Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих_Тоша.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.4 Mб
Скачать

41.16 Ғ. 20-30 ж.Ж. Қазақ хандығының «уақытша әлсіреуі»

М . Х. Дулатидің айтуына қарағанда Қасым хан қайтыс болғаннан кейін таққа оның ұлы Мамаш отырған.

Мамаш хан — (1521—1522) билік құрғаны. 16 ғасырдың басында нығайған Қазақ хандығының жағдайы аталмыш ғасырдың 20-жылдарынан бастап әлсірей бастады. Қазақ хандығын нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсаған Қасым хан қайтыс болғаннан соң оның мұрагерлері арасында өкімет билігі үшін ішкі талас пен қырқыстар туды. «Тарихи Рашидидің» авторы Мұхаммед Хайдар Дулати айтқандай: «Қазақ сұлтандары арасында дау- дамай басталды». Мамаш ханның билеу оқиғалары бізге мәлім емес. Ол көрсоқыр, түсініксіз соғыстың құрбаны болған.

Мамащ хан өлгеннен соң Қазақ хандығында тағы да «үлкен алауыздық» басталды. Ақыр- соңында Жәнібек ханның немересі, Әдік сұлтанның ұлы Тахир хан болады.Тахир хан — (1523—1533) билік құрған. Тахир хан ел билеуге қабілеті төмен, әскери-саяси және елшілік істерге олақ адам еді. Ол феодалдық қырқыстарды тия алмады. Қасым хан тұсында бибіт қарым –қатынаста болған елдермен өзара қарым қатынасы күрт нашарлап кетті. Көрші елдердің көпшілігімен: Шайбани әулетімен, Ноғай Ордасымен және Моғолстан хандарымен де жауласты. Бұл соғыстарда қазақтар жеңіліп, Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің біраз бөлігінен айырылып, оның ықпалы тек Жетісуда ғана сақталып қалды. Тахир хан Жетісуға қашып барып Моғолстан ханына қарсы қырғыздармен одақ жасасты. 1527 жылдан кейін ол көбінесе қырғыздарды биледі, ойрат-жоңғарлардың Жетісуға жасаған шабуылына қарсы күресті. Мемлекеттік билік құлдырап, мемлекеттің шекара аумағы қысқара түсті. Тахмр мырза Хайдардың айтуынша қырғыздар арасында жоқшылық коріп өлген.

«Тарихи Рашиди» авторының айтуынша, Тахир ханнан кейін билікке Бұйдаш келген.

Бұйдаш хан — Жәнібек ханның немересі, Әдік сұлтанның ұлы, Тахыр ханның інісі. Деректерге қарағанда, 16 ғасырдың 30-жылдарында қазақта бірнеше хан болған: Батыс бөлікте Ахмет (Ахмад) хан, орталықта — Тоғым хан және Жетісу аймағында Тахыр хан. Ол қайтыс болған соң (1533), Жетісу өңірінде (деректе Моғолстанда деп жазылған) Бұйдаш хан билікке келеді. Оның 20 — 30 мың адамдай әскері болған. Бұйдаш ханның билігі қырғыздардың бір бөлігіне де тараған. “Тарих-и Рашидиде” Бұйдаш хан 1533/34 жылдан кейін қайтыс болды делінсе, Қадырғали Жалайыри Барақ ханның ұлы Дербіс сұлтанмен соғыста өлді деп жазады. Осы соғыста Әдік сұлтаннан тараған 24 сұлтан қаза табады. Бұйдаш ханның ұрпақтарының тағдыры белгісіз. Осымен Қазақ хандығының әлсіреуі тоқтап, 1538 жылы Хақназар ханның келуімен хандық қайта жандана бастады.

42. Хаkназар ханның тұсындағы Қазақ хандығы. (1538-1580 ж ж.).

Хакназардың тегі ол Қасым ханның ұлы, Жанібектін немересі, Барак ханның шөбересi, Құйыршықтың шөпшегi. Қасым ханнан кейiнгi хан болган Мамаш, Такыр, Бұйдаш тусында Казак хандығының саяси жагдайы нашарлайды. Хакназар хан болrанша хандык iшiнде билiк үшiн талас-тартыс ұзақ, жылдарға созылады. Жағдай хандык билiк Хакназардың колына тиген кезден бастап кайта жандана бастаган. Тарихи зерттеулерге караганда, Хакназар әкесі Қасым ханның жаксы касиеттерін алған. Ел баскаруда сабырлы, акылды болған. Хакнаэар хан өзінің осындай саясаткерлігінің аркасында Ноғайлармен карым-қатынаста дұрыс шешiмiн тауып отырган. Miнe Хакназардың хандык құрған кезінде оның хандык өкіметін дурыс басқара бiлуiнiң арқасында казак хандыгынын куаты өсiп, саяси өрлеуi арта түсті. Хақназар хан елінің саяси бытыранкылығын жойып, бiр орталыктан баскаруды колына алған соң, хандыктың халықаралык жағдайын нығайтуға әрекет жасаған. Сондықтан да қазақ хандығының сырткы жаrдайында аса ipi окиғалар болды. Хан өзiнiң сыртқы саясатында Моғол хандығымен, Ноғай ордасымен, өзбектермен, орыстармен карым-катынас жасауды өзiнiң басты мiндетi деп ұстады. Моғол ханы Абд ар-Рашид Жетiсу мен Ыстықкөл аумағындағы жерлердi басып алу ниетiмен XVI ғасырдың 50-60 жылдары Қазақ хандыrына карсы үлкен соғыс бастады. Бұrан карсы күреске Хақназар хан қазақ-кыргыз одағынын әскерлерін пайдаланды. Бұл шайқастаң бірінде Абд ар-Рашидтің баласы каза тапты. Жетiсуда ойраттардың тонаушылык жорықтарының жиiлеуi Жетiсу казақтарының жағдайын ауырлата түсті.

Моғол ханына қарсы соғыстар салдарынан Хақназар хан Жетісудың бiршама жерiн уысынан шығарып алды. Дегенмен 1570 жылдардың аяғында Жетісудың батыс бөлiгi Шу, Талас өңipi оның билiгiнде болды.Ноғай ордасы ыдырауына байланысты халқының біраз бөлігі Қазақ хандығына қосылады. Хақназар ертеден жауласып келе жаткан Шайбани хан әулетiмен жақсы катынас орнатуга ұмтылды. Ташкент каласын басып алуға бағытталған соғыс қимылдарын токтаты. Сөйтiп Бұхар ханы Абдаллах пен казак ханы Хақназар хан "Дос болып, өзара кемектесу" жөнiнде "ант берiскен шарт" жасасты. Нәтижесiнде соғыс кимылдары токтап, бейбiтшiлiк орнады. Бұл шарт қазақ хандығы үшін оте тиімді болды. Алайда өзбек ханы Абдаллах пен Ташкент билеушi Баба султан арасында билiк үшiн талас басталады. Хақназар бұл таласты пайдаланып, оларды әлсiрету үшiн жасырын турде екеуін де колдайды. Өзiн қолдағаны үшiн Абдаллах хан оған Түркістан аймаrындағы бiрнеше қаланы сыйға берген. Ал Баба сұлтан да өзiн қолдағаны үшiн Түркістан, Сауран калаларын қазақ ханына сыйға бередi. Алайда, 1579 жылы қазақ сұлтандарынығ Абдаллах ханды жактамак болған арекеттерiн Баба султан сезiп калып, жансыздарын жiберiп, Хакназарды және жанындағылары 1580 жыл өлтіртеді. Хақназар хан тұсында қазақ хандығынын тарихында өзгерістер болды. Мәселен, 1569-1573 жылдары орыс елшiлерi Семен Мальцев пен Третьяк Чебуков Казак хандыrында болып кайткан. Сондыкган да Хакназар хан тұсында қазақ хандығы Москва мен сауда байланыстарын орнатып, саяси карым-катынас жасады. Қорытындылай келгенде, қазақ хандарының iшiнде Хакназар өзiнiң хандык билiгi кезiнде, төңiрегiндегi елдермен дипломатиялык қатынас жасаудың көрнекті үлгiсiн жасаған қайраткер болды. Өз елінің әлеуметтiк-экономикасын кетерген, жерінің аумағын кеңейткен, сол үшiн жан аямай қызмет еткен атакты хандардын бiрi болды.

43.Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығы. Тәуекел билік басына 1582 жылы келіп, Қазақ хандығын 16 жыл биледі. Тәуекелдің тегі: Ол Шығай ханның баласы, ал Шығай Жанібек ханның Жәдік деген баласынан туған. Тауекел хандық билiкке талай ауыр тарихи азапты жолдарды басынан өткiзiп келген адам. Ол алғашкы кезде XVI гасырдын 80- жылдарынын басында өзінің жасауылдарымен Бұхар ханы Абдаллах пен бірге Баба султанға карсы күрескен. Оның себебі Хақназар ханның кегін қайтару еді.. Ол бұл максатына жеттi де. Бiр шайкаста Баба султанды олтіріп, басын Абдаллах ханга апарып бергенде ол оған Самарканд аймагындағы табиғаты тамаша Африкент уәлаятын сыйға тартады. Алайда Тауекел Абдаллах ханды тастап, озинін Дештi Қыпшагына оралған. Тауекелдің Абдаллах ханнан кетуінің бiрнеше себептерi болған Онын бiрiншiсi өзіне жасалуы мүмкін кауiптен сескенген. Екiншiден, Абдаллах хан уәде еткен Туркістан аймагынан бермек болған төрт каланы бермеген. Тәуекел хандык билiктi алган кезiнде Казак хандыгынын сырткы жагдайы өте ауыр жағдайда болған. Бiрiншiден, Тауекел хан жане қазақ Сұлтандары өздерінін одактасы болып журген Абдаллах ханды тастап кетiп, ендi өздерiне жау тауып алған едi. Екiншiден, хандыктын шығыс жағында моғoлдар мен жонғарпар қазақ жерiне кауіп туғызып отырған. Алайда Тэуекел бұл жағдайға онша мән бермедi. Тәуекелдің алдына қойған басты мақсаты өзбек хандығына кеткен қалаларды қайтару болды. Тәуекел билiк құрған кезден бастап оңтустік өңірлердің есебiнен Қазақ хандыгынын ipreciн кеңейтуді ойластырды. Абдаллах хан өзiнiң бакталас бәсекелесі, Баба сұлтанды өлтірган соң, бiр кезде Баба султанга кол ұшы берген, қазақ сұлтандарын жазалау шараларын бастады. Абдаллах ханның бұл әрекеті казак сұлтандарының наразылыгын тудырды. 1583 жылы Тауекел хан өзбек ханымен жасаскан "ант берiскен шартты" бұзды, Сөйтiп, Тәуекел хан көп әскермен Абдаллах ханға шабуыл жасап, Сауран, Түркісган, Отырар, Сайрам калаларын басып алады. Тәуекел хан 1598 жылдың жазында көп жасак жиып, Мауереннахрга баса көктеп кiредi. Ташкент, Самаркан калаларын басып алады. Eciм султанды 20 мың әскермен Самарканда калдырды да, өзi 70-80 мын колмен өзбек хандығының астанасы Бұхараны коршауға алды. Шайқаста Тәуекел хан қатты жараланып шегінуге мәжбүр болады. Көп кешiкпей ауыр жарақаттанған Тәуекел хан қайтыс болады. Осы кезден бастап Сыр бойындағы қамал-қалалар және ipi кала - Ташкент Қазақ хандығының құрамында болады. Тәуекел Орта Азиядағы ұзақ жылдарға созылған талас-тартыстан кейiн Мәскеумен карым-катынас жасауды қолға алады. 1594 жылы орыс патшасы Федорга елшiсi Құл-Мұхаммедтi аттандырады. Ал Құл-Мухаммед елшiлiгiне жауап ретінде 1595 жылы Мәскеуден тiлмаш Вельямин Степанов Қазақ хандығына келеді. Осыған қарап қазақ орыс қатынасы жақсы болды деуге болады. Сонымен Тәуекел хан Қазақ хандығын одан әрі дамытып үлкен абройға ие болды.

44.17 ғ Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы. Теуекел мен Есімнің Орта Азияга жасаған жорыктары кезiнде Тауекел Бухара каласының түбiнде жаралы болып қайтыс болады. Жазба деректерге қарағанда Тәуекелдің балалары жас болып, ел алдында танылмагандыктан, хандык билiктi iнici Eciм сұлтан алады. Eciм сол кездің өзiнде қазақтың көп санды әскер басшысы болған. Ташкент, Түркістан аймағын билеген, көрнекті сұлтан еді. Сондықтан да сұлтандардың көпшiлiгi Есімнің хан болуын жақтаған. Есім енді 1598 ж бастап 1628 ж шейін ел билейді. Алайда Есімге қарсы болған саяси топтар болды. Ол қатаған руынан шыққан Тұрсын Мұхаммед деген сұлтан еді. Ол 1613-1614 жылдардың шамасында өзiн хан деп жариялаған. Сөйтiп XVII ғасырдың алғашкы кезiнде қазақ хандығын екі хан билеген, содан саяси бытыранкылық болды. EciM хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етсе, ал Тұрсын өзiн тауелсiз хан жариялап, Ташкент каласын өзінің астанасы ететi. Осы кезде бұхар хандығы мықты болып тұр еді. Бұхар хандығы Тәуекел ханның кезінде Айырылып қалған маңызды қалаларды қайтарып алу үшін соғыс ашады. Алғашқы қазақ-бұхар шайқасы 1603 жылы Айғыржар деген жерде (Самарқанд мағы) болып, бұл шайқастав Қазақ хандығы жеңеді. 1611 жылы бұхар әскерімен Ташкент түбiнде ұрыс болады. Қазақтың әскерін басқарган Есім хан жеңіске жетiп, Бұхар ханы келiсiм жасауға мәжбүр болған. Осы кезде Eciм мен Тұрсын арасында кайшылықтар туып, Eciм хан өз ордасына қайтады. Осы кезден бастап eкi қазақ хандарының арасындағы қайшылық шиеленiсе туседі. Eciм хан шамамен алғанда 1627-1628 жылдары Жетiсу жерiне енген қалмақтарға қарсы жорыққа аттанған кезде Тұрсын хан өзінің әскерімен Түркістанға Есім ханның ордасына шабуылдаған Eciм ханның көптеген адамдарын өлтіріп, әйелiн, балаларын тұтқындап, Ташкентке кайтады. Eнді Тұрсын хан Eciм ханды өлтірмек болады Бул жағдайдың бәрiн естіген Eciм хан Ташкентке аттанады. Ташкент төңірегінде шайқас болған. «Бахр әл - асрардың» мағлұматына қарағанда Тұрсын қайтыс болған. 1628 жылы Тұррсынды өлтірумен бірге Есім хан қатаған руын да қырып тастаған.Махмұд ибн Уәлидің хабарларына қарағанда Есім хан 1628 ж қайтыс болған. Бірақ Есім хан 1643 ж дейін билік құрды деген мәліметтер бар. Есім хан билік құрып тұрған кезінде қазақтардың әдеттегі құқық нормалары бір жүйеге келтіріп, толықтырады. хХнның тұсында «Есім ханның ескі жолы» деген заңдар жинағы шығады. Түркістан қаласын астана етіп бекітеді.

45.Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығыҚазақ хандығының билігі 1680 жылы Жәңгірдің ұлы Тәукеге көшті. Жаңа билеуші көрген саясаткер, арқылы дипломат, құдыретті хан болды. Тәуке ханның өзіне дейнгілерден айырмашылығы – хандықтағы ерекше әлеуметтік топты құрайтын, дала ақсүйектерінің өкілі билердің көмегімен өзінің үстемдігін нығайтуға тырысты. Тауке хан таққа отырган соң алдына койған басты максатынығ бiрi – iшкi талас-тартыс пен бытыраңқылықты жою үшiн әрекет жасады. Ол үшiн "Билер кеңесін" құрды.Дәстүрлі қазақ қоғамында билерге ерекше маңыз берілді. Билердің шаруашылық, әдетті-құқық, әскери және идиологиялық міндеттерді атқаруда ерекше ролі болды.Тәуке хан даулы істерді шешуде билер сотының беделін арттырып, билер кеңесін кесімді үкім шығаруда ерекше органға айналдырылды. Осыдан бастап билер кеңесі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатындағы аса маңызды мәселелерді шешетін тұрақты жүйеге айналды.Тәуке хан билігінің бір бөлігін беру жолымен ықпалды билерді мемлекеттік істерге тартуға бағытталған саясат ұстанды. Ол қазақтың үш жүзінің ең беделді билердің қатысумен билер кеңесін сәтті ұйымдастырып отырады. Ұлы жүзде Төле бидің, Орта жүзде Қазыбек бидің, Кіші жүзде Әйтеке бидің беделі ерекше болды. Олардың даналығы мен кемеңгерлігі ойрат жаулап алушыларына қарсы қазақ халқының күшін біріктіруде, сондай-ақ хандықты ауыр сындардан аман алып өтуге бағытталды.Тәуке хан орыс-қазақ қатынастарнының жақындасуына табандылықпен қол жеткізді. Ол 1686-1693 жылдары Сібірге бес елшілік жіберді. Мұнда Тәуке орыс-қазақ қатынастарының өзара тең дәрежеде дамуын нығайтуға айқын мүдделілігін танытты. Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы бейбіт келісім-қатынастар сақтала берді. 1698 жылан ойраттар мен қазақ әміршілері арасындағы қарулы қақтығыстардын жаңа кезеңі басталды. Жонғардың әскери шонжарлары манызды сауда жолдары өтетін және ірі сауда орталықтары орналасқан Оңтүстік Қазақстанның аумағын басып алуды көкседі. Қазақтың Сығанақ, Түркістан, Отырар, Сайрам, әсіресе Созақ қалалары жоңғарлармен күресте өзіндік стратегиялар тірек бекетіне айналды. Тәуке ханның ойратармен күрестегі кейбір сәттіліктері оған үлкен жеңіс әкелмеді, соғыс белсенділігі ойраттардын жағына болды. Қалмақ-қазақ қырқыстары толассыз жүргізілді. Олардын 1711-12,1714,1717 жылдардағылары ерекше еді. Жоңғария қазақтарға аса қатерлі кауіп төндірді.1718 жылы қазақтын барлық үш жүзіне билігі толық тараған қазақ хандарының сонғысы Тәуке қайтыс болды. Тәуке ханның тұсында қазақ хандығы бір орталыққа бағанған мемлекет еді.Тәуке xaнның алдына қойған басты максаты - ыдырай бастаған хандықтың саяси жағдайын реттеуге күш салу болды. Хандытың өкімет билігінің беделiн көтерiп, ақсүйектердің бөлiнiп, оңашалануын тоқтату үшiн, халықты бiрiктiру үшiн, біраз шараларды іске асырды. Оның тұсында тәртiп пен мемлекеттiк құрылымның негiзгi белгiлерiн айқындайтын "Жетi жарғы" деп аталатын нормалар жиынтығы жасалды. Тәуке хан билік құрып тұрған кезінде қазақтардың әдеттегі құқық нормалары бір жүйеге келтіріп, толықтырады. Тұжырымдалған зандар « Жеті жарғы» екенін айттық, мұның өзі сөзбе-сөз алғанда « жіті ереже» деген сөз.Жеті жарғыға әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық нориалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жақтары қамтылған.Әкімшілік –құқық нормалары мен қылмысты іс құқығы. Жеті жарғы бойынша, жоғарғы билік ханның қолында шығарлануға тиіс болды. Зандардын жекелеген баптарына қарағанда, хан жоғары судья болған, ол қылмысы және теріс қылықтары үшін соттап, жазаға тартқан, шығымдары қараған, салық салу тәртібін белгілеген. Және де осылар сияқты тармақтардан тұрған.

46. Мұхаммед Хайдар Дулати және оның «Тарих-и Рашиди» еңбегіМырза Мұхаммед Хайдар Дулати1499 ж дүниеге келген .Оның әдеби бүркеншік аты Аяз. Дулат тайпасынан шыққан ММХД тыңғылықты білім алып,түрік,араб,парсы тілдерін еркін меңгерген.Ол сонымен қатар,жан-жақты, жарқыраған таланты тұлға,адуынды ақын,көркем сөзді төгілдірген әдебиеттші,үлкен дипломат,ұлы жорықтарды сәтті басқарған кемеңгер қолбасшы,зергерлік туынды жасаудың қас шебері,шебер қолөнерші,сауытты,қару жарақты жасаудың білгірі,тамаша суретші,асқан ұста ж/е құрылысшы. Атасы Мұхаммед Хайдар мырза Қашқарда билеуші болған,бірақ оны өзінің жиені Әбубәкірқұлатқан.Қазақ хандығы күшейіп ,Моғол хандығы ыдырай бастаған кезде Хайдар Дулатиді оның туыстары Ферғананы билеуші ж/е Индиядағы Ұлы Моғолдар имп.сын негіздеуші Сұлтан Бабырдың тәрбиесіне береді.1512 ж 13жасқа келгенде Бабырдың рұқсатымен немере ағасы Сұлтан Саид ханмен Моғолстанға кетті.Оның жанында 20жылдай болып, оның туған қарындасына үйленді,ханның кеңесшісі болды,оның жорықтарына қатысты,сонымен бірге Қашқарға жорық жасап,қайта оралып,Әбубәкірді қуып шықты.МХД Саид ханның жанында болып,мемлекеттік және әскери қызметтер атқарған,өз әміршісінің ұлы Абд ар-Рашид ханның тәрбиешісі болды,кейіннен «Тарих-и Рашиди» қолжазбасы соған арналды.МХДдің 1541-1546 жж Кашмирде парсы тілінде жазған еңбегі –«Тарих-и Рашиди» Моғолстан мен оған іргелес аймақтардың тарихы жөнінде мол дерек беретін шығарма болып табылады.Шығарма моғолдардың хан сарайында сақталған тарихи құжаттар,аңыз-әңгімелер,оқиға куәгерлері мен автордың өзі байқаған жайттары негізінде жазылған. Ол өзінің басты мақсаты ретінде ата-бабасы өмір сүрген ж/е мемл.ті нығайту үшін күрескен Моғолстан билеушілерінің өмірбаян тарихын жазды.»Менің мақсатым,-дейді ол,-өзімнің ғалымдығымды көрсету емес,алда өткен Моғол хандарының есімдері уақыт беттерінен мүлде жойылып кетпеулері үшін,естеліктер жазу болып табылады. Онда орта ғасырлардағы қазақтар тарихы,Дешті Қыпшақтағы оқиғалар,феодалдық соғыстар,сыртқы жауға қарсы қазақтардың өзбектермен және қырғыздармен достық одағының қалыптасуы туралы көптеген мағлұматтар беріледі.Шығармада XV-XVI ғасырлардағы Оңт. және Шығ. Қаз.ның әлеуметтік- экономикалық жағдайы , қала,егіншілік мәдениеті ,Жетісудың тарихы,географиясы-жалпы орта ғасырлардағы Қаз жайлы құнды деректер бар. Бұл шығармада қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің Өзбек хандығынан бөлініп көшу себептері тұңғыш рет айтылады.«Тарих-и Рашиди» тарихи шығарма ғана емес.Бұл-талантты жазылған әдеби туынды,онда шыншылдықпен суреттелген ұрыс көріністері бар,шайқастар кезіндегі адамдардың іс-қимылдары,олардың ұрыс кезіндегі мінез-құлқы көрсетіліп,нақты адамдардың(Саид ханның,Бабырдың,Қасым ханның және басқалардың) бейнелері суреттелген,оқиғалардың шиеленісуі ашып көрсетіліп,адамдардың белгілі бір жағдайлардағы көңіл күйлері дәл берілген.Бүгінгі күні Қаз Дулаттану ғылымын өркендетуге әйгілі шығыстанушы Әбсаттар Дербісалиев қыруар еңбегін сіңірді.Ол «Тарихи Рашиди» классикалық шығарма екендігін атап көрсете келе оған мынандай баға береді:Осы күнгі қазақ , өзбек,ұйғыр,ауған,үнді, тибет халықтарының тарихын зерттеушілер «Тарихи Рашидиді» аттай алмайды.Еңбек осымен де құнды,осымен де бағалы.

47.Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үдерістің негізігі кезеңдері. «Қазақ» этнонимі Қазақ халқының қалыпасу процесі көне заманнан б.з.б. II-I мыңжылдықтан басталады. Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері:Көне заман- б.з.д. VIII- б.з V ғ.ғӘуелгі орта ғасыр- VI-X.Орта ғасыр-X-XIII.Кейінгі орта ғасыр- XIV-XV.Кейінгі орта ғасыр-XV-XVIҚазақстан жерінде этникалық процестің шешуші кезеңі- Б.з.б. I мыжылдығының ортасы, түріктердің жаппай көшіп келуіне баланысты.Ежелгі сақ, сармат, үйсін, қаңлылардың ұрпағымен араласқан түріктер этно-демографиялық жағдайды өзгертті.Этникалық қалыптасу процесінің келесі кезеңі-X-XII ғасырларда өмір сүрген Қарахан және Қыпшақ хандықтарымен байланысты.XIII ғасырдың басында Шыңғс хан қысымына шыдай алмай көшіп келген наймандар мен керейлер де бұл процеске өз үлестерін қосты. Монғол шапқыншылығы халық болып қалыптасу процесіне тежеу болды.XIII-XIV ғасырларда Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының құрылуы мен нығаюы қазақ тайпаларының бірігуіне әкелді.XV ғасырда Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының қалыптасуы процесінің аяқталуын тездетті.XVI ғасырдың басында Қазақ хандығы біріктірген тайпалар қазақ этносының негізін құрады: үйсін, қаңлы, қыпшақ, арғын, дулат, керей, найман, алшын, қоңыраттар т.б. Бұл тайпалардың тілі-түркі тілі, антропологиялық типі-монғол нәсілінің оңтүстік сібір тобы.Шаруашылығы-көшпелі мал шаруашылығы және егіншілік.Тайпалар мен халықтардың бірігуінің маңызды кепілі-шаруашылық пен шаруашылық байланыстардың дамуы б.т.Қазақ халқының қалыптасу процесі XIV-XVғ.ғ аяқталды.Саяси жағынан шшыраңқы этникалық туыстас топтардың басы қосылып, қазақ рулары мен тайпаларының бірігуіне Қазақ хандығының құрылуы әсер етті.XV ғ-дың екінші жартысы –XVI ғасырда негізгі этникалық топтардың қазақ халқына және олар орналасқан аумақтың Қазақ хандығына бірігуі, тұтас халық болып қалыптасудың аяқталуын тездетті.XV-XVII ғ-р- Қазақстанның аумағындағы тұрғындарға іс жүзінде ортақ негізгі белгілер мен қазақ этносының өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті бекіп жетілді «Қазақ» термині.«Қазақ» терминінің шығу тарихының бірнеше болжамы:Тарихшы Бартольд : Өз мемлекетінен, тайпа, руынан бөлініп жеке өмір сүруші адам.М.Ақынжанов: қас-сақ, нағыз сақ деген атаудан қазақ шыққан.XII-XV ғ-рда түркі тілінде жазылған деректерде: еркіндік аңсаушы, батыл мағынасын білдіреді.Түркологтардың пікірінше, ҚАЗАҚ терминінің бастапқы таралған жері- Шығыс Дешті Қыпшақ.Жазбаша әдебиетте ҚАЗАҚ термині 1245 ж мамлюктік Египет мемлекетінің қыпшақтары кезінде шыққан араб-қыпшақ сөздігінде бірінші рет қолданылған.

48. Қазақтардың этникалық территориясының қалыптасу кезеңдерін атап өтіңіз.Қазақ халқының қалыптасуы 15 ғ. Екінші жартысы мен 16 ғ. Бас кезінде, тәуелсіз Қазақ хандығы қалыптасқан кезде аяқталды. Сөйтіп, халықтың қалыптасуының тағы бір жағдайы өз мемлекетінің аты қалыптасты. Қазақ хандығында біртіндеп ру- тайпалық сана әлсіреп, жалпы қазақтарға тән этникалық сана күшейді. «Қазақ жері», «Қазақ мемлекеті», «қазақ елі» деген түсініктер кең өріс алды. Этникалық тарихи-хронологиялық қалыптасудың үш түрі бар: ру тайпа, халық, ұлт. Бұл әр бірлестікте өзіндік этникалық сана болады. Этникалық сана бұл адамның өзін белгілі этникалық бірлестіктің мүшесі деп санауы. Халық болып қалыптасуының алғашқы кезңінде қазақтарда халықтық зтникалық сананың орнына ру тайпалық сана басымболды. Мысалы: «Сен қай рудансың» деген сұраққа жауап беруші ең алдымен өзінің руын, сосын тайпасын, сосын жүзін айтатын болған. Олар өзін қазақпыз деп елден тыс шыққанда ғана айтады. «Қазақ» деген атаудың шығуы туруалы көп пікір бар. Ғылыми тұрғыдан жазба әдебиетте «қазақ» атауының пайда болуы туралы толық тұжырым жоқ. Енесейде табылған ҮІІІ ғасырдағытүрік ескеркішінде «қазғақ ұғылым» деген сөз тіркесі кездеседі. ІХ Х ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды мекендеген үш қарлық тайпаларының жалпы «хасактар» деген аты болған. Қарлықтардың қазақ этногенезіне тікелей қатысы болғаны белгілі\Х -ХІ ғасырларға қатысты араб құжаттарында, сонымен бірге орыс жылнамаларында Қара теңіздің солтүстік шығыс жағалауындағы Қасаг қаласы туралы, касагтар елі туралы деректер бар. Кейбір ғалымдардың пікірінше бұл жерде қазақтардың үлкен қонысы болған, олар бірігіп, ХІ ғасырда Дон мен Днепр жағалауында орныққан. Х ғасырда билік құрған Византия императоры Константин Багнянородныйдың айтуы бойынша Кавказдың солтүстік батысында «қазақ елі» бар. Әзербайжанның батысында бүгінгі күнге дейін Қазақ аудандары бар. Ең алғаш «Қазақ» сөзі мұсылман деректеріндегі авторы белгісіз түркі араб сөздігінде кездеседі.

49. XVII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі жағдайы мен халықаралық ахуалын сипаттап беріңіз .XYIIғ. Екінші он жылдығында Қасым хан қазақтың кең даласында өз билігін әбден нығайтып алды. Оңтүстігінде хандықтың шекарасы Түркістанның бірталай қалаларын қамти отырып, Сырдарияның оң жағалауына дейін , оңтүстік шығысында Ұлытау мен Балхаш көлінен өтіп, Қарқаралы сілемдеріне дейін, ал солтүстік батысында Жайық өзеніне дейінгі жерлерді қамтыды. XYIғ. Бірінші ширегінде хандықтың жоғары дәрежеге көтерілуі ішкі әлеуметтік-экономикалық және этникалық процестерінің нәтижесі болды, бұған тұтастай аймақтағы саяси жағдайлар да әсер еткені сөзсіз. Тахирдің хандық құрған кезеңіндегі(1523-1531)қазақ хандығы тарихындағы негізгі оқиға 1526жылы бүкіл Жетісудағы қазақ руларының қазақ хандығының қол астына өтуі. Хақназар хан (1538-1580)билік еткенде ол Қасым хан,әкесінің , саясатын жалғастырып,хандықты нығайтуға күш салған. Ол Ноғай Ордасындағы өзара қырқыстарды пайдаланып, ноғай мырзаларының көбін өз жағына шығарып алды да,Жайықтың сол жағалауындағы жерлерге ие болды. Есімханның билігі кезінде(1598-1628) сыртқы жағдай бұрынғыдан да қиындай түсті. Оңтүстікте Ташкентке Бұхар ханы үздіксіз шабуыл жасады, шығыста ойрат тайпалары күшейе бастады, ал қазақ хандығының ішінде сұлтандар оқшаулануды көздеп, дұшпандық әрекеттерін тоқтатпады. Қазақтардың қарақалпақтармен қарым-қатынасы да шиеленісіп кетті. XYIғ. Аяғы қарақалпақтардың40шақты руының өкілдері орталық Қазақстан мен Арал теңізі жағалауынан өздеріне жер бөлуді өтініп,Тәуекел ханға келді. Хан олардың өтінішін қабылдап, қоластына жаңадан келгендерге өзінің ұлын билеуші етіп тағайындады. Бірнеше жылдан соң қарақалпақтар көтеріліс жасап Ташкентті басып алды. Есім хан қарақалпақтарға қарсы соғысып,» жылы оларды Сырдарияның орта ағысын тастап кері шегінуге мәжбүр етті. XYIғ.екінші жартысының басында Қазақ хандығының сыртқы саясатында елеулі саяси және әскери күш болғанына қарамастан, ол дегенмен де XYIғ.ң аяғына қарай елеулі қиыншылдықтарды бастан кешірді және оны өз көршілері Жетісудың отырықшы егіншілік аудандарынан Сарясудың оңтүстік шебіне ығыстырды,яғни ол Дешті Қыпшақтан айырылды. XYIғ. Аяғы қазақ даласын ноғайлар басып алады.

50. Тәуке хан билігі тұсында Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатының қандай ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.XVII ғ. басы – Батыс Монғолия жерінде ойрат тайпалары шиеленіскен күрес жағдайында бірігу кезеңінде болды. 1627 жылы ойрат одағы ыдырады. 1635 жылы Батыс Монголияда жоңғарлардың әскери-феодалдық мемлекеті құрылды. Негізін салушы – Батыр қонтайшы. 1635 жылы ол Жетісудың көп бөлігін жаулап алды. Сыртқы саяси жағдай өте ауыр кезеңде хан тағына Жәңгір (Есімнің ұлы) отырды. Халық оның ерлігіне риза болып «Салқам жәңгір» атаған. 1643 жылы Орбұлақ шайқасы болды. 50 мың әскермен келген Батыр қонтаәшыға 600 әскермен Жәңгір хан қарсы тұрды. Сарбаздар құрамныда Шапырашты Қарасай, Арғын Ағантай, Алшын Жиембет, Найман Көксерек батырлар болды. Соғыс қазақтардың жеңісімен аяқталды. Тәуке хан (Жәңгір үлы) 1680-1718 жылдары билік етті. Билігінің ерекшелігі: Хандықтың бөлшектенуі тоқтатылып, бір орталыққа бағындырылды.Жоңғар шапқыншылығы бәсеңдеп, тыныштық орнады.Мемлекеттік құрылыстың негізі ұстанымдарын анық-тайтын «Жеті жарғы»заңын жасады. Көрші елдермен достық қарым-қатынаста болуды көздеді: қырғыз, қарақалпақ, орыс елдері.Тәуке ханның негізгі мақсаты – билердің көмегімен хан билігін нығайту. Ұлы жүзде – Төле би, Орта жүзде – Қазыбек би, Кіші жүзде – Әйтеке би. «Жеті жарғы» заңдар жнағы шығарылды:Ақсүйектердің артықшылық жағдайын қорғау көзделді.

51.Қазақ хандығының ХҮІ ғасырдың екінші жартысындағы сыртқы саясатындағы ерекшеліктерді атап өтіңіз. Қасым хан қайтыс болған соң, Қазақ хандығында болған саяси дағдарыс ұзақ жылға созылды. Ішкі талас тартыстар мен сыртқы феодалдық соғыстардың ауыртпалығы Қазақ хандығын біршама әлсіретті. Осындай саяси жағынан ыдырай бастаған қазақ бастаған қазақ хандықтарын біріктіріп, оларды аймақтық жағынан ұлғатуға, Қазақ хандығының халықаралық жағдайын нығайтуға Қасым ханның баласы Хақназар хан зор үлес қосты. Хақназар хан тағына отырысымен көршілес мемлекттермен қарым қатынасты күшейтіп, өз хандығының саяси белсенділігін арттыруға көп күш жұмсады. Хақназар батыстағы Ноғай ордасымен, оңтүстігінде Орта Азия хандықтарымен солтүстігінде Сібір хандығымен, іргелес жатқан Шайбани әулетімен сенімге негізделген қарым қатынас орнатуға қол жеткізді. Қазақ хандығына қарйтын көшпелі ру тайпалардың Еділ мен Жайықты жағалай жайлап, Қызылқұм мен Сыр бойына жайыла қыстауы да осы кезде басталды. Хақназар тұсында Қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса тарихи оқиғалар болды. Ресей мемлекеті шығысқа қарац іргесін кеңейтті. Ресей патшасы 1555 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын, Қырым хандығын өзіне бағындырды. Бұл тарихи саяси оқиға Еділ мен Жайық арасындағы ұлан байтақ өңірді мекендеген Ноғай Ордасын ыдырата бастады. Сөйтіп Ноғай Ордасы ХҮІ ғасырдың ортасында ішкі талас тартыстан әлсіреп, мемлекет ретінде өмір сүруден қалды. Ноғай ордасының ыдырауы Орыс мемлекетінің шекарасын Қазақ хандығына жақындата түсті. ХҮІ ғасырдың орта шенінде Қазақ хандығымен көршілес отырған Сібір ханы мен Моғолстан билеушілерінің қазақтарға қарсы шапқыншылық жорықтары жиілеп кетті. Бұл тарихи саяси жағдайды дұрыс түсінген Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Нәтижесінде соғыс қимылдары тоқтап бейбітшілік орнады. Қазақтар мен өзбектердің арасында сауду саттық қарым қатынасы ұлғайды. Екі ел арасында шаруашылық байланыс одан әрі өрістей түсті. Бұл саясат Қазақ хандығының ішкі сыртқы жағдайын жақсартуға, шаруашылықтың оңалуына, өркендеп, өсуіне тиімді әсер етті, Қазақ хандығы нығая түсті.

52.15-18ғғ. Қазақ хандығының саяси-әкімшілік құрылымы. Ханталапай – хан сайлаудағы ханның байлығын бөлісіп алу дәстүрі. Хан – азаматтық , әкімшілік, соттық және әскери билікті қолына жинақтаған мемлекет басшысы. Ханның тұрақты әскері болмады. Қажетті жағдайда рулық-тайпалық жасқты жинап отырды. Жоғарғы қолбасшы, яғни хан шайқастарда жауынгерлерді басқарып, ауыртпалықтарды бірге көтерген. Төлеңгіттер немесе қарашалар – ханның жасағы, ханды қорғады, жорыққа шықты, малын бақты.Құқық түрлері: Меншік құқығы. Мал жайылымына, егістік жерлерге , су қорларына меншік болды. Малға жеке меншігін қорғау үшін феодал барымта алуға, сотсыз ауыр жазалар қолдануға құқылы болды. Міндеттеме құқығы. Сатып алу, келісу, қарыз алу, жалдану,зат сақтап беру, керуенмен жүк тасу келісімдері болды. Асар – маусымдық жұмыстар кезінде өз руластарынан көмек сұрау құқығы. Жылу – жұт кезінде немесе табиғи апаттан малынан айрылып қалғанда туыстарынан, ру мүшелерінен көмек сұрау құқығы. Неке және отбасылық құқық. Ері өлген әйел әмеңгерлік жолмен туыстарына тұрмысқа шыққан. Үлкен балалар енші алып, отау болып шығатын болған. Әкенің мал-мүлкі кенже баласына мұра есебінде қалдырылып, кіші бала қара шаңырақ иесі саналған. Қылмыстық құқық. Айыпты адам өлім жазасына бұйырылып, мұны ру орындаған. Кекті айып төлеумен де ауыстыратын. Әйелді зорлау, алып қашу ауыр қылмыс саналып, айыптыға өлім жазасы берілген. Мал мен мүлікті ұрлау ауыр қылмыс саналған. Ұрыға 25-60 рет дүре соққан.

53. XVI-XVIIIғғ Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы. XVI-XVIII ғасырларда қазақ хандығында халықтың әлеуметтік құрамы феодалдық қоғамның таптық құрылымын бейнеледі.Қазақ хандығы негізгі екі топқа феодалдар тобымен қарашаға қарапайым адамдар тобына бөлінді.Феодалдар тобы Шыңғыс ұрпақтарынан ру мен тайпа ақсүйектерінен хандар мен сұлтандардан құралды. Бұларға патриархтық феодалдық топтың мұнан басқа өкілдері әмірлер немесе бектер билер байлар батырлар да жатты. Халықтың қарапайым көпшілік бөлігі мал өсіруші шаруалар мен егінші шаруалар т.б еді. Бұлар жеке өз еңбегіне негіделген шаруашылығы бар ұсақ өндірушілер болды. Шаруалар жұмыс істеу және салық төлеумен қатар көптеген міндеткерлікті де өтеді олар хандар мен сұлтандарға сойыс беруге, қонақ етіп күтуге әскерлерді соғыс жабдығы мен қамтамасыз етуге тиісті болды. Кедейлер бай шонжарлардың малын бақты, үй қызметшісі жұмысын атқарды. Егіншілікпен айналысқан шаруалар өз щаруашылығын феодалдардың қыстауының маңында жүргізді. Кедей шаруалар феодалдың жерін жыртып егінін егіп, шөбін шауып жаздай күтіп күзде жинап теріп қамбасына кіргізіп берді. Мұсылман дінбасыларының жоғарғы топтары ишандар, имамдар, қожалар да жоғарғы топқа жатты. Молдалар да артықшылық дәрежеде болды. Феодалдар мен тәуелді шаруалар арасында әлеуметтік қайшылықтар жиі жиі көрініс тапты. Шаруалар көшіп кету немесе қашып кету арөылы өзінің наразылығын білдірді.

54.15-18ғғ.қазақтардың шаруашылығы мен тұрмысы.Қазақ хандығының нығаюы, Қазақ хандығының экономикалық және мәдени өмірі Оңтүстік Қазақстан тарихымен тығыз байланыста болды. Соңғы орта ғасырларда қала мәдениеті мен отырықшы –егіншілік мәдениет қазақтың этникалық аумағының нақ осы, бірден бір ауданында сақталып қалды. Қазақ жерінің табиғи-географиялық ерекшеліктеріне қарай қазақтар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Көшіп-қону бағыттары жыл маусымына байланысты өзгеріп отырды. Маусымдық жайылымдарды (көктеу, жайлау, күздеу, қыстау) алмастырып көшіп-қонып отырудың бұрыннан қалыптасқан жолдары мен жылдық айналымы орнықты. Әрбір ру белгілі бір аймақ шеңберінде көшіп-қону дәстүрін ұстанды. Қазақтар негізінен қой, жылқы, түйе өсірген. Қазақ шаруашылығында мүйізді ірі қара аз болған, өйткені ол жыл бойы бағуға әсіресе қыс кезінде тебіндеп жайылуға нашар бейімделген. Қазақтардың шаруашылығында әр түрлі қолөнер мен үй кәсіпшіліктері елеулі орын алды. Олардың көпшілігі мал шаруашылығы өнімдерін өңдеумен байланысты еді. Осыған байланысты тері өңдеп, киіз басуды , оарды түрлі түске бояуды білген. Қазақ хандығы аумағының түрлі аудандарында егіншіліктің дамуы әр түрлі болды. Кейбір аудандарда егіншілік зор маңызға ие болды. Бұл ең алдымен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария өзеніне қатысты еді. Қазақтар аң аулаумен де айналысқан. Аң аулаудың бірнеше түрлері болған: құс салған, тазы ит қосып аулаған т.б. Соның ішінде қыран құстармен аң аулау басым болды.

55. Қазақ-Жоңғар қарым-қатынастары. 1723ж Жоңғар шапқыншылығы XVIII ғасырдың басында Қазақ қоғамының өз ішінде дағдарысты құбылыстар етек алды: көшпелі ұжымдар арасында ынтымақ болмады, алауыздық етек алып, рулық тартыс, билік үшін ішкі саяси күрес күшейді. Ал бұл жағдайды көршілер дереу пайдаланды. Жан-жақтан: солтүстік пен батыстан – Ресей мемлекетінің, шығыстан – жоңғарлардың, оңтүстіктен – Орта Азия хандықтарының саяси қысым жасауы айқын аңғарылды. Қазақ халқы үшін ең басты қауіп – Жоңғар хандығы тарапынан төнді. XVIII ғасырдың басында жоңғарлардың негізгі тайпалары: торғауыттар мен дербеттер Тарбағатай, Монғол Алтайы, Ертістің жоғарғы ағысын, хойттар Қара Ертіс салалары мен Қобда өзенінің алқабында, ал Іле өзенінің орта және жоғарғы салалары бойында чоростар, Жоңғар Алатауының беткейлерінде хошоуттар мекендеді. 1718 жылдың көктемінде Аягөз өзенінің бойында қазақ жасақтары мен жоңғар әскерлерінің арасында болған үш күндік қантөгіс ұрыста қазақтар жеңіліп қалды. Қазақ хандықтарының саяси бытыраңқылығын пайдаланып, 1723 жылы көктемде жоңғарлар 70 мың әскермен жеті бағыттан қазақ жеріне тұтқиылдан басып кірді. Цеван-Рабданның ұлы Қалдан Церен Балқашқа одан әрі қарай Қаратау өңіріне, Құлан батур Алтайға және Көктал өзенінің өңіріне, Амурсана әскері Нұра өзені бағытында, Қалдан Цереннің Цеван-Доржы атты ұлы Шелек өзенінің аңғарымен, екінші ұлы Лама-Доржы Ыстықкөл бағытында қозғалды. Жоңғарлар халықты жаппай қырып, мал-мүлкін тонады. Қапыда қалған қазақтар үйлерін, мал-мүліктерін тастап босып кетуге мәжбүр болды. Қаратау мен Арыс өңіріндегі қазақтардың көп бөлігі жаудың қолынан қаза тапты. Алтай өңірі толығымен жоңғарлардың қолына көшті. Жоңғарлар Қазақ хандығы территориясының басым бөлігін жаулап алды. Ендігі жерде қазақ жері мен жоңғарлар ұлысының шекарасы Ұлытау, Балқаш көлі мен Шу, Талас өзендерінің арасымен өтті. Қазақ тарихында бұл кезең «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама » деп аталады. Қашып, босқан қазақтардың паналаған жері Сырдарияның сыртындағы Алқакөл көлі болды. Бұл оқиға қазақтың кіші жүзі арасында «Сауран айналған» деген атпен әйгілі болған. Жоңғарлардан қашқан Кіші жүз қазақтары соңынан түскен жауды көз жаздыру үшін Сауран қаласын айнала көшкендіктен, бұл оқиға «Сауран айналған» деп аталған екен. Осы заманнан бізге дейін жеткен «Елім-ай» әні халық бұқарасының сол жылдардағы мұң-зарын бейнелейді.Күзде Сарыарқа даласындадағы Бұланты өзенінің маңында жауға үлкен соққы берілді. Шайқас болған жазық Қарасиыр деп аталады. Осы маңдағы соңғы шайқас Жақсы Қон өзенінің жоғарғы ағысындағы Қарамолда деген жерде болды. Бұл шайқаста да жоңғарлар жеңіліс тапты. Кейіннен шайқас болған аймақ «Қалмақ қырылған» деп аталды. Жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысында қазақ тарихы үшін маңызы зор шайқастардың бірі – Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас 1730 жылы Балқаштың оңтүстік-батысындағы Алакөл маңында орын алды. Аңырақай шайқасы болған жер 200 шақырымға созылды. Жоңғар шапқыншылығы қазақ қоғамының әлеуметтік қатынастарына да теріс әсерін тигізді. Елдің құлдырауы мен күйзелуі салдарынан кедейлер, қоңсылар, жатақтар және т.б. көбейді. Өз бетімен шаруашылық жүргізу мүмкіндігінен айырылған олар малы көп байлардың бақташылары, үйдегі малайлары ретінде жұмыс істеуге мәжбүр болды. Қазақтардың 1730 жылғы Аңырақай жеңісіне қарамастан Жоңғар хандығының жаңа шабуылының тікелей қаупі сақталып қалды. Қазақ хандықтары жөнінде барынша агрессияшыл саясат жүргізген Қалдан Цереннің (1727-1745 жж.) билік басына келуі мұндай шабуылдың қаупін күшейтті. Қазақ хандықтарының Орта Азия хандықтарымен де қатынастары шиеленіскен күйінде қала берді. Еділ қалмақтары және башқұрттармен қарым-қатынастар да күрделі еді. Осындай жағдайда қазақ билеушілері алдында маңызды да күрделі міндет – қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіздендіру және елдің феодалдық бытыраңқылығының күшейе түскен үрдісін жою міндеті тұрды. Олардың бұған өз күштерімен жете алмайтындығына көздері жете түсті. Солтүстіктегі қуатты көрші – Орыс мемлекетімен одақтасу қажеттігі туралы пиғыл туындады. Осылайша қазақ билеушілерінде орыс-қазақ саяси және экономикалық байланыстарын нығайтып, Ресейдің қарауына кірудің жолдарын іздеуге деген ұйғарым қалыптасты.

