Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих (Сырым - Дастан).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
16.76 Mб
Скачать

31, Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі басылғаннан кейін патша үкіметі Кіші жүз қазақтарының көшпелі қауымына отаршылдық езгіні күшейтіп жіберді.

Сондықтан да қазақтардың көтеріліске шығуы тіпті де кездейсоқ нәрсе емес еді. Оның өзіндік себептері болды.

Біріншіден, шекара шебінің ішкі жағына уақытша өткен қазақтарға қойылатын талаптар тым қатайтыла түсті. Онда кез келген қазақты оның кездейсоқ басқа бір руласы жасаған құқық бұзушылық әрекеті үшін ұстап алып, айыптауға болатын еді.

Екіншіден, Орал қазақ әскерлері тарапынан бұрынғысынша дала төсіндегі «әскери іздестірулер» тоқтатылмады.

Үшіншіден, Нұралы ханның және оның төңірегіндегілердің беделі жыл өткен сайын төмендей берді. Ол бірте-бірте патша үкіметінің қолындағы қуыршақ қолшоқпарға айнала бастады.

Мәселен, Нұралы хан Орынбордан жыл сайын жалақы алып тұрды. Олардың тарапынан халықтың мұң-мұқтажына көңіл бөлінбеді. Ханның отбасындағылар мал жайылымдарын өздерінше және өз пайдаларына қалай қаласа, солай бөліске салды. Көтерілісті халыққа кеңінен танымал батыр Сырым Датұлы басқарды. Ол Кіші күздің ішіндегі он екі ата Байұлы бірлестігінің байбақты руынан шыққан ірі тұлға болатын. (Датұлы Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің барысында өзін шебер дипломат, әскери қолбасшы әрі көрнекті ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. Көтерілісшілердің жетекшісі әрі шешен, әрі би ретінде өз даңқын асырған еді. Асқан ақылдылығы мен тапқырлығы үшін бала кезінде-ақ «Бала би» атанған болатын. Қалыптасқан жағдайда патша үкіметінің алдында тұрған ендігі міндет Кіші жүз қазақтарын басқарудың жаңа түрлерін ойлап табу еді.

1784 жылы Орынбор губерниясының бастығы болып О.Г. Игельстром келді. Ол аймақты басқару жөніндегі икемді саясат жүргізуге қабілетті адам ретінде белгілі болатын. Кіші жүз қазақтары арасындағы жағдайды тез түсініп үлгерді. Билікті билер кеңесіне беруді жақтаған Сырым батырдың ықпалын әлсіретуге тырысты.

1786 жылы О. Игельстром хан билігін реформалаудың жобасын ұсынды. Ол реформаның мәні хан билігін толығынан жою, Орынборда Шекаралық сотбилігін орнату еді. Кіші жүзді рулық-тайпалық жүйе бойынша — Әлімұлы, Байұлы және Жетіру етіп үшке бөлу ұсынылды. Оның әрқайсысында сот билігін жүзеге асыратын әкімшілік органдар - ру ақсақалдары кіруге тиісті «расправалар» құрылатын болды. Оның құрамына төраға, оның ақсүйектерден тағайндалатын екі орынбасары және бір молда енгізілетін болды. Олардың атқаратын жұмысы үшін қазына есебінен жалақы төлеу көзделді.

