
- •Сібір хандығы
- •31, Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі басылғаннан кейін патша үкіметі Кіші жүз қазақтарының көшпелі қауымына отаршылдық езгіні күшейтіп жіберді.
- •40, . XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бас кезінде Тәтіқара, Шал, Көтеш жыраулардың жырлары халық арасында кеңінен таралды.
- •Абай,Шауқан , Ыьырай,Құрманғазы,Дәулеткерей,Жаяу Мұса
- •Қазан қарулы көтерiлiсiнің (1917 ж.) Қазақстанға тигізген әсері. Қазақстанда Кеңестер үкiметiнiң орнауы.
- •46. 10 Июля 1919 г. Декретом снк рсфср был образован Революционный комитет по управлению казахским краем (КазРевком).
1. Тарих мынадай негізгі міндеттерді шешеді: гносеологиялық – Отанымыз бен халқымыздың өткені туралы білім береді; аксеологиялық – әр адамның бойында тарихи оқиғаларға қатыстылық сезімін қалыптастырады. Сондықтан да ол азаматтық қасиеттердің негізі болып табылады; праксеологиялық – күрделі де көп сырлы тарихи құбылыстарға өзіндік баға беру және талдау қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады; прогностикалық – тарих, ол болашақтың негізі қаланған өткен заман, тарих аяқталмайды, тарихта үлкен мүмкіншіліктер бар өйткені, онда бұрын ашылмаған шындықтар айқындалады.
Қазақстан тарихы курсының негізгі мақсаты:Отанымыздың тарихы, ол киелі Қазақ жерінде өмір сүрген барлық алдыңғы ұрпақтың, соның ішінде, әрқайсымыздың ата-бабамыздың саналы қызметінің нәтижесі екенін ұғындыру, ал біздің өміріміздің мәні оған қомақты үлес қосу екенін әрбір азаматтың санасына сіңіру т.б.
Тарихи деректер – ол қоғамда адамзат дамуының тарихын баяндайтын жазбаша құжаттар, айғақты деректер. Тарих ғылыми тұрғыда шынайы болуы үшін, ең алдымен ол нақтылы деректерге негізделуі қажет. Тарихнама – бұл тарих ғылымының тарихы. Қазқстан тарихын зерттен ғалымдар: Ежелгі заман тарихын Х. Алпысбаев, Е. И. Агеева, Қ. Ақышов, К. Байпақов, А. Н. Бернштам, Ә. Марғұлан зерттеді. Түркі дәуірін Б. Көмеков, В. В. Бартольд, Л. Гумилев, М. Ақынжанов, С. Сыздықов зерттеді. XVII-XIX ғ. Қазақстан тарихын В. Басин, В. Моисеев, Х. Арғынбаев, С. Зиманов зерттеді. Қазақ жерін Ресейдің отарлауы мен қазақтардың ұлт-азаттық қозғалыстары туралы Е. Бекмаханов, И. Ерофеева, М. Құл-Мұхамед, Б. Сүлейменов жазды. Қазақстан тарихы туралы іргелі еңбектер: С. Аспандияровтың "Көне заманнан бергі Қазақстанның тарихы" (1936ж.),1949 жылғы екі томдық "Қазақ ССР тарихы", 1980-1984 жж. бес томдық "Қазақ ССР тарихы"
2. Тас ғасыры 3 кезеңнен тұрады: палеолит(2млн. мыңжылдық - 12 мыңжылдық), мезолит(12 мыңжылд. - 5 мыңжылд.), неолит(5-3 мыңжылд.) кезеңдерінен тұрады. Палеолиттің ерекшелігі Евразия мен Африка аймақтарының сол дәуірдегі мәдениеттерінің едәуір ұқсастығы болып табылады. Палеолиттің бірінші, ең ертедегі мәдениеті деп Олдувай мәдениеті. Алғашқы тобыр төменгі палеолиттің алдыңғы кезеңдерінің бірі – ашель дәуіріне сәйкес келеді. Ашель уақытында жаңа әлеуметтік организм – алғашқы қауымның алғы шарттары бірте-бірте толыса бастайды. Ал мустье дәуірінде жынысы мен жасына қарай табиғи еңбек бөлінісі болады, қауымның бастапқы нысандары шыға бастайды. Әлеуметтік жағынан алғанда соңғы палоеолиттегі адам ұжымы жаңа межемен – алғашқы қауымның толысқан нысандарының қалыптасуымен сипатталады. Көптеген зерттеушілердің топшылауынша, бұл сапалық секіріс неандерталдың осы заманғыдай дене бітімі бар адамға айналуымен тұтас келеді. Мезолит, неолит энеолитті көшпелі және отырықшы тұрмыс салтындағы аңшылар мен балықшылар мәдениетінің қалыптасу және даму уақыты ретінде сипаттауға болады. Ал қарастырылып отырған дәуір бізден қаншалықты қашық болғанымен, біз алғашқы қауым аңшылары мен жинаушыларының ежелгі мәдениеті шектес аймақтардың мәдениеттерімен өзара тығыз әсер ету арқылы дамыды.
Антропогенез (грек. anthropos – адам, genesіs – шығу тегі) – антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы. Бұларды шешуде антропогенез приматология, эмбриология, физиология, психология, геология, археология, этнография, тіл білімі сияқты ғылымдардың нақты деректеріне сүйенеді. Ч. Дарвиннің эволюциялық білім жүйесі бойынша адам тегі адам тәріздес маймылдан пайда болған, яғни адам баласы биол. жағынан бір түрге жатады деп дәлелденді. Бұл ілім адам эволюциясын үлкен үш дәуірге бөледі:
ең алғашқы адам тегінің өкілдері болып адам тәрізді маймылдар (антропоидтер) саналады. Олар негізінде екі аяқпен жүріп, қимыл жасаған. Дайын табиғи тастарды, таяқты және жануарлар сүйегін сол күйінде қол қаруы ретінде пайдаланған. Бұларды ғылымда жоғары сатыға дейін жетілген екі аяқты приматтар деп атайды. Өмір сүрген кезеңі бұдан 2–3 млн. жыл бұрын;
эволюция даму жолдарымен жетілгендер қатарына архантроп пен палеоантроптар жатады. Олар қолдан құрал-саймандар жасай білген және қауымдасу түрі біршама жүйеленген. Тіршілік еткен уақыты бұдан 1 млн. жыл бұрын;
ең соңғы эволюция дәуірде бүгінгі адамдардың түрі – неантроптар қалыптасқан. Бұлар соңғы палеолит дәуірінде, яғни 40–50 мың жыл бұрын өмір сүрген. Ең алғашқы приматтар өкіліне австралопитектер жатады. Олардың сүйектерінің көп табылған жерлері Оңтүстік және Шығыс Африканың ашық қыраттары. Бұлардың тік жүргендігі, тастан қарапайым құралдар жасап пайдаланғандығы анықталды. Маңдай бітісі, саусақтарындағы буын сүйектерінің саны, қолқа доғасынан шығатын артерияның тарамдалу тәртібі, өкпесінің үлестерге бөлінуі адамға ұқсас. Бірақ мұның бәрі тікелей емес, қарапайым ғана ұқсастықтар. Сондықтан қазіргі маймылдардың бір де бірі адам тегі болып есептелмейді.
Австралопитектер бұдан 4,5–1 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Оларды антропологтар Л.Лики, Р.Лики (Англия), Д.Джохансон, Т.Уайт (АҚШ), т.б. зерттеді. Көне адам тегінің бірі – шамамен бұдан 2 млн. жыл бұрын өмір сүрген презинджантроптар. Ғылымда оларды «Homо habіlіs» яғни іскер адам деп атайды. Өйткені олар аз болса да тас, ағаш сынықтарына біршама өңдеулер жасап, құрал ретінде пайдаланған. Адам тегінің келесі даму сатысына архантроптар жатады. Олардың сүйектері Азияда (питекантроп, синантроп), Шығыс және Солтүстік Африкада (атлантроп), Батыс Еуропада (Гейдельберг және Вертешселлеш адамдары) табылған. Бұл дәуірдегі адамдар шель мен алғашқы ашель мәдениеттерін жасаған. Ежелгі адамдардан ертедегі адамдар (палеоантроптар – неандерталь адамы), олардан қазіргі адамдардың арғы тегі кроманьон адамы, есті адам (неоантроптар) пайда болған. Морфология ерекшеліктері бүгінгі адамдарға жақын. Антропогенездік зерттеулері есті адамдарда бұрынғы адам тектерінің кейбір белгілерінің қайталануын (рудимент, атавизм), эмбрионалдық, анатомиялық, биохимиялық, т.б. ұқсастықтарды, әлеуметтік ерекшеліктерді (еңбек құралдарын жасау, пайдалану, т.б.), әр түрлі тағамдар әзірлеу, отты пайдалану, ойлау, сөйлеу қабілетін, т.б. жағдайларды анықтады. Бұл кезде жасанды тұрақжай пайда болды, еңбек құралдары күрделене түсті. Әлеуметтік ұйымшылдыққа бейімделу байқалды. Тілдің пайда болуының арқасында әлеум. қарым-қатынас жоғары сатыға көтерілді. Мұның барлығы қосылып табиғи ортаға бейімделуінің арқасында үйлесімділік тапты. Барлық адам баласы биологиялық бір түрге (Homo Sapіens) жататын болып қалыптасты. Демек, Homo Sapіens-тың тарихи дамуы тоқтамай, жалғасып жатыр. Қазақстан жерінде ежелгі адамдар тұрақтары Оңт. Қазақстанда (Қаратау, Жетісу), Батыс Қазақстанда (Маңғыстау, Мұғалжар), Орт. Қазақстанда (Сарыарқа, Балқаш) көптеп табылған.
Антропогенездің қозғаушы күштері
Адам эволюциясындағы антропогенездің биологиялық факторлары
Адам — органикалық дүние эволюциясында ең соңында пайда болған биологиялық түр. Органикалық дүниеде болатын тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу адам эволюциясында да маңызды орын алады. Адам эволюциясындағы мұндай табиғи заңдылықтарды Ч.Дарвин нақтылы мысалдармен дәлелдеп берді. Осындай табиғи әсерлердің нәтижесінде ертеде тіршілік еткен адамтектес маймылдардың денесінде елеулі анатомиялық және физиологиялық өзгерістер пайда болды. Адамтектес маймылдар бірте- бірте тік жүруге көшіп, қол мен аяқтың қызметі бір-бірінен бөліне бастады. Қолдары еңбек құралдарын жасауға дағдылана түсті. Табиғи сұрыпталу адамдардың жеке топтарының еңбек құралдарын жасауды жетілдіре түсуіне, ұжымдасып аң аулауына, қарттарға қамқорлық жасалуына колайлы жағдай туғызды.
Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде жекелей сұрыпталумен бірге, топтық сұрыпталу жүріп отырды. Бірақ антропогенезді тек қана биологиялық заңдылықтармен түсіндіруге болмайды. Бұл арада әлеуметтік өмірдің де елеулі орын алатынын Фридрих Энгельс (1820—1895) өз еңбектерінде дәлелдеп берді. Ол, әсіресе еңбектің, қоғамдасып тіршілік етудің, ақыл-ойдың және сөздің маңызын атап көрсетті.
Еңбек — адам эволюциясының маңызды факторларының бірі
Кез келген еңбек құралдарын дайындау үшін адам еңбек етуі қажет. Еңбек құралдарын жасау қол арқылы жүзеге асады. Фридрих Энгельс адамның қалыптасуындағы еңбектің рөлін жоғары бағалады. Ол:
"Еңбек — адамзат өмірінің бірінші негізгі шарты, адамды адам еткен еңбек деген дәрежеде айтуға тиістіміз",
— деп жазды. Олай болса, еңбек антропогенездің басты әлеуметтік қозғаушы күші болды. Адам өз еңбегі арқылы еңбек құралдарын жасай алады. Кейбір адамтектес маймылдар қарапайым құралдарды пайдалана алғанымен, еңбек құралдарын жасай алмайды. Жануарлар табиғатқа өз тіршілік әрекеті арқылы ғана әсер етеді. Ал адам өзінің саналы еңбегі арқасында табиғатты өзгерте алады. Адамның табиғатқа әсері орасан зор және сан қилы болады. Еңбек етудің нәтижесінде біздің ежелгі маймылға ұқсас ата тегімізде морфологиялық және физиологиялық өзгерістер пайда болды. Оны антропоморфоз деп атайды. Адам өз еңбегі арқылы өзіне де өзгерістер енгізді. Еңбек — адам эволюциясына тән негізгі фактор. Маймылдар алғашында ағаш басында өрмелеп жүріп тіршілік еткен. Кейіннен ағаштан жерге түсіп күн көрген. Олардың тіршілігіндегі бұл өзгеріс бірте-бірте екі аяғының көмегімен тік жүріп, өмір сүруіне жағдай жасады. Адамның екі аяғымен тік жүруі — "маймылдан адамға өтуде шешуші қадам болды" (Энгельс). Тік жүрудің нәтижесінде адамның омыртқа жотасында "S" әрпі тәрізді иіліс-бұрылыс пайда болып, ол Денеге солқылдақтық қасиет берді. Ал аяқтың басы (табан сүйектері) күмбездене түсті, жамбас сүйектері жалпайып, сегізкөзбен байланысы артты, жақсүйектері бұрынғыдан жеңілдене түсті. Мұндай өзгерістер тұқым қуалаушылықтың нәтижесінде, миллиондаған жылдар бойы жүріп отырды. Сондықтан да адам бірден тік жүріп кеткен жоқ. Тік жүруге көшудің де өз қиындықтары болды. Тік жүру жүріс жылдамдығын баяулатты, сегізкөздің жамбаспен тұтаса байланысуы ұрпақ тууды қиындатты. Адам денесінің ауыр салмағы жалпақ табандылыққа жағдай жасады. Оның есесіне қолдың жерден босауы еңбек құралдарын жасауға едәуір жеңілдік туғызды. Қорыта айтқанда, тік жүруге көшу адам эволюциясындағы ең негізгі басқыш болды. Адамның алғашқы қалыптасу кезеңінде қол нашар дамығандықтан, ол қарапайым ғана құралдар жасай білді. Бірте-бірте осындай белгілер тұқым қуалау арқылы ұрпақтарға беріліп отырды. Ф. Энгельс: "Қол — еңбек ету құралы ғана емес, сонымен бірге — қол еңбектің өз жемісі", — деп түсіндірді. Маймылға ұқсас ата тектеріміз алғашында өздері өмір сүрген жерлердегі тастан, жануар сүйектерінен өте қарапайым құралдар жасап пайдаланды. Мұның өзі олардың ой- өрісіне, мінез-қылығына әсер етті әрі еңбек құралдарын жетілдіре түсуіне де септігін тигізді. Адамның еңбек етуге дағдылана түсуі антропогенездегі әлеуметтік әсерлердің ықпалының артуына септігін тигізеді. Биологиялық заңдылықтардың адам өміріне әсері бірте-бірте бәсеңдей түсті.