56.Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі. Бұланты ж/е Аңырақай шайқасы ж/е оның маңызы.Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі. Бұланты және Аңырақай шайқастары және оның маңызы. Жоңғар шапқыншылығынан туған зор күйзелушілік, малдың қырылуы шаруашылық дағдарысының шиеленісуіне әкеліп соқты, мұның өзі қазақ хандықтарының билеуші топтарының арасындағы саяси қарама-қайшылықтарды бұрынғыдан да бетер күшейте түсті. Қиын жағдайдан шығудың жолы жауға ұйымдасып тойтарыс бету ғана бола алатын еді, мұның өзі болашақта қазақ жүздерінің экономикалық және саяси ыдырауын тоқтатар еді. Осындай өте-мөте ауыр сыртқы және ішкі саяси жағдайда қазақ хандары мен сұлтандары жоңғар феодалдарын тойтару ісін ұйымдастыруда қабілетсіз болып шықты. Тәуелсіздік жолындағы Отан соғысын «қарадан шыққан» халық батырлары бастады. Олардың арасында Бөгенбай, Тайлақ, Саурық, Малайсары, Жәнібек және басқа да батырлар болды. Олар халықты туған елді жат жерлік басқыншылардан азат етуге шақырды. Халық жасақтарының бірігіп қимылдауы осылай басталды. Кіші жүздің батыры Тайлақ, Орта жүзден Бөгенбай және Ұлы жүзден Саурық батырлар шығып бұлар «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл-сұлама» жылдарындағы күрестің қаһармандары болды. Барлық үш жүздің жасақтары 1726 жылы бірлесіп қимылдаған кезден бастап қазақтар басқыншыларға ұйымдасқан түрде тойтарыс берді. Ордабасы съезі. 1726 жылдың күзінде Бадам өзені маңындағы биік қырқа – Ордабасы деген жерде бүкіл қазақ съезі өткізілді. Съезге Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Күшік, Жолбарыс хандар, султандар, Толе би, Қазыбек би, Әйтеке би бастаған әр рудың билері, даңқы шыққан қолбасшылар мен батырлар шақырылды. Съезде негізгі мәселе басқыншы жауға бүкілхалықтық тойтарыс беруді ұйымдастыру туралы мәселе болды. Съезге қатысушылар бірге болуға, өз кимылдарын үлестіріп отыруға, жауға біріккен майдан құрып аттануға ант берді. Съезде талқыланған маңызды мәселенің бірі бүкіл қазақ жасағының қолбасшысын сайлау туралы мәселе болды. Осы съезде Әбілқайыр қазақ жасағының қолбасшысы болып сайланды. А.И. Левшин бұл жөнінде былай деп жазған: «Ортақ іс сол арада бір-біріне адалдыққа ант беру арқылы қастерленді. Әбілқайыр хан бас қолбасшысы болып сайланды, сөйтіп халықтық әдет бойынша құрбандыққа шалынған бие болашақ табыстың кепілі ретінде қабылданды». Осы жағдайды да ол былай деп аша түскен: «Төнген қауіп ішкі өзара қырқыстарды бітістірді, жалпы келісім туғызып, бәрін бір нәрсеге бағыттады. Тұтас халықтың жиналысында ілгері басудың, ортақ жауға шабуыл жасап, оларды ежелгі қырғыз-қазақ жерінен қуып шығудың негізі қаланды» . Батырлар арасынан бүкіл қазақ жасағының Сардар бегі болып Қанжығалы Бөгенбай сайланды. Сөйтіп Ордабасындағы съезд халықтың жаунгерлік рухын көтерді. Буланты маңындағы шайкас. Ұлытаулар жүйесіне иелік ету соғыс барысында маңызды кезең болды. «Ақтабан шубырынды, Алқакөл сұлама» (1723-1730 жылдардығы Отан соғысы) барысындағы аса маңызды шайқастардың бірі Ұлытау етегінде өтті. 1728 жылдың көктемінде Ұлытау етегінде Буланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қазақ әскерлерінің жонғарлармен ірі шайқасы болды. Бұл шайқаста қазақ сарбаздары қалмақтарға есенгірете соққы берді. Қалмақ әскерлері қиян-кескі соғыста ондаған мың адамынан айрылды. Қазақтар жағы өздерінің талайдан қаны қайнап ыза мен кекке суарылған қайрат жігерінің жемісін көріп қуанды. Жеңіс туралы хабар қазақ даласына ілезде тарап кетті. Бұланты шайқасы қазақ жасақтарының женіске деген орасан зор ерік-жігерін көрсетті. Өз заманының аса көрнекті қолбасшылары жеке қол басқарған Қаракерей Қабанбай, Шақшақ Жәнібек, Тама Есет, Бәсентиін Малайсары, Тарақты ер Байғозы және басқалар Әбілқайыр хан мен Қанжығалы Бөгенбайдың жалпы басшылығы мен ынтымақты қимыл жасай отырып, жасақтарды ұрысқа бастады. Жасақтарды қаруландыру жөнінде Шақшақ Жәнібек зор ұйымдастырушылық жұмыс істеді. Дархан ұстаның басшылық етуімен Ұлытауда қара шеберлері еңбек етті. Бұлантыдағы және басқада бірқатар шайқастардың қаһармандық рухын бізге дейін Үмбетай жырау, Ақтамберді жырау, Тәтті қара жырау, Бұқар жырау, Көкеш ақын туындылары жеткізді. Бөгенбай Ақшаұлы, Саңырақ Тоқтыбайұлы, Олжабай Әлімұлы, Қонақай Жақсығұлұлы, Бөлек Сатанұлы сынды батырлардың, батыр Баянның, Жарылқаптың және басқаларының есімдері тірі кездерінде-ақ аңызға айналған. Алайда оқиға мұнымен біткен жоқ. Аттылы жоңғар қолының бірбөлігі Бұланты өзенінің жоғары ағысына қарай өтіп кетті. Бірақ бұл жерде де оларды қазақ атты әскерінің жасақтары қуып жетті. Сөйтіп сол жерде жонғарлар тағы талқандалды, тек жекелеген топтарының ғана Ұлытау жағына Майтөбе мен Құрайлыдан арғы тауларға кетіп қалуына сәті түсті. Бұланты жеріндегі жеңістің зор маңызды болды. Ол қазақ жасақтарының өз күштеріне сенуіне, халық санасында бетбұрыс жасауға мумкіндік берді. XVIII ғасырдың 20-жылдарының аяғына қарай жоңғарлар Ұлытау аймағынан ығыстырып шығарылды. Мұндағы соңғы шайқас Жақсы Қон өзенінің жоғарғы ағысына жапсарлас жатқан аудандағы Қарамолда деген жердегі ұрыс болды. Жоңғарлар тағы да жеңіліске ұшырады. Бұл аймақ-бұл жер «Қалмақ қырылған» деген атпен белгілі. Қазақ жасақтарының Бұланты маңындағы жеңісінің жағы бір жағы-стратегиялық тапқырлығында болды. Қазақ жасақтарының Бұланты маңындағы жеңісі Аңырақай шайқасының табысқа жетуін анықтап берді. Аңырақай шайқасы. Жоңғар басқыншылығына қарсы қазақ халқы Отан соғысының (1723-1730 жж.) жеңіспен аяқталуына Аңырақай шайқасы аса көрнекті роль атқарды. Ол туралы қазақтардың дәстүрлі ауыз әдибиетінде айтылады, сондай-ақ оған М.Тынышбаевтың еңбегі және басқа да бірқатар жанама деректер арналған. 1730 жылы көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен жоңғарлардың арасында тағы бір қатты қырғын соғыс басталды. Аңырақай шайқасының ұрыс қимылдары болған алқап 200 километрдей жерді алып жатты. Оны ғасыр шайқасы деуге болады. Аңырақай шайқасы далалық Қазақстанның және Қазақстан Оңтүстігінің таулы әрі шөлейт аудандарының шекарасында өткен. Мұндай жер кездей соқ таңдап алынбаған. Шайқас өтетін жер дұшпанды талқандау жөніндегі ойдың жалпы айла-тәсіліне орайласады,ол жеңіліс тапқан жағдайда Іле өзенінің басына дейін тоқтаусыз шегінуге мүмкіндік береді. Балқаштың Солтүстік батыс жағында өзенінің өзі жағынан жел өткізбейтін Шу-Іле таулары созылып жатыр. Жел сондай-ақ Қызылқұммен Мойынқұм жағынан да соғады. Аңырақай тауларының қасында Делдітау, Желдібел орналасқан. Аңырақай тауларында жел аңырап соғатын (Аңырақай жел). Сонымен бірге халық Аңырақай жеңіліс тапқан жоңғалар аңырап жылаған жер деген аңыз шығарған. Сейтіп 1730 жылы жазға салым қазақ жасақтары өз аттарын Мойынқұм құмдарында, Бүркітті, Шабақты, Қарақоңыз, Ырғайтты, Шу өзендерінің аңғарларында тыңайып алып, Хантау, Аңырақай таулары өңіріне шықты. Аңырақайдағы шайқасқа Әбілқайыр хан басшылық етті. Нақ осы шайқас оның саяси қызметінің шарықтау шыңы болды. Шайқасқа барлық үш жүздің жасақтары қатысты. Бұл шайқаста батырлардың бойын ерлік, қайсарлық, өздерінің жеңісіне деген мызғымас сенім биледі. Шайқас жекпе-жектен басталды. Жоңғарлар жағынан ортаға талантты әскербасы, қоянқолтық ұрыстың асқан шебер жауынгері Шарыш шықты. Қазақтар жағынан жекпе-жекке 20 жасар Сабалақ (Абылайдың бүркеншік аты) сұранды. Абылай нақ осы жекпе-жекте өзінің қатарлы қарсыласын жеңіп, есімін мәңгі даңққа бөлеген. М.Тынышбаев кейін сол кезде Абылай өзгелерден асқан зор батылдығымен асып түсті деп жазды. Шайқастың сәтті басталуы қазақ жауынгерлерін жеңіске жігерлендірді. Сөйтіп олар бұл шайқаста жеңіп шықты. Майдан даласында мыңдаған қалмақ әскерлері қаза тапты. Көбі қырылып,жаралы болып жаны шықпай жатқан жау әскерінің аңыраған дауыс бірнеше күң даланы басына көтерді. Бұл жер кейін «Аңарақай» деп аталып кетті. Аңырақай шайқасында жеке ерлігін және үйымдастырушылық қабілетін көрсеткендер арасында көптеген батырлар, билер, сұлтандар, рубасылары мен қатардағы жауынгерлерінің ерлігі мен жеке басының қажыр-қайраты, бірліктің нәтижесінде қазақ жауынгерлері бұл шайқаста женіп шықты. Қаратаудың, Ұлытаудың таулы аудандарын, Сарыарқа мен Жетісу жерлерін азат ету оқиғалары халықтың тарихи жазында мәңгіге қалды. Ақтастыдағы, Бұланты жеріндегі «Қалмақ қырылған» шайқастары, Аңыракай шайқасы қазақ халқының тарихи өткен кезінің қаһармандық символына айналды. Аңырақай шайқасы халық санасындағы бетбұрыс болды. Рухы көтерілген халық жоңғарларды жеңуге болатын түсінді. Айбынды женіске қарамастан, жау әлі де күшінде болатын, сондықтан кейінгі жылдарда да оларға қарсы ұзақ әрі титықтатын күрес күтіп тұрды. Аныракай шайқасынан кейін қазақ билеушілердің арасында жік туды. Түпнұсқаларда Аңырақай шайқасына қатысқан сұлтандардың іс-әрекетіндегі мұндай келіспеушіліктің (жіктелуінің) себептері жайлы айтылмайды. Одан кейін көп ұзамай Әбілмамбет сұлтанның қазақ хандарының ордасы Түркістанға қөшіп кеткені, ал Әбілқайырдың орыс шекараларына қарай жедел жылжығаны белгілі. Аңырақай шайқасынан кейн қазақ хандары мен сұлтандарының арасында жік түының негізгі себебі жоғарғы билік үшін талас болды деп топшылауға негіз бар. Таукенің баласы Үлкен хан Болат қайтыс болғаннан кейін оның орнын Орта жүзден Сәмеке (Шахмұхамбет), Кіші жүзден Әбілқайыр аламыз деп дәмеленді. Көпшіліктің қалаған адамы Әбілмәмбет (Болаттың үшінші ұлы) болды. Мұндай таңдау жасалынғанына наразы болған Әбілқайыр хан майдан шебінен әскерін алып, еліне кері бұрылды. Хандықтың өзіне тимегеніне риза болмаған Сәмеке де Әбілқаирдан кейін әскерін алып Шудың бойымен Бетпақдалаға қарай бет тузеді. Жоңғарларға қарсы майдан әлсіреп, өз әскері мен Ташкентке бағыт алған Ұлы жүздің ханы Жолбарыс қазақ елінің қас жауы жоңғарлармен мәмлеге келуге мәжбүр болды. Сейтіп, қазақ жерлерін жоңғар басқыншыларынан азат етудің ортақ ісіне оңалмас ңұқсан келтірілді. Қазақтардың 1730 жылғы Аңырақай жеңісіне қарамастан жоңғар хандырының жаңа шабуылының тікелей қауіпі жойылмайды. Қазақ хандықтары жөнінде барынша агрессияшыл саясат жүргізген Галдан-Цереннің (1727-1746 жж.) билік басына келуі мұндай шабуылдың қауіпін күшейтті, қазақ хандарының өздері де, соның ішінде Әбілқайыр да жоңғарлар тұтқын етіп әкеткен өз руластарын қайтарып алмақ ниетінен тайған жоқ. Қазақ хандықтарының билеушілері алдында маңызды да күрделі міндет-қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіздендіру және елдің феодалдық батыраңқылығының күшейе түскен процессін жою міндеті тұрды. Олардың бұған өз күштерімен жете алмайтындығына көздері жете түсті. Солтүстіктегі қуатты көрші Россиямен одақтасу қажет болды. Осылайша қазақ билеушілерінде орыс-қазақ саяси және экономикалық байланыстарың одан әрі нығайтып, Россияның қол астына кірудің жолдарын іздеуге деген ұйғарым қалыптасты. Сонымен, жоңғар әскерлерінің шапқыншылық жылдары қазақ жүздерінің экономикалық және саяси өміріне ұзақ уақытқа терең із қалдырып, қазақтардың тарихына «Алапат ауыр жылдар» болып енді.

57. Қазақ Жоңғар соғыстарының кезеңдері.Қазақ халқының Жоңғарларға қарсы азаттық күресі. Қазақ хандығында жүздер арасындағы тұрақты саяси және экономикалық байланыстардың болмауы, қазақ феодалдарының өзара тартысы көрші мемлекеттердің шабуылдауына жол ашты: солтүстік-батыстан – башқұрттар; солтүстіктен-Сібір қазақтар; оңтүстіктен – Қоқан, Хиуа хандықтары; шығыстан – жоңғария; оңтүстік – шығыстан – Қытай. Қазақ жеріне әсіресе қауіп төндіргені – жоңғар мемлекеті. Жоңғар қонтайшыларының басты мақсаты: қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, өзіне бағындыру; қазақ жерін иемдену. XVII ғ соңы XVIII ғ басы – жоңғар әскері Жетісудың бір бөлігін жаулап, Сарысу өзені алқабына дейін жетті. 1718 ж Аягөз шайқасы. Қаракерей Қабанбай мен Жауғашар (Шақантай) батырлардың басшылығымен алғашқы екі күнде жау талқандалды. Шайқастың үшінші күні Әбілхайыр мен Қайып соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеді. Осыны пайдаланған жоңғарлар жеңіске жетті. 1722 ж Цинь императоры Канси қайтыс болғаннан кейін Жоңғария барлық әскерін қазақ еліне қарсы жіберуге мүмкіндік алды. 1723 ж – Цеван – Рабдан бастаған 70 мың жоңғар әскері 7 шепке бөлініп Қазақ өлкесін ойрандады (Жетісу – Қаратау –Талас алқабы). Бұл – «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, ақ мешін» қайғысының бастамасы (1723-1727). Ел басынын кешкен осы қасірет «Елім-ай» әнін туғызды. Жоңғар қысымымен қазақ ауылдары туған жердерін тастап, іргелес аудандарға үдере көшті: Ұлы жүз және Орта жүздің бірқатар рулары – Шыршық өзенің Сырдарияға құяр саласынан жоғары өтіп, Ходжентке беттеді. Орта жүз рулары – Самарқандқа. Кіші жүз рулары – Ырғыз, Торғай, Жайық, Ор өзендеріне; Қазақтардың бір бөлігін Тобыл губерниясына қарай жылжыды. Қазақтардың Орта Азия хандықтары мен Еділ қалмақтарының иелігіне жақындауы көршілес мемлекеттермен қатынасты салқындатты. Жайық бойындағы қазақтар,оңтүстікте қарақалпақтар, өзбектер әлсіреген ауылдарға шабуылдап, жағдайды ауырлата түсті. Қатты ойрандалған жер – Жетісу. «18 ғ алғашқы он жылдықтарының қазақ халқының өміріндегі қияметі терең болды. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық қазақтары, башқұрттар ұлыстарды талқандап, малдарын айдап, отбасыларын тұтқындап алып кетті» деп жазды Ш. Уәлиханов. Қазақ жерінде ерекше қаталдық көрсеткен жоңғар қонтайшысы – Цеван – Рабдан. 1725 ж – жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті жаулады. Бұл Оңтүстік аудандардың елді мекендері мен керуен саудасына нұсқан келтірді. Қазақ жерінің ұзақ жылдар бойы жоңғар билігінде қалып қою қаупі төнді. Хандар мен сұлтандар осы ауыр күндерге басқыншыларға қарсы күресті ұйымдастыру орнына, билік үшін таласып, өзара қырқысты. Тәукеден кейін оның мирасқорлары Қайып, Болат елдің басын құрай алмады. Ұлы жүзді Жолбарыс хан (1720-40) басқарды. Орта жүз аумағын Сәмеке (1724-38), Күшік (1718-50) хандар басқарды. Кіші жүз билеушілерінің бірі Әбілхайыр (1698-1748) 1723 ж жетекші хан болып танылып, қолбасшылық және дипломатиялық қабілеттерімен ерекшеленді. Ал қазақ батырлары туған жерді азат етуге бірікті: Есет, Қабанбай, Бөгенбай, Саурық, Малайсары, Баян, Жәнібек, Райымбек т.б. Біртұтас әскер ұйымдастыруда белгілі би Қанжығалы Бөгенбай батыр ерекше көзге түсті. Үш жүз жасақтарының біріккен қимылдары 1726 ж басталды. 1726 ж – «Қалмақ қырылған» шайқасы. Сарысудың орта ағысы, (Торғай даласы). Бұланты өзенінің жағасындағы «Қара сиыр» деген жерде 60 мың қазақ әскері күшімен қалмақтар талқандады. Тарихи маңызы: қазақ халқының әскери, моральдық рухы көтерілді. Үш жүзді біріктіргенде біріктіргенде жоңғар қаупінен құтылуға болатындығына сенім күшейді. Қазақ өлкесінің солтүстік батысы азат етілді. Елдің тәуелсіздігін қалпына келтіру мақсатына ұмтылыс басталды. 1726 ж Ордабасы жиыны. Үш жүздің жасақтары жиналып, жауға соққы беру жөнінде келісімге келді. Нәтижесі: Әбілхайыр бас қолбасшы болып сайланды. Жетісуды азат етуге аттануға осы жер жақын болды. Алатау, Қаратау сілемдерімен қоршалып, шығысы ашық дала болатын бұл жер қазақ жасақтарын шоғырландыруға мүмкіндік берді. Қазақ жасақтары жүздік негізде орналастырылды. 1729 ж көктем Аңырақай шайқасы (балқаш көлінің оңтүстігі) Әбілхайыр басшылығымен үш жүздің әскері қалмақтарға күйрете соққы берді. Бұл ұрысқа Әбілмәмбет пен Барақ сұлтандар да жеке жасақтарды басқарып қатысты. Тарихи маңызы: Жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінді. Кіші жүз бен Орта жүз жерлерінің көп бөлігі азат етілді. Қазақ жерін түгелдей азат етуге мүмкіндік туды. Үш жүздің бірігуінің маңыздылығын көрсетті. Алайда, Болат ханның қазасынан кейін Әбілхайыр мен Сәмеке (Шахмұхамбет) аға хандыққа таласып, алауыздық пайда болды. Нәтижесінде: Әбілхайыр өз әскерін Кіші жүзге қарай алып кетті. Сәмеке хан әскерін Орта жүзге қарай жырып әкетті. Осы себептерден Сырдария алқабына шегінген Ұлы жүз әскері қайта оралған қалмақтардың жаңа күшіне қарсылық көрсете алмады. Оңтүстік Қазақстанның осы өңірі уақытша жоңғар өктемдігінде қалып қойды. Жоңғар қаупінің жойылмауы билеушілерден сыртқы қауіптен құтқаратын жол іздеуге талап етті.

58.15-18 ғғ жазба әдебиет өкілдері: М.Х. Дулати, Қ.Жалайыр, ӘбілғазыМ.Х.Дулати(1499-1551) Араб, парсы тілдерін өзінің ана тіліндей білген. Атақты еңбегі «Тарихи-Рашиди» онда Моғолстан Кашмирде парсы тілінде жазылды. Хан сарайында жүргеде көптеген оқиғаларға тікелей қатынасып, сарйда сақталған тарихи құжаттарды зейін қоя оқып ой елегінен өткізді. Шығарма моғолдардың хан сарайында сақталған тарихи құжаттар,аңыз-әңгімелер,оқиға куәгерлері мен автордың өзі байқаған жайттары негізінде жазылған. Ол өзінің басты мақсаты ретінде ата-бабасы өмір сүрген ж/е мемл.ті нығайту үшін күрескен Моғолстан билеушілерінің өмірбаян тарихын жазды.»Менің мақсатым,-дейді ол,-өзімнің ғалымдығымды көрсету емес,алда өткен Моғол хандарының есімдері уақыт беттерінен мүлде жойылып кетпеулері үшін,естеліктер жазу болып табылады. Онда орта ғасырлардағы қазақтар тарихы,Дешті Қыпшақтағы оқиғалар,феодалдық соғыстар,сыртқы жауға қарсы қазақтардың өзбектермен және қырғыздармен достық одағының қалыптасуы туралы көптеген мағлұматтар беріледі.Шығармада XV-XVI ғасырлардағы Оңт. және Шығ. Қаз.ның әлеуметтік- экономикалық жағдайы , қала,егіншілік мәдениеті ,Жетісудың тарихы,географиясы-жалпы орта ғасырлардағы Қаз жайлы құнды деректер бар. Бұл шығармада қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің Өзбек хандығынан бөлініп көшу себептері тұңғыш рет айтылады.«Тарих-и Рашиди» тарихи шығарма ғана емес.Бұл-талантты жазылған әдеби туынды,онда шыншылдықпен суреттелген ұрыс көріністері бар,шайқастар кезіндегі адамдардың іс-қимылдары,олардың ұрыс кезіндегі мінез-құлқы көрсетіліп,нақты адамдардың(Саид ханның,Бабырдың,Қасым ханның және басқалардың) бейнелері суреттелген,оқиғалардың шиеленісуі ашып көрсетіліп,адамдардың белгілі бір жағдайлардағы көңіл күйлері дәл берілген.Бүгінгі күні Қаз Дулаттану ғылымын өркендетуге әйгілі шығыстанушы Әбсаттар Дербісалиев қыруар еңбегін сіңірді.Ол «Тарихи Рашиди» классикалық шығарма екендігін атап көрсете келе оған мынандай баға береді:Осы күнгі қазақ , өзбек,ұйғыр,ауған,үнді, тибет халықтарының тарихын зерттеушілер «Тарихи Рашидиді» аттай алмайды.Еңбек осымен де құнды,осымен де бағалы. Қ.Жалайыри(1560-1605) Шыққан тегі Сырдариядағы жалайыр тайпасы. Атақты еңбегі «Шежірелер жинағы» 1600-1602 жж жазылған. Қазақ хандығында орда сарайда хан кеңесшісі және ханзадалар тәрбиешісі қызметін атқарды. 1588 жылы қазақ ханзадасы Ораз-Мұхаммед сұлтанмен бірге Ертіс бойында қаршыға салып жүргенде, оларды орыс әскерлері тұтқынға алып, Мәскеуге алып кетеді. Қ.Жалайыри тұтқында отырып жазған « Шежірелер жинағын» екі елдің достығы ретінде Борис Годуновқа сыйға тартып, оның қамқорлық жасауын өтінді. 1854ж Қазан қаласында баспадан шыққан 15-17ғғ қазақ тарихы жағдайындағы өте маңызды шығарма осы Қадырғали Жалайри жазған «Жылнамалар жинағы» еді. Шығарма құрылымы тілі жағынан бірегей дүние. Бұл тарихи шығармада қазақ халқының қоныс тепкен жерлерінің жай жапсары, ондағы қалалар мен қала мәдениеті, Қазақ хандары мен қазақ хандарының өмірбаян шежірелері хан төңірегіндегі сұлтандар мен қарашалар, батырлар мен абыздар және басқа әлеуметтік топтар, Қазақ хандығының ішкі сыртқы жағдайлары, Қазақ хандығының заң ережелері жайында ғылыми құнды деректер берілген.

59. 15-18 ғасырдағы ақын-жыраулар және олардың шығармалары.Қазақтардың суырып салма ақындық өнері кеңәнен дамыды. Қобыланды батыр, Ер Тарғын, Қамбар батыр т.б. сияқты ерлік істер туралы халық аузындағы жырлар, Қозы Көрпеш-Баян Сулу, Қыз Жібек, т.б. сияқты әлеуметтік тұрмыстық дастандар ұрпақтан ұрпаққа көшіп, әдет-ғұрып өлеңдерімен ертегңлері қиыстырылып шығарылып жатты. Қазақ ауызекі поэзиясының өкілдері Шалкиіз жыраудың, Доспамбет жыраудың, Жиембеттің есімдері ел аузында аңыз болып сақталып келген. 16-17 ғасырлар қазақ тіліндегі жазба әдебиеттері діни және аңыздық мазмұндағы кітаптар түрінде таратылды, тарихии шығармалар мен ру тарихы жасалды. 17 ғасыр қазақ тарихи әдебиетінің неғұрлым маңызды ескерткіші болып Қадырғали Жалайридің Жәми ат-таварих шығармасы болып саналады. өз мемлекетінің құрылуы қазақ халқы үшін рухани мәдениетінің одан әрі дамуында зор маңызы болды. Оның түрі тақырыбы мен мазмұны алуан түрлі болып бұрынғы дәуірлердің мәдениетін қисынды жалғастырды. Оның құрамында аңыз хикаялар мен кейінгі фольклорлық туындылар орта ғасырдағы қолжазба кітаби дүниелер мен қазақтың төл әдебиеті тарихи шежірелік және құқық қатынас шешендік өнері музыкалық және халықтық драмалық шығармашылық пен халықтық көңіл көтеретін ойындары түгел қамтылған. Дербес мемлекеттілік оны қорғау мен нығайту қажеттілігі жағдайында бір мезгіл әрі көреген әрі суырып салма ақын әрі хандықтың бас идеологы әрі хандардың серігі мен кеңесшісі әрі тайпаның жауынгер басшысы ретінде көрінген жыраулардың рөлі едәуір арта түсті. 15-18ғғ жыраулар паэзисының аса ірі өкілдері: Шалкиіз, Доспамбет жырау, Жиембет жырау, Марғасқа жырау, Ақтамберді жырау, Тәтіқара жырау, Үмбетей жырау, Асан қайғы, Қазтуған, Бұхар жырау.

60. XV-XVIIIғғ. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерін атап көрсетіңіз. Қазақ ұлысындағы сұлтандардың «арқар» деп айтылатын ерекше ұраны болды. Оны ақсүйектердің қолдануына болмайтын еді. Шыңғыс ұрпақтарын билер соты соттамады, хан немесе сұлтан соттайды. Қарасүйектер өкілдеріне жекелеген рулар мен тайпаларға бөліну берік сақталды. Қарасүйектер тобына билердің ғана ерекше құқықтары болды. XVI-XVIII ғасырларда қазақ хандығында халықтың әлеуметтік құрамы феодалдық қоғамның таптық құрылымын бейнеледі.Қазақ хандығы негізгі екі топқа феодалдар тобымен қарашаға қарапайым адамдар тобына бөлінді.Феодалдар тобы Шыңғыс ұрпақтарынан ру мен тайпа ақсүйектерінен хандар мен сұлтандардан құралды. Бұларға патриархтық феодалдық топтың мұнан басқа өкілдері әмірлер немесе бектер билер байлар батырлар да жатты. Халықтың қарапайым көпшілік бөлігі мал өсіруші шаруалар мен егінші шаруалар т.б еді. Бұлар жеке өз еңбегіне негіделген шаруашылығы бар ұсақ өндірушілер болды. Шаруалар жұмыс істеу және салық төлеумен қатар көптеген міндеткерлікті де өтеді олар хандар мен сұлтандарға сойыс беруге, қонақ етіп күтуге әскерлерді соғыс жабдығы мен қамтамасыз етуге тиісті болды. Кедейлер бай шонжарлардың малын бақты, үй қызметшісі жұмысын атқарды. Егіншілікпен айналысқан шаруалар өз щаруашылығын феодалдардың қыстауының маңында жүргізді. Кедей шаруалар феодалдың жерін жыртып егінін егіп, шөбін шауып жаздай күтіп күзде жинап теріп қамбасына кіргізіп берді. Мұсылман дінбасыларының жоғарғы топтары ишандар, имамдар, қожалар да жоғарғы топқа жатты. Молдалар да артықшылық дәрежеде болды. Феодалдар мен тәуелді шаруалар арасында әлеуметтік қайшылықтар жиі жиі көрініс тапты. Шаруалар көшіп кету немесе қашып кету арөылы өзінің наразылығын білдірді.

61. xv-xviii ғ. Қазақтардың материалдық мәдениетінің ерекшеліктерін атап өтініз. Кез келген халықтың мәдениеті ғасырлар тереңінен басталады. Сондықтан да xv-xviii ғ. Қазақ халқының мәдениеті жерімізде өмір сүріп,қазақ ұлтын құрған рулар мен тайпалар мәдениетінің заңды жалғасы. Ол жаңа заманға сай дамып отырды.Қазақ халқының мәдениеті өзіндік сипаты бар дәстүрлі мәдениет. Қазақ халқының қалыптасуына байланысты оның өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті де жетіліп отырды. Материалдық мәдениет дегеніміз халықтың күнделікті тұрмыс қажеттілігін өтейтін,өмір сүруді қамтамасыз ететін бұйымдар мен өмірге қажетті нәрселер және оны өндіруге керекті құрал жабдықтар.Атап айтқанда: киім кешек,ішіп жем, тамақ, басқа пана болатын үй жай, төсек орын,ыдыс аяқ,қару жарақ,құрал сайман,әшекей сәндік бұйымдар т.б. Ал бұлардың өзі бірнеше салаға бөлініп кетеді,мәселен үй жайды тарамдап көрсек,қазақ халқында мал шарушылығымен айналысқандықтан көшіп қонуға ыңғайлы киіз үйдің түрлерінің болуы. Оларға қажетті жабдықтардың болуы. Мәселен,түкті кілем, алаша,сырмақ және аяққап т.б.Қазақ халқында қыстаудағы тұрақты үй жайлар таулы жерде тастан салынса,ал өзен бойларында ағаштан,қамыстан салынған.Жерден қазылған жеркепе немесе шошала ,кейбір жерде тошала және т.б. атаулармен белгілі үйлер болған. Сол сияқты құрал жабдықтардың түрлерін айтатын болсақ,мұнында мал шаруашылығына байланысты түрлері бар.Атап айтатын болсақ: жылқы бағуға құрық,шалма арқан,қамшы,құйысқан,тартпа т.б. пайдаланылды. Ал біз қазақтар егін шаруашылығымен айналысқан дедік,бұған қажетті соқа,тісағаш,жыраағаш,тырма,мәлі,айыр,ағаш күрек т.б. құрал жабдықтар халқымыздың күнделікті тұрмысқа қажетті өнімдерін өндіруге жараған.

62.xv-xviii ғ. Қазақтардың рухани мәдениетінің ерекшеліктерін атап айт. Мәдениеттің бұл түрі жерімізде өмір сүрген ру тайпалардан бері қарай жалғасын тапқан. Мәселен, үйсіндердің қалалардың отқа немесе көк тәңірге табынуы қазақ халқында да болған. Сонымен рухани мәдениетке адамдардың жан дүниесінің наным сенімі,ділі,діні,тілі, ойлау жүйесі, дүниеге деген көз қарасы жатады. Халқымыздың рухани мәдениеті оның күнделікті өмірінде,шаруашылығында атқарылатын әдет ғұрпымен салт санасында кездесіп отырады. Мәселен қазақтар қыстаудан көшкенде қыстаумен малын отпен тазарту салты міндеті түрде жүргізілген . Бұл от иесіне тағзым ету,бәле жаладан арылу.Ол үшін екі- үш жерден от жағылып,мал сол жағылған оттың арасынан өткезіліп,көктеуге қарай айдалған.Отқа табынудың және бір айқын көрінісі жаңа түскен келін келген үйінің отына май тамызады. Бұл оттай маздап,жаңа отаудың оты жанып,шаңырағы биік,босағасы берік болсын деген ырым. Ал тіл көз тимеу үшін де әртүрлі ырымдар жасалған. Мысалы көш керуеніндегі түйелерге қырғауылдың ұзын қауырсынынан төрт басты қарқара тағылған. Мұны қарқаралы көш деп атаған.Бұл тілкөз қарқараға ауады деген сенім.Мал шаруашылығына байланысты халқымыздың түсінігі бойынша күннің алғашқы күркіреуі сауын малы сүтінің көбеюінің,өсімдіктердің жетілуінің хабаршысы болған. Қымыз ашытуға байланысты қазық майлау немесе бие мұрындық деп аталатын шағын той томалақ жасаған.

63.Қазақ хандығының XV-XVIII ғғ/ң егіншілік пен қала мәдениетінің дамығаны. Қазақ хандығының экономикалық және мәдени өмірі оңтүстік Қазақстан тарихымен тығыз байланысты. Соңғы орта ғасырларда қала мәдениеті мен отырықшы егіншілік мәдениет қазақтың этникалық аумағының нақ осы,бірден бір ауданында сақталып қалды.Қалаларда құрылыс ісі және соған байланысты қол өнер дамыды. Қала құрылысында тұрғын үйлер,мешіттер,медреселер,жабық базарлар, дүкендер,моншалар,кесенелер салынды.xv-xviii ғ.халықаралық саудада Қазақстан даласы мен Түркістан қалалары арқылы Орта Азия мен Ресей сауда экономиканың дамуында маңызды факторға айналды. Ресей мен Орта Азияның Қазақстан арқылы дипломатиялық қатынастары жанданды. Саудамен қатар Сырдрия қалаларының көшпелі дүние мен дәстүрлі сауда және жергілікті сауда жүргізіледі.Сырдария қалаларынан далаға астық қала қол өнерінің өнімдері мата апарылды, ал қалалар төніректегі егінші және көшпелі халықты қажетті тауарлармен базар арқылы жабдықтап отырды.Қалалар: Отырар-Оңтүстік Қазақстан жеріндегі ірі сауда өнер кәсіп орталығы. Xvi ғ Түркістандағы Шайбан әулетінің мекені. Сауран-xvi ғ. Мұнаралы биік қамал қабырғалы,терең ор қазылған қорғаныс жүйесі. Оның тербеліп тұратын мұнаралы болған. Сайрам-мықты бекініс, ірі сауда өнер кәсіп орталығы.Мәуеранахрда Түркістан мен Жетісуға шығатын сауда және әскери жолдардың торабына орналасқан қала. Йасы-xvi ғ. Соңында қазақ хандығының астанасына айналды. Есім хан тұсында астана болды. Ахмет Йасауи,Рабиға бегім Есім ханның кесенелері орналасқан. Егіншілік: Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан өте ертеден егіншілік мәдениеттің өркендеген жері.Суармалы егіншілік жақсы жолға қойылған аймақ,Сырдария,Арыс,Шу,Талас,Іле өзендері егіншілік айтарлықтай дамыған жерлер.: Қаратау,Ұлатау етегі,Ертіс,Зайсан көлі маңы.Көшпелі халықтың қысы жазы жейтін,ұзақ сақтауға шыдайтын бағалы тамағы-тары.Малынан айырылып,көшуге мүмкіншілігі болмаған кедейлер егіншілікпен айналысқан.Оларды жатақтар деп атаған.

64. xv-xviii ғғ қазақ шаруашылығының негізгі саласы көшпелі мал шаруашылығына сипаттама бер. Қазақ жерінің табиғи жағрапиялық ерекшеліктеріне байланысты қазақтар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты.Көшіп қону бағыттары жыл маусымына байланысты өзгеріп отырды. Маусымдық жайлымдарды алмстырып көшіп қонып отырудың бұрынан қалыптасқан жолдары мен жылдық айналымы орнықты.Әрбір ру белгілі бір аймақ шеңберінде көшіп қону дәстүрін ұстанды.Жайылымдық қоныстардың арақашықтығы жүздеген шақырымға созылды. Мал шаруашылығы табиғат жағдайларына мейлінше тәуелді болды.Жем шөп дайындау болмады,қыста мал тебіндеп жайылды.Қыс қатты болған жылдары жұп болып,малдың жаппай қырылуы жиі кездесетін,мұндайда көшпелі малшылар тақырлана кедейленіп,көбі отырықшылыққа ауысатын. Қазақтардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы. Қазақтар негізінен қой,жылқы,түйе өсірген. Қазақтардың шаруашылығында мүйізді ірі қара аз болған,өйткені ол жыл бойы бағуға әсіресе қыс кезінде тебіндеп жайылуға нашар бейімделген.Мал жеке адамның және отбасының меншігінде болды. Мал көшпелілер байлығының,олрдың тұрмыстық жағдайының бас өлшемі болды. Маусымдық жайылым 4 кезеңге бөлінді. Қыстауда алты ай қозғалмай бір жерде отырған. Көктеу,жайлау,күздеуде екі ай тұрақталған.

65.Ресей империясының құрамына кіру кезеңдері(XVIIIғ I ширегі-XIX ғ.ортасы) Қазақ хандықтарның алдында қазақ жүздерін анталап турган сырткы жаудан коргау жане саяси бытыранкылыкты жою міндеті тұрды.Қазақ халқының басына тускен осындай ауыр жагдайды кіші жүздін ханы Әбілқайыр оз пайдасына шешуге тырысты.Ол патша окіметіне арқа сүйегісі келді.Оның максыты қазақ мем.жан жагынан анталап турган жаудан сактап калу,Тауке ханның кезіндегі сияқты үш жүздің басын қайта қосу,өзінің қарсыластарын жеңіп қазақ хандығының ханы болып билік жүргізу болды.Бұл ойын іске асыру үшін Әбілқайыр хан 1730 жылы қазан айында патша окіметіне С.Құндағұлұлы мен Қ.Қоштаулы бастаган елшілерін аттандырган.Патша өкіметіне бұл қолайлы болды.Өйткені патша өкіметі шығыска шыгу үшін қазақ жерін айналдыра солтүстік батыста солтүстік шығыска дейн бирнеше бекіністерді Жәміш,Омбы,Оскемен,Семей т.б. салып койган, ал енді «іздегенге сураган »дегендей қазақтардың өзі әйел патшадан қол астындағы ұлыстармен қарамағына алуды өтініп отыр. Жоңғар қонтайшысы Қалдан Серен өзініңармиясын орта жүздің шекарасына топтай бастады.Бұл жағдайдан хабардар болып отырған патша өкіметі 1734 жылы тамызда орта жүздің жерін өзіне қосып алу туралы заң шығарғынымен бұл өз кезінде толық іске аспаган.Дегенмен орта жүздің ханы Әбілмамбет пен корнеті султан Абылай 1740 жылы патша окіметіне адал болу туралы ант берген.Ал Ұлы жүщдегі жағдай оте ауыр болды.Ұлы жүз ханы Жолбарыста Ресейге қосылуга ниет білідіріп өз атынан Толе би бастаған елшілік аттандырады.Алайда ниеті сатсіздікпен аякталды.Ұлы жүз Ресейдін құрамына хiх ғасырдың екінші жартысында оңтүстік жане оңт.шыгыс қазақстанда орталық азия хандықтарының билік жүргізуіне байланысты патша аскерінің күшімен зорлықпен қосылган. хiX ғ. Басында Қазақстаның оңтустік болігінде ерекше ауыр жағдай қалыптасады.Оның басты себебі, бул аймақ халқы Орта Азиялық Хиуа,Қоқан,Бухар устем тап окілдерінң туракты шапкыншылыгына ушырап отырды.Сондықтында бул аймақ аліде болса патша өкіметінің қол толық өтіп болмаған.Хиуа ханы Мухаммед Рахым хiX ғ. 20жылдарының басында қазақ қоныстарынан шабуыл жасап, қазақтарды күйзеліске ұшыратып кеткен.Мұндай ауыр шапқыншылыққа шыдамаған қазақтар 1821жылы Тентектөре бастаған көреріліске шыққанг. Алайда көтерілістің қарқынынан қорыққан үстем тап өкілдері көтеріліске опасыздық жасап, Қоқан хандығы жағына шығып кетіп көтерілісшілер сәтсіздікке ұшыраған.Мұндай көтеріліс Қырғыз, Шымкент, Әулиеата,Пішпек жерлерінде қамтыған.Орталық Азия хандықтары қазақ қырғыз жерлерінің Ресейдің қол астына өтуіне кедергі жасауға кіріседі.Бұған қарамастан алғашқылардың бірі болып Жалайыр руынан 66мың патша өкіметінің қол астына енеді.Бұл кезде патша өкіметі де қарап жатпай,оңт.шығыс Қазақстьан жеріне Ақтау, Алатау,Қапалы,Сергиополь,Лепсі бекіністерін салып, біртіндеп жылжып келе жатты.

66.Кіші жүздің Ресей империясынын құрамына енуі. Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Әбілхайыр (1693-1748ж.) Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды.Әбілхайыр ханнын мақсаттары. 1. Қалмақтар мен башқұрттардың Қазақ жерін шабуылдауын тоқтату. 2. Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңу. 3. Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор өзендері бойындағы қазақтардың мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтау. 4. Қазақ жері арқылы өтетін керуен жолдарының қауіпсіздігін қалпына келтіру. Ханның ен басты мақсаты - жонғарларға қарсы күресте Ресеймен байланыс орнату. Әбілхайыр осыған дейін, 1726 жылы Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдіріп, елшілерін жіберген болатын. Бірақ елшілікке күмәнданған патша үкіметі хан ұсынысын жауапсыз калдырған болатын. 1730 жыл - Кіші жүз билері Әбілхайырға Жонғарияға қарсы күресу үшін Ресеймен әскери одақ құруды тапсырды. Алайда, хан 1730 жылғы қыркүйекте Петербургкке аттандырылған елшілеріне әскери одақ күру емес, Ресейдің құрамына кіру туралы құжат тапсырды. 1731 жылғы 19 ақпан - елшілер Сейітқұл Құндағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлының Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысын императрица Анна Иоанновна кабылдады. Кіші жүз ақсүйектері мен Әбілхайырдан ант кабылдау үшін Ресейден сыртқы істер коллегиясының тілмәші, дипломат А.И.Тевкелев бастаған елшілік жіберілді. 1731 жылы қазанда орыс елшілері Ырғыз өзені бойындағы Әбілхайыр ордасына келгенде, қазақ ақсүйектері арасында шауыздық бар екені анықталды. Барақ сұлтан, Бөгенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шараларды аяқсыз салдыруға тырысқанмен, бұл карсылық сәтсіз аяқталды. 1731 жылғы 10 қазан - Кіші жүздің 27 старшинасы Ресейдін қол астына кіруге ант берді. Кіші жүздің Хиуа хандығымен аудандары Ресей империясына косылмады. Қазақ тарихындағы осы маңызды процесті тарихшылар әртүрлі бағалайды: - М.Макшеев, И.Завалишин т .б. Әбілхайырдың іс - әрекеттерін тұтасынан ақтайды. - А.И.Левшин бұл бодандықты Әбілхайырдың жеке бас мүддесін ойлағаннан туыңдаған іс - әрекет деп түйіндейді. Кіші жүз Ресей кұрамына кіргеннен кейін де жағдай күрделі күйінде қалды: жоңғарлардың басқыншылық әрекеттері тоқтамады. Орыс үкіметі Қазақ өлкесі жөнінде отаршылдық саясат ұстанып, 1714 - 1720 жылдары Ертіс өзенінің жоғары ағысында бекіністер тұрғызған болатын: Жәміш, Омбы, Колбасинск, Железинск, Семей, Коряков(Кереку), Өскемен. Патша үкіметінін мақсаты - қазақ - жоңғар соғысын пайдаланып, бекіністер салу арқылы Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу. Патша үкіметі Жайық бойына бекіністер тұрғызып, егін шаруашылығына қолайлы өңірлерді басып алып, орыс

67. Орта жүздің Ресейге қосылуы 1781 жылы Абылай қайтыс болғаннан кейін Орта жүздің ханы болып оның баласы Уәли сайланады. Ол бір мезгілде Рейсейге де, Қытайға да бодан болатыны жөнінде ант беріп. Өз әкесінің саясатын жалғастыруға ұмтылғанын көрсетті. Дегенмен, оның тұсында хандық ішінде ыдыраушылық күшейді, сұлтандардың ықпалы өсіп, мұның өзі қазақ хандығ,ының әлсіреуіне әсерін тигізді. Бұл Ресейдің Орта жүз жеріне неғұрлым белсенді түрде енуіне жағдай жасады. 18 ғасырдың аяғы -19 ғасырдың басында өзінің отарлау саясаты барысында патша үкіметі ең әуелі Қазақстан жеріндегі хандық билікті жоюға кірісті. Хан билігі орыс шенеунігі басқарған уақытша кеңестің қолына көшті. Осындай кеғес құру арқылы Кіші жүз бен орта жүз хандықтарының саяси дербестілігін түпкілікті жою мақсатын көздеді. Патша ұкіметі бұл мақсатты іске асыруды Орта жүз хандығынан бастады. Мүнда 1815 жылы Орта жүз ішіндегі Уәлидің билігін әлсіретуге тырысып, екінші хан етіп Бөкейді тағайындады. Орта жүздің хандары Бөкей 1817 жылы, Уәли 1819 жылы қайтыс болған соң , патша үкіметі жаңа хан сайлатпай, Орта жүзді бірнеше әкімшілікке бөліп, оларды басқарып-бақылауға патша әкімдерін қояды.

68.Ұлы жүзің Ресейге қосылуы - Ұлы жүз руларының Ресей қол астына қарауы. Жетісудың Ілеге дейінгі бөлігі 18-ғасырда Жоңғар билігінде болды. Ол кезде Ұлы жүз ханы Жолбарыстың қол астында Ташкент төңірегіндегі шағын ғана аймақ бар еді. Жолбарыс хан орыс елшісі М.Тевкелевтің Кіші жүзге келгенін біліп, оған Ресейдің қол астына кірудің шартын анықтау үшін үш старшын аттандырды. Осы кезде Ұлы жүздің атақты билері — Төле би, Қодар би және Сатай, Бөлек, Хангелді батырлар өздерін Ресей азаматтығына қабылдау жөнінде император Анна Иоановнаға жолдама хат жолдады. Олар Әбілқайыр хан мойындаған шарттар негізінде Ресей мемлекетінің құрамына кіруге тілек білдірді. 1834 жылы 20 сәуірде император Анна Иоанновна оларды Ресейдің қол астына қабылдау жөніндегі грамотаға қол қойды. 1842 жылы Ұлы жүз руларының төрт старшыны Ресейдің қол астына қарау жөнінде ант берді. Бұл кезде Жетісудың көптеген бөлігінің Жоңғарлар билігінде болуы Ресейге қосылуға бөгет жасады. Сонымен қатар Қоқан ханы мен Хиуа билеушілері едәуір қарсылық көрсетгі. 1848 жылы сұлтан Сүйік Абылайханов бастаған Ұлы жүз қазақтары өздерін Ресей қол астына алу туралы тілек білдірді. Бір жыл өткен соң патша үкіметі Ұлы жүз қазақтарын Ресей азаматы деп жариялады. Бірақ бұл азаматтыққа Іленің шығыс жағын мекендеген рулар ғана өтті. 1856 жылы Ұлы жүздің Жалайыр, Албан, Дулат, Шапырашты, Ысты тайпалары Ресей азаматтығын қабылдады. 19 ғасырдың 50-жылдарында Ұлы жүздің Оңтүстік Қазақстаңдағы бөлігі Қоқан хандығының қол астында еді. Бұл аймақтарды өзіне қаратып әрі Орта Азиядағы хандықтарды өзіне бағындыру мақсатымен патша үкіметі Ұлы жүздің Оңтүстік Қазақстандағы аймағына екі жақтан — Перовск және Верный қалаларынан жорық бастады (Ұзынагаш шайқасы). 1864 жылы көктемде орыс әскері Әулиеатаны, 1865 жылы Ташкент, Перовскіден шабуылға шыққан орыс әскері Шымқорған, Жөлек бекіністерін алып, Сырдария мен Жетісудағы Ұлы жүз қазақтары түгелдей дерлік Ресей қол астына көшті

69.Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы. Қазақстанның оңтүстігін басып алу. Қазақстанның Ресейге қосылуына көптеген саяси-экономикалық аяғышарттар болды. Орыс үкіметі өзінің шекарасын Шығыста ұлғайтқысы келді. Ресейде мемлекеттік биліктің күшейуімен қатар Шығыс мемлекеттерімен, керші жатқан халықтармен сауда айырбас жасауға және өзге де қарым-қатынастарды дамытуға мүмкіндік туды. Қазақстанның Ресейге бодандығы ХVIII ғ. 30-шы жылдары басталып, ұзақ және күрделі үрдістен кейін ғана XIX ғасырдың 60 жж. аяқталды. Қазақ жүздерінің қосылуы әртүрлі ішкі саяси жағдайда іске асты. Кіші жүздің көп және Орта жүздің кейбір аудаңдары Ресейге XVIII - XIX ғғ. басында қосылды. Патшалық империя Орта Азияға байланысты алға қойған стратегиялық мақсаттарына жету үшін Орта жүздің үлкен бөлігін және Оңтүстік Қазақстанның қалалық белігін еш аяушылық көрсетпей, қатаң әскери күшпен бағындырды. Ресей Оңтүстік Қазақстанды және Орта Азияны жаулап саясатын Ұлы Брятания империясымен болған бәсекелестікпен түсіндіреді. Қазақстанның Ресейге қосылуы үш кезеңнен тұрады: -Бірінші кезең XVIII ғ. 30-шы жылдарынан басталып 19 ғ. 20-шы жылдарына дейін. Бұл жүзжылдықтың ішінде Ресей мен Қазақ хандығының арасында протекторат қарым-қатынасы орнады. Ресей бекіністері мен шептері қазақ жерінің солтүстік шекарасын жан-жақтан қоршады. Қазақ хандарының сыртқы шаруаларына орыс билігі тығыз араласты және бекітіп отырды. -Екінші кезең - вассалитет кезеңі, XVIII г. 60-шы жылдары аяқтадаы. Оның негізгі керінісі 1822 жылы қабылданган «Сібір қазақтары туралы Жарғы» мен 1824 жылы қабылданған «Орынбор қазақгары туралы Жарғы» осы жарғылардың нәтижесінде хандық билік күшіи жойып, Ресей бодандығындағы қазақ өлкесіңде округтер мен бөлімдер ашылды. 0 круг басшылары - аға сұлтандар мен сұлтан-правительдер генерал-губернаторлыктарға бағынды. Өз кезегінде округтерде болыстықтар мен дистанциялар ашылды. Үшінші кезеңі таза бодандық, 1860-шы жылдары басталады. Оның негізгі белгісі Қазақ жерінің тұтастай Ресей империясының құрамына енуі, облыстарға бөліну, олардың ез кезегінде уездерге т.б. бнлінуі. Қазақтың саяси элитасы сұлтандар мен билер биліктен біржолата шеттетілді. Қазақ шаруашылығы Ресейдің тауарлы-сауда қарым - қатнастарының орбитасына ене бастады. 130 жылға созылған қазақ - орыс жаугершілігі ақырьі Қазақстанның онтүстігіндегі қалаларды жаулап алумен аяқталды. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтың ұлт-азаттық қозғалыстары жеңіліспен аяқталып, Қазақстанның бүкіл территориясының Ресей билігіне өтуіне алғы - шарт болды. Отаршылдарға қарсы көтерілістер кейде партизандық, кейде ашық ұрыс түрінде болып отырды. Қазақтардың жеңілуінің бірнеше себептерін көрсетуге болады: ол алдымен Ресей империясының экономикалық ресурстары қамтамасыз еткен орыс әскерінің техникалық қуатталығы, көптеген сұлтандар мен билердің сатқындығы, үшіншіден Кенесары қозғалысы кезінде Ресейге көмектескен Қазақстанның онтүстік көршілерінің - Хиуа, Қоқан және қырғыз манаптарының саясаты. Кенесары өлгеннен кейін орыс әскерлері Жетісуды, кейін 60-шы жылдары оңтүстік қалаларды басып алды (Ташкент, Шымкент, Түркістан, т.б.). Ресей үкіметі өзінің әкімшілік-саяси реформалары арқыяы Қазақсуандағы дәстүрлі басқару жүйесін бұзып, көпшелілерді құнарсыз жерлерге ығыстырып, Ресейден келген қара шекпендерге үлкен жеңілдік берді. 1867-1868 жж «Уақытша Ережеден» кейін шексіз билікті алған отаршылдық саясаты кең етек жайды. Сонымен қатар Қазақстаның Ресейге қосылуының нәтижесінде қазақ көшпелілері айырбас және сауда қатынасын жасайтын мүмкіндікке ие болды, қазақ ауылдарында сауданың даму барысында капиталистік, өндірістік қатынастар пайда бола бастады.

бола бастады.

