техникалық дайындауға жаңа өнім түрін өндіру мен модернизациянған бұйымдардың және өндірістің ұйымдастыру-техникалық деңгейін арттыру үшін жүргізілетін жұмыстардың жиынтығын айтады.

Өндірісті техникалық дайындаудың мазмұны мен міндеттері кәсіпорынның экономикаалық және әлеуметтік даму жоспарына сай анықталады. Осыған орай тапсырыс беруші сауда орындарының, тұтынушылардың талабына сәйкес өндірісті техникалық тұрғыда ұйымдастыру үшін дайындық шаралары жүргізіледі.

Жаппай өндірістік кәсіпорындарда өндіретін өнімнің көптігі, ассортимент түрлерінің кеңдігі өндірісті техникалық дайындауды ұйымдастыруға көптеген шығын жұмсауды қажет етеді. Жаңа және модернизацияланған өнімдер өндіру кезінде өндірісті техникалық дайындаумен бірге жаңа құрал-жабдықтарды, инновациялық технологияны, материалдарды, өндірісті ұйымдастырудың жаңа түрлерін игеру жөнінде дайындық жұмыстары жүргізіледі.

Әдетте өндірісті техникалық дайындау үш кезеңнен тұрады:

-бірінші кезеңде жаңа өнім түрін жасау және өндірісті дайындау, үлгіні әзірлеу және оның тәжрибе жүргізу арқылы үлгісін жасау, оны бекіту, құжаттарды дайындау, бұйымды суреттеу, қолданылатын негізгі және қосымша материалдарды ескере отырып конструкциясын жасау, өнімді өндіруге қажетті шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар мен фурнитура беруші жабдықтаушыларды анықтау шаралары жүргізіледі. Осы кезеңде өнімді дайындаудың технологиялық сызбасы, технологиялық операциялардың тізбегі, жұмыс күшіне қажеттілік, олардың мамандылығын анықтау, құрал-жабдықтарды жөндеу және түзеу тәрізді көптеген жұмыстар атқарылады;

-екінші кезеңде жаңа және әр түрлі өнімді өндіруді дайындау және игеру, ұйымдастыру-техникалық шараларды енгізу орындалады. Бұл жұмыстар негізінен тәжрибе цехтарында жүзеге асырылады. Өндірісті техникалық дайындаудың екінші кезеңінде еңбек өнімділігін арттыруға, өнім сапасын жақсарту мен материалдарды үнемдеуге барлық жағдай жасау жан-жақты қарастырылады.

-үшінші кезеңде өнімнің жаңа және әр түрін өңдеудің жалпы және сериялық әдістерін бір жүйеге келтіру, өндірістік ағындарда өндірістік-техникалық шешімдерді пайдалану сияқты жұмыстар атқарылады. Жетілдірілген ағынның тиімділігі жұмыс істеп тұрған ағынның техника-экономикалық көрсеткіштерімен (еңбек өнімділігі, жиынтық расценка, өнімнің қор сыйымдылығы, өндірістік алаңның бір шаршы ауданын өнім алу және т.б.) салыстырылады. Егер қабылданған көрсеткіштер жүйесі бойынша бағалау нәтижесі берілген жағдайда келтірілген шығындардың ең аз (минималды) шамасы қолданылады.

Өндірісті техникалық жетілдірудің әрбір кезеңінде орындалатын жұмыстар сипаттамасына қарай конструкторлық, технологиялық және ұйымдастыру-экономикалық болып бөлінеді.

