Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дана 61-75.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
60.27 Кб
Скачать

65. 1931-1933 Жылдардағы аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдары.

Партияның ХV съезі ауыл аруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады.(1927ж.желтоқсан) негізгі ұстанымдар: еріктілік, дербестік, материалдық мүдделілік, ұжымдастыру сатыларына кезең-кезеңмен өту. ҚАКСР-де ұжымдастыруды 1932ж.көктеміне қарай аяқтау белгіленді. 1929ж. Алғ. МТС-тер құрылды ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8000 жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңшылдықтар» жіберілді. Олар Ресейдегі колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды. Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте-бірте өтуі, еркіндік ұстанымдары бұзылды. Ұжымдастыру бағытында жіберілген қателіктер:

- қатал жаппай қуғынлаумен террорға негізделді.

- даярлықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді.

- әкімшілшк күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді.

- шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени-тұрмыстық объектілер салу жоспары орындалмады.

Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырд: 1928ж.-2%, 1930ж.- 56,4%, 1931ж.қазанда – 65%. Азық-түлікпен қамт/з етудің қиындауына байланысты 1929ж. «әскери коммунизм» саясаты кезіндегі салғырт енгізілді: шұбартау ауданында малдың 80%-і мемлекетке өткізілді. Балқаш ауданында 297 000 малға салғырт салынды. (ауданда 173 000 мал болған). Торғай ауданында 1млн.мал басынан салғырт салдарынан 98 000 ғана қалды. Торғайлықтар «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» ұранын көтерді. Еріктілік ұстанымы өрескел бұзылды.колхозға кіргісі келмеген кедейлер мен орташалар «бай-кулактар» қатарына жатқызылып, қатаң жазаланды: 1929ж.56,498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңы сотталды. 1931ж. 5500 отбасы жер аударылды. 1929-33жж. ОГПУ (бшріккен мемлекттік саяси басқарма) үштігі – 9805 іс қарап, оның ішінде: ату жазасына – 3386адам, 3-10жыл концентрациялық лагерьге қамауға – 13151 адамға үкім шығарды. 1933ж. Саяси басқарма үштігі 21 000 адамды қамауға алды.

1930ж. 30мамыр – республика Үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз, тегін пайдалануға 110 000га жер бөлді.

мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930-32 жж. Аштық жайлады. 1932ж.ақпан – колхозшы қожалықтарының 87%-і , жекешелердің 51,8%-і малдан түгел айырылды. Ұжымдастыру қарсаңында – 40,5млн. Мал болса, 1933ж.1қаңтарда 4,5млн мал қалды. Бұл жағдай өлкеде аштық қасіретін туғызды: 1930ж. – 313 000адам, 1931ж. – 765 000адам, 1932ж. – 769 000 адам қайтыс болды.

1930ж.қаңтар – 1931ж.маусым аралығы – 1млн. 70мың адам Қытай,Иран,Ауған жеріне көшіп кетті. Оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ, 414мыңы кейін елге оралды. Аштық зардаптары:

1930-33жж. 2,1млн.адам қырылды(барлығы 6,2млн.адам)

Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969ж.ғана қалпына келтірілді.

1930-32жж. Ашаршылық тарихқа «ұлы жұт» ретінде енді.

66. Хх ғ. 20-30-жылдарындағы мәдени революцияның мазмұны, қайшылықтары, онда большевиктік тұжырымдаманың үстемдік алуының салдары