70. Абылай хан мемлекет қайраткері,саясаткер және дипломат. Абылай хан туралы көптеген дастандар, аңыз-əңгімелер, өлең–жырлар, тарихи деректер мен зерттеулер бар. Абылай ханды еске алғанда біз оны батыр, Орта жүздің сұлтаны, сосын Орта жүз жəне де бүкіл қазақ халқын біріктіріп, қазақ хандығын біртұтас мемлекет ретінде сақтап қалып, оның Ұлы ханы болып, өзіне қазақтың барлық хандары мен билерін– сұлтандарын бағындыра алғанын жəне де саяси қайраткер, ақылды қолбасшы, дарынды мəлімгер, күйші екенін айтқанымыз жөн. Абылай хан бүкіл өмірін қазақ халқы (қазақ елінің) бостандығы, егемендігі үшін арнады. Шоқан Уəлиханов «Қазақ жерінде Абылайдың даңқы аса зор. Абылай заманы оларда қазақтың ерлік заманы болып саналады» деп жазған еді. Абылайдың шын аты -Əбілмансұр. 1711 жылы əкесі Көркем Уəли Түркістанға сұлтан болып тұрған кезде дүниеге келген. Бұл кезең қазақ халқы үшін өте қауіпті, ауыр кезең еді. Үш айдаһардың (Жоңғар, Қытай, Ресей) ортасында қазақ мемлекетінің жойылып кету қаупі төніп тұрды. Қытай мен Ресей жоңғарларды қазақ жеріне айдап салып отырды. Ауыр «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Абылай 12 жасында жауынгерлердің қатарына қосылады да, 22–де батыр, қолбасшы ретінде танылады. XVІІІ ғасырдың орта шенінде қазақ елін жаулардан қорғау үшін Абылай Ресеймен жəне Қытаймен татулық, достық қатынас сақтап, олардың қолдауы арқасында жоңғар басқыншылығын талқандауды жөн көрді. Ең ірі қауіп жоңғарлардың басқыншылығы екендігін түсінді. 1740 жылғы шайқаста Абылай қазақ жауынгерлерінің тікелей қолбасшысы болды. Қазақ əскері жоңғарларға қатты соққы берді. Жоңғарлар көп шығынға ұшырап, кейін шегінуге мəжбүр болды. Абылай қазақ əскерлерін ұйымдастырып, жауға қарсы көтеріп, басын біріктіріп, негізгі əскери күшті жинап көрші мемлекеттерге қазақ хандығы біртұтас ел екенін көрсетті. Абылай сұлтан бұл кезде қазақтарды біртіндеп жоңғар шабуылдарынан құтқарып, елдің тыныштығын, халықтың тұтастығын, мемлекеттің егемендігін, тəуелсіздігін сақтап қалуды мақсат еткен. Бұл мақсатты іске асыру барысында ол Ресей империясының 1740 ж. Орынборда (тамыздың 28-і) сұлтан Абылай «верным добрым и послушным … и подданным быть …» деп Ресей империясының өкіметіне, кейін Қытай мемлекетінің бодандығын қабылдауға мəжбүр болды. Тарихшы – ғалым Н. Мұхаметқанұлы «XҮІІІ ғасырдағы Чин патшалығы мен қазақтардың қарым-қатынасы» атты мақаласында былай деп жазады: «1755 ж. Орта жүз ханы Абылай Чин хандығының елшілерін күтіп алған кезде, оларға Чин хандығына бағынышты болу ниетін білдірді: «Ұлы мəртебелі патшаның орталық ойпатты билеп отырғанын бұрыннан естуші едім, арада асқар тау, алып өзендер көп, жер шалғай болғандықтан тарту-таралғы апара алмадық. Міне, бүгін патшаның құдіреті шалғайды шарлап, Ілені сапырып, Лама дінін көркейтті. Қазақтар мен жоңғарларға тыныштық орнатылды деп қуанып отыр. Мен шын ниетіммен мəртебелі патшаға қараймын». Ал бұл туралы А.Левшин былай деп жазады: «Жауын сұсымен де, күшімен де сескендіре отыра, ол өз қалауымен біресе Ресейдің, біресе Қытайдың бодандығын қабылдауға мəжбүр болғаныменшынмəнінде ешкімге де бой ұсынбаған тəуелсіз басшы болды». Екі ірі мемлекетпен дипломатиялық, сауда қарым–қатынастарын орнатып, кезінде жоңғарлар басып алған Алтай, Тарбағатай өңіріндегі қазақ қоныстарын қайтарып алды. Қазақтар жаппай ата-мекендеріне орала бастады. Жоңғарлармен күресте халықтың басын біріктіруде ерекше рөл атқарды. Абылай сұлтан өзінің шебер саясаткерлігінің арқасында Ресей мен Қытай сияқты ірі империяларды өз саясатымен санасуға мəжбүр ете отырып, іс жүзінде елдің дербестігін, жерінің тұтастығын сақтап қалды. Абылай өткір ойлы, терең білімді шешен адам болған. Бірнеше түрік халықтарының жəне де парсы, қытай, орыс тілдерін жетік білген. 1741 жылы Абылай сұлтан жоңғарлардың қоршауында қалып, тұтқынға түседі. Тұтқында болған екі жыл ішінде олардың тілі мен жазуын үйреніп, жоңғар хандығының ішкі саяси жағдайын жіті бақылап, бұл мемлекеттің күштілігі – мықты орталықтанған билікке бағынуында жəне де халықтың бірлігінде екенін түсінеді. Абылай сұлтан жəне де бірге болған серіктері, барлығы отыз бес адам қалмақ тұтқынынан 1743 жылдың 5-і қыркүйегінде елге қайтып оралады. Абылайдың тұтқындағы екі жылдай уақыт ішінде өзінің қадыр–қасиетін жоғалтпай жоғары ұстауы, сөз жүйесіндегі тапқырлығы мен батылдығы жауларын таңқалдырған. Қалдан Церен Абылайдың даналағына бас иіп, оған жоғары мəртебелі сый–сыяпат көрсеткен жəне де «ол (Абылай) заманынан жүз жыл бұрын ерте туды, бүкіл əлемді билеу қолынан келеді» деп тегіннен–тегін айтпаған болар. Осы мəселеге байланысты орыс деректерінде былай жазылған: «Он, Аблай, от зюнгарцев с великим награждением отпущен, а именно: дана ему палатка, шитая золотом шуба, крытая парчою золотою, палатка железная складная, панцырь и прочее». Жоңғарлардың қонтайшысы Қалдан – Церен «менің ұлымды өлтірген сен бе?» - дегенде Абылай былай жауап берген екен «… балаңды өлтірген мен емес, халық, менің қолым халықтың бұйрығын орындаушы ғана». Бұл оқиға туралы Үмбетей жырау «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту» атты жырында былай дейді: «Өлтірем деп Қалдан хан Орайына Шарыштың, Сөзіне қарсы сөз айтып, Жауаптастың, қарыстың. Қапияда тұтылдың, Қалмаққа бітеу жұтылдың, Шешендік жолын тұтындың, Үш ауыз сөзбен құтылдың …» ХҮІІІ ғ. 50-шы жылдары Жоңғар мемлекеті саяси дағдарысқа ұшырап, əлсіреп, ыдырай бастады. Бірақ, Абылай хан ол елді қырып шапқан жоқ. Себебі Қытай империясымен Қазақ елінің арасында буферлік рөл атқарған Жоңғар хандығының мүлдем жойылуы неге əкеліп соғатынын Абылай жақсы түсінген. Сондықтан да ол қалмақ халқының Қытай басқыншыларына қарсы ұлт–азаттық күресін қолдады. Бірақ, қалмақтар ауыз бірліктен айырылды, соның нəтижесінде 1756-1757 жылдары Цин империясы Жоңғар мемлекетін жойып, халқын қырып тынды. XVІІІ ғ. орта кезінен бастап Абылай қазақ елінің ерікті, іргелі біртұтас ел болуын, ата қонысына жайғасып, бейбіт еңбек етуін қалады. Ол елді отырықшылыққа көшіруді, Үш жүздің басын қосуды, туған Отанын жаудан қорғауды мақсат етті. Абылай хандық құрған кезде ханның жанында Кеңес болған. Оған барлық жүздердің өкілдері қатысып, маңызды мəселелерді қарайтын жəне де бүкілқазақтық Құрылтай шақырылып, соғыс пен бітім, қоныс пен жайылым, дау мен дамай, басқа халықтармен арадағы сауда мен дипломатиялық қарым – қатынас мəселелері қарастырылып отырды. Ташкент, Ходжент, Сайрам, Шымкент, Созақ, Түркістан қалалары азат болған соң, яғни қазақ хандығына қайтадан қарағаннан кейін, Үш жүздің бірлігінің көрінісі ретінде ежелгі Түркістан қаласы қазақ мемлекетінің астанасы болып белгіленді. Мемлекеттің тəуелсіздігін сақтау үшін, басқыншылардан елін қорғай алатын жауынгерлік қабілеті бар əскери күш жинап, оларды басқаратын тапқыр əскер басшыларын өзінің қасына жинай білген жəне де өзінің жоғары дəрежедегі қолбасшылық қасиеті бар кенін көрсете алған. Орыс казактары салып жатқан бекініс, қамал–қалалардың маңындағы жайылымды жерлерден айырылып қалмау үшін, орыс мұжықтарынан қазақтарға егіншілікті үйретуге əрекет етті. Ал сауда–саттық жүргізу ісіне көп көңіл бөлгені де орынды еді. Бұрын айырбас сауда тек Орынборда ғана жүргізілсе, енді 1760-шы жылдары Троицкіде, Семейде, Қызылжарда жүргізілетін болды. Ертіс өзенінің сол жағын бойлай шығысқа – Қытайға қарай «Абылай жолы» атты сауда жолы салынды. Қазақ хандығы мен Қытай арасындағы сауда–саттық биік дəрежеге көтерілді. Тарбағатай мен Құлжада жəрмеңкелер ашылып, олар қазақтарға малын, қолөнер бұйымдарын Қытай тауарларымен айырбастауға мүмкіншілік тудырды жəне Ресей мен Орта Азия мемлекеттеріне де Қытаймен сауда қарым–қатынасын орнатуға жол ашты. 1771 жылы үш жүздің өкілдері жиналып Абылайды бүкіл қазақтың ханы етіп сайлайды. Оның хан атағын Қытай императоры да, орыстың ақ патшасы да бекітеді. Ресей патшасы Екатерина ІІ Абылайды хандыққа бекіту, əйтпесе, оған əлдебір нұсқаулар беру үшін оны талай рет Петербургке, не Орынборға арнайы шақыртады, алайда Абылай хан ол шақыртуларға: «Мені үш жүзге хан қылып халқым сайлады, ендеше бұған қоса айрықша бір куəлік алудың қажеті жоқ», - деп жауап берген. Шын мəнінде де Абылай ханның тұсында қазақ мемлекеті өзінің ішкі, сыртқы саясатын ешкімге жалтақтамай дербес жүргізді. Ол өз мемлекетінің дербестігін бəрінен де жоғары санады. Сондықтан, Цин империясы Жоңғар мемлекетін қырып-жойып, шауып тастағаннан бастап Абылай бірнеше елшілер жіберіп, Қытай мемлекетімен бейбіт саяси қатынас орнатуға тырысты. Қытай империясы бірнеше қайтара шапқыншылық жасап, қазақ жерін жаулап алмақшы болды. Қытай мемлекетін жеңу оңай емес екенін түсінген Абылай хан онымен бейбіт келісімге келіп, сауда–саттықа жол ашып, оны Ресей империясына қарсы қолданған. Қытаймен бейбіт қарым–қатынасты өрбіте отырып, Абылай Ресеймен де қалыптасқан саяси жəне экономикалық қатынасты үзбеген. Ресей империясы қазақ жерінің шекарасына бекіністер, қамал–қалалар салып, оларды орыс казактарымен толық жайғастырып жатқанда жəне де Жайықтың, Ертістің тағы басқа өзендердің жағасына қазақтар малын жаюына тиім салу жөніндегі жарлықтарын шығарғанда Ресеймен жағдайды шиеленістіруге бармай, мəселені дипломатиялық жолмен шешуге тырысты. Ресей патшалығының отаршыл, басып алу саясатының құрбаны болу қаупі тұрғанын сезді. XVІІІ ғ. 70-шы жылдары Түркістан аймағында тұратын қазақтарды қырғыздар шауып, мал-жандарын айдап əкетіп отырады. Қазақтар Абылайдан өздерін қорлықтан құтқарып,қорғауды талап етеді. 1779 жылы Абылай əскерлері қырғыздарды талқандап, басшысы – Садырбаланы тұтқынға алады. Қырғыздар келісімге келіп, бітім жасауды өтінеді. Сосын, Түркістан, Сайрам, Шымкент, Созақ қалалары босатылады, ал 1781 жылы Ташкентті бағындырады, оны алым–салық төлеп тұруға міндетті етеді. Абылай хан «… өзі əулет басы ретінде рубасыларының ғұрпы бойынша өмір сүру үшін Түркістанда қалды. Сонда 1781 жылы дүние салып, мүрдесі Қожахмет Яссауидің мешіті алаңына жерленді», - дейді Ш. Уəлиханов. Абылай хан мемлекеттің, қазақ халқының жағдайын шұғыл түзеді. Абылай кезеңі тарихта ең бір елеулі кезең болды. Жау қуылды, халық өз жерінде емін – еркін тұрмыс құрды, бірлікке, ұйымшылдыққа негізделген хандық билігі құрылды. Солай бола тұрса да Абылай хан көзі тірісінде Қазақ елінің мемлекетінің тұрақты болуының тарихи жағдайын жасап үлгермеді. 1781 жылы Абылай хан дүние салғаннан кейін еліміздің тұтастығы ыдырап, Қазақстан тəуелсіздігінен айырыла бастады. Абылай хан – XVІІІ ғасырдағы тарихымыздың аса ірі тұлғасы. Ол туралы орыс ғалымы А. Левшин былай дейді: «Абылай тəжірибесі, ақыл – айласы жағынан болсын, қол астындағы халқының саны, күші жағынан болсын, сондай-ақ өзінің Ресей патшалығымен, Қытайдың боғда ханымен жүргізген тапқыр, шебер қатынастары жағынан болсын өз тұсындағылардың бəрінен де басым еді. Ол ұстамды, досына мінəйім мінезді, жауына қатал, қаһарлы кісі еді. Сондықтан жұртты өзіне тарта, ерте білетін еді». Бұл жерде Абылай ханның XVІІІ ғасырдан күйі жеткен санаулы күйшілеріміздің бірі екенін айта кеткен жөн болар. Себебі қазақ қоғамында күйдің алар орны айрықша, ең мол дерек көзі күй тілінде жəне күй аңыздары түрінде сақталған. Абылай ханның күйлерінің тақырыбы нақтылы өмір құбылыстарына арналған жəне де ел қамы мен халық тағдыры жөнінде толғанған ойларын сипаттайды. Абылай ханның күйлері туралы Ш. Уəлиханов, А. Затаевич сияқты ғалым–зерттеушілер кезінде жазған. Олар: «Ақ толқын», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Қайран елім», «Қоржын қақпай», «Жетім торы» т.б. «Бұл күйлердің бəрі күні осы уақытқа дейін Абылай ұрпақтарына сонау бір даңқты кезеңдерді елестетеді» дейді Ш.Уəлиханов. Абылай ханның алға ұстаған саясаты, мақсаты – қазақ халқының бостандығы мен бірлігі, мемлекеттігі мен тəуелсіздігі еді. Алайда ол дүние салғаннан кейін қазақ мемлекеті қайта бөлшектеніп ыдырай бастады. Ресей империясы қазақ жерін отарлауды қызу қолға алды. Оны іске асыру əр түрлі жолдармен іске асты, яғни əскери шеп бекіністер салу, қазақ жерін тартып алу, хандық билікті жою, рухани отарлау жəне т.б. Абылай кезінде қазақ хандығының саяси жəне экономикалық жағдайы жақсарды.

71.Кіші жүз қазақтарының Пугачев көтерілісіне қатысуы ХҮІІІ ғасырдың 30-шы жылдары Кіші жүзді өзіне тəуелді еткен соң патшалық Ресей біртіндеп қазақ даласындағы отарлау саясатын тереңдете бастады. Оның барысында елдің шаруашылығы күйзеліске ұшырап, саяси жағдайлар шиеленісе түсті. Мұның барлығы Қазақстанның əр өңірінде халықтың наразылығын тудырып, көтеріліске шығуға итермеледі. Ал, Кіші жүз өңірінде қалыптасқан жағдайлар қазақтардың Е. Пугачев бастаған көтеріліске қатысуына себеп болды. Өзін “ІІІ Петрмін” деп жариялап лақап ат жамылған Е. Пугачев пен оның төңірегіндегілер қазақ даласында болып жатқан мəселелерден біршама хабардар еді жəне олар қазақтардың көтерілісті қолдайтынын түсінген болатын. Сондықтан, ол жағдайларды өз мүддесіне пайдалануға тырысып, 1773 жылдың 6 кыркүйегінде қазақтарға “қамқор” болатынын білдіріп манифест жазып, 200 адамнан тұратын қазақ жасақтарын жіберуді сұрайды. Пугачевтың жазған мұндай үндеулері қазақтар арасынан біршама қолдау тапты. Осыдан кейін, кыркүйектің 20-сына қарай Нұралы хан 1000-ға жуық қазақ жасағымен Жайық қалашығының жанына келеді, бірақ, Пугачевқа көмек көрсетуден тартынып, көп ұзамай кері қайтып кетеді. Пугачев 1773 жылдың 20 қыркүйегінде қазақтарға арнап тағы даманифест жазады. Одан соң, Пугачев Жайық қалашығына шабуыл жасап оны ала алмайды да, онда аз ғана отрядын қалдырып негізгі күшін алып Орынборға қарай кетеді. Жол бойында Чернореченск, Татищев бекіністерін басып алады. Қазақ жасақтары Жайық қалашығына, Озерная, Сахарная, Кожехаров, Красногор дистанциялық бекіністеріне шабуылдар жасайды. 1773 жылдың 5 қазанында Пугачевтың көтерілісшілері Орынборды қоршауға алған тұста Досалы сұлтан бастаған қазақ жасақтары Пугачевтың өтініші бойынша Орынборды қоршауға алуға қатысады. Досалы сұлтанның үш баласы Пугачевты қолдап көтеріліске қатысқан болатын. Орынборды қоршау 5 айға созылып, оның барысында 2000-дай қазақ жасағы қолдау көрсетті. 1774 жылдың тамыз айында старшын Дайыр сұлтан бастаған 50 қазақ жасағы Пресногорьков бекінісін шабуылдады. Құлсары батыр бастаған қазақтар редутке шабуыл жасап, оған старшындар Алғабай, Итек жəне Дəуітбай тархан қатысты. Пугачев көтерілісіне қазақтардан басқа башқұрттар, қалмақтар, т.б., қатысқан еді. Бұл көтерілісті басуға патша əкімшілігі жақсы қаруланған жазалаушы əскерді көп жіберді. Жазалаушы əскер Қазан маңында көтерілісшілерді басып-жаншыған соң, Пугачев бастаған көтеріліс жеңіліс тапты

72.Сырым Датұлы бастаған кіші жүз қазақтарының көтерілісі. 18 ғасырдың 30-шы жылдарында , Кіші жүз Ресей ге қосылғаннан кейін , патша өкіметі қазақ жерін игеру үшін зерттеу жұмыстарын жүргізу, қазақ даласы арқылы Орта Азияға өтетін сауда жолдарын ашу , бұл жолдардың қазақ жерлерін басып өтетін аймағында балығы , шабындығы , егіске қолайлы жерлері мол өзендер бойынан бекіністер салу сияқты шаралар жүзеге асыра бастады. 1744 жылы Орынбор қаласы салынды. Ол орыс пратшасының отарлау саясатын жүргізу үшін қазақ жерінде құрылған әкімшілік орындары орналасқан орталыққа айналды. Одан көп қашық емес Ор өзенінің бойынан Орск бекінісі бой көтерді. Орал қаласынан Өскеменге дейінгі 3,5 мың шақырым қашықтықтағы Жайық, Ертіс өзендерінің жағалауларында көптеген ірі әскерибекіністері салынды. Оларда патша өкіметінің отар елдердегі қол шоқпарлары – казак-оырстар орналастырылды. Жайық бойындағы жақсы жерлерге жайғасып алған казак-орыстар қазақ ауылдарына дүркін-дүркін шабуыл жасап, малдарын айдап әкетіп , адамдарына зорлық-зомбылық жасады. Оның үстіне патша өкіметінің шенеуніктері мал өсіріп отырған шаруалардың шұрайлы жерлерін тартып алып, қысым көрсетті. Патша өкіметі қазақтарды "ішкі жаққа» Жайық сыртына өткізбей оған тиым салды, қазақ ақсүйектері бір бөлігінің құқықтарына қысым жасалды. Кіші жұүздің ханы Нұралының да халыққа тізесі батты.Оның адамдары елдегі шаруаларды алым-салықпен зар илетті. Осының бәрі халықтың наразылығын күшейтіп, жаппай көтерілуге әкеп соқты. Көтерілістің басты қозғаушы күші – қарапайым көшпенділер болды. Сонымен қатар азаттық қозғалысқа патша үкіметінің қысымына шыдамаған би, старшын және батырлар қатысты. Көтерілістің басты мақсаты – ғасырлар бойы Кіші жүз жерінде қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру , Орал казак-орыс әскерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Нұралы хан мен оның сарайындағы ақсүйектердің озбырлығына шектеу қою еді. Көтеріліс алғаш Кіші жүздің батыс өңірін Тама руын қамтып, кейін Орал мен Жем өзендерінің арасына қоныстанған басқа да руларға таралды. Көтеріліске елге жастайынан ақылдылығымен, шешендігімен танымал болып бала би атанған халық арасында беделі зор, ықпалы күшті Байбақты руының старшыны С.Датұлы жетекшілік жасады. 1783 жылы көтерілісшілер қазақ ауылдарына шабуыл жасаған казак-орыс атамандарының бірі Чагановтың отрядын талқандап, оның өзін тұтқынға алып, кейін Хиуа хандығына құлдыққа сатып жібереді. Осы жағдайдан кейін көтерілісшілерге қарсы Орал қаласынан əскер шығып, 1783 жылдың желтоқсанында күтпеген жерден С.Датұлын қолға түсіреді. Бірнеше ай түрмеде отырған Сырымды құдасы Нұралы хан 1784 жылы кепілдікке 70 жылқы, 350 рубль ақша төлеп босатып алады. 1784 жылдың мамырында елге оралған Сырым өз жасағымен Орал əскерлеріне қайта шабуыл бастайды. Бірақ, оның бұл əрекеті Нұралы хан тарапынан қолдау таппайды. Нұралы оған керісінше қарсы болып, көтерілісті басуға əкімшіліктен қосымша əскер жіберуді сұрайды. Нұралы ханның бұл ісіне риза болмаған Сырым, онымен араздасып, енді көтеріліс тек Жайық казактарына ғана емес, Əбілқайыр əулетінен шыққан хан мен сұлтандарға да қарсы бағытталады. 1784 жылы көтеріліске Байбақты, Табын, Шекті, Шеркес руларының адамдары да қатысты, кейін көтеріліс одан əрі қанат жайып - Барақ, Тіленші, Оразбай, Айшуақтың баласы Жантөренің иеліктерін, Жоғарғы Орал бекінісі мен Елек қалашығына дейінгі аралықты қамтыды. 1784 жылдың күзінде көтерілісшілердің саны 1000 адам болса, 1785 жылы Сырым батырдың жасағында - 2700, Барақ батырда - 2000, Тіленші батырда - 15000 адамға жеткен. 1785 жылдың көктемінде Сырымның жасағы Антоновск форпостына, Сахарная қалашығына, Орал бекіністеріне шабуылдар жасап, оларға көп шығын келтіреді. 1785 жылдың наурызында көтерілісті басуға Орынбор қаласынан Елек өзенінің жоғарғы ағысын бойлай генерал-майор Смирновтың отряды, Сарайшық бекінісінен Пономарев пен Колпаков басқарған Жайық казактары аттанады. Бұл отрядтар көтеріліске қатысушы ауылдарға ойран салып, тонап, Қаракөл маңындағы ауылдардан 112 адамды тұтқындап алып кетеді. Майор Назаровтың отрядына Сырымға көмекке келе жатқан Айшуақтың баласы Аппақ бастаған сарбаздар қарсылық көрсетіп, осы шайқаста Аппақтың өзі де ерлікпен қаза табады. Назаровтың отряды Табын руының ауылдарына шабуыл жасаған кезде Айшуақтың екінші баласы Жантөрені соққыға жығып, балалары көтеріліске белсенді қатысқаны үшін Айшуақ сұлтанды тұтқындап, 2124 жылқысын қоса айдап кетеді. Осыдан Айшуақ 1787 жылға дейін түрмеде отырады. Айшуақ сұлтанның тұтқындалып, балаларының біреуі өліп, біреуінің соққыға жығылуы, старшындардың патша əкімшілігіне бағынбауы, Кіші жүз руларының көпшілігі Нұралы ханды мойындамай көтерілісшілер жағына шығуы, хан билігінің дəрменсіздігін, дағдарысқа ұшырағандығын байқатты. Бұл жағдай Ресей өкіметін де қатты ойландырды. Енді олар Кіші жүз старшындарымен тікелей байланыс жасау жағын ойластырады да, генерал-губернатор О.А.Игельстром Орынбор шекаралық комиссиясында қызмет істейтін ахун (ахун - мұсылмандық діни лауазым) М.Құсайыновты елшілікке жібереді. Елшіліктің алдына: көтеріліс жасаушы рулардың старшындарымен тікелей байланыс орнату, көтерілістің себептерін анықтау, көтерілісшілердің қоятын талаптарын білу, көтеріліс тоқтатылса берілетін жеңілдіктерді түсіндіру сияқты т.б. міндеттер жүктеледі. Кіші жүздегі жағдаймен танысқан Құсайынов, 1785 жылдың жазында көтерілісшілер мен старшындардың қатысуымен өткен жиналыста патша əкімшілігінің қоятын талаптарынан хабардар етеді. Ал көтерілісшілер өз тарапынан патша əкімшілігіне мынадай талаптар қояды: 1) Еділ мен Жайық арасындағы қоныстарды қайтару; 2) Орал казак-орыс əскерлерінің жазалау отрядтарын жіберуді тоқтату; 3) Нұралы _______ханды тақтан түсіру. Елшіліктен қайтып келген М.Құсайынов патша ІІ Екатеринаға көтерілісшілердің талаптарын ескертіп, хабарлама жолдайды. 1785 жылдың күзінде тағы да старшындар мен көтерілісшілер қатысқан жиналыс өтіп, оған қатысушылар Нұралы ханды тақтан түсіру жөніндегі шешімдерін күшінде қалдырып, бұдан былай оны хан ретінде мойындамайтындықтарын білдіреді. Орынбор генерал-губернаторы арқылы осы жағдайлармен танысқан патша ІІ Екатеринадан “кіші жүз үш бөлікке бөлініп, билер мен сұлтандар арқылы басқарылсын” деген нұсқау келеді. Осыдан кейін генерал-губернатор О.А.Игельстром Кіші жүзді басқарудың империялық басқару жүйесіне жақын жобасын жасайды. Оның жобасы бойынша Кіші жүздегі хандық билік жойылып, елді басқару Орынбор шекаралық сотына беріледі, ол генерал-губернаторға бағындырылады. Тарихта “Игельстром реформасы” деген атпен қалған бұл реформа, жалпы империядағы саяси жағдайға байланысты жəне жергілікті жерде түрлі қарсылықтарға ұшырап, толықтай іске аспайды. Билер мен сұлтандардың Сырым бастаған бөлігі болмаса, барлығы бірдей хандық биліктің жойылуын қолдамаған еді. Хандық билік жойылғанмен, патша əкімшілігі Кіші жүзде өздеріне тұтастай тəуелді басқару жүйесін құра алмады. Бұл реформаның бір пайдалы жағы, оны жүргізу барысында Жайық казак-орыс əскерлерінің қазақ ауылдарына шабуыл жасауына тиым салынды. Қазақтарға Еділ мен Жайық аралығындағы жерлерге көшіп-қонуға мүмкіндік беріліп, Жайықтан өтуге 45 мыңнан аса шаруашылығы бар 17 ру басы рұқсат алады. “Игельстром реформасы” толық нəтиже бермеген соң, патша үкіметі хандық билікті қалпына келтіру мақсатында енді сұлтандармен арадағы одақты нығайтуды көздеді. О.А.Игельстромның орнына жаңа тағайындалған генерал-губернатор А.Пеутлинг Нұралының інісі Ералымен байланыс жасап, қазақ қоғамына қатысты қатал саясат ұстанды. Губернатордың саясатына сəйкес Жайық казак-орыс əскерлері қазақ ауылдарына шабуылдарын қайта үдетті. Старшындарға қарсы саясат жүргізіп, олардың билігіне шек қоя бастады. 1790 жылы Орынборға барған билер мен старшындар қамауға алынады. Осы жылы Уфа қаласында Нұралы хан қайтыс болып, орнына билер мен ру басылары жиналып Есім сұлтанды Кіші жүздің ханы етіп сайлайды. Бірақ патша əкімшілігі бұл сайлауды мойындамай, хандыққа Ералыны ұсынды. 1791 жылы күзіне қарай генерал-губернатордың қатысуымен Ор қаласының жанында өткен жиналыста билер мен ру басыларының шешіміне қарамастан Ералы хан сайланды. Ералының хан сайлануы ел ішінде наразылық тудырып, стихиялық баскөтерулер байқалды. С.Датұлы Кердері жəне Табын руларының старшындарына хат жазып, ауылдарды Мұғаджар тауларына көшіру керек екенін жəне өзінің патша үкіметіне қарсы күреске шығатынын хабарлайды. Бірақ оның пікірі старшындар арасынан қолдау таппайды. Оған қарамастан азаттық күресі жалғасып, негізінен шекара өңіріндегі руларды қамтиды. 1792 жылы қыркүйекте Сырым бастаған көтерілісшілердің Елек қаласына жасаған шабуылы сəтсіз аяқталады. 1794 жылы Ералы хан қайтыс болғаннан кейін патша үкіметі жаңа хан сайлауға біршама ойланып барып, 1795 жылы Нұралының баласы Есім хандыққа сайланады. 1795- 1796 жылдардағы ауа райының қолайсыздығы Кіші жүз халқының шаруашылығын күйзелтіп кетеді. Оған қарамастан Есім хан түрлі салық жинауды тоқтатпайды. 1797 жылы О.А.Игельстром Орынбор генерал-губернаторлығына қайта тағайындалады. Осыдан кейін Сырымның Есім ханға қарсы қозғалысы басталады. 1797 жылы наурыздың 26-нан 27-не қараған түні көтерілісшілер Краснояр бекінісінен 5 шақырым жерде Есім ханды өлтіріп, ауылдарын тонап кетеді. Бірақ, ханды өлтіруге Сырым өзі қатыспайды. Хан өлімінен кейін патша үкіметі көтерілісшілермен күресудің дұрыс əдісі Сырымды тұтқындау деп есептейді. Онымен ғана шектелмей амалдар іздестіріп, Кіші жүзде хан кеңесін ұйымдастырады. Ол кеңестің басшылығына Айшуақ сұлтан, кеңес мүшелігіне алты старшын жəне патша үкіметінің өкілі Құсайынов сайланады. 1797 жылы тамыз айында хан кеңесі шақырылып оған 1000-ға жуық адамы бар Сырым Датұлы да келеді. Осы кеңесте Сырым: “Кіші жүз халқының жағдайының ауырлығына жəне хан кеңесінің құрылуына байланысты күресті тоқтатамын”, - деп мəлімдеме жасайды. Одан соң ол хан кеңесінің құрамына сайланады. 77 жастағы Айшуақ сұлтанды 1797 жылы қазан айында патша үкіметі хан етіп тағайындайды. Осылайша, 1783 жылдан 1797 жылға дейін 14 жылға созылған Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс халықтың босқа қырылмауы, ел ішінде тыныштық сақтау мақсатында тоқтатылады. Көтерілістің қозғаушы күші - халық болды. Оған билер мен батырлар, старшындар мен ру басылары да, қарапайым шаруалар да қатысты. Ресей отаршыларының жүргізген құйтырқы саясатының нəтижесінде хандық билік дағдарысқа ұшырады. Сонымен қатар патшалықтың отарлау саясатының одан əрі тереңдей түсуі, орыс-казак əскерлерінің қазақ жерлерін тартып алуы дəстүрлі шаруашылыққа үлкен нұқсан келтірді, қоныстар мен жайылымдық жерлерді тарылтты. Сондықтан, көтерілісшілер негізінен екі үлкен мəселені қойды: бірі дербес саяси хандық билікті, екіншісі қазақ жерінің территориялық тұтастығын қамтамасыз ету. Қорыта айтқанда, Е. Пугачев бастаған көтеріліске қазақтардың қатысуы, Сырым Датұлы бастаған көтеріліс қазақ тарихында Ресей империясының отаршылдық саясаты мен жергілікті билеуші топ өкілдерінің езгісіне қарсы бағытталған маңызы зор азаттық қозғалыстың бірі болды.

73. 1801 ж. Бөкей хандығының құрылуы. XIX ғас. басында Орал мен Волга аралығында Россия империясының вассалы — Бөкей хандығы құрылды (1801-76). Хандық сұлтан Бөкей Нұралыұлының есімімен аталды. Егер құрылған шағында хандықта Кіші жүзден шыққан 5 мың семья болса, XIX ғ. 50-жылдарында Бөкей ордасында 300 мың адам тұрды (50 мың семья). Бөкей хандығында хан билігі институты, екі ханның — Бөкей хан мен оның баласы Жәңгір ханның басқару кезеңін қосқанда, 45 жылға созылды. Соңғысы өлгеннен кейін хан билігі қысқартылып, басқару патша үкіметінің қолшоқпары— уақытша Кеңеске өтті. Ішкі Орданы қадағалауды Орынбор әскери губернаторы және Россия империясының Сыртқы істер министрлігі іске асырды. Бөкей хандығы Россия үшін мал, ет, жүнмен жабдықтаушы болды. Хандықта ақша-тауар қатынасының дамуы, олардың қазақ ауылдарына сіңісуі қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының өзгеруіне және рулық-қауымдық шаруашылықтың калдықтарын жоюға ықпал етті. Тауарды жергілікті халыққа малға ауыстыру және сатудың баламалы емес формасы Ордада халықты қанаудың күшеюіне және әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуіне әкеліп соқты.Бөкей хандығының "Россияның ішкі жағына" орналасуына байланысты дамуы Россияның экономикасы және мәдениетінің ықпал етуінің артуымен қатысты болды. Бұл процесс, Казақстанның басқа жерлерінен гөрі, осы аймақта белсенді жүрді. Россияның ықпалы хандықтың саяси ұйымдастырылуынан да көрінді: Ордада басқару формасы "ағартушылық" монархия тұрғысында бекітілді. Арнайы билік аппараты құрылды (уақытша Кеңес), орталықта және жергілікті жерлерде жазбаша іс жүргізу енгізілді. Сонымен бірге, хан қазынасының пайдасына халыққа салық салудың қатал жүйесі іске асырылды. Бөкей хандығының тарихында Жәңгір ханның билік еткен уақыт кезеңі анағұрлым елеулі із қалдырды (1824-45). 1841 ж. Казақстан тарихында алғаш рет Нарынқұмда балаларды екі тілде — қазақ және орыс тілінде оқытатын ұлттық азаматтық мектеп құрылды. 1844 ж. қазақ жастарының Россияның жоғары оқу орындарында оқуы үшін вакансиялық орындар алынды. Осы уақытта көшпелі және жартылай көшпелі қазақ халқына қызмет ететін дәріхана жөне емдеу орны, өте сирек кездесетін экспонаттары бар қару-жарақ музейі ашылды. Бекей хандығынан шыққан көрнекті композиторлар Қүрманғазы мен Дәулеткерей Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық ойының тарихында орасан зор рөл атқарды.

74.Исатай мен Махамбет басқарған көтерілістің басталу себептері.Еділ өзенінің төменгі Каспийге құятын аймағын 1635 жылдан бастап Жоңғар шапқыншылығы кезінде бөлініп қалған қалмақ ру-тайпалары мекендеген болатын. Оны қазақтар Қалмақ қыры деп аталады. 1771 жылы бұл жердегі қалмақтар екіге бөлініп, бір бөлігі Қазақстан жері арқылы өздерінің туып-өскен отаны- Жоңғарияға барып қосылды. Ал,екінші бөлігі батысқа қарай ығысып,Дон даласына көшіп кетті. Осы босап қалған жерге 1801 жылдан бастап, патша өкіметінің рұқсатымен Кіші жүздің Бөкей сұлтан басқарған бес мың қазақ шаруашылықтары қоныс аударды.Мұның өзі Ішкі Бөкей орданың құрылуына бастапқы негіз болды. Көтерілістің басында Беріш руынан шыққан белгілі батырлар Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы тұрды. Исатай 1791 жылы туған. Оның жігіт болып қалыптасуына нағашысы Жабай Бегалин зор ықпал жасады. 1808 жылы Исатайдың руы Ішкі ордаға көшті.Исатай Таймановтың ең жақын сепігі-ақын Махамбет Өтемісұлы.1812 жылы Бөкей хан Исатайды Жайық бойындағы руларға старшын етіп тағайындады. 1814 жылдың аяғында оны Орынбор Шекара комиссиясы бекітіп, уақытша жарлықпен оған мөр тапсырды. Бірақ 1817 жылы Исатай старшын Өтеміс Құлманиязовты тонады деген жаламен қамауға алынып, абақтыға отырғазылды. Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі өзінің дамуында басты үш кезеңнен өтті.1-ші кезең- 1833-1836 жылдарға келеді және қарулы көтеріліске әзірлік кезеңіі ретінде сипатталады.2-ші кезең- көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап, олардың жеңіліске ұшырауына дейіңгі -1837 жылғы қараша айының орта шеңіне дейінгі кезеңі.3-ші – кезең Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтың сол жағалауына өтуінен жаңа ұрысқа күш жинаудан Ақбұлақ –Қиыл өзені маңындағы ұрыста біржола жеңілуге дейінгі уақытты қамтиды.Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс жеңіліске ұшырады.Оның басты себебі:хан өкіметі мен билеуші сұлтандар жағында патша өкіметінің мықты қаруланған әскери күшінің болуы еді. Сондай-ақ бұл қозғалыстың қазақ елінің басқа жерлеріндегі хан,сұлтандарға қарсы шыққан күштерімен ешқандай байланысы болмады. Исатай мен Махамбет басқарған көтерілістің біртекті еместігі,стихиялылығы,нақты бағдарламасының жоқтығы,ұйымшылдығының жеткіліксіздігі оның жеңіліске ұшырауының негізгі себептері еді.

75.ХІХ ғ. 20-30 жылдары орыс-ағылшын бақталастығының шиеленісуіне байланысты патшалық Ресей Орта Азия мен Қазақстанда өз ықпалы мен билігін одан əрі нығайту басты міндеті деп санады. Қазақстанның Ресей мен Орта Азия хандықтарының жəне Қытай аралығында геосаяси орналасуы Ресей тарапынан қазақ даласын отарлау үрдісін тездетті. Осы мақсатпен Ресей империясы 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы», 1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғыны қабылдады. Ресейдің хандық билікті жоюға асығуы соншалықты, олар əрбір мүмкіндікті пайдаланып, ел ішіндегі ықпалды адамдарды, хандарды, билер мен батырларды бір-біріне айдап сала отырып, алдау, күш көрсету сияқты шараларды қолданды. 1822-1824 жылдардағы Жарғының қабылдануымен Орта жəне Кіші жүзде хандық билік жойылды. Авторы Сібір əскери губернаторы М.Сперанский болған «Сібір қырғыздары туралы» (1822 ж.) Жарғы бүкіл Орта жүздің жерін қамтыса, авторы Орынбор əскери губернаторы П.Эссен болған «Орынбор қырғыздары туралы» (1824 ж.) Жарғы Кіші жүз территориясына таралды. «Сібір қырғыздары туралы» Жарғы бойынша Орта жүз территориясы «Сібір қырғыздарының облысы» аталып Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынатын болды да орталығы алғаш Тобыл, 1839 ж. бастап Омбы болды. Хандық билік жойылғаннан кейін Оңтүстік-батыс Сібірде тұратын қазақтар ішкі округтерге біріктірілді, ал Орта жүздің қалған қазақтары сыртқы округтерді құрады. 1838 жылға қарай 7 сыртқы округ құрылды: Қарқаралы (1824 ж.), Көкшетау (1824 ж.), Аягөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Баянауыл (1833 ж.), Құсмұрын (1834 ж.), Көкпекті (1838 ж.). Əр округ болыстар мен ауылдарға бөлінді. Батыс-Сібір генерал-губернаторлығын генерал-губернатор басқарды, оған сібір қырғыздарының облысы бағынды. Округтердің басшылығында округтік приказдар тұрды жəне оларды сұлтандар жиналысында 3 жылға сайланатын аға сұлтандар басқарды. Округке 15-тен 20-ға дейін болыс кірді. Болыстарды сұлтандар басқарды. Бір болыстың құрамында 10-нан 12-ге дейін ауыл болды. Ауылдарды ауыл старшындары басқарды, əр ауылда 50-ден 70-ке дейін үй болды. Қазақтарға тек қана өз округында ғана көшіп-қонуға рұқсат берілді, ал бір округтен екінші округке өту үшін жергілікті басшылардан рұқсат алуы керек болды. Жаңа əкімшілік бөлініс қазақтардың дəстүрлі жер қатынасын күйретті де – рулық қауым құлдырады. Сонымен қатар, оған аға сұлтандарға, болыс сұлтандарына, тілмаштарға, казактарға түрлі көлемде жер бөліп беру де əсер етті. Оларға өңдеуге, мал шаруашылығына,омартаға т.б. ыңғайлы жерлер бөлінді жəне егерде ол жерлер қойылатын талаптар бойынша дұрыс пайдаланылатын болса, онда оның иесі жерге меншік құқығын иеленуге де мүмкіндігі болды. Патша өкіметінің қарауы бойынша Орта жүз жері бөлініске түсіп, бір əкімшілік басқарудан екіншісіне өтіп жатты. Осылайша, Омбы облысы Тобыл губерниясына кірді, Семей жəне Өскемен уездері Том губерниясына берілді. 1822 ж. Жарғы бойынша сот істеріне де өзгерістер енгізілді, ол өзгерістер бойынша сот үш категорияға бөлінді: қылмыстық істер (мемлекеттік сатқындық, ұрлық, барымта, билікке бағынбау); арыз-шағымдар («қазақтардың əдет-ғұрып заңдары» бойынша билер шешетін екінші кезектегі істер); облыстық басшыға берілетін арыздар бойынша (қазақтардың сұлтандар мен билерге, болыстарға т.б.). Сонымен қатар Жарғы салық жүйесін енгізді, ол бойынша əр қожалық өкіметке 100 бас малдан 1 бас мал салық төлеуге тиіс болды. Жарғыны қабылдаған қазақтар бірінші бес жылда салықтан босатылды. Қазақтарға керуендерді, почта жолдарын күзету, байланыс жолдарын қадағалау сияқты жəне т.б. міндеткерліктер 1 у жүктелді. Жарғының арнайы бір параграфы аға сұлтандардың, болыс-басқарушы сұлтандардың жəне округтік приказ шенеуніктерінің мəртебесін жəне жылдық жалақысын белгіледі: аға сұлтандарға жылына 1200 сом, тілмаштарға – 800 сом, болыс сұлтандарына – 150 сом. Жарғы бойынша қазақтарға өз округтерінің ішінде жəне оның сыртында да тауарларын шығарып сатуға рұқсат етілді. Жарғының жеке баптары сауат ашу мəселесін қарастырды. 1838-1856 жылдары сібір қазақтарының облысын басқаруды реттеу үшін бірнеше «Ереже…» қабылданды жəне отаршыл əкімшіліктің қазақ даласына тереңдеп жылжи түсуіне мүмкіндік берді. Патша əкімшілігі шенеуніктерінің жергілікті жағдайды дұрыс білмеуі, əкімшіліктің Орта жүздегі хандық билікті жою үрдісін тездетуге ұмтылуы, басқарудың жаңа құрылымын енгізуі қазақ қоғамының жікшілдікке ұшырауына жəне үкіметке қарсы көңіл- күйдің пайда болуына əкеліп соқты. Ол қазақ халқын өз мүддесін қорғауға шығарып, Қазақстанның барлық аймақтарында ұлт-азаттық көтерілістер орын алды. 1824 ж. Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен даярлаған «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғы кіші жүзде жүзеге асырылды. Бұл реформа барысында Кіші жүздегі хандық билік жойылып, оның территориясы: Батыс, Орта жəне Шығыс болып үшке бөлініп,Орынбор генерал-губернаторлығына бағынды. Бұл бөліктердің басында аға сұлтандар тұрды. Бірінші аға сұлтандар: Қаратай Нұралыұлы, Темір Ералыұлы, Жұма Құдаймендеұлы болды. Аға сұлтандардың жанына Ресейдің «көзі мен құлағы» саналған 200 адамнан тұратын казак-орыс отрядтары берілді. Сұлтандарға жылына 1200 сом жалақы төленді. 1824 ж. Жарғы бойынша құрамында төраға, төрт кеңесші жəне төрт ауқатты қазақтан тұратын шекаралық комиссия құрылды. 1822 ж. Жарғыдан айырмашылығы Кіші жүздегі ауыл старшындарынан бастап аға сұлтандарға дейін сайланбайтын болды, оларды шекаралық комиссияның ұсынысымен Орынбор генерал-губернаторы тағайындады. 1831 ж. дистанциялар мен старшындықтар ұйымдастырыла бастады. Батыс бөлікте – 8, Ортада – 20, Шығыста – 28 дистанция құрылды. 1837 ж. 1 сом 50 тиын күміс ақшамен түтін салығы енгізілді. Сұлтандар, старшындар жəне молдалар салықтан босатылды. 1824 ж. «Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже» қабылданды да, ол бойынша орыс шенеуніктерінен жергілікті əкімшілікті қадағалайтын «қамқоршылар» қызметі енгізілді. Қазақтардың ру-тайпалық бөлінісі ескерілмеді, ауылдардың өз бетінше қарекет етуі мүмкін болмай қалды. Осылайша, Ресей империясы Қазақстанды өз отарына айналдыру үшін хандық билікті, яғни, қазақ мемлекеттілігін жойып, орнына орыстың əкімшілік-территориялық басқару жүйесін енгізді. Алғаш Кіші жүз қазақтары шекаралық комиссия арқылы басқарылды, ал Орта жүз қазақтары шекаралық басқармаға бағынды. Кейін 1822-1824 жж. Ресей империясы Орынбор жəне Сібір ведомстваларының территориясында тұратын Кіші жəне Орта жүз қазақтарын басқару туралы Жарғыларды қабылдады. Осы жəне одан кейін жалғасқан ХІХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы реформалар патшалық Ресейдің қазақ жерлерін одан əрі отарлау үшін жағдай жасады. ХІХ ғасырдың 60 жылдарының аяғына қарай қазақ даласы тұтастай Ресей империясына бағынышты болды жəне жаңа заңдар қабылданып, Ресейлік басқару жүйесіне қарай жақындатылды.

76.Орта жүз және Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы.Осы уақытқа дейін қазақ елінің хандық билік түрінде көрінген мемлекеттік дербестігін жоюға даярлық жасап келген патша үкіметі XIX ғасырдың 20-жылдары мұндай мақсатты іске асыруға колайлы жағдай туды деп шешіп, іске кірісіп кетті. Патшалық билік бұл істі алдымен Орта жүзден бастады. Бөкей және Уәли хандар өлген соң, енді қайтып мұнда хан тағайындамау туралы шешім қабылдайды. XIX ғасырдың 20-жылдарының басында Батыс Сібір губернаторлытын баскарған белгілі мемлекет қайраткері М.М.Сперанскийдің басшылығымен "Сібір қазақтары жөніндегі Жарғы" өмірге келді. Бұл заңдық құжат бойынша Орта жүзде хандық билік жойылды. Оның орнын аға сұлтандар басты. Орта жүздің жері жеке әкімшіліктерге бөлініп, "сыртқы округтер" аталып, Омбы облысына қарайтын болды. Сөйтіп, 1822—1838 жылдар аралығында Қарқаралы, Аягөз, Ақмола, Баянауыл, Құсмұрын, Көкпекті, Көкшетау аталған округтер өмірге келді. Оларды басқару округтік приказдарға жүктелді. Оларға сондай-ақ полицейлік және соттық билік те берілді. Приказдың басында үш жыл мерзімге тек сұлтандар ғана сайлай алатын аға сұлтандар тұрды. Приказдың басқарушы аппараты төрт адамнан, яғни бар билікті колдарына ұстаған екі орыс шенеунік заседателі және беделді би мен старшындар сайлайтын екі қазақ заседателінен тұрды. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Болыстық бөлу аумақтық негізде емес, рулық негізде жүрді. Әрбір болыс белгілі бір рудың атымен аталатын болды. Мәселен, Қанжығалы болысы, Қаржас болысы және басқа болыстықтардың жеке әкімшілік ретінде жер көлемі анықталып, қазақ қожалықтарына басқа болысқа өз беттерінше өтуге шектеу қойылды. Бұл сол уақытқа дейін қалыптасқан жайылымды пайдалану жүйесінің бұзылуы еді. "Сібір қазақтары жөніндегі Жарғы" жергілікті әкімшіліктің сайлау арқылы анықталатындығын сырттай болса да сақталғандығын көрсетуге тырысты. Ал шын мәнінде билік орындары жергілікті әкімшілік қызметтерге өзіне тиімді адамдарды ғана жіберіп, тиімсіздерін кейін асыруды, сол сияқты округтік приказдың жұмысын оның құрамындағы орыс шенеуніктері арқылы реттей отырып, приказ аппаратына бекітілген шептік қазақ әскерін пайдаланды. Хандық билікті жойған отаршыл әкімшілік қазақ ақсүйектері мен билеуші тобын өзіне бірден қарсы койып алмау үшін алғашында олармен құйтырқы ойын жүргізді. Округтер мен болыстарды басқаруды міндетті түрде сұлтандарға беріп, бірақ бұл қызметтік орындарды иемдену құқын төре тұқымдарымен қатар өзіне ұнаған "қара" қазақтан шыққан ақсүйектерге де берді. Яғни, сұлтандық мансапты иемденетін кісіні анықтауды патшалық әкімшілік өз қолына алды. Сұлтандарға билік орындарының ісіне араласуға тыйым салынды. Заң аға сұлтан, болыстық сүлтандары және ауыл старшындарын "жергілікті шенеуніктерге" жатқызды. Сот жүйесі де өзгеріске ұшырады. Қазақ ішіндегі аса қауіпті деп саналған мемлекеттік сатқындык, кісі өлтіру, тонаушылық, барымта, сондай-ақ "билік орындарына бағынудан бас тарту" сияқты қылмыстық істер билер соты карамағынан алынып, олар патшалық заңы бойынша округтік приказда қаралатын болды. Ал ұрлық және басқаларды билер соты халықтың әдеттегі құқығы бойынша қарауға тиіс болды. Сонымен бірге билер сотының шешімі арызданушыны қанағаттандырмаса, ол облыстық әкімшілікке арыздануға құқылы болды. Ал бұл мәселені қарауда облыстық басшылық та қазақтың әдеттегі құкын негізге алуға тиістін.

77. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және тарихи маңызы. Ұлт-азаттық қозғалысының тарихында XIX ғасырдағы ең ірі 1837-1847 жылдардағы көтеріліс ерекше орын алады. Өзінің құлаш сілтемі, Россия саясатына әсер етуі, халықты қамтуы, ұзаққа сөзылыу және табындылығы жөнінен ол қазақ халқының бұрынғы және өзінен кейінгі қимылдарынан едәуір ерекшеленеді. XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Қөқан бектері мен Хиуа хандары Қазақстанның оңтустігіндеғі қазақтарды билігінде ұстап, оларды алым-салықпен және тонаумен қинады. 1836 жылы Қоқан ханы оңтустікке қөныс аударған Саржан Касымұлын өлтірді. 1840 жылы әкесі Қасым, бауырлары қайтыс болды. Орта жуз жерінде 1822 жылғы Жарғы бойынша бұрынғы дәстурлі басқару түрі өзгеріп, жаңа округтар, приказдар құрыла бастады. Бұл қазақтардың мал шаруашылығына кері әсер етті. Көтерілістің мақсаты 1. Россияның отарлау саясатына шек қою. 2. Патша үкіметінің құрамына кірмеген өнірлердің дербестігін сақтау. 3. Қазақ жеріне бекіністер мен әскери шептердің салуын тоқтату. 4. Қазақтарды Қоқан бектері мен Хиуа хандығының езгісінен азат ету. Көтерілістің қозғаушы күштері. Негізгі қозғаушы күштері қарапайым қазақ шаруалары болды. Жалпы, көтеріліске үш жүздің қазақтары, сонымен қатар ақсүйектер, сұлтандар, үстем тап өкілдері де қатысты. Дерек бойынша, бұл көтеріліске 80-ге таяу старшын мен сұлтан қатысқан. Мысалы, Қанқожа, Шеген, Тани Тортайұлы, Күшік, Жанай Айшуақұлы сияқты сұлтандар көтерілісті қолдаған. Олардың мақсаты: 1. Көтерілісті пайдалынып, бұрынғы артықшылықтарын қайтарып алу. 2. Көшпелі феодалдық дербес мемлекеттің негізін салу. Көтеріліске әртүрлі ұлттардың өнілдері қатысып, (орыс, өзбек, қырғыз т.б.) кейде көтерілісшелер саны 20 мыңға жетті. Көтерілісшелердің жеке әскери бөлімдерін басқарған қазақ батырлары: Ағыбай, Имак, Бұхарбай, Жоламан, Бұғыбай, Жеке, Бейсейіт, Сұраншы, Анғал батыр т.б.. Көтеріліске Кенесарының інілері Наурызбай, Әбілғазы, Әпкесі Бопай қатысты. Көтерілістің барысы. 1837-1847 жылдардағы көтеріліс бүкіл Қазақстан жерін қамтыды. Көтеріліске Абылай ханның немересі, Қасым сұлтанның баласы Кенесары (1802-1847 жж.) сұлтан басшылық жасайды. 1837 жылы қараша айында Кенесары Қызылжар (Петропавл) маңында Ақтау бекінісіндегі қазак отрядына шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді. Бұл көтерілістің басталуы болды. 1838 жылы 26 мамыр күні Кенесары бастаған көтерілісшілер Ақмола бекінісін шабуылмен басып алып, өртеп жіберді. Ақмолаға иелік еткен Карбышев пен сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендіулы бекіністі тастап, қашып кетеді. 1838 жылдың жазы мен күзінде Орта жүз қазақтарының басым бөлігі Кенесарыны қолдайды. 1838 жылы күзде көтеріліс Кіші жүз оңөріне тарайды. Батыр Жоламан Тіленшіұлы көтеріліске қосылады. 1841 жылы тамыз айында Кенесары сарбаздары Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жөрық тоқтатылды. Бұл жолы Кенесары қолы қоқандықтардың билігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін қоршауы және бірнеше бекіністерді алуы сарбаздарды рухтандырды. Қоқан ханы Кенесарыға одақ жасауды усынып, бірақ батыр оны қабылдамайды. Көтерілістің кеңеюінен сескенген патша үкіметі көтерілісті тезірек басуға тырысады. Орынбор губернаторы Обручев пен Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаков көтерілісті басуға әскер жібереді. 1842 жылы Кенесары қолына қарсы бағытталған Сотников басқарған жазалау отрядтары жіберілді. Сібір жазалау отрядтары бейбіт қазақ ауылдарын ойрандап, 14000-ға жуық малын алып, 100-ге жуық адамды өлтірді. 1843 жылы 27 маусымда старшын Лебедев басқарған, 300 адамнан тұратын казак отрядтары көтерілісшілерге қарсы аттанады. 1843 жылы тамызда көтерілісшілерге қарсы Жантөреұлы, Айшуақұлы, Бизанов, подполковник Генс басқарған 5000 адамнан құралған жазалаушы топ ұйымдастырылды. Омбы және Қарқаралы маңында жазалаушылырдың қосымша тобы жасақталды. Кенесарының басын кескенге 3 мың сом белгіленді. 1843 жылы 1 және 7 тамызда көтерілісшілер казактардың Орынборлық тобымен шайқасып, казак Сарбаздары шегінді. 1843 жылы 17тамызда полковник Бизановтың төбы ешқандай нәтижеге жетпей Ор бекінісіне оралды. 1844 жылы 21 шілдеде көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлы басқарған отрядты женіп, 44 сұлтан қаза табады, сұлтанның аман қалған тобы Тобыл өзеніне қарай шегінеді. Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін старшын Лебедев Орынборға шақылырып, сотқа берілді. 1844 жылғы Кенесарының жеңістері Орынбор әкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мәжбур етті. Кенесары патша үкіметімен тартысты келіссөз арқылы шешуге бұдан бұрында ойлаған болатын. 1838 жылғы желтоқсанда Батыс Сібір геренар-губернаторы князь Горчаковқа және I Николайға арналған хатты тапсыруға жіберген елшілігінде Кенесарының қойған алғашқы талаптары: 1. Қазақ жерлеріндегі округтік приказды жою. 2. Абылай хан кезіндегі қазақ жерінің дербестігін қалпына келтіру. 3. Салық жинауды тоқтату. Бірақ Кенесарының елшілігінің бес өкілі тұтқынға алынып, жазаға тартылған болатын. Кенесарының қөйған екінші талаптары. Әскери бекіністер салынбаған Актау, Есіл және Нұра – Жайық өзеніне дейінгі өңірді Россия билігінен босату. 1845 жылы сәуір айында Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов пен Герн келді. Бірақ бұлардың талабы қазақ жерінде отарлау саясатын Одан әрі жүргізу болды. Патша әкімшілігінің қойған талаптары: 1. Кенесарыға басқа елдермен дипломатиялық байланыс жасауына тыйым салу. 2. Көтеріліске қатысқан қазақ руларына үкімет межелеген жерлерде ғана көшіп-қонуға руқсат ету. 3. Кенесарының Орынбор казактарының иелігін Россия империясының бір бөлігі ретінде мойындаған жағдайда ғана көтерілісшілерге кешірім беру. Екі ай бойы Кенесары ауылында болған елшілір талаптарын орындата алмай Орынборға қайта оралды. Екі жақ бір-біріне талаптарын мойындата алмағандықтан, келіссөздер тоқтатылды. 1845 жылы патша үкіметі қазақ жерін бекіністер салу арқылы отарлауды жалғастырда түсті (Ырғыз, Төрғай өзендері бойында салынды). Кенесарының хандық билігі. 1841 жылы тамызда Кенесары хандық билікті қалпына келтіріп, феодалдық мемлекет құрды. Жер ақсүйектердің меншігі болып саналды. Кенесары билер мен старшындарға, батырларға арқа сүйеді. Маңызды мәселелерді Хандық Қеңес шешіп отырды. Хан Кенесі - кеңесуші орган ғана болды, билікті ханның өзі ғана айтатын. Әбілқайыр хан тұсындағы оның еркін тежеп отыратын Ақсақалдар кеңісіне қарағанда, бұл бір шама ерекшелік еді. Кенесары хандығындағы бірқатар өзіндік ерекшеліктері: 1. Билер сотын жойып, хандық сот енгізіді, нәтижесінде Жоғарғы сот билігін Кенесары өз қолына шоғырландырды. 2. Арнайы қаржы тобын құрды. Қаржы мекемесі алым-салық жинаумен және керуендерден баж салығын алумен айналысқан. 3. Салық жинайтын қызметкерлер тобын сайлады. Салық саясатындағы негізгі өзгеріс жекелеген феодалдар жинайтын алымды хан қазынасына түсетін бірыңғай салықпен ауыстыруға Кенесарының талаптануы деу керек. Кенесары мал шаруашылығымен айналысатын аудандардан «зекет», ал егіншілерден «ұшыр» салығын сақтап қалды. Сонымен бірге ол ауыл бойынша ерекша салық және әр түрлі дәстүрлі сый-сипат ретіндегі сайлықтар алып отырды. 4. Ірі феодалдардан алынған мал мен дүние мүлікті бөлу тобын кұрды. 5. Хандық Кеңестің қабылдаған шешімдерінің орындалуын қадағалап отыратып және Кенесарының үндеулерін таратуға жауап беретін басқару ісін сайлады. 6. Отырықшылықты дамытты. 7. Барымтаға шек қойды. 8. Дипломатиялық қызмет үйымдастырды. 9. Әскери істе жасақтарды жүздіктерге, мыңдықтарға бөліп, қатаң әскери тәртіп орнатты.Опасыздарға өлім жазасын кесті. Оның әскерлерінің бір бөлігі тұрақты түрде әскери өнерге үйретілді. 10. Бұйрығын орындамағаны үшін Кенесары «шік» деп аталатын ерекше жаза қолданған (кікәлі адамның басына қалышпен не пышақпен кесіп белгі салған), ондай жаза алғандар Кенесары кешіргенше айыпты деп саналды, ешқандай іске қатыса алмады. Сөйтіп, Кенесарының қайта қүрушылық қызметі ел билеуді ұйымдастырудың барлық жағын қамтыды. Алайда, XIX ғ. бірінші жартысында қалыптасқан саяси-экономикалық жағдайда орталықтанған феодалдық мемлекетті басқару жүйесін құру мүмкін болмағандықтан, Кенесары хандығы ұзақ өмір сүре алмады. Кенесарының ақырғы жорығы. Орынбор және Сібір шептері арқылы қысымға алынған Кенесары көтерілістің басты ошағы Төрғай даласынан 1845 жылы Жетісіға ойысуға мәжбур болды. Жағдайының қиындап кеткенін ескерген, Кенесарының мақсаты Абылай ханның тікелей тұқымдары билеген Ұлы жүзге барып, патша үкіметіне және Қоқан ханына қарсы куресте қолдау табу еді. Екіншіден, хандығының құрамына Жетісуды қосу арқылы Абылай кезіндегі қазақ мемлекетінің иелігін қалнына келтіру де Кенесарының ойында болды. 1845 жылы қарашада Кенесары Созақ, Жаңа Жүлек, Қорған бекіністерін басып алып, Ташкент пен Түркістанға қарай бағыт алды. Бұл Қоқан билеушілерінің үрейін туғызды. Кенесарыға қарсы Бухар мен Қоқан одағы құрылды. Оңтустікке қоныс аударған Кенесарыны Ұлы жүздің халқы түгелдей қолдамады (Сүйік, Қунанбай, Өскенбайұлы, Барақ Султанбайұлы сияқты белгілі адамдар). Өзін қолдамаған ауылдарды Кенесары ойрандата бастады. Оның бұл әрекеті қарапайым халықтың наразылығын туғызып, көтерілістің жеңілуін тездетті. Көтерілісшілер қырғыз манаптарының иелектеріне жақындады. Россия мен Қоқан бектерінің арасында екі жүзді саясат ұстаған қырғыз манаптары (феодалдары) Кенесарының Қоқан хандығына қарсы бірігіп күресу жөніндегі ұсынасын қабылдамады. 1847 жылы сәуір айында Кенесары 10 мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді. Көтерілістің бастапқы сипаты өзгеріп, әскерлердің қырғыз ауылдарын тонауы Кенесарыға қарсы өшпенділік туғызды. Қазақ сұлтаны Рустем мен Сыпатай би топтарының ұрыс қарсаңында Кенесарыдан бөлініп кетуі, қазақ жасағының жеңілісіне әсер етті. Кенесарының және оның соңынан ерген сарбаздардың тағдырын шешкен ақырғы қанды шайқас Кекілік-Сеңгір (Бишкектің маңы) тауының маңайындағы Майтөбе деген жерде болды. 1847 жылы Майтөбе түбіндегі шайқаста Кенесары 32 сұлтанмен бірге қаза тапты. Орыс үкіметі Кенесарыны жазалаушылардың еңбегін ұмытпады. Жантай Қарабеков патша үкіметінен алтын медаль, арнайы мақтау қағазына ие болды. Орманға алтын жіптермен тігілген халат тапсырылды. Жеңілу себептері: 1. Көптеген қазақ феодалдары Кенесарыны қолдамады. 2. Қазақ халқы арасында рулық алауыздықтар, руға жіктелу басым болды. 3. Россия билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігінің орталықтанған феодалдық мемелекет қуруға мүдделі болмауы. 4. Көтерілісті қолдамаған ауылдарға Кенесары аса қатты жаза қолданды. 5. Қазақтар қырғыздармен, қоқандықтармен болған шайқастарда Кенесарыны қолдамады. 6. Бұхар, Қоқан феодалдарымен соғысып, күшін сарқыған Кенесары қолы Россияға қарсы тұра алмады. Көтерілістің тарихи маңызы: 1. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс - XIX ғ. барлық Қазақстан жерін қамтыған аса ірі отаршылдыққа қарсы бағытталған азаттық көтеріліс. 2. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Россиядағы азаттық көтерілістерінің құрамдас бөлігі. 3. Патша үкіметінің Қазақстанның оңтүстік өңірінің отарлауын біраз уақытқа кешеуілдете түсті. 4. Қазақ елінің ішкі қайшылықтарының Россия саясатымен байланыстылығын көрсетті. 5. Патша үкіметінің Қазақстан жерінде отарлау саясатың жүргізіп отырғының көрсетті. 6. Халықтың ұлттық сана-сезімінің өскендігін дәлелдеді. Кенесары – Абылай ханның ісін жалғастырушы тұлға. Оның ерлігіне арналып, “Кенесары - Наурызбай” дастаны жазылды (авторы Нысанбай). Кенесары қазақ халкының азаттығы үшін, отаршылдыққа қарсы күрескен ұлттық батыр. 78}Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарғанСыр қазақтарының Хиуа хандығына қарсы шығуының себептері:Әскери күшпен салық жинауы; Бекіністер салуға Арал қазақтарын күштеп қатыстыруы.Көтеріліс жетекшісі Жанқожа Нұрмұхамедұлы.1836ж Амудария мен Сырдария арасында орналасқан Хиуа әскеріне қарсы күрес басталды.1842ж Хиуа бекінісі Бесқаланы қиратты.1843ж Жанқожа Нұрмұхамедұлының бастауымен Төменгі Сыр Қазақтары хиуалықтардың Қуаңдария бойындағы бекінісін талқандады.1845ж коктем Жанқожа тобы хиуалық 2000мың әскерді жойып жіберді.Орыс әскери топтарының Сыр бойына келуіне арқа суйеген Жанқожа тобы Сырдың төменгі ағысын хиуалықтардан тазартты.Негізгі қозғаушы күші қазақ , қырғыз шаруалары.Көтерілісшілер Әулиеата, Тоқмақ, Шымкенттегі Қоқан гарнизондарын қоршап, Пішпек түбінде қоқандықтарға соққы берді.3 мыңдық қолы бар Мырза Ахмет Қоқан ханынан комек сұрап, комекке келген топтың бірін Кенесарының ұлы Тайшық сұлтан басқарды.Қоқандықтар шабуылы қазақ ауылдарының Ресей бақылауындағы өңірлерге көшуін тездетті:Сарысуға 12мың шаңырақ, Перовск фортына 4700шаңырақ кошті.1858ж мамыр көтерілісшілер Созақ, Мерке, Шолаққорғанды алып, Жаңақорғанмен Түркістанды қоршады. Қазақ феодалдары опасыздық жасап, Қоқан ханы Худьярмен ымырластық келісімге келді:Ташкент билеушісі болып Мырза Ахмет орнына, інісі Мұрат Аталық сайланды.Котеріліс талқандалды.Жеңілу себептері:Күрестің стихиялылығы.Ұйымдастырудың әлсіздігі.Феодалдардың опасыздығы.Тарихи маңызы :Қазақ, қырғыз халықтарының біріккен қозғалысы.Оңт.Қаз.ды Қоқан тепкісінен босатып, Ресей құрамына кіруіне алғышарт жасады.

78. Жанқожа Нұрмұхаметұлы басқарған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктері.XIXғасырдың 30-50 жылдары Сырдария өзені жағалауын мекендеген қазақтардың тұрмысы барған сайын ауырлай түсті. Бұл жағдай олардың Ж.Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісіне әкеліп соқты. Көтерілістің негізгі себептері. Ресей империясының бұл өлкені отарлау саясатының күшейе түсуі еді. Біріншіден, генерал В.Перовский 1853жылы Ақмешітті (қазіргі Қызылорда) басып алған. Екіншіден, Хиуа хандығы жүргізіп отырған агрессиялық саясат халықтың ашу ызасын тудырды. Үшіншіден сол кездегі Сырдария жағалауын мекендеген қазақтардың, әсіресе егіншілердің отарлық қанау салдарынан тұрмысы нашарлаған еді, яғни жер мәселесі \Хиуа хандығының және оның қазақтар жеріндегі әкімдерінің озбырлығы халықтың ашу ызасын келтірді. Жанқожа егінші қазақтардың күресіне басшылық етіп 1843жылы Хиуа бекінісін талқандады. Екі жылдан соң Жанқожа бастаған көтерілісшілер Жаңақала бекінісін басып алды. 1847-48жылдары ол Райым бекінісі маңында орыс әскерінің хиуалыықтарға қарсы жүргізген шайқасына көмектесті. Негізгі шайқасы 1856жылдан басталды. Осы жылдың аяғында бүкіл Қазалы өңірін көтеріліс жалыны шарпыды. Қаруланған көтерілісшілер саны 1500-ге жетті. 1856-57жылдары шайқастарға патша үкіметі Қазалы фортының т.б. жерлерге зеңбірек пен ракеталық қондырғылары бар әскер жіберді. Жанқожаның 5000 мыңға дейін қарулы атты әскері болғанына қарамастан көтерілісшілер жеңіліске ұшырады. Көтерілісшілер мен 20шақты ауыл Хиуа хандығының жеріне өтті. Жанқожа Бұқар, Хиуа немесе Қоқан хандары тарапынан одақтас тапсам деген әрекетінен еш нәтиже шықпады. Көтерілісшілердің жеңілуінің басты себебі:Олардың нашар қарулануы, тактикасының мешеулігі, қамтыған аймағының аздығы, ескі ортағасырлық тәртіпке сүйенуі. Көтеріліске қатысқандар қуғын сүргінге ұшырады.

79. Патшылық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуы. Барысы және оның салдары:XVIIIғасырдың аяғы-XIXғасырдың басында кіші және орта жүз аймағының Ресей құрамына өтуі аяқталғанымен бірқатар қазақ жерлері орта азия хандықтарына тәуелді болды. Атап айтқанда, Оңт.Қаз., Жетісу жерлері.Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтары Каспий теңізі жағалауларына, Жетісу жерлеріне шабуыл жасап отырды. Бұл хандықтар ағылшын үкіметінің жасырын қолдауына сүйенген. |Оңт.Қаз. мен Жетісу қазақтарының Ресеймен сауда және саяси байланыста болуы Жетісу өлкесінің оның құрамына кіруіне алғышарттар дайындады. Қоқан мен Хиуа хандары Қазақстанның Оңтүстігі мен Қырғыз жерінің Ресей иелігіне өтуін қаламады. Оңтүстік Қазақстанда Ресей ықпалының күшейуінің кепілі:Әскери бекіністер салды (Ақтау, Алатау, Қапал 1847жылы, Сергиополь Аягөз, Лепсі 1855 жылы) Бекіністер Ресейдің Іле аймағын отарлауына қызмет етті.XIXғасырдың 20сыншы, 30жылдары «Азия комитеті» құрылды.1862 жылы Қазан, Пішпек екінші рет алынды.1863 жылы Ресей құрамына 4000мың шаңырақ, 5000мың шаңырақ 5таңбалы рулары кірді.1864 жылы патша әскері Шу, Меркеһ, Әулиеата, Түркістан бекіністерін алды.1865 жылы шілдеде Ташкентті үш күндік шайқастан соң алды. 1868 жылы қаңтарда Қоқан хандығына тәуелді қазақ жерлері Ресей құрамына еніп, Хиуа хандығының қазақ халқына тәуелділігін жойды.XVIII ғасырдын 30 жылдарынан басталған қазақ елінің ресей құрамына қосылу процесі 1.5 ғасырға созылды XIX ғасырдың екінші жартысында Сырдария бойындағы қазақтардыңәлеуметтік-экономикалық жағдайы өте ауыр болды. Хиуа және Қоқан феодалдары Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы және Ырғыз, Торғай, Емба өзендерінің аңғарларындағы қазақтарды өздеріне қаратуды көздеді. Олар бұл жерлерге үнемі шапқыншылық жасап отырды. Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы Жаңадария және Қуандария алқаптарын басып алып, бұл жерлерде әскери бекіністер салды, оған Арал маңындағы қазақтарды күштеп пайдаланды. Хиуа хандығы жергілікті халықтардан алым-салық жинап отыр­ды. Сөйтіп, қазақтар тек өз феодалдарына ғана емес, сондай-ақ Хиуа және Қоқан билеушілеріне де зекет және ұшыр төледі. Алым-салық жинау үшін олар әске­ри күштерді пайдаланды. Хиуа және Қоқан хандықтарының үстемдігіне қарсы Сырдария қазақтары көтеріліске шыға бастады. Мұндағы қазақтардың көтерілісін Әлім руынан шыққан Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1780–1860жж.) басқарды. Шекті руы басшыларының бірі – Жанқожа жай қарапайым халық арасында беделді әрі мақсаткер батыр ретінде даңққа бөленді. Жанқожа Сырдария бойы қазақтарының, соның ішінде егінші бұқараның өте күшті отаршылдық езгіге түскендігін түсінді. Сондықтан Сыр бойы қазақтарының бостандығы және хиуалықтардың озбырлығына қарсы күресте батыр өзінің жасақтарын құрды. Оның жасақтары бұған дейін 1838 жы­лы Кенесары сарбаздарымен бірге Созақ қамалын қамауға қатынасқан болатын. 1842 жылдың күзінде Жанқожаның әскері Хиуаның ірі бекінісі Бесқаланы қира­тып, қала коменданты Бабажанды өлтірді. 1843 жылы Жанқожа батырдың жасақтары Қуандария бойындағы хиуалықтар тұрғызған қамалды талқандады, ал 1845 жылы осы қамалды қайтадан қалпына келтіру үшін жіберілген екі мың хиуа шоғырларын талқандап жеңді. 1853 жылы орыс әскерлері Ақмешітті басып алып, жаңадан Сырдария әскери желісі пайда болды. Алым барлық халықтардан бірдей алынды. Ірі бай, орташа, кедей – бәрі бірдей мөлшерде, яғни әр шаңырақ төлеп отырды. Сырдария бойындағы шекаралық өкімет Райым және Қазалы әскери қамалдарын салу үшін мыңдаған қазақ шаруаларын айдап келіп, еріксіз жұмыс істетті. Әскери қару-жарақтар және азық-түлік тасу үшін де қазақтарды күштеп қызметке тартты. Қазақ еңбекшілері екі түрлі қанаудың патша өкіметі және жергілікті өз феодалдарының тепкісін бас­тан кешірді. Орыс отарлаушыларына қарсы Сыр қазақтарының көтерілісі 1856 жылы желтоқсан айында басталды. Көтерілістің басталуының себептері қазақтардың еріксіз жұмыстарға жегілуінде, жолды пайдаланудағы, керуендерге қызмет көрсетудегі ауыр салықтар, сондай-ақ патша өкіметінің қоныс аударушылық саяса­тында жатты. Бұл көтеріліс кезінде Жанқожа өзінің жақсы меңгерген әскери әдісін қолданды, ол 1856 жылдың аяғында Қазалы фортын қоршауға алды. Бұған дейін көтерілісшілер казак-орыс тұрған Солдатская слобода поселкісін жойды.1856 жылы 19–23 желтоқсан аралығында көтерілісшілер тобы патша әскерлерінің майоры Булатов қолбасшылық еткен екінші бір отрядпен шайқасты. Көтерілістің кеңінен таралуы Орынбор генерал-губернаторы әкімшілігін қатты састырды. Оның бұйрығымен көтерілісті басу үшін Ақмешіттен генерал-майор Фитингоф бастаған әскери топ жіберілді. Көтерілісшілермен шешуші шайқас 1857 жылы 9 қаңтарда Қазалыға жақын жердегі Арықбалық мекенінде жүрді. Жанқожа сарбаздарының шабуылы сәтсіздікпен аяқталып, аман қалғандары бытырап тарап кетті. Ауыр жараланған Жанқожаны сарбаздар шайқас болған жер­ден алып шығып, қауіпсіз жерге жасырды. Көтерілістің жеңілуінің басты себебі, оның жете ұйымдаспағаны және ол кезде күшті қаруланған патша әскерлеріне, ешқандай зеңбірегі, ататын мылтығы да жоқ, қазақ жасақтарының қарсы тұруы мүмкін емес еді. Көтерілістен кейін Жанқожаның өзі халықтан бөлініп, тек бидің қызметін атқарды, кейін оны жаулары опасыздықпен өлтірді. Бірақ осыған қарамастан Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған 1856–1857 жылдары болған Сырдария қазақтары көтерілісінің тарихи маңызы өте зор. Өйткені, ол патша өкіметінің отар­лау саясатына қарсы халық-азаттық қозғалыс еді. XIX ғ. Қазақстандағы экономикалық қатынастар XIX ғ. екінші жартысында Ресейдің капиталистік өнеркәсібі мен Қазақстандағы ауылшаруашылық өндірісі арасындағы қатынас күшейді. Сауда және өсімқорлық капиталы Ресейдің орталық губерниялары мен Қазақстан арасындағы ғана емес, сонымен бірге өлкенің өз ішінде де тауар айналысының өсуін шапшаңдатты. Қазақ шаруашылығының рынокпен байланысының ұлғаюына патша өкіметінің салық саясаты үлкен ықпал жасады. Қазақтарға ақшалай көптеген салықтардың салынуы, олардың өнімдерінің бір бөлігін рыноктар арқылы саудаға салуға мәжбүр етті. Мал мен астық барған сайын тауарға айналды. 70–80 жылдарда Ресейде фабрикалық тоқыма өндірісінің шапшаң өсуімен байланысты Қазақстан базарларына Ресейден мата көп келетін болды. Сонымен бірге күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдар (самауыр, қазан, шалғы, орақ, кетпен, ошақ, балта, пышақ, т. б.) көтеріңкі бағамен сатылды. Қазақстан бұл тауарларға айырбасқа мал мен мал шаруашылығында өндірілетін шикізат берді. Қазақ халқы айырбас шартының қандайына болса да келісуге мәжбүр болды, өйткені ол өзіне қажетті тауарларды еш жерден сатып ала алмайтын еді және шаруашылығының артық өнімдерін тиімді өткізе алмады. Ресей саудагерлері Қазақстанда сауданың жаңа түрін – жәрмеңкелік сауданы енгізді. Қазақстандағы тұңғыш жәрмеңке 1832 жылы Бөкей ордасында Хан орда­сы жанынан ашылды. Кейіннен Ақмола облысы Тайыншакөл, (Петропавл маңында), Константиновск (Ақмола), Петровск (Атбасарда) және 50 ден астам ұсақ және орташа жәрмеңкелер жұмыс істеді. 1848 жылы Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесі, ал кейіннен Шар (Семей облысы), Қарқара (Жетісу), Әулиеата (Сырдария облысы), Ойыл, Темір (Орал облысы) жәрмеңкелері жұмыс істеді.

80. 1867-1868 жж. реформалар. XIX ғасырдың 60 жылдарының орта шенінде Қазақстанның Россия қол астына қарауы аяқталды. Патша – өкіметі қазақ даласын тупкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік этникалық ұйтқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан айырды. Рас, олар мұның бәрінің бірден жүзеге асыра қойған жоқ, патша өкіметі оны кезең – кезеңімен іске асырды. Оның алғашқысы – 1731 жылдан 1822 жылға дейін созылған ел билеу, жүйесіндегі протектораттық дәуір (кезең), яғни күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетке формальды түрде болса да қамқорлық жасау саясатын жүргізу болды. Бұл кезде патша өкіметі ел билеудің бұрынғы хандық жуйесін сақтап, оның ішкі тірлігіне араласпай, қазақ елін өзіне жағынып бағынышты болған хандар арқылы басқарды. Патша өкіметінің қазақ елінің басына тәуелділік ноқтасын біржолата кигізуі 1822 жылдан 1867 жылға дейін созылды. Сөйтіп, патша өкіметінің отаршылдық саясатының екінші кезеңі басталды. Бұл кезде ол әскер күші арқылы елдің ішкі тірлігіне араласып, жергілікті шаруаларды қонысынан қуа бастады. Олардың орнына ішкі Россиядан жоқшылыққа ұшыраған орыс босқындарын әкеп орналастырды. Отарлаудың осы әскери - әкімшілік кезеңінде әскери бекіністердің іргесі қалана бастады. Оларды тұрақтандыру үшін шекаралық белгілермен бөлді. Біртіндеп бекіністер Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр жайды. Бұдан кейін (үшінші кезең) отарлау саясатының ежелден қалыптасқан ескі тәсілдерінің бірі – отарлаушы елдің ішкі қуат көзі – этникалық тұтастығынан айырып, қандас, бауырластар арасына іріткі салу мақсатымен патша өкіметі енді қазақ даласын билеудің аға сұлтандық жүйесін жойып, оның орнына сатылап бағындыру жүйесіне негізделген мемлекет аппарат құрды. Бұл мақсатты патша өкіметі 1867-1868 жылдардағы реформалар арқылы жүзеге асырды. Хандық билікті іс жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы Жарғылар капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады. XIX ғасырдың 60-жылдары қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін И.И. Бутков басқарған комиссия құрылды. Қазақ даласы екі облысқа бөлу жоспарланды. Бүл усыныс қабылданбады. 1865 жылы Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған Дала комиссиясы құрылды. 1865 жылы 5 маусымда II Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жерді иелену түрлері, сот ісі, ағарту ісі, салық, діни мәселе т.б. Әкімшілік басқару жүйесін құру ісіне Ш.Уәлиханов өз пікірлерін ұсынды: - Халықтың өзін-өзі басқаруы негізінде құру. - Әлеуметтіқ – экономикалық жаңалықтар енгізу. - Алайда Ш.Уәлиханов усыныстары қабылданбай, комиссия мүшелері ірі феодалдармен ақылдасып, мәліметтерді солардан жинады. 1867 жылғы 11 шілдеде – «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді. 1868 жылы 21 қазан – «Төрғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді. Реформа нәтижесі. 1) Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты. 2) Феодалдық – патриархалдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады. 3) Таптық жіктелу салдарын жатақтар қалыптаса бастады (кедейленген қазақтардың өндіріске жұмысқа жалдануы). 4) Отарлық басқару күшейді. 5) Қазақ жері Россия үкіметінің меншігі болды. 6) Орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды.

81}1886 – 1891 жж. реформалар бойынша әкімшілік және сот құрылысына енгізілген өзгерістер. 1867-1868 жылдардағы реформалар екі жыл мерзімге тәжірибе түрінде уақытша енгізілген болатын. Алайда, бұл «тәжірибе» жергілікті халыққа теріс әсер етуі ықтимал деген қауіппен 20 жылдан астам уақытқа созылды. Тек XIX ғасырдың 80-ші жылдарының аяғы мен 90-шы жылдарының бас кезінде ғана отарлық өкімет орындары өлкенде әкімшілік, сот реформаларын енгізуді аяқтауға кірісті. 1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже», 1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Төрғай облыстарын басқару туралы ереже» қабылданды. Түркістан өлкесі жерінің құрамына Ферғана, Самарканд және Сырдария облыстары кірді. Орталығы Ташкент қаласы болды. Сырдария облысы 5 уезден, Ферғана - 5, Самарканд - 4 уезден турды. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Орынбор және Батыс Сібір генерал– губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болған Далалық (Степной) генерал– губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Төрғай және Жетісу облыстары кірді. Жетісу облысы 1897 жылы қайтадан Түркістан генерал – губернаторлығының қарауына берілді. Өлке шеңберінде генерал – губернаторға шексіз билік берілді. Басқару аппараты – кеңсе, әскери губернаторлар өздеріне бағынышты облыстық басқармаларымен қоса генерал – губернаторға бағынды, ал облыстық басқармаларға жалпы жиналыс және кеңсе кірді. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Ірі облыстық орталықтарда (Верный, Орал, Петропавл, Семей) полиция басқармасы құрылды, ал уездік қалаларда полициялық пристав құрылды. Болыстық басқарушылар мен ауыл старшындарын бекіту әскери- –губернатор құзырында болды.

81}XIX ғасырдың аяқ кезіндегі Қазақстанда 1886 және 1891 жылдардағы Түркістан және Дала өлкелерін басқару туралы «Ережелер» бойынша жүзеге асырылды. Түркістан және Далалық өлкелерінде жалпы империялық соттар жүйесі - әлемдік (мировой) судьялар, облыстық соттар және жоғарғы (сенат) сот инстанциясы қалыптасты. Соттардың төтенше съезі әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды және өлкелік құқығы берілген орыс чиновнигінің қатысумен өткізілді. Төменгі сот буыны – халықтық сот болды. Халықтық сот – империялық сотқа қосалқы, өз бетінше мәселені шеше алмайтын тәуелді буын. Сонымен 1886-1891 жылдардағы сот ісіндегі өзгерістер «Ережелерде» әкімшілік, сот істерінің жүйесі бекітілді. 1891 жылғы «Ережеде» сот істері 17 баптан құрылды. Сот жүйелері Россиядағы үлгімен құрылды. Халық (билер) соты үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғайтың, жергілікті мұсылмандардың ісін қарайтын ең төменгі сот буыны болды. Патша өкіметінің отарына айналған еңбекші қазақ халқы оған ақшалай алым-салық төледі. Олардың мөлшері әр турлі болып өзгеріп отырды. Мысалы, 1844 жылғы «Ереже» бойынша әр түтіннен 1,5 сом жиналса, 1891 жылғы «Ереже» бойынша 4 сомға жетті. Тұтас алғанда 1886-1891 жылдардағы реформалар отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағытталған еді.

82}1868 - 1869 жылдардағы Орал, Торғай облыстарындағы көтерілістер. Әкімшілік-басқару реформалары жекелеген маңызына қарамастан, қазақ даласында отаршылдык езгіні тереңдетті. Жаңа бекіністер салуға көшпелі шаруалардың жері тартып алынды, салықтар көбейіп, патша шенеуніктері мен отаршылдық басқару қызметіне көшкен феодалдық топтар қысымы бұқараның онсыз да ауыр жағдайын шиеленістірді. Өсімқорлық саудамен айналыса бастаған ақсүйектер күнкөрісінің барысы еңбекшілерге әкімшілік басқару жағынан қысымды үдетті. Мал-жайымен көшпелі өмір сүрген кедейлерге "Уакытша Ереженің" жерді пайдаланудағы жаңа кағидалары тіпті қолайсыз еді. Қазақ даласы бойынша барлығына міндетті (әрине, ауқаттыларды қоспағанда) шаңырақ салығы енгізілді. 1 сомнан 3 сомға дейін өсірілген бұл салық әсіресе әлеуметтік корғансыз жандарға тіпті ауыр еді. Земство салығын қосқанда 3 сом 50 тиынға көтерілген салық қазақ шаруаларының басым көпшілігін ауыр жағдайға душар етті. Патша үкіметінің осы салықты бай мен кедейге бірдей дәрежеде төлетуге шешім қабылдағанын ескерсек, шаруалар халінің мүшкіл болғанына көз жеткізу қиын емес. (3)Жерді патша үкіметінің мемлекеттік меншігі деп жариялап, оны аумақтық негізде пайдалану ғасырлар бойы қалыптасқан көшпенділердің көзқарасына жат болды. Қыстау мен жаздық коныстардың әр түрлі әкімшілік-аумақтық басқару органдары қарамағында қалуы рулар арасын шиеленістірді. Патша үкіметі отарлық саясатының осындай және басқа ауыртпалықтары 1868 - 1869 жылдары Орал мен Торғай облыстарын, 1870 жылы Маңғыстауды қамтыған казақ шаруалары күресінің тұтануына себепші болды.(4)1868 жылдың желтоқсан айы мен 1869 жылдың қазан айы аралығындағы Орал мен Торғай өңіріндегі көтерілістер отаршылдыққа карсы бағытталды. Айта кететін бір жайт, бұл халық қозғалысын басқарғандар өз артықшылықтарынан, ежелгі жеңілдіктерінен айырылған ру басылар еді. Олардың басым көпшілігі халықтың ашу-ызасын өз мүдделеріне ұтымды пайдаланып, ел мұқтаждығына селқос қарады.Қаруланған казақ шаруалары патша үкіметінің отарлық саясатына, әлеуметтік қысымына қарсы бас көтерді. Әлсіз ұйымдасқан жасақтар патшаның жазалаушы бөлімдеріне тайынбай қарсы шықты. Мысалы, 1869 жылы мамырдың 6-сы күні Орынбор шебінен жіберілген, фон Штемпель басқарған 200 атты және бір рота жаяу әскерден тұратын топқа Ойыл өзенінен 20 шақырым жердегі Жамансай көлі маңында көтерілісшілердің 20 мың қолы шабуыл жасады. Жеті күн бойы шаруа жасақтары қоршауында қалған жазалаушылардың жағдайы мүшкілденіп, азық-түлігі және жемшөбі таусылған олар әскери шепке кайтып кетуге мәжбүр болды. (5Бұл көтерілістің сонымен қатар антифеодалдық сипаты да бар. 1869 жылдың наурыз, маусым айларында көтерілісшілер феодалдық топтарға қарсы 41 рет шабуыл жасады, оған жалпы саны 3 мың көтерілісші қатысты.Торғай және Орал облыстарындағы бұқаралық сипат алған көтеріліс жергілікті отаршыл басқару жүйесін және Петербург сарайын шошындырды.Орал облысындағы азаттық күресті жаншуға бірқатар ірі әскери күш жіберілді. Подполковник Рукин, граф Комаровский және генерал-губернатор Н.А.Веревкин бастаған мұздай қаруланған жазалаушылар қазақ ауылдарын оқтың астына алып, қолға түскендерді аяусыз жазалады. Көтерілістің жеке құрамаларына басшылық еткен сұлтан Хангали Арсланұлы, билер Дәуіт Асауұлы, Мұңайтпасұлы, молдалар Рысқұлұлы, Досұлы, т.б. солқылдақтықтың салдарынан шаруалардың үмітін ақтамады. Нашар қаруланған, араларында ауыз бірлік болмаған, түпкі мақсаттарын жете түсінбеген Орал, Торғай шаруаларының қозғалысы жеңіліске, ұшырады. Маңғыстау түбегіндегі көтерілістің басты себебі де Орал, Торғай облыстарындағы қозғалыстармен мазмұндас және 1867-1868 жылдардағы "Уақытша Ереженің" қатал отаршыл талаптарымен байланысты еді. "Ережелерді" іске асырудағы алғашқы адамдардың өзі-ақ түбек тұрғындарының негізгі тобы — адайлықтардың қарсылығын туғызды. 40 мыңға жуық шаңырақтан тұратын адай елі екі жылдың ішінде 160 мың сом салық төлеуге тиісті еді.Көтеріліске түрткі болған — патша жазалаушыларының адайлықтар көшіп-қонып жүрген аймақтарға жақындауы болды. 1870 жылғы наурыздың ортасында Маңғыстау өлкесінің приставы подполковник Рукин құрамында 36 казак, 4 офицер, тілмаш Бекметұлы, би Майұлы және 60 адамы бар топпен "Ережеге" қарсылық ретінде ел түкпіріне көшуге бел байлаған адайлықтарды күшпен тоқтатуға тырысты. Бозащы түбегінің маңайында бақташылар - Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы бастаған 200-ге жуық қазақтар жазалаушыларға тұтқиылдан тап берді.Шаруалар қоршауында калған жазалаушылар ұйымдасқан қарсылық көрсете алмады. Жазалаушылар талқандалды, подполковник Рукин атылып өлді. Жеңіс көшпелілерді рухтандырып, бүкіл Маңғыстауды азаттық қозғалыс жалыны шарпыды. Көтерілісшілерді басқа да әлеуметтік топтар қолдады, Николаевск станицасы мен Александровск форты слободкасының балық аулау кәсіпшілігіндегі ауқаттылардан тартып алынған қайықтардан өзінше "флотилия" құрған көтерілісшілер тобы он мыңға жетті.1870 жылғы сәуір айының 5-і күні қазақ шаруалары мен жалдамалы жұмысшылар тобы Александровск фортына шабуыл жасады. Форттың сыртындағы бірнеше маяк (бекініске ұқсас бақылау пункті) өртелді. Әскери гарнизонның азық-түлігі сақталған төменгі бекініс орны талқандалды, саудагерлердің үй-жайын от шарпыды. Тек патша өкілдерінің зеңбіректерді іске қосуы ғана көтерілісшілерді шегінуге мәжбүр етті.Маңғыстаудағы көтеріліс Орынбор мен Оралдың отаршыл билеушілерін шошындырды. Орыс әскерінің бас штабында үрей туды. Бұл кезде Ирандағы ағылшын әскерінің күшеюіне байланысты, патша үкіметі өзінің оңтүстік шекарасын қауіпсіздендіру мақсатында Хиуа хандығына қарсы жорыққа әзірленіп жатқан. Осыған орай Красноводск маңайында ірі әскер тобы шоғырланған еді. Маңғыстаудағы көтеріліс осы күштің тылында қалды. Көтерілісті жаныштау Кавказ билеушісіне жүктелді. 1870 жылдың мамыр айында Кавказдан Маңғыстауға Апшерон полкінің батальоны екі атқыштар ротасы, шептік батальонның бірнеше ротасы, Терек қазақтарының 2 ротасы .және 4 зеңбірек жеткізілді. Бұл осал қаруланған көшпелі қазақтарға зор кауіп еді. (6)Көтеріліс аяусыз жанышталды. Үш ай бойы патша әскері Маңғыстаудан кетпеді. Орынбор генерал-губернаторы Н.А.Крыжановский әскери министр Милютиннің "бұларды келістіріп жазалау" керек деген нұсқауына сай көтерілісшілерді кудалаудан аянған жок. Осы жеңіліске байланысты қозғалыстың басшылары И.Тіленбайұлы, Д.Тәжіұлы, И.Көлұлы және басқалар 3000-ға жуық шаңырақты ертіп, жазалаушылардан ығысқан бойы Хиуа хандығына өтіп кетті.Маңғыстаудағы көтерілісте антифеодалдық сипат әлсіз болды. Оның себебі адайлықтардың өзге аймақтардан алшақ орналасуына байланысты олардың арасында рулық-патриархаттык құбылыс әлі де болса күшін мейлінше сақтап қалған еді. Көтерілістің Орал, Торғай өлкелеріндегі қозғалыстан бір ерекшелігі - қазақ жалдама жұмысшылары тұңғыш рет күреске белсене қатысты. Көтерілістің жеңілуі халықтың жағдайын бұрынғыдан да шиеленістіре түсті. Кавказ әкімшілігінің талап етуімен Маңғыстау қазақтарынан 57 901 сом қосымша салық жиналды; адайлықтар соғыс шығыны ретінде өкіметке 90 мың қой өткізуге міндеттелді

83}Орыс шаруалардың Қазақстанға қоныс аудару. 1861ж. 19 ақпаннындағы ЕРЕЖЕ Ресейдің бірде-бір аграрлық мәселесін аяғына дейін шеше алмады. Осындай жағдайда Ресей үкіметі, біріншіден, ішкі губерниялардағы әлеуметтік тоқуларды әлсірету және жер мәселесін өзінше шешу үшін орыс шаруаларын шығыс аудандарға қоныс аудартуға ұйғарды. Екіншіден, шаруалардың бір бөлігін ұлттық аудандарға көшіре отырып, патша үкіметі өзіне әлеуметтік тірек жасамақ болды.Әуелгі кезде патша үкіметі қазақ өлкесін әскери, яғни казак – орыс отарлауымен шектелді. Ресейдің отарлық аудандарынан шаруаларды Қазақстанға қоныс аударту ХIX ғасырдың 60-жылдарының ортасында басталды. XIX ғасырдың 70-жылдарынан Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Сырдария, Торғай облыстарына орыс-украин шаруаларын қоныстандыру жаппай етек алды. Жетісу облысының губернаторы Г.А. Колпаковскийдің ұсынысына сай, 1868 жылы жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы жаңа ереже қабылданды. 1883 жылға дейін күшін сақтаған бұл құжатқа сәйкес жан басына 30 десятина мөлшерде жер берілді, бірқатар басқа да жеңілдіктер қарастырылды. 1883 жылы Жетісу облысында жаңадан келушілерді, сондай-ақ Шығыс Түркістаннан қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендер орналастыру туралы жаңа ереже бекітілді. Енді жан басына берілетін жер үлесі 30 емес, 10 десятина болып белгіленді, сонымен қатар қоныстанушы орыс шаруалары салықтар мен міндеткерліктерден үш жылға босатылды. Әрине, Жетісуда жердің тапшылығы және далалық аудандардан бұл жердің құнарлылығы, табиғи географиялық шарттардың қолайлылығы осындай шешімдердің іске асырылуын тездетті.1889 жылы 13 шілдеде Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және олардан бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру жөнінде жаңа заң қабылдады. Бұл құқықтық талапла Тобыл, Том губерниялары, Жетісу, Ақмола, және Семей облыстары шаруаларды қоныс аударатын басты аймақтар ретінде белгіленді. 1891 жылғы ЕРЕЖЕ 1889 жылғы құжаттың жекелеген мәселелерін нақтылады. Мысалы, кейінгі шешімде облыстар мен губернияларды бұрын қоныстанған шаруаларға жан басына 15 десятинадан жер берілетің болып шешілді. Ішкі аймақтардан шаруаларды қоныстандыру патша үкіметінің отаршылдық саясатының да бетін ашты. Келімсектерге көшпелі қазақтардың жерін тартып алып беру, тұрақты қоныстарынан ығыстыра бастау, жергілікті қазақ ауылдарының мүддесімен ешқандай санаспаудың салдары байқалды. Бұл құбылыс тіпті жылдан жылға тереңдеп, мал шаруашылығының дамуына да нұсқан келтірді. Тек 1855 жылдан 1893 жылға дейінгі аралықта Ақмола облысы қазақтарының пайдалануынан 250 мыңнан астам десятина егістік жері тартып алынып, 11 мыңдай орыс шаңырағы жайғасқан 24 село ұйымдастырылды. Ал Семей облысында нақ сол кезде қазақ шаруаларынан 33 мыңнан астам десятина егістік жері тартып алынды. Әсіресе қоныс аударушылардың лек- лагімен шұбырған басты аймағы – Жетісу өлкесі. 1868-1880 жылдар аралығында бұл өңірде 3 мыңнан астам отбасының 2 мыңдайы жаңа қоныстанушы болса, оның 1 мыңнан астам шаңырағы қалаларда орын тепті. Қоныстандыру саясаты сонымен қатар Сырдария облысын да жаппай қамтыды. Шымкент, Ташкент, Әулиеата уездерінде орыс, украин шаруалары 1884-1892 жылдар аралығында 37 қоныс орындарын құрды.

84}Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу аумағына қоныс аудару себептеріXIX ғасырдың 70—80-жылдары патша үкіметінің бастамасы бойынша ұйғырлар мен дүнгендер Жетісу жеріне қоныс аудара бастады. Бұған дейін олар Қытайдың Іле өлкесінің аумағында тұрып келген еді.Онда тұрған ұйғырлар мен дүнгендер XVIII ғасырда және XIX ғасырдың бірінші жартысында Қытай үкіметіне қарсы бірнеше рет көтеріліс жасады. Олар өздерінің ұлттық тәуелсіздігі жолында күресті. Алайда Қытай әскерлері ол көтерілістерді аяусыз басып-жаныштады. Ұйғырлар мен дүнгендердің күресі барысында Іле өлкесінде Іле сұлтандығы құрылған болатын. Бұл мемлекеттік бірлестіктің құрылуы ондағы ішкі қарама-қайшылықтарды асқындырып жіберді. 1871 жылы Ресей әскерлері ол аймақты жаулап алды. Патша үкіметі өлке тұрғындарының отбасылық істеріне және мүліктің қарым-қатынастарына араласпау саясатын ұстанды. Олардың жергілікті өкімет органдары құрылды. Бірақ оларды патша әкімшілігі өз бақылауында ұстады. Жалпы жағдай едәуір тұрақтандырылғандай болды.Алайда дүние жүзі жұртшылығының қысым жасауымен ол өлкені Қытайға қайтару жөнінде келіссөздер жүргізіле бастады. Міне, осы кезде ұйғырлар мен дүнгендердің бұдан былайғы тағдыры туралы мәселе көтерілді. 1881 жылы екі империя арасында Санкт-Петербург бейбіт келісімшарты жасалды. Ұйғырлар мен дүнгендер бір жылдың ішінде Жетісу облысының аумағына қоныс аударуы жөнінде өздері нақты шешім қабылдауға құқықты болды. Бұл мәселе бойынша жергілікті халықтың арасында пікірі сұрастырылды. Сөйтіп 100 мыңға жуық ұйғыр мен дүнген Қазақстан аумағына өтуге тілек білдірді.