44.Кәсіпорында қосымша өндірісті ұйымдастыру мақсаты, мазмұны мен маңызы оның құрамы . Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік – адамның еркін өмір сүру түрі. Белсенділік, іскерлік адамдардың мінез-құлқы типтерімен байланысты болатын шығар. Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады: біреуі – белгілі бір істің түрі; екіншісі – сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап. «Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады .Кәсіпорын – түрлі өндірістердерден және шаруашылықтарды4 (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және эксперменттік) тұратын күрделі миханизм. Кәсіпорынның жекеленген өндірістік буындар бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірелетін өнімнің атқарлатын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге бөлінеді. Негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай – ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу – машина жасау зауыттарында) арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.Көмекші өндіріс негізгі өндірістен өнім әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді (жөндеу миханикалық және аспаптық цехтар, электер – көліктік, су мен жабдықтау және т.б).Қосымша цехтар (мақта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру жөніндегі цехтар) негізгі өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді. Қосалқы цехтар (ыдыстар мен буып – түю материалдарын дайындаумен айналысатын цехтар) негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші өндірістерде пайдаланылатын материалдардан өнім өндіреді. Эксперименттік (тәжірибелік) цехтар тәжірибелік үлгілерді дайындайды және түрлі эксперменттік жұмыстарды атқарады Бұл кәсіпорындар өнімді дайындауға, сондай – ақ басқа да тарапта жұмыстарды атқаруға немесе қызмет көрсетуге өз септігін тигізеді. Өндірістік есепті дұрыс ұйымдастырудың кез – келген кәсіпорын үшін маңызы зор. Өндірістік бухгалтерлік есебін ұйымдастыру көбіне өндірістің тұрпатына (типіне) байланысты болады. Өндіріс жеке – дара, сериялық және жаппай өндіріс болып үш топқа (тұрпатқа ) бөлінеді. Жеке – дара (жекелеген) өндіріс - өнім жекелеген данадармен немесе қайталанып отыратын шығын тапсырыстармен дайындалатын өндіріс.  Бұл ауыр машина жасауға, кеме жасауға, берген станоктар мен трубиналарды өндіруге тән. Оның мынандай ерекшеліктері бар: ондағы цехтар нақты бір салаға мамандандырылмайды: субъект мен цехтардың өндіріс бағдарламасында бұйымдармен олардың бөлімдерінің көп мөлшерде болуымен ерекшеленеді: дайындық – қорытындылау жұмыстарына кететін шығындардың деңгейі салыстырмалы жағыдайда алғанда бір шама үлкен болады: өндірістің басқа да тұрпаттарына қарағанда өндірістік цикл ұзақ болып келеді. Жеке – дара өндірісте әдетте, шығындарды есепке алу үшін және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін тапсырыстық әдіс қолданылады, бұл орайда шығындар әрбір бұйым (тапсырыс ) бойынша есепке алынады

45. Техникалық қызмет көрсету жүйесі мен техниканы жөндеу, оның негізгі мақсаты. Кәсіпорында жөндеу шаруашылығын құрудың басты мақсаттарына негізгі өндірістік қорларды ұтымды пайдалану жатады.

Жөндеу шаруашылығының негізгі міндеттеріне:

-негізгі өндірістік қорларды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу;

-кәсіпорынның өзі дайындаған немес жаңадан сатып алынған құрал-жабдықтарын орнату;

-қолданылатын құрал-жабдықтарды модернизациялау;

-қосымша бөліктерді және түйіндерді дайындау, оларды сақтау жұмыстарын ұйымдастыру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі барлық жұмыстарды жоспарлау;-жөндеу жұмыстардың тиімділігін арттыру жөнінде шаралар ын дайындау жатады.

Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығының құрамына:

-бас механик бөлімі;-жөндеу-механикалық цехы;

-майлау және эмульсиялық шаруашылық;

-құрал-жабдықтар мен бөлшек бөліктер қоймасы кіреді.

Цехтаржа цех механиктері басқаратын цехтың жөндеу қызмет орындары ұйымдастырылады.

Бас механик бөліміне:-конструкторлық-технологиялық бөлім- құрал-жабдықтарды күтумен және модернизациялаумен, жөндеуге байланысты қажетті техниканың құжаттарын дайындаумен айналысатын;

-жоспарлау-өндірістік бөлім- жөндеу жұмыстарын материалдармен қамтамасыз ететін және жөндеу жұмыстарын диспетчерлеу және жоспарлаумен айналысатын;

-жоспарлы-ескерту жөндеу бөлім- кәсіпорында жоспарлы-ескерту жөндеу жұмыстарының жүйесін сақтауды бақылаумен және жалпы басшылыққа алумен айналысатын.

46. Кәсіпорында аспап  шаруашылығын ұйымдастыру, оның құрамы, міндеті мен маңызы.

Ірі зауыдттарда, жалпы зауыттың және цехтың жөндеуде қызмет ету жұмысы, ол зауыд шеңберханасы бойынша орталықтандырылған шағын жөндеу шаруашылығы ұйымдастырылады . Жалпы зауыд бөлімшелеріне аспап бөлімі (басқару), аспап цехы, орталық аспап қоймасы (ОАҚ), өлшеуіш лабараториясы жатады.

Цехтық бөлімшелерге цех бюросы, аспапты - тарату қоймасы (АТҚ) және аспапты жөндеу, егеу шеберханасы жатады .Аспап цехтарының құрылымы оның мамандануы мен өндіріс көлемімен анықталады

Ірі зауыдтта маманданған - құрал цехы, шағын өндірісте бір цех, оған кіретін құралдар, техникалық дайындау, көмекші және қызмет ету бөлімшелерінен тұрады. Аспап запасының құрылымы мен қажеттілікті анықтау. Аспақа қажеттілік деп – кәсіпорынды барлық керекті жинақталған сандағы, әрбір типтегі мөлшері бойынша, зауыдтта өзі дайындаған және сырттан сатып алынған аспаптарды айтамыз. Өндіріс жоспарын орындауға керекті аспаптардың қорын анықтауда, цехтарға керекті шығыс лимитіндегі белгіленген талабын қамту болып табылады.

Аспапқа жылдық қажеттілікті (Ақ), өндіріс жоспарына сәйкес пайдалынылатын (Ап) және мөлшерленген(Z м) мен нақты (Zн) аралығындағы айырмасын, айналым қордың маңызы мынадай есеп арқылы.

Ак = Аn + (Zм- Zн) анықтайды. Аспаптың керекті шығын есебін өндірістік негізгі жоспары нәтежиесінде, аспаптардың номенклатурасымен оның шығын мөлшерін ескеріп іске асырылады.

Аспаптың номенклатурасын, жаппай өндірісте өңдеу операциясы бойынша технологиялық картадағы - ұсақ сериалы және жеке өндірістегі: жабдықтармен жабдықталу типтік карта негізінде жұмыс орны анықталады. Аспаптың шығын мөлшерін (яғни белгілі жұмыс көлемін орындауға оның саны ) өндірістің тіліне байланысты белгіленеді.

Аспатың тозу мөлшеріне және бұйымды немесе торапты жасауға машинаның уақыт көрсеткіш нәтежиесімен белгіленеді.

Сонымен кесу аспаптың шығын мөлшерін 1000 тетікке белгіленеді:

Мр = ___1000 t мі____ ;

60 Ттоз (1-кш)

Мұнда: tм – сол операциядағы машина уақыты, мин;

i - нақты мөлшер түріндегі бір уақытта жұмыс істейтін аспап саны ;

Т тоз – аспаптың толық тозғанға дейінгі беріктігі, сағат;

Кш - аспаптың кездей соқ шығын коэффиценті ;

Кш -= 1-3%

Осындай ұқсастық әдіспен өлшеуіш аспаптарының шығыс мөлшерін белгілеуге болады :

Шм = 1000 * а в * n ;

nт (1-кш)

Мұнда: ав - бақылауды таңдаудың пағыты;

n - бір бөлшектің өлшем саны

nт – аспаптың толық толуына деңгейі өлшем саны

Өндіріс бағдарламасы бойынша (шығыс қоры ) аспапқы кететін шығынның, белгіленген мөлшерін қолданады:

Абі =

Мұнда:m – осы аспаптың өңдейтін, бұйым номенклатурасы;

Nmi -өндіріс бағдарламасы бойынша, осы аспаппен өңделетін бұйым;

Рі – 1000 бұйымға аспаптың шығын мөлшері .

Жеке және үсақ сериалы өндірісте аспаптың шығыс мөлшерін ірілендіру, мысалы осы жабдықтың түріне 1000 станок – сағат жұмыс белгіленген :

МР = __1000 Км Кқолі____

Ттоз (1-Кш)

Мұнда: Км – станоктың жалпы жұмыс уақытының машина уақыты бойынша коэффиценті;

Кқол – осы аспапты қолданылатын коэффиценті

Осы жағдайда өндіріс бағдарламасында аспаптың шығынын формула бойынша анықтаймыз.

с

Абі = Aэi х Мрi / 1000

i=1

Мұнда: с – осы аспапты пайдаланудағы станок саны;

Аэі – станоктың жұмыс уақытының тиімділік қоры, сағ; Мрі – 1000 станок – сағатқа станок уақытына аспап шығыны.

47. Кәсіпорында көлік шаруашылығын ұйымдастыру.

