Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekon_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
547.8 Кб
Скачать

78.Әлемдік шаруашылықтың байланыс жүйесіндегі Қазақстан экономикасы.

Әлемдік шаруашылық - ұлттық экономикалардың еңбекті бөлумен, тауар, технология, қызмет, қаржы түсімдерін айырбастаумен және меншік қатынастары желісімен байланысты жүйесі. Әлемдік шаруашылықта ел экономикасының салыстырмалы көлемі, оның даму деңгейі ғана емес, сонымен бірге аталған байланыстар жүйесіндегі оның рөлі, ең алдымен - халықаралық еңбекті бөлудің маңызы артып отыр.

Әлемдік шаруашылық - елдерден құралған өзінше бір «сатыға» ұқсайды, осы елдің әрқайсысын экономикалық дамудың белгіленген бір сатысына жатқызуға болады. Жеке бір елдің халқының жан басына шағылған ЖІӨ-сі осы елдің даму деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Алайда еңбек өнімділігінің деңгейі, адам әлеуетінің даму дәрежесі сияқты жеке көрсеткіштердің де өзіндік дербес маңызы бар.

Әлемдік шаруашылық - үздіксіз дамитын жүйе, елдердің саны біркелкі емес өседі, құрылымы да қайта құрылып, техникалық-экономикалық және институционалдық байланыстардың сапасы өзгереді. Осы процестер жеке елдің жағдайына әрқалай әсер етеді. Осыған орай елдің халықаралық экономикалық жағдайын бағалаудың ең күрделі әрі маңызды аспектісі - осы ел шаруашылығының сапа және құрылымдық сипаттамалары талданған ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігіне байланысты оның әлемдік шаруашылық динамикасындағы келешегін анықтау.

Қазіргі уақытта елдің әлемдегі және әлемдік шаруашылықтағы жағдайын бағалау мен оның рейтингісінің неше түрлі әдісі қолданылады. Осы бағалар елдің экономикалық қызметінің жалпы нәтижелерін де, сондай-ақ жекелеген құрамдастарына, яғни бәсекеге қабілеттілікке, экономикалық еркіндіктің дәрежесіне, инновациялыққа да және т.б. қатысты. Сол немесе басқа елдің экономикасының алатын орны туралы жалпы түсінікті жылдық өндірістің - халықтың жан басына шағылған жалпы ішкі өнімінің нәтижелерін салыстыру береді.

Қазақстан экономикасы - Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырдаэкономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті жәнеқара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.

Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр.

Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]