Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СУБД_жауаптар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
915.46 Кб
Скачать
  1. Объекттiң күйі және тәртібі: анықтама, мысалдар.

Объект қалып-күйге,бірнеше жақсы анықталған тәртіпке және бірегей ұқсастыққа қабілетті.Объекттің күйі берілген объекттің қасиеттер тізімі бойынша және әрбір қасиеттердің ағымдағы (әдетте динамикалық) мәндері бойынша сипатталады.

Тәртіп(поведение) – бұл объекттің қалай әрекет етуі және жауап қайтаруы; тәртіп объекттің қалып-күйі және хабарлама жіберу терминдерінде түсіндіріледі.Басқаша айтқанда,объекттің тәртібі- бұл оның бақыланатын және іштей тексерілетін әрекеті.

Объекттің қалып-күйі - оның тәртібінің жиынтық нәтижесін ұсынады.

Қалып-күй – объектінің ауыспалы параметрлерінің қалыпты мәндерін білдіретін абстракциялық термин.Қалып-күй объектіге ешқандай іс-әрекет жасалмайынша қалыпты болады;егер объектіге қандайда бір әрекет жасалынса,онда оның қалып – күйі өзгеруі мүмкін.

Мысал. Сусын сататын сауда автоматын қарастырайық.Мұндай объекттің тәртібі автоматқа тиын тастағаннан және оның кнопкасын басқаннан кейін таңдалған сусынның түсуі болып табылады.Егер,бірінші таңдалатын сусын кнопкасы басылып,содан кейін тиын салынса не болады? Көптегген автоматтар мұндай жағдайда олардың ережесі бұзылғандықтан ештеңе істемейді.Бұл жағдайда біз объектінің тәртібі оның орындалу тарихымен анықталатынын көреміз.Тәртіптің оқиғаға және уақытқа мұндай тәуелділігі объектінің ішкі қалып-күйі болатындығынан деп түсіндіріледі.Сауда автоматы үшін қалып-күй таңдау кнопкасы басылғанға дейінгі ақша суммасы болып табылады.Басқаша – бұл қабылданған тиындар жиыны мен сусындар қоры.

  1. Байланысқа қатысатын объектiлердiң рөлдері: анықтамалар, мысалдар. (актер, сервер, агент)

Объектiлердiң арасындағы байланыс және оның түрлері: агрегация, ассоциация, мұрагерлік.

Объектiлер байланысының рөлдері.

Объект басқа объектімен біріге алады, егер олар байланысса. Байланыс болған жағдайда ғана хабарлама жіберілуі мүмкін. Байланысқа қатыса отырып, объект рөлдердің бірінде болады: актер, сервер, агент.

Актер – басқа объектілерге ықпал ете алатын, бірақ өзі объектінің әреткетіне әсері болмайтын объект;

Сервер - объект басқа объектінің ықпалына әсер етеді, бірақ өзі объектілерге ықпал етпейді;

Агент – басқа объектілерге ықпал етіп және оларға әсер ете алады.

Бір класстың объектілері сервер де, агент те бола алады. Объектілердің арасында статистикалық байланыстар бар:

Агрегация - бүтін және бөліктік қатынастарды суреттеуші байланыс. Объектінің лайықты иерархиясына келтіреді, агрегация бір объекттің келесі объектіге физикалық қосуын білдіреді, мысалға, басқа объектінің бөлігі болып табылатын объект агрегатпен байланысты және оған хабарламаларды жібереді. Осы байланыстан басқа, агрегация, жинақталу байланысының түрі – специализациялық – семантикалық және мағыналық байланыс та болады.

Ассоциация класстар арасындағы байланысты анықтайды: ол класстарды жалғайтын тұтас сызықпен бейнеленеді. Жүйеде ассоциациялық класстың объекттері болғанда, олар ассоциация анықтайтындай байланыста болады. Байланысқа қатысушы объектілер онда қандай да бір рөл ойнайды. Рөлдің аты ассоциация мен объект байланысқан жерде көрсетіледі.

Байланыс аттардан басқа қасиеттерге де ие:

1.Көпшілік(multiplicity), яғни байланысқа әр жақтан қатысатын объектілер саны;

2.Навигация. Стрелкамен белгіленеді және ассоциацияның серіктестері рөлге лайықты объектіне қарай алатынын білдіреді.

3.Квалификаторлар. Кейбір жағдайларда бір класстың басқа класс объектілерімен байланысқан көптеген объектілерін берілген атрибуттары бойынша бөлу үшін қолданылады. Квалификатор ассоциация және класстың қосымша тіктөртбұрышпен байланысқан жерінде бейнеленеді. Тіктөртбұрыштың ішінде объектілерді топтастыру атрибуты нұсқалады.

Мұрагерлік – бір класстан екінші класс алу әдісі, бала класс құрылым мен қайта анықталатын және толықтырылатын қасиеттер мен тәсілдер мүмкіндігіне ие тәртіпті еншілейді. Мысалы, "фигура" деген классты анықтауға болады, оның құрамына центрдің және әдістің координаттары кіреді.

Нақты фигураны анықтау үшін класста болатын қосымша деректер керек, айталық, класс үшін шеңбер, үшбұрыш, квадраттың қажет өлшемін беру.

Әдетте пәндік аймақта мұрагерліктің тармағы пайда болатын бірнеше түпкі немесе негіздік класстарды анықтайды және олар ортақ абстракттық пәндік аймақтарды көрсетуі керек. Мұрагерлік полиморфизмның себебі болып табылады, яғни әртүрлі класс объектісінің бірдей тәртібінде бірдей әрекеттер орындалғанда. Мысал: