
- •Экономикалық теорияның зерттеу пәні, зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.
- •2.Экономикалық теорияның ғылым ретінде пайда болуы және дамуы.
- •3.Экономикалық теория қызметтері.
- •4.Экономикалық заңдар мен категориялар.
- •5.Экономикалық құбылыстарды танып білу әдістері.
- •6.Экономикалық ресурстар.Экономикалық теориядағы ресурстардың сиректігі және шектеулігі мәселесі.
- •7.Өндіріс және оның факторлары.
- •8.Өндіріс факторларын тиімді пайдалану бағыттары.
- •9.Қоғамдық өндіріс (материалды және материалды емес өндірістің рөлі).
- •10.Өндірістік мүмкіндіктер шекаралары.
- •11.Өндіріс және ұдайы өндіріс.
- •Ұдайы өндірістің типтері
- •Ұлғаймалы өндірістің түрлері:
- •12.Жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс.
- •13.Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.
- •Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы:
- •Әкімшілік - әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы:
- •Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:
- •Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:
- •14.Меншіктің объектілері мен субьектілері, экономикалық категориясы.
- •М еншік субъектісі меншік объектісі
- •15.Меншік құқығының экономикалық теориясы.
- •16.Меншік типтері мен формалары.
- •17.Меншікті жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру процестерінің экономикалық мазмұны.
- •Жекешелендірудің тәсілдері
- •18.Тауар өндірісі: сипаттамасы, пайда болу шарттары.
- •19. Экономикалық өнім формалары: игілік, тауар, қызмет көрсетулер.
- •20.Тауар және оның қасиеттері.
- •21.Еңбек бағасының теориясы.
- •22. Тауар бағасын құрудың альтернативті құрылысы
- •23.Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
- •24.Ақшаның функциялары.
- •25.Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •26.Ақша массасы және ақша агрегаты.
- •27.Капитал: мәні, әртүрлі көзқарастар.
- •29. Капитал құрылымын талдаудағы ерекшеліктер.
- •30.Қр жеке кәсіпкерлікті дамыту.
- •33.Негізгі және айналмалы капитал.
- •34.Негізгі және айналмалы капиталды қолданудағы тиімділік көрсеткіштері.
- •35.Инвестицияға капиталдық салымдар.
- •36.Рынок: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.
- •40.Рыноктың артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •41.Сұраныс.Сұраныс заңы.Сұраныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
- •42.Ұсыныс.Ұсыныс заңы.Ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
- •Тепе-теңдік баға. Рыноктық тепе-теңдіктің бұзылуы.
- •44 . Натуралды шаруашылық, оның негізгі белгілері мен ерекшеліктері
- •46.Бәсеке мәні. Бәсекелік күрестің түрлері.
- •47.Монополия және бәсеке.
- •48.Жетілмеген бәсеке жағдайындағы рыноктық құрылымның типтері
- •49.Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері. Бағалық дискриминация.
- •50.Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны.
- •51.Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формалары.
- •52.Кіші, орта және ірі фирмалардың экономикадағы рөлі.
- •53.Кәсіпорын шығындарының теориясы.
- •54.Шығындар түрлері және олардың жіктелуі.
- •55.Пайда теориясы және оның түрлері.
- •56.Жалақының мәні және оның формалары.
- •57.Еңбек-құн теориясы.
- •58.Ренталық қатынас теориясы.
- •59.Жер рентасының формалары.
- •60.Натуралды шаруашылық, оның негізгі белгілері мен ерекшеліктері.
- •Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы
- •61.Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктер.
- •62.Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаты және есептелу әдістері.
- •64.Ұлттық байлық және оның құрылымы.
- •65.Жұмыссыздық және оның түрлері.
- •66.Инфляция: мәні, себептері, түрлері.
- •67.Экономикалық цикл теориясы.
- •68.Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.
- •69.Мемлекеттік реттеудің құралдары мен әдістері.
- •70.Несиенің мәні мен формалары.
- •71.Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары.
- •72.Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері.
- •73.Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және олардың түрлері.
- •74.Индустриалды-инновациялық бағдарлама.
- •75.Ақша жүйесінің эволюциясы.
- •78.Әлемдік шаруашылықтың байланыс жүйесіндегі Қазақстан экономикасы.
- •79.Қазақстандағы нарық түрлеріне талдау жүргізу.
- •80.Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық мәні, оның сипаттық белгілері.
- •81.Жұө дефляторы.
- •82.Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру мен мемлекеттендіру.
- •83.Пайда функциясы. Кәсіпкерлік табыс.
- •84.А.Смиттің «Көрінбейтін қол» нарығы.
- •85.Биржа нарықтық инфрақұрылым элементі ретінде.
- •86.Ақша реформасы, себебі, мәні және әлеуметтік салдарлары.
- •87.Кәсіпкерліктің әртүрлі формаларын дамытуды мемлекеттік қолдаудың әлемдік тәжірибесі.
- •88.Тұк және ұлттық экономика.
- •89.А.Маршаллдың «Экономикс принципіндегі» баға концепциясы
- •90.Менеджменттің құрылымы, қызметі және тәсілдері.
- •Экономикалық теорияның зерттеу пәні, зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.
Экономикалық теорияның зерттеу пәні, зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.