Қазақстан өлкесінде мәдени құрылысты жүзеге асыруда көптеген кедергілер кездесті: ұлт зиялыларының аздығы, ұлыдержавалық шовинизм, материалдық-техникалық базаның болмауы. 1924ж.сәуір – «сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды.1921-27жж. 200мың адам щқып сауатын ашты.1928ж. сауатты адамдар – 25%, оның ішінде қазақтар – 10% болд. 1926ж.мамыр – ҚАКСР-де бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысы қабылданды: 3 жылдық және 4жылдық мектептердің үлес салмағын арттыру, қазақ қыздарына арнап мектеп ашу. 1929ж.араб әрпі латын әрпімен, 1940ж.кириллицамен ауыстырылды. 1928ж. – комсомолдар бастамасымен Бүкілқазақстандық мәдени жорық басталды. 1930ж. 5мыңға жуық комсомол, соғысқа дейін бесжылдықтарда 65мың комсомол мәдени жорықтарға қатысты.1931жжелтоқсан -15-50жас арсындағы сауатсыз халыққа жалпыға бірдей мінднетті білім беру енгізілді.ҰОС қарсаңында 20 жоғары оқу орны, 118 орта арнаулы оқу орны болып, 40 мыңдай адам оқыды.. 20-30жылдар – Қазақстан ғылымының қалыптасқан кезеңі. 1920ж. – Қазақстанды зерттеу қоғамы құрылды. Қоғамның филиалдары Петропавл, Көкшетау, Орал, ОРда қалаларында ашылды. 1926ж. – Массон Әулиеатада қазба жұмыстарын жүргізді.. 1932ж. – КСРО Ғылым акдемиясының Қазақстандағы базасы құрылды.

20-30жж. Мәдениеттің жағымды жағы:

Саустсыздықты жою жоғарғы қарқынмен жүргізілді.

Бастауыш білім беру жүзеге асырылды.

Жоғарғы оқу орындары мен техникумдар ашылды

Зиялылрдың жаңа топтары қалыптасты

20-30жж. Мәдениеттің тиімсіз жағы:

Қызыл террор ұлттық зиялыларды жойды.

Жаппай идеологияландыру халық мәдениетіне зор нұсқан келтірді.

67. 1937-38 ж Қазақстандаға жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары. 20-жылдардың екінші жартысынан бастап Қазақстанның қоғамдық саяси өмірінде қайғылы жағдайлар қалыптаса бастады. Ол сталинизм идеологиясы негізінде қалыптасқан тоталитарлық жұйенің нығаюымен байланысты еді. Елдегі орын алған экономикалық және мәдени дамудағы өиындықтар жаңа экономикалық саясаттың тоқталуымен байланысты рдан ірң тереңдей түсті. Республикада «әскери коммунизм» саясаты кезіндегі жұмыс тәсңлдері өайтадан жанданды. Халықтың үкіметі жеке адамның дара басшылығымен ауыстырылып, басқарудың командалық бюрократтық тәсілі іске аса бастады. Мұның барлығы БК/б/П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшылығына 1925ж Ф.И. Голощекиннің келуімен байлаынсты болды. Ол келісімен республикада халыққа қысым жасау саясаты күшейіп, бұл ерекше қатаң сипат алды. Осы кезде Қазақстанның қоғамдық саяси өмірінде күрт өзгерістер енгізілді. 1925 ж желтоқсанында өткен Өлкелік партия комитетінің бесінші конференциясында «ауылды кеңестендіру» туралы шешім қабылданды. Ол ауылдық жерлерде тап күресінің шұғыл шиеленісуіне түрткі болды. Республикада «Кіші Қазан» төңкерісіе өткізу үшін идеологиялық негіз жасалды, сөйтіп жаппай жазалау дәуірі басталып, ол өазаө халқын құлақ есітпеген қайғы қасіретке ұшыратты.

