- •61. Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеу: саяси және экономикалық салдары.
- •62. Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері,нәтижелері,олқылықтары.
- •63. Қазақстанда ауыл шаруашылығы күштеп ұжымдастыру және нәтижелері мен салдары.
- •64. 1929-1931Жж.Күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер.
- •65. 1931-1933 Жылдардағы аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдары.
- •66. Хх ғ. 20-30-жылдарындағы мәдени революцияның мазмұны, қайшылықтары, онда большевиктік тұжырымдаманың үстемдік алуының салдары
- •68.Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарында майдандағы ерлігі.
- •69. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбектегі ерліктері
- •70. Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі
- •71. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: экологиялық, экономикалық және әлеуметтік-демографиялық салдарлары
- •72. 1965 – 1985 Жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, ондағы дағдарыстық құбылыстардың мәні
- •73.1986 Жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары
63. Қазақстанда ауыл шаруашылығы күштеп ұжымдастыру және нәтижелері мен салдары.
Большевиктер 20-шы жж.ЖЭС-ті ұзақ мерзімді саяси стратегия деп есептеді.Сондықтан олар ЖЭС аясында шаруа қожалықтарын біртіндеп кооперативтендіру арқылы ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құруды көздеді.Шаруалар кооперациясы мемлекттік тұрғыдан еріксіз күштеу арқылы емес,керісінше экономикалық қажеттіліктен туындайтын қозғалыс болу керек еді.Алайда,большевиктер қазақ ауылында әлеуметтік теңсіздікті жою мақсатында шабындық және жайылымдық жерлерді бөліске салды.Қазақстан Орталық Атқару Комитеті және Халық комиссарлар кеңесі 1926 ж.20 мамырда «Жерге орналаспай жерді пайдаланатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы»заң қабылдады.Оған сол кездегі Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы Н.Нұрмақов қол қойды.Осы шабындық және жайылымдық жеолерді бөліске салу науқаны партияөкеңес өызметкерлерінің де бұл шараны жүзеге асыруға даярлықтарының жоқ екендігін көрсетті.Жұмыс барысы қаражатпен қамтамасыз етілмеді .Жер алған кедей шаруашылықтарына көмек берілмеді.Бқліс жаз кезінде өткізілді.Қазақ шаруаларының бәрі дерлік жайлауда болып,нақты бұл шараларға қатыса алмады.
Қазақстанда большевиктер ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құру тәжірибесінде тәркілеу саясатымен шектелмеді.Шаруа қожалықтарын біртіндеп ерікті түрде кооперативтендіру арқылы социалистік ірі ауыл шаруашылық ұжымына біріктіру туралы 1927 ж.желтоқсанда өткен партияның ХУ съезінің шешімдерін жүзеге асыруға кірісті.Алайда,үкімет біртіндеп құрылып жатқан колхоздарға материалдық жағынан көмекті күшейту шарасының орнына,керісінше нұсқаулар беру арқылы күштеу әдістерінің кең етек алуна жол ашты.Орталық билік колхоз құрылысындағы біртіндеп өз бетінше жүріп жатқан қозғалысты жоспарлы іс-әрекетке ұластырды.Мысалы:РКФСР жер халық комиссариаты мен колхоз орталығы 1928 ж. көктемге бүкіл елде 1,1 млн. шаруа қожалықтарын біріктіруді жоспарлады.Ал енді ауыл шаруашылығы кооперациялары одақтарының Одағы бұл цифрларды 3 есеге көбейтіп ,ұжымдастырылатын шаруа қожалықтарының санын 3 млн. жеткізді.Ал енді бесжылдық жоспарды белгілеу кезінде Мемлекеттік жоспарлау комитеті бұл жоспардағы санды 5 млн. жеткізді.