Қоғамдасып тіршілік ету — адам эволюциясының қозғаушы күші
Кез келген жануарлардың тіршілік әрекеті рефлекстер мен түйсіктер (инстинктер) арқылы ғана жүзеге асады. Жануарлардың топтасып тіршілік етуге көшуі тек табиғи сұрыпталу арқылы ғана жүріп отырды. Адамның ең ежелгі маймылға ұқсас ата тектері де топтасып өмір сүрді. Олардың еңбек етуі де қоғамдық сипатта болды. Сондықтан Ф.Энгельс адамның арғы ата тегін топтасып тіршілік еткен маймылдардан іздестіру керек екенін атап көрсетті. Топтаса жүріп еңбек еткендіктен, олардың арасында өзара қауымдық қарым-қатынас калыптаса түсті. Еңбек қоғам мүшелерінің қауымдасуына септігін тигізді. Олар ұжым болып аң аулауды, жыртқыш аңдардан қорғануды үйренді, қоғамдасып бала тәрбиесіне көңіл бөлді. Ересектер өз өмір тәжірибелерін ұрпақтарына үйретті. Адам бірте-бірте отты пайдалануды және оны сақтауды үйренді. Адамның арғы ата тектері бірте-бірте өсімдіктекті тағамдарды пайдаланудан жануартекті тағамдарды көбірек пайдалануға көшті. Етті тағамдар адам организмін қажетті өте сапалы аминқышқылдарымен қамтамасыз етті. Ол үшін олар аң мен балық аулау құралдарын жасауды жетілдіре түсті. Жануартекті тағамға көшу адам организміне де өзгерістер енгізді. Мысалы, адам ішегінің қысқаруы, шайнау бұлшық еттерінің жетіле түсуі, т.б. Отты пайдалану адамның арғы ата тектеріне көп жеңілдіктер мен мүмкіндіктер туғызды. Қоғамдасып тіршілік ету жағдайы адамның арғы ататектерінің табиғатты танып білуіне, өмір тәжірибелерінің жинақтала түсуіне мүмкіндік жасады. Олардан бір-бірімен ымдау, ишарат және дыбыс шығарып хабарласуды талап етті. Ең ежелгі адам пайдаланған сөздер еңбекпен тікелей байланысты болды. Бірте-бірте көмекейдің, ауыз қуысындағы мүшелердің құрылысы сөйлеуге байланысты өзгерді. Тұқым қуалау және табиғи сұрыпталу арқылы айқын сөйлеу мүшелері қалыптасты. Адам да жануарлар сияқты сезім мүшелері арқылы сыртқы орта тітіркендірулерін қабылдайды. Бұл — бірінші хабаршы жүйе арқылы жүзеге асады. Екінші хабаршы жүйе адамның жоғары дәрежелі жүйке қызметіне тікелей байланысты. Адамның арғы тектерінің өзара сөзбен қарым-қатынас жасауы адам миының дамуына, ойлау қабілетінің арта түсуіне ықпал жасады. Сөз бірте-бірте тәрбие құралына айналды. Сөз арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынас арта түсіп, қоғамдық байланыс дамыды. Адамның арғы ата тектерінің эволюциясында биологиялық және әлеуметтік факторлар бірлесе ықпал жасады. Қоғамдық қарым-қатынастардың қалыптасуына сәйкес адамдар арасында табиғи сұрыпталу өз мәнін бірте-бірте жойды. Оның есесіне әлеуметтік фактор (еңбек ету, сөз) адам эволюциясында негізгі орын алды. Ойлау, сөйлеу, ұжымдасып еңбек ету қабілеттері ешқашан тұқым куаламайды. Тек адамның морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері ғана тұқым куалайды. Кейде адам қоғамынан тыс тәрбиеленген жас балаларда (кейбір аңдар асырап алған) ойлау, сөйлеу қабілеттері мүлде дамымайтыны анықталды. Қоғамдық құрылыста әрбір аға ұрпақ өз білімін, өмірлік тәжірибелерін кейінгі ұрпаққа тәрбие, білім беру арқылы жалғастырады. Қоғамның дамуына байланысты адамдардың еңбек ету кабілеті арта түсті. Түрлі шаруашылық салалары дамыды, өнеркәсіп өркендеді, ғылым, өнер, сауда, дін, т.б. өрісін кең жайды. Тайпалардан бірте-бірте ұлттар пайда болды. Жаңа мемлекеттер құрылды. Қорыта айтканда, биологиялық (тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу) және әлеуметтік факторлардың (еңбек әрекеті, етті тағамды пайдалану, қоғамдық қарым-қатынас, сөз және ойлау) бірлескен жиынтығы антропогенездің негізгі қозғаушы күштері болып саналады .
Адамның әлеуметтік эволюциясында үш негізгі кезеңді ажыратады
Адамның әлеуметтік эволюциясында үш негізгі кезеңді ажыратады. Оның
бірінші кезеңі — қоршаған ортаны танып-білуін өнер туындысы арқылы көрсете білуі. Мысалы, тасқа ойып суреттер салу.
Екінші кезең — жабайы жануарларды қолға үйретумен және егіншіліктің дамуымен тікелей байланысты. Осындай әрекеттер арқылы адам өзі өмір сүріп отырған табиғи ортаға ықпал жасай бастады.
Үшінші кезең — XV ғасырда қайта өрлеу дәуірінен басталған ғылыми-техникалық прогреспен ерекшеленеді.
Қазіргі кезде адамның ақыл-ой санасы басты әлеуметтік факторға айналып отыр. Адамзат қазір Жер шарына кеңінен таралып, тіпті ғарыш кеңістігін игеруді де колға алуда. Адамдар қоныстанған жер биосферасы, адамның ақыл-ой санасы басқаратын ноосфераға ұласып отыр.
3. Б.з.б II мыңжылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары да қола буйымдарды жасау ісін меңгерді. Кола, мыс пен қалайының кейде сүрменің, күшеланың қорғасынның қорытпасы. Қола осы уақытқа дейін қолданылып келген мыспен салыстырғанда берік, мықты болды. Қола дәуіріндегі экономиканың басты екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металлургияның дамуы өндіргіш күштерінің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануына, қоғамда еркектер ролінің артуына алып келді. Жеке отбасылар бөлініп, отбасылық меншік пайда болып, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі есе түсті.
Орталық Қазақстан Андронов мәдениеті 3-ке бөлінеді: Нұра кезеңі; Атасу кезеңі; Беғазы-Дәндәбай кезеңі. Ескерткіштері: Бесоба; Байбала; Ақсу-Аюлы.
Андронов мәдениетг Кола дәуірінде Сібірдің Қазақстанның және Орта Азияның ұлан байтақ далаларын тегі мен тарихи тағдырлары ортақ туыс тайпалар мекендеп, олар бір үлгідегі, бір-біріне ұқсас медениет ескерткіштерін қалдырды. Осы үлгідегі алғашқы ескерткіштің табылған жері Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласының маңындағы Андроново селосының атына қарай бүл мәдениет ғылымда шартты түрде "Андронов медениеті" деп аталды.
Андронов медениетінің негізгі орталықтарының бірі - Қазақстан жері. Археологиялық дерекгер андроновтық турғындардың басым көпшілігі отырықшылдық өмір сүргенін көрсетеді. Өзендердің көлдердің жағасында орналасқан патриархаттық отбасылардың үлкен жертөле үйлері болды. Олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қоралар салынды. Андронов мәдениеті тусында адамдар металдан еңбек құралдарын, қарулар мен сендік заттарды жақсы меңгерген. Өлген кісілерге тастан қоршау жасап, зираттар тұрғызған. Зираттар тік бұрыштанып, деңгелекгей немесе ұзынша сопақталынып қоршалынатын болды.
Қазақстан территориясындағы Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті. Үй кәсіпшілігі, тұрғын үй шаруашылығы, дін және өнер. Археологиялық ескерткіштер (қоныстар, молалар, рудниктер, петроглифтер): Тасты бұлақ, Атасу, Таутары, Таңбалытас т.б. Артефактілер типологиясы. Ескерткіштердің тараған территориясы.
Керамика. Қола қорыту өндірісінің жоғарғы дәрежесі. Қолөнершілер мамандығының бөлінуі. Сазбалшықтан шеңбер жасаудың пайда болуы. Жерлеу салты. Ботай, Тоқсанбай алғашқы қала үлгілері. Дәндібай - Беғазы мәдениеті. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде Орталық Қазақстанда Қарағанды қаласы маңындағы Дәндібай ауылында және Балқаштың солтүстік өңіріндегі Беғазы қойнауында табылған қола ескерткіштеріне сай Дәндібай-Беғазы атты медениет атауы пайда болды. Дәндібай-Беғазы медениеті Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ даладан табылған көптеген ескерткіштермен сипатталады. Бүл ескерткіштерге тен нерсе, бір жағынан, андроновтық дестүрлердің сақталуы, екінші жағынан, медениеттің жаңа көріністерінің (езгеше бейіттік тамдар, жатаған, домалақ ыдыстар) пайда болуы. Жерлеу ғурпында да өзгеріс бар. Әдеттегі бүктелген қаңқалармен қатар аяқтарын созып, шалқасынан жатқызылған қаңқалар да кездеседі. Діни нанымдары. Қола дәуіріндегі адамдар түгелдей табиғатқа тәуелді болғандықтан, олар табиғат күшін киелі рух деп қабылдаған. Олар күн мен отқа, суға, ай мен жулдызға табынған, о дүниеге сенген.
4. Сақтардың шаруашылығы мен қоғамы. Сақ тайпалары көшпелі және жартылай кешпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Сақтар негізінен қой мен жылқы, түие есірген. Олар кешіп қонуға қолайлы жеңіл киіз үйді түрмысқа жайлы тұрақты түрғын үйге айналдырған. Көшіп-қону үшін жылжымалы арбалар пайдаланған. Еркекгер ат үстінде, ейелдер, балалар мен кәрі кісілер киізбен жабылған төрт, алты доңғалақты арбада жүрді. Жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысатындардың қыстауы мен жайлаулары болды. Қыстық баспана үшін жертөле мен жеркепелер салынды. Адамдардың бір бөлігі жазда қыстауда қалып егін екті, шөп шауып, қысқа азық дайындады. Мундай мал шаруашылығы Шығыс Қазақстанның Жетісудың таулы аймақтарында, Тянь-Шань мен Алтай тауларында, Орталық және Батыс Қазақстанның кей жерлерінде кең тарады. Мал шаруашылығының үшінші түрі - отырықшы шаруашылық. Сақ тайпаларының бір бөлігі бір жерде тұрақты түрып, егін шаруашылығымен айналысты. Шаруашылықтың бүл турі Сырдария, Шу, Келес өзендерінің бойында дамыды. Бүл жерлерде суармалы егін шаруашылығы дамыды. Сақ тайпалары мал шаруашылығы мен егіншілікген өзге аңшылық, балық аулау квсіптерімен шуғылданған.
Сақ қоғамында үш әлеуметтік топ: жауынгерлер, абыздар және қатардағы қауым мүшелері (малшылар, егіншілер мен қоленершілер) болған. Тайпаны тайпа көсемі басқарған. Әрбір көсем тайпа атынан келіссездер жүргізіп, рулар мен тайпалар арасындағы келіспеушілікгі, жер дауын реттеп, ез тайпасының азық-түлікпен және қарумен қамтамасыз етілуін қадағалап отырған. Көсемдер мен патшалар қоғамдағы жауынгерлер тобынан шыққан.
Сақтардың өнері мен діні. Сақ таипалары арасында металл өндіру және оны өндеу жоғары дережеде дамыған. Сақ шеберлері қолдан қылыш, қанжар, найза мен жебе уштарын, сендік буйымдар жасап, қазандар қуйған. Буиымдарды қую үшін тастан, саздан жасалынған қалыптарды пайдаланды. Металл өңдеумен бірге қоленердің тұрмыстық ыдыс-аяқ жасау, тас қашау, суиек ою, тері илеу, тоқымашылық турлері де болды.Сақтар табиғат куштері - кунге, желге, куннің куркіреуіне, нажағайға табынды. Бүларды құдайдың ісі деп санады. Олардың тусінігі бойынша, қүдай әр турлі жануарлар бейнесінде өмір сүреді. Мысалы сақ аңыздарында жылқы кунмен және отпен байланыстырылды.
Тарихы: 1. Кир Лидия билеушісі Крезбен соғыста сақтарды пайдаланды. Кейін сақтарға шабуыл жасады. Томирис оның басын шауып алды. 2. I Дарий б.з.б. 519-518жж сақтарға жорық жасайды. 3. Б.з.б. 330-327 жж. Македонский жорықтары.
Астанасы Шырық-Рабат. Алтын адамдар: 1- Есік. 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан; 2- 1999ж. Атырау облысы, Жылыой ауданы, Аралтөбе жерінде;
5. Ғүндардың жоғарғы билеушісін Кытай деректері шаньюй деп атады. Б.з.б. 206 ж. ғун тайпаларын Мөде Шаньюй басқарды. Мөде тусында ғүндар Қытайдың шекаралық аудандарына шабуыл жасап, Ордосты өздеріне қаратып алды, Хань әулетінің негізін қалаушы Лю Баньмен соғысып, оны женді. Ғундардың Қазақстан жеріне екінші рет қоныс аударуы б.з. 93 жылдан басталады. Қытай ескерлерінің ығыстыруымен олар батысқа қарай жылжи отырып, бір тайпаларды бағындырса, екіншісін қосып алды. Кейінірек ғүндар Сырдарияға, Арал теңізі мен Каспий маңына шығып, Орталық және Батыс Қазақстанға жетті. IV ғасырда ғүндар басқа да көшпелі тайпалармен бірігіп орыс даласына, одан ері Дунайға дейін жетіп, Венгрияға қоныстанды. V ғасырда олар Рим империясына қауіп төндіріп, оның қүлауына тез әсерлерін тигізді. Ғұндардың қоғамдың қурылысы. Ғүндар 24 руға оөлінген, оларды рубасылары (ақсақалдар) басқарған. Ақсақалдар кеңесі сақталды. Жылына 3 рет жиналыс шақырылып, ақсақалдар мемлекеттік меселелерді шешті. Коғамда малға, жерге еулеттік және жеке меншік болды. Ғундардың қарауында әскери тұтқындардан, қол астындағы тайпалардан әкелінген құлдары болды.
Үйсіндер - Орта Азия аймағындағы ертедегі алғашқы таптық бірлестіктердің бірі. Б.з. бурынғы II ғасырда Жетісудағы сақ жерлерін Орталық Азиядан келген үйсін тайпалары мекендеді. Олар шығысында ғүндармен, оңтустікге Ферғанамен, батысында қаңлылармен шекаралас болды. Астанасы Ыстықкелдің жағасындағы Қызыл аңғар (Чигучен) қаласы болды. Мемлекет басшысы гуньмо деп аталды. Үйсін қоғамында байлар, жасауылдар, абыздар және қатардағы малшылар мен егіншілер болған.
Үйсіндердің шаруашылығы. Үйсіндер мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысқан. Кыстау мен жазғы жайылымның арасы 30-100 шақырым аралығында болған. Шудағы үйсіндердің үйлері қам кірпіштен, Кегендегі үйсіндердің үйі тастан жасалынған, төрт бөлмелі және мал қамайтын бірнеше бастырмалары бар. Бір ауылда 5-6 үйден. Ауыл маңында ру қорымы орналасқан. Үйсін қорғандары иесінің қоғамдағы орнына сай үшке бөлінеді: үлкен қорғандар - диаметрі 30 м, биіктігі 15 м дейін, орташа қорғандар - диаметрі 15 м, биіктігі 4 м дейін және көптеген кішкөне қорғандар - диаметрі 10 м, биктігі 1 м. Үлкен қорғаннан археологтар көптеген алтыннан жасаған сендік буйымдар, қару-жарақтар, ыдыстар тапқан.
Қаңлы мемлекеті. Қаңлылар біздің заманымыздан бурынғы III ғасырда Қазқстанның оңтүстігінде Қаратау жотасынан Сырдарияның орта ағысына дейінгі жерлерде мекендеген, астанасы Битянь деген қала. Халқының саны 600 мың адам, ескер саны 120 мың адам. Қаңлылар Қытай, Парфия, Рим және Каеказ елдерімен саяси, экономикалық және мәдени байланыстар жасаған. Олар еуелі ғүндармен одақта, кейін үйсін және қытайлармен бірігіп, оларға қарсы шығады. Қаңлылар ез жерінен өтетін Ұлы Жібек жолын бақылауларында ұстаған. ІІІ-V ғасырларда олар бірқатар тәуелсіз мемлекеттерге бөлініп кетеді. Қаңлылардың қоғамдық құрылысы. Қаңлылар қоғамында ру басшылары, әскери кесемдер және ақсақалдар кеңесі өздеріне берілген билікті пайдаланып, бұқараны бағынышта ұстады. Билік әкеден балаға көшіп отырды. Атақты адамдардың қол астында мол байлық жинақталды. Түтқындар қүлға айналдырылды. Қаңлы жерінде көптеген қалалар мен елді мекендер болды. Қаңлылардың шаруашылығы. Тайпа халқы негізінен үисіндер сияқты мал шаруашылығымен және суармалы егіншілікпен айналысқан. Қосымша аң мен балық аулаған. Крлөнер де дамыды. Крленершілер ез өнімдерін мал енімдері мен астыққа айырбастады. Айырбас саудамен қатар ақша айналымы да болды.