32, КІШІ жүзде шаруашылықтың құлдырауы, жердің таршылығы 1801 жылы Бөкей немесе Ішкі Орданың құрылуына әкелді, ол Жайық және Еділ өзеңдерінің төменгі ағысында пайда болды. Бұл аймақ Ресей құжаттарында XVIII ғасырдың аяына дейін Астрахань даласы деп аталды. Мұнда кешпелілердің тұрақтары аз болды, онда көбінесе Астрахань татарлары, қалмақ және қазақтар тұрды. Жеке қазак қоныстары және шаруа дворлары Жайық өзені мен теңіз жағалауын бойлай орналасты. ХVШ ғасырдың соңында жердің тарылуына қазақтардың екі өзен аралығындағы ежелгі қоныстарына қызығуы күшейді. Ертеде қысқы мерзімде тек сұлтандардың жылқы үйірлерін өткізсе, енді Сырым Датұлының көтерілісін басып тастағаннан кейін көшу процесін бақылау қиын болды. Үкімет қазақ көшпелі ауылдарының талаптарына құлақ алып, ішкі территорияға көшуге рұқсат берді, өйткені бұл жерлер 1771 ж Еділ қалмақтары Жокғарияға қашқаннан кейін бос қалған еді. Ресей осы арқылы Кіші Жүздегі әлеуметгік күрестің шиеленісін басуды ойлады. Қазақтардың екі озйн аралығына тұрақты қоныстану ниеті патшалықтың отарлау саясатына сейкес келді, ол Кіші жүз күшін әлсіретті, қазақтың жарты бөлігін Ресейге толық бағындырды жөне қазақтардан салық алып, сауда қатынастарын дамытуға мүмкіндік берді. Хандықта Кіші жүзден шыққан 5 мың жанұя болды, 19 ғ. 50 жж. Бөкей ордасында 300 мың адам тұрды (50 мың жанұя). 1828 жылы Жәңгір өз үйінің бір бөлмесіне әулеттік-династиялық құнды заттарды, ат әбзелдерін, жауынгер қару-жарағын жинастырып, қару-жарақ палатасын ұйымдастырады. Бұл — қазақ жерінде ашылған тұңғыш музей болатын.

1841 ж. желтоқсанның 6 Нарынқұмда Қазақстан тарихында ең түңғыш қазақша-орысша білім беретін мектеп ашылды. Бұл мектептен есімі елге танылған талай тұлғалар білім алды. Солардың бірі — қазақтан шыққан ғалым-этнограф Мұхамедсалық Бабажанов. Оның қазақтар жөніндегі зерттеулері, тарихи мұралары туралы басылымдары жоғары бағаланып, 1862 жылы Орыс жағрапиялық қоғамының күміс медалімен марапатталады. Жәңгір мектебінен білім бастауын алған жүзден астам ғалым-зерттеушілер, Асан Тайманов сынды жиырмадан астам академиктер шықты.

33, 1781 жылы Абылай өлгеннен кейін Орта жүзде оның үлкен баласы сұлтан Уәли хан болып жарияланды. Уәли ханның қаталдығы оның қол астындағылардың наразылығын туғызды. 1795 жылы қазақтар патшаға оны тақтан алу жөнінде өтініш жасады. 1815 жылы Орта жүзде Уәлидің позициясын әлсіретуге тырысып, үкімет екінші ханды, Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей хан және 1819 жылы Уәли хан өлгеннен кейін Орта жүзде жаңа хандар бекітілмеді. Патша әкімшілігі хан өкіметін таратып, «Сібір қырғыздары туралы уставқа» сүйене отырып, басқарудың жаңа аппаратын құрды, бұл уставты 1822 жылы Россияның XIX ғасырда белгілі либералдық пиғылдағы қайраткер, өз дәуірінің аса білімді тұлғаларының бірі граф М.М.Сперанский жасады. Бұл жұмысқа болашақ декабрист Солтүстік қоғамның мүшесі Г.С. Батеньков белсене қатысты. Оған М.М. Сперанский жергілікті статистика үшін материалдар әзірлеу мен жинауды тапсырған еді. 1822 жылы Сібір екі бөлімге: бас басқармасы Иркутскіде болатын Шығыс бөліміне (Сібірге) және орталығы Тобылда, ал 1839 жылдан бастап Омбыда болған Батыс Сібірге бөлінді. Батыс Сібірге: Тобыл, Томск және Омбы облыстары кірді, ал Омбы облысына қазақ даласының Орта жүз қоныстанған жерлері мен Ұлы жүз қоныстанған жерлерінің бір бөлігі кірді. Ол жер «Сібір қырғыздарының облысы» деп аталды да, 1822 жылы оған арналып «Сібір қырғыздары туралы устав» талдап жасалынды. Орта жүздің әкімшілік құрылымы:

ОКРУГ

(15-20 болыс)

Басқарушысы- округтік приказ және аға сұлтан

БОЛЫС

(10-120 ауыл)

Басқарушысы-болыс сұлтаны

АУЫЛ

(50-70 шаңырақ)

Басқарушысы- ауыл старшыны

1822 жыл- Орта жүзде хандық билік жойылды. Әкімшілік-саяси реформаның салдары:

-Қазақстанды басқаруды жеңілдетіп,өзара рулық қырқыстарға соққы берді.