Ұйымдастыру - өндіріс құрылымы және көлік шаруашылығының техникалық базасы

Көлік шаруашылығының құрылымын жүк айналымы көлемімен, жүктің ерекшілігемен және өндіріс көлемімен анықталады. Көлік шаруашылығының құрамында, темір жол көлігі, оның кіре беріс жолдары мен депосы дөңгелекті көліктер, оның авто -тұрағы мен жөндеу орындары (мастерской), су көлігі, оның айлағы (причал) , аспалы жолдары т.б кіруі мүмкін .

Ірі зауыдта , тасымалдау жүгі мол жүк айналымын, барлық жүк тасмалдау күштерін қолданады : онда темір жол, оның темір жол цехы, автомобиль және су көліктерін қолданады. Транспорт шаруашылығын, мұндай ірі зауыдтарда көлік – техникалық бөлімі басқарады . Орта зауыдттағы транспортты бірлескен көлік цехі , оған қоса көлік түріне қарай бөлімшелер басшылық етеді. Кішігірім жүгі аз зауыдттарда бірлескен көлік шаруашылығы құрылады .

Көлік цехтары өзінің құрамында әртүрлі қызмет ету бөлімшелерден тұрады . мыс: темір жол цехында : қозғалу (пайдалану ) қызмет орны, тартқыш қызмет орны, жол қызмет орны, жүкті тиеу түсіру жұмысындағы қызмет орны.

Механикалық көлікті ішкі цехтағы, жұмыс арасындағы операциялық тасымалдау, көп жағдайда, цех арасындағы тасмалдауға қолданады. Механикалық көлікте көпір кранын, монорельстік жолдар, аспалы жолдар, лифті, көтергіш, контейнерлер т.б кеңінен қолданады .

Келешегі мол экологиялық тиімді түріне жүкті тасымалдауда көлікті автоматты ав әдріске жеткізу аспалы итеруші конвейер қолдану.

Бұдан басқа, машина жасау зауыдында көлікті көптеген номенклатуралы көлік құралдары бар: тиеу – түсіру және көтеру – көлік механизмдері (механикалық күрек, полиспастар , тал, домкраттар, лебедкалар т.б ) . Бұл қаралатын механизмдер ең еңбексиымдылық көлік жұмыстары, ал бұларсыз көп жағдайда қолмен атқарылатын жұмыс .

Жүк айналымын анықтау және жүк түйдектері

Зауыд бойынша көлік жұмысының көлемін (жүк айналымы ) мәлімет негізінде келіп түскен және тиеліп жіберілген жүк есебінен оның номенклатурасы мен ішкі зауыдтағы жүкті қолданудағы ауысу үрдісі арқылы анықталады .

Негігі материалдарды тасмалдау отын, металл, қалыптау және шихтовтау, материалдар , жартылай фабрикаттар, дайын өнімдер жатады . Бұлардың жалпы жүк айналымында 70-95% -ға құрайды.

Жүк айналымы дегеніміз - бір мерзімде (тәулік, ай, жыл ) зауыдтағы тасымалданған жалпы жүк массасын айтамыз.

Белгілі бір мезгілде пунктер арасындағы тиелген және түсірілген жүктердің белгілі бір бағытқа ауысуындағы жалпы жүктің көлемін жүк ағымы дейміз . Жүк айналымы барлық завод бойынша жүк соғымының соммасына тең болады .

Жүк ағымы мен жүк айналымы, сыртқы (тиеліп жіберілген және келіп түскен ) және ішкі (цехтар арасындағы ) жүктер жатады .

Кәсіпорынның және оның цехтарындағы жүк айналымы мен жүк ағымы бойынша есептері шахмат түріндегі ведомост (кесте ) дайындалады . Мұнда зауыд бойынша барлық ауысатын жүктер көрсетіліп, оның ішінде сыртқы жүктердің тасымалдауы мен түсірулері келтірілген .

Шахматтық мәлімет бойынша жүк ағымына диаграмма жасалынып , яғни график арқылы зауыдттың бас жоспары бойынша барлық жүк ағымымен, жүк айналымы белгіленеді .

Осы жоспар бойынша, жүк ағымының тиімді және тиімсіз жағын есепке ала отырып, көлікті пайдалану үлгісі жасалынады .

