Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekon_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
547.8 Кб
Скачать

8.Өндіріс факторларын тиімді пайдалану бағыттары.

Өндіріс тиімділігі материалдық құндылықтардың өндіріс үрдісіне жататын, экономикалық жүйенің нақты қызметінің экономикалық тиімділігінің нақты құрамдас бөлігі. Барлық мемлекет шеңберінде қарастырғанда өндіріс тиімділігі қоғамдық еңбек өнімділігімен аталады.

Экономикалық тиімділік экономикалық жүйенің әр деңгейінде пайдалы соңғы нәтиженің пайдаланылған ресурстар көлеміне қатынасы ретінде, еңбек өнімділігі, қор қайтымдылығы, табыстылық, шығындардың қайтарымдылығы және т.б көмегімен өлшенеді. . Өндіріс тиімділігін көтерудің қолайлы жолы нарықта.

Өндіріс тиімділігі кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесімен анықталып, ұйымдастыру, басқару қызметінің деңгейін көрсетеді . Сондықтан оны арттыру негізгі мақсат бұл мына шаралар арқылы жүзеге асады:

- өндірістің технологиялық базасын дамыту;

- өндірістегі инновоция;

- өндірістік шығындардың экономикалық тиімділігін арттыру;

- инвестициялық саясатты оңтайландыру,

- өндірістік жүйенің құрылымын жетілдіру.

Өндірістің тиімділігі өндірістік шығындарды төмендетуге тәуелді. Кәсіпорын оларды төмендетудің арнайы бағдарламасын әзірлеуі қажет. Оның жүзеге асуы мынаны көздейді .

- өндіріс үрдісінің барлық кезеңдерінде материал, еңбек және қаржы ресурстарының жүйелі үнемін жүзеге асыру ;

- төмендетілуі тиіс шығындардың түрін талдау; бірнеше шығындар түрінің есебін жүргізіп, олардың төмендетілуіне бақылау жасау;

- жұмысшылардан үнемдеу ұсыныстарын алу;

- шығындардың әр элементінің жағдайын жүйелі бақылау;

- ұсынылған жаңа әдістерді әзірлеу, олардың енгізілу және сақталуын бақылау;

9.Қоғамдық өндіріс (материалды және материалды емес өндірістің рөлі).

Тұтынудың басталуы үшін өндіріс пен ұсыныс құрылуы керек. Шынымен де, мемлекеттік экономикасы оның өндірістік мүмкіндіктерімен анықталады: ғылым дамуының деңгейі, көптеген тауарлар мен қызмет түрлерін көрсету үшін ұйымдастырудың жетілуі және қаражат қорының молаюы. Осы өндірілген өнімдер түрлі мемлекеттерде сатылады немесе сатылып алынады. Дамыған елдердегі өмір сүру деңгейінің көрсеткіштері өте жоғары, себебі әрбір орташа жұмысшыға қызмет көрсету және тауар өндірісінің салыстырмалы жоғары үлес салмағы келеді.

Алдымен, біз өндіріс негізінің теорияларын зерттеуіміз және фирмалардың өнімнің қажетті санын өндіруде ресурстарды қалай таңдайтынын анықтау қажет. Өндіріс теориясы бізге мына сұраққа жауап беруге көмектеседі: неге өнімділік пен өмір сүру деңгейі уақыт өте келе дамиды және фирмалар өзінің ішкі процестерін қалай басқарады?

Біздің пікіріміз бойынша, ферма, зауыт, әуе компаниясы және есеп фирмасы әрқашан өндірісінің тиімділігін, яғни ешқандай шығынсыз арттырғысы келеді. Басқаша айтқанда, олар әрқашан шектелген ресурстардың бір бөлігінен өнімнің максималды мөлшерін, барлық жұмыс барысында шығындардан құтыла отырып, алғысы келеді. Фирмалар қандай тауарларды өндіру және қандай қызмет түрлерін көрсету туралы шешімдер қабылдағанда әрдайым экономикалық табысын масималицазиялауға тырысады.