84)Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аудара бастауы Дүнгендердің Қазақстан аумағына алғашқы қоныс аударуы 1877 жылдың желтоқсан айында басталды. Сол жылы Қытай жазалаушыларынан құтылу үшін қашқан 4 мыңға жуық дүнген Жетісу жеріне жетіп жығылды. Қоныс аударушы дүнгендердің алғашқы толқынын Бый Янь Ху басқарды. Екінші толқын 1884 жылы өтті. Ал ұйғырлардың Жетісу жеріне қоныс аударуы 1881 жылғы күзде басталып, 1884 жылға дейін жалғасты. Олардың бір бөлігі көршілес Қырғызстанға барып жайғасты.Ұйғырлар мен дүнгендерді Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандыру арқылы патша үкіметі екі түрлі мақсат көздеді: біріншіден, Қытайдың Құлжа өңіріндегі экономикалық базасын осалдата түспек болды; екіншіден, әскери-саяси жағдай шиеленісіп кете қалған жағдайда оларды Қытайға қарсы әскери күш ретінде пайдалануды мақсат етті. Алайда патша үкіметі бұл жөнінде жергілікті қазақ халқының пікірімен санаспады. Бұл кезде Жетісу жері мемлекеттік меншік деп жарияланып койған болатын.Ұйғырлар мен дүнгендер белгілі бір аумақта өз алдарына жеке қоныстануды қалады. Сөйтіп қоныс аударушылар негізінен Жетісу жеріндегі Верный және Жаркент уездеріне орналастырылды.Қазақстан аумағындағы ұйғырлар мен дүнгендердің саны бірте-бірте арта түсті. Мәселен, 1897 жылы Қазақстанда 56 мың ұйғыр, 14 мың дүнген болса, 1907 жылы ұйғырлар 64 мыңға, ал дүнгендер 20 мың адамға жетті.[1]

85) Қазақстанды зерттеуде орыс ғалымдарының атқарған рөліҚазақстанның тарихы мен географиясын, этнографиясын және мәдениетін зерттеуде Ресей ғалымдарының сіңірген еңбегі зор болды. Ресей зиялы қауымының Қазақстан аумағына саяси себептермен жер аударылып келген өкілдері көптеген ғылыми еңбектер жазып қалдырды. Олар, әрине, әр түрлі кәсіп пен мамандық иелері — ақын-жазушылар, тарихшылар, географтар, әскери қызметкерлер мен дәрігерлер болатын. Сонымен қатар олар қазақ өлкесін отарлау саясатына ғылыми тұрғыдан негіздеуге де ішінара қызмет етті.Қазақстанды зерттеушілердің басым көпшілігі Орынборға, Омбыға, Ташкентке — Орынбор, Батыс Сібір және Түркістан өлкелерінің әкімшілік орталықтарына шоғырланды. 1830 жылы «Отечественные записки» журналында орыс офицері Б.С. Броневскийдің «Орта жүз қырғыз-қайсақтары туралы жазбалар» атты жұмысы жарияланды. Онда Солтүстік-шығыс Қазақстан қазақтарының тарихынан, өмірі мен тұрмыс-тіршілігінен егжей-тегжейлі құнды деректер берілген. Белгілі тарихшы А .И. Левшин (1799— 1879) «Қырғыз-қазақ, немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» деген үш бөлімнен тұратын зерттеу еңбегін жазды. Осы бірегей әрі іргелі еңбегі үшін ол «Қазақ тарихының Геродоты» деген атаққа лайықты ие болды. Автор өз зерттеуінде қазақ өлкесінің тарихы мен этнографиясы және географиясы туралы егжей-тегжейлі мәліметтер келтіреді.Семенов-Тян-Шанский(1827—1914) де Қазақстанды зерттеуші ірі ғалымдардың бірі болды. Ол Алтай мен Жетісудың және Қазақстанның оңтүстік өңірін зерттеуге қатысты. Ғалым «Ресей. Толық географиялық сипаттамасы» атты көп томдық серияның «Қырғыз өлкесі» және «Түркістан өлкесі» деген іргелі екі томын әзірлеуге белсене қатысты. Оларда Қазақстанның географиясы ғана емес, сонымен қатар қазақтардың тарихы, тұрмыс-тіршілігі, сауда-саттығы және шаруашылық қызметінің түрлері туралы егжей-тегжейлі мәліметтер келтірілген.Белгілі ғалым әрі Батыс Сібірдің әкімшілік қызметкері В.В. Велъяминов-Зернов XVI—XVIII ғасырлардағы қазақ халқының тарихын мұқият зерттеді. Ол «Қасымов патшалары мен ханзадалары туралы зерттеу», «Кырғыз-қайсақтар туралы тарихи деректер» деген еңбектер жазды.Торғай облысының мал дәрігері А.И. Добросмыслов қыруар мол дерек көздері негізінде «Торғай облысы. Тарихи очерк» атты үш томдық іргелі еңбек жазып қалдырды. Онда Кіші жүздегі қазақ хандықтарының тарихы мен саяси оқиғалар егжей-тегжейлі толық сипатталған. Автор XIX ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформалар барысын және қалай жүргізілгенін толық баяндаған.Торғай облысының әскери губернаторы Л.Ф. Баллюзек «Кіші қырғыз Ордасындағы орын алған, қазір де ішінара орын алып келе жатқан халықтық әдет-ғұрыптар» деген атпен қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарының жинағын құрастырып, басып шығарды. Баллюзек Қазақстанда қызмет еткен кезінде орыс шенеуніктеріне қазақтың билері мен сұлтандарынан дәстүрлі әдет-ғұрып құқықтары туралы материалдар жинастыру жөнінде тапсырма беретін. Ол сондағы жиналған материалдарды өндеп, кітап етіп шығарды.XIX ғасырдың орта кезінде M M. Красовский «Сібір қырғыздарының аймағы» атты үш томдық еңбек жазды. Онда Қазақстанның Солтүстік-шығыс аймағындағы қазақтардың өмірінен көптеген егжей-тегжейлі тарихи-статистикалық, географиялық және этнографиялық мәліметтер келтірілген. Аса көрнекті орыс ғалымы, тарихшы әрі этнограф Н.Н Аристов «Түркі тайпаларының этностық құрамы туралы жазбалар», «Үлкен орда қырғыз-қазақтарының және қырғыздардың этностық құрамын анықтау тәжірибесі» сияқты тағы басқа да теңдесі жоқ тарихи-этнографиялық еңбектер жазып қалдырды.Григорий Николаевич Потаниннің Қазақстанды зерттеудегі рөліГ.Н. Потанин (1835-1920) Жәмішев селосында Сібір казактарының отбасында дүниеге келді. Ол - Ресейдің аса ірі қоғам қайраткері, публицист, географ-ғалым әрі этнограф. Омбы кадет корпусында оқыды, сонда жүріп Шоқан Уәлихановпен танысып, дос болды. Қазақтың тілін, тұрмыс-тіршілігін, Қазақстанның тарихы мен географиясын өте жақсы білді. XIX ғасырдың 60—90-жылдары Қазақстан, Орталық Азия, Монғолия, Урянхай өлкесі, Қытай және Тибет жерлеріне бірнеше ірі саяхат жасады. Сол сапарлары кезінде қазақ фольклоры үлгілерін жинап, зерттеді. Г.Н. Потанин қазақ халқының Ә. Бөкейханов, М. Шорманов, К. Өскенбаев, И. Сәтбаев, сондай-ақ Шыңғыс Уәлиханов сияқты көрнекті өқілдерімен достық қарым-қатынаста болды. Ғалым қазақ ертегілеріне, наным-сенімдеріне, халық поэзиясының үлгілеріне, тарихы мен этнографиясына талдау жасаған мақалалар жазды. Атап айтқанда, ол қазақтардың өмірінен «Қырғыз жәрмеңкесінде», «Қырғыздардың сауда-саттығы», «Шоң би», «Қазақ-қырғыз ұрпақтары туралы», «Ең соңғы қырғыз ханзадаларының отауында» сияқты басқа да мақалалар жариялады. Замандастары оны қазақ халқының адал әрі шын берілген сүйікті досы деп білді. 1915 жылы қазақ зиялыларының көшбасшылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов пен М. Дулатовтар Г. Потанинге деген зор құрметтің белгісі ретінде Орынборда оның 80 жасқа толған мерейтойын салтанатты жағдайда ұйымдастырып, атап өтті. Қазақтар оны «Греке» деп құрметпен атайтын.

86) ХІХ ҒАСЫРДЫҢ ІІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЗАР ЗАМАН ӨКІЛДЕРІҚазақ әдебиетіндегі байырлық рух ХVІІІ ғасырда жоңғарлар мен қарсы күресте ХІХ ұлт азаттық күресте, (Махамбет, Нысанбай ) қайта көтерілгенмен , Қазақстанның Ресей құрамына өтуі нәтижесінде зар заман кезеңі басталды. Қазақ жеріне қол салған патша үкіметі халықты жарылқау үшін келмегенді. Жерінен айрылған халық әдеп – ғұрып пен қазақы мінезінен де айрыла бастады . Патга үкіметі енгізген жаңа әкімшілік шаралар қазақ болмысына тән еместі. Ұрлық, өсек, талас – тартыс , алауыздық, арызқойлық – қазақ қоғамының осы кезеңдегі жемісі болдыОсы кезде өмір сүрген қазақ ақын - жырауларының бір тобы қоғамда болып жатқан келеңсіз құбылыстарды айаусыз сынға алды.Олар Қазақстанның Ресейге қосылуымен капиталистік көзқарастардың енуін кері кеткендік деп есептеді. Өткен өмірді ансады , болашақ туралы өз болжамдары мен пікірлерін білдірді. Қоғамда болып жатқан өзгерістерге өзіндік көз қараста болған және сол бағытта жырлаған ақындарды М.Әуезов « Зар - заман » жыршылары деп атаған болатын және әдебиет тану тарихында да олар осылай айтылды. Тарих ғылымының докторы М.Қойгелдиев отаршылдық бұғауына мықтылап байлаған халықтың мың -мұхтажы мен қайғы - қасыретін жырлаушыларды « Зар -заман » мектебінің ойшылдары деп атады. (1,246 б.). Бұл термин алғаш 1927 жылы енгізілген еді. Зар - заман кезеңінде ғұмыр кешкен орталық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң – зармен жырлаған ақындар шоғыры. Оның белгілі өкілдері : Дулат Бабатайұлы , Шортанбай Қоңайұлы, Мұрат Мүмкейұлы, Әбу бәкір Кердері, Аубан Асан , т.б. Мұхтар Әуезов Аблай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып Нарманбетпен аяқталды (2,168 б.). зар – заман тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алғанын отан көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі , елді басқару жүйесінің басқа санатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар- заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Олар халықтың жай күйін ойлаған үлт- қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шоғырлары халықтың салт- дәстүрлерді қабығы бұзылмаған қалпында сақтауға , ұлттың – бітімімен ажырамауға үндейді. Еркіндікпен бостандықтың, дәстүр мен европалық метрополиядан еңген жаңа тәртіптердің шегінен шиеленісуі Шортанбай, Дулат және Мурат сияқты « зар – заман » ағымы ақындарының шығармалары арқылы қабылдады. Олар ХІХ ғасырдағы қазақ өміріне тән барлық құбылыстарды аяусыз сынайды. Әлеуметтік, үйлесімділік уақыты ретінде өткен дәуірді идеяландыра отырып , бүгінгі заманның келешегінен де үмітін үзіп, түңіледі, қауіп жұбататын ешнәрсе таппаған Зар –заман ақындарының кеудесін кернеген мұң, зар , шер әбден күнәға батқан « замандастарының құлағына » жете қоймайды. Қазақ халқының шырайлы жерлерін алып, аздырып, діннен аулақтату сияқты империялық пиғылдар жүзеге асуына қарсыласы қозғалысы Зар –заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді. Бұрынғы жыраулар поэзиясын үндесіп өршіл рух, әсіресе, Мұрат Мөнкеұлының ( 1843 – 1906 ) жырларынан айқын байқалады ( 3,38 ). Зар – заман ақындарының шығармаларындағы ұлттық болмысы , қазақы қадір – қасиеті сақап қалуға үндеген , ой – пікірлер жанаймен шарасыздықпен соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Мұндай өлеңдермен болжамдықтың бұғауына бас игісі келмеген ұлт қайраткерлерінің өршіл үні айқын аңғарылады. Зар –заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы – мұңға берілу сарыны да байқалады. Бұл кезең ақындары келер күннен үміт жоқтығын налыйды, тығырықтан шығатын жол таппай қыйналады. Олар елдің барлық түсінен Нәубетті ақыр заманың келгені деп ұғады. Зар – заман мектебінің аса ірі өкілдерінің бірі – Шортанбай Қанайұлы ( 1818 – 1881 ) « зар – заман » атауы да ақынның сол дәуір халін жырлаған өлеңдерінің бірінің атынан алынған. Концерватор ақын қасиетті Түркістан маңында дүниеге келіп, қарқаралы өңірінде өмір сүреді. Ол патша өкіметінің отарлау саясатының қазақ халқының болмыс тіршілігіне кері әсер еткенін , көптеген қайшылықтарды алып келгенін, заманның азғанын , әдеп-ғұрыптың тозғанын, ел – жұртта береке қалмағанын шығармаларының басты тақырыбы етіп алады. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы мен тұрмыс салтына едәуір ықпал еткен капиталистік қатынастарды қабылдамаған ақын халық өмірінде болып жатқан өзгерістерге сын көзбен қарады. Шортанбай адамдарының әлеуметтік топқа бөлінуі олардың шыққан тегіне сәйкес болу керек деп есептеді.Заманның бұзалғанына назары болған ақын «әуелгі заманның » енді қайта келмейтіндігіне « құдасы жоқ құлдың , қонысы жоқ байдың » озатынына , « байдың тілін жарлы алмай, ханның тілі қара алмай » өздері де жөнін біле алмайтынына қынжылыс білдіреді. « заман оңайлар еді, бірақ оған әуелден бас білдірдің » деп осы жағдайға душар еткендерді ренішін айтады (4,29).Елде ұрлық пен парақорлықтың , өсек пен жалақорлықтың көбейін, ұлы атасын сыйламаған , атасы батасын бермеген әлеуметтік құбылысты заманақырға теңеген шортанбай оның себебін патша өкіметінің отарлау саясатынан іздейді. Шортанбай ақырзаманды «бүкіл адамзат ұрпағының » жойылуы деп ұқпайды. Оның ойынша , «ақырзаман »бұрынғы әдет – ғұрыптың бұзылуы адамдар арасындағы сыйластық байырмалдықтың азаюы әркімнің өз басын күйттеуі, қазақ халқының өз еркіндігінен айырылуы , орысқа бодан болуы. Хандық билікті аңсаған ақын « Жандарал ұлығың , майыр сынғаның болды », «кәпірді піріндей тілмәшті жеңгендей дуанды үйіндей көрдің », енді сені күтіп « абақты тұр қасында , қазылған қара көріндей » (5,60 ) деп сақтандырады.Шортанбай басқа халықтың заңдары мен тұрмыс ерекшеліктерінің екінші халыққа күшпен енгізілуінің қаншалықты қатерлі екендігін түсіндіреді. Ғасырлар бойы қалыптасқан биліктің, әдеп – ғұрыптың кенеттен өзгеріске ұшырауын ол халықтың адамгершілік нормаларын бұзатын құбылыс ретінде бағалады. Патшалық Ресейдің отаршылдық саясатын батыл айыптады, бұл жағдайдан шығудың жолдарын іздеп арпалысты.Зар – заман ақындарының өлең – жырларында елмен қоштасу , туған жердің өткенін аңсау сарыңы орын алған. Жалпы «алға көшу», қонысты бастау ұғымы көптеген халықтардың фольклорлық шығармаларына тән. Таласуға түскен елден кетіп, жайлы жер , ыңғайлы қоныс іздеу идеясы еркіндікке , бостандыққа ұмытылу мұраттарымен орайлас келеді. Туған жердің табиғатына қарап тұрып , өткен күннің елесін іздеу жастық дәуреннің еске алу үрдісі ата қоныстың бүліншілікке түсіп , өзгенің ойранына айналған сәтте туындаған мұң – шермен астасып жатады. Ақындардың бір қатары жұтаған жер мен көшкен елге қайырылып сөз айтып тұрып , басқыншылық пиғыл мен зорлықшыл әрекеттерді зорлана жырға қосады. Зар – заман ақындарының көпшілігіне тән ерекшелік – келешекті көрегендікпен болжап , алдағы уақыттағы ел сипатының өзгерісін қолмен ұстап, көзбен көргендей бейнелеп айтуы. Мұндай болжам өлеңдер Зар – заман ақындарының шығармашылығын алғашқы бастапқы кезеңінде , яғни отарлаушылардың ойранынан бұрынырақ айтылғандығы мен құнды . бүгінгі көз қарасақ тұрғысынан қарасақ олардың ойлаған қауіпі расқа айналғанына куә боламыз. Бұл ақындардың ішінде өлең – жырдың бар қуатын пайдаланып, ата – баба дәстүрімен астарлай айтып, батыс пен шығыстан келетін кесапатты бірдей болжап бергені. Дулат Бабатайұлы (1802 - 1874). (6,169).Зар – заман ақындарының қайраткерлік биікке көтерілуі отаршылдықдықтың белең алунан басталады. Жыр жүйріктерін бар құдреті бар қабілеті ел жұртының санасын оятуға жұмсалды. Олар қатерді, зорлық – зомбылықты , алдын – ала ескертті, зардаптарын күнілгері таңба басқандай айтып берді. Елдің берекетін кетірген отарлаушылардың құбыжық кейпіндегі бейнесін жасады. Солардың ойранына жол ашқан өз халқының кейбір жандайшаптарын айаусыз сынға алды , кей тұста ел бірлігінің келместігін де түйреп өтті. Зар-заманның бүкпесіз баяндалған оқиғаларын кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Зар-заманның бүкпесіз баяндалған оқиғаларын кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Зар-заман ақындарының шоғырының белгілі өкілі – Дулат Бабатайұлы қазақ халқының дәстүрлі жыр үлгісін түр жағынан өзгертіп, өлеңді көркемдеп кестенің жаңа үлгісін жасады. Аталған ақындардың қай қайсысында ұлттық поэзиямыздың мазмұны жағынан байытуға үлес қосты. Кеңес идеология үстемдік еткен кезде Зар – заман ақындардың шығармаларын насихатттауға тиым салынды , олар барлық оқулықтардан алынып тасталды. Соған қарамастан зар –заман ақындарының шығармалары әр жылдарда зерттеу нысанасына айналды. Қазақ әдебиетін тариқын оқып – үйренуге арналған ғылыми жинақтарда олардың кейбір олең тұлғаулары жарық көрген тұстарында болды. Мысалы , 1978 жылы Ленингратта басылып шыққан , « Поэты Казахстана » жинағында - (құрастырған М.Мағауин ) ( 7 ,149 б. ) Зар – заман ақындарын отаршылдыққа қарсы жазылған бір қатар өлеңдері орыс тілінде жарық көрді. ХХ ғасырдың соңынан бастап Зар – заманның тарихи сипаты , Зар – заманның ақындарының шоғырының белгілі өкілдері, әдеби ағым ретіндегі ерекшеліктері , көркемдік кестелері туралы бір қатар еңбектері жазылды. Зар – заман шығармаларының – жаңалығы мол, өзгеше дәстүрі бар күрделі құбылыс ретінде әдебиеттану ғылымының тұрақты зерттеу нысанасы болып қала бермек.Консерватор ақындар күшті де , әділ хан билігін құп көрді. Олар өз шығармаларында өткен дәуірді аңсады. Әз Жәнібекті , Қасым ханды , Тәуке ханды, Абылайды, Кенесарыны еске алды , олардың ел бірлігін нығайтудағы еңбектерін атады. Замананың бұзылуын ел билеудің бұрынғы дәстүрлерінің жойылуынан деп білді, сондықтан ел арасындағы келеңсіз құбылыстар тамырын тереңге жайды деп тұсіндірді. Олар патшалық отаршылдық саясатты сынаумен қатар былайша жарқын өмірдің қайта орындалатынына сенді. Зар –заман ақындарының уақыт тағдырын дұрыс түсінгені және оны әділ бағалағаны өзінің тарихымен өзектілігін жоғалтқан жоқ. Бірақ олар дәстүрлі құндылықтарды қорғаны мен тығырықтан шығатын жолды, жаңа арна мен бағытты көрсете алған жоқ. Дегенмен , олар патшалық отаршылдық саясатты сынау мен қатар , болашақта жарқын өмірдің қайта орнайтынына сенді

87) Шоқанның шығармаларын жинап бастыруда орыс ғалымдарының еңбегі аса зор. Орыстың жағрафиялық қоғамы басып шығарған Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде академик Н.И.Веселовский: «Шоқан Уәлиханов Шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарық етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті!»ээ деп жазды. Бірақ ол сол аз ғұмырында адам қабілетінің ғажайып мүмкіндіктерін, гуманизмнің биік өресін, ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, ғылыми қабілет пен алғырлықтың қайран қаларлық өнегесін барша болмысымен, нақтылы іс әрекетімен дәлелдеп үлгерді. Шоқаннан қалған мұраның бірі бейнелеу өнері туындылары. Олар Шоқанның осы өнер саласында қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ғалым негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс салтын бейнелеумен айналысты. Одан 150—дей сурет қалған. Қазақтың ұлы ойшыл-ағартушылары Шоқан мен Абайдың дүниетанымы мен шығармашылық бағытында, тарих пен заман мәселелерін түсінуі мен талдауыңа, әсіресе, мәдени мұраны меңгеру, дамыту, оны елдің рухани қажетіне жарату әрекетінде мол үндестік байқалады. Бұл Абай мен Шоқанның ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін жас кезінен санаға сіңіріп, өшпес тағлым алуынан да, небір шешендер мен ақындардың тапқыр сөздерін естіп есуінен де, арғы түбі шығыс елдерінен таралған, араб, парсы, түркі тілдеріндегі қисса, дастан, аңыз, әпсана, ғазел мүлкін өздігінше ізденіп оқып, білімін байытуынан да, орыс және Европа кітаптары, соның ішінде олардағы фольклорлық нұсқалармен терең таныстығынан да көрінеді. Шоқан халық әдебиетін тарихты танудың аса бағалы ескерткіштері деп қараса, Абай көркемсөз байлығын жамағатты кәміл адамдық жолдарға баулып, тәрбиелеудің, жақсылықтарды өнеге етіп көрсетіп, зұлымдық, надандық атаулыны әшкерелеуің құралы санады. Абай осы мақсатты көздеп, езінің шығармаларында ауыз әдебиетінде қалыптасқан неше алуан нақыл сөздерді, мақал-мәтелдерді, тұрақты тіркестерді жаңғырта пайдаланды. Абайдың халық елеңдеріндегі дәстүрлі ұйқастар мен буындық өлшемдерді, арнау, толғау, жоқтау, жұбату секілді фольклорлық жанрларды қолдануы осыны көрсетеді. Шығыс фольклорындағы фабулаларға сүйеніп, «Ескендір», «Масғұт», «Әзімнің әңгімесі» тәрізді келемді туындылар жаратуы да ақынның жаһан халықтарының рухани қазынасын кең игергендігін дәлелдейді. Шоқан мен Абайдың қазақ тарихы туралы толғамдары өткеннің тәжірибесін қорыту, халықтың сенімді болашағы үшін жол іздеу талабынан туған. Шоқан секілді Абай да шығыс пен батыстың тарихи шежірелерімен жақсы таныс болған, тарихи құбылыстарды бірі ғалым сипатында, екіншісі суреткер кезімен бағалап отырғанымен, бұрынғы замандардың қалдырған сабақтарымен мүддесіне тарату мұраттары жақын, халықты ғасырлар бойында тұмшалап келген қараңғылық тұманынан арылтып, өркениеттің даңғыл жолына түсіру қажеттіктері мәселелерінде екеуінің ойлары өте орайлас шығады. Шоқан өзінің тарихи-этнографиялық, фольклорлық еңбектерінде қазақ халқын көркейтудің амалы оқу-білім жүйесін жақсартуда деп көрсетсе, бұл аң бар Абай шығармаларының өзекті жемісіне айналған. Түрік халықтарының генетикалық , мәдени бірлігін, тарихи тағдырластығын айтқанда ұлы ойшылдар үні бірдей шығады. Мұның бәрін Шоқан мен Абай өмір кешкен дәуірдің тарихи-әлеуметтік мұқтаждары мен сауаптарының сабақтастығынан туындаған құбылыстар деп те қарауға болады. Қазақ халқының тәуелсіздіктен айрылып, Ресейге бағынышты, кіріптар күн кешкен заманында қоғам көкжиегінде жарқырап шыққан қайраткерлердің қалдырған мұрасы өзінің тақырып кеңдігі, талдау тереңдігі, ойларының биіктігі жағынан 19 ғасырдағы әлемдік озық ескерткіштер қатарына қосылды Қазіргі қазақтың рухани мәдениетінің негізін салушы — ұлы философ-ақын Абай Құнанбаев. Қазақ мәдениетінің ғасырлар бойы қалыптасуында осы процеске сыншыл көзбен қарап, оны ақыл және жүрек таразысынан өткізетін тұлға тым қажет еді. Абай, міне осындай тұлға болды. Абай өз шығармашылығында қазақ елінің белгілі тарихи тұйыққа тіреліп (бодандыққа түсіп), одан қалай шығуды білмей, болашағы туралы күдіктенген жағдайын суреттеді. Осындай шым-шытыранда ғұлама ақын таза уайым мен зарлау дәстүрінен арылып, халық өмірінің кем-кетігіне ашық көзбен қарап, оны емдеудің жолдарын көрсете білді. Абай исламды қазақ халқына тұрақты жаңа өркениетті, жоғары имандылықты қалыптастыру құралы ретінде уағыздады. 28-сөзінде ол былай дейді: «Құдайтағала әрбір ақылы бар кісіге иман парыз деген, әрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз деген екен... Жә, біз енді ақылды еркіне жібермесек, құдайтағаланың ақылы бар кісіге иман парыз дегені қайда қалады? «Мені таныған ақылменен таныр» дегені қайда қалады? Дініміздің бір жасырын тұрған жалғаны жоқ болса, ақылды, оны ойлама дегенімізге пенде бола ма? Ақыл тоқтамаған соң діннің өзі неден болады?» Жоғарыда келтірілгеннен Абай діншіл, ескіні жақтаушы тәрізді пікірлер тумауы тиісті. Оның мұраты — парасат және мәдениетке қолдаушы болатын ислам. Абайды ағартушы діни ғұлама деп бағалаған дұрыс. ады.Ыбырай – жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосқан. Ол қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер-білім, тех-ны игеруге шақырады («Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ақ табылар»). Автор оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мән берді. Бұған инемен құдық қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін ескертеді. Ал оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап, олардың ақ, қараны айырмайтын көрсоқыр екенін айтады («Оқымаған жүреді, Қараңғыны қармалап. Надандықтың белгісі – Еш ақылға жарымас»). Оқу, білімнің пайдасы қандай, ол неге керек деген мәселеге келгенде, оның өмір үшін, болашақ үшін қажет екенін талдап көрсетеді («Ата-енең қартайса, Тіреу болар бұл оқу. Қартайғанда мал тайса, Сүйеу болар бұл оқу»). Жастарды өнер-білім, тех-ны игеруге үндеу ақынның «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңінде өз жалғасын тапқан. Ол өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай, олар сол өнерімен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдің талап-тілектері не секілді күрделі мәселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер-білімді батыл игеруге шақырады («Адамды құстай ұшырды, Мал істейтін жұмысты, От пен суға түсірді. Отынсыз тамақ пісірді, Сусыздан сусын ішірді»).Ыбырай сондай-ақ Ушинский, Л.Н.Толстой, И.А.Крылов, И.Паульсон шығармаларын қазақ тіліне тәржімалап, қазақ әдебиетінде көркем аударма жанрын қалыптастырды. Қазақстан Үкімет 1989 ж. 22 желтоқсандағы қаулысымен Ыбырайдің туғанына 150 жыл толуына орай мерейтойы өткізіліп, ұстаздың мұраларына арналған ғылыми, тарихи, педогогикалық еңбектер жарық көрді. Арқалық қаласында Ыбырай мұражайы ашылды. Тобыл бойындағы Ыбырай қыстауы жанында, мүрдесі қойылған жерде, Ыбырайға күмбезді мазар орнатылды. Қазақстанда Ыбырай атында аудан, ауылдар, жоғары оқу орындары, шың, т.б. бар.Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән береді. «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық, «қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты дидактикалық оқу құралын жазды. Бұл кітаптарындағы оқушыны отан сүйгіштікке, еңбекке, кісілікке — тәрбиелейтін ғибратты шығармалары ешқашан да өзінің мән-мағынасын жоймақ емес. Тек қана оқу-ағарту жұмыстары емес, Ыбырай сонымен бірге сол кездегі қоғамдық — саяси өмірге сергек араласып, ғылым-білімге, еңбек пен өнерге, дінге, этнографияға қатысты мақалалар жазды. Оның, әсіресе, көркем еңбектері қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша ықпал етті. Ыбырай есімі берілген аудан, ауылдар, оқу оырндары, көшелер, жер атаулары Қазақстанның түкпір-түкпірінде кездеседі.

88.20ғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. 20 ғасырдың басында капиталистік қатынастардың қазақ даласында дамуы күшейе түсті. Өлкеде өнеркәсіптің жаңа салалары пайда болды. Қоғамдық еңбек бөлінісі одан әрі дамып, жұмысшы табы қалыптасты. Патша өкіметінің аграрлық саясаты салдарынан орыс шаруаларының Қазақстанға қоныс аударуы жаппай сипат алды. Сөйтіп, қазақ еңбекшілерінің жерлерін басып алу кеңінен жүргізілді. Қазақ шаруаларын тонауды патша өкіметі “қоныстанушы”,”жер қоры” деп аталатын желеумен іске асырды.Бұл қорды жасау үшін жергілікті халықтың жайлы қонысын тартып алып отырды. Шаруалардың Ресейден Қазақстанға шұбырауы бұрынғыдан да артты. Патшалы Ресей Қазақстанның ауыл шаруашылығы мен тау-кен байлықтарын пайдалануға айрықша назар аударды. Олар мұнда тау-кен өнеркәсібін және ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу кәсіпорындарын дамытуға күш салды. Алтын, түсті металл, көмір өндіретін кәсіпорындар көбейді. Осы тұста мұнай өнеркәсібі де пайда болды. 20 ғ. Басына қарай Қазақстанның жұмысшы табы құрамында сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да елеулі өзгерістер болды. Олардың ірі кәсіпорындарға шоғырлануымен байланысты кен өнеркәсібі мен темір жол транспорты жұмысшылары арасында таптық сана-сезімнің қалыптасуы байқалады. Әуел бастан-ақ көп ұлтты болып қалыптасқан жұмысшы табының 60 пайызы қазақтар болды да, қалғандары орыс, украин, татар, башқұрт және т.б. ұлттардың өкілі еді. 20 ғ.аяғы мен 20 ғ.басына қарай Ресейде капиталистік сатыға көтерілді. Бірақ Ресейде имперализм елдің экономикасы мен саяси құрылысында феодалдық-крепостниктік қалдықтардың сақталуы жағдайында дамыды. Помещиктердің сойылын соғатын ірі монополистік капиталмен тығыз байланыстағы патша өкіметі елдің өндіргіш күштерінің дамуына тұсау болып, қоғамдық прогресті тежеді.

89. 1905-07ж.ж І орыс рев.ң Қаз.ға әсері.Жалпы Қаз.ң еңбекшілерінің саяси оянуына өлкедегі отаршылдық езгіге, әлеуметтік теңсіздік пен қанаудың басқа да түрлеріне қарсы ұлт азаттық, жұмысшылар мен шаруалардың бостандығы жолындағы қозғалыстардың ерекше серпін алуына, әрине, патшалық Ресейдегі 1905-07 ж.да өткен тұңғыш буржуазиялық демократиялық революцияның ықпалы зор болды. I-шілен, өлкенің экономикалық және саяси дамуы дәрежесінің салдарынан жұмысшы қозғалысы өрістеді. ІІ шіден аграрлық қозғалыстар, негізінен қазақ ауылдарының, қоныс аударған деревнялардың еңбеккерлер топтарының іс әрекетінен көрінді. IV-шіден,Ұлт зиялылары қоғамдық саяси жұмысқа белсене араласып,ұлт-азаттық қозғалысты жаңа сатыға көтерді.Сөйтіп,1905-1907 жыл-да өткен Қазақстандағы жұмысщы қозғалысы өзінің саяси дамуының жаңа кезеңіне қадам басты.Осы жылдары жұмысшылардың бірқатар саяси ж/е экон/қ толқулары болып өтті. Оларға 1905ж желтоқсанда Успенск мыс рудинигі,Қарағанды кендеріндегі,сондай-ақ, Семей,Орал,Ақтөбе,Верный,Қостанай ж/е басқа да қалалардың кәсіп-орындарындағыөткен ереуілдері жатқызуға болады.Ресей империясындағы 1905ж қалыптасқан саяси ахуал қазақ халқының азаттық қозғалысының жаңа сатыға көтерілуі кезеңін бастап берді.Ә. Бөкейханов атап көрсеткендей «бүкіл дала саясат аясына тартылып азаттық үшін қозғалыс тасқыны құрсауына енді»-дейді.

90.ХХғ.басындағы қазақ зиялыларының ұлт азаттық қозғалыстағы орны мен ролі.Қазақ ұлт зиялы.ң қоғамдық саяси қызметтеріндегі белсенділігі де арта түсті,олар 1905 ж. Желтоқсанында Оралда бес облыстың қазақ халқы делегаттарының съезін өткізіп, өз партиясын Ресей конс.қ демократиялық партияның бөлімшесін құруға әрекет жасаған болатын.Ондағы мақсат-берген бостандықтар шеңберінде Қазақтардың ұлттық мүддесін қорғау еді.Қаз.ң барлық жерін байырғы халықтың меншігі деп тану,ұлттық мектептер ашу т.б талаптар енгізілді. Олардың басында Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынов,М.Тынышбаев,М.Шоқаев,М.Дулатов Б.Қаратаев,және қазақ зиялыларының басқа да көрнекті қайраткерлері жүрді. Қазақстан халқының саяси ой өрісінің дамуында мем.к Думағасайлау жүргізу науқаны маңызды роль атқарып,онда қазақ зиялыларының көптеген өкілдері белсенді қызметтермен көрінді. Мыс:1905 ж. 6 тамызында мем.к Дума жөніндегі патша монифесі қазақ еліне де депутат сайлау құқығына ие болды.Сөйтіп,Қазақстаннан 1-ші мем.к Думаға барлығы 9 депутат;оның ішінен 4млн.қазақ халқының 4 депутат ;Ә.Бөкейханов,А.Білімжанов,А.Қалменов,Б.Құлманов сайланды.Олар Дума жұмысына мұсылман депутаттары фракциясы құрамында қатынасты.Ал барлығы 72 млн. Ғана жұмыс жасаған мемлекеттік Дума 1906ж. 9шілде күні үкімет шешемімен таратылды.2-мем.к Думаны сайлауына келер болсақ,ол 1905 ж.6 тамызындағы және 11 желтоқсанындағы сайлау заңдарын негізінде өткізілді. Думаға Қаз.ң 14 депутат,олардың 6 қазақ ұлтының өкілдері: молда Ш.Қосшығұлов-Ақмола обл.Би Х.Нұрекенов –Орал обл. Сот тергеушісі А.Бірімжанов-Торғай обл.Т.Алдабергенов-Сырдария обл. Қатынас жолдары инженері-Жетісу обл. сайланды.Патша үкіметі 1907ж. 3 маусымында шығарған заңымен II мем.Думаны да таратып жіберді.Қазақ депутаттары қатынасқан I-ші және II Думалар қазақ қоғамының отарлық жағдайына өзгеріс енгізе алатындайешқандай заңдар қабылдаған жоқ «3-маусым Заңының»өмірге келуімен бірге, қазақ зиялы.ң Думаға артқан үлесті де біржола жойған еді.Бірақ олар қазақ жеріндегі отарлау саясатына,3-маусым заңына қарсы әрекеттерін тоқтатпады.Ал,жалпы алғанда сол кезеңдегі қазақ зиялыларының мерзімінен бұрын таратылған патша үкіметінің I-ші және II-ші Дума жұмысына және оларға қатысты саяси шараларға қатысуы әрине,олар ушін үлкен өмір мектебіне айналып,белгілі деңгейде өзіндес із қалдырды.

91.ХХғ. Басындағы қазақ баспа сөзі.Қазақ зиялылары Думаға қатысты шараларға араласа отырып,негізгі мақсатқа жету үшін жалпы халықтың саяси белсенділігін арттыру мен батыл қимыл-әрекеттердің қажет екендігіне де көздері жетті,сондықтанда, бұл ізгі мақсатқа қол жеткізу үшін,ендігі жерде қазақ зиялылары саяси күрестің басты құралдары ретінде «Айқын»журналы қазақ елінде 1911-1915ж-ы шығып тұрды. Оның редакторы Мұхаммеджан Сералин (1871-1929) болды.Журнал Қаз-ғы сол кезеңнің идеялық саяси ой-пікірдің аграрлық-демократиялық бағытын білдіреді.Оған Б.Қаратаев, С.Сейфуллин, Б.Маймен, С. Торайғыров,Ж.Сейдалин, т.б. қатысты.Журналда патша өкіметінің отаршылдық саясаты әшкеріленіп отырды.Орынбор қаласында 1913-1918ж.ж А. Байтұрсыновтың басшылығымен шығып тұрған ресми «қазақ»газеті болды.Ол либерал-демократиялық бағыт идеяларын ұстанды. Ұлттық қозғалысының жетекші,экономист ғалым Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М. Дулатов ж/е басқалар қызмет істеді.Олар ең күрделі аграрлық мәселеде жерге Ресей патшалығының тарапынан мемлекет меншігіне беру, жер сатуға тыйым салу талаптарын қойды.Тұтас алғанда, қазақ өлкесінің әлеуметтік –экон/қ ж/е қоғамдық-саяси өмірінің дамуы туралы әр түрлі көзқарастарда болғанына қарамастан, ХХ ғ.алғашқы ширегінде шығып тұрған «Айқап»журналымен «қазақ»газеті өз беттерінде ұлттық идеямен қазақ халқының мүдделерін ақиқат жолымен жан-жақты көрсете білді.

92. Қазақстан I Дүние жүзілік соғыс жылдарында.Бірінші д.ж.лік соғыс 1914 ж. 19 шілдеде басталды. Соғыс басталған соң жалпы Империяда ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте бірте кеми берді.Яғни Қазақстан экономикасының құлдырауына әкеліп соқты.Соғыс егін шаруашылығына да елеулі өзгерстер енгізді.Ең алдымен ауыл шаруашылық бақша дақылдарының егіс көлемі ұлғайды. Мәселен Қаз.н бойынша күзгі бидайдың егіс көлемі 1913ж. Салыстырғанда 1917ж. 63,5%-ға жазғы бидай -8,4%-ға ,тары 22,1%-ға,картоп 46,3%-ға қысқарды.Қаз.ң барлық аймақтарында мұндай көріністер байқалып тұрды. Ер азаматтарды жаппай майданға алу шаруашылықтың да құлдырауына әкеліп соқты.Ұсақ мал көбірек ал ірі мал азырақ өсіріле бастады. Мал санының қырқауы ең алдымен қазақ халқының армия қажеттеріне мәжбүрлеу тәртібімен етберуге міндетті болғандығынан орын алды.I Д.ж.лік соғыс басталған соң Қазақстан өнеркәсібі де соғыс қажеттері үшін жұмыс істеді.Успен және Сасық Қарасу кеніштерінен темір кенінөндіру арта түстіБұл кенштерден 1914 ж. 246құт,ал 1916 ж. 1551құт темір кені өндірілді.Соғыстың үш жылы ішінде темір кенін өндіру 6,3 есе ұлғайды. Көмір өндіру Семей,Торғай, Ақмола, обл.да жүргізілді және Екібастұз кен орындары елеулі роль атқарды.Өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың,қалалардағы еңбекшілердің жағдайы күрт нашарлады.жұмысшылар тәулігіне 10-12 сағат ал кейде 16 сағатжұмыс істеді.Селолар қалалар мен ауыл.р еңбекшілер жағдайының нашарлауы 1914-ж.өзін ақ Қарағанды,Екібастұз шах.да теміржол жұмысшылары арасында бас көтерілулер мен ереулдерге алып келді. Нәтижесинде бұл жағдайлар қазақтардың ұлт азаттық қозғалысына зор ықпал жасады.

93.1916 ж.ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы.1916 ж.25 маусымда патшаның Қаз.н,Орта Азия,Сібір тұрғындарының 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын тыл жұмысына алу туралы жарлығы шығады.Бұл жарлық 1916-ж.ұлт азаттық көтерілісінің басталуына себеп болады.Қаз.ң әр түрлі аудандарында пайда болған стихиялы қозғалыс бірте бірте ұйымжасқан сипат ала бастады.Жетісуда (Басшылары:Бекболат Әшекеев,Ұ. Саулықов,Ж.Мамбетов,Т.Бокин,Ә.Жүнісов,С.Қанаев, Монай ж\е Мұқан Ұзақбаевтар ж\е т.б)Торғайда (басшылары:Ә.Жнабасынов,А.Иманов,Ә.Жангелдин ж\е т.б) Оның ірі ошақтары пайда болды.Жетісудағы көтеріліс тарихын:1)Шілде-стихиялы наразылық көріністері 2)Тамыз-оның қарулы көтеріліске ұласуы3)Қыркүйек-Қазан-көтерілістің біртіндеп бәсеңдеуі ж\е жеңіліс табуы деген кезеңге бөлуге болады.Сотсыз ж\е тергеусіз атылғандарды есептегенде,сот үкімімен Түркістан өлкесінде 1917ж. Ақпанына дейін 347 адам өлім жазасына, 168 адам каторгалық жұмыстарға,129 адам түрмеге жабылуға кесілді.22 қазанда А.Иманов бас.н 15мың қол Торғай қаласын қоршады. Шайқас 1917ж. Ақпанның 2 ші жартысына,яғни ақпан революциясына дейін созылды.Қазақ халқының 1916 ж. Ұлт азаттық көтерілісі Торғайдан өзге барлық аймақтарда қатаң басып жаншылды.1916 ж. Ұлт азаттық көтеріліс қазақ халқаның сан ғасырлық қозғалысының тарихында ерекше орын алады.Бұл көтеріліске қазақтармен қатар қырғыз,ұйғыр,өзбек ж\е т.б халықтар қатысуы болды. Қаз.н мен Оталық Азиядағы 1916 ж. Ұлт азаттық көтеріліс тұтас алғанда Ресенй империясындағы саяси ж\е әлеуметтік экономикалық дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне себепші болды.

94. Қазақстан 1917ж. Ақпан рев.нан кейінгі кезеңде.Бірінші жалпы қазақ съезінің шешімдері.Ақпан рев.ң жеңісінен кейін Қаз.да қоғамдық саяси өмірдің біршама жандануында Ресейдіңсаяси партиялары әсіресе олардың жергілікті ұйымдары мен топтары өз әсерін тигізді.Тарихта «Алаш» парт.ң саяси ұйым болып құрылуының бастауын 1917 ж. 21-28 шілде аралығында өткен I Бүкіл қазақ съезі айқындап берді. Съезд жұмысына сол кезде Қазақ даласының алты обл.нАқмола, Семей,Торғай Орал,Жетісу,Ферғана,Бөкей ордасынан делегаттар қатысты.Съеэде 14 мәселе күн тәртібіне қойылды:Мемлекеттік басқару жүйесі, Қазақ обл.ң автономиялылығы туралы,жер мәселесі,халық милициясын ұйымдастыру,земства туралы,халық ағарту ісі сот ісі,дін мәселесі,әйелдер мәселесі,қазақтар обд.да құрылтай жиналысына делегаттар сайлау,бүкілресейлікмұсылман съезі туралы,қазақ саяси партиясын құру туралы, т.б .Осылардың ішінде саяси мазмұны жағынан ұлттық автономия,жер мәс.мен Құрылтай жиналысына дайындық мәселелері бірінше кезекте,өте саяси пікірталас жағдайында талқыланды.Съезд Қаз.ң барлық аймақтары мен бұхара,Ферғана,Хиуадағы қазақтар қауымдастығынан Құрылтай жиынына ұсынылған 81 кандидаттың 78-ін депутат етіп сайлады.Олардың арасында «Қазақ»газетінің жетекшілері,қазақ ұлттық либералдық қозғалысының көсемдері Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынов,аймақтардан А.Ермеков, Х.Ғаббасов,Ж.Х. Асфендияров болды. Съезде қаралған барлық мәселелер талқыланып,шешімдер қабылдану барысында қазақ ұлт зиялыларының ықпалы басым болып отырды.Сонымен съездің қарарында «Қазақ обл.ыаумақтық ұлттық автономия құқығын алуы тиіс»деп жазды.

95. Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасы. 1917 ж көкьемінде болып өткен облыстық Қазақ съездері болашақ партияның бағдарламасын әзірлеуге көмектесіп, съездерге қатынасқан делегаттар мен қазақ комиттерінің мүшелері «Алаш» партиясының әлеуметтік негізін құрады. Осылайша, 1905 ж. өзінде-ақ құруға әрекет жасалған «Алаш» партиясы іс жүзінде 1917ж мамыр айында қалыптасып, ал оның ресми тіркелуі 1917 ж желтоқсанында жүзеге асқан еді. Орынборда өткен І Бүкілқазақ съезі «Алаш» қазақ ұлттық саяси партиясын шын мәнінде заңдастырды. 1917 ж 21 қараша «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды: «Алаш» партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жәбірлерге жау, дінді мем-тен бөлектеу, сот ісін қазақ тілінде жүргізу, әскери қызметті өз жерінде атқару, жұмысшыларды заңмен қорғау, «Алаш» партиясы жұмысшылар туралы социол-демократтардың меньшевиктік тобының бағдарламасын жақтады, Оқудың жалпыға бірдей және ақысыз болуы, жиналыс, сөз, баспасөз еркіндігі, жерді алдымен жергілікті халыққа беру. 1917 ж қараша 1918 ж қаңтар аралығында өткен сайлау қазақ еңбекшілерінің көпшілігі «Алаш» партиясының бағдарламалық талаптарын қолдайтынын көрсетті. Жетісу губерниясында -57,5%, Семей уезінде -85,6%, Торғай, Орал губерниясында -75%. Кеңестік дәуірдегі Коммунистік партияның идеологтары Алаш партиясы мен Алашорда үкіметін буржуазиялық ұлтшылдық қозғалысының көрінісі деп бағалап келді. «Алаш» қазақ халқының нағыз ұлттық демократиялық партиясы болды.

96. 1917 ж. Қазан төңкерісі: мәні мен мазмұны, Қаз-да Кеңес өкіметінің орнатылуы.Уақытша үкіметтің халықтың мәселесін шеше алмауы яғни жұмысшыларға 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу сияқты мәселелерді шешпеуі халық наразылығын одан әрі күшейтті. 1917 ж жазының соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті. Бұл Кеңестердегі большевиктердің ықпалының артуына жағдай жасады. Осындай жағдайда большевиктер партиясы 1917 ж: шілде оқиғасынан кейін алынып тасталған «барлық билік Кеңестерге берілсін» деген ұранды қайта көтерді. Бұл ұран уақытша үкіметті құлатуға, пролетариат диктатурасын орнатуға бағытталды. 1917ж 24 қазанда (6 қараша) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Келесі күні көтерілісшілер қаланың ең маңызды объектілерін басып алды. 1917ж 25 қазанда әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске жетті. Сондай-ақ Қаз.мен іргелес Ташкент, Омбы, Орынбор, Астрахань тәрізді ірі қалаларда Кеңес үкіметінің орнауы Қаз-да да биліктің кеңестердің қолына өтуіне ықпал етті. Алайда, Қазақстанда Кеңес үкіметін орнату төрт айға созылды.1917 ж. соңынан- 1918 ж наурыз. Кеңес үкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевиктердің халыққа бейбітшілік, жұмысшыларға зауыт пен фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық беру жөніндегі уәдесі өз септігін тигізді. Сонда да болса, ауыл селоларда әлі Кеңестер өкіметінің жарлықтарын іске асыруға қарсылық күшті болды. Халық азық түлік тапшылғынан зардап шекті. Кеңес өкіметіне қарсы күштер бас көтерді. Бұлқарсылықтарды басу үшін, жергілікті жерлерде өкімет билігін нығайту қажет болды. Кеңестер өкіметі нығайту жолындағы күресте облыстық және уездік кеңестер съезддері көп рөл атқарды. Кеңес өкіметінің негізгі принциптері маңызды екі құжатта – 1917 ж . 2 қарашада қабылданған «Ресей халықтары құқ.ң Декларациясы» және 1917 ж 20 қарашада жарияланған «Барлық Ресей және Шығыс мұсылман еңбекшілеріне» үндеуінде көрініс тапты.

97. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және оған Мұстафа Шоқайдың қосқан үлесі. РКФСР құрылғаннан кейін елдің Шығысында жаңа автономиялық республикаларды құруға дайындық жұмыстар басталды. Большевиктік ұйымдар, Қаз және Түркістанның Кеңестері кеңестік бүкілказак, бүкілтүркістандық съездерін шақыруға дайындала бастады. 1918 ж. көктемінде еліміздің шығысында Түркістан автономиялық Кеңестің социалистік республикасы құрылды. Оның президенті болып – Мұстафа Шоқай (сталинизм мен кеңес жүйесін сынап еңбектер жазған ірі қоғам қайраткері,1886 -1941жж). Оның құрылуы 1918ж. Сәуірдің 20-нан 1 мамырға дейін Ташкент қаласында өткен Түркістан өлкесі Кеңестерінің V сезъінде іске асты. Қазіргі Қазақстанның оңтүстік аймағы бұрынғы Сырдария және Жетісу облыстары Түркістан автономиясының құрамына кірді.

98. 1917 ж. екініші жалпықазақ съезінің негізгі шешімдерінің мазмұны және оның маңызы. Алашорда үкіметінің құрылуы. 1917 ж. 5-12 желтоқсанда Орынборда өткен Екінші жалпықазақтық съезде қазақ халқының әртүрлі топтарының өкілдерің біріктірді. Төралқа төрағасы Бақтыгерей Құлманов және орынбасарлары Әлихан Бөкейханов, Әзімхан Кенесарин, Халел Досмұхамедов және Омар Қарашев басқарған съезд Қазан төңкерісіне байланысты тез өзгеріп жатқан саяси жағдайдағы «Алаш» партиясының міндеттерін, қазақ автономиясын құру және оның үкіметін қалыптастыру мәселелеріне бірінші кезекте көңіл бөле отырып, қарастырады. «Алаш» облыстарын бүлікшіліктен,анархиядан қорғау мақсатыменуақытша халық кеңесі құрылды. Алашорданың құрамы 25 адам болды,10 орын қырғыз қайсақтар арасындағы орыстар мен басқа халықтарға қалдырылды. Алашорданың уаытша тұратын орны – Семей қаласы. Жас автономия өте күрделі жағдайда қызмет атқарды, Соған қарамастан Далалық өлкенің біраз жерлерінде Алашорда өкіметінің органдары пайда бола бастады. Әсіресе, орталығы Алаш қаласы болып өзгертілген Жаңа Семей қаласындағы Жампиды ауылы болған және Батыстан Торғай бөлімшелері белсенділік танытты. Алашорданың жергілікті органдары өздерін уалаят деп атады. 1919 ж жазы мен күзінде Алашорда ұйымы қызметі құлдырауға ұшырады. Алашорда қозғалысы Қазақстан тарихында маңызды рөл атқарды.

99.Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайы.Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен,адам күштерін барынша жұмылдыру,қалаларды,өнеркәсіп жұмысшыларын,Қызыл Армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету,елде қатаң еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм»саясатын енгізді.Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс,Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғанудың қажеттілігінен туған еді.»Әскери коммунизм» саясаты негізінде азық-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салғырты енгізілді.Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлары астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды,бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді,ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды.Азық-түлік салғыртын енгізу елде астық дайындауға көбейтуге,Қызыл Армияны,жұмысшыларды азық-түлік қамтамасыз етуге,ашаршылықты барынша болдырмауға мүмкіндік берді.»Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді.Жергілікті жерлерде еңбек етуге бұрынғы қанаушы тап өкілдері тартылды.Қазақстанда»әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру,оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді.Бүкіл Ресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды.1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады.Қызыл Армияның Қазақстан жеріндегі ұлттық бөлімдерін құруда Сырдария,Жетісу облыстары,Бөкей Ордасы мен Торғай облысының кеңестік уездері бірсыпыра айтуға тұрарлық ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.

100.”Соғыс коммунизм ”саясатының Қазақстанда іске асырылу ерекшеліктері.Алғашқы күннен Қазревком әрекет-қимылда жүрген армияны азық-түлікпен жабдықтау,астыұты және басқа тамақ өнімдерін Орталыққа,Түркістан АКСР-на жеткізу яғни «соғыс коммунизм »саясатының басты мәселесін шешумен айналысты.Бұл саясаттың мәні-өнеркәсіпт жаппай национализациялау,басшыл ықты орталықтандыру,тіршілік үшін маңызды тауарлардың бәрін бөлу,азық-түлік салғыртын,карточкалық жабдықтау қатынастарын жүйесін,жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігін,еңбеккке бір мөлшерде ақы төлеуді енгізу,тауар-ақша қатынастарын жою болды.Осының ішінде еңбекші халық әсіресе,шаруалар үшін ең ауыры азық-түлік салғырты болды.1919 жылы қаңтарда аастықты дайындау мен бөлу монополиясына азық-түлік салғырты қосылды.Өлкенің адам және материал ресурстарын жұмылдыру экоономикалық әдіске жатпайтын күштеу әдістерімен жүргізілді.Кеңес үкіметі қала халқын және соғысып жатқан қызыл әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін астыұ өнімдерін,мал-мүліктерін қаруланған азық-түлікті отрядтарын жіберіп,халықтан күшпен тартып алып отырды.Сонымен қатар,»әскери коммунизм» саясаты өлкеде жергілікті бюжеттерді жоюдан,оларды бірыңғай мемлекеттік бюжетке қосудан,біртұтас қазына құрудан,ұсақ және майда өнеркәсіпті мемлекет меншігіне алудан көрінді.