Қазақсьанда голощекиндік сталиндік үлгі бойынша «Қайта құрумен» келіспеген көрнекті жауапты қызметкерлердің қарсылығы жанышталды. 1927-1929 жж әр түрлі сылтаулармен мемлекет қайраткерлері Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Қожанов, М Мырзағалиев республикадан аластатылды, Қазақстан Атқару комитетінің төрағасы Ж.Мыңбаев, Ағарту халық комиссары С.Садуақасов, Жер халық комиссары Ж. Сұлтанбеков және басқалар қызметінен алынды. Қазақ қызметкерлерінің көпшілік бөлігі топқа бөлініп, жікшілдік күреске қатынасқан деп кінәланды. Оны 1927 ж қарашада өткен үшінші Өлкелік партия конференциясының шешімдері айқын көрсетіп берді. БК б П Орталық Бақылау комиссиясы негізгі «топқа бөлінушілердің» бірі С.Садуақасовтың ісімен арнайы шұғылданғанына қарамай, мұндай топтардың бар екенін таба алмады. И.В.Сталинге, В.М.Молотовқа; Л.М.Кагоновичке жазған хатында Қазақстан Өлкелік партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Н.И.Ежов «барлық қазақ кадрлары, барлық қазақ коммунистері ұлтшылдықпен және жікшілідік күреспен уланған, олардың арасында дені сау партиялық күш жоқ» деп жеткізді. Болашақ КСРО Ішкі істер халық комиссары Ежов Алматыдан Мәскеуге ауысар алдында өзінің лауазымына осылай «даярланды», 1937 ж жаппай жазалау соның жанталасуымен жүргізілді. 20 жж соңында республикада саяси жағдайды ушықтыру мен күдікшілдік жаппай сипат алды. Орталықта троцкишіл-зиновьевшіл оппозициямен және «оңшыл оппортунистермен» күрестің күшеюі ұлт республикаларында ұлт азаттық қозғалысының өкілдерін жазалау түрінде көрініс тапты. 1928 ж аяғында «буржуазияшыл ұлтшылдар» деп аталғандардың ішінде бұрынғы Алашорда өкілдерінің ішінен 44 адамға жалған айып тағылып, қамауға алынды. Оларлың қатарында А.Байтұрсынов, М.Дулатұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов бар еді. Құрамында М. Тынышпаев, Х. Досмұхамбетов, Ж.Ақбаев, К.Кемеңгеров және басқалары бар ұлттық интеллигенцияның (қырық адамдай) басқа тобы 1930 ж қыркүйек-қазанда ұсталды. Кешікпей олардың ішінен он бес адам Ресейдің орталық қаратопырақты облыстарына жер аударылды. Бұлардың барлығы дерлік 1937-38 жж атылды. Жалпы 1928-1931 жж қазақ интеллигенция өкілдерінің он мыңынан астамы жаппай жазалауға ұшырады.

Қасіретті қуғындаудың екінші кезеңі 1937 ж басталды. Бұл жылы «халық жауы» деген айып тағылып, Л.И.Мирзоян, О.Исаев, Ұ.Құлымбетов, С.Меңдешев, Н.Нұрмақов, О. Жандосов, С.Есқараев, Т.Жүргенов, ақын жазушылар С. Сейфуллин, Б.Мйлин, І.Жансүгіров, Ғ.Тоғжанов т.б. ғылым мен мәдениеттің, өнердің көптеген өкілдері ұсталды. Сол жылы Қазақстан бойынша 105 мың адам НКВД ның қанды шеңгеліне ілігіп, оның 22 мыңы атылды. Олардың арасында партия, кеңес органдарының жергілікті жерлердегі басшы қызметкерлері аз болған жоқ. Бұлардың отбасындағы әйел, балаларына дейін қудаланып, олар да туған жерінен аластатылды. Осы жылдардағы зобалаң қазақ халқының жүрегіне жазылмас жара салды, қара жамылған қайғыға душар етті.20 ж.ж екінші жартысында Қ-нның қоғамдық саяси өмірі күрт өзгерді . 1925 ж. Желтоқсанда өткен өлкелік партия өкіметінің V конференциясының Ауылды кеңестендіру туралы шешімі тап күресінің шұғыл шиеленісінуіне түрткі болды . Республикада Кіші Қазан төңкерісін өткізу үшін идеологиялық негіз жасалды , бұл күшпен ұжымдастыру және 1937-38 жж . жаппай жазалау дәуірінде қазақ халқын құлақ есітпеген қайғы қасіретке ұшыратты . 1937-38 жж. Қ-нның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері Т. Рысқұлов , Н. Нұрмақов , С.Қожанов, О. Жандосов , А. Асылбеков , Ж. Сәдуақасов З. Төреғожин және басқа да көптеген адамдар өтірік жаламен жазаланды . Ә. Бөкейханов , А Байтұрсынов , І . Жансүгіров , Ж. Шанин т.б. жазықсыз жазалаудың құрбаны болды. Сөйтіп 20 – жж. мен 30-жж. қоғамдық саяси өмірдің барлық саласында бекіді .

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]