- •Мемлектеттік кәсіпорын.
- •Кәсіпорынның негізгі қоры, оның маңызы.
- •Негізгі қордың белсенді және енжарлы бөлігі.
- •Негізгі қорды бағалауда қолданатын құндар.
- •Амортизация, оның ұғымы, мазмұны.
- •Негізгі қордың тозу түрлері.
- •Негізгі қордың тиімділігін анықтайтын негізгі көрсеткіштері.
- •Айналым құралы, оның мазмұны.
- •Айналым құралының құрамы.Негізгі элементтері.
- •Айналым құралын мөлшерлеу.
- •Кәсіпорында айналым қорларын пайдаланудың экономикалық тиімділігі.
- •Тікелей инвестициялардың атқаратын қызметі.
- •Инвестициялық қызметтің базалық принциптері қандай?
- •Күрделі қаржыны қалыптастырудың негізгі көздері.
- •37. Өндіріс типтері (жеке, сериялық, жаппай), олардың сипаттамасы, артықшылығы және кемшілігі.
- •Өндірстің әртүрлі типтерінің салыстырмалы сиптаттамасын төмендегі кестеден көреміз.
- •39.Өндірісті дайындау, оның құрамы, мазмұны мен маңызы.
- •51.Күрделі қаржының тиімді пайдалану
- •52. Өндіріс шығындарының түрі.
- •54. Кәсіпоорынның пайдасы.
- •57.Дисконттық құн.
- •58.Дисконттық құнды есептеу әдісі
- •81. Жүкті тасымалдаудағы көлік шаруашылығының маңызы
- •82.Көлік шаруашылығының құрылымы
- •28. Кәсіпорынның экономикалық тиімділігі деген не?
- •70. Негізгі цехтың атқаратын қызметі
- •. Жүк айналымын анықтаудың есебі.
- •Кәсіпорында энергетикалық шаруашылықты ұйымдастырудың маңызы, негізгі міндеті мен функциясы.
- •85.Энергиялық баланс.
- •Энергияға жұмсалатын шығын есебі.
- •Негізгі цехтың атқаратын қызметі.
- •Ірі кәсіпорындағы құрылым бірлігі.
- •Нарық жағдайындағы өнімді өндіруге кететін шығындарды азайтудың жолдары мен маңызы.
- •Кәсіпорында көлік шаруашылығын ұйымдастыру
- •56. Негізгі капиталды қолданатын құндар, олардың аталуы, мазмұны және айырмашылықтары, қолданау аймағы.
Өндірстің әртүрлі типтерінің салыстырмалы сиптаттамасын төмендегі кестеден көреміз.
Салыстырмалы белгілері |
Өндіріс типтері |
||
Жеке |
Сериялық |
жаппай |
|
Номенклатура және Шығару көлемі
|
Тапсырма бойынша Тетіктерді дайындау Номенклатурасы шектелмейді |
Дайындалатын партия, тетік номнклатурасы көлемді, кең |
Көпсанды тетікті дайындау номнклатурасы шектелген |
Шығаруды қайталау |
қайталанбайды |
мезгілімен |
тұрақты |
Пайдаланатын жабдықтар |
Әмбебапты |
Әмбебапты, ішінара арналуы |
Негізінен орналуы |
Станокке операцияны бекіту |
бекітілмейді |
Тетік операциясының санын шектеу қойылған |
Бір станокқа бір-екі операция |
Жабдықтардын орыналасуы |
Бірдей станоктар тобымен |
Бірдей-тетікті өндеуде конструкциясы мен технологиясына қарай топтар бойынша |
Технологиялық үрдісте тетікті өндеу көшіру бойынша |
Еңбек заттарын бір операциядан келесі операцияға беруде |
біртіндеп |
Қатарластыру дәйікті |
қатарластыру |
Өндірісті ұйымдастыру формасының үрдісінде |
технологиялық |
Заттай, топтар, икемді заттай |
Тура дәлділікте |