6. "Түрік" атауы алғаш 542 ж. Қытай шежіресінде аталады. Қытайлар түріктерді ғүндардың үрпағы деп есептейді. 552 ж. түріктердің қолбасшысы Бумын юеарларды (жуан- жуандарды) жеңіп, қираған мемлекеттің орнына Түрік қағанатын қүрады. Ол 553 ж. қайтыс болып, оның мүрагері Мүқан қаған кезінде Түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке жетті. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды өздеріне бағындырды, Солтүстік Кьітай мемлекеті оларға алым- салық төлеп түрды. Эфталит патшалығын жаулап алды. Түрік қағанатынан шыққан Тоқ жабғуы, Тарду, Истеми қаған, Күтты қаған, Капаған қағаң Бүғы тархан, Білге қаған, Күлтегін, Танықүқ, Жолдытегін сияқты атақты ерлер мен даналар исі түркі жүртының атағын әлемге жайды.
Естеми қаған мен оның үлы Түріксанф билеген түста ішкі соғыстар мен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты елсіретіп, бОЗж. Түрік қағанаты екі дербес Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінеді. Батыс түрік қағанатының астанасы - Суяб қаласы (қазіргі Қырғызстанның Тоқмақ қаласының маңьі), ал жазғы орталығы Мыңбүлақта (Түркістан төңірегі) орналасты. Қағанаттағы ең жоғарғы билеуші, ескер басы, бүкіл жердің иесі қаған болды. Жоғарғы лауазымдар - жабғы, шад және елтебер қаған еулетіне берілді. Сот қызметтерін бүйрықтар мен тархандар атқарды. Негізгі халқы - 1Қара будун" деп аталды. Басып алған жерлерінде қағанның орынбасарлары отырды. Олар алым-салықтар жинап, оны қаған ордасына жіберіп түрды.
Түрік қағанаты мал және егін шаруашылығымен шуғылданды. Қалаларда сауда-саттық кеңінен ерістеді. Түріктердің ежелгі көне жазуы болған, оны Жетісу жерлеріндегі ескерткіштерінен керуге болады.
Батыс Түрік қағанатындағы он алты жылға созылған тайпалар арасындағы соғыс қағанатты елсіретеді. Осыны пайдаланған Таң империясының ескері VII ғасырдың ортасында Жетісуды басып алып, онда таққа өз адамын отырғызады. Түріктер Таң империясына қарсы үздіксіз күрес жүргізіп, ақыры VIII ғасырдың басында ол күрес түргештердің жеңісімен аяқталады.
7. Түргеш қағанаты 704 жылдан 756 жылға дейін өмір сүрді. Қағанатты қүрушы Үш-Елік қаған. Ол Шаштан (Ташкент) Түрпан мен Бесбалыққа дейінгі аралықта түркештердің билігін орнатты. Астанасы О/яб қаласында, екінші ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында орналасты. Үш-Елік қаған өзіне қараған жерді 20 бөлікке бөліп, ерқайсында 7 мың ескер үстады. 705-706 ж.ж. түргештер соғдылықтармен одақтасып арабтарға қарсы соғыс жүргізді. Бірақта арабтар одақтастарды өзара араздастырып Бүқарды басып алады. 706 жылы Үш-Елік қаған қайтыс болып, оның орнына Сақал қаған (706- 711 ж.ж.) отырды. Сақал қаған түсында да мемлекет ішінде бірлік болмады. Оның үстіне оған батыстан арабтар, шығыста Таң империясы және Орталық Азия түрікгері қауіп төндіріп түрды. 711 ж. Шығыс түрік қағаны Қапаған түргештерді жеңіп, батысқа қарай бет алып Сырдарияның арғы жағына өтіп, Орта Азия халықтарымен бірлесіп арабтарға қарсы соғыс жүргізеді. Арабтар оларға жауап ретінде Шаштың төңірегіндегі қыстақтарды аса қаталдықпен жазалап, 714 ж. Испиджабқа (Сайрам) жорық жасайды. Түргеш қағанаты Оғлу қаған (715-733 жж.) билікке келгеннен кейін барып қайта нығайды. Оулу қаған түсында мемлекеттегі билік "қара түргештердің" қолына кешіп, астана Тараз қаласына ауысады. Сүлу қаған мемлекет ішінде тыныштық орнатып, бар к\оиті батыстағы арабтарға қарсы топтастыруға мүмкіндік алады. 723 ж. ол Ферғана мен Шаш түрғындарымен одақтаса отырып арабтарға соққы береді. Бірақта арабтармен соғыс мүнымен аяқталмайды. 732 жылы арабтар түргештерді ығыстырып Бүқараны қайтадан басып алады. 737 ж. Сүлу қаған арабтарға тағы қарсы шығып, Тохарстанға дейін барады, бірақ үзамай жеңіліп, қайтар жолда өзінің қолбасшыларының бірінің қолынан қаза табады. Оғлу қайтыс болғаннан кейін қағанат ішінде "сары" және "қара" түргештер арасында билік үшін ұзақ күрес басталады.
8 Қимақ мемлекеті:этносаяси тарихы және шаруашылығыҚимақтар туралы алғашқы мәліметтер Өытай деректерінде кездеседі.Мекендеген жерлері Алтайдың солтүстігінде,Ертіс бойында.Қытай дерегінде яньмо деген атпен белгілі.Астанасы Қимақ,екінші астанасы Карантин(Алакөл маңы).Билеушісі қаған.Қимақтар құрамы тайпадан тұрады.Ең атақтылары:эймур,байандур,татар,ланиказ,ажлар,имек,қыпш Қағаннан екі саты төмен атақ ябғу.Билік мұрагерлікпен берілген.Жеке тайпа көсемдеін шад түтік деп атады.Саяси жағдайы: әскери қызметкерлердің беделі күшті болған.Сыр бойындағы оғыздармен бірге бейбіт,бірде соғыс жағдайында болған.10ғасырдан бастап қарахандықтардың шабуылы басталды.Қимақ қағанатының құлау себептері:ішкі тартыстың күшеюі,қыпшақ хандығының жиі шабуылы,көрші тайпалардың шабуылы.10ғасырдағы қимақ шонжарлары ислам дінін қабылдай бастаған.Қимақтардың басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды.Көшпелілер маусымдық жайылымдардың бірінен соң біріне ауысып,ұзақ уақыт көшіп жүрді.Қимақтардың кейбір топтары қыста Жайық пен Жем арасын қыстап,жазда Ертіс жағасын жайлап жүрді.Оларда жылқы,қой,ешкі өсіру маңызы болған және олардың өнімдерін пайдаланған.Сонымен қатар,олар аң аулау,балықаулаумен де айналысқан.Қимақтардың кейбір топтарында отырықшы және жартылай отырықшы топтарда кездесті.Және олардың тағы бір шаруашылығы,егіншілік.Деректерге қарасақ олар,тары,бидай,арпа,және жүзім мен күріш өсіруде кездеседі. (9-11 ғ.б.) - көне қазақ мемлекеті.Кимақтар 7 ғ. қытай деректерінде айтылады. Синологтар оны "яньмо" тайпасымен бір деп қарайды.840 ж. Орталық Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оған енген тайпалардың бір бөлігі кимақ бірлестігінің өзегіне келіп қосылады. Сол кездері жеті тайпадан тұратын кимақ федерациясы құрылады. Кимақ патшасының титулы - "байгу" деп аталады. Ал 9 ғ. соңы мен 10 ғ. басында Кимақ қағанаты құрылғаннан бастап, олардың ханы түріктің ең жоғары лауазымы - қаған атын алады.10 ғ. ортасынан бастап, кимек қағанаты 4 болысқа бөлінетін болады. Кимек тайпаларының одағы қандас-туысқандық байланысқа негізделген құрылым болмаған, ол территориялық-әкімшілік қарым-қатынас принциптеріне сүйенген.Кимектерде жазу-сызу болғанын араб саяхатшысы Әбу Дулафтың (10 ғ.): "оларда қамыс өседі, олар сонымен жазады" - деген сөзі дәлелдейді. Олар тәңірге, ата-баба рухына, сондай-ақ кейбіревлері христиан тектес дін - манихейлікті ұстанған. Кимек қағанының Ертістегі ордасы Қимеқияға (Имекияға) апаратын керуен жолдары болған.11 ғ. басында Кимақ қағанаты күйреді. Оның құлауның екі себебі бар: өздерін өздері билеуге ұмтылған қыпшақ хандарының орталықтан бөлінуге тырысушылығы, және қағанатта ішкі талас - тартыстың күшеюі.
Қыпшақтардың этно-саяси тарихы(9-11ғ).Қыпшақ мемелекетінің құрылуы. Қыпшақ сөзінің пайда болуы. Қ.тардың қоныстанған жерлері және этникалық құрамы. Қ. Хандығы күшейе бастаған кезінде оңтүстік жағындағы шекарасын кеңейтіп, Сырдың орта және төменгі бөлігін, Арал мен Каспий өңірі далаларын өздеріне қаратқан. Қ.шонжарлары Сыр бойындағы қалалардың билеушілеріне айналған. Қ.тар Есіл мен Тобыл, Нұра, Елек пен Сарысу өңірінде көшіп-қонып жүрген. Олар Маңғыстау мен Үстіртте қыстап, жаз айларында Жем, Сағыз, Ойыл, Қобда, Жайық өзендерінің тарихи қалыптасқан көшу бағыттары болған. 11ғ.дан бастап Қазақстанның Жетісудан басқа жерллерінің барлығына Қыпшақтар ие болды. Хандықтың әлеуметтік-экономилық жағының нығаюы жерін кеңейтуді талап етті. Әсіресе қыпшақтарға Қазақстанның Оңт.дегі қалаларға, Орта Азияның базарына, Орыс елінің оңт. Далаларына шығу қажет болды. 10ғ.дың аяғы, 11ғ.дың басында Оғыз қағандығының жағдайының нашарлай бастады. Бұл жағдайды Қ.хандығы дер кезінде пайдаланып, Оғыздарға Солт. Және Солт.Шығ.нан басып кіреді. Сөйтіп қыпшақтар өздерінің шекарасын Сырдың орталық ағысынан Арал теңізіне дейін кеңейтеді. Қыпшақтар Хорезм елімен де қатынасты жақсартуға әрекет жасайды., алайда Хорезм шахы қыпшақтардың күшеюінен және олардың өз шекараларына жақындауынан қауіптене бастаған болатын. Ондай әрекеттерге кезінде Хорезм шахының мұрагері Атсыз да барған болатын. Кейбір жазба деректерге қарағанда Атсыз қыпшақтардың қол астындағы Оғыздардың жеріне бірнеше рет шабуыл да жасаған. 13ғ басында Сыр бойындағы қалалар үшін Хорезм шахы Мұхаммед пен қыпшақ хандығының арасында бірнеше шайқастар болды. Бұл шайқастарда қыпшақтар өз ішіндегі алауыздықтың кесірінен жеңіліп, солт.ке қарай шегінді. Билік үшін бәсеке тек монғолдар екі елді де жаулап алғаннан кейін ғана біржола тынады. Қыпшақ хандығы құлағанымен оның халқы жойылып кеткен жоқ. Олар өздерінің тарихи дамуын жалғастырумен болды. Ақыр сонында қыпшақтар қазақ халқының басты этникалық құрамының біріне айналды. . Қыпшақ хандығы. VІІ – VІІІ ғ.ғ құрыла бастады. Қыпшақ хандығы – шамамен 11 – 13-ғасырларда қазіргі қазақ жерінде өмір сүрген мемлекеттік бірлестік.VІІІ-ХІ ғ.ғ. аралығында қыпшақтар қимақтардың құрамында болған еді. ХІ ғ. ортасында қыпшақтардың бір бөлігі – Еділ өзенінін батысқа қарай жылжыды. Қыпшақтарды орыстар – половецтер, сорочиндер деп, Еуропа саяхатшылары – кумандар деп атады. Еуропа саяхатшылары қыпшақтардың айран мен майдан қалай құрт алатындарын жазды. Осылайша, этникалық құрамы 2 бөлікке бөлінді: 1) Батыс бірлестік (оң қанат), астанасы – Сарайшық қаласы, бұл бірлестікке – 11 тайпа енді. 2) Шығыс бірлестік (сол қанат), астанасы – Сығанақ қаласы, бұл қанатқа – 16 тайпа кірген. Жалпы, Орталық Азиямен Шығыс Еуропадағы барлық түркі тілдес халықтар арасында саны жағынан ең көп тайпа – қыпшақтар болған. Сонымен Батыс және шығыс қыпшақ бірлестігінің шекарасы – Еділ өзені болды. ХІІ ғ. қыпшақтар- Русь, Византия, Венгрия халықтарымен жан-жақты байланыс жасай бастады. ХІІ ғ. тілдік дінді ұстанған қыпшақ тайпалары – Жент пен Фараб арасында орналасты. Қыпшақтардың Сеңгір қаласы – Талас өзені жағасында салынды Қыпшақ бірлестігіне енген ХІІ ғ. Арал маңын жайлаған тайпалар – қаңлы, қарлұқ. Х ғ. Сыр бойындағы қыпшақтармен оғыздар арасында өзара байланыс басталды Ал енді Қыпшақ хандығына байланысты Хорехмшахтар саясатының басты мақсаты – мұсылмандандыру болды. Өйткені, қыпшақтар ХІІ ғ. аяғына дейін – пұтқа табынушылар болып қала берген еді. 1216 ж. Мухаммед Хорезм Шах Қадырханға жорығы кезінде Торғай даласында меркіттерді қуып келе жатқан Жошы әскерлерімен соқтығысып қалды. Бұл моңғолдардың қазақ даласында алғаш рет бой көрсетуі болатын. 1219 ж. моңғол шапқыншылығынан соң, қыпшақ мемлекеті құлады. Орталық, шығыс Қазақстандағы Дешті – Қыпшақ кейіннен – Сарыарқа деп аталды. Қыпшақтар туралы тарихи деректер. Мәселен, далада шөлдеп келе жатқан – В.Рубрукке қыпшақтар алдынан шығып, айран ұсынған. ХІІІ ғ. еврей саяхатшысы – Петахья өз жазбаларында қыпшақтардың тары мен күріш өсіретіні туралы жазған. Әл – Омари қыпшақтардың көшу жолдары туралы жазды. ХІІІ-ХІV ғ.ғ. қыпшақтардың – «Қобыланды батыр» эпосында қыпшақ халқының қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғысы баяндалған. Қоғамдық- саяси өмір Қыпшақ тайпаларының ең беделдісі – бөрілер деп аталды. Қыпшақ хандары тек осы ел бөрілі тайпасынан шыққан. Қыпшақ хандығында құлдықтың болғандығын М.Қашқаридың құлды қыпшақ тілінде «яланкуг» деп атағандығынан көре аламыз Қыпшақтарда байлықтың негізгі өлшемі – жылқы боп есептелді. Жылқы кімде көп болса, сол бай боп есептелінді. Үндістанда қарапайым қыпшақ жылқысы – 100 динарға бағаланса, жақсы жылқысы – 500 динарға сатылған..