101.Қазақ АКСР-ның құрылуы және оның құрамына қазақ жерлерінің біріктірілуінің барысы және оның қиыншылықтары. Заман талабы қазақ халқының Ұлттық Кеңес Мемлекеттігін құруын қажет етті. Жүзеге асыруға тиісті шаралар : 1. Халықтың бұрынғы территориялық тұтастығын қалпына келтіру. 2. Қазақ жерлерін бір республика құрамына біріктіру. Қырғыз әскери – революциялық комитеті жанынан арнаулы комиссия құрылып, болашақ республиканың шекарасын белгілеумен айналысты. Бұл өзгерістер кезінде әр түрлі көзқарастар туындады. Кейбіреулер Қазақстанға Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсы шықты, басқалары, керісінше, қазақ жерлерін ғана емес, сонымен қатар республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін және т. б. қосуды да талап етті. Орынборды Қазақстан құрамына енгізу маңызды мәселе болды. 1919 жылғы қыркүйектің 19–ында губерниялық комитет Орынбордың Қазақстанға қосылуы туралы шешім қабылдады, ал 1920 жылғы шілденің 7 – ісінде Орынбор қаласы Республика құрамына енгізіліп, тұңғыш астанасы (1920 1924 жж.) болды. 1924 – 1929 жж. астана – Ақмешіт (Қызылорда). 1929 жылдан астана – Алматы. Батыс Сібірге еніп келген Ақмола және Семей облыстарын Қазақстан құрамына енгізу оңай болған жоқ, оған Сібір ревкомның кейбір мүшелері қарсы шықты. 1920 жылдың екінші жартысында олар Қазақстанмен шекараны белгілеу мәселелерін бес рет қарады. Ақыры 1921 жылы Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан КАКСР – не берілді. 1921 жылы Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын казактар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір халқына қайтарылды. ҚазАКСР құрамына енгізілген аймақтар: Семей облысы – Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері. Ақмола облысы – Атбасар, Ақмола, Көкшетау,Петропавл, уездері және Омбы уезінің бір бөлігі. Торғай облысы – Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уездері. Орал облысы – Орал, Ілбішін, Темір, Атырау уездері, Маңғыстау уезі. Закаспий облысы – Красноводск уезінен 4,5 Адай облыстары. Астрахань облысының бір бөлігі. Бөкей ордасы және Каспий теңізі жағасындағы болыстар. Орта Азияны ұлттық – мемлекеттік жағынан межелеуді және Оңтүстік аймақты республика құрамына қосуды әзірлеу жөнінде қазақ зиялылары ұйымдастыру шараларын жүргізді (1924 ж.). Нәтижесінде; 1) Кеңестік Шығыста ұлт республикалары құрылды. 2) Қазақ жерінің біртұтас Қазақ республикасы болып қалыптасуы аяқталды. Соның нәтижесінде Сырдария облысының Қазалы, Ақмешіт (Қызылорда), Түркістан, Шымкент уездері, Әулиеата уезінің көп бөлігі, Ташкент, Мырзашол уезіндерінің бір бөлігі, Самарқанд облысы, Жизақ уезінің бірнеше болысы, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал (Талдықорған) уездері, Пішпек уезінің бір бөлігі Қазақстанға қарады. Республика аумағы үштен біріндей кеңейіп, 2,7 млн. шаршы шақырымға жетті, ал халқы 1 млн. 468 мың адамға көбейіп, 5 млн. 230 мың адам болды. Қазақтар – 61,3 % - ін құрады (1926 жылғы санақ деректері бойынша). 1925 жылы 15–19 сәуірде Ақмешітте өткен Кеңестердің бүкіл Қазақстандық V съезінде «қырғыз – қазақ» атауы берілді, ал 1936 жылғы 9 ақпанда КАКСР Орталық Атқару Комитеті қаулысымен «қазақтар» атауы берілді. Сөйтіп, қажырлы күреспен келген өзін - өзі билеу құқығы қазақ халқы үшін нақты шындыққа айналды. Республикадағы қоғамдық саяси өмір. Қазақ өлкесінде жаңа экономикалық саясатты жүргізуші Кеңестер (советтер) болды. Алайда Кеңес құрылысында қиыншылықтар мен кемшіліктер де кездесті. 1921 жылы 4 – 10 қазанда Қырғыз (қазақ) АКСР Кеңестерінің II съезі болып өтті. Онда қаралған мәселелер: 1) Республикадағы мемлекеттік және шаруашылық құрылыстардың қорытындылары шығарылды. 2) жергілікті жерлерде Кеңестерді ығайту жолдары белгіленді. 1925 жылы бірінші желтоқсандағы өлкелік V партия конференциясы болды. Партияның беделі өсіп, ауыл тұрғындарын партия қатарына алу ісі өріс алды. Партия мүшелерінің саны артып, 1927 жылғы 1 қаңтарда 16854 адамға жетті. 1932 жылға қарай партия ұйымы негізінен қалыптасып бітті. Бірақ партия жұмысының барлық буындарына әміршіл - әкімшіл әдіс енгізілді. Осы жылдары Қазақстанда жастар қозғалысы өрістеді. 1921 жылы шілдеде Орынбор қаласында жастар ұйымы – Қазақстан комсомолының бірінші съезі өтті. Қазақ комсомолының ұйымдастырушы, тұңғыш төрағасы Ғани Мұратбаев (1902 – 1924 жж.) болды. Ол өмірінің соңғы жылдарында коммунистік жастар интернационалы Шығыс бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті. Ғани Мұратбаев өмірі 23 жасқа аяқ басқанында үзілді. Сондай – ақ Мирасбек Төлепов, Федор Рузаев, Қайсар Тәштитов және т. б. жастар қозғалысының танымал жетекшілері болды. 1921 жылғы қаңтардың 1–інде КОБОС – тың қазақ облыстық бюросы ұйымдастырылды. 1921 жылы қазанда кәсіподақтардың республикалық 1–конференциясы болды. Онда кәсіподақтардың міндеттері белгіленді: 1) жұмысшыларды сақтандыруға, 2) сауатсыздықты жоюға, 3) сенбіліктер ұйымдастыруға, 4) одақ мүшелігіне қазақ пролетариатын тартуға, 5) жұмыс табының ұлттық отрядын қалыптастыруға көңіл бөлінді. Осы жылдары әйелдер қозғалысы кеңінен дамып, көрнекті қоғам қайраткерлері өсіп – жетілді: Н. Құлжанова, Н. Арықова, А. Оразбаева, Ш. Иманбаева, С. Есова т. б. Қазақстанда Кеңес үкіметі нығая түсті.Ауылдық және қалалық Кеңес депутаттарының 6 айлық, Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің 1 жылдық өкілеттік мерзімі белгіленді. Қанаушы элементтер (феодалдар, билер, имамдар, муфтилер, мұсылмандардың діни басқармаларының мүшелері) сайлауға қатыстырылмады. Егер бұрынғы болыс басқарушыларының, билердің ұрпақтары Кеңес үкіметіне адалдық көрсетіп, қоғамдық еңбекке қатысса, оларға сайлау құқығы берілді. Бұқара арсында саяси жұмыс, насихат пен үгіт жүргізу мақсатында қызыл керуен және жылжымалы қызыл отау ұйымдастырылды. Сөйтіп, сайлау барысында рулық сарқыншақтарға рулық және таптық бой көрсетулеріне, патриархаттық – феодалдық қатынастардың қалдықтарына қарсы күрес жүріп жатты. Қалыңмал алуды жою, көп әйел алушылыққа, әмеңгерлікке тыйым салу туралы қаулы кеңінен насихатталды. 1922 жылы 9 мамыр – 12 маусым аралығында Ә. Жангелдин бастаған «Қызыл Керуен» экспедициясы Орынбор – Орск – Торғай – Атбасар – Ақмола – Петропавл – Павлодар – Қарқаралы – Семейге дейін жүріп, 126 митинг өткізіп, 25 пұт әдебиет таратты, Кеңестік декреттерді насихаттап, партияның ұлт саясатын түсіндірді. Кеңестердің іс – қағаздарын қазақ тілінде жүргізуін жолға қойды. 1921 жылғы қаңтар айында Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қырғыз (қазақ) және орыс тілдерін қолдану тәртібі туралы, 1923 жылғы қарашаның 22 – інде «Қырғыз (қазақ ) тілінде іс жүргізуді енгізу туралы декреттер қабылданды. 1927 жылғы мамырдың 17–інде «Қазақ уездің, округтік мекемелерде қазақ тілінде іс жүргізуге біржола көшу», 1928 жылғы қаңтар «Аралас уездік мекемелерде қазақ және орыс тілдерінде қосарлас іс жүргізуді енгізу» жөнінде шаралар белгіленді. 1925 жылы желтоқсанда Бүкілқазақстандық V РК(б)П конференциясы өтті. Онда: ауылды кеңестендіру бағытын жариялап, үкімет органдары ретінде ауылдық кеңестерді нығайту, олардағы бай,жартылай феодалдардың зорлық – зомбылығын жою жөніндегі ұйымдық, идеологиялық шаралар кешенін белгіледі. 1928 жылы республикада жаңадан аудандастыру жүзеге асырылды. Республика 5 буынды – ауыл, село, болыс, уезд, округ, орталық басқару жүйесіне көшірілді. Республика 1 автономиялы облысқа, 13 округ, 192 ауданға бөлінді. Жаңадан аудандастырудыңмаңызы: 1. Кеңес аппаратының халық бұқарасына жақындай түсуіне, халықты кеңестік құрылысқа тартуға көмектесті. 2. Ұлтшылдық егестерді тоқтатты. 3. Рулық ауылдарды жойып, шаруашылық – территориялық Кеңестер құру қажеттігін көрсетті. 1929 жылы Қазақ АКСР – ының астанасы Қызылордадан Алматы қаласына көшірілді. Сонымен бірге, осы жылдары (1921 – 1928 жж.) қоғамда партияға тәуелділік арта түсті. Ф. Голощекин мен оның төңірегіндегілер әміршіл - әкімшіл басшылық стилі мен ойлау әдісін орнықтырды, партиялық – мемлекеттік машинасы «жау бейнесін» ойлап тапты. Т. Рысқұловқа, С. Сейфуллинге, С. Мендешевке, С. Садуақасовқа және т. б. «ұлтшыл» деген айдар тағу нақ сол жылдары тәжірибеге енді. Жеке меншікті, көп укладтылықты, товар айналымын жою, идеологияның экономикадан басым болуы - осының бәрі казармалық социализм негіздерінің орнығуына әкеп соқты.

102. 1921-1922 жж.Жер-су реформасы және оныңнәтижелері.Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды.1921 жылы сәуірде бұрынғы Сібір мен Орал казак әскеріне жіберілген жерді қазақтарға қайтару туралы декрет нәтижесінде Ертіс өңірінен 177 мың десятина жер қайтарылды.Оралдың сол жағалауларынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.1921 ж.Жетісуда жер-су реформасы жүргізілді.Нәтижесінде қазақ,қырғыз,ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды.Сонымен бірге Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру үшін көлемі 1 млн.десятинадан астам жер қоры құрылды.1921-22 жж.аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды.Реформаны жүзеге асыруда қателіктермен асыра сілтеулерге жол берілді.Кей жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айырылды.Қоныс аударышы кедейлер жерден айырылды.Қоныс аударушылар негізінен отаршыл-кулактар қатарына жатқызылып,қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туып отырды.Сөйтіп 1921-22 жылдардағы жер-су реформалары нәтижесінде патша үкіметі алған жер түгел қазақ еңбекшілеріне қайтарылып берілді.Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер реформаларын жүзеге асыру үшін бұқаралық ұйым 1921 жылы «Қосы одағы» құрылды (1930 жылдан «Кедей одағы » атанды).

103.1921-1922 жж. аштықтың себептері мен салдары.Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу барысында көп қиыншылықтар кездесті. 1921 жылы жазда Еділ өзені бойының, Қазақстанның халықтары күшті қуаңшылық болуына байланысты аштыққа ұшырады. Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей және Қостанай губернияларында егістің көбі күйіп кетті. Малға азық болмай, 80 %-і қырылды. Елде аштық басталды. Ашығушылар республика халқының 1/3 бөлігін қамтыды. 1921 жылғы қарашада 1 млн. 508 мың адам ашыққан болса, 1922 жылы наурызда олардың саны 2 млн. 303200 адамға жетті. Маусым айына қарай Семей және Ақмола губернияларының шаруаларынан азық – түлік салығы бойынша 4 млн. пұттан астам астық және 24,5 мың пұт май жинап алынды. Бұл жинап алынған өнімдер ең алдымен елдің пролетарлық орталықтары – Москваға, Петроградқа, Самараға, Казаньға, Саратовқа жіберілді. Соның нәтижесінде «аман–сау» аудандардың халқы ашыға бастады. Кеңес үкіметі Қазақстанның ашыққан халқына көмектесу шараларын бірсыпыра кешігіп қолданды. Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитетінің декретімен республиканың егін шықпаған аудандардың халқы азық – түлік салығынан босатылды. 1922 жылғы егіс көлемінің 80 % жуығына Кеңес үкіметі берген дән себілді. 1921 жылы 14 маусымда «Нақты ет салығы туралы» декрет шығып, қазақтар ет салығынан босатылды. 1922 жылы 4 тамызда Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің қаулысына сәйкес Қазақ АКСР – іне ауылшаруашылық машиналар мен құралдарын сатып алу үшін 25 млн. сом бөлінді. Нақ сол жылы Кеңес үкіметі Қазақстанға егін шықпауынан зардап шеккен шаруалардың мал сатып алуы үшін 21131 мың сом бөлді. 575 балалар үйлері, 9 балалар баспанасы ұйымдастырылып, 18,5 мың баланы РКФСР – ге әкетті. Ашыққандарға Кеңестік Түркістан туысқандық көмек көрсетті. 2 млн. пұт астық жіберді, Республикадан 20 мың ашыққан адам қабылданды. Осындай ауыр жағдайға қарамастан, 1921 жылы 7 қазанда В. И. Лениннің үндеуіне («Сіздерде Арал теңізінде балықтың аулануы жаман емес... Өздеріңіз аулаған балықтың бір бөлігін аштықтан ісінген қарттар мен қарияларға бөліңіздер». Ленин В. И. Шығ. толық жинаған 53- 247 бет) байланысты Арал балықшылары Еділ бойындағы ашыққан халыққа 14 вагон балық жіберді. 1921 – 1922 жылдардағы аштықтың салдары: 1) Демографиялық жағдай нашарлап кетті. Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Торғай губернияларында халық саны 1/3 – ке дейін азайды. 2) 700 мыңнан астам адам республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.

104.Қазақстандағы жаңа экономикалық саясаттың жүргізілу барысы,ерекшеліктері мен нәтижелері. Жаңа экономикалық саясатқа көшу. Шетелдік интервенция мен азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдай елдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Қазақстанның 307 кәсіпорынның 250-і жұмыс істемеді. Қазақстанда мұнай өндіру 4 есе, Қарағанды көмірін өндіру 5 есе қысқарды, ал мыс кенін өндіру мүлде тоқтап қалды. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір орындары және Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты. Өлке халық шаруашылығының жалпы өніміндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы небары 6,3 % болды. Республиканың ауыл шаруашылығы құлдырап кетті. Егіс көлемі Орал губерниясында 2 еседен астам, Жетісуда 3 еседей қысқарды. Мал саны да едәуір азайып, 29,9 млн. – нан 16,3 млн. – ға дейін кеміді. Кеңес үкіметі еңбекшілердің жағдайын жеңілдетуге ұмтылып, 1921 жылдың бас кезінде Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі халыққа азық – түлікті, отынды тегін босату туралы, коммуналдық қызметтерді тегін көрсету туралы, ақысыз асханалар ашу туралы декреттер қабылдады. Алайда, зорлық – зомбылыққа негізделген азық – түлік саясаты сәтсіздікке ұшырады. Күйзелген шаруалар наразылық білдіре бастады. Қостанай, Ақмола, Орал, Семей облыстарында көтеріліс ошақтары пайда болды. 1921 жылы ақпан айында патша армиясының полковнигі Николаев пен Есаул Токарев бастаған 25 мың адамнан тұратын отряды Петропавл қаласында Кеңес үкіметі органдарының үйін қиратты. 1921 жылдың наурызында Орал губерниясының территориясында Сапожников отрядының қаруланған 10 мыңнан астам бүлікшілері әрекет етті. Қарқаралы уезінде 70 – тен астам партия және Кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты. XX ғасырдың 20 жылдың басында ауылдар мен селоларда халық наразылығының ұлғаюының себептері: - Мемлекеттің еңбекші халыққа қолдану саясаты (азық – түлік салғырты); - 1921 – 1922 жылдардағы жаппай ашаршылық; - Мал шаруашылығының ауыр жағдайы; - Егін алқаптарының күрт азаюы. Осы жағдайлардан азық – түлік салғыртының орнына азық – түлік салығын енгізудің қажеттілігі айқындала түсті. 1921 жылдың 8 – 16 наурызда өткен партияның X съезі салғырттан азық – түлік салығына көшудің, жаңа экономикалық саясатқа (НЭП – ке) көшудің қажеттігін негіздеп берді. Жаңа экономикалық саясаттың белгілері: - Азық – түлік салығының енгізілуі. - Сауда еркіндігі. - Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру. - Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту. - Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру. - Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану. Жаңа экономикалық саясаттың мәні – салғыртты салықпен ауыстыру болды. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда (2,5 есе) аз болды. Шаруалардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл – селолардың қалалармен байланысты нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. Орынборда 1921 жылы маусымда өткен облыстық бірінші құрылтай партия конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады. Жаңа экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды. Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы өзгерістер. РК(б)П – ның X съезінен кейін енгізілген азық – түлік салығы біртіндеп жетілдіріле түсті, шаруалар өмірінде оңды жағдай қалыптасты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. 6 және одан кем ірі қарасы бар қожалықтар салықтан босатылды. Көлік салығы мен ақшалай түтін (шаңырақ) салығының орнына біріңғай заттай салық белгіленді. Салық мөлшері азайтылып, 1924 – 1925 жылдары өнімнің 1/8 бөлігі алынса, 1927 – 1928 жылдары өнімнің 1/13 бөлігі алынды, ал 1924 жылғы қаңтардың 1 – нен бастап тек қана салықтың ақшалай формасы енгізілді. Үдемелі салықтың ауыртпалығы кулактар мен байларға түсті. Салықтан жиналған қаражаттар қорғаныс ісіне, Халық ағарту ісіне, ауылшаруашылығына, ірі өнеркәсіпті дамытуға жұмсалды. Осы жылдары құрылған ауылшаруашылық несиесі қоғамы (кредит кооперациясы) көшпелі халыққа жеңілдікті шарттармен 3 -5 жылға несие берді. Мемлекет шаруаларға ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтар сатып алуға несие берді. 1924 – 1925 жылдары республикаға әкелінген 415 тракторды кооперативтер мен коммуналар сатып алды. Несие (кредит) кооперациясы қарызға тұқым беру, салық және басқа да экономикалық реттеу құралдары еңбекші шаруалармен байланысын нығайтуға, өндіргіш күштерді қалпына келтіруге, ауыл мен қыстақ еңбекшілерінің еңбек белсенділігін арттыруға көмектесті. Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері: 1. Күйзелген ауыл шаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 2. Өнеркәсіп қалпына келтірілді. 3. Өркениетті кооператорлар құрылысы (қозғалысы) ел шаруашылығының барлық саласын көтерді. 4. Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді. Сонымен, жаңа экономикалық саясат шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып» саясат болды (1921 1929 жж.).

105.Түркістандағы ұлттық мемлекеттік межелеу . қазақ жерлернің АКСР құрамына біріктірілуі Ұлттық мемлекетке межелеуге жатқызылған республикаларда мәселені талқылау ресми деңгейлерде жалғасты. Мәмелен, Бұхар халықтың кеңестік республикасы кеңестерінің 1924 жылғы 19 қыркүйек тегі бесінші құрылтайында: Бұхар халықтарының ерік жігерін білдіре отырып , Түркістан мен Хорезм өзбектері мен бірге өзбек кеңестік Социалистік Республикасын құруға келісім береміз. Құрылтай Өзбекстан мен Түркістанның КСРО құрамына кіру қажеттігін бір ауыздан қолдайды» деген қаулы қабылдады. 10 күнннен кейін Бүкілхорезм кеңестерінің бесінші құрылтайы нақ осындай қаулы қабылдады. Қазақ АКСР нің астанасын Қызылорда қаласына көшіру туралы шешім қабылдады. РКФСР ның үкіметі ҚАКСР нің басшылық органдарын орналастыруға арналған ғимарттар құрылысына 4 млн сом бөлінді. 1925 жылдың 6 сәуірде БОАК төралқасы Орынбор губерниясын ҚазАКСР құрамына шығару туралы қаулы қабылдады. Сөйтіп аумақтық – экономикалық мәселелерді нақтылауды БОАК тің арнаулы комиссиясына тапсырды. Қазақ АКСР і құрамынан бөліп шығарған Орынбор губерниясына оның басым бөлігін орыс халқы құрайтын аудандар мен орал губерниясы Елек уезінің бір бөлігі қарады. Қазақ АКСР нің әкімшілік бөлінісін қайта құру 1925 жылдың бас кезінде аяқталды. Қазақ АКСР ені Адай уезін, Ақтөбе, Ақмола, Орал, Семей, Қостанай, Жетісу,Сырдария губернияларын жіне Қарақалпақ автономиялық облысын біріктірді. Қазақ жерінің қайта бірігуі қоғамды бөлудің таптық принципіне құрылған және күн өткен сайын коммунистік идеология үстем бола түскен кеңестік қазақ мемлекеттігі аясында жүргізілгенімен, ол өңірдің тұрғылықты халықтарының, оның ішінде қазақтардың ұлттық ұлысуының жаңа кезеңіне, олардың мемлекеттігінің кеңестік негізде қалыптасуы мен нығаюына жол ашты.

106.1924 жылғы ұлттық территориялық межелеуден кейін ҚазАКСР – ның құрамына қандай қазақ жерлері кірді Ұлттық және территориялық межелеу нәтижесінде Түркістан АКСР – інің бұрынғы Жетісу және Сырдария облыстарының біраз болігі Қазақ АКСР – інің құрамына өтті. 1924 жылғы қарашадан бастап осы облыстарды басқаруды ҚАКСР – інің кіметі құрған. 1924 жылдың соңы мен 1925 жылдың басы аралығында Қазақ АКСР – іне қосылған жекелеген уездер мен болыстардың шекаралырын нақтылау одан әрі жүргізілді. Қарақалпақ автономиялық облысы кеңестерінің 1925 жылығы ақпанда Төркүде өткен бірінші Құрылтай съезінде Қарақалпақ автономиялық облысының құрылғаны және оның Қазақ АКСР құрамына енгізілгені заңды түрде рәсімделді. Межелеу барысында Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкен уездері, Әулиеата уезінің үлкен бөлігі, бұрынғы Сырдария облысының Ташкент жіне Мырзашөл уездерінің бір бөлігі Қазақстанға өтті. Сонымен қатар ҚАКСР –іне Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал уездері, Пішпек уезнің Гиоргиев, Шу, қаранөкіс болыстыры қосылды

107.ХХғ.20-30 жылдары қазақ зиялыларына қарсы жүргізілген жазалау шаралары.Кеңес өкіметінің өлкедегі әр түрлі айыптау науқаны жаппай саяси қуғын-сүргінге ұласты.Қуғын-сүргінді ұйымдастыру кезеңі 1920 жылдардың аяғы мен 1930 жылдардың ортасы болды.Большевиктердің Алаш зиялыларна қарсы саяси қуғынды бастауының негізгі себебіне тоқталсақ,ол мынандай жағдайға байланысты болды.Большевиктер ірі байларды тәркілеуге байланысты бас көтерулерді ұйымдастырушылар деп қазақ интеллегенциясын айыптап,оларға қарсы шабуылды бастады.Соның нәтижесінде 1928-жылдың аяғында қазақтың ірі ағартушылары,әдебиетшілері,әр түрлі саладағы зиялылары және Алашорда қайраткерлері А.Байтұрсынов,М.Жұмабаев,М.Дулатов,Ж.Аймауытов,Х.Ғаббасов және т.б. барлығы44адам қкғындалып,тұтқындалды.1930 жылдың қыркүйек,қазан айларында ұлттық интеллегенцияның екінші бір тобы (40-қа жуық адам),құрамында Х.және Ж.Досмұхамедовтер,М.Тынышпаев,Ж.Ақбаев,Ә.Ермеков және өзгеде зиялы қауым өкілдері бар,тұтқындалды.Көп кешікпей осылардың 15-і Ресейдің Орталық қара топырақты ауданына жер аударылды.Мұндай іс-әрекеттің барлығы большевиктердің өздеріне идеялық жағынан қарсылық көрсете алатын зиялылардан құтылу жолы екендігін байқатады.Сонымен қатар Қазақстан картасында Карлаг деген ерекше тәртіптегі Қарағанды еңбекпен түзету лагері пайда болды.Тоталитарлық тәртіп туындатқан тағы бір лагерь-Алжир деп аталды.Жаппай репрессияға ұшырағандардың отбасыда қуғындалды.Алжир лагерінде осы қуғынға ұшырағандардың әйелдері ұзақ жылдар бойы мерзімдерін өтеп отыруға мәжбүр болды.Кеңес үкіметі жүргізген қуғын-сүргін саясаты нәтижесінде осы қуғынға ұшырағандарды орналастырып,оларды бақылайтын басқару органы ГУЛАГ пйда болды.

108.Ірі-байшаруашылықтарынтәркілеу;саясижәне экономикалық салдыры.1927 жылы желтоқсанда ірі бай шаруашылығын тәркілеу жөнінде әзірлейтін арнайы комиссия құрылды.1928 жылы наурызда Қазақстан Өлкелік комитетінің бюросы ол заң жобасын бірнеше рет қарап,нақтылады.Осы жылдың тамыз айында Өлкелік комитет тәркілеу науқанына тікелей басшылық жасайтын комиссия ұйымдастырды.Комиссияның төрағасы болып Е.Ерназаров тағайындалды.1928 жылдың 27 тамызында Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінде тәркілеу жөніндегі заң жобасы қабылданды.Республиканың барлық аудандарына тәркілеуді жеткізу туралы нұсқау жіберілді.Заң бойынша малы,дүние-мүлкі тәркіленіп,өзі дер аударылуға тиісті ірі байларға;көшпелі аудандарда ірі қараға шаққанда 400-ден астам малы бар,жартылай көшпелі аудандарда 150-ден астам малы барлар және бұрынғы сұлтандар мен хандардың ұрпақтары жатқызылды.Республика көлмінде барлығы 696 бай-феодал тәркіленді.Қазақ қоғамын ірі байлардың көп болмағандығын осы 1928 жыл жүргізілген тәркілеу барысы мен нәтижелері көрсетіп береді.Алдын ала жасалған жоспар бойынша үкімет жоғарыдағы байлардан 225972 бас малды тәркілейміз деп үміттенген еді.Бірақ,үміт ақталмады,барлығы 144474 бас мал ғана тәркіленді;бұл белгіленген жоспардың 64 пайызы ғана .Оның себебі алдын-ала жасалған малдың есебі дұрыс емемс еді.Қазақстан басшылығы кейіннен оны мойындауға мәжбүр болды.Барлық тәркіленген малдың 10,2 пайызы отырықшы аудандардың,83,3 пайызы жартылай көшпелі аудандардан және 6,5 пайызы көшпелі аудандардан еді.Тәркіленген малдың 118919 басы жеке шаруашылықтарға және колхоздарға таратылып берілді.Тәркіленген малдар негізінде жаңадан 292 колхоз құрылды.Көптеген қазақ партия-кеңес қайраткерлері тәркілеуге қарсы шықты.Олар қазақ қоғамының экономикалық деңгейінің төмен екенін,сондықтан да әлеуметтік сілкіністерге бармай,ауқатты шаруа қожалықтарына салық мөлшерін көбейту шаралары арқылы реттеуді ұсынды.Ал болльшевиктер бұған құлақ аспай ,таптық принциптерінен ауытқымай,сол мақсатқа жету жолында күшпен тәркілеу идеясын жүзеге асырды.Қазақ байларын тәркілеу Қазақстандағы күшпен ұжымдастыру саясатының бастамасы болды.

109.Ұжымдастыру жылдары қазақ шаруаларын жаппай отырықшылыққка күштеп көшіру.Нәтижелерә және салдары.Кеңес үкіметі сонымен қатар көшпелі және жартылай көшпелі қазақ қожалықтарын жаппай отырықшылыққа көшіріп,бұрын болмаған әлеуметтік тәжірибеге жол берді.Мұның бірден-бір себебі,астық мәселесін күрделендірген гипердинамикалықиндустриалды даму жоспары болды.Өндірісте істейтін миллиондаған жұмысшылар мен қызметкерлерді тамақпен қамтамасыз ету міндеті тұрды.Ал Қазақстанда астықты аудандарды ұлғайту мәселесі егін егуге қолайлы жерлерді жайлымға пайдаланып отырған көшпелі шаруашылықпен қарама-қайшы келді.Міне,осы кезде көшпелі және жартылай көшпелі қазақ қожалықтарын жаппай отырықшылыққа көшіру жүзеге асырылды және ол ұйымдастыру мен қатар жүрді.Отырықшылыққа көшетін қазақтарды үй мен қамтамасыз ету мәселесі өте қажет және бірінші тұрған міндеп деп санамады.Керісінше олардың өз киіз үйлерін пайдалануға болады деп есептеді.Большевиктер жүргізілген күштеп ұйымдастыру мен солақай отырықшыландыру саясаты қазақ ауылына үлкен соққы болды.Әсіресе,мал шаруашылығы қатты күйзеліске ұшырады.Ұжымдастыру мен отырықшыландыру кезінде дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшелігі есепке алынбай,түгел қауымдастырылған мал шығынға ұшырады.Сонымен қатар,малдың көп бөлігі үкіметтің ет салығын орындауға жұмсалды.Ұжымдастыру саясатының зардаптары қазақ халқының басына үлкен апат әкелді.Күшпен ұжымдастырылған және материалдық жағынан өте әлсіз шаруашылықтар күйзеліске ұшырап,нәтижесінде 1932-33 жылдары халық аштыққа ұшырады.

110.Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары Күштеп ұжымдастыру науқаны кезінде ауылда әлеуметтік жіктеу саясаты өте жоғары қақынмен жүргізілді. КСРО ОАК мен ХКК нің 1930 жылы 1ақпанда қабылданған «жаппай ұжымдастыру аудандарындағы ауыл шаруашылығын социалистік қайта құруды нығайту және кулактармен күрес шаралары туралы» қаулысы негізінде ауқатты шаруа қожалықтарына қарсы ашық террор басталды. Шаруа қожалықтарынан бай кулактардв бөліп алып, оларды тап ретінде жоюжүзеге асырылды. Ұжымдастыру саясатының зардаптары қазақ халқының басына үлкен апат әкелді. Күшпен ұжымдастырылған және материалдық жағынан өте әлсіз шаруашылықтар күйзеліске ұшырап, нәтижесінде 1932-33 жылдары халық аштыққа ұшырады. Сол кездегі мәліметтерге қарағанда аштық жайлаған аудандарда халық баудай түсіп қырылған. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудың осындай зардаптары сталиндік басшылықты біраз сескендірді. 1932 ж. 17 қыркүйекте «Ауыл шаруашылығы туралы» қаулы қабылданып, Қазақстан мал шаруашылығындағы «кемшіліктерді түзеу» бағыты белгіленді. Большевиктер жүргізген күштеп ұжымдастыру мен солақай ұжымдастыру саясаты қазақ ауылына үлкен соққы болды. Әсіресе, мал шаруашылығы қатты күйзеліске ұшырады. Кеңес үкіметінің ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құрұ жолында жүргізілген шаралары тиімді нәтиже бермеді. Керісінше, бұл реформалар шаруалардың еңбекке деген ынтасын жойды. Соған қарамай большевиктер ауыл шаруашылығын социалистік жолмен алға қарац дамыту мақсатында ылғи әртүрлі жаңа шаралар жүргізіп отырды.

111.1929-1931 жж күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістерКүштеп ұжымдастыру саясаты халықтың наразылығын тудырды. Сол жылдары өлке басшыларының Сталинге жазған хаттары қазақ даласында осы наразылықтың өте зор көлем алғанын, Алтайдан Маңғыстауға дейінгі аумақты түгел қамтығанын , бұл туралы Кеңес өкіметі басшыларының хабардар болғанын көрсетеді. Бір ғана 1929 жылдың өзінде Қазақстанда 30 дан астам үлкенді кішілі халық наразылығы болды. Олардың ішінде өте кең көлемде болған көтерілістерге Тақтакөпір, Бостандық, Батпаққара, көтерілістері жатады. 1929 – 1930 жылдыр аралығындағы қыс айларында наразылық өте күшті өршіді. Ол туралы Голощекин Сталинге хабарлауға мәжбүр болды. 1929 – 1931 өлкеде барлығы 372 көтеріліс болып,олрға 80 мыңдай адам қатысты. Большевиктер бұл наразылықтың себебі байлар мен дінбасыларының кеңес үкіметіне қарсы халықты ұйымдастыруынан деп көрсетті. Кеңес үкіметі бұл көтерілістерді әскери күшпен басып жаншыды.

112.1931-1933 жж аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдары Демографиялық салдарына бүкілодақтық халық санағы деректері бірден бір құжат көзі болып келді. Олардың арасындағы қашақтық толық 12 жыл және бір айды құрайды. Халықтың кемуі нақ осы санақтар аралығындағы кезеңде өтті. Егер адамдардың демографиялық кемуінің шыңы 1932-1933 жылдың қысына тура келетінін ескерсек, тиісінше халық санағының ғаламат қысқаруы бірінші санақ өткенне кейінгі шамамен оның алтыншы жылында және екінші санақтың нақ осындай алдыңғы жылында болған. Басқаша айтқанда, қайғылы оқиғаның шыңы екі санақтың дәл ортасына келеді, бұл есепті жан жақты қарастыруға мүмкіндік береді. Сол зұлмат жылдарда Қазақстан өзінің тұрғылықты халқының орны толмас көп бөлігінен, атап айтқанда 2 миллион адамынан айырылды. Осыдан келіп тарихшы-демографтар мынандай қорытынды шығарады, демек аштықтың және сонымен байланысы аурулардың салдарынан аталған жылдары республиканың бүкіл тұрғылықты халқының 1 млн 750 мыңы немесе 42%-ы құрбан болды.

113.Тұрар Рысқұловтың Сталинге хаты «Бесеудің хаты»Ел басына түскен азапты күндер мен қолдан жасалған аштықтан қырылған екі миллион қазақ халқының тағдырын көріп қазақтың Ғабит Мүсірепов бастаған зиялы қауымы Сталинге хат жолдайды. Бұл - «Бесеудің хаты». Бұл хатта қасіретті қолдан жасап отырған Сталиннің теріс саясатын Крайкомның бірінші секретары Голощекин асыра сілтеп қолданған. Қазақ ауылдарын аралаған қазақтың жазушы ұлы Ғабит Мүсірепов және қазақтың біршама зиялылары қолдан жасалған аштықтан қырылған халықтың ауыр жағдайын, Голощекиннің әділетсіз саясатын көрсоқырлығын көріп Сталинге ашына хат жазады. Алайда бұл Сталиннің қолына тимеген еді. Голощекин оларды халықтың жауы деп айыптайды, және партиядан шығарып сотқа беріп ату жазасына кеспекші болады. Сондағы Ғабит Мүсіреповтың айтқан сөзі «атыңдар! Голощекин! Құрамысов! Жантоқов! Біз халық қырылып жатқандықтан атыламыз. Ал сендер халық қайта тіріліп кеткендіктен атыласыңдар. Халық қайта тірілгенде сендер екі дүниеден де орын таппай қаласыңдар. Сендер сияқтылар бұрында болған. Сендер сияқтыларға Данте айтқан «қара бетті аспан қарғап, тамұқта оны қабылдамас». Елім деп еңіреген бұл бесеу – Алтынбеков, Мүсірепов, Ғатауллин, Қуанышев, Дәулетқалиев болатын. Қазақстандағы ауыр жағдайды Сталинге жеткізген Тұрар Рысқұлов еді.

114.Қазақстандағы социолистік индустрияландырудың ерекшеліктері,нәтижелері және олқылықтары.Қазақстанды индустриаланырудың өзіндік ерекшеліктері болды,қиындықтарды жеңу өзгешеліктермен,сондай-ақ табиғи,экономикалық-техникалық қорлар деңгейімен де сипатталады.Бұл ерекшеліктер республиканың бүкіл индустриялық болмыс-келбетінде өз ісін қалдырды ,өнеркәсіпті құрылысты және транспортты дамытудың 20-жылдардың екінші жартысындағы және 30-жылдардағы ғана емес ,сонымен бірге Қазақстанның кеңестік дәуірдегі тарихының кейінгі кезеңдеріндегі де бағыттарын айқындауға ықпал етті .Қазақстанның индустриялық дамуының зерттеліп отырған кезеңіндегі кейбір ерекшеліктерін қарастырайық. 1.)Ол ең алдымен Қазақстанның индустриялық дамуының КСРО бойынша ,сондай-ақ көптегенБасқа республикаларды жеке- жеке алғанлағы тиісті көрсеткіштерді салыстырғанда байқалатын көтеріңкі қарқыны.Егер кеңес одағы бойынша өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1940 жылы 1913 жылғы деңгейге қарағанда 7,7 есе болса Қазақстан бойынша 7,8 есеге жетті. 2.)Индустрияландыру жағдайында Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы негшізінен жаңа құрылыстардың ,қайта құрылған Риддер мен Қарсақбайды қоспағанда тақыр жнрде кәсіпорындар тұрғызу есебінен жүзеге асырылды.Қазақстанда жағдайдың мұндай болу себебі ,Мәскеудегі ,Ленинградтағы,Донбастағы ,Харьковтағы немесе Днепр жағалауларындағы сияқты бүкіл елді индустрияландырудың құралына немесе тірек базасына айналған өнеркәсіпті аудандар мұнда болған жоқ. 3.)Аса ірі өнеркәсіптер-өз заманының соңғы жетістіктері техникасымен жарақтандырылған ,шикізат пен электр қуатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін ,өндірістік процестерді мамандандыру және ірілендіру негізінде өзара байланысты комбинаттар жаңа өнеркәсіптік құрылысқа тән сипатта қалыптасты .Өнім көлемі мен жұмыс күшінің құрамы бойынша сондай-ақ белгілі бір аймақтағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени маңызы жағынан да ерекшеленетін осы комбинаттар қалалардың пайда болуына ықпал етіп ,сол жердегі өнеркәсіп ошақтарының орталықтарына айналды.4.)Индустрияландыру жағдайларында Қазақстанла ауыр өнеркәсіп ,ең алдымен оның көмір мұнай және түсті металдар өндіретін салалары басым дамыды.Бұл салалар одақтық көлемдеБасты мамандандыру арқауына айналып ,бұдан кейінгі кезде де жалпы республика индустриясының үлес салмағын айқындайтын болды. 5.)Жоспарланған жол желілері түгел салынбағанмен, 1928-1940 жылдары республиканың теміржол торабы 50% дерлік өсіп,ұзындығы 6581 км-ге жетті.

115.Қазақтанды индустрияландырудың нәтижелері.Жедел жұмыстар нәтижесінде Орталық ,Шығыс және Батыс Қазақстанда республиканың жаңа ғылыми геологиялық картасы жасалды және елдің барлық аумағы Ұлы Отан соғысы қарсаңында Геологиялық тұрғыда барланды.Кейіннен Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қ.И.Сәтпаев : «Қазақстан геологиялық зерттеулердің аса жоғары тиімділігінің арқасында КСРО–да және дүние жүзінде шикізаттың маңызды түрлерінің сан алуангдығы бойынша жетекші орынға ие.Олардың ішінде қара металдардың (темір,марганец,хром,ванадий)түсті металдардың (мыс.қорғасын,мырыш,кадмий,никель)сирек металдардың(вольфрам,молибден ),бағалы металдардың (алтын,күміс)кендері,жанғыш қазбалар ,минералды тұздар негізгілері болады деп атап өткен болатын.Мұның бәрі Қазақстанды КСРО-ның дамыған аймақтарының өнеркәсібін қажетті шикізатпен қамтамасыз ететін орталыққа айналдырды.Қазақстанды геологиялық знрттеудегі олқылықтар КСРО-ны индустрияландыру жағдайында осылай толықтырылды.Жергілікті ,орталық жоспарлау органдарының кемшін тұстары бірінші бесжылдық жоспарды орындау барысында біртіндеп қалыпқа келтірілді.Геологиялық знрттеулердің жетістіктері олардың негізінде түсті металлургия,мұнай,көмір т.б пайдалы қазба байлықтарының жаңа кен орындарын игеру туралы түскен нақты ұсыныстар ,сондай-ақ ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін жаңа кәсіпорын құрылыстарының салынуы сонымен бірге жоспарлау органдары жинақтаған тәжірибе республика басшылығына жалпы бірінші бесжылдықтың ,әсіресе оның қалған үш жылының жоспарлы тапсырмаларын қайта қарау жөнінде Орталыққа өтініш жасауға мүмкіндік берді.Қазақстан халық шаруашылығының бірінші бес жылдықта дамуы көрсеткішін нақтылау және толтыру жөніндегі ұсыныстар республиканың жаңа астанасы Алматыда өткен VII Бүкілқазақстандық партия крнференциясында (1930 жылдың 30 мамыр 6 маусым ) талқыланып, қорытыланды. Осының бәрін негізге ала отырып, БК (б) П ОК нің Саяси бюросы 1930 жылғы 15 ақпанда Қазақстанның шаруашылық және әлеуметтік мәдени дамуының 1928- 1933 жылдарға арналған бесжылдық жоспарын арнайы қарап, елдің халық комиссариттарына және мемлекеттік жоспарлау комитетіне екі айлық мерзімде бесжылдықтың қалған үш жылына арналған жоспарлы тапсырмаларды белгілеп шығу жөнінде ұсыныс жасады. Қазақ АКСР нің бірінші бесжылдықта шаруашылық және әлеуметтік мәдени дамуының қайта жасалған жоспары КСРО мемлекеттік жоспарлау комитетіне қаралып, еңбек және қорғаныс кеңесі оны мақұлдады, ал 1930 жылғы 1 қыркүйекте оны КСРО Халық Комиссарлары Кеңесті түпкілікті бекітті.

116.ХХ ғ.20-30 жылдардағы мәдени революцияның мазмұны қайшылықтары онда большевиктік тұжырымдамалардың үстемдік алуының салдары.Мектептен тыс білім алу жоқтың қасы болып келген Қазақстанда большевиктердің халықты мәдени байлықтың барлық түрімен етене жақындастыру жәрдеміне дайын екендері туралы мәлімдемесі аса қызу қолдау тапты. Жергілікті интелегенция күштері мен қарапайым адамдар мәдени ағарту мекемелерін құруға шынайы ынта жігермен қызу кірісті. Мәселен 1917 жылы 27 желтоқсанда Ақтөбе уезінің Мартөк кентінле интеллигенция мен шаруалардың күш жігерінің арқасында мәдени ағарту үйірмесі жұмыс істей бастады. 1918 жылдың 1 қаңтарына қарай үйірме мүшелерінің саны 30 адамға жетті. Олар екі секцияға бірікті: 1) оқу ағарту және 2)мәдени ойын сауық секциясы. Үйірме кітапханалар ашып, спектакльдер қойды. 1920 жылы Қостанай уезі оқу ағарту қызметкерлерінің съезі «әр мектептің жанынан оқу үйлерін ашуды қажет» деп тапты. Отырықшы емес халықтардың, атап айтқанда қазақтардың арасында мәдени көпшілік және идеологиялық жұмыстар жүргізу ушін қызыл отаулар, жылжымылы кітапханалар, кино қондырғылармен «қызыл керуендер» кеңінен пайдаланылды. Олар ауылдан ауылға көшіп жүріп, мәдени саяси іс шараларды халыққа медициналық қызмет көрсетумен, орталық және республикалық биліктердің түрлі шешімдерін орындауларын тексерумен ұштастырып отырды. Мәдени саяси ағарту жүйесінің қызметі әрқашан идеологияландырылған сипатта болды.Рас 20-жылдардың орта шеніне дейін шығармашылық еркіндік ойын ашық айтудың кейбір көріністері байқалды.Мәселен ,1921 ж республиканың көптеген аймақтарын ашаршылық жайлаған кезде мәдениет ошақтары өздерінің шамалары мен мүмкіндіктеріне қарай аш адамдарды құтқару үшін күресті.Атап айтқанда Бас саяси ағарту кеңесінің күш жігерімен «аштық» көрмелері ұйымдастырылды.Көрмелер Ташкент теміржол желісі бойынша жасалған Қыррост суреттерінен құрастырылды.Көркем плакаттар ашаршылық ауқымын кеңінен бейнеледі . Бір көрме ІХ Бүкілресейлік Кеңестер (желтоқсан,1921ж)Мәскеуде көрсетіліп ол ең толық және сәтті шыққан деп атап өтілді,съезден кейін Германияға жіберілді. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында ғылыми –зерттеу жұмыстарын мемлекеттік реттеуді және ғылым кадрларын бір орталыққа топтастыруды Қаз КСР-інің Қырревкомы мен Халық ағарту комиссариаты жүзеге асырып келді.Мәселен 1919 ж Орынбор РГО бөлімінде жұмыс тәжірибесін қалыптастырған өлкетанушылардың бір тобы Қазақ әскери комиссариаты штабы тарихи –статистикалық бөлімінің жанынан тарих .этнография ж2не жаратылыстану –география секцияларын ұйымдастырды.

117 . ХХ ғ 20-30 жылдарындағы сауатсыздықпен күрес .Халыққа білім беру жүйесінің қалыптасуы.1917 ж Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда жаппай сауатсыздықты жою мен халық ағарту ісін дамыту мәдени өзгерістердің басты бағыты болды. БОАК-ты4 1918 ж 16 0азанда5ы «Бірыңғай еңбек мектебі туралы»Ережесі ,РКФСР Халық ағарту комиссариатының 1918 ж 31қазандағы «Ұлттық азшылық мектептері туралы»қаулысы ,В.И.Ленин 1919 ж 26 желтоқсанда қол қойған «РКФСР халы0тары арасындағы сауатсыздықты жою»туралы декреті осы шараға мемлекеттік сипат берді.1920 жергілікті халық ағарту бөлімдерінің жанынан сауатсыздықты жою жөніндегі төтенше комиссиялар құрыла бастады ,олар хат танымайтындардың есебін алуды ұйымдастыру ,оқу құралджарын шығарумен айналысты.1920-1921 жылдары сауатсыздықты жою бойынша 2412 қызыл отау жұмыс істеп,онда 72232 адам сауатын ашты.1930 ж27 тамызда республика ОАК және ХКК қаулысымен жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқу енгізілді.Көшпелі халық тұратын мекендерде 8жастағы балалар үшін жалпыға міндетті бастауыш оқу 1931 ж көктемде басталды.Бастауыш мектеп курсынан өтпеген есейген балаларды (11-ден 15 жаска дейін) оқыту жеделдетілген оқу түрінде :екі жылдық және бір жылдық мекткп курстарда жүзеге асырылды.ҚАКСР ХКК жанында Жалпыға міндетті бастауыш оқу жөніндегі комитет жұмыс істеді.Осындай комитетер жер-жерлерде құрылды .Жалпыға міндетті оқуды қамқорлығына алған комсомол мектеп үй-жайларын жөндеуді ұйымдастырып ,балаларды аяқ-киіммен ,киім-кешекпен ,ыстық тамақпен қамтамасыз етудің қамын жасады.Сенбіліктер мен жексеніліктер өткізіліп мәдени күштер педагогикалық жұмысқа жұмылдырылды,жалпыға міндетті оқу барысына тексерулер жүргізілді .Оқулықтар мен әдістемелік әдебиет шығарудың ауқымы кеңейді.Халық ағарту жұмсалатын қаржы мөлшері арта түсті.Кеңес үкімет3нің ширек ғасырының ішінде Қазақстандағы Халық ағарту саласының жүйесі сапалық тұрғыда қалыптасты.Сан жағынан да ,сонымен қатар халықты қамту жағынан да республиканың оқу орындары революцияға дейінгі кезеңнің көрсеткіштерінен бірнеше есе асып түсті.Мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелердің ,кәсіптік –техникалық мектептердің ФЗУ мектептердің ,фабрика-зауыт жетіжылдық мектептерінің желісін құру да халық ағарту саласының қол жеткен табысы болып саналады.