Қазіргі қоғамдық өндіріс құрылымын материалдық және материалдық емес өндіріс деп бөлуге болады. Адам қоғамының даму негізі - материалдық өндіріс болып табылады. Материалдық өндіріс саласы өмір сүру, жұмыс істеу үшін қажетті игіліктерді өндіреді. Материалдық емес өндіріске ерекше материалдық емес (рухани құндылықтар) игіліктер өндіру, қызмет көрсету саласы жатады.

Қоғамдық өндірістің құрылымы

Материалдық өндіріс Материалдық емес өндіріс

Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, материалдық-техникалық жабдықтау, сауда, қоғамдық тамақ саласы, құрылыс, су шаруашылығы және т.б. Денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс, мәдениет, несиелік мекемелер, қоғамдық мекемелер, басқару органдары.

Өндіріс үзіліссіз, қайталанып отыруы қажет. Өндіріс процесінің тұрақты қайталануын, үзіліссіз жаңғыруын ұдайы өндіріс деп атайды.

Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз өзгермеген күйде қалады. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануын және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз.

Нақты өмірде адамдар алтернативті (баламалы) шығындармен кездеседі. Егер ресурстар бір нәрсеге жұмсалуы мүмкін емес. Бұдан қортынды жасасақ ресурстарды пайдалану - бұл кейбір мүмкіндіктердін жоғалту, яғни қорларды бір мақсатта пайдалансақ, оларды басқа мақсатта пайдалану мүмкін емес. Бұл жоғалған мүмкіндіктерді өлшеп бағалануға болады. Баламалы шығындарды өндірістік мүмкіндіктер сызбасы арқылы бейнелеуге болады.

Материалдық игіліктерді жасап шығаратын процесс өндіріс деп аталады. Өнім өндірісінде адам табиғат объектеріне әсер етеді, оларға өзінің материалдық қажеттерін қанағаттандыратындай форма береді. Айтқандай, өндіріс дегеніміз тікелей тұтыну үшін, немесе, өндірісті әрі қарай жүргізу үшін, табиғат заттарын өндеу болып табылады. Өндірістің осы қызметі онын әлеуметтік формасы қандай болмасын сақталады. Игіліктерді дайындауға қатысатын факторларды аныктап білу маңызды мәселе болып табылады. Экономмкалық теорияда өндірістін, мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші әсер ететін ерекше маңызды элементті, немесе объекті, өндіріс факторлары деп атайды. Өнім өндіруде пайдаланатын осындай факторлар өте коп болады. Және әр жекелеген өнімді өндіруге икемделген өзіндік факторлар болады. Сондықтан оларды біріктіріп, топтастыру қажет. Факторларды бөліп, топтастырудың көптеген әдістері бар.Қоғамдық өндірістің құрлымы: Материалдық және материалдық емес өндіріс. Қоғамдық өндірістің нәтижелері: заттар, қызметтер, байлық. Қазіргі қоғамдық өндіріс құрылымын материалдық және материалдық  емес өндіріс деп бөлуге болады. Адам қоғамының даму негізі - материалдық өндіріс болып табылады.  Материалдық өндіріс саласы өмір сүру, жұмыс істеу үшін қажетті игіліктерді өндіреді. Материалдық емес өндіріске ерекше материалдық емес (рухани құндылықтар) игіліктер өндіру, қызмет көрсету саласы жатады.

Барлық жүйелер қоғамдық өндірістің негізін құрайтын 5 мәселені шешу әдістеріне қарай анықталады.

1.      Не өндіру керек? Қандай қызмет көрсету қажет.

2.      Қанша өндіру керек? Қанша қызмет көрсету керек?

3.      Қалай өндіру керек? (қандай технология керек?)

4.      Кім үшін өндіру керек?

5.      Өзгерген жағдайларға бейімделе алама? (яғни кәсіпкерлердің еркіндігі).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]