Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дана 61-75.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
60.27 Кб
Скачать

70. Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі

Республиканың соғыстан кейінгі қоғамдық саяси өмірінде Қазақ КСР-ның Мемлекеттік Гимнінің 1946 жылы 26-шы шілдеде енгізілуі зор оқиға болды. 1947 жылы 16 ақпанда Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің, ал 1948 жылғы 11 қаңтарда еңбекшілер депутаттары жергілікті Кеңестердің сайлаулары өткізілді. Сайлау Кеңестердің қызметін жандандыруға, олардың жұмысын бұқара халықтың саяси белсенділігін арттыруға бағытталды. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстандағы еңбекшілердің бұқаралық ұйымдары кәсіподақ пен комсомол ұйымдарының белсенділігін арттырумен айналысты. Алайда, Коммунистік партия халық шаруашылығын дамытуға , әлеуметтік-мәдени міндеттерді орындауға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды тартқанымен олардың қоғамдық өмірде , халықпен жұмыс істеудегі дербестігі шектелді. Өйткені бұл кезде Коммунистік партия басқарған кеңестік қоғамда әміршіл-әкімшіл жүйе өзінің шарықтау шегіне жетті. Сталиннің жеке басына табыну кеңінен өріс алды. Адамның бас бостандығын шектеу, оның құқығын есепке алмау, еңбекшілерді өндіріс құралдарынан аластату құбылыстары етек ала бастады. Ком­му­нистік пар­ти­яның билігі шексіз бол­ды. Қоғам­да то­тали­тар­лық, ав­то­ритар­лық жүйе үстем бол­ды. Осы­ның бәрі же­ке адам­ның ба­сына та­бынған­дықтан пай­да болған. Жоғары билік ба­сын­дағылар тез ара­да ком­му­низм­ге көшу ту­ралы жос­парлар­ды құрас­ты­ра бас­та­ды. Ком­му­низмнің те­ориялық негізі жа­сал­ды. Мұның бәрі И. В. Ста­линнің көре­гендігі ретінде бағалан­ды. Рес­публи­када осы­лай қияли уто­пи­ялық көзқарас пай­да бол­ды. Ком­му­нистік пар­тия қияли ком­му­нистік иде­оло­ги­яның мүддесін ха­лықтың өмірі мен тіршілігінен жоғары қой­ды. Адам мүддесімен ешкім са­нас­па­ды. 1953 жылы 5 наурызда Сталин өлгеннен кейін елде демократиялық қайта құрулар басталды. Қазақстанның бюджетінің көлемі өсті.Мысалы, 1951-55 ж. өнеркәсіпке жұмсалған қаржы көлемі 1941-50ж. салыстырғанда 2,3 есе артты. 1954-56 жылдарда республика қарамағына 144 ірі кәсіпорын, 1959 жылы түсті металлургияның 29 кәсіпорындары берілді. Жергілікті Кеңестердің шаруашылық және халыққа білім беру, сауда, коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы құқықтары кеңейтілді. Жоғары Кеңестің тұрақты комиссиялардың белсенділігі артты.Олардың саны үштен сегізге жетті. Өнеркәсіп және транспорт, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, сауда, халыққа білім беру және мәдениет жөніндегі тұрақты комиссиялар құрылды. Олардың құрамындағы депутаттар саны 35-тен 167-ге дейін өсті. Мұндай өзгерістер мемлекет басына Хрущевтің келуімен байланысты еді. Коммунистік идеологияны басшылыққа алған Хрущев республиканың барлық өміріне тікелей араласты. Қазақстанның оңтүстік аудандары Өзбекстанға берілді. Ақмола-Целиноградқа, Батыс Қазақстан- Оралға айналды. Ұлт саясатындағы бұрмалаушылықтар халық зиялылары мен жастардың наразылығын тудырды. 1963 жылы Мәскеуде оқитын қазақ жастарының бір тобы Тайжанов, Ақатаев, Әуезов, Тәтімовтер бірігіп, «Жас тұлпар» ұйымын құрды. Мақсаты- қазақ жастарының ұлттық санасын ояту. Осы секілді ұйымдар кейінірек Алматы, Ақмола, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Семей қалаларында да құрылды. Қазақстанды орталықтан басқару ұлттық егемендікті шектеді. 1949 жылы 29 тамызда Семей, Павлодар және Қарағандыдағы ядролық сынақтар адам өміріне, экологиялық және қаржылық шығындар әкелді. 1963 жылғы дейін ашық ауада 113 жарылыс жасалып, 1964жылы жер астына көшіріліп, 1989 жылға дейін 343 сынақ жасалды. Хрущев мемлекеттің «коммунизмге » өтуіне байланысты Конституция жасауды ұсынғаннан кейін 1961 жылы комиссия құрылды. Бұл комиссияның жобалары 1977 жылы КСРО Конституциясын жасауда пайдаланылды. Дегенмен конституциялық заңдардағы талаптар іс жүзінде жүзеге аспады. Қазақ КСР Жоғары Кеңесі КСРО кеңесіне бағынды. Конституцияда тәуелсіз деп көрсетілгенімен, құқық қорғау, прокуратура органдары да орталыққа бағынышты болды. Депутаттарды халық таңдамады, жергілікті әкімшілік органдары тағайындап отырды. Тағайындалған депутаттар өз міндеттерін білмеді. 1964 жылдың қазан айында саяси қателікке толы Хрущев қызметі аяқталды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]