-Өлкені шаруашылық жағынан игеруге қолайлы жағдай жасады.

-Ресми отаршыл саясатын кеңейтуге жол ашты.

-Хандық билікті жойды.

1824 жыл Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақырылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылды. Ескеретін нәрсе, Кіші жүзді үшке бөліп (батыс, отра, шығыс), ішкі басқару жүйесінде хандықты жойғанымен 1824 жылы басқару жүйесі жергілікті ұлт өкілдерінің қолында қалды.

Сонымен, 1822 және 1824 жылдардағы әкімшілік-саяси реформалар патша үкіметінің отарлау саясатының нәтижесі болды.

34, . XIX ғ. 30-жылдарында патшалық Ресейдің Қазақстандағы отарлау саясатына ашық қарсы шыққан Абылай ханның баласы Кенесары хан болды. Ол бұл куресте Қоқан хандығына сүйенбекші болды. Бірақ оның үміті ақталмай, Қоқан өкіметі оның үлдары Саржан мен Есенгелдіні, кейінірек езін елтірді. Көнесары турмеге қамалды. Абақтыдан аман құтылған Көнесары ездерінің ата-мекені Ұлытауға келіп қоныстанып, езінің бар өмірін қазақтың теуелсіз ел, дербес мемлекет болуы жолындағы күреске арнады. Көнесары Қасымұлы бастаған көтеріліс 1837 ж. басталып, 1847 жылға дейін созылды. Көтеріліске үш жүздің де қазақтары, сонымен бірге қарақалпақ, түрікмен, қырғыз, езбек халықтарының өкілдері қатысты.1833 ж. кектемінен бастап Көнесары жасақтары патша ескеріне қарсы дейекті күрес жүргізді. Көнесарының аты бүкіл қазақ даласына тарап, 1841 ж. ол бүкіл қазақ халқының ханы болып сайланды. Көнесары хан болып сайланғаннан кейін ел билеу тертібі езгеріп, алым-салық реформасы іске асады. Көнесары жасақтары Қоқан хандығына қарсы соғыс жүргізіп, оларды келіссөз жүргізуге межбүр етті.1844-1845 жж. қазақ даласындағы үлт-азаттық қозғалыстың ең өрлеген кезі болды. Патша ескерлері 1844 ж. жазындағы шайқаста ешқандай нетижелерге жете алмады. Осы жағдай Орынбор әкімшілігін Көнесарымен келіссөз жүргізуді бастауға межбүр етті. Көнесары қазақ жерлеріндегі округтік приказдарды жоюды, қазақ жерлерін қайтаруды, алым-салық жинауды тоқтатуды талап етті.

Келіссөздер нәтижесіз аяқталып, 1845 ж. Көнесары Ұлы жүз жеріне қоныс аударды. Ол Ұлы жүз халқын бірікгіруді, қырғыздармен одақ қүрып Қоқан хандьнына шабуыл жасауды, сөйтіп қол астындағы қазақтарды босатуды көздеді. Алайда екіжүзді саясат үстаған қырғыз манаптары Көнесарыны қолдай қоймады. Сондай-ақ Жетісу бойындағы қазақтар бері бірдей оны қабыл алмады.