38. Өндірісті ұйымдастырудың тосқындық формасы, оның ерекшелігі және белгілі факторлары. Өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру – өндірістің үйлесімді дамуын, жаңа өнімнің тез енгізіліп, игерілуін, еңбек ресурстары мен материалдық ресурстардың, қолданыстағы техниканың неғұрлым толық пайдаланылуын және осы негізде өндіріс нышандарын оңтайлы ұштастыру, өнімнің кеңістік пен уақыт ішінде барлық дайындалу сатыларын келісіп алу жолымен өндірістің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі. Өндірісті ұйымдастыру үйлесімділік, ырғақтылық және өндірістің үздіксіздігі қағидаттарына негізделеді. Ол түрлі әдістермен жүзеге асырылады, олардың ең бастылары: тасқынды, топтамалық және жеке-дара әдістер. Өндірісті ұйымдастыру элементтік (атқарымдық), кеңістіктік, уақыттық бөліктерге ажыратылады. Ол өнеркәсіп өндірісінің барлық буындарын – салалық және ішкі салалық экономикадан бастап жұмыс орнына дейін қамтиды. Кәсіпорында өндірісті ұйымдастырудың бірлік (жеке), сериялық және жаппай болып үш түрге бөлінеді. Бірлік (жеке) өнім өндіретін өндірісте тек өнімнің жеке түрі ғана өндіріліеді. Әрбір өнімді дайындау оның өндіріс жағдайына, өндіру ерекшелігіне қарай ұйымдастырылады. Ал жаппай өндірісте өте көптен өндіріліп, онда өндірістік жағдай, қолданылатын материалдар, құрал-жабдықтар мен өңдеу тәртібі бірдей болып келеді. Сериялық өндірісте өндірілетін өнімнің көлемі шектеулі болып, өндіріс берілген серияға бейімделіп ұйымдастырылады. Сериялық өндіріс серияның шамасына қарай көп, орташа және аз сериялы болып үшке бөлінеді. Жеке өндіріс әмбебап құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, барлық өндіріс шығындары тек қана өнімнің бір түрін ғана шығаруға жұмсалады да, жұмысшылар сол өнімді өндіруге мамандырылады. Сондықтан жұмысшылардың біліктілігін жан-жақты пайдалануға мүмкіндік бола бермейді. Сонымен бірге өндірістің циклы ұзақ болады, өзіндік құны төмен болады. Өндірістің шоғырлануы немесе кәсіпорындардың іріленуі, яғни өндірістің ірі кәсіпорындарға айналуы ғылыми-техникалық прогрестің жедел жамуымен, машина қуаттарының өнімділігінің өсуінің, басқару техникасының жетілдіруімен, сонымен қатар өндірілетін өнім көлемінің өсуімен тығыз байланыста болады. факторларға көлікпен тасымалдау, шикізат базасының көлемі, ресурстары, табиғи жағдайы және т.б. Тік шоғырлану - бұл кәсіпорында шикізат өндірумен өнімді өткізуге дейінгі өндіріс сатылары кешенінің шоғырлануы. Тік шоғырлану - өндірістің шоғырлануының дайындау сатыларының бірі. Көлденең шоғырлану – өзара технолоигялық байланыспаған өндірістерді білдіретін әр түрлі салалардың фирмалары мен кәсіпорындарының бір басқару мен бақылауға шоғырлануы.Капиталдың шоғырлануы - капиталдық жинақталу есебінен өсу үрдісі, яғни қосымша құнның бір бөлігінің капиталға айналуы. Өндірістің шоғырлануы - өндірістің ірі және өте ірі фирмалар мен компаниялар аумағында көптеп шоғырландыру үрдісі. Басқарудың шоғырлануы – белгілі бір объектіге қатысты жүзеге асырылатын басқару функцияларының жинақталуы. Бұл өндірісті басқару жүйесінің құрылымының ұйымдастыру сипаттамаларының бірі. Мамандандыру – кәсіпорынның негізгі қызметінің белгілі бір өнімінің, тауардың және қызметтің түріне байланысты мамандануын айтады.