Мұндай есеп тәлік бойынша жүк айналымын (Qт) бір қалыпсыздық коэффицентін есепке ала отырып (Кқал) жүктің түсуін және жөңелтуін төмендегі формуламен анықтаймыз :

Qт =(Qr/Жк) Кқал,

Мұндағы :Qr – жылдық жүк айналымы ;

Жк – жылдағы жұмыс күш саны .

Көлік құралын таңдау және оның есебі.

Көлік құралын түрлерін таңдау – жүк айналым көлеміне, жүктің габаритіне және физикохимиалық қасиетіне, жолдың қашықтығы мен оның жағдайына, жүктердің орын ауыстыру бағыты және оны тиеу және түсіру, көліктеу арналуы, ғимараттың конструкциясы мен планировкасы, зауыд терроториясының рельефі т.б байланысты .

Көлік құралын таңдаудағы, шешетін мәселе ол, жүк көтеру жабдықтары мен тара айналымын пайдалануға байланысты.

Таңдалған көлік құралында техникалық сипаттама бергенде, олардың экономикалық мақсатына сәйкес , келесі көрсеткіштерді қолдану есебі толтырылады : көліктің сағаттық өнімділігі, 1т жүкті тасылудың өзіндік құны, бір рейіске кететін шығын, орта техн иикалық жылдамдықтағы жүру коэффиценті т.б .

Таңдап алынған көлік құралдары , нақты өндіріс жағдайына сәйкес келуі керек , сонымен бірге барлық кәсіпорынның бөлімшелерінде белгіленген ырғақты а3 шығын жұмсай отырып көлікті пайдалану жұмысын белгіленген жұмысты қамтамасыз ету .

Көлік құралының сандық есепте (с) жалпы түрдегі нәтежиеде тәулік бойғы жүк айналымын (Q тәу ) көлік бірлігінің жүк көтерулігі (q), жүк көтеруді пайдалану коэффиценті (к q) және тәулік бойғы рейіс саны (пр):

С =[Q тәу / (q КqП р Q )]Кқол,

Мүнда: Кқол – бір қалыпсыздық коэффицентін есептеу. Көлік құралының санынның есебін, олардың сағаттың Рс немесе тәуліктік Рт өнімділігі нәтежиесінде жасауға болады :

С = [Q тәу / (Рс Fн)]Кқан немесе,

С = [(Q тәу / Рт )]Кқол,

Мұнда: Fн – тәулікте көлік құралының жоспарлы жұмыс уақыты.

48

Қойма шаруашылығын ұйымдастыру.

Материал запастары,шикізат,отын,жартылай фабрикаттар,жабдықтар, дайын өнімдер зауаттың әртүрлі қоймаларында сақталады.Қоймаларда сақтау мен бірге, материалдарды өндіріске зауат цехтарына, бөлімшелерінде қолдануға дайындау және қамту жұмыстарымен айналысады.

Жақсы ұйымдасқан қойма шаруашылығында, алдыңғы қатарлы өндірістік әдістерін ендіруге, өндірісті ұйымдастыруға,айналым құрлалының айналымдылығын тездетуге, өндірілген өнімнің өзіндік құнын төмендетуге жағдай туады.

Қойма шаруашылығын тиімді ұйымдастыруда ескертетін мәселелер:қойма орындары мен бөлмелерінің жеткілікті болуы, олардың зауад территориясында тиімді орналасуы, қойма жұмыстары механикаландырылған, сонымен бірге, материалдардағы қойманың пайдаланудағы қойманың жұмысын жандандыру мен бақылауды жетілдіру.

Қойма шаруашылығының негізгі міндеті – қабылдау және материалдарды сақтау, материалдарды өндірістің пайдалануына дайындау, цехтардағы материалдармен қамту , запас мөлшерінде тәртіп сақтау және материалдардың шығынына бақылау жасау болып табылады.

Қойма шаруашылығының құрылымы зауаттардың материалдарды пайдалану номенкулатурасына, типі мен өндіріс, көлеміне мамандану деңгейіне байланысты.

Көп жағдайда қойма шаруашылығының өндірісте орналасу орнына, сақталатын материалдар түріне, техникалық жарқаттануына және өртке қауіпсіздік деңгейіне қарй жіктеледі.

Өндіріс үрдісіндегі орнына қарай (бағынуына қарай) кәсіпорын қоймалары материалдық (қамту) өндірістік және өткізетін болып бөлінеді.