1930ж.5қаңтарда БК(б)П Орталық Комитеті «Ұжымдастыру қарқыны және мемлекеттік колхоз құрылысына көмек шаралары»туралы қаулы қабылдады.Қаулыда Орталық комитет жаппай ұжымдастыруды жүзеге асыру үшін елдің аудандарын 3 топқа бөлді:
Бірінші топқа осы ұжымдастыруға белгілі мөлшерде даяр деп есептелінген таза астықт ы аудандар жатты.Оларға Орта және төменгі Волга,Солтүстік Кавказ аудандары кірді.Ол аудандарда шаруа қожалықтарын социалистік жолмен қайта құруды 1931ж.көктемінде аяқтау белгіленді.Екінші топқа елдің Украина,Орталық қара топырақты облыстар,Сібір,Орал,Қазақстан сияқты астықты аудандар жатты.Бұл жерлерде ұжымдастыруды аяқтау мерзімі бір жылға ұзартылды,яғни ол аудандарда шаруа қожалықтарын ұжымдастыруды 1932ж.көктемінде аяқтау қажет болды.Елдің бүкіл басқа өлкелері мен облыстары үшінші топқа енді.Бұл жерлерде шаруа қожалықтарын ұжымдастыруды 1933ж.көктемінде,яғни бірінші бесжылдықтың аяғына қарай аяқтау жоспарланды.Қазақстанда ұжымдастыру елдің басқа аймақтарымен салыстырғанда баяу жүргізілуі тиіс ддеген пікірге Голощекин мүлде қосылмады.Осыған байланысты бүкіл республикадағы ұжымдастыру жоспарлары қайта қаралды.Ф.Голощекин бұл шараларды одан әрі тез жүзеге асыру үшін орталыұтан Қазақстанға 126 млн.сом ұаржы бөлуді сұрады.Қажетті қалған 180 млн.қаржыны халық өзі өтейді деп есептеді .Сонымен қатар өлкенің партия басшысы ұжымдастыру ісіне көмекке деп Орталық Комитетінің Ресейдің орталық аудандарын шет аймақтарға көмекке жіберуге даярланып жатқан 25 мың адамның 2 мыңын Қазақстанға жіберуді сұрады.
Күштеп ұжымдастыру нәтижесінде құрылған колхоздардың жағдайы өте нашар болды.Осындай әлсіз колхоздарды техникалық жағынан нығайту мақсатын көздеп МТС-тер құрды.МТС-тердің де мүмкіндіктері жеткіліксіз еді.Мысалы 1930ж.бар болғаны республика көлемінде 6 МТС болған,ал 1932ж.-ңң болса,1933ж.оны 70-ке жеткізу жоспарланған.Алайда,1931ж.колхоздар саны 74448 болса,онда ол колхоздарды техникалық жағынан нығайту шаралары тек сөз жүзінде болғанын көруге болады.Ұжымдастыруды жүзеге асыру барысында еріктілік,қоғамдастыру принциптері толық бұрмаланды.Ұжымдастыруға байланысты жүргізілген шараларда кімнің осы шараға қарсы екенін айқындау бірінші орынға қойылды.Кімде-кім қарсы болса,ол тіптен кедей шаруа болса да,тап жауы қатарына жатқызылды.Ұжымдастырылған шаруашылықтарға жұмыс күші болып саналатын малды ғана қоғамдастырудың орнына,барлық малды түгелдей алу шаралары жүргізілді.Күштеу,зорлық-зомбылық көрсету арқыл-ы ұжымдастыру шаралары тездетілді.Күштеп ұжымдастырушылар қазақ қоғамындағы дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшелігін мүлде еске алмады.Алайда,ұжымдастыруды жүзеге асыру барысында жіберілген зорлық-зомбылықтар Орталық Комитеттің 14 наурыз 1930ж. қабылдаған қаулысында партия бағытын бұрмалау деп қана бағаланды.Большевиктік Орталық билік ауыл шаруашылығында жүргізіліп жатқан шаралардың бәрін дұрыс деп есептеп кемшіліктерді жіберіп отырғандармен күресу қажет еді.Ол кемшіліктердің жалпы жүргізіп отырылған саясаттың қателігінен екендігі,яғни үкіметтің шешімдері мен солақай нұсқаулары нәтижесінже болып жатқаны мойындалмады.Күштеп ұжымдастыру науқаны кезінде ауыл-деревняда әлеуметтік жіктеу саясаты қте жоғары қарқынмен жүргізілді.КСРО ОАК мен ХКК-нің 1930ж.1 ақпанда қабылдаған «Жаппай ұжымдастыру аудандарындағы ауыл шаруашылығын социалистік қайта құруды нығайту және кулактармен күрес шаралары туралы »қаулысы негізінде ауқатты шаруа қожалықтарына қарсы ашық террор басталды.Шаруа қожалықтарынан бай – кулактарды бөліп алып,оларды тап ретінде жою жүзеге асырылды.
