Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
CУБД_жауап_40.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
915.97 Кб
Скачать
  1. Объектiлердiң мысалдарын келтірiңiз.

 “Объект” – танылуға тиісті болмыс.

Информатиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ол информатиканың әр саласына байланысты әр түрлі ұғымды білдіреді:

1. Ақпарат көзі бола алатын кез келген түсінік (зат, құбылыс, абстракция). Объекті анықтау үшін оның аты және басқаларынан ажыратып алуға болатын өзіндік қасиеттері болуы тиіс;

2. Объект реляц. мәліметтер базасында сақталатын нақты процесс, құбылыс, зат жайлы мәліметтік элемент. Оған кесте, сұраныс, форма, басылым түсініктері кіреді;

3. Операция жүйелердегі (Wіndows, DOS) объекттер – бума (папка), файл, бағдарлама, құжат, жарлық, т.б.;

4. Компьютер бағдарламаларындағы объект – өңделуге тиіс мәлімет элементі. Оған айнымалылар, сандар, жиымдар (массивтер) кіреді.

Әр түрлі бұйымдарға арналған материалдар жасайтын заводты қарастырайық. Мысалы, велосипедтің қаңқасын және ұшақтың қанатын алайық. Заводтар көбіне механикалық, химиялық, электрлік және т.б. болып бөлінеді.Цехтарды бірнеше жабдықтамалар орнатылған (станоктар,метал жасайтын құрал, қысып тығыздайтын құрал) жерлерге бөледі. Өндірістік орындарда бірнеше сыйымдылықты заттарды көруге болады, соның ішінде химиялық процесстің көмегімен әр түрлі блоктағы материалдар шығарылады. Сонан соң түпкілікті өнім жасалады(велосипедтің қаңқасы, ұшақтың қанаты). Әр сезілетін зат объект ретінде қарастырылады.Токарь станогі (металл, ағаш жонатын станок) қай блоктың өндіріліп жатқанын нақты анықтайды. Велосипедтің қаңқасы өз кезегінде жабдықталған жерлерге қатынасын нақты суреттейді.

Өз шекарасында анықталатын объектілер де болады, бірақ объекттер сезілмейтін оқиғалар мен процесстерді көрсетеді. Мысалы, заводта химиялық процессті нақты концептуалды шекарасы болғандықтан, басқа объекттермен қатынаста болғандықтан оны объект ретінде қарастыруға болады.Нақты қиылысу заңдылығы жоқ. Бірақ сфера мен кубтың қиылысу сызығы болмаса да, өздігінен нақты концептуалды шекарасы анықталған объект болып табылады.

  1. Объекттiң күйі және тәртібі: анықтама, мысалдар.

Объект қалып-күйге,бірнеше жақсы анықталған тәртіпке және бірегей ұқсастыққа қабілетті.Объекттің күйі берілген объекттің қасиеттер тізімі бойынша және әрбір қасиеттердің ағымдағы (әдетте динамикалық) мәндері бойынша сипатталады.

Тәртіп(поведение) – бұл объекттің қалай әрекет етуі және жауап қайтаруы; тәртіп объекттің қалып-күйі және хабарлама жіберу терминдерінде түсіндіріледі.Басқаша айтқанда,объекттің тәртібі- бұл оның бақыланатын және іштей тексерілетін әрекеті.

Объекттің қалып-күйі - оның тәртібінің жиынтық нәтижесін ұсынады.

Қалып-күй – объектінің ауыспалы параметрлерінің қалыпты мәндерін білдіретін абстракциялық термин.Қалып-күй объектіге ешқандай іс-әрекет жасалмайынша қалыпты болады;егер объектіге қандайда бір әрекет жасалынса,онда оның қалып – күйі өзгеруі мүмкін.

Мысал. Сусын сататын сауда автоматын қарастырайық.Мұндай объекттің тәртібі автоматқа тиын тастағаннан және оның кнопкасын басқаннан кейін таңдалған сусынның түсуі болып табылады.Егер,бірінші таңдалатын сусын кнопкасы басылып,содан кейін тиын салынса не болады? Көптегген автоматтар мұндай жағдайда олардың ережесі бұзылғандықтан ештеңе істемейді.Бұл жағдайда біз объектінің тәртібі оның орындалу тарихымен анықталатынын көреміз.Тәртіптің оқиғаға және уақытқа мұндай тәуелділігі объектінің ішкі қалып-күйі болатындығынан деп түсіндіріледі.Сауда автоматы үшін қалып-күй таңдау кнопкасы басылғанға дейінгі ақша суммасы болып табылады.Басқаша – бұл қабылданған тиындар жиыны мен сусындар қоры.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]