Материалдық қойманы материалды техникалық қамту бөліміне бағынады.Бұл қойма өндіріс шикізат сапасын материалдар және басқадай материал ресурстары, өндіріс үрдісіне дейінгілер кіреді.

Өндірістік қоймаға- жартылай фабрикаттар, жабдықтар және оған керекті қосалқы бөлшектер орталық аспап қоймасына кіреді.Бұл қойма тиісінше өндіріс бөліміне, бас механикке және зауадтың аспап бөліміне бағынады.

Өткізетін қоймада зауыттың дайын өнімдері және олар өтікізу бөліміне бағынады.

Қоймаға материалдарды сақтау түріне қарай - әмбебап қойма және маманданған болып бөлініп, олар орталықтандырылған, цехқа және цехтықта болуы мүмкін.

Техникалық құрылымда қоймалар ашық (алаң), жартылай ашық (навес) және жабық

(ғимарат) болып бөлінеді.

Қойма бөлмелерінің орналасуы және жабдықталу есептері.

Қойманың жалпы алаң бөлмелері (Ржал)материалдар запас мөлшерінің жоғарғы есепте(Źmax), онда пайдалы алаңды ендіргенде (Рn)материалдар орналасқан немесе оларды сақталуға арналған тетік;шапшандық (оперативный) алаң (Рш), қабылдау- босату және іріктейтін алаң, оған кіретін жолдар жатады; Конструктивті алаң (Рк) онда қоршама колонналы, баспалдақ, көтергіштер т.б; қызмет көрсету алаң бөлмесі(Рқ):

Ржал = Рn +Рш+Рк+Рқ

Пайдалы алаңның, жалпы алаңға қатынасын – қойманың пайдалану коэффициенті деп атаймыз:

Кn =Pn/Рж,

Мұнда: К n-пайдалану коэффициенті;Рn-пайдалы алаң көлемі;

Рж-алаңның жалпы көлемі.

Пайдалы алаңның есебін жүктеме үлгісі бойынша шығарылады(материалдарды қатарда сақтау) немесе көлем өлшемімен (қатар-қатар үлдіріктерде сақтау).

Пайдалы алаңға жүктеме үлесі бойынша анықтауда,қойма запасының ең жоғарғы мөшеріне (Zmax) 1м2 қойма еденінің алаңына (Ду) жүктеу мүмкіндігіне бөлу арқылы анықталады,яғни Рn= Zmax/Ду.Мұндай жағдайда жалпы алаң Рж =Рn/Кn. Пайдалы алаңның көлемдік өлшемі бойынша есптеудің алдында, ұя санын(Nұя) анықталады. Мұны анықтауда ең жоғарғы запастағы Zmax бір ұя санының көлеміне(Vұя) материал массасының көлемін (екг/см3) еспке ала отырып және ұяны толтыру коэффициентіне(Кт) бөлу арқылы анықталады.

Nұя= Zmax/( Vұя е Кт)

Керекті қатар-қатар үлдіріктер санын (Nүл ) жалпы ұя санына (Nұя)бір үлдіріктегі ұя санына (n) бөлу арқылы анықталады, яғни Nүл= Nұя/ n. Үлдіріктегі алаңды (католог бойынша) (Р)біліп, пайдалы алаңда анықталады: Рn= NүлР.

Қалған қойма алаңдарының түрін құрлыс және технологиялық жобалау мөлшері бойыша анықталады. Шапшаңдық (оперативная) алаң қойманың жалпы пайдалы алаңның 40-70%құрайды.

Зауыт территориясындағы қоймалардың орналасуы жүкті қысқа мерзім ішінде тасымалдау және оларды тез арада цехтарға жеткізуді қамтамасыз етілуі тиіс.Бұл жағдайда келесі мәселелер ескертілуі тиіс:Жүк тасқыны тура бағыттылықта, жүкті тасымалдаудың ыңғайлы және кіре беріс жолдардың жақсы байланыстылығы, сақталатын материалдардың басты цех- тұтынушыларға жақындығы, өрттен сақтандыру т.б. болуы.

Қойма бөлмелері үлгіліктермен, көтергіш көліктермен, таразы және басқадай жабдықтармен қамтамасыз етілуі тиіс.