9 Оғыздар мемлекеті:этно саяси тарихы,шаруашылығы,мәдениеті.Оғыз тайпаларының өзегі Жетісуда қалыптасқан.9ғасырдың соңы мен 10ғасырдың басы Оғыз мемлекеті құрылды.Аумағы Сырдарияның орта және төменгі.Астанасы Янгикент,билеушісі жабғу.Орынбасары Күл еркін.Әскербасы сюбашы.Басқарушының ұрпақтары иналдар.Оларды атабектер тәрбиелеген.М.Қашғаридың дерегі тбойынша ,оғыз одағында 24тайпа болған.Ал Әл Марвизидің жазуы бойынша оғыз одағы 12тайпадан тұрған.Оғыздардың сыртқы саясаттағы мақсаттары:Қара теңіз,Дон өзені бойындағы жайылымдардың иемдену,Еуропаны Азиямен байланыстыратын сауда жолына шығуы.Сонымен қатар,оғыздар 965жылы Кикв Русьінің князі Святославпен одақтасып,Хазарларды талқандады.Ал 985жылы княз Владимирмен бірігіп Еділ бұлғарларын талқандады.10ғасырдың 2ші жартысында салықтың ауыртпалығынан халық көтерілістері жиіледі,мұны селжұқтар пайдаланды.1043жылы Шахмәлік осы Селжұқтардың қолынан қаза тапты,ол соңғы билеуші болған. Мемлекеттің әлсіреу себептері:селжұқтармен соғысы,ішкі талас тартыстар,қыпшақ тайпаларының шабуылдары.11ғасыр басында оғыз одағы ыдырап,қыпшақ мемлекетінің құрамына кірді.Шаруашылығы мал шаруашылығымен айналысты.Жартылай көшпелі және жартылый отырықшы.Олардың тұрақты қысқы және жазғы жайылымдары болды. Жазғы жайылымы Каспий теңізінің далалы аймағы.Қысқы жайылымдары Арал теңізі жағалауы,Сырдың төменгі және жоғарығы ағысы.Ибн Хаукал дерегі бойынша Түркістан аумағында елтері беретін қойлар көп өсірілген. Қыпшақ мемлекеті (ХІ ғ. басы – 1219 ж.) Оғыз мемлекеті (9-11 ғасырлардың басы). 9-10 ғасырлар Сырдың орта, төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайралардың саяси бірлестігі құрылды. «Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Махмуд Қашғари, Марвази енбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар — бузук және үшүк (учук).Оғыз мемлекеті.8 ғасыр ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың «Көне Гузия» деп аталатын ордасы болды. 9 ғасыр бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. 9 ғасыр соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады.Печенегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-европа, финн-угор тектес ежелгі компоненттері және Жетісу мен Сібірдің халаджылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ процесс болды.9 ғасыр соңы мен 11 ғасыр басында оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Оғыздар туралы алғашқы дерек тер 9-10 ғасырлардың басы араб деректерінде мысалы, әл-Якубидің (9 ғасыр) еңбегінде айтылады.Орта Азия мен Шығыс Еуропаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғасыр оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы — түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге — «иналамиға» — беріліп отырған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбаши» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, бақсы-балгерлерге табынды. Біртіндеп ислам діні де ене бастады.Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды орны болды. 965 жылы олар Киев Русымен одақтасып хазар қағанатын талқандайды. 985 жылы оғыз жабғысы орыс кінәздарымен бірлесіп Еділ Булғариясын талқандады. Осының бәрі оғыз мемлекетінің саяси күш-қуаты өсуіне әсер етті.10-11 ғасырлар Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оған алым-салыққа қарсылық білдірген оғыз тайпалары көтерілістері себеп болды. Салжықтармен, қыпшақтармен болған соғыстарға шыдамай, оғыз мемлекеті 11 ғасырдың ортасында біржола құлайды. Жартысы қыпшақтардың қысымынан Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға, жартысы Мәуереннахрдағы қарахандарға, хорасан селжұқтарына, қалғаны Дешті-Қыпшақ тайпаларына араласып кетті
10. Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). Карлүқтар Алтайдан Балқаш келінің шығыс жағалауына дейінгі аймақты жайлаған көшпелі тайпалар. VII ғасырдың ортасында Қарлүқ бірлестігіне тайпа: болат, шігіл және ташлық енді. Қарлүқ тайпаларының көсемдері елтебер деген атақты иеленді.
756 жылы қарлүқтар шығыстағы үйғыр қағандығынан жеңіліп, Жетісуға келіп, онда өздерінің қағанатын қүрады. Карлүқ тайпалары УІІІ-Х ғасырларда Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап Сырдарияның орта бойына дейінгі аймақта қоныстанды. Олар Балқаш пен Ыстықкөлдің арасын, Іле, Шу, Талас өзендерінің еңірлерін, Тянь-Шаньнің баурайларын мекендейді. Қарлүқ тайпаларының бірі IX ғасырдың бас кезінде Отырар қаласының маңына барып қоныстанған. IX ғасырдың аяғында арабтар қарлүқ жеріне тағы шабуыл жасап Испиджабты және Таразды алады. Қарлүқ қағанының астанасы енді Тараздан Қашғарға көшеді.
Бірақ қарлүқтардың ішінде бірлік орнамайды. Оны Қашғардың түрік билеушілері пайдаланып, 940 ж. Баласагүнды басып алып, Қарлүқ мемлекетін құлатады.
X ғасырдың ортасында Шығыс Түрікстан, Жетісу өңірінде Карахан мемлекеті пайда болады. Карахан еулетінің негізін қалаушы Сатүқ Бограхан (915-955 жж.) 942 ж. Баласағүн билеушісін қүлатып, ислам дінін және Арслан Карахан дережесін қабылдайды. Осыдан бастап оның еулеті Қарахандықтар деп атала бастады.
X XIғ. аяғында қарахандықтар Орта Азиядағы саманилер иелігі мен Бүхарды жаулап алады. Солтүстіктегі қарахандықтар мен қыпшақ хандығының шекарасы Тараз қаласы маңынан өтті. Солтүстік шығыста қарахандықтар иелігі Балқаш пен Алакөлге дейін жетті, ал шығысында олар үйғырлармен шекаралас болды. 1004-1005 жж. ұзақ қиян-кескі соғыстардан кейін Меуереннахр жерін де өзіне қосып алады. Қарахан мемлекеті көптеген жер үлестерінен түрды. Ол жерлер жоғарғы қағанға қарағанымен, олардың арасында үнемі қақтығыстар болып түрды.
XI ХIғ. 30 жылдарында осы қақтығыстардың нәтижесінде мемлекет екіге бөлінді. Жетісу мен Шығыс Түрікстан Шығыс Қарахан қағанатына қарап, оның астанасы еуелі Баласағүн, кейін Қашғар қаласы болды. Меуреннахр жерлері Батыс Қарахан қағанатына қарап, оның астанасы еуелі Үзкент, кейін Самарканд қаласы болды. Жоғарғы билеуші Арслан Қарахан дережесімен Шығыс Қарахан қағанатын, ал екінші қаған Богра Қарахан дережесімен Батыс Қарахан қағанатын басқарды. Қағанат көптеген еншіліктерге бөлінді. Ілек және тегін дережесіндегі еншілік иелерінің қүқықтары үлкен болды. Олар көрші мемлекеттермен келіссездер жүргізе алатын, өз атымен теңгелер шығаратын. Билік мүрагерлік жолмен емес, ағасынан інісіне - "сатылық жүйе" арқылы жүзеге асырылды.
. Наймандар. Қазақстан жеріндегі ертедегі тайпалардың бірі. VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында найман тайпалар одағы (түрікше "сегіз тайпа одағы") пайда болып, Ханғайдан Тарбағатайға дейінгі жерлерді алып жатты. Х-ХІІ ғасырларда найман одағы мемлекет дережесіне дейін кетеріледі. Найман одағы хандар басқарған бірнеше үлыстардан түрды. XII ғасырдың аяғы XIII ғасырдың басында наймандар Монғолиядан бірнеше қатарынан жеңіліп, бір бөлігі Алтайдан Жетісуға қоныс аударды. Екінші бөлігі Шығыс Қазақстанда қалып қойды. Күшлік ханның басқаруымен Жетісуға келген наймандар 1213 ж. қара қытайлардың мемлекетін қүлатып билікті жаулап алады.
Керей мемлекеті. X ғасырдың басында Алтайда қүрылған керейлердің этникалық одағы түркі тілдес және монғол тілдес тайпалардан қуралған. Керей мемлекетінің солтустік астанасы Орхон өзеніндегі Қатын балық қаласында, ал оңтустіктегі астанасы Хуанхэ өзенінің солтустік жағалауында орналасты. 1007 ж. керейлер мен наймандар нестроиандық бағыттағы христиан дінін қабылдайды. XII ғасырдың екінші жартысында Керей мемлекеті солтустіктегі Селенга өзенінің жоғарғы ағысынан оңтустіктегі Хуанхэ өзеніне дейінгі, батыста Хангай тауларынан шығысындағы Халқын көлге дейінгі жерді иеленді. Керейлер мен наймандардың әлеуметтік-саяси даму деңгейі бірдей болды. Мемлекет үлыстардан түрды. Әрбір үлыстың өзінің территориясы, өзінің ханы, кешпелі өмір салтына лайық зандар жиынтығы болды. Іс қағаздарын жургізу дестурі енгізілді. Олар көшпелі мал шаруашылығымен, аң балық аулаумен айналысты.
ҚАРАҚЫТАЙ
11. Қазақстанның ұланбайтақ жерінде ежелгі замандардан отырықшылдық орын алып, қалалық медениет қалыптасты. Археологиялық зерттеулерге сай УІ-ХІІ ғасырлар аралығында есіресе Қазақстанның оңтүстік өнірі қалалық медениет орталығына айналады. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Тараз, Отырар, Испиджаб, Ясы, Сығнақ; Талас, Аса өзендерінің бойында Теменгі Барысхан, Хамукент, Жікіл, Адахкент, Ден, Нуджикент, Күлан, Мерке, Аспара, Баласағүн, Барсхан және т.б. қалалар бой кетерді. Қазақстан жеріндегі халықтардың экономикалық өмірінде сауда ерекше роль атқарды. Қазақстан қалалары "Ұлы Жібек жолы" арқылы Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен сауда қатынастарын дамытты. Қалаларда сеулет енері дамыды. Олардың ең ежелгісі Бабаша хатун және Айша бибі, Қарахан кесенелері болып табылады.
Архелогиялық зерттеулерде ерте орта ғасырға қарағанда орта ғасырдың дамыған кезінде отырықшылықмәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген.
Егер бұрын Оңтүстік қазақстанда 30 қаланың орны белгілі болса, ал кейнгі кезде зерттеулер бойынша, олардың саны 37 қалаға жеткен. Жазба деректерде алғашқы кезенде 6 қала ғана аталса, соңғы кезде 33-ке жетті.
Қалалар санының өсуі Шығыстың экономикалық, мәдени байланыстар жүйесіне қатысуға байланысты қалалар маңызының артқандығын көрсетеді. Екіншіден, қала манында жартылай көшпелі мал өсірушілердің отырықшылана бастауы қала санының өсуіне әсер тигізген.
Оңтүстік Қазақстанда қалалардың топтаса орналасқан жерлері – Арыс өзенінің Сырдариядағы қосылатын тұсындағы сағалары. Арыстың орта ағысында орталығы Осбаникент қаласы болған Кенже аймағы құрылса, ал өөзеннің сырдарияға құяр жерінде орталығы Отырар қаласы болған Фараб аймағы орын тепкен. Ал Шауғар аймағында
Қарнақ, Шур , Шағылжан қалалары болған. Сырдың орта ағысында – Сүткент, төменгі ағысында Сығанақ , Жанкент, Асынас Жент, Баршынкент қалалары өмір сүрген.
Қалаллық отырықшылық мәдениеттің тағы бір қанат жайған жері – Жетісу аймағы. Әсірісе оңтүстүк-батыс Жетісудың орталығы Таразда да қала мәдениеті өркендеген. Бұл аймақта 36 қала жұрты табылды. Солтүстік-шығыс Жетісудан (орталығы – Лабан, Алматы, Талхир қалалары) 70 қала жұрты ашылған.
Қалалар тек саны жағынан ғана емес, көлемі, экономикалық жағынан да өсіп отырған. Оны негізінен үш топқа бөліп қарауға болады. Бірінші топқа көлемі 30 гектардан асатын қала жұрттары жатады. Ондай қалалар Испиджаб, Отырар, Сауран, тағы басқалар. Екінші топқа 10 гектардан 30 гектарға дейінгі қалалар жатады. Мұндай қалалар Бурух, Хурлуг, тағы басқалар. Ал үшінші топқа көлемі 10 гектарға жетпейтін қалалар - Алмалық , Лавар , Қапал , Ақтам , Арасан , тағы басқалар жатқызылған.
Мұнадай қалалар 1 және 2- топқа қарағанда өте көп кездеседі. Қалалар көлеміндерінің үлкен-кіші болуының өзі, олардың тұрғындарының санына ғана емес, ішкі құрұлыс жүйелеріне, қоғамдық сауда , діни орындардың орналасуына да байланысты.
12. . Жеріміздегі түркі дәуірінің алты ғасырға жуық (VI–XII ғғ.) мерзім ішінде өмір сүрген түрік, батыс түрік, түркеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, қыпшақ және қараған хандықтарының әрқайсысының өздеріне тән дамыған материалдық мәдениеттері болды. Алайда, олардың мәдениеттерін жеке – жеке талдап көрсету мүмкін болмай отыр. Төбе –төбе болып жатқан қыстақ кенттермен қала жұрттарының орындарына жүргізілген археологиялық жұмыстар, түркі тілдес тайпалардыңVI–XII ғғ. өзінде тұрақты мекен – жай салып отырықшыланған өмірлерін байқатады. Әсіресе, Қазақстанның оңтүстік және шығыс аудандарында отырықшылық басым болған.
Түркі дәуіріндегі обалардың адамдарды киімдерімен жерленгендер белгілі. Мәселен, Солтүстік, Шығыс Қазақстан жеріндегі зираттардан былғары қамзолдар табылған. Зираттардан жүннен токылған көйлектер, теріден жасалған тон, ішіктердің қалдығы кездеседі. Түркілер тамаша етікшілер болған. Табылған аяқ киімдердің ішінде өкшесі биік емес, қайқы бас етіктер және кебіс қалдықтары кездескен. Сол сияқты теріден белдіктер, тамаша безендірілген кеселер де болды. Әсіресе, кеселер алтын, күміс және қымбат бағалы тастармен безендірілген.
Материалдық мәдениеттің көрінісінің бірі сәулет өнері. Тараз маңындағы Бабаджа – хатун кесенесі (Х–XII ғғ.) орта ғасырдағы сәулет өнерінің ең ертедегі ескерткіші болып табылады. Осыған жақын орналасқан Айша бибі кесенесі (Х– XII ғғ.) және Тараздың өз ішіндегі Қарахан кесенесі де көне заман ескерткіштері.
Сырдария, Талас, Шу, Іле, Испиджаб, Отырар, Тараз, Сығанақ, Баласағұн, Суяб, Мерке, т.б қалалар және егіншілік оазисі мен көшпенділер даласы арасындағы Ұлы Жібек жолында Батыс пен Шығыс арасында қолөнер, сауда және байланыс орталықтары болды.
Сонымен VI–XII ғғ. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар қыпшақ –оғыз, қарлұқ–ұйғыр тілдерінде сөйлеп, осы тілдерде тарихи-әдеби шығармалар шығарып, өмір сүрген.
Х–XII ғғ. материалдық мәдениетін өркендету ісіне елеулі өзгерістер енгені байқалады. Қазақстанның Оңтүстігі мен Жетісуды халифаттың, Саманилер, Қарахандар мемлекеттерінің саяси экономикалық және мәдени қарым–қатынастары аясына тарту әрекеті біз зерттеп отырған халықтарды Орта Азиямен жақындастырады. Қала мәдениетін өркендетуде енді жаңа дін–ислам маңызды роль атқара бастайды
13. Түркі дәуірінде (VI –XII ғғ ). Қазақстанда өмір сүрген ру – тайпалардың түркі тілінде сөйлегендегі түркология ғылымында толығымен дәлелденген. Алайда, тіл ғылымның зерттеулеріне қарағанда, негізгі түркі тілдес қарлұқтардың, қимақ – қыпшақтардың, оғыздардың, ұйғырлардың, қырғыздардың т. б. ру – тайпалардың өздеріне тән диалектілерінің бар екендігі анықталған .
Археологиялық зерттеулерде түркі тілдес ру – тайпалар өмір сүрген жерлердегі ескерткіштерден үлкен – кіші екі жүзден астам көне түркі тіліндегі жазба деректер табылған. Оның ішінде Орхан, Енисей өзендерінің бойындағы Күлтегін, Тоныкөк «алтын тас кітабы» жазулары белгілі болса, қазақ жеріндегі Талас өзені бойындағы Тереңсайдан табылған және т.б. жазулар белгілі.
Түркі тіліндегі жазулар тіл ғылымында руна жазу деп аталған. Ол скандинавия халықтарының тілі бойынша, сыры ашылмаған құпия жазу деген сөз. Бұл жазудың оқылу сырын ашқан сол халықтың атақты тіл білімнің ғалымы Дания университетінің профессоры В.Томсон. Одан кейін Орхан жазуларын орыс тілінде аударған тюрколог ғалым В.Радлов болды. Сөйтіп, ХІХ ғ. аяғында руна жазуының құпия сырының ашылуы ертедегі түркі тілдес халықтардың да өздеріне тән жазуларының болғандығын көрсетеді.
Түркі жазуында бір – бірімен қосылмай жазылатын 38 әріптерден тұратындығы белгілі.
Түркі дәуірінен қалған атақты «Күлтеген», «Білге қаған» сияқты тасқа жазылған дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің оқырмандарымыздың қолына тиіп отыр. Қазақ халқы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет – ғұрып, салт – сана, діни – наным, сенім, мақал – мәтел, батырлық жырлардың үлгілері бәрі, халқымыздың тірлік – тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар қазақ халқының ертеден келе жатқан бастауы.