Осындай жағдайда 1847 ж. Көнесары қырғыз жеріне басып кірді. Бішкекке жақын Майтөбе деген жерде қырғыз манаптарының ескерімен шайқаста Көнесары жеңіліс тапты. Көтерілістің жеңілуіне қазақ халқының жіктелуі, қазақ сұлтандары мен билерінің орталықтанған қазақ мемлекетін қүруға мүдделі болмауы есер етті. Кетерілістің маңызы зор. Көтеріліс бүкіл үш жүзді қамтыған қазақтардың патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы бағытталған соғыс болды. Көтеріліс патша үкіметінің Орта Азияны жаулап алуын біраз кешеуілдетті. Көнесары қозғалысы жеңілгенмен, қазақтардың қарсылығы басылмады.

35, ХVIII ғасырдың аяғы – Х1Х ғасырдың басындағы Қазақстанның оңтүстігіндегі саяси жағдай оның қалған бөліктеріндегі жағдайдан ерекше болды. Х1Х ғасырдың басында Оңтүстік Қазақстан ортаазиялық феодалдық мемлекттер –Хиуа, Бұхара жəне ең үлкен дəрежеде – Қоқан экспанциясының объектісіне айналды. 1810-1866 жылдар аралығында Қазақстанның оңтүстігінде олардың үстемдігі орнады. Ұлы жүз руларының басым көпшілігі Қоқан ханының қол астында болды. Қоқан хандары басып алған жерлерінде тек феодалдық тонау мақсатын көздеп қана қойған жоқ, сонымен бірге сауда-саттық мүддесін де ойлаған. Қоқан хандығына бағынышты қазақтар өте ауыр салық езгісін бастан кешті. Қазақтардан алынатын салық екі түрге бөлінді: малдан – зекет, егістіктен – харадж. Қазақтарға олардан басқа да міндеткерліктер жүктелді. Мəселен, олар жер жыртуға, бау-бақша өңдеуге, қамал қабырғаларын жөндеуге т. б. мəжбүр болды. Əскери іс-қимыл кезінде əрбір қазақ өз атымен Қоқан бегіне келуге міндетті болды, ал сол əскери қызметі үшін ешқандай ақы алмады.

36, XIX ғ. 60-жылдарының орта шенінде Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталды. 1822-1824 жж. жарғылар Қазақстанда хандық билікті жойып, мемлекеттік және казактық отарлауға жол ашқанымен, ғасырлар бойы қалыптасқан дестх/рлі басшылық жуйесін жоя алмады. Осыған байланысты Ресей Қазақстанда басқарудың бурынғы жуйесін тубірінен езгертуді ойластырды.1865 ж. Қазақстанды басқарудың жаңа реформаларын дайындау үшін арнайы Далалық комиссия қүрады. Далалық комиссия екі жыл бойы Сібір, Орынбор қазақтарының және Түркістан облысындағы жағдаймен танысып, реформаның жобасын дайындайды. 1867 ж. шілденің 11-інде II Александр патша Тырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы ережені" 1863 ж. қазанның 21-інде "Торғай, Орал, Ақмола, Семей обылыстарын басқару туралы уақытша ережені" бекітті.

Реформаға сай бүкіл қазақ жері патша өкіметінің жеке меншігіне айналып, үш генерал-губернаторлыққа - Түркістан, Орынбор және Батыс Сібірге белінді. Облыстар уездерге, уездер - болыстарға белінді. Бөкей хандығы 1372 ж. Астрахан губерниясына, Манғышлақ пристаетығы еуелі Каеказ әскери округіне, кейін Закаспий обылысына қосылды. Бүкіл әскери және азаматтық өкімет билігі тугелдей генерал-губернатордың қолына шоғырланды. Облыстардың басында генерал-губернаторлар, уезд басында генерал-губернаторлар бекіткен офицерлер отырды. Әрбір уезд бастығының екі аға және кіші көмекшісі болды. Кіші көмекші ақсуйек о/лтандардан шыққан адамдар болды. Әрбір уезд рулық негізінде емес, жер аумақтық негізінде құрылған болыстардан тұрды. Шыңғыстың туқымдары - султандар салықтардан босатылып, өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етілді. Сот қурылысы саласында әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар қурылды. Осымен бірге ауылдарда билердің соттары және Сырдария обылысында қазылар соты сақталып қалды. Үй басынан жылына Түркістан генерал- губернаторлығында 2 сом 75 т., Орынбор және Батыс Сібір генерал- губернаторлығында 3 сом салық алынды.

