
- •Программалық қамтамасыз етудiң күрделiгi: анықтама, мысалдар.
- •Қарапайым программалық жүйелердің 4 мысалын келтіріңіз.
- •Күрделi программалық жүйелердің 4 мысалын келтіріңіз.
- •Программалық қамтамасыз етудiң күрделiгiнiң себебтері.
- •Күрделi жүйелердің белгiлері.
- •Декомпозиция, алгоритмдік декомпозиция, объектті бағыттылған декомпозиция: анықтама, мысалдар.
- •Абстракция: анықтама, мысалдар.
- •Иерархия: анықтама, мысалдар.
- •Программалық жобалау қандай элементтерден тұрады?
- •Oop, ood және ооа: анықтама, айырмашылықтары.
- •Программалаудың негiзгi парадигмалары: олардың ерекшелiктері.
- •Абстрактциялау: анықтама, мысалдар.
- •Инкапсуляция
- •Модулдік анықтама, мысалдар.
- •Иерархия
- •Типтелу: анықтама, мысалдар.
- •Параллелизм: анықтама, мысалдар.
- •Сақталатындық: анықтама, мысалдар.
- •Объектiлердiң мысалдарын келтірiңiз.
- •Объекттiң күйі және тәртібі: анықтама, мысалдар.
- •Байланысқа қатысатын объектiлердiң рөлдері: анықтамалар, мысалдар. (актер, сервер, агент)
- •Агрегация: анықтама, мысалдар.
- •Кластардың мысалдарын келтірiңiз.
- •Кластардың интерфейсі және реализациясы: анықтама, мысалдар.
- •Кластардың арасындағы қатынастар: мысалдар. (ассоциация, мұрагерлік, агрегация, пайдалану, метакласс)
- •Классикалық категориялау, концептуалды кластерлеу, түптұлғалар теориясы. Осы тәсiлдерден қандайы жақсы және нелiктен?
- •Аж жобада белгiлеу жүйесі не үшiн қажет?
- •Аж логикалық және физикалық үлгiлері: анықтама, мысалдар.
- •Аж статикалық және динамикалық үлгiлері: анықтама, мысалдар.
- •Кластар диаграммасы: тағайындау, мысал.
- •(1)Класстар диаграммасындағы кластың графикалық суретінің нұсқалары
- •Кооперация диаграммасы: тағайындау, мысал.
- •Жобалаудың микропроцессi: анықтама, мысалдар.
- •Жобалаудың макропроцессi: анықтама, мысалдар.
- •Тәуекелдердi басқару: анықтама, мысалдар.
- •Аж өңдеушiлердiң рөлдері.
- •Аж релиздерді басқару
- •Аж тестілеу
- •Аж әзiрлеу кезінде қайтадан пайдалану.
- •Программалық өнiмнің сапасын өлшеу.
- •Аж документациясын әзiрлеу.
Программалық жобалау қандай элементтерден тұрады?
Программалық жобалау – жобаланатын жүйенің элементтерінің өзара байланысы мен құрылымы зерттейтін программалық жабдықтаудың өмір циклінің кезеңі болып табылады. Бұл кезеңнің нәтижесі жүйені іске асыратын толық қанды ақпараттардан тұратын жоба болып табылады.
Программалық жобалау бірте – бірте және қайталанып отыратын, яғни итеративті процесс болып табылады. Сонымен қоса, жобалау әдістемесін қолдану өңдеу процесінде нақты жинақылықты енгізеді. Инженер – программисттер 3 категория бойынша жіктей алатын оншақты әртүрлі әдістерін жасап шығарды. Әр түрлілігіне қарамастан бұл әдістерде ортақ бірнәрсе бар. Оларды жекеше алып қарағанда:
Шартты белгі – әр үлгіні сипаттау үшін тіл;
Процесс – үлгіні жобалау тәртібі;
Құрал – саймандар – үлгі құру процесін тездететін және үлгіні функционалдау заңдарын іске асыратын құралдар. Құрал – саймандар өңдеу процесінде қателерді табуда көмектеседі.
Жобалаудың жаксы әдісі нық теориялық негізде және соның арқасында программистке өз ойын бейнелеуде ерік беретін белгілі деңгейде негіздеу.
Мысал:
Бұл мысалда иерархиялық декомпозицияның қадамдық схемасы көрсетілген. Программаны жобалау барсында декомпозицияның функционалды элементтері 5 кезеңнен тұрады.
Oop, ood және ооа: анықтама, айырмашылықтары.
Объектіге – бағытталған программалау (object – oriented programming, OOP) – бұл әр қайсысы белгілі бір класстардың экземпляры болатын, ал класстар мұрагерлік иерархиясын құрайтын объектілердің жиынтығы түріндегі программаларды ұсынуға негізделген программалаудың әдістемесі.
Бұл анықтамадан мынадай қорытынды шығаруға болады:
ООР базалық элемент ретінде алгоритмді емес, объектіні қолданады;
Әр объект қандай да бір анықталған класстың экземпляры болып табылады;
Класстар иерархиялық түрде бірігеді.
Осы 3 шарттың біреуі орындалмайтын болса, онда программа ООР –ға жатпайды.
Объектіге – бағытталған жобалау (object – oriented design, OOD) – бұл объектілік декомпозиция мен жобаланатын жүйенің логикалық, физикалық, сонымен қатар, статикалық және динамикалық моделдерін біріктіретін жобалау әдістемесі.
Бұл анықтамадан 2 маңызды нәрсені бөліп көрсетуге болады:
OOD объектіге – бағытталған декомпозицияға негізделеді;
OOD жүйенің логикалық (класстар мен объектілер) және физикалық (модульдер мен процесстер) құрылымына, сонымен қатар, статикалық және динамикалық аспектілеріне әсер ететін үлгілерді көрсететін тәсілдердің сан алуан түрін қолданады.
Объектіге бағытталған анализ (object – oriented analysis, ООА) – бұл пәндер аймағында айқындалған класстар мен объектілердің көзқкарасынан қабылданатын жүйеге деген талаптар әдістемесі.
Айырмашылықтары:
Объектіге – бағытталған программалау ең алдымен нақты программалау тілдерінің механизмдерін тиімді және дұрыс пайдалануды көздейді. Ал объектіге - бағытталған жобалау, керісінше, күрделі жүйелердің тиімді және дұрыс құрылымдауға негізгі назарды аударады. Объектіге – бағытталған анализ объектіге – ба.ытталған көзқарасқа негізделген ақиқат шындық үлгісін жасауға негізделген.
ООА нәтижесінде OOD – ға негізделген үлгілер қалыптасады; OOD өз кезегінде ООР әдістемесін қолдана отырып жүйені іске асыратын соңғы фундаментті жасайды.