Экономикалық теория - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағат-тандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым.
Экономикалық ойлау адамзат қағамының құрдасы болып табылады. Оның алғашқы қайнар көзі ежелгі Египеттен басталады.
Ең алғаш рет б.д.д. III- ғасырда грек ойшылдары Аристотель мен Ксенофонт еңбектерінде экономикалық болмыс түсініктерінің бірнеше нұсқаулары дүниеге келді. Философ, әрі экономист Аристотель айырбас, ақшаның пайда болуы мен атқаратын қызметін зерттейді. Бірақ бұл ғалымдар экономикалық ілімді дербес бір тұтас жүйеге айналдыра алмады. Экономика деген гректің сөзі, сөзбе сөз аударғанда «үй шаруашылығын жүргізудің өнері» деген мағынаны білдіреді.
Қазір оның мазмұны айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Шаруашылық тек отбасы төңірегінде емес, сондай ақ аймақ, ел, әлемдік шеңберде жүргізіліп, басқарылатын болды және тек теориялық белгілеріне ғана емес, сондай ақ өндірістік белгілеріне байланысты (фирма, кәсіпорын, сала) ұйымдастырылатын болды.
Экономикалық теория дербес ғылым болып XVIXVII ғасырларда тауар – ақша қатынастары кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады.
Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.
Меркантилизм – Ең алғаш экономикалық ілім XVIXVII ғасырларда меркантилизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» - саудагерлер көпес, сауда, пайда). Бүл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материялдық өндіріс емес, тауар ақша қатынастарында болды.
Меркантелистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Олар сыртқы сауданы дамыту арқылы елдегі алтын мен күмістің көлемін молайту негізінде халықты байытуға болады деді. Демек меркантелистер тек сауда капиталының мүддесін қорғады. Сондықтан халық шаруашылығын толық қамтитын ілімге айнала алмады. Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, І Петр, И.И.Посошков.
Физиократизм – (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші «физократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кэненің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді.
«Физио» - табиғат, «кратос» - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері Ф.Кенэ, А.Тюрго, Дюпон де Немур.
Классикалық саяси экономия - ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.
а) Марксизм – (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов). Зерттеудің негізгі нысаны – капитализмнің экономикалық заңдылықтары. К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды, абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды. К.Маркс қоғамды екі топқа бөлу арқылы барлық экономикалық құбылыстар да талданды. Қосымша құнның теория мағынасы өндірісте пролетариаттың қаналуы арқылы көрініс тапты.
б) Маржинализм – (К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрос). Маржинализмнің басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті көрсеткіштер қолданылу әдістері қарастырылды. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен үлгілерді кең қолданады. Л.Вальрос математикалық мектептін негізін қалаған. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік үлгісін жасаған, оның негізі сұраныс пен ұсынысты талдау.
Неоклассикалық теория - ХІХ ғасырдың 90 жылдары (Д.Кларк, А.Маршалл, А.Пигу). Неоклассиктердің ойы келесіде: егер нарықтық экономиканың субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік бірлесе өте жақсы қызмет атқарған болар еді деп есептеді.
Кейнсиандық мектеп – ХХ ғасыр (Дж.Кейнс). Бұл ағымның «капитализмді реттеу» теориясы бойынша: экономиканы нарықтық реттеумен қатар мемлекеттің араласуының қажеттілігін айқындады.
Институционализм – ХХ ғасырдың 50 жылдарының аяғы (Т.Веблен, У.Митчел, М.Вебер, В.Зомбарт, Д.Гэлбрейт және т.б.). Экономикалық дамудың сипатын құрайтын тек нарық емес, ол – экономикалық институттардың барлық жүйесі. Бұл бағыт өкілдері қоғамның жоғары мұратының көрінісіне әлеуметтік бағдарламаларды, индикативтік жоспарлау және басқа да экономикадағы мемлекеттің араласу шараларды жатқызуы.
Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де әдістеме бірдей қажет. Әдістеме дегеніміз- ғылыми танудың нысаны, әдісі, ұйымдастыру қағидалары туралы ілім.
Экономикалық теорияның пәні – адамдар мен әртүрлі әлеуметтік топтар арасында игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процестері барысында қалыптасатын экономикалық қатынастар. Нобель сыйлығының лауреаты П. Самуэльсон экономикалық теория пәнін өзінің «Экономика» атты еңбегінде тұтыну және өндіруді жүзеге асыру, адамдар арасындағы айырбаспен, ақшалай келісім-шартпен байланысты қызмет түрлері деп түсіндірген. П. Самуэльсон көптеген мысалдар келтіріп, экономикалық теория пәні тек осы және ол өзгермейді, ол нақты деп айту қиын деген. Ол экономикалық теорияның бірнеше анықтамаларын берді.Олар:
адамдар арасында ақшалай келісім-шарттар мен айырбасқа байланысты қызмет түрін зерттейтін ғылым;
әртүрлі тауарды өндіру үшін және оларды қоғам мүшелері арасында бөлу үшін қажетті шектеулі ресурстарды пайдалану туралы ғылым;
адамның күнделікті өмірде тұтыну мен өндіріс саласындағы міндеттерін жүзеге асыруды қарастыратын ғылым;
байлық туралы ғылым.