
- •61. Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеу: саяси және экономикалық салдары.
- •62. Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері,нәтижелері,олқылықтары.
- •63. Қазақстанда ауыл шаруашылығы күштеп ұжымдастыру және нәтижелері мен салдары.
- •64. 1929-1931Жж.Күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер.
- •65. 1931-1933 Жылдардағы аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдары.
- •66. Хх ғ. 20-30-жылдарындағы мәдени революцияның мазмұны, қайшылықтары, онда большевиктік тұжырымдаманың үстемдік алуының салдары
- •68.Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарында майдандағы ерлігі.
- •69. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбектегі ерліктері
- •70. Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі
- •71. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: экологиялық, экономикалық және әлеуметтік-демографиялық салдарлары
- •72. 1965 – 1985 Жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, ондағы дағдарыстық құбылыстардың мәні
- •73.1986 Жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары
64. 1929-1931Жж.Күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер.
1929-1931жж. Қазақстанда 372 көтеріліс болды,оларға 80 мыңдай адам қатысты.Шаруалардың Созақ,Шемонаиха,Бұқтырма,Ырғыз,Қазалы,Қармақшы,Самар,Абыралы,Бүйен – Ақсу,Шыңғыстау,Бөрібаев,Қастек,Балхаш,Шұбартау,Маңғыстау және басұа аудандардағы қозғалыстары қайғылы оқиғалармен мәлім болды.Көтеріліс кезінде халық республикадан тыс жерлерге ,оның ішінді шетелдерге жаппай ауа көшті.1930ж.басынан 1931ж.ортасына дейін ғана Қазақстан территориясынан 281230 шаруа қожалығы көшіп кетті.Олардың едәуір бөлігі Қытайға,Иранға,Ауғанстанға өтіп кетті.Тұрақты әскерлердің және ОГПУ органдарының қарулы күші көтерілген халыққа қарсы қатаң жазалау шараларын қолданды.Ірі көтерілістер мен толқуларға қатысқаны үшін 1929-1931жж.5551 адам сотталып,олардың 883-і атылды.Жалпы алғанда күштеп ұжымдастыру кезінде Қазақстанда 100 мыңнан астам адам жазаланды.
Қысқа мерзімде жүргізілген ұжымдастыру науқаны казак халқына ауыр нәубет әкелді. Дәстүрлі шаруашылық жүйесі бұзылып, халық жаппай ашаршылыққа ұшырады. 1928 жылы басталған байлардың дүние мүлкін тәркілеу мен жер-су реформаларын жүргізудегі бұрмалаушылықтар халықтың табанды қарсылығын туғызды.
Халық наразылықтары, әсіресе, 1929 жылдың екінші жартысы мен 1930 жылдың қыс айларында өрши түсті. Көтерілістер бастапқыда 1929 жылдың кыркүйегінде Қарақалпақстанның (сол кезде Қазакстан қүрамында) Тақтакөпір ауданында, сондай-ақ Сырдария округінің Бостандық ауданында, қараша айында Қостанай округінің Батпаққара ауданында басталды. Республикалық партия ұйымының бірінші хатшысы Ф.И.Голощекин бұл наразылықтарға «ауылдағы байлардың қарсылығы» деп қарады.1929–1931 жылдары Қазақстанды қамтыған мұндай козғалыстар жалпы халықтық наразылықтың бастамасы болды. Билік басындағылардың шынайы қалыптасқан жағдаймен санаспай, дұрыс шаралар қолдануға дәрменсіздік көрсетуі 1930–1931 жылдардағы көтерілістерге алып келді.
1930 жылы Қазақстанның барлық аймақтарында ондаған шаруалар көтерілістері мен толқулар кең қанат жайып, жаппай сипат алды. Қарулы бас көтерулер Созақта, Ырғызда, Қарақұмда, Балқашта, Өскемен мен Зырян аудандарында, Манғыстауда болды. Солардың ішінде Созақ көтерілісінің өзіндік ерекшелігі зор. Басқа көтерілістердің негізгі қозғаушы күші – орта шаруалар болса, бұл көтерілісте кедейлер мен батырақтар да айрықша белсенділік танытты.Көтерілістің бастауына 1930 жылы 19 ақпанда Қазақстанның жаппай ұжымдастыру аудандарындағы ауыл шаруашылығын социсалистік жолмен қайта құруға байланысты шаралар әсер етті. Байлар мен кулактарды малдан айыру, абақтыға жабу, оларды дереу жер аудару басталды. Ет, жүн және мақта даярлау науқанындағы асыра сілтеушіліктер, шолақ белсенділердің әрекеті де жағдайды одан әрі шиеленістіріп жіберіп жіберді. Көтеріліске шыққандар аудан орталығын басып алып, Сұлтанбек Шолақұлын өздеріне хан сайлаған. Олар аң аулайтын мылтық, қанжар мен қылыш, балта тәрізді қарулармен қаруланды. Шолақ белсенділерді соққыға жығып, кеңес органдарының іс қағаздарын өртеді.