49.Кәсіпорында энергетикалық шаруашылықты ұйымдастыру.Қазіргі жағдайдағы машина жасау өндірісі көп көлемде электр қуатын, отынды және басқадай энегоресурстарды (бу, ауа қысымы, ыстық су т.б) пайдаланады. Энергетикалық шарушылықтың міндеті; энергетикалық жабдықтарды қолдану ережесін орындау, оның техникалық қызмет етуі мен жөндеу жұмысын ұйымдастыру, энергияны үнемдеуге бағытталған шараларды сонымен бірге жетілдіру және дамыту шараларын жүргізу. Энергетикалық шаруашылықтың негізгі міндеті сенімді және үздіксіз кәсіпорынды барлық энергия түрімен белгіленген мөлшерде төменгі шығынмен қамтамасыз ету. Энергоресурстарды қолдану көлемі мен құрамы, кәсіпорынның қуаттылығына, өндірілетін өнім түріне технологиялық үрдісін, сонымен бірге кәсіпорының аудандық энергожүйелерімен қарым- қатынасына байланысты. Өдірісте (сұраныс ) пайдаланатын электроқуат тәуелділіктің сағат бойынша, күн, апта және басқадай күнтізбе мезгілдерінде пайдалану біркелкі емес. Сондықтан, өндірісте барлық энерго түлері, тікелей кәсіпорынның пайдалану режиміне байланысты кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығы екі бөлімге бөлінеді- жалпы зауыдтық және цехтық болып. Цехтағы энергошаруашылық бөлімі бастапқы энергоқабылдаушы (энергияны тұтынушы- пештер, станок, көтергіш- көлік жабдықтары т.б) цехтың қайта құру қондырғылары мен ішкі цехтағы бөліну сеттерін құрайды.

Энергетикалық ресурстадың режим экономикасын алдын- ала керктігін энергияны мөлшерленуін энергоқолданушы белгілейді.

Мөлшер- дифференцирленген жіктеу және іріленген болып бөлінеді.

Дифференцирленген мөлшерді және агрегаттар бойынша, жеке бөлшектер және басқадай өнім өлшем бірлігіне белгіленеді:

Іріленген- бөлімшелер, цех бойынша және кәсіпорын бірлігіне немесе шартты өнім бірлігіне белгіленеді.

Іріленген мөлшер 1т дайындама жинақталған бөлшек бұйымға, құрастырылған бірлік немесе бұйымның 1000 теңге өніміне есептеуледі.

Техникалық мөшерді негіздеуде есптеу операция әдісі бойынша анықталады.

Кәсіпорын бойынша энергияның жалпы шығыны (Qэн.ж) шартты түрде екі бөлімге бөлінеді- тәуелділікте (айнымалы) (Qэн.а) және тәуелсіздікте (тұрақты) (Qэн.т) өнім шығару көлеміне қарай.

Жалпы жағдайда айнымалы бөлімі негізгі технологиялық опрацияны орындауға арналған барлық энергия түлерінің шығынын құраса, ал тұрақтауға- жарық шығындары, ауа үрлеуіш (вентиляция) жетектері, жылыту, ауаны конденсациялау т.б. Айнымалы бөлігіндегі энергия шығынын уақыт негізіне жабдықау жұмыс уақытын іріленген жағдайға немесе тіпті анықтау- мөлшер жиынтығы бойынша анықталуы мүмкін. Бірінші жағдайдағы әдісте, жабдықтар жұмыс жағдайы бойынша топтастырылады пайдалану мерзіміне, қуаттылығына, жүктеу дәрежесіне қарай және басқадай факторларын ескереді.

Мысалы, жабдық топтары бойынша элетроқуаттық күш шығынына қарай Квт.сағ. Qэн.т=Қэн.б FнRқRу/(η1 η2)

Мұнда: Қэн.б-жабдықтардың топтар бойынша қуттылық жиынтығымен белгіленген, Квт;

Fн- жабдықтардың қуаттылығы бойынша ескерілетін жүктеу коэффициенті;

Rу- жабдықтарды пайдаланудың бірдей еместігін ескертетін уақыт бойынша коэффициенті;

Rқ- жабдықтардың қуаттылығы бойынша ескерілетін жүктеу коэффициенті.

η1 η2- тиісінше двигательдің (КПД- коэффициент действия) ескеретін және желідегі ысырап коэффициенттері.