118.ХХ ғ 20-30 жылдары ғылым ошақтарының пайда болуы.Ғылым кадрларының қалыптаса бастауы.Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында ғылыми зерттеу жұмыстарын мемлекеттік реттеуді жәнеМен халық ағарту коммесариаты жүзеге асырып келді.Мәселен 1919жылы Орынбор РГО болімінде жұмыс тәжірибесін қалыптастырган өлкетанушылардын бір тобы Қазақ әскери комиссариаты штабы тарихи статистикалық бөлімінің жанынан тарих этнография жаратылыстану география сексияларын ұйымдастырды.20-шы жылдарда белгілі тарихшы А.П.Чулошников атап корсеткендей тарихи статистикалы0 бөлімнін міндетіне өлкені әскер саи тұрғыда зерделеу ғана емес сонымен бірге ғылыми жолмен алынған деректерді дәрістер мақалалар түріндетарату үшін жан жақты зерттеу де кірді.Халық ағарту комиссариаты құрылғаннан кейін ғылыми мәселелерімен онын ғылыми комиссиасы айналысты.Орынбор РГО бөлімінің қызмет аясы да кеңейді.Бұрынғы сексияларға қосымша археологиялық секция қосылды.Қысқа мерзімнің ішінде тарих секциясы Орынбор РГОекция бөлімінің бұрынғы мұрағаттық комиссиясынын мұражайында материалдарын тәртіпке келтірді. Археологиялық секция 150-ге жуык обаларды ашты солардын кеибіреулеріне қазу жұмысы жүргізілді.Этнографиялық секция қазақ ою өрнектерінің үлгілерін жинаумен айналысып бірқатар қазақ ертегілерін хатқа түсірді.Жаратылыстану география секциясынын экспедициясы Бердянка озенін зерттеді.Жинақталған тәжірибе мен ғылыми ізденістер ауқымының ұлғаюы арқасында 1920 жбұрын жұмыс істеп тұрған 4секцияның негізінде Қазақстанды зерттеу қоғамы құрылды.Сол жылы ғылыми –педагогикалық және физика-медициналық қоғамдар да жұмыстарын бастады .1921күзде Халық ағарту комиссариатының Академиялық орталығы болып өзгертілді.1921ж Орталық өлкелік мұрағат құру республиканың ғылыми өміріндегі елеулі құбылыс болды.20-жылдарда ең алғашқы мекемелер Денсаулық сақтау Халық комиссариаты мен Жер шаруашылығы Халық комиссариатының жүйесінде құрылды.Мәселен ,1922 ж ҚАКСР Денсаулық сақтау Халық комиссариатының жанынан химиялық-бактереологиялық ғылыми-зерттеу институты ашылды.1924-1926жылдарда ҚАКСР Жер шаруашылығы Халық Комиссариатының жанынан өлкелік өсімдік қорғау станциясы,ветеринарлық-бактериологиялық институт,тыңайтқыштар,агротопырақ зерттеу институты ұйымдастырылды.1930ж КСРО Жер шаруашылығы Халық Комиссариаты мен В.И.Ленин атындағы Ауыл шаруашылығы ғылымдарының академиясы (ВАСХНИЛ)қой және бордақы мал өсіру ғылыми-зерттеу институтын ашуды ұсынды.119.ХХ ғ 20-30 жылдары әдебиет пен өнердің дамуы20-жылдардағы қазақ ғалымының дамуында өлкетану бағыттылығы мен гуманитарлық зерттеулердің басымдылығы оның өзіндік ерекшеліктері саналды.Барлық ғылыми бөлімшелердің ішінде Қазақстанды зерттеу қоғамы ерекше белсенділік танытты.Б3р жа5ынан тарих ,әдебиет, тіл, өнер саласында іргелі еңбектер жарық көрсе ,екінші жағынан техникалық және жаратылыстану ғылымдары бойынша зерттеулер туралы ауыз толтырып айтарлық ештеңе жоқ еді .1920-1924 жылдардың ішінде ғана Қазақстанды зерттеу қоғамы жеті жинақ шығарып ,қоғам мүшелерінің саны 38-ден 80 адамға дейін жетті .Сол қоғамның қызметінің арқасында М.Дулатовтын,А.Ф.Рязановтың ,М.Тынышбаевтың,А.П.Чулошниковтың еңбектер жарияланды,осы еңбектер бүгінгі күнге дейін өз мазмұны мен маңызын жойған жоқ.Қазақстанды зерттеу қоғамының белсенді көмегімен 1925 ж шыққан А.Затаевичтің «Қазақ халқының 100 әні» кітабы халықаралық деңгейде танылды.Әдебиеттану мен тіл білімінің қалыптасуына А.Байтұрсынов аса мол үлес қосты .1926 және 1928 жшыққан

119.ХХ ғ 20-30 жылдары әдебиет пен өнердің дамуы20-жылдардағы қазақ ғалымының дамуында өлкетану бағыттылығы мен гуманитарлық зерттеулердің басымдылығы оның өзіндік ерекшеліктері саналды.Барлық ғылыми бөлімшелердің ішінде Қазақстанды зерттеу қоғамы ерекше белсенділік танытты.Б3р жа5ынан тарих ,әдебиет, тіл, өнер саласында іргелі еңбектер жарық көрсе ,екінші жағынан техникалық және жаратылыстану ғылымдары бойынша зерттеулер туралы ауыз толтырып айтарлық ештеңе жоқ еді .1920-1924 жылдардың ішінде ғана Қазақстанды зерттеу қоғамы жеті жинақ шығарып ,қоғам мүшелерінің саны 38-ден 80 адамға дейін жетті .Сол қоғамның қызметінің арқасында М.Дулатовтын,А.Ф.Рязановтың ,М.Тынышбаевтың,А.П.Чулошниковтың еңбектер жарияланды,осы еңбектер бүгінгі күнге дейін өз мазмұны мен маңызын жойған жоқ.Қазақстанды зерттеу қоғамының белсенді көмегімен 1925 ж шыққан А.Затаевичтің «Қазақ халқының 100 әні» кітабы халықаралық деңгейде танылды.Әдебиеттану мен тіл білімінің қалыптасуына А.Байтұрсынов аса мол үлес қосты .1926 және 1928 жшыққан

120.1937-1938жж Казакстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары Сталиндік кезеңдегі жаппай саяси қуғын сүргін елге үлкен нәубет әкелді НКВД және ГУЛАГ қапастарында ешқандай жазығы жоқ миллиондаған адамдар опат болды. Республиканың партия және кеңес басшы қызметкерлері түгелге жуық қуғын сүргінге ұшырады. 1937-1938жылдарда жазаланған «национал –фашистер» аталатындардың істері айғақтағандай Н.И.Ежов пен оның жандайшаптары оларға жала жабуда пәлендей бас қатырмады .Түрлі топтарға қатысқандардың ,ұлтжанды азаматтардың бұрынғы істері көтерілді,солардың қатарына кезінде республиканың мүдделерін қорғаған қазақ халқының 1931-1933 жылдарда жаппай кырылуына ашык ашық наразылық тудырған адамдар да жатқызылды .Маңызын асырып көрсету үшін РКФСР ХКК Төрағасының орынбасары Т.Рысқұлов ,КСРО БОАК хатшысының орынбасары Н.Нұрмақов ,Қазақ КСРОАК ТӨРАҒАСЫ Ұ.Құлымбетов бастаған «национал –фашистердің» «Қазақстанды КСРО –ДАН бөлуге және оны Жапонияның протектаратына беруге әрекет жасағандары»туралы болжам ойдан шығарылды және оларға жапон-герман ты4шылары деген жала жабылды. 1937-1938жылдарда осындай айыптаулардың негізінде Қазақстанның барлық көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері-Т.Рысқұлов ,Н.Нұрмақов ,С.Қожанов ,Ж.Сәдуақасов С.Сафарбеков А.Кенжин және басқалары жазаға тартылды .Қазақстанның ғылыми мен мәдениеті де орны толмас шығынға ұшырады.Ә.Бөкейханов ,А.Байтұрсынов ,М.Дулатов ,Х.Досмухамедов,М.Тынышбаев,М.Жумабаев,С.Сейфуллин ,Б.Майлин,С.Асфендияров,М.Жолдыбаев,Ж.Шанин,Т.Шонанов,К.Кеменгеров және т.б. қуғын сургінгіннің құрбандары болды.8.Республика өмірін соғыс салабына сай қайта құруЕң алдымен басқару органдарының ұйымдық құрылымына өзгерістер енгізілді.ҚазКСР ХККжәне облыстардың жанынан жұмыс күшін бөлу жөніндегі бюро ,эвакуацияланған халықты шаруашылыққа орналастыру (кейбір облыстарда төтенше комиссиялар аталды),әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін мемлекеттік қамтамасыз ету және тұрмыстық жайғастыру ,әскери тапсырмалар және эвакуацияланған жабдықты құрастыру жөніндегі бөлімдер ұйымдастырылды.1944 жылы еңбекшілер депутаттарының аудандық қалалық және облыстық кеңестердің атқарушы комитеттерінің жанынан көп балалы және жалғыз ілікті аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар бойынша бөлімдер құрылды. Соғыс жағдайларында Кеңестердің атқарушылық –өкілдік функциялары күшейді.Жұмыспен қамтылмаған еңбекке жарамды адамдарды жұмылдыру ,автомобиль-ат көлігі міндеттілігін енгізу туралы міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдау кеңінен пайдаланылды .Қалаларда тұратын халық та аэродромдарды тазалау ,өндірілген отынды тасу сияқты жұмыстарға тартылды.1941 жылы күзде Кеңестер аткомдары барлық еңбекшілердің оқу және ӘШХҚ НОРМАЛАРЫН тапсыру мерзімдерін белгіледі.Мұрағаттардың жұмысы Кеңестердің айрықша бақылауына алынды.Кеңестер аткомдары санитарлық –профилактикалық ісшаралардың кешенін жасады,соның ішінде қалаларды абаттандыру ,елді мекендердің санитарлық жай- күйін жақсарту шаралары бар.Жергілікті Кеңестер азаматтары есепке алумен оларғатұрғын үй берудің жан басына шаққандағы азайтылған санитарлық нормасы енгізілді.Қызыл әскерлердің ,қызыл флотшылардың ,эвакуацияланғандардың ,әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінің шағымдары кеңестердің және солардың басшыларының ерекше бақылауында болды.

122-124.Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының майдандарындағы ерен ерліктері Ұлы Отан майдандарындағы Қазақстандық батырлардың ерлік істері. Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан экономикасы әскери бағытқа көшірілді(милитарландырылды). Оралда жедел байланыс торабы жасалып, оның Атырау, Астрахань, Орынбор, Куйбышев желілері тартылды. Атырауда әскери теңіз базасы жасалды.Соғыстың 1-ші күнінен-ақ Қазақстан оның арсеналдарының біріне айналды. Қарағанды шахтерлері ерен еңбек етті. 4 жыл ішінде олар 34 млн. тонна көмір шығарды, бұл бассейннің өмір бойы шығарғанынан 3 млн. тонна артық еді. Орал-Ембі мұнайлы ауданының кәсіпорындары сұйық отын шығаруды 39%-ке арттырды, электр қуатын өндіру 2 есе дерлік өсті. Республика мыс(35 %), қорғасын(85%) өндірудегі жетекші орнын сақтап қалды. Шығыс Қоңырат молибден, Жезді марганец, Донск хромит кеніштері, Ақшатау молибден-вольфрам, Текелі полиметалл комбинаттары салынды. Осылардың арқасында Қазақстан молибденнің одақтық көлемінің 60%, металл висмутының 65%, полиметалл рудаларының 79% берді.1941-1945 жж. барлығы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шахта және жеке өндірістер салынды. Бұлардың қатарына көшіріп әкелінген, оның ішінде металл өңдейтін және машина жасайтын зауыттар қосылды, олар миналар, снарядтар, торпедо, радиостанциялар және басқа қарулар мен әскери техникалар шығарды. Қазақстан индустриясының жалпы өнімінде металл өңдеу мен машина жасау саласының үлесі 1940 ж. 16-дан 1945 ж. 35%-ға дейін өсті. Жалпы алғанда республикада өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37%-ке өсті, бұл соғыстың алдыңғы 4 жылдағы өсімінен 2% жоғары.Тіпті құрғақшылық болған 1943 ж. өзінде Ақтөбе обл. «Құрман» колхозының звено жетекшісі Ш.Берсиев тарының гектарынан 202 ц. өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасады. Қызылорда обл. «Авангард» колхозының звено жетекшісі Ы.Жақаев күріштің гектарынан 172 ц. өнім алып, дәл осындай табысқа жетті. Қаскелең ауданы 3 интернационал колхозының звено жетекшісі М.Мұхамедиева қызылшаның гектарынан 600 ц. өнім алды.Мал өсірушілер де күш-жігерін аяған жоқ. Жезқазған ауданы Амангелді атындағы колхоздың шопаны Ж.Мұқашев жыл сайын 100 қойдан 180-ге дейін қозы алып, аман өсіріп келді. Атырау обл. «Жаңа талап» колхозының жылқышысы Ш.Шұғаипова 1000-нан астам жылқыны шығынсыз бағып келді. Соғыс кезіндегі 1-ші қыста қары жұқа шөлейтті өңірлерде 2,1 млн. мал бағылды (24%), ал онан кейінгі жылдары 4,4 млн. мал (46%) бағылды. Қазақстан колхозшыларының малы 1940 ж-дан 1943 ж. дейін 2,5 есе өскен.Соғыс жағдайында қажетті ең аз күш пен қаржы жұмсау арқылы денсаулық сақтау, халыққа білім беру және мәдениет пен ғылым мекемелерінің жүйесі сақталып және тіпті дамытылды. Барлық типтегі мектеп жүйесі өзгерген жоқ, бірақ оқушылар саны, әсіресе, ауылдық жерлерде азайды. 118 техникумнан 92-сі сақталды, бірақ оқушылар саны 389 адамға қысқарды.Мәдениет мекемелері азырақ сақталып қалды. Көпшілік кітапханалар 2 еседен астам қысқарды, кітап қоры үштің біріндей азайды. Театрлардың саны бұрынғы күйінде қалды. Ресей және Украина өнер қайраткерлерінің арқасында, әсіресе кинематографияда елеулі сапалық өсу байқалды. Соғыс жылдары Қазақстан ғылымы қарқынды дамыды. Геолог ғалымдар жемісті жұмыс істеді, олар пайдалы қазбалардың 500-дей кенішін ашты және 150 кенішті зерттеді. 1941-1945 жж. республикада 12 ғылыми институт және олардың филиалдары ашылды, ғылыми қызметкерлердің саны 152-ден 864 адамға дейін өсті.Қазақстанның қару-жарақ жасауға өткізілген барлық соғыс заемдарының және ақшалай-заттай лотореялардың құнын есептегенде республика халқының майдае қажетіне ерікті үлесі 4700 млн. сом болды, бұл соғыстың 2 жетілік тікелей әскери шығынын өтеуге жететін еді.Республикада халықтан 2,5 млн. жылы киім, оның ішінде 11,5 мың шолақ тон, 312 мың пар киіз байпақ түсті. 1943ж. ғана Қазақстан өз ресурстарынан Ресейдің Краснодар және Ставрополь өлкелеріне, Украинаның шығыс обл-рына 2700 трактор, 123 комбайн, 880 сеялка, 2500 соқа және көп мал, азық-түлік, киім жіберді.Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында. 1945 ж. 22-маусымда, түнгі сағат 4-тер шамасында Германия опасыздықпен КСРО-ға хабарсыз соғыс ашты. Қазақстандықтар соғыстың алғашқы минутында батыс шекарада жаумен шайқасқа қатысқандардың арасында да, Берлинде Рейхстаг үйіне шабуыл жасағандардың арасында да бар еді. Әскер қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір 5-ші адам майданға аттанды. Еңбек әскері құрылып, Қазақ КСР-нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941-1945 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді.КСРО-ның жау қолында қалған аудандарында соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ партизандар қозғалысы пайда болды. Оған қазақстандықтар да қатысты. Ленинград облысында 220, Смоленск жерінде 270-тен астам, Украина мен Белоруссияда 3000-дай қазақстандық болды. 300-дей қазқстандық қарсыласу қозғалысына қатысты.Республикаға И.С.Арискиннің, А.Жұмағалиевтің, К.Ғ.Омаровтың, З.У.Хұсановтың есімдері кеңінен мәлім болды. Олар жолдарды бүлдірді, басқыншылардың гарнизондарына жазалау операцияларын жүргізген кезде күтпеген жерден шабуылдап, батыл қимылдар жасады. Қазақстандық саяси қызметкерлер Г. Акмолинский, Т.Жангельдин, Ж.Саин, Б.Оразбаев және басқалар партизандар мен тұрғын халық арасында үлкен жұмыс жүргізді. Г.Ахмедьяров, Қ.Қайсенов, Н.А.Морозов, С.А.Олексенко, С.О.Төлешев, В.И.Шаруда партизан отрядтары мен құрамаларының командирлері болды.Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 11600 адамға Кеңес Одағының батыры атағы берілді, олардың 497-і қазақстандық, соның 97-і қазақ. Қазақстандықтардың ішінен 1-ші болып, 1941 ж. 22-шілдеде Кеңес Одағының батыры атағы 19-танк дивизиясының командирі генерал-майор К.А.Семенченкоға берілді, ең соңында (1990 ж. 11-желтоқсанда) мұндай атақ панфиловшы, аға лейтенант Б.Момышұлына берілді, ол 1941 ж. Мәскеу түбіндегі ұрыстарда өз батальонымен жау қоршауын 3 рет бұзып шықты. Соғысты Б.Момышұлы полковник атағымен, 9-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Ерекше ерлік көрсеткен 4 жауынгер: ұщқыш-штурмовиктер Т.Бигельдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов және ұшқыш-истребитель С.Д.Луганский (37 жау ұшағын құлатқан) Кеңес Одағының батыры атағын 2 рет алды. Батырлардың қатарында пулеметші М.Мәметованың, мерген Ә.Молдағұлованың, атқыштар - С.Баймағамбетовтың, С.Лұтфұллиннің, Мин Сен Юрдың, зеңбірекшілер – С.Мүткеновтың, Н.К.Новиковтың, брон бұзушы П.К. Миллердің, минеметші Қ.Сыпатаевтың, атты әскер М.Қатаевтың, сапер П.И.Гончардың, торпеда катерінің командирі Б.П.Ущевтің, атқыштар дивизиясының командирі Ғ.Б.Сафиуллиннің есімдері бар. 110 қазақстандық Даңқ орденінің 3 дәрежесіне де ие болды.1941 ж. маусымдағы шайқасқа Литваның Шауляй қаласының оңтүстігіне таман 219-атқыштар полкі қатысты, бұл полк 1919 ж. қазанда Қостанайда Қызыл Әскер қатарына өз еркімен келген шаруалардан жасақталған болатын.312-Ақтөбелік дивизия Малоярославь түбінде жаудың үш-төрт дивизиясына қарсы бір жеті бойы қасарысқан қорғаныс ұрысын жүргізді. Жаңа 53-дивизия құрылып, өз жеңісін Вена түбінде аяқтады. 102-Шымкенттік дивизия Украинаның солтүстік-шығысында қорғаныс шебін ұстап тұрды. Панфиловшы 1075-атқыштар полкі 8-ротасының саяси жетекшісі П.Б.Вихрев бастаған 14 жауынгер жаудың 5 танкісі мен 2 взвод жаяу әскерін жойды. Жалғыз қалған саяси жетекші гранатамен 2 танкіні жойып, өзін-өзі атып қаза тапты. П.Б.Вихревке Батыр атағы берілді. Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. Ленинград шайқасында ерекше ерлік көрсеткен қазақстандықтар: Балтық флотындағы «Киров» Қызыл Тулы крейсерінде 156 қазақстандық шайқасып, ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды. Партия ұйымдастырушысы Сұлтан Баймағамбетов, А.Матросовтың ерлігін қайталап (жау дзодын кеудесімен жауып), Батыр атанды. 372-атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар полкі 5-атқыштар ротасының бөлімше командирі Қойбағаров ұрыста неміс траншеяларына 1-ші болып кіріп, ержүректілік көрсетті. Артилериялық бақылау аэростаттарының дивизион командирі С.Жылқышев батылдығымен ерекше көзге түсті. Ал 1942 жылы Арыстан Ахметов 19 жауынгермен әскери маңызы бар төбені қорғауда ерлік көрсетті. Жаралы болып, ессіз қалған Арыстанды жау әскері қолға түсіріп азапқа салды. Әскери мәлімет ала алмаған жау оның үстіне жанармай құйып өртеді.1943 жылы қаңтарда 900 күнге созылған

123.Қазақстандықтардың ірі шайқастарға қатысуы және Қатарында мыңдаған қазақстандықтар да болған кеңес жауынгерлері Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы қиян-кескі шайқастар жүргізді. 1942 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанда армия қатарына 300 мыңдай, ал соғыс кезінде 1 млн 200 мыңнан артық қазақстандық әскери міндеттілер шақырылды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап барлық жерде әскери құрамалар мен бөлімдер құрыла бастады. 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрамалар құрылды. Фашистермен шайқастарда 328-ші, 310-шы, 312-ші, 314-ші, 316- шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-ші атқыштар дивизиясы, 100-ші және 101-ші ұлттық, 81-ші, 105-ші, 106-шы атты әскер дивизиялары, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадалары, 209- Зайсан, 219-минометтік, 85-ші зениттік, 662-ші, 991-ші, 992-ші авиациялық полктар даңққа бөленді. Көрсеткен ерліктері үшін 316-дивизия 8-гвардиялық дивизия, 328-дивизия 30-гвардиялық дивизия болып, 75-теңіз бригадасы 27-гвардиялық дивизия болып қайта құрылды. Майданға 14,1 мың жүк және жеңіл автокөлік, 1,5 мың шынжыр табан трактор, 110,4 мың жылқы мен 16,2 мың арба жіберілді.Қазақстанда құрылған әскери құрамалардан алғашқылардың бірі болып 312-атқыштар дивизиясы (командирі — полковник А. Ф. Наумов, кейіннен генерал-майор) айқасқа кірісті. 312-дивизиямен бір мезгілде дерлік, солтүстік-батыс бағыттағы майданда Қазақстанда құрылған, генерал-майор И. В. Панфилов басқарған 316-дивизия езінің жауынгерлік жолын бастады. Панфиловшылар Жоғарғы Бас қолбасшының бұйрығымен Мәскеуді қорғау шебіндегі 30 километрлік бөлікке орналасты. Панфиловшылар жаумен күші тең болмаса да 50 жау танкісімен болған шайқаста жеңіп шықты. Бұл тарихи шайқасқа қатынасқан 28 жауынгерге КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Волоколамск ауданында өткен осындай шайқастардың бірінде ержүрек жауынгер, талантты командир, генерал-майор И. В. Панфилов ерлікпен қаза тапты. Оған қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, ал 8-гвардиялық атқыштар дивизиясына (бұрынғы 316-дивизия) генералдың есімі берілді. Мәскеу түбіндегі ұрыстарда қазақ халқының көптеген ұлдары ерлікпен шайқасты. Олардың ішінде Кенес Одағының Батырлары - Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы, Рашид Жанғозин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев, Төлеуғали Елебековтер бар. Мәскеу үшін болған шайқаста полковник Г. П Коротков басқарған 238-атқыштар дивизиясындағы қазақстандық жауынгерлер өздерін даңққа бөледі. Дивизия жауынгерлік Қызыл Ту орденмен марапатталып, табандылығы, ержүректігі мен батырлығы үшін 30-гвардиялық дивизия болып қайта құрылды. Алексин қаласы үшін шайқастарға қазақ халқының аты аңызға айналған батыры Амангелді Имановтың ұлы, қатардағы автоматшы (атқыш) - Рамазан Амангелдиев қатысты.1941 жылы Алматы, Ташкент, Фрунзе (қазіргі Бішкек) т. б. қалалардағы әскери училищелердің курсанттарынан 39-жеке атқыштар бригадасы құрылып, 8-гвардиялық Панфилов дивизиясы тәрізді жауды Мәскеу түбінде талқандап, неміс-фашист басқыншылары басып алған қалаларды азат етті. Жауынгерлік ерлігі мен берік тәртібі үшін 79- атқыштар бригадасы 73-гвардиялық дивизия болып қайта құрылып, оған Сталинградтық дивизия атағы берілді. Еділ үшін болған шайқаста басқа көптеген жауынгерлермен бірге 22-артиллериялық полктық қазақ жауынгерлері де даңққа бөленді. Полк жауынгерлері неміс танкілерін жоюда ерен ерлік көрсетті. 1943 жылы Орал облысынан майданға 24 қазақ қыздары аттанды. Подольск қаласындағы мергендер мектебін бітірген соң, олар Сталинград майданына келді. Ержүрек қазақ қыздарының даңқы бүкіл майданға тарады, олардың ішінде М. Тоқтамысова, Р. Момынова, А. Бекетова, М. Нестеренко, Е. Семенюк т. б. болды.Үш жылдан астам уақытқа созылған Ленинград үшін шайқас елдің бүкіл солтүстік-батыс бөлігін қамтыды. Барлық ұлттардың жауынгерлерімен бірге қазақ жауынгерлері де Ленинградты табан тіреп қорғады. Жаудың қоршауында қалған қалаға Қазақстаннан азық-түлік, қару-жарақ пен әскери құрал-жабдықтар тиелген көптеген эшелондар жіберілді. Ладога көлі аймағындағы алғашқы шайқастардың өзінде-ақ қазақстандық 310-шы, 314-атқыштар дивизиялары ерекше көзге түсті. Қазақстандык жауынгерлер Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, қоршаудағы қаланың «Үлкен жермен» байланысын қамтамасыз етуге, «Өмір жолын» салуға қатысты. Ленинград үшін күрес шежіресінде Әлия Молдағұлованың даңқты есімі мәңгіге қалды. Ержүрек комсомол, мерген қызды III дәрежелі Даңқ орденімен марапаттады, ал қаза тапқаннан кейін 1944 жылы шілдеде оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 24-атқыштар бригадасында қызмет еткен 3. Оңғарбаева да ержүрек жауынгер ретінде көпке танылды. Қазақстан жауынгерлері Балтықтың теңіз шептерін табанды түрде қорғады. Қызыл тулы «Киров» крейсерінде соғыс басталғанға дейін жіберілген 156 қазақстандық ерлігімен көзге түсті. 1942 жылы жаз бен күзде соғыстың шешуші оқиғалары КСРО-ның оңтүстік-шығыс бөлігінде, Еділ мен Дон өзендерінің аралығында болды. Қазақстанда құрылған бөлімшелер Еділдегі шайқасқа да қатысты. Қаһарман-қала Сталинградтың (қазіргі Волгоград) тұрғындарының есінде Қазақстанда жасақталған, полковник Г. Сафиуллин басқарған 38-шы атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің ерліктері жатталып қалды. Сталинград түбіндегі қорғаныс шайқастарында дивизияда мергендік қозғалыс өрістеді. Мыңдаған қазақстандықтар Еділ бойы мен Дон далаларында көрсеткен ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды. Ұшқыш Нүркен Әбдіровке, танкист Тимофей Позолотинге, атқыш Гияз Рамаевқа, минометші Қарсыбай Спатаевқа Кеңес Одағьының Батыры атағы берілді. Көптеген казақстандықтар Курск доғасында шайқасқан Брянск, Орталық, Воронеж және Далалық майдандардағы әскери құрамалар мен бөлімдердің құрамында неміс-фашист әскерлерін талқандауға елеулі үлес қосты. Көрсеткен батырлығы мен ерлігі, үздік әскери қимыл-әрекеттері үшін 73-гвардиялық атқыштар дивизиясының 7 500 солдат, сержанттары мен офицерлері (оның ішінде А. Бельгиннің батальоны да бар) КСРО ордендерімен, медальдарымен марапатталды, 27 жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Днепрден өту шайқастарына қатысқан 73-ші гвардиялық дивизияның 210 жауынгеріне, 72-ші гвардиялық дивизияның 29 жауынгеріне, 8-ші гвардиялық дивизияның 46 жауынгеріне Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Жоғарғы үкімет марапатына ие болғандардың арасында А. Әлімбетов, Ж. Сүлейменов, С. Жақсығұлов, Қ. Шәкенов, С. Шәкіров, А. Петров, В. Бреусов, Т. Вербицкийлер болды. 1943 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан еңбекшілеріне жазған хатында 25-гвардиялық атқыштар корпусының командирі былай деген: «Днепрдегі ұлы шайқаста қазақ халқының ұлдары жауға өздерінің біздің Отан-анамызға деген ыстық махаббатын тағы да көрсетті, олардың тамырларында халық батыры Амангелдінің батырлық қанының суымағанын танытты. Днепр жағалаулары мен Днепрден өту кезіндегі шайқастарда қазақтар көрсеткен ерліктердің бәрін санап бітпейсің».

125)ХХ ғасырдың 30-40 жылдардағы Қазақстанға қоныс аударушылар.ХХ ғ.30-40 жж.Кеңестер Одағындағы саяси жағдай мен аз ұлттарға қатысты партия мен үкімет қаулылары,шешімдері басты ерекшеліктері,алғы шарттары және мақсат міндеттері айқындалып баға берілді. XX ғасырдың 30 жж Қазақстанға қоныстанған аз ұлттар мен этностардың жағдайы мен тарихына байланысты болды. Қазақстанға қоныстанған аз ұлттардың әлеуметтік мәдени жағдайы және халық шаруашылығына қосқан үлесі жан жақты қарастырылды. 1917 ж дейін және одан кейінгі жылдары Қазақстан саяси дер аударылғандардың мекені болды. ХХ ғ басында патша үкіметі қазақ жерін толықтай өз меншігіне айналдыру үшін славян ұлттары көбірек қоныстандыруға тырысты. Үкімет біріншіден, қазақ жеріндегі пайдалы қазба көздерін уысында ұстауда республика көп ұлтты мекенге айналдырудың үлкен мәні барын есепке алса, екіншіден бұл өлке түрлі сынақ жүргізуге аса қолайлы еді. Қазақстан саяси жағынан алғанда кеңес жүйесіне тигізетіндерді жер аударуға аса қолайлы мекен болды. Сондықтан Кеңес үкіметі шекара маңындағы халықтарды ішке яғни қазақ жеіне әкеліп орналастыра бастады. 1926жылғы сынақ нәтижесіне сүйенсек, Қазақстандағы халықтың жалпы саны 6299,9 адам болып оның ішінде 3627,6 жергілікті қазақтарды құрады.30 жылдың соңына қарай Қазақстанға қуғынға ұшыраған ұлттарды жаппай зорлап қоныс аудару кең өріс алды. Қазақстан территориясының ең алғаш болып қоныс аударылған ұлттың бірі Поляктар болды. Олар Украина тер-нда шекараға жақын жердегі аудандарда қонстанған еді. Сталиндік қуғын-сүргін салдарынан осы поляк ұлты көбірек тұратын аудандар жойылды. 1936 ж бастап Украина шекаралық аймақтарынан қоныс аударылатын 35820 поляк ұлт өкілдерінің 99% Қазақстанға жіберіліп, солт.өңірлерге орналастырылды. ХІХ ғасырдағы Ресей патшалығын Сібір өңіріне қоныс аударған поляк революционерлері мен ХХ ғасырдың басында Польша корольдігіндегі экономикалық дағдарыстарға байланысты аударған поляктар осылар еді. КСРО территориясына поляктардың екінші толқыны 1939 ж басталды. Тұтастай алғанда КСРО-ның батыс аймағынан қазақ даласына жер аударылғандардың саны 190000 адам болған. Соғыс қарсаңына қарай Қазақстанда 102000 қоныс аударылған поляктар болған.Ал күштеп қоныс аударылғандарға келетін болсақ, ол халықтардың бірі корей ұлты. Корейлер негізінде Қиыр Шығысқа ХІХ ғ 60ж қоныстана бастады. Қоныс аудару барысында Грузиядан көшіріліп әкелінген түріктер Алматы,Жамбыл,Қызылорда,Талдықорған және ОҚО облыстарына орналастырылған. Соғыстан кейінгі жылдары да Қазақстанға өзге ұлттарды қоныстандыру толастамады. 1948 ж басында республикамызға шешен-ингуш,қарашай,балқар,неміс,қалмақ және т.б. ұлттардың 781170 адамдық 216802 отбасы қоныстанған. Ал 50 ж кеңестік үкімет қоныс аударылғандарды республикаға көшіру жұмыстарын жалғастырып, оларды орналастыру жайындағы жоғарғы үкіметтің нұсқауларын бұлжытпай орындады. Негізінде ХХ ғ 30-50 жж аралығында Қазақстанға 1560 адам қоныстандырылды және Қазақстанға қоныс ауып келгендерді тізгіндеп ұстау үшін белгілі бір ереже қажет еді.

126.Қазақстан-майдан арсеналы.1942 жылдың орта шеніне қарай халық шаруашылығын соғыс жағдайына бейімдеп,қайта құру негізінен аяқталды.Соғыс кезінде күрделі қаржы жұмсалымдары күрт өзгерді.Қазақстанның халық шаруашылығына соғыс кезеңінде 6174,5 млн рубль салынды.Жаңа жүйе енгізілді шахтёрлердің еңбектерінің төлемі кесімді сыйлық ақылы болатын болды.Көмір өндірісінің технологиясы жақсартуға КСРО ҒА ның Сібірдің,Оралдың.Қазақстанның ресурстарын ел қорғанысының мұқтажына жұмылдыру бастымасы үлкен көмек көрсетті. Қазақстанның мұнай өнеркәсібі майданды және тылды мұнай өнімдерін жабдықтауда,әсіресе майдан шебі Еділ мен Кавказға жақындап,Баку мұнайының елдің орталық бөлігіне тікелей шығуы уақытша кесілген кезде елеулі рөл атқарды. Мақат-Қосшағыл темір жол құрылысын Петровский атындағы машина жасау зауытының екінші кезегін мұнай құбырларын салуды аяқтау.Доссор.Құлсары.Гурьев электр стансалары қуатының өсуі республикалық мұнай өнеркәсібінің материалдық-техникалық базасын айтарлықтай нығайтты.Соның нәтижесінде Қазақстан мұнайшылары соғыс жылдарында 43172 мың тонна «сұйық алтын»өндіріп,майдан мен тылдың қажеттіліктерін біршама қанағаттандырды.Әскери-соғыс өндірісін дамытуға республиканың қорғасын-мырыш өнеркәсібінің жұмысшылары мен инженерлік-техникалық қызметкерлері қомақты үлес косты.Алтын өндіретін өнекәсіпте дами бастады.Соғыстың аяғына қарай респуликада 50 жуық алтын кеіштері пайдалануға дайындалды.Никельдің де өндірісі құлаш жайды.Соғыс жылдарында республикада эвакуацияланған машина жасау және металл өңдеу зауыттары мен цехтарының негізінде машина жасау және металл өңдеу өнеркәсібі құрылды.Соғыс уақытындағы қиын жағдайға қарамастан ұзындығы 71 км-лік Ульба СЭС-і – Өскемен 110 киловольтті электр желісі салынып іске қосылды. Соның нәтижесінде облыс орталығы энегия мен тұрақты жабдықталатын болды.Ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің еңбек жағдайлары мен міндеттері курт өзгерді.Кадрлар туралы мәселе ең курделі болып шықты:әскерге кеткен қазақстандықтардың жалпы санының шамамен 2\3 бөлігі ауылдар мен селоларда тұратын еңбек адамдары еді.Армияға және азат етілген аудандарға жук тасымалдауға байланысты ауыл тұрғындары еңбегінің энергиямен жарақталуы төмендеді.Оның үстіне қосалқы бөлшектер,жанар-жағармай жетіспеді.Жеңіске тезірек жету үшін еңбекті ұтымды ұйымдастыру формаларына ұмтылыс тудырды.Тіпті 1943 ж.құрғақшылықта да,шаруашылықтар егілген тұқымнан аспайтын егін жинаған кезде, Ақтөбе облысы «Құрман» колхозының звено жетекшісі Ш.Берсиев тары шығымдылығының дуние жузілік рекордын жасады.Қызылорда облысының «Авангард» колхозының звено жетекшісі Ы.Жақаев куріш өсіруде рекордтық көрсеткішке жетті.Соғыс жылдарында ауыл шаруашылығы курделі жағдайларда дамыды.Ең алдымен оны басқарудағы еңбекті ұйымдастыру мен еңбекақы төлеудегі куш қолдану әдістері өз әсерін тигізді.Еңбектің аса ауыр болғанын да ескеру керек.

126.Қазақстан - майдан арсеналы 1941-1945 жылдары республика бұрынғы КСРО-дағы қорғасын (85%), мыс (35%) қорыту, полиметалл және мыс рудаларын өндіру жөніндегі жетекші орнын сақтап қалды. Барланған кен орындарының негізінде металл өндіру, байыту мен қорыту кәсіпорындары салынды (Шығыс Қоңырат молибден, Жезді марганец, Донской хромит кеніштері (рудниктері), Ақшатау молибден-вольфрам, Текелі полиметалл, Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты т. б.). Осының арқасында Қазақстан одақтағы молибден мен марганец рудаларының 60%-ын, висмуттың 65%-ын, полиметалл рудалары мен қорғасынның 80%-ға жуығын өндірді. Соғыс кезіндегі он оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілген қорғасыннан құйылды. Соғыс қызып тұрған кезде республика қара металлургиясының «тұңғышы» - Ақтөбе ферроқорытпалар зауыты іске қосылды,ал 1943 жылы Қазақ (Қарағанды) металлургиялық зауыты алғашқы 200 тонна көлеміндегі жоғары сапалы болат қорытып шығарды, бұл көрсеткіш 1945 жылы 4,6 мың тоннаға жетті.Соғыс жылдарында республиканың қара металлургиясы ойдағыдай дамыды. Донбасты фашистер басып алғанда Қарағанды көмір кеніші соғысқа қажетті отынның 65 пайызын өндірген. Қарағанды шахтерлері төрт жыл ішінде 34 млн тонна көмір қазды. Елімізде соғыс жылдарында 19 жаңа шахта, жылдық қуаты алты миллион тонналық үш көмір разрезі салынып, пайдалануға берілді. Өлкеде көмір өндіру 1940 жылғы 6,6 млн тоннадан 1944 жылы 11,2 млн тоннаға жетті. Осы жылдары 4 жаңа мұнай кәсіпшілігі ашылды. Атырауда мұнай айыратын зауыт салынды. Соғыстың 4 жылында алдыңғы жылдармен салыстырғанда 887,9 мың тонна мұнай жөнелтілген. Ал республика жеңіл өнеркәсіп өнімдері бойынша одақта РКФСР-ден кейін екінші орынға шықты. Қызыл Армия жауынгерлерін киім-кешекпен, азық-түлікпен қамтамасыз етуде республиканың жеңіл және тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары қыруар жұмыстар атқарды. Ер-азаматтары майданға алынып, бар ауыртпалық егде адамдардың, әйелдер мен балалардың мойнына түсті. Олардың еңбегінің арқасында соғыс жылдары Қазақстан колхоздары мен совхоздары елімізге 56 млн пұт астық, 733,9 мың тонна ет, 1142 мың тонна сүт, 62,4 мың тонна жүн өткізді. Тары өсірудің шебері Шығанақ Берсиев (әр гектардан 202 центнер), атақты күрішшілер Ы. Жақаев, Ким Ман Сам, дәнді дақылдардан мол өнім алғандар М. Сатыбалдина, А. Дацкова, Н. Алпысбаевалардың ерен еңбектерін атап өтуімізге болады. Қазақстан еңбекшілері өздерінің жеке қаражатынан майдан қорына 4,7 млн сом ақша, 2 млн дана жылы киім, 1600 вагон сыйлық жөнелтті. Қару-жарақ, көлік, киім-кешек, азық-түлікті майданға жылдам жеткізу мақсатында қысқа мерзімде Қандыағаш-Орск, Жамбыл- Шолақтау, Талдыкорған-Текелі темір жол желілері тартылды. Соның нәтижесінде шикізат көздері өнеркәсіп ошақтарымен жалғасты. 1942 жылы Алматыда құрылысы басталған вагон жөндеу зауыты соғыстың соңына таман пайдалануға берілді. Құрылыстың қарқын алуына орай Теміртау, Текелі, Жезді, Шығыс Қоңырат, Ақшатау, Макин секілді жаңа қалалар мен жұмысшы поселкелері бой кетерді. Қазакстандағы қалалар саны 5-ке, поселкелер саны - 35-ке өсті.Соғыстың соңғы жылдарында Қазақстан Республикасы еңбеккерлері фашизмнен зардап шеккен 48 аудан мен 12 қаланы қамқорлыққа алды. Қазақстан мұнайының да маңызы аз болған жоқ. Жұмыс істеп тұрған «Эмбімұнай» тресіне 4 жаңа мұнай кәсіпшілігі, ондаған бұрғылау скважиналары қосылды. Гурьев мұнай өңдеу зауыты жұмыс істей бастады. Соғыс жылдары республика мұнай өндіруді 40%-ға дейін арттырды. Жұмыс істеп тұрған электрстанциялар жүйесі Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарындағы энергетиканың жаңа ірі және орташа нысандарымен толықты. Соғыс жылдары жалпы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шахталар мен жеке өндіріс орындары, оның ішінде 300-дей эвакуацияланған кәсіпорындар салынды. Темір жол құрылысы жалғасты. 1942-1943 жылдары Мақат-Орск, Ақмола-Магнитогорск желісінің құрылысы аяқталды.Республикада танкілер мен ұшақтар жасау үшін ақша жинау қозғалысы жүргізілді. 1941 жылы күзде БЛКЖО (Бүкілодактық Лениндік Коммунистік Жастар Одағы) атындағы танк колоннасын құруға қаржы жинау басталды. Қазақтың белгілі балуаны, әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасов жеке қаражатынан қорға 100 мың сом өткізді. Нәтижесінде 1942 жылы армия қазақстандық комсомолдардан 45 жаңа таңк алды. 1942-1943 жылдары халықтан жиналған қаржыға 10 танк колоннасы, бірнеше авиация эскадрильясы, торпедалық катерлер мен жеке ұшақтар жасалды. Соғыс жылдары Қазақстан халқы әскери техника жасауға 480,3 млн сом қаржы қосты. Елдің корғаныс қабілеті армияны киім-кешек, азық-түлікпен жабдықтаумен де анықталды. Соғыс мұқтаждықтарын қанағаттандыруға женіл және тамақ өнеркәсібінің өндіріс орындары да бейімделді. Жеңіл өнеркәсіпте тігін, тоқыма, тері, аяқ киім салалары жылдам дамыды. 1941 жылы Алматыда тігін-тоқыма және тері-былғары фабрикалары, майдан үшін жұмыс істей бастаған фурнитура зауыты іске қосылды. 1943 жылдын басында республиканың жеңіл өнеркәсібі өнім өндіру көлемі жағынан бұрынғы КСРО-да Ресейден кейінгі екінші орынға шықты. 1945 жылы 1940 жылмен салыстырғанда шұлық бұйымдарын өндіру - 11,3 есе; мақта-мата - 7,4 есе, тоқыма бұйымдары - 4 есе, жүн мата - 2 есе, былғары аяқ киім өндіру 1,3 есе өсті. Соғыс жылдары 500-дей дивизия солдаттардың жазғы киім-кешегімен, 70 дивизия - шинельдермен, 67 дивизия — қысқы аяқ киіммен, 59 дивизия - жылы киімдермен, 25 дивизия — шолақ тондармен қамтамасыз етілді. Соғыс кезіндегі дивизиялардағы әскер саны 10000 адамға жеткенін ескерсек, тауарлардың келтірілген тізімі бойынша қандай мөлшерде өнім дайындалғанын есептеп алу қиын емес. Бүтіндей алғанда республика енеркәсібі өндірісі соғыс жылдары 37%-ға өсті. Бұл нәтижелерге үлкен қажырлы еңбектің арқасында қол жеткізілді. Республика индустриясының одан арғы дамуы, оның жаңа салаларының, әсіресе жетекші салаларының пайда болуы Қазақстанды майданның қуатты арсеналына, маңызды экономикалық аудандардың біріне айналдырды. 1942 жылдың орта шеніне қарай халық шаруашылығын соғыс жағдайына бейімдеп,қайта құру негізінен аяқталды. Соғыс кезінде күрделі қаржы жұмсалымдары күрт өзгерді.Қазақстанның халық шаруашылығына соғыс кезеңінде 6174,5 млн рубль салынды. Жаңа жүйе енгізілді шахтёрлердің еңбектерінің төлемі кесімді сыйлық ақылы болатын болды.Көмір өндірісінің технологиясы жақсартуға КСРО ҒА ның Сібірдің,Оралдың.Қазақстанның ресурстарын ел қорғанысының мұқтажына жұмылдыру бастымасы үлкен көмек көрсетті. Қазақстанның мұнай өнеркәсібі майданды және тылды мұнай өнімдерін жабдықтауда,әсіресе майдан шебі Еділ мен Кавказға жақындап,Баку мұнайының елдің орталық бөлігіне тікелей шығуы уақытша кесілген кезде елеулі рөл атқарды. Мақат-Қосшағыл темір жол құрылысын Петровский атындағы машина жасау зауытының екінші кезегін мұнай құбырларын салуды аяқтау.Доссор.Құлсары.Гурьев электр стансалары қуатының өсуі республикалық мұнай өнеркәсібінің материалдық-техникалық базасын айтарлықтай нығайтты.Соның нәтижесінде Қазақстан мұнайшылары соғыс жылдарында 43172 мың тонна «сұйық алтын»өндіріп,майдан мен тылдың қажеттіліктерін біршама қанағаттандырды. Әскери-соғыс өндірісін дамытуға республиканың қорғасын-мырыш өнеркәсібінің жұмысшылары мен инженерлік-техникалық қызметкерлері қомақты үлес косты.Алтын өндіретін өнекәсіпте дами бастады.Соғыстың аяғына қарай респуликада 50 жуық алтын кеіштері пайдалануға дайындалды.Никельдің де өндірісі құлаш жайды. Соғыс жылдарында республикада эвакуацияланған машина жасау және металл өңдеу зауыттары мен цехтарының негізінде машина жасау және металл өңдеу өнеркәсібі құрылды.Соғыс уақытындағы қиын жағдайға қарамастан ұзындығы 71 км-лік Ульба СЭС-і – Өскемен 110 киловольтті электр желісі салынып іске қосылды. Соның нәтижесінде облыс орталығы энегия мен тұрақты жабдықталатын болды. Ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің еңбек жағдайлары мен міндеттері курт өзгерді.Кадрлар туралы мәселе ең курделі болып шықты:әскерге кеткен қазақстандықтардың жалпы санының шамамен 2\3 бөлігі ауылдар мен селоларда тұратын еңбек адамдары еді.Армияға және азат етілген аудандарға жук тасымалдауға байланысты ауыл тұрғындары еңбегінің энергиямен жарақталуы төмендеді.Оның үстіне қосалқы бөлшектер,жанар-жағармай жетіспеді.Жеңіске тезірек жету үшін еңбекті ұтымды ұйымдастыру формаларына ұмтылыс тудырды.Тіпті 1943 ж.құрғақшылықта да,шаруашылықтар егілген тұқымнан аспайтын егін жинаған кезде, Ақтөбе облысы «Құрман» колхозының звено жетекшісі Ш.Берсиев тары шығымдылығының дуние жузілік рекордын жасады.Қызылорда облысының «Авангард» колхозының звено жетекшісі Ы.Жақаев куріш өсіруде рекордтық көрсеткішке жетті.Соғыс жылдарында ауыл шаруашылығы курделі жағдайларда дамыды.Ең алдымен оны басқарудағы еңбекті ұйымдастыру мен еңбекақы төлеудегі куш қолдану әдістері өз әсерін тигізді.Еңбектің аса ауыр болғанын да ескеру керек.

127.Қазқстанның-соғыстан кейінгі жыл ғы 1946-1964 жылдардағы қоғамдық саяси өмірі Соғыстан кейін Әкіммшіл-әміршіл басқарудың әдістеріне қоғам санасына дұрыстығына сенім туғызды. 40-50 жылдары әміршіл-әкімшіл жүйе нығая түсті:•Адам бостандығын аяққа таптау.•Еңбекшілерді еңбек құрралдарынан ажырату.•Еңбекшілерді саясаттан және биліктен ажырату.•Жеке басқа табыну үстемдігі.Мына жүйені таратып айтсақ халық санасын байлау еді.Комунитсік партияның жетекшілік рөлі артып, қоғамның түрлі салаларына араласты. 40-50 жылдары Сталинизм идеологиясы күшейді.1939 жылы партияның XVIII съезінде Сиалиндік қағиданы жоспарлау комитетінін басшысы Н.А Вознесенский патия стратегиясының басшылығына алатын болып жариялады.20 жыл ішнде халыққа комунизмнің басы басталатынын тұжырымдады.Комунизм түсінігі Еуропа ғалымдары түсіндіруі боцынша Комунизм утопистік идея еді.Комунизмге өтудің нағыз ғылыми ойы болмады.Керісінше көз байлаушылыққа айналды.Себептері:•Ғылымға жат , тұрпайы пікірлермен алмастырылды.•Ел өндірісі статистика тек сандық көрсеткіштерге ұмтылды.50 жылдарда нақты комунизм өмірі көрінбегендіктен Сталин екінші ойды тұжырымдады: «Социялизм дамыған сайын – тап күресі күшейе түседі»«Халық жауларына» , «социялизм жауларына» қарсы әрекеттер үздіксіз жүргізіліп отырды. Соғыста тұтқынға түскендер қашқын болып есептеліп, өндірстегі апаттар кәсіби төмен мамандарды «халық жауларының» әрекеттері саналып, жазықсыз құрбандарға айналып отырды. Әсіресе осы жағыдай Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырданды ұзақ күн » шығармасында орын алды.50 жылдары «жылымық жылдарында » бірнеше ажғымды әрекеттер болды:•1953 КОКП-ның съезінде Қуғын-сүргіннің ұйымдастырушысы, авантурист Л.П. Берия қамуға алынды.Комунстік партия қатарынан шығарылды.•1956 жылы Н.С. Хрушщев КОКП-нің XX съезінгде «жеке басқа табыну және оның зардаптары » баяндамасы жарияланды.Баяндама Хрущевтың өзінің әрекеттерін жасырып, Молотов, Каганович,Ворошиловиы қорғады.Баяндама халыққа жарияланбады.Тек 35 жылдан кейін «Известия » газетінде баяндаманы ң толық мәтіні жарияланды.Хрущевтың бастауымен 1953-1955 жылдары ГУЛАГ жойылып, ондағылар азат етілді.Қорғамды басқару формасы «жоғарыдан төменге » принципіне сүйенді.Ендігі жерде «халық жауы » орнына «өзгеше ойлайтындар» айыбы тағылды. Шығыс Қазқстанның қарапаиым мұғалімі М. Елікбаев Хрущевқа Қазақстанның қазіргі хал ахуалы туралы хат жазады. 1957 жылы Елікбаев партия қатарынан шығарылып,жындыханаға жатқызылады. КСРО бойынша «өзгеше ойлайтындар » саны 90000 ға жетті.50 жылдарда прогресшіл бастамалардың іске аспау себептері:Саясатты жүзеге асырудың ғылыми негізі болмауы.Хрущевтан бастап Кеңес басшылығының білімі мен саяси мәдениетінің төмен болуы.Хлықтың санасының жоғарлатуына ұмтылмауы.Шаруашылықты әміршіл төрешіл жүйесі , жергілікті жағдайлармен есептеспей , жоғарыдан жоспарлап , аппарат тарапынан бұйрық беру, “әскери коммунизм ” кезеңінің азық түлік салғыртын енгізуі , еңбекшілерді өндіріс құралдарынан , еңбек өнімнің нәтижесінен шектеу . Ауыл еңбеккерлері заң жүзінде колхоздарға телініп , олардың еңбегі басыбайлық сипатта болды . 1953 жылы қыркүйекте КОКП ның ОК пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап , оның даму болашағын анықтады . Азық түлік тапшылығын шешу , астық өндіруді арттыру мақсатындва тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды . 1954 жылғы қаңтар Қ-н компартиясының VII съезінде КОКП бірінші хатшысы Ж. Шаяхметов қызметінен босатылды . Бірінші хатшылыққа П.К Пономоренко , екінші хатшылыққа Л.И Брежнев отырды . 1954 жылғы қаңтар- наурыз - КОКП ОК Пленумы “Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру , тың және тыңайған жерлерді игеру туралы ” қаулы қабылдады.Тың жерлер игерілетін аймақтар : Қ-н , Сібір, Урал , Солт. Кавказ , Еділ бойы.Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар : Қостанай , Ақмола , Солт. Қазақстан , Көкшетау , Торғай , Павлодар облыстары . Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп , оларға көптеген жеңілдіктер жасады.Ғалымдардың тың жерлерде осынша кең көлемде көп игеруі табиғатқа үлкен зиян келтіруі мүмкін деген болжамдары шындыққа айналды. Тың игерілген аймақтарда қазақ мектептері жабылып , қазақ халқының өз тілін ұмытуына әкеп соқтырды. Мал шығыны көбейді . Осыған байланысты 1955 жылы қаңтарда КОКП ОК Пленумы мал шаруашылығының ауыр жағдайын талдады . Сол бойынша малды бағып күтудің жаңа шаралары енгізілді . Нәтижесінде мал шаруаылығы деңгейі көтерілді Мал түқымы асылдандырылды . МТС тер жойылды. 1957-58 жылдары колхоз совхоздағы мал санын көбейту үшін тұрғындар меншігіндегі малды ала бастады . Бірақ бұл реформа да халықты азық түлікпен толық қамтамасыз етуді шеше алмады. Экологиялық-географиялық болжам жасауы қазіргі деңгейі бойынша табиғи ортаға ауқымды антропогендік аймақтық және глобалды тұрғыда әсер етудің нәтижесін алдын-ала болжау қиын,алайда кудік туғызбайтын бір нәрсе мұндай әсер жер биосферасы жекелеген компоненттерінің деградациясын туғызады.Тарихи қалыптасқан тұрақты алмасу мен жалпы сапалық қайта тулеудің тепе-келер теңдігін бұзады.Ал экономикалық пайдалылығына келер болсақ,статистика ондай есеп жургізбегендіктен мәселенің ол жағын айқын елестету қиын.Аңызға айналған Қазақстан милиард пұт астығының экономикалық көрсеткішінің шынайы құны қандай екенін ешкім біле алмайтын шығар.