1867-1863 жж. Ережелер екі жылға, тежірибе ретінде ендірілген болатын. Бүл тежірибе іс жузінде 20 жылдан астам уақытқа созылды. 1836 ж. 2 маусымда Түркістан өлкесін басқару жөніндегі Ереже, ал 1891 ж. 21 наурызда Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару жөніндегі Ереже қабылданды. Түркістан өлкесінің қурамына Ферғана, Самарқанд және Сырдария облыстары кірді. Ал Орынбор мен Батыс Сібір генерал—губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы қаласы болған Далалық генерал-губернаторлығы қурылды. Ережеге сай генерал- губернатордың билігі бурынғыдан бетер кушейе түсті.

37, Патша өкіметінің аграрлық саясатының ажырамас бөлігі қоныстандыру саясаты болды. Помещиктер мен империалистік буржуазияның мүдделеріне сай келген қоныс аудару мәселесіне патша өкіметі XIX ғ. екінші жартысынан бастап қатты назар аударды. Өйткені, Россияда басыбайлықтың (крепостниктік) жойылуы және әлеуметтік-әкімшілік жөніндегі реформалар аграрлық мәселені толық шешкен жоқ, Россияның орталық аудандарында шаруалардың толқулары тоқмады. Осындай жағдайда патша өкіметі шаруалардың назарын революциялық қозғалыстан аудару үшін бірқатар шаралар қолданды. Қоңыс аудары саясаты сол шаралардың бірі еді. Сібірді, Қазақстанның солтустік, батыс, орталық және оңтустік шығыс аудандарын отарлау арқылы патша өкіметі Орталық Россиядан шаруаларды қоныс аудартып, жаңа жерлерде солар арқылы өзіне әлеуметтік тірек жасамақ болды.

Әскери-әкімшілік отарлау саясаты Россиядан шаруалардың қазақ жеріне ағылып келуіне жол ашты. Қазақ даласын отарлау саясатын іске асыру жолында Жетісудың бірінші әскери-губернаторы Г.А. Колпаковскийдің бастауымен 1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша ережелер» бекітілді. Осы ереже бойынша қоныстанушы әр жанға 30 десятина жер беріліді. Қоныс аударушылар 15 жыл мерзімге алым-салықтан, рекруттық (әскери міндет) міндеткерліктен босатылды. Мұқтаж отбасыларына «керек-жарақтар алу үшін» ақшалай (100 сом) көмек берілді.

1883 жылы Жетісу облысының Дала генерал-губернаторлығына қарауына байланысты жергілікті әкімшілік «Шығыс Түркістаннан Жетісуға қоныс аударған ұйғырлар мен дунгендерді орналыстыру» туралы ереже шығарды. Жаңа документ 1885 жылы 1 мамырда бекітілді. Бұрынғыларымен салыстырғанда жаңа «Ережелерде» қоңыстанушыларға берілетін артық- шылықтар біраз қысқартылды: енді жер улесі әр адам басына 10 десятина болып белгіленді, қоныстанушылар салықтар мен міндеткерліктерден үш жылға ғана босатылды, ал одан кейінгі үш жылдықта оларды жартылай өтейтін болды.

Патша өкіметі 1889 жылғы 13 шілдеде «Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру» туралы арнаулы ереже бекітті. Бұл ережеде жерді бекітіп берудің тияқты мөлшері белгіленген жоқ, жергілікті өкімет орындарына оның өз қалауынша белгілеуге ерік берілді. «Ережеде» ішкі істер және мемлекеттік мүліктер министрлері алдын ала рұқсат еткен жағдайда ғана қоныс аударуға болатыны көзделді. Қоныс аударатын басты аймақтар – Жетісу, Ақмола, Семей, Тобыл, Томск губерниялары ңақтылы белгіленді.

