
- •Программалық қамтамасыз етудiң күрделiгi: анықтама, мысалдар.
- •Қарапайым программалық жүйелердің 4 мысалын келтіріңіз.
- •Күрделi программалық жүйелердің 4 мысалын келтіріңіз.
- •Программалық қамтамасыз етудiң күрделiгiнiң себебтері.
- •Күрделi жүйелердің белгiлері.
- •Декомпозиция, алгоритмдік декомпозиция, объектті бағыттылған декомпозиция: анықтама, мысалдар.
- •Абстракция: анықтама, мысалдар.
- •Иерархия: анықтама, мысалдар.
- •Программалық жобалау қандай элементтерден тұрады?
- •Oop, ood және ооа: анықтама, айырмашылықтары.
- •Программалаудың негiзгi парадигмалары: олардың ерекшелiктері.
- •Абстрактциялау: анықтама, мысалдар.
- •Инкапсуляция
- •Модулдік анықтама, мысалдар.
- •Иерархия
- •Типтелу: анықтама, мысалдар.
- •Параллелизм: анықтама, мысалдар.
- •Сақталатындық: анықтама, мысалдар.
- •Объектiлердiң мысалдарын келтірiңiз.
- •Объекттiң күйі және тәртібі: анықтама, мысалдар.
- •Байланысқа қатысатын объектiлердiң рөлдері: анықтамалар, мысалдар. (актер, сервер, агент)
- •Агрегация: анықтама, мысалдар.
- •Кластардың мысалдарын келтірiңiз.
- •Кластардың интерфейсі және реализациясы: анықтама, мысалдар.
- •Кластардың арасындағы қатынастар: мысалдар. (ассоциация, мұрагерлік, агрегация, пайдалану, метакласс)
- •Классикалық категориялау, концептуалды кластерлеу, түптұлғалар теориясы. Осы тәсiлдерден қандайы жақсы және нелiктен?
- •Аж жобада белгiлеу жүйесі не үшiн қажет?
- •Аж логикалық және физикалық үлгiлері: анықтама, мысалдар.
- •Аж статикалық және динамикалық үлгiлері: анықтама, мысалдар.
- •Кластар диаграммасы: тағайындау, мысал.
- •(1)Класстар диаграммасындағы кластың графикалық суретінің нұсқалары
- •Кооперация диаграммасы: тағайындау, мысал.
- •Жобалаудың микропроцессi: анықтама, мысалдар.
- •Жобалаудың макропроцессi: анықтама, мысалдар.
- •Тәуекелдердi басқару: анықтама, мысалдар.
- •Аж өңдеушiлердiң рөлдері.
- •Аж релиздерді басқару
- •Аж тестілеу
- •Аж әзiрлеу кезінде қайтадан пайдалану.
- •Программалық өнiмнің сапасын өлшеу.
- •Аж документациясын әзiрлеу.
Аж релиздерді басқару
Релиз(англ.release-шығару)-қолдануға дайын тауар-программаның соңғы версиясының шығарылуы.
Релиздерді басқару. Релиз-байланыс нәтижесінде тесттілеу орандалатын жаңа немесе өзгертілген конфигурациялық бірліктердің жиыны.
Релиздерді басқару процесі 3 этаптан тұрады:
Әзірлеу этапы.Кез келген мекемеде қолданылы бермейді,бірақ кейбір компаниялар үшін бұл этап негізін қалаушылардың бірі болуы мүмкін,оларға келесілер жатады,мысалы,программалық құралдарды әзірлеу компаниясы немесе конструкторлық бюролар.
Тесттілеу этапы.Бұл этапта басында әрбір релизге тесттілеу жүргізілетін критерийлерді анықтау керек,яғни релиз дайындығының енуге және тарауға анықталу деңгейін анықтау керек.
Тарату және енгізу этапы.
Интеграция
Алдын ала ойластырылған программалық проектілер программалар семьясын құруды талап етеді. Құру процесінде прототиптер мен релиздер құрылады. Көп жағдайда әр құрушының құрастырылып жатқан жүйе туралы өз ойы болады.
Объектіге бағытталған құрастыруда интеграция бір рет өте сирек жүргізіледі. Әдетте көптеген ұсақ интеграциялар жүргізіледі және олардың әрқайсысы жаңа прототип пен архитектуралық релиздің құрылуына әсер етеді. Әр жаңа релиз алдыңғы тұрақты релиздерді дамытып отырады. Итеративті құруда алдымен бірнеше шарттарға жауап беретін программалық продукт құрастырылады, ол барлық шарттардың қанағаттандырылуын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Соңғы қолданушының көзқарасы бойынша релиздер ағыны макропроцестен шығады. Әр келесі релиз көбірек функцияны қамтиды және соңында олар дайын жүйеге дейін дамиды. Процесті ішінен бақылап отырған адамның көзқарасы бойынша көбірек релиз құрылады, жүйенің маңызды интерфейстерін тұрақтандыру үшін олардың кейбіреулері ғана қатырылады және келесі жұмыс үшін негізгі алынады. Мұндай стратегия жасау қатерлерін азайтуға мүмкіндік береді, архитектурадағы проблемаларды және жіңішке орындарды бастапқы деңгейдің өзінде табуды жоғарылатады.
Үлкен проекттер үшін кәсіпорын ішкі релиздер жүйесін әр бірнеше апта сайын дайындай алады, ал заказ беруші үшін релиздер проекттің қажеттілігіне байланысты бірнеше айда бір рет жасалады. Тұрақты күйде релиз документациямен сәйкес келетін көптеген байланысқан ішкі жүйелерден тұрады. Релизді құрастыруға кірісуге болады егер, проекттің негізгі ішкі жүйелері жеткілікті түрде тұрақты, ал олардың бірлесіп әрекет етуі жеткілікті түрде қалыптыболса және жаңа функционалды деңгейді қамтамасыз ете алса.
Аж тестілеу
Тестілеу-кез келген программалық өнімнің өмірлік циклының ажырамас бөлігі.Қаржы мекемелерінде тестілеу жаңа ақпараттық жүйелердің енуіне маңызды дайындық этапы болып табылады.
Тестілеу түрлері:
Функционалды тестілеу;
Функционалды емес тестілеу.
Тестілеудің негізгі мақсаты-ақпараттық жүйе әлсіздігінің максималды мүмкін болатын сандар идентификациясы.
Үзіліссіз интеграция принципін құру процесінде орындалатын тестілеуде де қолданайық. Контекстті объектіге бағытталған архитектурада тестілеу кем дегенде үш бағытты қамтуы қажет:
Модульдерді тестілеу
Әртүрлі кластар мен механизмдерді тестілеуді қамтиды;
Оны орындайтын инженердің міндеті болып табылады;
Ішкі жүйелерді тестілеу
Категория немесе ішкі жүйелерді түгелімен тестілеуді қамтиды;
Ішкі жүйелерге жауапты адамның міндеті болып табылады;
Ішкі жүйе тестілері регрессивті түрде әрбір қайта шығарылатын ішкі жүйе версияларында қолданылуы мүмкін;
Жүйені тестілеу
Бүтін жүйені тестілеуді болжайды;
Сапа тексерушілердің міндеті болып табылады;
Жүйені тестілеу де регрессивті түрде орындалады;
Тестілеу жүйенің сыртқы күйіне баса назар аудару керек;
Оның мақсаты, белгіленген шарттарда ол қатардан қалай шығып кететінін түсіну үшін, жүйе шекараларын анықтау.