Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekon_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
547.8 Кб
Скачать
  1. Инвестицияға капиталдық салымдар.

«Инвестиция» термині латынның investire сөзінен аударғанда салу дегенді білдіреді. Оның мағынасы алуан. Қаржылық көзқарастан инвестициялау - бастапқы салынған капиталдан асып түсу жіне болашақта таза табыс табу мақсатында экономикалық ресурстардың ұзақ мерзімді салымы балып анықталуы мүмкін.

Шетелдегі экономикалық әдебиеттерде инвестиция ұғымы кәсіпкерлік пайда немесе пайыз табу мақсатында шаруашылықтың барлық салаларына салынатын салымдарға байланысты бүкіл шығындардың жиынтығы деп айқындалады.

Кәсіпорынның инвестициялық қызметі – бұл инвестициялар салымы және инвестициялық ағымдардың тиімді жолдарын іске асырудағы әр түрлі әдіс – тәсілдер мен іс-шаралардың жиынтығы. Сонымен қатар негізгі қорларды құру мен іске асыру капитал салымдар нысанында болады.

Инвестициялар кәсіпорынның серпінді дамуын қамтамасыз етеді және келесі міндеттерді шешеді:

- қаржы және материал ресурстарының жинақталуы арқасында өзінің кәсіпкерлік қызметін кеңейту;

- жаңа кәсіпорындарды сатып алу;

- бизнестің жаңа облыстарын иемдену нәтижесінде қызметтің диверсификациясы;

Инвестициялық қызметтің субъекттері қаржы салымдары әске асатын инвестициялық сферада қызмет етеді. Инвестициялық сфераның құрамына кіретіндер:

- капиталды құрылыс сферасы, онда инвестициялар өндірістік және өндірістік емес негізгі қорларға салынады;

- инновациялық сфера, онда ғылыми-техникалық өнім және интеллектуалды әлеует іске асады.

Инвестициялық қызметтің ерекшелігі болып оның циклдығы табылады, ол бірнеше фактормен анықталады:

- инвестициялық ресурстардың қалыптасуы мен алдын ала жинақталуының қажеттігімен;

- инвестициялық қызметтің белсенділігіне сыртқы кәсіпкерлік ортаның әсері (қызметті іске асыруда дұрыс немесе бұрыс климат құру жоспарында );

- «инвестициялық талпыныс» үшін қажетті ішкі шарттардың біртіндеп құрылуы.

Капиталдың алғашқы қорлануы (previos accumulation) өзіндік еңбекке негізделген индивидуалдық жеке меншікті жою процесі, жұмысшыларды өз еңбегінің шарттарына меншікті шектеу процесі. Ол бір жақтан, тікелей өндірушілердің тек қана жұмыскерге — идеалдық жұмыскерге, екіншіден, қоғамдык құрал-жабдықтар мен өмір сүруге қажет құралдардың капиталға алмасуы болып табылады.

Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы (көпес капиталы түрінде), — тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін — өнеркәсіптік. .Капиталдың қорлануы. Инвестицияға капиталдық салымдар.

Қазір әрекет ететін капитал-бұл айналмалы қордың сомасының қысқа мерзімді қарыз міндеттемелер сомасынан артықтығы. Негізгі және айналмалы қорлардың қызметтерін сипаттау үшін олардың пайдалану тиімділігін көрсететін көрсеткіштер қолданылады. Бұлардың екі түрі бар:

1)Қайтарым (қор қайтарымы) көрсеткіштері:

Қор қайтарымы негізгі капитал дәрежесінің тікелей көлемі болып табылады. Қор қайтарымының керісінше көрсеткіші қор сыйымдылығы деп аталады.

2)Сыйымдылық (қор сыйымдылығы) көрсеткіштері:

Қор қайтарымының көрсеткіші негізгі капиталдың бірлігіні қанша өнім шығарылады деген сұраққа жауап береді. Мысалы, егер өндірілген өнімнің көлемі 927 мың теңге, ал негізгі өндірістік қорлардың уақыт мерзіміндегі орташа көлемі 600 мың теңге болса, онда қор қайтарымы мынандай болады. Фо=27 мың теңге/ 600 мың теңге=1,544

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]