Х ғасырдан бастап ислам дінінің қазақ жерінде етек жая бастауы араб жазуының түркілер арасында ене бастағандығын көрсетеді.
Түркілер арасынан шыққан атақты ғалымдар, ақын–жазушыларымыз Әл – Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Ахмет Яссауилер өз шығармаларын араб жазуымен түркі тілінде жазған. Ал ХІІ ғ. бастап түркі жазуы жазылуы жағынан өмірден шыға бастайды. Дүние жүзіне әйгілі болған жерлесіміз Әл – Фарабидің көптеген еңбектері араб тілінде жазылған.
Діни нанымдар.
VI–XII ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы халықтардың арасында алуан түрлі діндер, нанымдар мен сенімдер орын алып отырды. Түркілердің зираттарынан табылған заттар олардың ата – бабалардың әруағына табыну о дүниелік өмірге сену көрсетеді. Олардағы басты бір наным – отқа табыну. Оны археологиялық зерттеулерден жерленген адамдардың заттарымен, мініс аттарымен бірге өртеліп қойылатын әдет – ғұрыптары да анықталған. Ол адам денесін отпен аластау болса керек. Түркілер табиғатқа да табынған. Олар өлген адамның денесін жер ананың қойынына өртеп, күл мен көмірін ғана жерлеген. Егер адам көктемде немесе жазда өлсе, ол адамның туған – туыстары бір төбеге жиналып киіз үй тігіп, алып барған малдарын құрбандыққа шалып, одан кейін өлген адамның мәйітін, атын, заттарын өртеп, уақытша сақтап, күзде шөп сарғайғанда ғана жерлейтін болған. Ал егер адам күзде не қыста қайтыс болса, ол адамды жоғарыдағы әдет –ғұрыптарын жасап, көктемде жер көгеріп, шөп шығып, жапырақтар жайқалабастаған кезде жерлейтін. Бұл әдет наным – сенімнен табиғаттыңтөрт кезеңіне толық табынуды байқатады.
Түркілердің көкке немесе аспан әлеміне сиынушыларын күлтегін жазуындағы мына шумақтан анық байқалады:
- Көкке түркі тәңірісі,
- Тәңірі қуат берген соң,
- Тәңірі жарылқағандықтан.
Мұндай әдет, наным – сенімдер қазақтарда бүгінгікүнге дейін орыналыпжүр. Түркілерде адам баласының тірегі тіршіліктің тұтқасы, отбасы, ошақ қасы болып табылатын анаға «Умай ана» деген ат беріп, оған табынған. Жетісу қазақтардың «Умай анаға» табынатын Ш. Уәлиханов та жазған болатын. Кейбір жазба деректерге қарағанда, қимақтар мен қыпшақтар күнге, жұлдыздарға табынған.
Археологиялық зерттеулерге қарағанда, түркілерде христиан, манихей, будда діндері болған.
Түркі тайпалары ІХ ғ. бастап жаппай мұсылман дініне ене бастайды. Ал мұсылман дінінің мемлекеттік дін есебінде алғашқы болып қабылдаған Қарахан мемлекеті. Сатұқ Бограханның баласы Муса ханның билік құрған жылдары (960 ж.).
Сөйтіп, Х ғ. бастап Оңтүстік Шығыс Қазақстан жерлерінде мұсылман діні кең түрде етек жая бастайды .
14. Әбу Насыр Әл-Фараби (أبو نصر محمد الفارابي арабшасы)Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби(870-950ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «... философияға, даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді» (Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейі. Инв. №172, 17-6.), - деп айтылған пікірі Абайдың Фараби еңбектерімен таныс болғандығын анықтай түседі.
Адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында «өзін танымақтың» немесе «жан қуаты» туралы ойлардың қалыптасу жолдарын танып білу күрделі мәселеге айналып, бастан-аяқ қарама-қарсы көзқарастардың өріс алуына түрткі болды. Адамның өзін танымақтық жөніндегі ілімнің алғашқы қадамы көне дүние философтарынан басталса да, оны өз заманында ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған Фараби еңбегі ерекше көзге түседі. Жалпы «жан қуаты» немесе «өзін танымақтық» жайлы күрделі ой сарасына қазақ топырағында арғы заманда Фараби, соңғы дәуірде Абайға терең барлап барған. Абай өлеңдері мен қарасөздеріндегі жан қуаты жайлы ой толғануында «жан құмары», «жанның жибили қуаты», «жан қуаты», «жанның азығы» т. б. осы іспеттес филос. сарындағы ойларын таратқанда: «Жан қуаты деген қуат-бек көп нәрсе, бәрін мұнда жазарға уақыт сиғызбайды» - деп, айрықша ескертуінің өзіндік себептері бар. Бұл тұжырымынан ақынның «өзін танымақтығы» жөніндегі ілімнің тарихымен толық таныстығы анық байқалып, өз тарапынан ойларын кең түрде тыңдаушыларына молынан жеткізе алмаған өкініші де сезіледі. Жан қуаты жөнінде Фараби қолданған филос. терминдер Абайдың өлеңдері мен жетінші, Он жетінші, Жиырма жетінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші қарасөздеріңде сол түпнұсқадағы қапыңа немесе қазақы ұғымға сай балама сөздермен беріледі. Ақынның Он төртінші, Он жетінші қарасөзі мен «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек...», «Көзінен басқа ойы жоқ...», «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа...», «Алла деген сөз жеңіл...», «Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі асыл тас... «өлеңдерінде арнайы сөз болып, талқыланатын ақыл, қайрат, жүрек жайлы филос. мағынадағы ойларының бастау алар көзі Фараби еңбектеріңде жатыр.[2]
Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылатын ойларын«өсімдік жаны», «хайуан жаны», «адам жаны» деп жүйелейді. Адам жанына (интеллект), оның ішкі және сыртқы сезім мүшелеріне (хауас) талдау бергенде жүрекке үнемі шешуші мән беріп, ерекше даралай көрсетіп отырады. Жалпы жан қуаты жөніндегі танымға булай қарау мешаиын (перепатетиктер) мектебіндегілерге тән құбылыс. Бұл жөнінде Фараби мен Абайдың ой қорытулары сабақтас, өзара іліктес келеді. Фараби «Жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ, мұның үстемдігі бірінші емес» (әл - Фараби. Философиялық трактаттар. -А. , 1973, 289-6.), - деп, жүрекке шешуші мән бере қараса, Абай да: «Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ менің ісім депті. Бірақ, сонда билеуші жүрек болса жарайды» деген тұжырымға келеді. Бұдан екі улы ойшылдың да жүрек жөніндегі танымдарының негізі бір екені, тек баяндау түрі басқаша берілгені көрінеді. Ақын Фараби ұйғарысындай жүрекке шешуші мән-мағына берумен қатар, оны ізгілік, рақым, шапағат атаулының шығар көзі, тұрар мекені деп біледі. Ойшыл-ақын көп көңіл бөлген мораль философиясы да осы танымға негізделген. Абай туындыларының өн бойына таралып отыратын адамгершілік, имандылық ойларының бәрі де осы көзқараспен ұштасады. Ақынның «хауас», «үш құю» (имани гүл), «жә уан мәрелік», «әділет», «шапағат» жайлы ой толғаныстарының желісі де осы таным шеңберіндегі ұғымдар. Бұлар Ф-дің жоғарыда аталған еңбегіндегі адамның жеке басының ең кемелденген (камили инсани) үлгі-өнегесі жайлы арналы танымының негізіне саяды. Осы Фараби дәстүрінің жалғасы Абайдың«толық адам»жөніндегі ой-пікірінен айқын сезіледі. Абайда жиі сөз болатын «толық адам», «жарым адам», «адам болу», «инсаниаттың кәмаләттығы», «бенделіктің кәмаләттығы», «толық инсаниат», «адамшылық», «адамның адамдығы», «адам болу» т. б. атаулық мәні бар ұғымдар, сөздер тобы, ол жайлы пікірлердің шығар көзі Фараби еңбектеріндегі ой желісінен туындайды. Фараби «Табиғат ғылымдарының негіздері» (космогония) жайлы еңбегінде жалпы хакасқа, әсіресе, оның хауаси хамса заһири деп аталатын сыртқы сезім мүшелеріне ерекше назар аударған. Фарабидің қоршаған орта болмысының сырын тануда басты орын алатын сезім мүшелері - хауаси хамса жайлы филос. ұғымдары Абайдың Жиырма жетінші, Отыз сегізінші қарасөзі мен «Алла деген сез жеңіл» өлеңінде сол түпнұсқадағы қалпында берілген. Ақынның «Жансыз жаратқандарынан пайда алатын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандардан пайдаланатын ақылды инсанды (адамды) жаратыпты» деген тұжырымы дүниенің жаралуы жайлы Фарабидің тәңірі әуелі жансыз дүниені, есімдіктерді, жан-жануарларды, содан соң ақыл иесі адамдарды жаратқан дейтін сатылы танымынан туындайды. Бұл таным Фараби көзқарасының әлсіз жері болса, Абай танымының да осал жағы болып табылады. Ойшыл ақын өз шығармаларында Фараби дәстүрімен хауаси хамса заһириге ерекше мән береді. Ақыл, сана дегеніміз бізді қоршаған өмір шындығының сыртқы бес сезім арқылы, яғни, танымның жибили қуаты мен адамның санасында сәулеленуінен пайда болатын рухани құбылыс деп таниды. Абайдың ақыл мен сананың пайда болуы туралы дүниетанымының негізі Фарабидің «Ақыл дегеніміз тәжірибеден басқа ешнәрсе де емес» (әл-Фараби. Философиялық трактаттар, 295-6.) деген ой желісімен өзектес келеді. Фараби жан қуатын қозғалт тыратын қуат және танып білетін қуат деп екіге бөліп, адам бойындағы танып білетін қуатты ішкі және сыртқы жан қуаты ретінде қарастырады. Фарабидің бұл танымы Абайдың шығармашылығында сол тұрғыдан психол. ұғымдардың баламасы ретінде сөз етіледі. Ақынның қарасөздерінде адамның сыртқы бес мүшесі мен ішкі сезім мүшелері бірлікте алынып, хауас ретінде түсіндіріледі. Абайдың хауас үғымы-көбінесе, бейнелеу қағидасымен (ахси жиһан) ұштасатындықтан, Қырық үшінші сөзінде адам бойындағы жан қуаты жөніндегі Фараби танымдарымен іштей сабақтасып жатады. Ақынның «адамды танымақтық» деп өз алдына сараланатын ұғымдары Фарабидің жан туралы ойларымен өзектес келеді. Фарабидің адамның дүниені танып білу қуатына (әл-қуат алмутехаййла) ерекше мән бере қараған, негізгі ой желілері Абайда арнайы сөз болатын хауас, хауаси хамса заһири, хауас сәлем ұғымдарынан көрініс тапқан. Фараби жан қуаты жөнінде өзіндік соны ойлар желісін таратқанда, оларды өсімдік жаны, хайуан жаны, адам жаны деп үшке жіктеп, таным процесін адам жанына тән тума қасиет ретінде қарастырады. Осындай тұжырымдар Абайдың Жетінші, Он тоғызыншы, Жиырма жетінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші сөздерінде ұшырасады. Жетінші сөзінде «жанның тамағы» жайында тоқтала келіп, Абай: «... өрістетіп, өрісімізді ұзартып құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді», - деп, оны жан құмары арқылы дамитын сезім тұрғысында түсіндіреді. Жиырма жетінші сөзінде хайуан мен адам арасындағы ерекшелікті олардың дүние тану үрдісіне қарай жіктеп, «... Һәмма мақлұққа да қара, өзіңе де қара, жаңды бәрімізде де беріпті. Жанның жарығын бәрімізге де бірдей ұғарлық қылып беріп пе? Адам алдын, артын, Һәм осы күнін - үшеуін де тегіс ойлап тексереді. Хайуан артын, осы күнін де бұлдыр біледі, алдыңғы жағын тексермекке тіпті жоқ» деп тану қабілетінің адамда зор сапалық ерекшелікте болатынын атап өтеді. Ақын Фарабидің түсіндіргеніңдей жан құмары, жан қуаты деген қасиеттер тек адамға ғана тән нәрселер деп таныған
15. XIII ғасырдың басында татар-монғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктірген Монғол феодалдық мемлекеті қүрылады. Оның негізін салушы монғолдардың бержегін тайпасынан шыққан Есугей батырдың баласы Тимучин (1155-1227). 1206 ж. монғолдардың қүрылтайшы Тимучинге Шыңғысхан деген атақ беріп, оны монғолдардың үлы өміршісі етіп сайлайды. Шынғысхан билікке келген соң езінің төңірегіндегі тайпалар мен үлыстарға шабуыл жасап, оларды (татар, қонырат, жалайыр, ойрат, керей, меркіт, найман, онғыт және т.б.) ездеріне бағындырады. 1207-1209 жж. Енисей қырғыздары, Сібірдің орман халықтары, үйғырлар монғолдарға бағынады. 1211 ж. Шыңғысхан ескері Солтустік Кытайға бет алып, 1215 ж. Цзинь астанасы Чжундуды (Пекинді) алады.
1213 ж. Шыңғысхан Жебе ноян бастаған ескерін Жетісуға жібереді. Халық қолдауынан айырылған Күшлік хан соғыста жеңіліп, Жетісу аса кеп қарсылықсыз монғолдарға қарады. Жетісуды бағындырғаннан кейін монғол ескерлеріне Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Жорық 1219 ж. қыркуйекте Ертіс жағалауынан басталады. Монғол ескері Отырарға таяп келгенде Шыңғыс хан балалары Шағатай мен Үгедей бастаған бірнеше түменді Отырарды қоршау үшін қалдырып, үлкен үлы Жошы бастаған ескерді Сырдария бойындағы қалаларды алуға жіберді, езі кіші үлы Төлемен Бүхарды алуға аттанады.
Отырардың билеушісі Қайырхан 30 мың ескермен қаланы бес ай бойы қорғайды. Тек сатқыншылықпен қала қақпасы ашылғаннан кейін ғана монғол ескері қалаға кіреді. Сырдария бойындағы өзге қалалардың турғындары да ерлікпен қорғанды. Сыр бойындағы қалаларды алған соң Шыңғысхан Орта Азияны басып алуға кірісіп, оны 1221 ж. көктемінде аяқтайды. Соғыс қимылдары енді Иранның Ауғанстан мен Солтустік Үндістанның жеріне көшеді. Монғол ескерлері солтүстік Иранды, Каеказды алып, аландарды, қыпшақтарды және орыстарды бағындырып 1224 ж. Шыңғысханның Ертістегі ордасына қайта оралады. Шыңғысханның жаулап алған байтақ жері енді оның балаларына бөлініп беріледі.
Қазақстан жері Шыңғысхан балаларының үш үлысының құрамына енді. Жошы ұлысына Ертістен Орал тауларына дейінгі жерлер, оңтүстікте Каспий мер Арал теңізінің төңірегі, Хорезм мен Сырдария өңірі; Шағатай улысына Оңтустік, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Шығыс Түрікстан мен Меуереннахр; Үгедей улысына солтустік-шығыс Қазақстан - жоғарғы Ертіс, Тарбағатай аудандары және Батыс Монголия енді. Ал кіші үлы Төлей болса, ол Шыңғысханның негізгі журты - Монғолияны алды. 1227 ж. Шыңғысхан қайтыс болғаннан кейін, Монғолия үлысы бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге бөлініп кетеді.
16. 16. 1235 ж. Қарақорымдағы монғол ақсүйектерінің қүрылтайы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдайды. Монғол ескерлерін Жошының үлы Батый (Бату) басқаратын болады. Ол Дешті-Қыпшақ пен Еділ бүлғарларының жеріне, одан ері Батыс елдеріне жаулау жорығын бастайды. Жеті жылдық соғыс нәтижесінде (1236-1242 ж.ж.) Батыйдың қоластына Еділдің батысынан Дунайдың төменгі жағына дейінгі жерлер қарайды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі жағында Алтын Орда атты жаңа монғол мемлекетін құрды. Астанасы Сарай Бату (Астрахан маңында), кейінен Сарай- Берке қаласында болды.
Алтын орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда бүлғырлар, мордеалар, орыстар, черкестер, хорезмдіктер, кешпелі аудандарда қыпшақтар, қаңлылар, наймандар, қоңыраттар, керейлер және т.б. кірді. Монғолдардың өзі аз болды. ХІІ-ХІУ ғғ. олар туріктеніп, Алтын Орда халқы 1,татарлар" деп атала бастады.
Алтын Орданың мемлекеттік қурылымы әскери негізде болды. Мемлекет Жошы хан еулетінің меншігі болып саналды. Аса маңызды мемлекеттік меселелерді шешу үшін қурылтай шақырылатын болды. Мемлекеттік істерді бекпербег, жекеленген салаларды - уезірлер басқарды. Қалалар мен бағынышты үлыстарға даруғалар мен басқақтар тағайындалады. Ең маңызды қызметтер хан отбасының мүшелеріне берілді. Батудың тусында Алтын Орда екі бөлікке - оң және сол қанатқа бөлінді. Оң қанатты Батыйдың өзі және оның мүрагерлері, сол қанатты Жошының үлкен үлы Орда Ежен және оның мүрагерлері басқарды. Казақстан жерінің кеп бөлігі сол қанат құрамына кірді. Кейін XIII ғасырдың ортасынан XV ғасырдың бірінші ширегіне дейін бүл өңір Ақ Орда деп аталды. Өз кезегінде, бул екі үлыс іштей Жошының басқа балаларының үлыстарына бөлінді. Алғашқы кезде Алтын Орда Монғолиядағы үлы ханға теуелді болды. XIII ғасырдың 60-шы жылдарынан Алтын Орда хандары өздерін теуелсізбіз деп есептеді. Берке хан тусында ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан тусында үстем дінге айналды.
XIV ғасырдың екінші жартысынан бастап Алтын Орда алауыздықтан елсірей бастады. Билікке таластық барысында 1357-1330 ж.ж. аралығында Алтын Ордада 25 хан ауысады. 1330 ж. Алтын Орда ханы Мамай Куликоео даласында Дмитрий Донской басқарған орыс ескерінен жеңіледі. Оныңүстіне XIV ғасырдың аяқ кезінде Алтын Орда мен Ақ Ордаға Ақсақ Төмір он шақты рет шапқыншылық жасайды. XV ғ. ортасында Алтын Орда ыдырап, оның орнында бірнеше үлыстар пайда болды. Бүл үлыстардың ең ірісі Ақ Орда. Ал 20-60 жылдары Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астархань хандықтары бөлініп шықты.
Жетісу жеріне келер болсақ, Шағатай мен Үгедей еулетінің арасындағы үздіксіз соғыстардың нәтижесінде еуелі Үгедей үлысы жойылып, XIV ғасырдың орта шенінде Шағатай үлысынан Моғолстан бөлініп шығады. Моғолстанға Орта Азияныңсолтүстік-шығыс бөлігі, Жетісу мен Шығыс Түркістан қарады.
Жалпылама монғол шапқыншылығы мен оның өкгемдігі Қазақстанның қалыптасқан шаруашылық дамуын бүзып, экономикалық және медени дамуын узақ уақытқа туралатып тастады. Сонымен қатар монғол басқыншылығы сауда-саттық пен халықаралық байланыстың дамуына жағдай жасап, бір орталыққа бағынатын өкімет идеясын екеліп, бурын ұйымдаспаған, бытыраңқы тайпалардың басын қосты
Моғолстан — 14 ғ. орталығында құрылған мемлекет. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Тоғлық Темір (1348—1362) болды.
Моғолстан атауы моңғол деген сөздің түркіше, парсыша атауы болып табылады.
14—15 ғғ. Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Оған кіретін тайпалар: дұғлаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, барластар кірді. Орталығы — Алмалық қаласы.
Бұрынғы Шағатай ұлысының жерін толық билеуді көздеген Тоғылық Темір Мәуереннахрды Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол 1358 ж. Қазаған әмірді өлтіртті. Бір жылдан кейін Қазағанның мұрагері Абдолла да қаза болды. Осыдан кейін Мәуереннахр тәуелсіз ұлыстарға бөлінді. Оны пайдалану үшін Тоғлық Темір жанталасты. 14 ғ. ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылады. Ал ұлыстың келесі бөлігі – Мауараннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылған. Моғолстан аталу себебі, Шығыс деректерінде «монғол» сөзіндегі «н» әрпі түсіп қалып, «моғол» немесе «моғолстан» сөзі қалыптасып кеткен.
Мемлекетті кезінде Шағатай ханға адал қызмет еткен дулат тайпасының әмірі Поладшы басқарған. Әмір Поладшы бастаған дулат ақсүйектері Поладшының хан болуға құқы болмағандықтан, өздерін тыңдайтын, Шағатай ұрпағы Дува ханның немересі, он алты жасар Тоғылық-Темірді 1348 жылы Моғолстан ханы етіп сайлайды. Жетісу аймағы Моғолстанның солтүстік-шығыс жағын алып жатты. Ал бұл аймақтағы түрік тілдеп үйсін, қаңлы тайпаларының біздің дәуірімізге дейінгі III – II ғасырлардан өмір сүріп келе жатқандығын білесіндер. Одан кейін V-VI ғасырларда да бұл аймаққа түрік тілдес тайпалар келіп қоныстанды. Сондықтан да орта ғасырдан дамыған кезінде құрылған Моғолстанның негізгі халқы түрік тілдес тайпалар: дулат, қаңлы, үйсін, арғын, баарын, барлас, бұлғашы, т.б. ертеден осы өңірді өмір сүрген тайпалар еді. Бұлардың қатарында осы жергілікті халықтармен араласып, түркіленіп кеткен монғол тайпалары да болды. Мемлекеттің ұлттық құрамы онда қазіргі қазақ халқының негізін құрап отырған ру-тайпалардың басым болғанын, сөйтіп бұл мемлекеттің қазақ халқының мемлекеттілігінің бастауында тұрған елдердің бірі екендігін көрсетеді. Саяси тұрақсыздық орын алған күрделі кезенде билік басына келген Тоғылық-Темір хан елдің ішкі-сыртқы жағдайын жақсартып, XVI ғасырдың басына дейін билік еткен әулеттің негізін қалады. Хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп, бір орталыққа бағындырады. Мемлекеттің орталығы Алмалық қаласы болады.
Маңғыт ұлысы – Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Бат. Қазақстан жеріне іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік. Негізгі аумағы Еділ мен Жайық аралығы болғанымен, шығыста Жайықтың сол жағасына, солт.-шығыста Бат. Сібір ойпатына дейін, солт.-батыста Қазанға дейін, оңт.-батыста Арал, Каспий т-не дейін, кейде Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі алқапты қамтыды. Н. о. алғашында осы бірлестіктің негізін қалаған маңғыттардың атымен “Маңғыт Ордасы” аталған. “Ноғай” атауы бұдан кейініректе, алғаш орыс жылнамаларында (1479), кейін шығыс деректерінде (1500) пайда болған. Бұл атаудың шығу тегі туралы көптеген зерттеушілер 13 ғ-дың 2-жартысында Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғай иелігіне қараған ұлыс халқы “ноғай”, “ноғайлы” аталғандықтан деп санайды. Тарихи жазба деректерге қарағанда Н. о-ның негізін Едіге қалаған. Ол 15 жыл (1396 – 1411) Алтын Ордадағы билікті түгелдей өз қолына ұстаған тұста иелігіндегі ноғай ұлысы даралана бастады. Кастилия елшісі Р.Г. Клавихоның жазбасында Едіге ордасы 200 мыңнан астам жасақ ұстағаны айтылады. Ол Алтын Орданы өзі қойған хандар арқылы басқарып, “бектер бегі” немесе “ұлы әмір” атағына ие болған. Ибн Арабшахтың айтуынша, оның жиырма баласының әрқайсысы жеке иеліктерде билік жүргізіп, әскер ұстаған. Н. о-ның даралануы 13 ғ-дың 2-жартысында басталып, Нұр әд-Диннің (1426 – 40) тұсында аяқталды. Орт. – Жайық өз-нің төм. саласы, Сарайшық қ. болды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін пайда болған өзге де ордалар сияқты Н. о-нда этн. құрылымнан гөрі, саяси құрылым басым еді. Бас билікті “бектер бегі”, әмір атқарды. Негізгі бұқарасы “ұлыс адамдары” (ноян, мырза, князь, т.б.), “қара халық” деп аталды. Хан тағы тек Шыңғыс хан әулетінің ғана үлесі болса да, Н. о-ның саяси үстемдігі, экон. тіршілігі маңғыт әмірлерінің, яғни Едіге ұрпағының қолында болып, билік атадан балаға көшіп отырды. 15 ғ-дың орта шенінде ноғайлар Сырдарияның орта ағысындағы қалаларды басып алып, Шығ. Дешті Қыпшақтың саяси өмірінде Едігінің ұрпақтары Уақас би, Мұса мырза, Жаңбыршы, т.б. басты рөл атқарды. Ұлыстар мен ру-тайпалар арасында билік үшін, жайылымдық жер үшін үздіксіз күрес жүрді. Халқының негізгі кәсібі көшпелі мал ш. болды. Н. о-ның құрамына енген тайпалар (маңғыт, алшын, жалайыр, қаңлы, керей, қыпшақ, найман, ар-ғын, тама, т.б.) кейіннен қазақ халқының этн. құрамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.
18. Шайбани мемлекеті, Шайбани мемлекеті — Орталық Азиядағы ортағасырлық мемлекет (1500 — 98). Орталығы алғашында Самарқанд, 1560 жылдан Бұхара қаласы болды. Шайбани мемлекетінің құрылуы бұрын Дешті Қыпшақта тұрған көшпелі өзбек тайпаларынан шыққан Мұхаммед Шайбани ханның Мауераннахрды жаулап алуымен тығыз байланысты. Шайбани мемлекеті Каспий т-нен Тянь-Шаньға, Сырдариядан Орталығы Ауғанстанға дейінгі аумақты қамтыды. 1510 жылы Иран шаїы, Сефеви әулетінен шыққан Исмаил Қ Шайбани ханды талқандағаннан кейін Шайбани әулеті екі өзбек мемлекетіне бөлінді. Бірі — Мауераннахрдағы Шайбани мемлекеті де, екіншісі — оған тәуелді емес Хиуа хандығы (орталығы Үргеніш, кейіннен Хиуа) болды. Темір әулетінің бұрынғы хорасандық иелігі Иранға қарады. Көшпелі өзбектердің Дешті Қыпшақтан Мауераннахрға ауысуы нәтижесінде Шайбани әулеті қазіргі қазақ даласындағы ықпалынан айрылып, далалық жерлерде қазақ хандарының билігі орнады. Көшпелі өзбектердің отырықшы халықтың арасынан қоныс тебуі егіншіліктің біршама құлдырауына және суландыру құрылыстары жұмысының бұзылуына әкеп соқтырды. Жерді сыйға тарту, мұрагерлік жолмен меншіктену құқығы кең тарады. Шайбани мемлекетінде ірі жер иеленушілер, сопы шейхтары мен үлкен вакуфтарды иемденген мұсылман дінбасылары болды. Жердің бір бөлігі хан меншігі болып есептелді. Бұл жерді пайдаланған шаруалардан салық — харадж алынды. Барлық өзбектерді өз қол астына біріктірген Абдолла ханның тұсы Шайбани мемлекетінің гүлденген кезі болды. Ресей, Қазақ хандығы, Сібір хандығы мен Үндістандағы Ұлы Моғолдармен қатынас орнатылды. Бірақ үздіксіз әскери жорықтар мен билеуші топтардың арасындағы тартыстардың қолөнер мен саудаға тигізген зиянды зардабы зор болды. Шайбани мемлекетінің тұсында Мауераннахр мен Хорасанның түркі тілдес халқына “өзбектер” деген этнонимі бекіді. Абдолла хан тұсында мемлекет астанасы Бұхара болды да, кейінгі деректерде Шайбани мемлекеті Бұхар хандығы деп аталды. Бұхара қаласы ірі мәдени орталыққа айналды. 16 ғасырда Шайбани мемлекетінде белгілі ақын-жазушылар Хожа Хасан Нисари, Зайниддин Уасифи, Камал әд-Дин Бинаи, Абдурахман Мушфики, т.б. өмір сүрді. Шайбани мемлекетіне арналған Бинаидың “Шайбанинама”, “Футухат-и хани”, Мұхаммед Салихтың “Шайбанинама”, Хондемирдің “Хабиб-ас-сияр” тәрізді тарихи шығармалары да осы 16 ғасырда жазылды.
Сібір хандығы
19. . Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде ХІV-ХV ғғ. орын алған әлеуметтік-экономикалық және этникалық саяси өзгерістерден туған занды қүбылыс. Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Моғолстан мен Ноғай ордасы жаңа феодалдық мемлекеттердің қалыптасуына, халықтардың жіктелуіне жағдай жасады.
XV ғасырдың 40-50 жж. Әбілхайыр хандығының қурамындағы қазақ халқының бір бөлігі Барақ ханның інісі Керей мен баласы Женібектің теңірегіне топтасып Сырдарияның теменгі сағасына, Қаратау қойнауының шығыс бөлігіне шоғырланды. 1465-1466 жылдары Жетісудың батысындағы Шу мен Талас өзендерінің өңіріне Әбілхайыр хандығынан бөлінген рулар мен тайпалар квшіп барып Казақ хандығының шаңырағын көтереді. Жасының және жолының үлкендігіне қарай алғаш хан Керей болды. Қазақ хандығының қүрылуына байланысты шығыста Моғолстан, оңтустік батыста Әбілхайыр хандығы құрамындағы қазақ рулары мен тайпаларының Жәнібек пен Керейдің қол астына келуі бурынғыдан бетер күшейіп, қазақ хандығының шекарасы бірте- бірте кеңейе түсті. Алғашқы қазақ хандары Сырдария бойындағы қалаларды ездеріне қаратуға тырысты. Оңтүстік Қазақстанның қалалары үшін Әбілхайыр еулетімен соғыс Керей ханнан кейін қазақ хандығының тізгінін үстаған Бүрындық хан (1430-1511 жж.) мен Женібекгің баласы Қасым хан (1511-1523 жж.) тусында да толастамады.
Қасым хан тусында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығайып, жері кеңейіп, хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік- батыста Сырдарияның оң жағалауына, Аралдан Маңғыстауға дейін созылды. Қасым хан тусында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалып, орыс мемлекетімен қатынас қалыптасты. XVI ғ. 20 жылдары Қасым хан қайтыс болған соң Жошы урпағының өзара талас- тартысы қазақ хандығын біраз елсіретті. Өзбектер мен моғол билеушілері қазақтарға қарсы одаққа бірікті. Сырдария бойындағы қалалар қолдан шығып кетті.
Әлсіреген хандықты біріктіруге XVI ғасырдың екінші жартысында Қасым ханның баласы Ақназар хан өз үлесін қосты. Ол ноғай мырзаларының көбін өзіне тартып, Жайық өзенінің сол жағасындағы жерді қосып алды. Ол ойраттар мен моғолдарға қарсы шығып, Жетісудың шығысы мен оңтүстігіндегі жерлерді қорғап, Сырдария бойындағы Сауран мен Түрікстанды қайтарды.
20. . Қазақ халқының қалыптасуы көне заманнан - алғашқы қауымдық қурылыстың ыдырауы кезеңінен бастау алады. Ежелгі сақ, сармат, үйсін, қаңлылардың үрпағымен араласқан түрікгер Қазақстан жеріндегі этно- демографиялық жағдайға өзгеріс екелді. Ертефеодалдық мемлекеттер мен қоғамдық қатынастардың қалыптасуы, түркі тілінің халықаралық негізгі тілге айналуы, мәдениет пен діннің уқсастығы этникалық жағынан біртутастықты жеделдетті.
XIII ғ. басындағы монғол басқыншылығы Қазақстан жерінде жергілікті рулар мен тайпалардың бір халық болып қалыптасуына бір шама кедергі жасады. ХІУ-ХУ ғасырларда шаруашылық, қалалар қалпына келіп, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға үмтылыс барған сайын күшейе түсті. Қазақстанның ежелгі тайпалары өздерінің табиғи, экономикалық және саяси қалыптасқан жағдайларына байланысты үш этникалық-шаруашылық топқа бөлінді. Ұлы, Орта және Кіші жүз. Қазақ жүздерінің ерқайсының көшіп- қонатын жолдары мен жерлері болды. Осыған қарамастан олардың тілі мен материалдық медениетінде ешбір айырмашылық болмады.
XV ғ. екінші жартысы мен XVI ғ. қазақ халқының негізгі этникалық жерін мемлекет етіп біріктіру халықтың қалыптасу барысын тездетті. Женібек пен Керей хандығы нығайғаннан кейін, олардың қарамағындағы халық түгелдей қазақтар деп атала бастады.