Енді осы шаралардың жүзеге асырылуы барысында жазалануға белгіленген топтармен қатар сол үкім шығарылып,жазаға тартылғандар арасында орташалар ,тіптен кедейлер де болған.1928-1929жж.бай –кулактар есебіне алынып жазаға тартылғандар ,яғни қудаланғандар есебі 54 625 болды.1931ж.5500 шаруа бай-кулак ретінде аласталды.Ал енді 1928ж.тәркілеу кезіндегі қазақ қоғамындағы бай-феодалдар саны тек 696 ғана болғанын ескерсек бұлардың да кімдер екені белгілі.Күштеп ұжымдастыру саясаты халықтың қарсылығын тудырды.Сол жылдары өлкенің басшыларының Сталинге жазған хаттары қазақ даласында осы наразылықтың өте зор көлем алғанын ,Алтайдан Маңғыстауға дейінгі аймақты түгел қамтығанын ,бұл туралы Кеңес өкіметінің басшыларының хабардар болғанын көрсетеді.
Большевиктер жүргізген ұжымдастыру қазақ ауылына үлкен соққы болды.Әсіресе мал шаруашылығы қатты күйзеліске ұшырады.Ұжымдастыру кезінде дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшелігін есепке алмай түгел қауымдастырылған мал шығынға ұшырады.Сонымен қатра қауымдастырылған малдың өте көп бөлігі үкіметтің ет салығын орындауға жұмсалды.Ұжымдастыру саясатының зардаптары қазақ халқының басына үлкен апат әкелді.Күшпен ұжымдастырылған және материалдық жағынан өте әлсіз шаруашылықтар күйзеліске ұшырап нәтижесінде 1932-33жж.халық аштыққа ұшырады.Сол кездегі мәліметтерге қарағанда аштық жайлаған аудандарда халық баудай түсіп қырылған.
Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың осындай зардаптары сталиндік басшылықты біраз сескендірді .1930ж.17 қыркүйекте «Ауыл шаруашылығы туралы »қаулы қабылданып Қазақстан мал шаруашылығындағы «кемшіліктерді түзеу»бағыты белгіленеді.Алайда,қаулы өлкелік комитеттің жүргізген саясатын айыптамады,тіпіт ол қаулыда аштық туралы бір сөз жоқ.
Большевиктер шаруашылыққа тікелей араласуды тоқтатпады.Мал шаруашылығының артта қалуын тікелей араласу жолымен шешуді көздеді.1939ж.8 шілдеде БК(б)П Орталық комитеті «Колхоздарда қоғамдық малды дамыту шаралары туралы»қаулы қабылдайды.Осы қаулыда колхоздарда 2-3 тауарлы фермалар құру белгіленеді.Осыған орай колхоздар мал санын арттыруға ынталанады деген есеппен жаңа ет өткізу жүйесін белгілейді.Алайда, бұл негізінен колхоздарды күштеп малдың ұстауға тиімсіз түрлерін дамытуға итермелеген шаралар болды.Колхоздардың еріктілігі шектелді,әкімшілік басқару жүйесі одан әрі күш алды.1920ж. екінші жартысы мен 1930ж.большевиктік партия бастаған кеңес үкіметі экономиканы социалистік жолмен қайта құру мақсатында Қазақстанда шабындық-жайылымдық жерлерді қайта бөлу ,байларды тәркілеу,ұжымдастыру сияқты әлеуметтік реформаларды жүзеге асырды .Бұл реформалардың қазақ қоғамына өте жат болғанына қарамай ,оларды күштеу әдістерімен ендірді.Ол үшін кеңем үкіметі мемлекеттің күштеу аппаратын кең қолданды.Бірақ кеңес үкіметінің ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құру жолында жүргізген шаралары нәтиже бермеді.Керісінше бұл реформалар шаруалардың еңбекке деген ынтасын жойды.Соған қарамай большевиктер ауыл шаруашылығын социалистік жолмен алға қарай дамыту мақсатында ылғи әр түрлі жаңа шаралар жүргізіп отырды.