Сонымен, «Село тұрғандары мен мещандардың өз еркімен қоныс аударуы туралы» 1889 жылғы ереже Россияның орталық губернияларынан Қазақстанға қоныс аудару қозғалысын ішінара ашып берді және самодержавиенің жалпы аграрлық саясатының мәнді жақтарының бірі болды.

Аграрлық саясатты жүзеге асырушылардың бірі-Сібір темір жол комитеті болды (1892 ж. құрылды). Елдің шығысындағы бірсыпыра аудандар темір жолмен байланысқаннан кейін, шаруалардың қоныс аударуы кең өріс алды. Қазақстанда шаруаларды қоныстандыру алдымен Ақмола, одан соң Жетісу, Семей, Орал, Төрғай облыстарында жұргізілді.

Тек 1885 жылдан 1893 жылға дейін Ақмола облысының жергілікті халқынан 251779 десятина жер тартып алынып, 10940 халқы бар 24 жаңа селолар пайда болды. Семей облысында бұл кезде қазақ шаруаларынан 33064 десятина егістік жер тартып алынды. 1884-1891 жыл аралығында мұнда 3324 отбасы қоныстанды. Шеттен шаруаларды әкеліп қоныстандыру Сырдария облысын, Шымкент, Ташкент және Әулиеата уездерін кеңінен қамтыды.

Қоныс аударушылар Россияның Европалық бөлігінен ғана емес, сондай-ақ басқа облыстардан да келді. Мәселен, 1900 жылғы халық санағы бойынша тек Қазақстанның бес облысында (Ақмола, Орал, Төрғай, Семей, Жетісу) ғана 3463598 адам болса, оның ішінде европалық Россиядан келгендер 247 мыңдай адам, Сібірден – 42119, Орта Азиядан – 23530, Польшадан – 1191, Кавказдан – 1672, Финляндиядан – 72, басқа жерлерден 3557 адам келді. Сөйтіп, 1900 жылы 5 облыс бойынша сырттан келушілер өлкенің барлық халқының 10,5 процентін қамтыды. Оларға 44 миллион гектар жер таратылды.

Сөйтіп, патша самодержавиесінің Қазақстан территориясын отарлауға бағытталған және дамып келе жатқан Россия капитализмнің мүдделерін бейнелеген аграрлық саясаты XIX ғасырдың екінші жартасында осылайша жүзеге асырылды.

38, XIX ғасырдың екінші жартасында Европа мемлекеттерінде дамыған капиталистік қатынас Россияға әсер етпей қоймады. Осымен байланысты Россияның капиталистік өнеркәсібі мен Қазақстандағы ауыл шаруашылық өндірісі арасындағы қатынас күшейді. Сауда және өсімқорлық капиталы Россияның орталық губерниялары мен Қазақстан арасындағы ғана емес, сонымен бірге өлкенің өз ішінде де товар айналысының өсуін шапшаңдатты. Өлкеде үстем болған натуралды шаруашылық біржіндеп ыдырай бастады. Бұл кезде Қазақстан экономикасында натуралды шаруашылықтың көлемі қысқарды, өлке өнеркәсіп товарларын өткізу рыногы және бағалы ауыл шаруашылығы шикізатының қайнар қөзі ретікде капиталистік Россияға барынша тәуелді болып шықты. XIX ғасырдың ортасы – қазақ жеріне капиталистік қатынастардың тарала бастауының көріністері айқын байқалды:

- Отырықшы мал шаруашылығы мен екіншіліктің дамуы.

- Жеке меншік жерді иеленудің кең таралуы.

- Жылқы санының азайып, ірі қара малдың көбеюі.

XIX ғасырдың 60 жылдарынан россиялық кәсіпкерлер қаражаттарын қазба байлықтары мол қазақ аймақтарында өндіріс салуға жұмсады.