Қазақ жүздерінің мынандай ішкі белгілері бар:
а) ішкі аумақтық тұтастық;
ә) этностық туыстық;
б) шаруашылық-мәдени бірлік;
в) саяси басқару ортақтастығы.
Осы ішкі белгілердің мәнін аша түсейік. Әрбір қазақ жүзінің тарихи қалыптаскан аумағы бар. Мысалы, Ұлы жүздің таралған аймағы — Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан; Орта жүздікі — Орталық, Шығыс, Солтүстік Қазақстан; Кіші жүздікі — Батыс Қазақстан. Қазақтың бір жүзге кіретін тайпалары өзара туыстас, тіпті бір атадан тарадық деп есептейді. Белгілі бір географиялық ортада, аумақта өмір сүргендіктен, жүздің құрамына кіретін тайпалардың өз арасындағы шаруашылық-экономикалық байланыстар басқа жүздерге қарағанда күштірек болады. Осы ішкі байланыстардың пәрменділігінің нәтижесінде белгілі бір тілдік-диалектілік, тұрмыстық-ғұрыптық ішкі тұтастық, өзара жақындық қалыптасады. Жүздер сонымен қатар басқарылуы жағынан да ішкі тұтастығымен ерекшеленеді. Әр жүздің өз төбе билерінің болғанын білеміз. Хандық заманда әр жүз өз хандарын сайлап отырғаны белгілі.
Қазақ жүздері күнделікті тіршілікте қазақ халқының шаруашылық, саяси аумақтық бөлшектері болды. Тыныштық замандарда ішкі этностық байланыстардың, қатынастардың көпшілігі жүздердің өз ішінде жүріп жатты. Дегенмен бұдан қазақ жүздерінің арасында саяси, шаруашылық-мәдени, этностық байланыстар болмады деген түсінік тумауы керек. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын, отырықшы не жартылай отырықшы ру-тайпалардың арасында өзара айырбас, сауда қатынастары жиі болды. Жүздердің көршілес жатқан руларының арасында құдандалық, тамырлық қатынастар да өркендеді.
Ішкі шекаралас аудандарда жер дауы, жесір дауы мәселесі де болып тұрды. Сондықтан жүздердің ішкі шекаралық аудандары қазақ халқының өзара мәдени, тілдік, тұрмыстық, шаруашылық бірлігіне дәнекер болған алтын көпір, үзілмес желі қызметін атқарды. Ал ел басына күн туған жағдайда, сыртқы жаулардан қорғану мәселесінде қазақ жүздері жұдырықтай жұмыла білді. Ол кезде "мынау бәлен жүздің жері, елі" деп бөлінбеді, бүкіл қазақ жері, қазақ елі үшін қай жүздің баласы болсын, жанын қиюға даяр тұрды. Қазақ жүздерінің ішкі бірлігінің, жалпықазақтық патриотизмнің, елдіктің озық үлгісін біз Жоңғар шапқыншылығы оқиғаларынан көреміз. Мұндай мысал көптеп саналады. Қазақ жүздерінің қордаланып қалған ішкі, сыртқы мәселелері жүздердің басы қосылған құрылтайларында, жиындарында шешіліп отырды.
Жүздер жөніндегі нақты деректер XVIII ғасырдың бірінші ширегінен бастап кездеседі. 1731 жылы қазақтардың бодандығы жөніндегі келіссөзге Кіші жүз арасына келген А.Тевкелев былай деп хабарлайды: "... қырғыз-қайсақ ордасы үш бөліктен, атап айтканда: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүзден (Үлкен орда, Орта орда, Кіші орда) тұрады.
21. Қазақтардың Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы, Сырым Датүлының кетерілісі Қазақстанда хандық билеу жуйесінің әлсірей бастағанын керсетті. 1319 ж. Абылайдыңүлы Уали қайтыс болғаннан кейін Орта жузге хан тағайындалмады. 1322 ж. патша үкіметі Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанский дайындаған Тібір қырғыздарының Жарғысын" бекітті. Жарғыға сай Орта жузде хандық билік жойылып, жаңа әкімшілік басқару жүйесі ендіріліп, Орта жуз қазақтары Сібір қырғыздарының облысы деп аталды. Обылыс сыртқы және ішкі округтерге бөлінді. Сыртқы округке Ертіс өзенінің арғы жағындағы қазақтар енді. Ішкі округтерге Қарқаралы, Көкшетау, Баянауыл, Аягөз, Ақмола, Күсмурын, Көкпекгі, Атбасар енді. Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды. Округтерді басқару аға сүлтан басқарған округтік приказдарға жуктелді. Аға султандарды тек султандар ғана сайлады, оларға ресейлік майор шені, ал он жылдан кейін дворяндық атақ берілді. Осылайша біртіндеп аға султан орыс әкімшілігінің сойылын соғатын қуралға айналды.
Округ - 15-20 болыстан, болыс - 10-12 ауылдан, ауыл - 50-70 шаңырақтан қуралды. Болысты - болыстық султан, ауылды - ауылдық старшина басқарды. Аға султандар үш жылға сайланды. Болыс султандарын сайлау мерзімі өмірлік болды. Ауыл старшиндары да үш жылға сайланып отырды.
Қазақстанның оңтустік аудандарында да хандық билік әлсіреп, қазақтар Сыр бойындағы қалалардан айырылып, өлке билігі әуелі Жүніс қожаға, кейін Қоқан хандығына өтеді.
Саяси куйзеліс Кіші жузде де орын алды. Патша үкіметі бекіткен әуелі султан Айшуақ, кейін Жантөре басқарған хандық кеңестің Кіші жуз қазақтарының арасында беделі болмады. XVIII ғ. аяғы - XIX ғ. басында Кіші жуздің едәуір бөлігі Еділ мен Жайық өзендерінің аралығына барып қоныстанып, Нуралы баласы Бөкей басқарған хандық құрды
Тауке ханның ішкі саясаты. Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар үшін ұзақ уақыт бойы жүргізген күресі XVI ғасырдың аяғында Түркістан мен оның қалаларын және Шайбани әулетінің аса ірі жері–Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосумен аяқталды. Бұл территорияларды Қазақ ханының құрамына қосу туралы 1598 жылғы шарт Мауараннахрдың Шайбани әулетінің орнына келген жаңа Аштархани Әулетінің өкілімен жасалды. Сөйтіп, Сырдария бойындағы қалалар үшін, Оңтүстік қазақстанның территориясы үшін бір жарым ғасырға созылған күрес уақытша аяқталды.
Алайда, Есім ханнан (1598-1628 жж.) кейін Қазақ хандығының жағдайы одан сайын нашарлай түсті, феодалдық қарқысулар ұлғайып, жоңғарлар Жетісудің бір бөлігін уақытша басып алып, бұл өңірде көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұхара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастаған кезде, қазақ ханы Жәнгір (1628-1652 жж.) Бұхара хандығымен одақтасып, жоңғар феодалдарынның шабуылына қарсы күресті. Жәнгір хан өз өмірінің деңін жоңғарлардың шапқыншылығына тойтарыс берумен өткізіп, оларға қарсы үшінші рет 1652 жылы болған шайқаста Жәнгір хан өлтірілді.
XVII ғасырдың аяқ шенінде қазақтардың әдеттегі қуқық (право) нормалары бір жүйеге келтіріліп, толықтырылды. Тәуке хан билік құрған кезде тұжырымдалған заңдар «Жеті жарғы» деген атпен мәлім, мұның өзі сөзбе–сөз алғанда «жеті ереже» деген сөз. «Жеті жарғыда» орта ғасырдағы қазақ қоғамының патриархаттық-феодалдық правосының негізгі принциптері мен нормалары баянды етілген. Ғылыми әдебиетте бұл заңдық (юридикалық) құжат (документ) «Тәуке ханның ережесі» немесе «Тәуке ханның заңдары» деп аталады. Деректемелерде «Жеті жарғының» авторы кім болғаны жөніңде мағлұматтар жоқ. Тарихи аңыздарға қарағанда, оны жасаушы Тәуке хан дейді: ол Күлтөбе деген жерде үш жүздің өкілдері болған билердің басып қосып, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» заңдарын «Жеті жарғы» деп аталатын нормаға біріктірген екен деседі. «Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық право нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған.
«Жеті жарғы» жеті заңнан құралды :
1. Жер дауы заңы (земельный закон)
2. Отбасы - неке заңы (семейно – брачный закон)
3. Әскери заң (военый закон)
4. Сот заңы (судебный закон)
5. Қылмысты істер заңы (уголовный закон)
6. Құн заңы (закон о Куне)
7. Жесір дауы заңы (закон о вдовах)
22.Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» - өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» - әкесінің аты, «мырза» - текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» - шыққан тайпасының аты. "Тарихи Рашиди" атты еңбекте қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті— Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар. Сонымен бірге бұл еңбекте ХV-ХVI ғасырлардағы Оңтүстік жөне Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, орта ғасырлық Қазақстандағы Жетісудың тарихи жағрапиясы, қалалық және егіншілік мәдениеті туралы құнды мәліметтер бар. 1533 жылы хандық таққа қайта отырған Абу-ар-Рашид, өз тайпаларынан қауіп тоне ме деген оймен, оларды қуғындай бастады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің немере ағасы Сайд Мүхаммед мырза Дулатты өлтірді. Мүхаммед Хайдар Дулати Үндістанға қашып кетті. Онда ол Ұлы Моғолдар сарайында әскерлерді басқарды.
Қайырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр) деп аталған бұл кісі ХVI-ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген. Бұл — қазақ тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. "Жинақтың" тілдік құрылымын, жазу мәнерін зерттеп, көрнекті ғалым Р.Сыздықова арнайы кітап жазған ("Язык", "Жамиат-тауарих", "Жалаири", Алматы, 1989 жыл). Қадыр Әлі деректеріне Шоқан Уәлихановтан бермен қарай талай тарихшылар, зерттеушілер сүйеніп келеді. Туған жері — Қазақстан жеріндегі Сырдария бойы. Қадырғалидың ата-бабалары Қарахандар әулеті билігінен бері үздіксіз хан сарайында қызмет етіп, ханның ақылшы-кеңесшісі, қол бастар батырлары болған. Оның өз атасы Темшік Шығай ханның батыры болса, әкесі Қосым бек лауазымын иеленген. "Жылнамалар жинағының" жалғыз көшірме данасын Қазан Университеті кітапханасына татар галымы И.Халфин тапсырған екен. Сол көшірмені шығыс қолжазбалар жинағына бастырғанда профессор И.Н.Березин былай деп алғы сөз жазыпты: "Біз шығармаға қандай ат берілгенін білмейміз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад-Диннің әйгілі туындысының қысқаша аудармасынан тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға бере аламыз". Сөйтіп, ол Қадыр Әлі еңбегін оның нағыз аты анықталатын көшірмесі табылғанша "Джами ат-Таварих" — "Жылнамалар жинағы" деп атауды ұсынған. М.Қойгелдиев былай дейді: "Өкінішке орай, қолжазбаның кейінірек Петербургтен табылган екінші көшірмесінде де еңбектің автор берген аты жоқ болып шықты да, ол сол "Джами ат-Таварих" — "Жылнамалар жинағы" атанған күйінде қала берді. Бұл жағдай тарихшы ғалымдар арасында Қадыр Әлі би еңбегінің дербес деректік мәнін тура бағалауға едәуір кедергі жасады, басқаша айтқанда, оны Рашид ад-Дин жұмысының түрікше нұсқасы ретінде ғана қарауға негіз болды". ("Қазақ тарихы" журналы, 4-нөмір, 1994 жыл.)
23. XVI - XVII ғғ. Қазақстан өлкесінде Сығанақ, Түрікстан, Сауран, Отырар, Сайрам, Жент және т.б. қалалардың өркөндеуі, қазақ халқының дамуына, хандықтың нығаюына үлкен әсерін тигізді. Олардың ішінде Түрікстан қаласы қазақ хандығының астанасы болады. Қалаларда көбінесе сарай маңындағылармен және ескерлерімен хандар тұрды. Қазақ қоғамында хан мемлекет басқарушысы, қарулы күштердің басшысы болып саналды. О/лтандар мен билер ханға жүгінді. Руларды сүлтандар биледі. Казақ хандарында турақты ескер болған жоқ. Тек сырттан қауіп туған жағдайда жасақ қурылып отырды. Оған ербір жауынгер өз атымен, қару-жарағымен келуге тиіс болды. Қоғамда материалдық байлықты өндірушілер халықтың көпшілігін қураған шаруалар еді. Малшылардан зекет, егіншілерден үшыр салықтары жиналды.
Қазақ халқы өте ауыр көзендерді басынан кешірсе де өзінің ертеден қалыптасқан медени мүраларын сақтап қалды. Халықтың квсібінде: үсталық, зергерлік, кен өндіру, етікшілік, былғары илеу, тігіншілік, үй салу т.б. қол өнері басым болды.
Қазақтар арасында ислам діні кеңінен тарады. Оны таратуға Сыр бойындағы қалалар айырықша рөл атқарды. Осыған қарамастан ислам діні, ер түрлі саяси қайшылықтарға байланысты, халық арасында, есіресе далалық өңірде, терең тамыр жая қойған жоқ. Сондай-ақ қазақ халқының арасында алуан турлі ауыз едебиеті кең өріс алды. Сол кездегі ауыз едебиетінің өкілдері - Шалкиіз, Доспамбет, Жиембет т.б. жыраулар. Олар сол кездегі шиеленіскен саяси күрестің қиын-қыстау көзендерін, халықтың өмірі мен түрмысын, батырлардың ерлігін жырға қосты. ХУІ-ХУІІ ғғ. қазақ тіліндегі жазба әдебиеттері діни және аңыздық мазмүндағы кітаптар түрінде таралды, тарихи шығармалар мен ру шежіресі жасалды. Осы кездегі қазақ тарихи едебиетінің маңызды ескерткіші Қадырғали Жалаиридің "Жами ат-тауарих" шығармасы.
24. Қазақ халқының материалдық мәдениеті осы аймақты мекендеген ертедегі көшпелі тайпалар мәдениеті мен орта ғасырларда өркендеген отырықшы және қалалық мәдениеттің дәстүрлерін жалғастырды. Ғылыми зерттеулер мен археологиялық қазбалар XV ғасырдан кейін Қазақстан жерінде қалалар құлдырап кетті деген пікірді өзгертуге мүмкіндік берді. Жергілікті құрылыс мәдениетінің жоғары дәрежеде болғанына XV—XVIII ғасырлардағы Яссы (Түркістан), Сауран, Отырар, Сығанақ, Сайрам тәрізді қалалар, Орталық Қазақстандағы Домбаул, Алашахан, Жошыхан ғибадатханалары, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстаудағы сәулет ескерткіштері куә. Осы сәулет үлгілерін салуда халықтық мәдениеттің озық және тапқыр шеберлері жарасымдылықтың, үйлесімдік пен тұтастықтың шешімдерін таба білген. Ислам діні тірі жанды суретке түсіруге тыйым салғаны белгілі. Сонда да қыш құмыра әшекейлеріндегі түбі сонау сақтардың «аң» стилінен басталған қазақтың ою-өрнектері тіршілік иелерінің нобайын бейнелеген. Мысалы, Жошыхан ескерткіші тек өнер туындысы ғана емес, ол дәуір тынысын, дүние тылсымын жеткізіп тұрған ғимарат. Белгілі сәулетші Т. Бәсенов: «Өзін талдап түсінуге қуат болатын қазақ сәулет өнерінің ою-өрнек қазынасы жинақталған өзінше бір музей» (Памятники архитектуры в районе Сам. — Алматы, 1947. — С. 39), — деп жазады. Бұл жерде айта кететін тағы бір жай бар. Кейбір мәдениет зерттеушілері Қазақстан жеріндегі ғимараттар Орта Азия сәулет көшірмесі дегенге саятын пікір айтады. Егер біз ғимараттарға көрік беретін күмбезге назар аударсақ, байқайтын нәрсеміз, күмбездік шатыр жабын мен шаңырақтың құрылымдық бірлігі. Шығыстанушы А.Н. Бернштам күмбезді дарбазалы сәулеткерліктен кейін бүкіл Орта Азия сәулет өнерінің өзегі болған үш нәрсені — құрылыстың күмбезді қаңқасын, портал мен ойма қыштардан құрастырылатын декордты ерекше бөліп қарап, мұндағы күмбез идеясы мен оны тұтас жүзеге асыру көшпелі-малшы қауым мекендеген солтүстіктен алмасқан деп есептеген. Алайда қазақ хандығының қалалық мәдениетінің одан әрі өркендеуіне сыртқы жағдай онша қолайлы болмады. Жоңғар шапқыншылығы, Орта Азия хандықтарының толассыз шабуылы, ең бастысы — батысынан және шығысынан шыққан екі империяның — Ресей мен Қытайдың жаугершілік саясаты салдарынан қазақ халқы отырықшылықтан гөрі жылжымалы киіз үйге қайтадан көбірек қөңіл бөлді.
25. Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы үш кезеңге бөлінеді:
Жыраулар кезеңі (XV ғасыр — XVIII ғасырдың бірінші жартысы.
Ақындық кезең (XVIII ғасырдың екінші жартысы — XIX ғасырдың бірінші жартысы).
Айтыс кезеңі (XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басы).
Жыраулар мектебінің белгілі өкілдері — Қазтуған, Асан қайғы (XV ғасыр), Доспамбет жырау (XVI ғасыр), Шалкиіз жырау (1465—1560 жылдары), Жиембет жырау, Марқасқа жырау (XVII ғасыр), Ақтамберді жырау (1675—1768 жылдары), Тәтіқара ақын (XVII ғасыр), Үмбетей жырау (1706—1778 жылдары), Бұқар жырау (1693—1787 жылдары), Шал ақын (1748—1778 жылдары), Жанақ ақын (1770—1856 жылдары), т.б. жатады. М.Әуезов жырау деген атакка ие болған шығармашылық өкілінің өз ортасында ерекше салмағы бар қоғамдық тұлға екендігін айта отырып, оның негізгі функциясы елеңшілік емес, елге басшылық жасап, басалқы айту болатын олар хан қасындағы қалың елдің ішінен қосылған қариялар кеңесінің өкілдері деген тұжырым жасайды.
Жыраулар шығармашылығының ақындық поэзиядан негізгі ерекшелігі — жыраудың тек үлкен эпостарды жырлайтындығымен ғана емес, елдің іргелілігі үшін ақылгөйлік, көрегендік, даналық сөздер айтатын көсемдік табиғатымен тікелей байланысты.
XVIII—XIX ғасырлардағы жыраулар поэзиясында еліміздің тарихы көрініс тапқан. Тек ауыз әдебиеті шығармаларын тарихи дереккез ретінде қарастырғанда, біз бірінші кезекте әрбір тарихи деректің дәлдігімен қатар тарихи оқиғалардың желісін іздейміз.
Қорқыт — бүкіл түркі өркениетіне ортақ ортағасырлық тұлғалардың бірегейі. Қорқыт — әулие, ақын, жырау, сазгер, қобызшы болған. Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер бүкіл түркі халықтарында кездеседі. Ол оғыздардан шыққан, руы — баят, әкесінің аты Қарақожа делінеді. Шешесі қыпшақ руынан.
Қорқыт қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының, жерінде, Сырдың бойындағы ортағасырлық, Жаңакент деген қалада VIII—IX ғасырларда дүниеге келген. Бұл оғыз тайпаларының Сырдың ортаңғы, төменгі ағысында өмір сүрген кезі болса керек.
Қорқыттың сегіз қырлы күмбезді, қазақтың киіз үйі тәріздес мазары Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты темір жол станциясына жақын Сырдария өзенінің жағасында болған.
Асан қайғы — XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген ақын, философ, аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап жүретіндіктен, замандастары оның Асан атына "қайғы" деген сөз қосып, Асан қайғы атап кеткен. Алтын Орданың ыдырау дәуірінде өмір сүрген Асан қайғы, алдымен, Сарайда, кейін Қазанда Ұлұғ-Мұхаммед ханның ықпалды билерінің бірі болған.
Егде тартқан шағында Дешті Қыпшаққа қайтып оралады, өмірінің соңғы кезеңі жаңа құрылған Қазақ мемлекетінде, Жәнібек пен Керей хандардың төңірегінде өтеді. Асан қайғы — кептеген нақыл сөздердің, афоризм, философиялық толғаулардың авторы. Бұлардың бізге жеткен жұқаналарынан көне заманға тән кейбір суреттерді, қазақ халқының құрылу кезеңіндегі белгілі тарихи оқиғалардың елесін танимыз.
Қазақ халқының XV—XVII ғасырлардағы рухани мәдениеті әткен замандар мәдениетімен, оның ең құнды дәстүрлерімен сабақтас болды. Ауыз әдебиеті мазмұны жағынан барынша байып, жетілді. Тарихи өлең-жырлардың негізгі тақырыбы — қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі болды.
XV ғасырдың соңы — XVII ғасырдың бас кезі қазақ халқының өз алдына дербес хандық құрып, феодалдық мемлекеттің іргетасын қалап, нығая бастаған кезі. Осы кезден қазақ халқының ұлттык, мәдениетінің езіндік бет-бейнесі айқындала бастады. Ол, әсіресе халықтың әдебиетінен, қолөнерінен және әдет-ғұрпынан байқалады. XVI ғасырдың мәдени мұрасы — кейбір жазба ескерткіштерінің таза қазақ тілінде жазылуы соның дәлелі ("Құтты білік", "Ақиқат сыйы", "Жылнамалар жинағы", т. б.).
XV—XVII ғасырларда өмір кешкен ақын-жыраулардың поэзияларынан халықтың ой-ерісін, салт-санасын, тілек-мақсатын айқын аңғарамыз. Олар толғауларында халықтың небір нәзік сырларын, келер ұрпаққа айтар өсиетін, мұң-мұқтажын, қуаныш-сүйінішін, қайғы-қасіретін аша білді. Біз оны XV—XVII ғасырларда емір сүрген қазақ даласының қоғамдық-саяси, әлеуметтік ой-пікірлерінің көшбасшысы болған жыраулар: Доспамбет, Сыпыра, Қазтуған, Асан қайғы, Бұқар жырау толғауларынан байқап біл
26: Қазақ хандығындағы Тәуке тусындағы біршама тыныштық ұзаққа созылмады. Қазақ жерлеріне жоңғарлардың шапқыншылығы қайтадан 1710- 11, 1713 және 1713 жж. етек алды. 1723 ж. олар қазақ тарихына "Ақтабан шубырынды" деген атпен енген шешуші шабуыл жасап, қазақтарды атамекенінен қуып, тоздырып жіберді. Шапқыншылықтың басты ауыртпалығы Ұлы жуздің Жетісудың халқына тусті. Жау араға көп уақыт салмай Орта жуз бен Кіші жуздің жеріне жетті. Босқынға үшыраған халық Орта Азияға қарай шубырды. Осы ауыр жылдарда қазақтың қаралы ені 1,Елім-ай" дүниеге келді.
Жаппай босу, аштық қазақтардың қайрат-жігерін уштады. 1726 ж. Кіші жуздің айтулы батырларының бірі Тайлақ және оның жиені Ұлы жуздің Ошақты руынан шыққан Санрық батыр бастаған қазақ жасақтары Бүланты өзенінің жағасындағы мҚара сиыр" деген жерде қалмақтарға есеңгірете соққы берді. Жеңіске қол жеткен жер кейін ғҚалмақ қырылған" деп аталды. Жеңіс туралы хабар қазақ даласына тарап, алты алаштық рухын көтеріп оларды күреске шабыттандырды.
1729 ж. кектемде Балқаш көлінің маңында қазақтың үш жузінің біріккен қолы қалмақ ескерлеріне екінші рет куйрете соққы берді. Бүл жер кейін "Аңырақай" деп аталып кетті. Жоңғарлардың ескері Іле өзені бойымен Шығысқа қарай шегіне бастады. Бірақ осы туста Тәуке ханның баласы Орда иесі Болат хан қайтыс болып, қазақ хандары Ордадағы билікке таласып, жоңғарлар толық талқандалудан аман қалады.
27. Қазақ даласының Ресей экономикасы үшін алатын орыны ерекше болды. Өйткені Орта Азияға баратын жолдар Қазақстан арқылы етті. Ресей мемлекеті қазақ хандықтарына барған сайын кеп көңіл аударып, Петр І-нің нусқауымен қазақ жерін зерттеу жумысы басталды. 1716 ж. Омбы, 1717 ж. Железинск қамалы, 1713 ж. Семипалатинск қамалы салынды. Осылайша Ресейдің шығыстағы шекарасы Қазақстан жеріне жақындай түсті. Енді ол Қазақстанды біртіндеп жаулап алуды ойластырды. Бұл кезде қазақ хандығының ішінде феодалдық бытыраңқылық күшейіп, ер жуздің өзінің ханы болды. Өз кезегінде ру басшылары мен султандары хан билігіне бағынбай, беліне бастады. Жоңғарлармен болған Аңырақай шайқасынан кейін Кіші жуз ханы Әбілқайыр, Ресеймен мәмілеге келуді ойластырып, 1731 ж. ақпан айында Ресейге Сейітқүл Күндағүлүлы мен Күтлымбет Қарштайүлы бастаған елшілік жібереді. Әбілқайырдың елшілігі Ресей үкіметі үшін кутпеген олжа болды. Орыс патшасы Анна Иоанновна Әбілқайырдың Кіші жузді Ресей империясының құрамына қабылдау туралы үсынысын қабыл алып, Қазақстанға А.И.Тевкелов басқарған елшілік жібереді.
Әбілқайырдың бүл шешімін Кіші жуздің ру басылары толық қолдай қойған жоқ. Барақ сүлтан түбірінен қарсы болса, Богенбай батыр орыс үкіметінің билігін мойындағанымең Кіші жуздің дербестігін сақтап қалуға тырысты. Тіпті, орыс елшісін елтіруге бел байлағандар да болды. Осыған қарамастан 1731 ж. қазан айының 10-ы жүлдызында Әбілқайыр мен оның саясатын қолдаған Кіші жүздің 27 старшинасы Ресейдің қол астына кіруге ант берді. Әбілқайырдың бүл шешімі қазақ өлкесінің Ресей құрамына қосылуының алғашқы қадамы болды. Екі жақтың да көздеген мақсаты болды. Әбілқайыр Ресей үкіметінің қолдауына сүйеніп, езінің қарсыластарын влсіретуге тырысты. Патша үкіметі Кіші жүз ақсүиектерінің алауыздығын пайдаланып өзінің әкімшілік және саяси шараларымен Қазақстанның батыс аудандарын отарлауды көздеді.
28. Әбілқайыр (Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур хан) (1693 — 12.08.1748) — хан, қолбасшы, 1718—1748 жж. билік құрған Кіші жүз ханы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, айқас-шайқастарды ұйымдастыра білуімен даңқы шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды.
Жошының бірінші ұлы Орда-Еженнен тарайтын — Өсеке ұрпағы, Қажы сұлтанның баласы.
1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты Бөгенбай батыр тағайындалды.
18 ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді. Әбілқайыр қазақ хандары мен сұлтандарының алауыздығы артып, сыртқы қауіп күшейген шақта Ресей империясына арқа сүйеуді ойлады. Әбілқайырдың Құндағұлов Сейітқұл мен Көштаев Құтлымбет бастаған елшілігі Петербургке барып (1730), Ресей сыртқы істер министрлігі коллегиясының М. Тевкелев бастаған елшілігі оған келді (1731). ( Құндағұлұлы елшілігі, Құтлымбет елшілігі). Елшілік қазақ ұлысын Ресейдің қарамағына алу туралы келіссөз жүргізді. Әбілқайыр 1731 қазанда Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді (Бұл антты 1738, 1740, 1742 қайталады). Ант беру арқылы ол Ресеймен тату тұруды, оның қарамағына өткен башқұрт пен Еділ қалмақтарының қазақ қоныстарына шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғар қалмақтарының қол астында қалған қазақ жері мен қалаларын қайтарып алуды, империя әкімшілігіне сүйеніп, қазақ арасындағы беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді, хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен қалдыруды көздеді. Сөйтіп ол жеке мүддесімен бірге халықты апаттан сақтауды да ойлады. Алайда Ресей саясаты да тереңде жатты. Империя қазақ жерін бүтіндей отарлауды ойлады. Әбілқайыр Петербург сарайы мен оның Орынбор әкімшілігінің саясатын дер кезінде түсінді. Ханның өз ұлы Қожахметті аманаттан қайтарып алудағы Ресей әкімдерімен тартысы, императрицалар Анна Иоановнаның, кейіннен Елизавета Петровнаның талаптарына мойынсұнбауы, Кіші жүзде дербес саясат жүргізуге тырысуы, ел тәуелсіздігін сақтау бағытындағы шаралары отаршылдықтың барлық көріністеріне қарсылығын байқатады. Орыс үкіметімен әртүрлі қатынастарды үзбей, Әбілқайыр, сонымен қатар, жоңғар қоңтайшысы Қалдан Серенмен (Цэренмен) астыртын байланыста болды.
29. Абылай (Әбілмансұр) хан — (1533—1537) билік құрғаны. Абылай хан (1711-1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек. 1738-1741 ж. Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншылырына бірнеше мәрте соққы берді. 1742 ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күрестің ең белсенді ұйымдастырушыларының біріне айналған Абылайдың жау қолына түсуі қазақ қоғамында абыржушылық туғызып, Абылайды босатып алу үлкен саяси мәселеге айналады. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Төле би мен Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатып алуда ара түсуге өтініш жасайды. Бұл деректің шындық екенін осы кезеңде Орынбор губернаторы И.Ш.Неплюев пен Әбілқайырдың өзара жазысқан хаттары да дәлелдей түседі. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастап 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Бұл жөнінде Неплюевтің сыртқы істер коллегиясына жазған хатында қазақтар мен қалмақтар бітімге келіп, бірігіп кете ме деген қауіп те білдірген. Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765 — 67 ж. А. қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қ-лары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды.
30, Кіші жүз Ресейге қосылған соң орыс мемлекеті, шекаралық аймақтарда әскери бекіністер салумен қатар, қазақтарға алым-салықты көбейтіп, патша екімшілігінің пайдасына халықтың малын, қаржысын алып, ездерін бағынышты етіп үстағысы келді. Әскери бекіністерге көшіріліп екелінген орыс казактары қазақ ауылдарына жиі-жиі шабуыл жасап, малдарын айдап екетіп, адамдарына зорлық-зомбылық керсетті. Каспий теңізінің солтустік батысындағы қүнарлы жерлер орыс помещиктеріне берілуі қазақтардың дестүрлі мал жайылымын мейлінше тарылтты.
Осының бері халықтың наразылығын күшейтіп, Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының 1773-1775 жылдардағы Е.Пугачее бастаған шаруалар соғысына қатысуына себеп болды. Патша үкіметінің билігін елсірету мақсатымен сүлтандар Ералы, Досалы, Айшуақ кетерілісшілерге қолдау көрсетті. Пугачее кетерілісі жеңілгеннен кейін де қазақтардың қозғалысы тоқтамады. Оны Сапура Матенқызы, Досалы және Сейдалы о/лтандар басқарды. Қазақтардың бас көтеруінен үрейленген патша үкіметі 1775 ж. 7 қарашадағы жарлығымен қазақтарға қыста Жайық пен Еділ өзендері аралығындағы, Каспий теңізі жағалауындағы, Ертіс пен Жайық өзендерінің оң жағалауындағы, Ембі мен Сағыз өзендері төңірегіндегі жайылымдарды пайдалануға рүхсат етті. Бірақта жергілікті жерлердегі орыс екімшілігі жоғарыдағы қазақтарға берілген жеңілдіктерді жүзеге асырмауға немесе шектеуге тырысты. Осыған байланысты 1733 ж. күзінен Кіші жүзде Байбақты руының старшыны, батыр Сырым Датүлы бастаған жаңа көтеріліс басталады. Сырым Датүлы патша ескерлерімен ашық соғысқа бармай, партизандық үрыс жүргізді. Жазалаушылар көтерілісшілерді кездестіре алмағандықтан қазақтардың бейбіт ауылын тонады. Ол ез кезегенді кетерілісшілердің қатарын есіріп, 1735 ж. көтеріліс Кіші жүздің басым бөлігін қамтыйды. Патша үкіметі амалсыздан көтерілісшілермен келіссөз бастауға межбүр болады. Көтерілісшілер Иүралы ханды тақтан тайдыруды, Жайық пен Еділ арасындағы жерді қайтаруды талап етеді.