Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дана 61-75.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
60.27 Кб
Скачать

61. Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеу: саяси және экономикалық салдары.

1928 жылы 27 тамызда Қаз ОАК мен Қаз ХКС-нің «Байлардың шаруашылығын тәркілеу туралы» қаулысы шықты. Ол күшіне енген сәттен бастап шаруа қожалықтарына өзіндік ауыл шаруашылық өнімдерінің артығын қалауы бойынша иелену құқығына кепілдік беретін. Жаңа экономикалық саясаттың принциптерінен бас тартылды. Қаулыға сай, байлардың шаруашылығын тәркілей отырып, оларды тұрғылықты жерінен қоныс аударып жіберуге рұқсат етілді.

Тәркілеу жөніндегі науқан, мақта шаруашылығы аудандарынан басқа, республиканың барлық жерлерін қамтыды. Тәркілеу нәтижесінде 657 анағұрлым ірі байлар қоныс аударылды, олардан 145 мың бас ірі қара тартып алынды, ауыл шаруашылық құралдары 877 колхозға және 24491 жеке шаруашылыққа берілді.

Астық өнімдерін, егіндік пен шабындық жерлерді және малды тәркілеу науқаны барлық жерде де заң нормаларын бұзумен: халықты қорқыту және зорлау арқылы, байсымақтарды күштеу арқылы іске асырылды.

Тәркілеу жөніндегі шараларды жүргізу барысында тәркілеу шегіне жеткізу үшін жеке шаруашылқтарды әдейі біріктіру де бой алды.

Тәркіленіп кетпес үшін кейбір байлар өзінің мүлкі мен малын орта шаруалар мен кедейлерге бөліп берд, малының бір бөлігін базарда сатты.

62. Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері,нәтижелері,олқылықтары.

Партияның 1925 жылы (18-31 желтоқсан)өткен ХІУ съезі елді социалистік индустрияландыру жоспарын жүзеге асыру міндетін қойды.Социалистік индустрияландыру саясаты өзінің мазмұны жағынан ірі машиналы өнеркәсіпті ,ең алдымен ауыр индустрияны бүкіл халық шаруашылығының салаларын түбегейлі қайта құруды қамтамасыз ететіндей дәрежеде дамытуға бағытталды.Шаруашылық құрылыс машиналар мен құрал жабдықтар әкелетін елден машиналар құралдар шығаратын елге айналдыру,яғни жаңа техникамен жабдықталған индустриялды елге айналу бағытында даму керек делінді съезд шешімінде.Большевиктер Кеңес үкіметі жалғыз өзі социализм құрып жатқан ел,осыған байланысты КСРО капиталистік дүниежүзілік шаруашылыұұа тәуелсіз,дербес экономикалық бірлестік болу керек деп тұжырымдады.Кеңестер одағының экономикалық тәуелсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету үшін алдыңғы қатарлы капиталистік елдерді индустриялды даму жағынан барынша қысқа тарихи мерзімде қуып жетіп,елді индустриялды державаға айналдыру міндетін қойды.Партия мұндай міндетті орындау үшін елдің бүкіл материалдық және өндіргіш күнін толығымен осы мақсатқа бейімдеу қажет деп шешті.Оның себебі большевиктерлің алға қойған бұл мақсаты саяси мәселемен,яғни бір елде социализм құру мүмкіндігі туралы тұжырыммен байланысты еді.Сонымен қатар социалистік индустрияландырудың капиталистік индустрияландырудан ерекшелігі болды.Капиталистік мемлекеттер өздірінің индустриялды дамуын,әдетте, пайда тез түсетін жеңіл өнеркәсіп салаларын дамытудан бастайды.Осы салаларға тән болып келетін кәсіпорындардың шағындылығы мен оған жұмсалатынқаржының айналымдылығы әуелгі кезде жеңіл өнеркәсіпті өте тиімді салаға айналдырады.Тек уақыт өткен соң ғана жинақталған қаржы біртіндеп ауыр өнеркәсіпке ауысуына байланысты ауыр индустрия салалары дамиды.

Осыған орай елді социалистік индустрияландыруға байланысты алға қойған міндеттер партияның Орталық комитеті мүшелерінің арасында үлкен пікірталас тудырды.Съезд қарсаңында партия ішінде «жаңа оппозиция»деген атпен белгілі болған топ қалыптасты.Олар партияның КСРО-да социализм құру мүмкіндігін жоққа шығарып ,елді индустрияландыру бағытына қарсы шықты. «Жаңа оппозиция»пікірі бойынша мемлекеттік өнеркәсіп орындарын социалистік деп атау қате,оны мемлекеттік капитализм деу керек,ал ЖЭС болса капитализмге кері қайт у деген пікірде болды.Кеңестік тарихнамаға партияның он бесінші съезі елді индустрияландыру съезі болып енді.Көптеген кеңестік кезеңдегі зерттеулерде лениндік индустрияландыру саясаты республикалардың ұлттық ерекшеліктерін қатаң ескерді деген пікір басым болды.Алайда большевиктер партиясының басшылығымен жүзеге асырылған елді индустрияландыру саясаты щеткері орналасқан ұлттық аймақтар ,оның ішінде әсіресе Қазақстан үшін отаршыл бағытта болды.Жалпы Қазақстанда индустрияландыру саясатының бағыты қандай болу керек деген мәселе сол кездің өзінде өте үлкен пікір-таластар туғызды.Бір топ өлкедегі кеңес және партия қызметкерлері көшпелі халық бірден социализмге өте алмайды деп есептеді,яғни қазақтың көшпелі өмір салты ұлттық ерекшелік болып табылады,олай болсаелді индустрияландыру бағыты оның осы ұлттық ерекшелігін жояды деп есептеді.Мұндай пікірдегі партия мүшелерін большевиктер негізгі партиялық жолдан ауытұушылар ,яғни «уклонистер»деп айыптады.

Қазақстанға өнеркәсіпті күштеп ендіру мүмкін емес,ол қазақ қоғамының табиғи қалыптасқан жағдайына жат деп есептегендер болды.Олардың пікірінше артта қалған көшпелі халық индустрияландырудың өте жоғарғы қарқынына ілесе алмайды.Сонымен қатар өндіріс орындарына жергілікті ұлт өкілдерін көптеп тарту,яғни байырғыландыру саясаты өрдірісті өте-мөте қымбаттатады,қазақтар жұмыс істей алмайды,олар бәрібі даланы аңсайды деген көзқараста болды. Мұндай пікір айтушы топты большевиктер «ұлыдержавалық шовинистер»деп айыптады.

Осылайша большевиктер социалистік индустрияландыру саясатының бағыттары жөнінде пікір айтушыларға әр түрлі айыптар тақты.Ал өздері белгілеген елді «социалистік индустрияландыру»бағытын ешбір қатесі жоқ ,толық аяқталған саясаи деп қарастырды.Большевиктер белгілеген индустрияландыру саясатында Қазақстан Одақтың шикізаттық бөлшегіне айналуы керек болды.Орталық ұсынған бұл көзқарасты осы кезде өлкенің партия ұйымының басшылығына тағайындалған Ф.Голощекин де қолдады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]