Энергияның жиынтық мөлшері бойынша:

Qэн.т=Qэн.мөл .Nө

мұнда :Qэн.мөл- әр 1000 теңгеге жиынтық мөлшер шығыны;

Nө- өнімді шығару бағдарламасы, мың тен.

Тұрақты бөлімінің шығынын, сол сызықты есептеу әдісімен, жарық беру мөлшері бойынша бөлшектерді жылыту т.б анықтауы мүмкін. Электроқуатқа және энергоқолданушының сұранысын баланстық әдіс жоспарлау негізі арқылы анықталады. Кәсіпорында энергиямен қамтамасыз етудің негізгі жоспарлану формасы жылдық энергия балансы деуге болады.

50. Кәсіпорында материалдық техникалық ресурстармен қамтамасыз ету.Материалды-техникалық жабдықтау мен өткізуді оңтайлы ұйымдастыру, кәсіпорынның өндіріс құралдарын пайдалану деңгейін, еңбек өнімділігіннің өсуін, өнімнің өзіндік құнының төмендеуін, пайда мен рентабельділіктің өсуін алдын ала анықтайды. Осы арқылы өндірістік менеджмент жүйесіндегі материалды-техникалық жабдықтау мен өткізудің мәні мен рөлі анықталады.  Өндірісті қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз ету өндірістік процестің бастапқы буыны, ал дайын өнімді өткізу – оның аяқталуы болып табылады. Кәсіпорынды материалды-техникамен жабдықтау дегеніміз оның өндірістік-шаруашылық  қызметін дұрыс жүргізуге үшін қажетті, көлемдер мен талап етілетін мерзімдерде материалды-техникалық ресурстардың барлық түрлерімен қамтамасыз ету процесі.Кәсіпорынның материалды-техникамен жабдықтауын басқару мен ұйымдастырудың негізгі міндеттері  бекітілген жоспарға сай өндірістік процесті жүргізу үшін, барлық қажетті материалдық ресурстармен өндірісті қамтамасыз етудің дер кезділігі, тоқтаусыздығы және жинақтылығы болып табылады.Кәсіпорынның қызмет ету тәжірибесінде жабдықтаудың екі нысаны қалыптасқан: транзиттік және қоймалық.

Кәсіпорынды жабдықтаудың транзиттік нысанында шикізат пен материалдар тікелей өндіретін, шығаратын немесе әсемдейтін кәсіпорындардан алынады. Бұл нысан экономика тұрғысынан тиімді болады, егер белгілі бір уақыт аралығындағы тұтынылатын шикізаттар мен материалдардың  көлемі транзиттік мөлшерге тең немесе одан көп болса.  

Жабдықтаудың қоймалық нысанында, кәсіпорын қажетті материалдық ресурстарды   жабдықтау-өткізу ұйымдарының қоймалары мен базаларынан алады, экономикалық тұрғыдан бұл нысанды аз көлемде тұтынылатын материалдарды сатып алу үшін қолдану қажет.Кәсіпорынның коммерциялық қызметі тек қана жабдықтаумен шектелмейді. Сонымен қатар, тағы бір маңызды құраушысы дайын өнімді өткізу болып табылады.Әр бір өнім тұтыну үшін өндіріледі, сондықтан да пайда табу үшін оны өткізу қажет, яғни тұтынушыға жеткізу арқылы оған өнімді сату керек. Осымен, кәсіпорынның жедел өткізу қызметінің мәні мен рөлі анықталады.Кәсіпорында өткізуді басқарудың негізгі міндетеріне жасалған келісім шарттарға сай өнімді өткізу бойынша жоспарды толық және уақытылы орындауды жатады. Тұтынушыға өнім жеткізу, тұтынушы қажеттлігін қанағатандыратын ассортименттер мен көлемдер бойынша сәйкес, ырқақты, уақытылы болуы қажет.  Атлаған жабдықтау нысандарынан басқа, қазіргі уақытта кәсіпорындарды материалдық ресурстармен қамтамасыз етудің басқа да әдістері мен нысандары кеңінен қолданылуда:  

-  тауарлы-шикізатты биржалар арқылы;

-  аукциондар мен байқаулар;

-  демеушілік;

-  көтерме сатып алу арқылы;

-  шағын париялармен үнемі сатып алу;

-  қажеттіліктің туындауына байланысты сатып алу;

-  тапсырыстар бойынша өндірістік жабдықтау;  

-  өзіндік өндірісі және тағы басқа. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]