Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дана 61-75.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
60.27 Кб
Скачать

71. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: экологиялық, экономикалық және әлеуметтік-демографиялық салдарлары

Соғыстан кейінгі алғашқы жыл - ауыл шаруашылығы үшін аса ауыр кезең . төртінші бесжылдық жылдары Қаз\ нда астықтың орташа жылдық шығымы 1913 жылғы көрсеткішке тең болған . Ауыл шар\н дамыту жолындағы қиыншылықтар : жұмыс қолының жетіспеуі , жаңа техникамен қамтамасыз етудің мардымсыздығы , басқарудың әкімшілдік күштеуі , экономикалық заңдармен есептеспеу.

1946 жылғы 16қыркүйекте ауыл шар\нда қиын жағдайды жою туралы қаулы қабылданды . Қаулының нәтижелері мынадай : 1949 жылғы республика колхоздарына әр түрлі мемл-к ұйымдардың 214 млн сом қарызы , мал. техника және заңсыз алынған 540 мың га . жер қайтарылды . Әкімшілік басқару аппараты қысқартылды . Материалдық- техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін қосымша қаражат бөлінді . Мамандар дайындау жүйесі жөнге қойылды . МТС-тер қызметі 1946 ж-76% , 1950ж -95% ға өсті .

1948 жыл – республика ауылдарын жаппай электрлендіру басталды . Өнім өндіруді арттыру мақсатымен ұсақ колхоздар біріктіріліп , ірі ұжымдық аруашылықтар құрылды . 1945жылы – 6737колхоз ,1952жылы -2047колхоз. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру жоспарын артық орындағаны үшін қосымша ақы төленді . Мал саны өсіп , суармалы жер көлемі 16%-ға артты. Осыған қарамастан , ауыл шар\ғы халықтың азық түлікке деген телабын қанағаттандыра алмады. Ауыл шар\ның артта қалу себептері :

Шаруашылықты әміршіл төрешіл жүйесі , жергілікті жағдайлармен есептеспей , жоғарыдан жоспарлап , аппарат тарапынан бұйрық беру, “әскери коммунизм ” кезеңінің азық түлік салғыртын енгізуі , еңбекшілерді өндіріс құралдарынан , еңбек өнімнің нәтижесінен шектеу . Ауыл еңбеккерлері заң жүзінде колхоздарға телініп , олардың еңбегі басыбайлық сипатта болды .

1953 жылы қыркүйекте КОКП ның ОК пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап , оның даму болашағын анықтады . Азық түлік тапшылығын шешу , астық өндіруді арттыру мақсатындва тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды .

1954 жылғы қаңтар Қ-н компартиясының VII съезінде КОКП бірінші хатшысы Ж. Шаяхметов қызметінен босатылды . Бірінші хатшылыққа П.К Пономоренко , екінші хатшылыққа Л.И брежнев отырды . 1954 жылғы қаңтар- наурыз - КОКП ОК Пленумы “Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру , тың және тыңайған жерлерді игеру туралы ” қаулы қабылдады .

Тың жерлер игерілетін аймақтар : Қ-н , Сібір, Урал , Солт. Кавказ , Еділ бойы , 1954-1955 жылдары 1млрд.100 млн. – 1млрд. 200 млн. Пұт астық алу белгіленді . Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар : Қостанай , Ақмола , Солт. Қазақстан , Көкшетау , Торғай , Павлодар облыстары . Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп , оларға көптеген жеңілдіктер жасады . 1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20млрд. Сом жұмсалды . 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн. –ға жуық тыңгерлер көшіп келді. 1954 жылғы тамызда жыртылған жер көлемі : КСРО-да 13.4 млн.га , Қ-нда -6.5 млн. га .1954 жылғы 13 тамыз –“Астық өндіруді молайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі игеру туралы ” қаулы қабылданды . 1956 жылғы егістік көлемі 28-30 млн. га. ға. Жеткізу міндеті қойылды . 1955 жылы жоспардағы 7.5 млн. орнына 9.4 млн . га жер жыртылды Тың жерлерді игеруге 10 мыңдаған мамандар келді . 1954 жылы көктем Қ-н тыңында 120- дан совхоз құрылды. 1954 жыл- тың жер астықтың жалпы түсімінің 40% -дан астамын берді . Тың игеру жылдары Қ-нда 25 млн. га жер жыртылды .

Алайда сырттан келушілер тым көп болып кетті . 1954-1962 жылдары -2 млн. адам келді . Қазақтар респуб. Тұрғындарының үштен бірінен де аз болып кетті . Ғалымдардың тың жерлерде осынша кең көлемде көп игеруі табиғатқа үлкен зиян келтіруі мүмкін деген болжамдары шындыққа айналды. Тың игерілген аймақтарда қазақ мектептері жабылып , қазақ халқының өз тілін ұмытуына әкеп соқтырды. Мал шығыны көбейді . Осыған байланысты 1955 жылы қаңтарда КОКП ОК Пленумы мал шаруашылығының ауыр жағдайын талдады . Сол бойынша малды бағып күтудің жаңа шаралары енгізілді . Нәтижесінде мал шаруаылығы деңгейі көтерілді . 1960 жылдары мал басы 37.4 млн-нан асты . Мал түқымы асылдандырылды . МТС тер жойылды. 1957-58 жылдары колхоз совхоздағы мал санын көбейту үшін тұрғындар меншігіндегі малды ала бастады . Бірақ бұл реформа да халықты азық түлікпен толық қамтамасыз етуді шеше алмады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]