Түсті металдар және тас көмір өндіретін тұңғыш кен орындары Шығыс, Орталық Қазақстанда ашылды. 300-400 жұмысшылары бар ірі өнеркәсіп өрындары - Спасск мыс қорыту заводы (1857 ж.), Успен кеніші, Қарағанды көмір алабы, Екібастұз, Риддер кәсіпшілігі. 1898 жыл – Семей облысының Павлодар уезінде Воскресенск Кен - өнеркәсіп қоғамы құрылды.

Кен кәсіпшілігінің орталығы – Қарқаралы уезі. Химия өнеркәсібінің бастамасы – Шымкент сантонин заводы (1822 ж.)

Алтын өнеркәсібіндегі жұмысшы әйелдер саны – 1873 жылы 12%, ал 1893 жылы 17% болды. Қазақстанның кен орындарында балалар еңбегі XIX ғ. 90 жылдырыңда кеңінен пайдаланылды.

Темір жол.

1893-1895 жылдары Сібір темір жолы (ұзындығы 3138 км) салынды. Оның 178 шақырымы қазақ жерін басып өтті. 1893-1897 жылдар – Рязань – Орал темір жолы салынды. Оның 194 шақырымы қазақ өлкесінің батысы арқылы өтті. 1899-1905 жылдар – Орынбор – Ташкент темір жолы (ұз.1656 км) салынды. 1905 ж. қаңтарда іске қосылды. Патша үкіметінің темір жолдар салудағы кездеген мақсаты:

1. Жалпы россиялық жаңа шаруашылық қатынастар жүйесіне Қазақстанда тартуды тездету.

2. Өлкенің шикізатын кеңінен пайдалану.

3. Қазақстан мен Орта Азияны Россия өнеркәсіп орталықтарымен байланыстару.

4. Қазақ халқының ұлт-азаттық күресі күшейген жағдайда Россиядан қарулы күштерді тез жеткізу.

39, Қазақтардың XVIII-XIX ғасырлардағы материалдық мәдениетінің жай-күйі қоғамның экономикалық дамуы деңгейімен анықталады. Оның дамуы барысына көшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы басты фактор ретінде көшпелі мал шаруашылығы әсер етті. Бұл жағынан алғанда егіншілік, сауда дамуының, көрші халықтардың прогресті ықпалының да маңызы аз болған жоқ.

Материалдық мәдениеттің маңызды элементтерінің бірі мал шарушылығымен, егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен және қолөнерімен байланысты еңбек құралдары болып табылады. Көшпелі мал шаруашылығына күрдені еңбек құралдары керек болған жоқ.Жылқы ұстау үшін құрық, арқан пайдаланылды, қайыстан немесе жылқының жал-құйрығынан тұсау мен шілдер жасалды;құлындар мен боталарды байлау үшін жуан арқандар, ноқталар пайдаланылды; мал суаруға қауға, науа және т.б. дайындалды. Барлық осы айтылған қарапайым еңбек құралдарын, ер-тұрман әбзелдерін қоспағанда,

мал өсірушілер өздері жасап алып отырды. XVIII ғасырдың аяғында қазақ даласына орыстардың қысқа шөп дайындауға арналған шалғылары біртіндеп тарала берді. XIX ғасырдың орта шегінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қолданыла бастады.

Қазақстан аумағында суармалы және тәлімді егіншіліктің ежелгі ошақтары ертеден болып келген еді. Осыған байланысты қазақтарда егіншілік құралдарының қарапайым түрлері болды. Мәселен, тіс ағаш, мала, егін оратын орақ, ағаштан жасалған аша, ағаш күрек, сыпыртқы егіншілік құралдарына жатады. Егісті суару үшін суды көтеріп шығаратын әртүрлі аспаптар – атпа, шығыр, сондай-ақ кетпендер мен күректер пайдаланылды, оларды жергілікті ұсталар өздері істеді.

Салт атқа арналған әбзелдерді қоспағанда қазақтың мал шаруашылығына және егіншілікке байланысты негізгі еңбек құралдары Қазақстанның бүкіл аумағында бір-біріне ұқсас болды.