128. «Бекмаханов ісі» -КСРО-дағы қоғамдық-саяси жағдайдың көрінісі.Жас талантты тарихшы Ермұхан Бекмаханов «Қазақ КСР і тарихын» даярлау үстінде жұмыс істеп жатқан ғалымдардың интернационалдық ұжымының мүшесі еді,бұдан А.П.Кучкин ,А.М.Панкратова,Б.Д.Греков,Н.М.Дружинин және басқа көрнекті Кеңес тарихшылары кірген.1943 жылы маусымда кітап жарыққа шықты.Е.Бекмахановтың «XІХ ғасырдың 20-40 ж.ж Қазақстан» деген монографиясында айтылған оның көзқарастары буржуазияшыл ұлтшылдардың концепцияларының дамытылған турі саяси зиянды деп жарияланды.1950 ж. «Правда» газеті «Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік лениндіктұрғыдан жазу үшін»деген мақаласында Е.Бекмахановтың кітабын айыптадық 40-жылдары және 50-жылдардың басында «Бекмахановтың ісі» жалғыз болмады.Респуликаның көрнекті қоғамтану ғалымдары А.Жұбанов,Х.Жубанов,Б.Сулейменов,Е.Сымайылов талатты жазушы Ю.О.Добробский осы сияқты танылған саяси айыптарымен жазаланды. Әбішов,аманжолов,Бекқожин,бегалин және басқа белгілі ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық ұлтшылдық қателіктер жіберді деп дәлелсіз айыпталды. қудалауға ұшыраған қазақ ССР Ғылым академиясының президенті Қ.Сатпаев аса көрнекті жазушы әрі ғалым М.Әуезов Қазақстаннан Мәскеуге кетіп қалуға мәжбүр болды.космополиттер айыптлған бірсыпыра ғалым биологтарды республиканың ғылыми мекемелерімен жоғары оқу орындарының кафедраларынын қуылды. Соғыстан кейінгі жылдары пісіп жетіліп келе жатқан қоғамда өзгеріс қажет деген түсінікті әкмшілік жүие идиологиялық қудалау сипатындағы бірсыпыра шаралардың көмегімен шебер тұншықтырып тастады.Бірақ 40 жылдардың ортасындағы және 50 жылдардың басындағы рухани коніл күй тұншықтырылғанымен жойылмаған еді. Елдегі демократиялық қайта құру процесі неғұрлым қарқынды жүре бастады.Бірақ И.В.Стсалиннің өлімі ол құрған әкімшілдік жүйенің күйреуі емес еді.Мыңдаған сотталған адамдар бұрынғыша лагерлерде отырды,ал адам құқының аяққа басылуына Сталиннің өзі сияқты қатысы болған көптеген саяси қайраткерлер жоғары үкімет орындарында отыра берді.Респуликаның қоғамдықөміріне тың және тыңайған жерлерді игерудің қарсаңында кадрлар өзгертілді.Қазақстан Компартиясының бірінші секретары болып П.К. Пономаренко,секретары болып Л.И.Брежнев сайланды.Ж.Шаяхметовты орнынан алу Қазақстан партия ұйымының,коммунистердің пікірі сұралмастан,Кремльде шешілді.

130. Қаз-да білім мен ғылымның дамуы .1946-1964 ж1947ж қарашада «Қазақ КСР-де жоғары және орта білімді бұрынғыдан әрі жетілдіру шаралары туралы» қаулы қабылданып, нәтижесінде, оқу орындарының құрылысына және материалдық-техникалық негізін жақсартуға қаражат бөлінді,Республикаға орталықтан мамандар жіберілді, жергілікті жастарды орталықтағы ЖОО түсуге көбірек жіберді. 60мыңнан астам маман даярланды,мектептерге қаражат көбірек бөлінді.1946ж 85.6млн. сом,1950ж146.5млн. сом. Интернаттар жүйесі қалыптасып, 1950ж40мың бала оқыды.1950ж білім беру жүйесінде маңызды шаралар жүзеге асты:міндетті түрде білім алуға және обл. орталықтарында, өнеркәсіпті қалаларда он жылдық білім алуға көшу, кешкі және сырттай оқитын мектептер ашу. Бірақ кемшіліктері де болды:оқу бөлмелері жетпеді, оқулықтар жетпеді, оқушылар аз болды.»1950ж 9088мектепте 1млн.493 мың оқушы оқыды.1947 М.Әуезовтың “Абай”романының 2-ші кітабы аяқталды.1949ж Әуезовке бірінші дәрежелі сыйлық берілді.Догмалық түсініктерге негізделеген қатаң идеологиялық қыспаққа алу қоғамның рухани өмірінің барлық саласына қысым жасады.қоғамдық ғылымдар партия ком-ң бақылауында болды.1946ж 14тамыз БКП Орталық Коммитетінің «Звезда», «Ленинград» журналдары туралы қаулысы шықты.1947наурыз Қаз-н Компартиясы ОК-нің «Тарихты, әдебиетті, өнерді зерттеуде орын алған саяси қателіктер мен ұлтшылдық бұрмалаушылықтарға қарсы күресті өрістету туралы Қаулысы қабылданды.1947ж 21қаңтар «Қазақ КСР Ғылым Академиясының тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы»қаулы шықты. Қазақстанда Бекмаханов ісі ұйымдастырылды.1951ж 10 сәуірде «Бекмахановтың буржуазияшыл-ұлтшыл көзқарасын айыптау туралы Қаулы»қабылданды.1954ж ақпанда академик Панкратованың тікелей көмегі нәтижесінде іс қайта қаралып, ақталып шықты. Қазақ зиялылары қатарынан ұлтшылдар мен байшылдарды іздеу науқаны басталды:Әуезов, Сәтбаев, Жұмалиев, Мұқанов, Ы.Смайылов, Домбровский, Бекхожин, Бегалин т.б. Билогия, медицина, геология саласындағы ғалымдарға «космополит» айыбы тағылып, қызмет орындарынан қуылды.1946ж маусымда Қазақ КСР Ғылым Академиясы құрылды,тұңғыш президенті Қ.И.Сәтбаев.1946-49 жылдары Академияның ғылыми зертеу мекемелері өндіріске негізу үшін 900ден астам ұсыныс жасады. 1950ж соңы Академия жүйесінде 50ғылыми зерттеу мекемесі, 16институт,13сектор,2музей,3ботаникалық бақ,8 ғылыми база болды,500-ге жуық аспирант оқыды.

131.Қазақстан Хрущев реформалаары кезеңінде(1956-1964жж.)1956 жылы 14 ақпанда Москвада КОКП-ның ХХ съезі өтіп,онда Сталиннің жеке басына табыну айыпталды.КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.С.Хрушев бастаған коммунистер партиясы партиясы сталиндік диктат үстемдігін әшкерелеп, талдау жасауға тырысты. "Жеке басқа табынушылық және оның салдары» туралы мәселе 25 ақпанда съездің жабық мәжілісінде көтеріліп, съезд өткен соң, жарты жылдан кейін, 30 маусымында «Жеке басқа табынушылық зардаптарын жою» жөнінде қаулы қабылданды. Тарихта «жылымық» деп аталып жүрген 1954-1964 жылдары біршама басшылықтың ұжымдық принцптері енгізіліп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі бәсеңси бастады.Қоғамдағы кеңес және қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама өсті. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама ой еркіндігін туғызады.Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерьлерден босатылып,партияның кейбір көрнекті қайреткерлері ақталды. 1930-1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, 1953-1956 жылдары партия қатарынан шығарылған 5456 адам, ұлы Отан соғысы жылдары жау басып алған территорияларда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сатбаев,М.Әуезов еліне оралды. К.Бекқожин, С.Мұханов,С.Кенебаев партия қатарына қайтадан алынды. Әйтсе де, Н.С.Хрущев пен оның төңірегіндегілердің Сталиндік тәртіпті сынға алуы үлкен ерлік болғанымен, олар әбден орныққан әміршіл-әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. Әлі де кінәсіз сотталған адамдар түрмелерде қалды.Реснейлік патша өкіметінің отарлау саясатын ақтау мақсатында, Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғандығы кеңінен насихатталып,қазақтардан біріңғай коммунистік ұлт шығаруға бағыт алынды.А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов және т.б. алаш қайраткерлерінің қызметіне саяси әділ баға берілген жоқ. Ұлттық республикалардың егемендігі жоққа шығарылып,эканомика салдарында жалпы бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау және тағы басқа көптеген мәселелер орталықтағы шағын топтың қолында қала берді.фқфайта құрулар соңына дейін жеткізілмеді. Сталиннің өлімінен кейін жасалған іс-әрекеттің жартыкештігінің салдарынан бір жағынан депортацияға ұшыраған башқұрттар, қалмақтар, татарлар,немістер, месхет түріктеріне өз автономиясын қайта құруға әкімшілік-әміршілдік жүйе тиым салды. 1956 жылы 19 желтоқсанда КОКП Орталық Комитеті жергілікті партия ұйымдарына «Партия ұйымдарының бұқара арасындағы саяси жұмысын күшейту және жау элементтердің антисоветтік бас көтеруіне тыйым салу жөнінде» арнаулы жабық хат жолдады. Сөйтіп, тұтқындау науқанының жаңа кезеңі басталды.Саяси тұрғыда басқаша ойлаушылар қоғамның қайшылықтарын ашыұ айтқандары үшін қудаланды.Бір ғана мысал, 1956 белгілі тарихшы Э.Н.Бурджалов «1917 жылғы наурыз-сәуір айларындағы большевиктердің тактикасы» атты мақаласы үшін қызметтен алынып қудаланды.1957 жылдың 3 айында ғана «Советтік шындықты бұрмалағаны үшін» және өткенді қайта қарағаны үшін 100-ден астам адам тұтқындалды. Мұндай келеңсіздіктер 60-шы жылдары да қоғам өмірінен орын алды.1959-1960 жылдары 155 еңбектің жариялануына партия тарапынан тиым салынды.1960 жылы Қазақстан жазушылар одағы республика компартиясының төрағасында С.Торайғыровтың творчествасын қайта қарау туралы ұсыныс жіберді. Екінші жіберілген хатта Шәкәрім творчествасын қайта қарауға рұқсат сұрады. Бұған жауап ретінде республика компартиясы 1961 жылы Қазақстан жазушылар одағының қызметін қанағатсыз деп тауып, ұлт мәселесін көтерушілермен күресті жандандырды.Осы жылдары керісінше орыс тілінің рөлін ұлтаралық тіл ретінде көтеру мәселесі өте маһңызды болды.Коммунистік идеологияны басшылыққа алған Н.С.Хрущев республиканың барлық өміріне тікелей араласты.Қазақстанның оңтүстік аудандары Өзбекстанға берілді.Тың өлкесінде , облыстың өлкелік партия комитеті біріктіріліп,тікелей Мәскеуге бағындырылды.Ақмола-Целиноградқа,Батыс Қазақстан-Орал облысына айналды.Ұлт саясатындағы бұрмалаушылықтар хпалық арасында,әсіресе,зиялылар мен жастар арасында түрлі наразылықтар туғызды.Кеңестік жүйе оларды барынша жасырып, бүркемеледі. Осылайша,Теміртаудағы толқу кезінде тәртіпсіздіктің салдары ретінде бағаланды.»ұ,і жылы Мәскеуде оқитын қазақ жастарының бір тобы Б.Тайжанов, С.Ақатаев,М.Тәтімов,М.Әуезов бас болып «Жас тұлпар» атты ұйым құрды. Мақсаты-қазақ жастарының ұлттық санасын ояту.Мұндай ұйымдар кейінірек Ленинградта, Семейде, Шымкентте және басқа жерлерде пайда болды.Қазақстанды орталықтан басқару ұлттық егемендікті толығымен шектеді.Әсіресе,эканомиканың әскери сұранысқа сай бейімделуі қоғамға теріс ықпалын тигізді.1949 жылы 29 тамызда Семей,Павлодар және Қарағанды облыстарында салынған ядролық сынақ палигоны орны толмас адам өмірі мен экалогиялық және қаржылық шығын әкелді. 1963 жылға дейін полигонда ашық ауада 113 жарылыс жасалса, 1964 жылы жер астына көшіріліп, 1989 жылға дейін 343 сынақ жасалды.Н.С.Хрущев мемлекеттің «Комунизмге өтуіне байланысты» жаңа Конституцияның жобасын жасауды ұсынғаннан кейін, 1961 жылы Конституциялық комиссия құрылды. Бұл комиссияның жобалары 1977 КСРО Конституциясын жасауда пайдаланды.Сол жылдарда конституциялық заңдарда жазылған демократия талаптары іс жүзінде аспады.ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі КСРО Кеңесіне бағынды.Сонымен бірге Жоғарғы Кеңес тек бір палатадан тұрды,яғни балама болады. Конституцияда тәуелсіз деп көрсетілгенімен,құқық қорғау,прокаратура органдары да орталыққа бағынды.Ал биліктің тармақтары: заң шығару,атқару,сот-тергеу,прокаратура Коммунистік партияға есеп беріп,бұйрық-жарлықтарын орындап отырған.Ешбір кеңестік заңда бұл процесс заңдастырылмағанымен,іс жүзінде әкімшіл-әміршіл жүйе билік құрды.Депутаттары сайлау науқандары да демократиядан мүлдем алшақ еді.КСРО Жоғарғы кеңесіне 20 мың адамнан біреу, облыстық кеңеске 5-8 мың адамнан-1000 адамнан 1 таңдау негізінде жүргізілді. Дауыс берушілер іс жүзінде депутаттары көрмеді,білмеді. Дауыс біреу тек сөз жүзінде депутаттарды көрмеді,білмеді. Дауыс беру тек сөз жүзінде жүргізілді. Деп утаттарды халық тандамады,жергілікті әкімшілік органдар «тағайндады». Сайлаған депутаттар өз міндеттерін білмеді.Депутаттар орындауға тиісті мәселелерін атқару комитетіне өтініш ретінде беріп отырды.Саяси қателікке толы Хрущев қызметінің соңы 1964 жылдың қазан айында аяқталды. КОКП ның Ортвлық Комитетінің Пленумында 1ші хатшы қызметіне Л.И.Косыгин тағайындалды.Олардың ізін ала Қазақстан КП ОК 1-хатшысы болып Д.Қонаев сайланды.

132.Қазақстан «кемелденген социализмнің» дағдарысы жылдарында (1965-1985)1962-69 жж реформаторлық жанталас ішінара өзгерістер мен жетілдірулер жолындағы ақиқат бетбұрыстардың шекті межесіне 60-шы жылдардың орта шенінде ақ қол жеткенін айғақтайды. Жургізілген іс шаралар экономикалық байланыстар мен қатынастарды қозғайтын ірі түбегейлі өзгерістерді көздеген жоқ. Туындаған проблемалар негізінен ұйымдық қайта құрулардың нәтижесіне есептелген субъективтік жолмен шешіліп отырылды. Елде комунистік қоғам құру идеясы жағдайды жеңілдеткен жоқ.1967 ж Қазан революциясының елу жылдығына арналған салтанатты мәжілісте Л.И.Брежнев кеңес халқы жүріп өткен тарихи жолдың басты қорытындысы «кемелденген социализм» орнату болып табылады,деп мәлімдеді. Осы тұжырымдаманың алдыңғы теориялық ұрылымдардан айырмашалығы мына фактіні мойындауға саяды,қоғам дамуында «социализм біршама ұзақ белес», ал осы үлгі Кеңес мемлекетінің экономикалық және әлеуметтік жетістіктердің асыра көрсетудің, шындықты бұрмалаудың негізінде өрбіді. Ол қоғамның ұлғая түскен қарама-қайшылықтарының тоқыраушылығының төрешілдігінің себептерін ашқан жоқ, өйткені қоғамның даму барысы бұрынғымен салыстырғанда қол жеткен бір ақ тұрғыда ғана қаралды. Соның нәтижесінде социализмді кемелдендіру жолдарын іздестіру, егер жүргізілсі де тек ескірген түсініктердің аясында ғана қалып қойды. Биліктің нақты тұтқалары көбіне партиялық мемлекеттік аппарат шеңбңріне шоғырланды, ол басқарудың барлық кунделікті және ағымдағы мәселелерін шешіп, кеңес пен шаруашылық органдарын өз құрсауына алды. Демократияны шектеу, еңбекшілерді меншіктен және биліктен айыру, жеке адамға қысым жасау-кеңес қоғамының саяси жүйесіне тән ерекшеліктер еді. Дайын үлгі мен таптаурындарға бейілділік демократиялық институттардың сіресіп қатып қалуы мен үстірттігін күшейте түсті. Осы жылдардың ішінде басшы органдардың,мәселен,кеңестердің қызметін жақсарту туралы ондаған және жүздеген қаулыларды қабылданса да, ілгерілеу болған жоқ, оның болуы да мүмкін емес еді. Мемлекеттендіру үрдісі кәсіп орындарға да, комсомолға да, қоғамдық ұйымдарға да таралды. Қоғамдық ұйымдарды партиялық-мемлекеттік аппаратпен ұластыру олардың өз әрекетінде бастамашылдық танытуын жоққо шығарды. Бұрыңғы кездерден айырмашылығы 60-шы жылдарда ең алдымен Мәскеуде оқитын студент жастар баламалы идеяларды таратты.

133.XX ғ.60 жылдардағы КСРО-дағы экономикалық реформалар және олардың аяқталуы. 60-шы жылдардң бірінші жартысындағы қоғамдық өзгерістердің саясаттың ерекше белгісі,оның қайшлығы мен жеке адамға табынуды жою процесінің нақты жетістіктері,сондай-ақ экономикалық дамудың белгілі бір табыстары еді.Сонымен қатар,бұл кездегі қияли,утопиялық жоспарлар,ішкі партиялық қоғамдық өмірді демократияландыруға қадамдар жасау және Н.С. Хрущевтің өзнің жеке басына табынудың күрт үшеюі сияқты қайшылықтар көрініс берді.Партияның ХХII cъезінде КОКП ның жаңа Бағдарламасы туралы айта келіп,Хрущев: «бұл коммунизмнің материалдық-техникалық базасын салу бағдарламасы ,бұрынғылардан оның өзгешелігі-ол 20 жылға есептелген шынайы бағдарлама»-деп мәлімдеді.Бұл кезеңнің соңында коммунизмнің базасы жасалып бітеді,сөйтіп «кеңес адамдарының қазіргі ұрпағы коммунизм тұсында өмір сүретін болады».Осынау сөздер ондаған милион кеңес адамдарын шабыттандырып,олардыжанқиярлықпен еңбек етуге шақырды.Хрущев бүгінгі қиындықтар уақытша,20 жылдан кейін кеңес адамдарын тек жақсы өмір ғана емес,коммунизмнің басталуы күтіп тұр деп дәмелендірді.60-шы жылдардың басында өнеркәсіп пен құрылысты экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері арқылы басқару жүйесінің кемшілікері бірде бірге айқындала түсті.Өнеркәсіпті басқаруда халық шаруашылығы кеңестерінде толып жатқан жаңа бөлімдердің құрылуы өнеркәсіп салаларының бөлшектенуіне әкелді.Өндірісті басқарудың,жоспарлау және экономикалық ынталандырудың турлері мен әдістері елдің өндіргіш күштерінің жаңа,неғұрлым жоғары дәрежесіне сай келмеді,олардың дамуын тежеді.Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы ретінде пайдаланып көптеген тың тәжірбиелерді,оның ішінде келешегі жоқ тежірбиелерді,оның ішінде келешегі жоққа тән тәжірбиелерді,республикада сынақтан өткізіп байқап көрді.Гидропоникалық әдіспен өсімдік өсіру,жүгері егу,т.б.осы сияқты тәжірбиелер Қазақстан шаруашылықтары нда байқаудан өтті.Оның айтуымен республиканың оңтүстіктегі аудандары көршілес республикаларға берілді,өлкелер құрылды.Көптеген қалалардың аттары өзгертілді. Сөйтіп ,Ақмола –Целиноград атанды.Оңтустік Қазақста облысы –Орал обл.болып өзгертілді.Пленум Хрущев КОКП Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы және КСРО Министерлер кеңесінің төреғасы міндеттерінен босатты.Оның орнына КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатщысы етіп КСРО Жоғарғы Кеңесі А.Н.Косыгин ді тағайындады .Осының артынша партия кеңес және басқа қоғам ұйымдарын 1962 жылы жүзе ге асырылған өндірістік прицип б\ша бөлу ойластырылмаған іс деп бағаланып,олардың территориялық-өндірістік принцип б\ша құрылуын қалпына келтіру ісі қолға алынды.Соныменбірге жоспарлау мен экономикалық ынталандыру әдістеріндегі қате де түзетіле бастады.Осы жылдарда іске асырылған шаруашылық реформалар дәйекті жүргізілмегеннің өзінде де елдің экономикасын көтеруге ықпал жасады.1964-65 ж.Қаз.да халық шаруашылығы Кеңесі және экон.лық аудандардың халық шаруа.ғы кеңестері таратылып ,салалық одақтық респуб.лық министрліктер мен кәсіпорындар бірлестіктері құрылды.

134.1965-1985 жж. Қазақсттанның әлеуметтік-эканомикалық жағдайы, ондағы дағдарыстық құбылыстардың мәні.1964 ж қазанда жузеге асырылған партиялық аппарат төңкерісі Хрущевтік кезеңінде қарқын алған кереғар ізденістер мен пікірталасқа,ұстатпас уміт пен қайырсыз қиял атаулыға нүкте қойды. «Хрущевтік субъективті-волюнтаристік саясатын» мансұқ етіп,Л.И.Брежнев бастаған партиялық-мемлекттік иерархиялық сатылы лауазымының жаңа басшылары созылмалы кеселге ұшыраған әлеуметтік экономиканы сауықтыруға кірісті.КОКП ОК-тің наурыз және қыркуйек айларында өткен пленумдарында,партиялық құжаттарда көрсетілгендей «шаруашылық тетікті жетілдіру б\ша тарихи дерективалар» қабылданды.Осы дерективаларда «маркстік-лениндік экономика ғылымының» теориялық тұжырымдамалары көрініс тапты. Қаз\да индустрияландыру үрдістері 1965-1985 жж біршама екпінді журді.Еліміз КСРО дағы өнеркәсібі дамыған аймақтардың біріне айналды.Жалпы ішкі өнім көлемі б\ша республикамыз КСРО да үшінші орын алды.Cол аралықта импортта қарқындап өсті.Алайда бұл процестің кереғар жағы да болды.Мәселен орасан зор мөлшерде болат шығарған өнеркәсіптің өзі жоғары сапалы болатты қажетсінді.Демек егер өнімнің жалпы сұранысы сандық қатынастағы сұранысты қанағаттандырса,ал сапа жағынан өте артта қалды.Жоспардың баға көрсеткіштері де бұрмаланды.Ресми статистикаға қарағанда,соңғы көрсеткіш ұдайы орындалды және артығымен орындалды,әйтсе де кәсіпорындардың 61% машина жасау кешенікәсіпорны,металлургия кәсіпорнының 42% келісімшарттық міндеттемелерді орындамайтын еді. Экономиканың аграрлық секторында күрделі жағдай орнады.1981-1985 жылдарда Қазақстанның ауыл шаруашылығына салынған күрделі қаржы 1966-1970 ж-ғы бесжылдықпен салыстырғанда 1,6 есе өсті. Дегенмен,аграрлық сектордың жалпы өнімінің өсу қарқындары, жұмсартып айтқанда,жылдан-жылға өсе түскен шығындарға сәйкес келмеді.Шығынды өндіріс одан әрі өрістей берді.Мал шаруашылығындағы өндіріске жұмсалған жалпы өнімнің 100 сом шығыны 1981-85 жылдарда 120 сомды құрады.Ал әскери-кешеніне байланысты емес өндірістердің техногендік әсеріне келетін болсақ,олардың экологиялық булдіргіш әсерлері де ауқымды.Жерге,жер қойнауына,орман мен суға жалпыхалықтық меншік ұраны,сайып келгенде,құр насихаттық даурықпа ғана болып шықты.Өнеркәсіп орындарының зиянды газ тәріздес,сұйық және кристалл қалдықтары қоршаған ортаға жағымсыз әсерін тигізді.Республикада өнеркәсіп құрылысы кең ауқымда қанат жайған 50 ж.соңында бұл айқын көрінді.Тек 60ж.бірінші жартысында ғана,ауыр индустрияның аса ірі кәсіпорындарын пайдалануға енгізудің салдарынан,атмосфералық ауаны ластайтындардың саны Қазақстанда 2,5 есе көбейді.Ауыл шаруашылығына қаржы құюдың орасанүлкен көлемдері баламалы қайтарым бермеді.Жұмыс істеп тұрған ұйымдық шаруашылық құрылымдардың тетігі мультмилиондаған қаржы бөлуге қарамастан ұдайы тығырыққа тіреліп,жұмсалатын аса қомақты шығындарды қажетті нәтижеге бұруға дәрменсіздігін танытты.Осыдан келіп лажсыз жағдай туындады :құрылымдардың шұғыл алға ұмтылуы үшін кең ауқымды жеделдету процесін іске асыру қажет болды,ол ушін өз кезеңінде,басқалармен қатар орасан көп қаражаттар талап етілді,бірақ олар сол құрылымдарға тускен бойда,құрылымдардың өздері арқылы құрсауланып отырды.Сонымен,жылдан-жылға кеңейіп,қоғамның ғаламат қорын жұтып отырған,ауқымды да алуан түрлі шаралар кешені,арагідік экономикалық құрылымды «сілкіп қойғанымен»,оған алға жылжи түсудің жолын көрсете алмады.Бейнелеп айтқанда,ауқымды әлеуметтік эксперимент барысында құрылған құрылымдар өте күшті ырғақсыздыққа душар болды,ол инфаркт алдындағы қан қысымының жоғарылау кардиограммасын көрсетті.Нақ сол дағдарыс қоғамның жай-куйін белгіледі,жаңа утопиялық эксперименттерді дәйектеу және аяқтау үшін ресми насихат ойдан шығарған термин-тоқырау емес еді.

135.Ауыл шаруашылығындағы тоқыраулық құбылыстар(1956-1985 жж.)Аграрлық салаға қаржыны көптеп бөлу, селоның әлеуметтік проблеммаларын шешу,шаруашылық есепті енгізу, ауыл шаруашылық өнімдерінңің сатып алу бағасын арттыру шаралары белгіленеді.Осы бағытта тек 1971-1978 жж.ауыл шаруашылық саласына 58,2 млрд.сом бөлінді.Мұның нәтижесінде 1985 жылға дейін негізгі егін шаруашылығы жұмыстары-жер жырту, тұқым себу,дәнді дақылдарды жинау,мал шаруашылығы саласындағы жұмыстар 75-90% техникаландырылды.Алайда,ауыл шаруашылығы проблемаларын тек күрделі қаржыны көбейту арқылы шешу жолы тиісті нәтиже бермеді.Аграрлық секторда аса маңызды орын алатын жердің құнарлылығын арттыру,эдектірлендіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындар жеткілікті жәрежеде салынбады.Егістіктің шығымдылығы азайды, мал шаруашылық өнімдерін өндіру төмендеді.Бұл кезде ауыл шаруаш.секторының құрамында едауір ұйымдық өзгерістер енгізіліп,колхоздардың есебінен совхоздардың саны көбейді.1960 жылы республикада 879 совхоз бен 1355 колхоз болса, 1985 жылы колхоздар есебінен совхоздар саны 2140-қа өсіп, 388 колхоз қалды.Сөйтіп,меншіктің кооперативтік-колхоздың түрінің үлес салмағы едәуір төмендеді.Бірақ,осыған қарамастан колхоздық меншіктің одан әрі жетілуін байқауға болады. 1971-1985 жылдары совхоздардың өнімі көбеймей бір орында тұрып қалса,колхоздарда ол орта есеппен 200 мың сомға дейн өсті.Мал шаруашылығының жем шөп базасы нығайтылды,жем шөптік дақыдар егілетін алқаптар ұлғайтылды.Дегенмен мұның барлығы тек экстенсивтік шаруашылық негізінде ске асырылды.Атап айтқанда,жемшөптік дақылдар егілетін алқаптар сегізінші бесжылдықтағы 6678,4 мың гектардың орнына ІХ бесжылдықта 8824,6 мың гектарға дейін жеткізілді. 1985 жылы жоспарланған 50 млн.қойдың орнына тек қана 35 млн.қой болды. Оған шопанның ауыр еңбегіне немқұрайлы қарау, малды күтіп бағудағы қазақтың еңбек дәстүрін елемеу, хадықтың ғасырлар бойы қалыптасқан, сыннан өткен технологиясының жоғалып кетуі үлкен әсерін тигізді.Бұл жылдары мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіру басталды.Ет және сүт өндіретін кешендер мен мал бордақылайтын алаңдар салынды, малды өсіріп,күтетін мамандандырылған шаруашылық бірлестіктері,құнажындар өсіретін фермалар құрылды.Жалпы қуаты 30 мың ірі қара малды жедел өсіріп,бордақылайтын төрт кешен:Алматы облысы бойынша 10 мың басқа арналған «Жетіген», Шығыс Қазақстан облысында 5 мың басқа есептелген «Ждановский», Орал облысында 5 мың басқа арналған «Правда» газеті атындағы, Ақмола облысында 3 мың басқа арналған «Шалқар» кешендері жұмыс істеді. Қарағанды облысында шошқа өсіріп бордақылайтын «Волынский» кешені қатарға қосылды. 1976 жылдың басына қарай 575 мың бас ірі қара мал, 418 мың шошқа, 1,7 миллионнан астам қой өнеркәсіптік негізде күтіп бағылды.Осы жылдарда ауыл шаруашылығында келеңсіз жағдайлар қалыптаса бастады.Мал аурулары көбейіп,нәтижесінде мал саны азайып кетті.Азық түліктік астық өндіру жөнінен одақта алдыңғы орындардың біріне шыққан республика жыл сайын жемге арнап басқа жерлерден миллиондаған тонна астық сатып алп отырды.көліктің,.элеватордың,қоймалардың жетіспеушілігінен, жолдың нашарлығынан жыл сайын жиналып алынған өнімнің 20% тен 40% ке дейінгісі ысырап болды.Ауыл тұрғындарының еңбегі тисінше бағаланбай, олар қалаларға, басқа жақтарға көшіп кетуге мәжбүр болды.Аграрлық сектор саласында енгізілген жаңа сатып алу бағасы көбінше өнімнің өзіндік құнын ақтамады.Зиянмен жұмыс істейтін шаруашылықтардың саны артты.Егер 1970 жылы ондай шаруашылықтардың үлес саны совхоздардың 26% вн,колхоздардың 4% ын қамтыса, 1985 жылы совхоздардың 53% , колхоздардың 49% зиянымен жұмыс істеді.Ауыл.село еңбекшілеріне еңбекақы төлеуде теңгермешілік күшейді,адамдар көбінесе ақшаны жұмыстың жұмыстың нәтижесі үшін емес,жұмысқа шыққаны үшін емес, жұмысқа шыққаны үшін алды.

136. Тоқырау жылдарындағы мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар. 70-80 ші жылдары мәдениет саласын нығайтуда біраз жұмыстар істелді.Селолық жерлерде 6 мыңнан астам клубтар мен мәдениет сарайлары қызмет көрсетті.Оларда 12 мыңнан астам көркемөнерпаздар ұжымы істеді.Ауыл село тұрғындарының тұрмысына теледидар,радио,баспасөз,кино бұрынғыдан көбірек ене бастады.Қазақстанның село зиялыларының мәдени дәрежесі сан және сапа жағынан едәуір өсумен сипатталады.Орта есеппен бір колхоз ьбен совхозға 70 ші жылдардың басында 45 жоғары және арнайы орта білімі бар маманнан келді. 1970 жылға қарсы теледидар республиканың барлық облыстарына дерлік енді.Қазақстанда теледидардың 15 программалық орталығы және осынша студиясы,теледидар бағдарламасын тарататын және қаблдап алып қайта тарататын жүйелер істеді. 4 республикалық және 19 облыстық бағдарламалар арқылы радио хабарлары қазақ,орыс.ұйғыр,корей тілдерінде жүргізілді. 1976 жылдың аяғында 10282 кино қондырғысы болып, олар бір жылда 290 миллион кино көрерменіне қызмет көрсетті.Халық ағарту ісі де бірсыпыра алға басты.Мектептің оқу ісінің алдында 70 ші жылдары жаппай орта білім беру міндетті қойылды.1984 жылы балаларды алты жастан бастап оқытуға көшу,еңбекпен ұштастыра оқыту үшін оқу материалдық база жасау,оқу бағдарламасына жаңа пәндер қосу жөнінднгі мектеп реформасы басталды.Мектептерге партиялық әмір күшие түсті.Оқу тәрбие процестерін саясаттандырудың үстіне жалпы көрсеткішті қуалау, оқу процестерін жасанда жүргізу,оқушылардың оқуға немқұрайды қарауы қосылды.Ұлттық мектептерді қысқарту тенденциясы күшейіп, орыс мектептерінің саны кобейді.1970 жылы Қазақстанда 46 жоғары және 190 арнаулы орта оқу орны болып, оларда 416 мыңнан астам студент білім алды.Студенттер 160 мамандық бойынша оқытылады.Республиканың техникумдарында 182 мамандық бойынша әзірленді. 1986 жылы жоғары оқу орындар саны 55 ке, арнаулы орта оқу орындары саны 246 ға жетті.ХХ ғ.70-80 жж.қазақ әдебиеті І.Есенберлиннің, Ә.Нұршайықовтың,М.Мақатаевтың, Т.Айбергеновтың, О.Сүлименовтың, М.Шахановтың, Қ.Мырзалиевтың, Ф.Оңғарсынованың, Ә.Кекілбаевтың, О.Бөкеевтыңмжәне басқалардың шығармалары арқасында елеулі табыстарға жетті. Сазгерлер Ш.Қалдаяқовтың, Л.Хамидидің,Н.Тілендиевтың, Ә.Еспаевтың, І.Жақановтың әндері Қазақстанның музыкалық мәдениетінің алтын қорына кірді.Ботагоз,аққан жұлдыз.Менің атым Қожа. Қыз Жібек,Атаманның ақыры,Транссібір экспресі,Бейбарыс сұлтан кинофильмдері республика кино өнерінің таңдаулы туындылары деп бағаланды.Ә.Қашаубаев негізін салып кеткен ән өнеріндегі игі дәстүрді Б.Төлегенова, Е.Серкебаев, Ә.Дінішев, Р.Жаманова, Р.Бағланова.Р.Рымбаева т.б жалғастырып байыта түсті.70-80 ші жылдары ғылым саласында да біраз табыстарға қол жетті.1976 жылы биолог ғалым М.Ә.Айтқожин генетика мен микробтология саласында Лениндік сыйлыққа ие болды.Ғалымдардың зерттеулері оңтүстік Маңғыстауда және Орал Ембі атырабында мұнай мен газдың ірі кендерін игеруге, Ертіс Қарағанды каналын салуға,егін шаруашылығында топырақ қорғау жүйесін енгізуге көмектесті.Осы жылдары бес томдық «Қазақ КСР тарихы»,он томдық «Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігі»,он бір томдық «Қазақстандық металлогениясы»,тоғыз кітаптан тұратын «Қазақстанның сүт қоректілері»,тоғыз томдық «Қазақстанның өсімдіктері» және диалектикалық логика жөнінде бірсыпыра іргелі монографиялар мен зерттеулер жарық көрді.Қазақстан ғылымының табыстарымен бірге оның қайшылықтары мен шешілмеген ірі проблемалары да болды.Машина жасау,радиоэлекторника,радиотехника,автоматика сияқты ғылыми-техникалық прогрестің аса маңызды салалары бойынша ғылыми кадрларды даярлау және ғылыми мекемелерді ұйымдастыру кенже қалып келді.Ғылыми зерттеулердің тиімділігі төмендеп кетті. 1940 жылдың аяғы мен 1950 жылдардың басында КСРО да еркін ойлауды шектеу,жаппай бақылау,қатал цензура,идеологияның кері әсері мәдениеттің дамуына ықпал етпей қоймайды.Осы кезде ұлтшылдық кінәсән арқалағандар қатарында Есмағанбет Ысмайылов , Мұхтар Әуезов,Қайым Мұхамбетжанов,Қажым Жұмалиев,Сабит Мұханов және асқалары болды.Әлкей марғұланның көзқарастары ғылыми дәйексіз деп жарияланды,Дулат Бабатайұлының және басқалардың еңбектеріне тыйым салынды.1940 жылдың аяғы.1950 жылдырдың басында космополитизм,буржуазиялық ұлтшылдық кінәсі тағылған көптеген ғалымдар зардап шекті,соның ішінде өлім жазасына бұйырылған,кейін 25 жыл айдауға кеткен тарихшы Ермұхан Бекмұханов та бар. 1950 жылдары олардың көбін ақтады.Бұл уақытта мәдениет пен өнер қайраткерлеріне тек «соцолистік реализм» шеңберінде ғана жазу талабы қойылды.1950-1980 жылдары жаңа пайдалы қазбалардың игерілуі мен ашылған жаңалықтарға байланысты болды.Қазақстандық ғаымдардың арасында ғылымға қосқан үлесі үшін Лениндік сыйлыққа ұсынылғандыры болды.Республиканыңбірде бір ғылыми мекемесі елде құрылған ғылыми өндірістік комплекстердің құрамына кіре алмады.Мәдени салалардың мәселелерін жете бағаламау,олардың дамуына қаржыны «қалдықты» принцип бойынша бөлу республика мәдениетінің кең көлмде дамуына өзінің әсерін тигізді.

138.1986 жылдағы Желтоқсан көтерілісінің себептері мен салдары. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді. Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын төмендетуге зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ. 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды. 18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды. Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар. Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты. Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды

140.ҚР Егемендігінің қалыптасу кезеңдері. Қазақ КСР нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.1990 жылы қазанда қоғамдағы жағдай барынша шиеленісті.Халақ депутаттары арасынан парламент жұмысын жандандыруға балама қозғаушы күш болу мақсатында «Демократиялық Қазақстан» депутаттық тобы құрылды.Марат Оспанов бастаған «Демократиялық Қазақстан» депутаттық тобына б.қадырбеков,Е.Ертісбаев,Ю.Сытых,М.Оспанов, П.Своик және облыс орталықтарындағы жұмысшылар комитетінің өкілдері мүше болды.1991 жылы олардың саны 54 депутатқа жетті.Олардың билік құрылымын партиядан тазарту туралы ұсыныстары Жоғарғы Кеңестің партиялық шаруашылық активінде наразылық тудырды. «Демократиялық Қазақстан» ұсынған «Егемендік туралы декларацияның» баламалы жобасы республикалақ және одақтық баспасөз беттерінде ерекше дүмпу тудырды.Жоба авторлары 1990 жылдары баслық одақтас респуб.да қабылданған ұлттық мемлекеттік және құқықтық мемлекет туралы тұжырымдар қарама қайшы болды дегенді алға тартты.Ұлттық республиканың орнына азаматтық қоғам құрулы тиіс деген ұсынымда болды.Қазақ зиялылары «егемендік алдымен тілге берілсін» деген ұсыныс тастады.Филология ғылымдарының докторлары Бабаш Әбілқасымов, Сапарғали Омарбеков «Социолистік Қазақстан» газетінің 1990 жылғы 3 қазанындағы санында Қазақ КСР нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның жобасы тіл туралы заңға қайшы келіп тұрғанын айтты.Тіл туралы заңда орыс тілі-Қазақстан жерінде ұлтаралық қарым қатынас тілі деп жарияланған болатын. Декларация жобасын жасаушылар оны ресми тіл деп өзгертіп жібергені сынға алынды.Ғалымдар орыс тлін Қазақ КСР ІНДЕ ресми тіл деп жариялау қазақ тілінің мемлекеттік статусын жоққа шығарумен парапар екенін,озі көктеп,өркен жайған туған топырағында қазақ тілінің ресми тіл болуға да әбден құқығы бар екенін дәлелдеді.Декларация жобасы қызу талқылынды. Жалпы жұртшылықтан түскен пікірлер мен ескертулерді Декларация жобасына енгізу жөнінде арнайы комиссия құрылып,депутат Салық Зимановтың басшылығымен бір аптадан астам уақыт жұмыс істеді. 1990 жылдың 15 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінен екінші сессиясында егемендік туралы Декларацияның жобасы жөнінде талас пікір болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Е,Асанбаев тарапынан «Демократиялық Қазақстан» жобасы өте кеш ұсынылды. Жоғарғы кеңеске мәлім етілмей, баспасөзге жарияланды.Оныңғ құрамындағы 30 депутат сессияға дейін белгісіз болып келді деген пікірлер айтылды.Декларациянвң негізгі жобасына толықтырулар мен өзгерістер енгізу үшін құрылған комиссия мүшесі депутат Сұлтан Сартаев «Демократиялық Қазақстан» тобындағы депутаттардың «ұлттық республика дегенді жойып, азаматтық қоғам құрайық» деген пікіріне қарсылық білдірді.Депутат С.Сартаев әлемдік тәжірибеге сүйене отырып: «Ұлттық мемлект азаматтық қоғамда, яғни құқықтық мемлекетке қайшы келмиді.Мәснелен, Англия құқықтық мемлекет.Алайда ол ағылшындардың ұлттық мемлекеті.Декларациядағы қазақ деген сөзден қорқатын ештене жоқ.Қазақ ұлты сонау ерте дәуірден тілі,діні қалыптасқан,кіндік қаны тамған өз атамекені бар халық қой.Енді келіп оны мүлдем сызып тастау мүмкін емес»-деген түсінік берді.Жоғарғы Кеңес «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны» 1990 жылы 25 қазанда 18 сағат 55 минутта қабылдады.Декларацияда аса маңызды мәселе,республиканың өз бюджетін қалыптастыратындығы айқындалды.Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация-еліміз Конституцияның негізіне айналған республиканың тұңғыш заң актісі.Бұл құжатта «халқаралық қатынастардың дербес субьектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне сай белгілеуге,халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға құқығы бар» егемен мемлекет деп жарияланды.Декларация алғаш рет табиғи ресурстардың, экономикалық және ғылыми техникалық әлеуетінің Қазақстан меншігінде болуының ерекше құқығын баянды етті.Егер егемендік қағидаттарына қайшы келетін болса, Қазақстан аумағында КСРО заңдарын тоқтату құқығын белгіледі.1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы қабылданды.Тәуелсіздік туралы Конституциялық Заңынын 1-бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемекет деп жарияланды. Республика өз аумағындаөкімет билігін толық иемденуге, әрі ішкі және сртқы саясатын дербес жүргізуге құзырлы болды.Оның мазмұнында ұлттардың өзін өзі басқару құқығы, жеке тұлғалардың құқығы мен бостандығына басымдық беру, саяси тұрақтылық.билікті бөлісу,ұлтаралық келісім т.б іргелі демократиялық қағидаттар көрініс тапты.Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалды.Тәуелсіздік туралы заңның негізгі мәні 18 баптан тұратын жеті тараудаайқын көрсетілді.Заңнын екінші тарауында республика азаматтары ұлтына, діни сеніміне,қоғамдық бірлестіктерге қатысына,шыққан тегі, әлеуметтік және дүние мүліктік жағдайына, тұрған жеріне қарамастан құқығы мен міндеткірліктерін бірдей пайдаланатындығы атап көрсетілген. Егемендіктің бірден бір иесі және мемлекеттіктің қайнар көзі республика азаматтары болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы мәселе екінші тараудың 7 бабында қарастырылған. ҚР көші қон үрдісін реттеу, жаппай саяси қуғын сүргін,күштеп ұжымдастыру және басқа адамгершілік нормалары бұзылған келде ел аумағынан кетуге мәжбүр болған адамдарға және оладың ұрпақтарына,бұрынғы ұрпақтарына , бұрынғы көршілеш кеңестік республикалар аймағында тұратын қазақтардың қайта оралуына жағдай жасау туралы айтылады..Қазақстанда тұратын қазақ ұлтының және басқа ұлт өкілдерінің дәстүрі мен тілін,ұлттық құндылығын сақтау,мәдениетін өркендету мен дамыту мемлекеттің басты міндетерінің бірі болып дәйектелді.Мемлекет елімізден тыс аймақтарда тұратын қазақтарды,олардың ұлттық мәдени, тілдік және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, олар азаматтар аймағында тұратын қазақтардың қайта оралуына жағдай жасау тасау туралы айы болып табылатын мемлекеттермен келісім негізінде қорғауға және қамқорлыққа алынды. Емлекеттік блік органдары үшінші тарауда анықталғандай,бөліну қағидаларына қарай заң шығарушы,атқарушы және сот билігі болып құрылып,іс жүзіне асырылады. Жоғары Кеңес пен ҚР Президентінің халықтың атынан сөйлеуге құқығы бар. Заң шығарушы билік ҚР Жоғарғы Кеңесі тарапынан жүзеге асырылады. ҚР Елбасы және атқарушы билігі Президент, сот билігін ҚР Жоғарғы соты мен Жоғарғы Төрелік соты жүргізеді. ҚР Конституцялық соты- Конституцияны сотпен қорғаудың ең жоғарғы органы болып табылады.Төртінші тарауда Республика мемлекеттік тәуелсіздігінің эканомикалық негіздеріне анықтама берілген.Тәуелсіздік мемлекет мәртебесіне сәйкес келетін және меншіктің барлық түрлерінің көпқырлылығы мен теңдігіне негізделген дербес эканомикалық жүйенің болатындығы жан жақты атап көрсетілген еді.Жер мен оның қйнауы, су,әуе, өсімдік және жануарлар әлемі, басқада табиғи байлықтары,эканомикалық және ғылыми техникалық мүмкіндіктер ҚР меншігі болып табылады.Бесігші тарауда ҚР әлемдік қауымдастақтың мүшесі болып жарияланғандығы айқындалады.Ол халықаралық құқықтың субъектісі болып табылады,депломатиялық және консулдық өкілдермен алмасады,халықаралық ұйымдарға, ұжымдық қауіпсіздік жүйесіне кіре алады және олардың қызметіне қатынасады. ҚР сыртқы эканомикалық мәселелерді өз бетінше шешеді.Алтыншы тарауда ҚР мемлекеттік қауіпсіздігін қорғау мәселесі сөз етілді.Өз тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын сақтау мақсатында, республика өзінің Қарулы Күштерін құру құқығына ие болды.ҚР мемлекеттік рәміздері – Елтаңба,Ту,Астанасы-Алматы қаласы.Осы Заң Республикасының жаңа Конститциясын әзірлеуге негіз болды. «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңның қабылдануы жаңа тәуелсіз мемлекеттің шынайы егемендігін бекітті.Оған-16 желтоқсанда қол қойылуы,1986 жылдың оқиғаларынан кейінгі Қазақстанда демократиялық үрдістің сабастығын дәлелдеп, елдегі өзгерістердің бастамасы болды.Конституциялық заң Қытай,Түркіменстан,Өзбекстан,Қырғызстан және Ресей елдерімен

141.Қазақстанның мемлекеттік рәміздері.Н.Назарбаев 1992 жылы 4 маусымда «ҚР Мемлекеттік туы туралы», «ҚР елтаңбасы туралы» және «ҚР Мемлекеттік әнұранның музыкалық редакциясы туралы» Заңға қол қойды.Сол күні Президент Резиденциясы мен ҚР Жоғарғы Кеңесінің алдына Мемлекеттік ту тігіліп, елтаңба ілінді. 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді.Соңынан мемлекеттік рәміздер туралы ереже 1996 жылғы 24 қаңтардағы «ҚР мемлекеттік рәміздері туралы» арнайы крнституциялық заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығымен айқындалды. Тудың авторы-суретші Ш.Ниязбеков, елтаңбаның авторлары-Ж.Мәлібеков пен Ш.Уәлиханов.ҚР мемлекеттік рәміздерінің бірі әнұран,мемлекеттік ту мен мемлекеттік елтаңбаның поэтикалық музыкалық баламасы. Әнұран салтанатты рәсімдерде,мемлекеттік органдарда өткізетін өзге де шараларға байланысты орындалады. Алғашқы мемлекеттік әнұранды жазу үшін шығармашылық байқау жарияланды.Оған Қазақстан ақын, композитрлары қатысты.Мемлекеттік рәміздер жөніндегі үкіметтік комиссияның шешімімен ақындар: М.Әлімбаев,Қ.Мырзалиев,Т.Молдағалиев,Ж.Дәрібаева шығарған өлең сөзі бекітілді. Әуен кеңестік кезеңде М.Төлебаев, Е.Брусиловский,Л.Хамиди жазған бұрынғы мемлекеттік әнұран болып белгіленді.2006 жылдың 6 қаңтарыында ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының бірлескен отырысында жаңа әнұран қабылдау туралы айтылды.Заң жобасын талқылау барысында бірқатар депуттар жаңа әнұранның авторлар құрамына Н.Ә.Назарбаев ресми түрде қосу туралы ұсыныстарын білдірді. Парламент депутарттары жаңа әнұранның авторлары Ж.Нәжмеденовпен Н.Ә.Назарбаевты бір ауыздан қолдады.Ал әні бұрынғы қалпында қалды.2006 жылдың 10 қаңтар күні Қазақстанның тарихына еліміздің жаңа әнұранының туған күні ретінде кірді.Алғаш рет әнұран ресми түрде 11 қаңтарда, АқмолаДА Президенттің Н.Ә.Назарбаевиың кезекті президенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты ұлықтау рәсімінде орындалды

142.Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы. 1992 жылдың басында Н.Ә.Назрбаевтың бастамасымен ҚР Жоғарғы Кеңесі жаңа Конституцияның жобасын әзірлеу үшін конституциялық комиссия құру туралы қаулы қаблдады.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өзінің басшылық ететін жоғарғы Кеңес депутаттарынан жамсақталған Конституциялық комиссия кемінде екі аптада бір рет үзбей бас қосып отырды.Бір жылдан кем уақытта Конституцияның жобасы жасалып бітіп,Жоғарғы Кеңестің сессиясы қарауына жіберілді.Сессия қарап болысымен,1993 жылдың 28 қаңтарында мақұлданып, заңдық күшіне ие болды. Конституция қоғамда болып жатқан иөзгерістерге жауап беруге тиіс болғандықтан, лған да кезең-кезеңімен көптеген өзгерістер енгізуге тура келді.Конституция мазмұны «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» заңның ережелері мен ұстанымдарына сәйкес айқындалады. Конституцияның бірінші бөлімінде Қ азақстанның тәуесіз, құқықтық мемлекет екендігі негізделді. Ол 4 бөлім 21 тараудан тұрды.Қазақстан алағш рет әлемдік қауымдастықтың ажырамас бір бөлігі ретінде жарияланды.Конституция елдегі ұлтаралық келісімді сақтауға негізделіп жасалды.ҚР барлық азаматтарына теңдей құқық беру қамтамасыз етіліп , адамдардың міндеттері мен құқықтары және бостандықтары бекітілді. Конституция бойынша Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып беітілді, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі мәртебесіне ие болды.Мемлекеттік немесе қатынас тілді білмеу белгілеріне байланысты азаматтардың құқықтары мен бостандықтары шектелуіне тиым салынбады.Қазақстан қоғамын дамыту барысында Конституциядағы кемшіліктер мен оның шындықтан алыс жатқандығы байқала бастады. Онда Қазақстан демократиялық мемлекет деп жарияланды.Конституцияда Заңда мемлектеттің құқықтық және әлеуметтік бағдары анықталғанымен, басқару түрі туралы нақты айтылмады.Бұл уақытта президент және прламенттік республ.екенуінің де белгілері бар еді. Конс. Бойынша Президент мемлекет басшысы және атқарушы биліктің біріңғай жүйесі мәртебесіне қарай атқаушы биліктің қызметін атқармайды.Конс. бойынша Үкімет басшысын, соның орынбасарларын, министірлер жәнге ведмствалардың басшыларын Жоғарғы Кеңестің келісімімен Президент бекітетін. Жоғарғы кеңес туралы тарау Президент туралы тараудың алдында тұрды. «Мемлекет және оның органдары мен институттары» атты ережеде Қазақстан халқының атынан сойлеу құқығы тек қана Жоғарғы Кеңес пен Президентке тән деп көрсетілген.Эканомикалық салада жерді жеке меншікке беру тиым салынған. Кеңестік және тәуелсіз Қазақстанның құқықтық жүйелерінің арасында сабақтастық болды. Ол заңды еді. Себебі тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде Қазақстанға кеңестік құқықтық жүйе мұра болып қалды. Конст. ҚР мемлекеттік тәуелсіздігін заңды түрде рәсімдеді, халықаралық қауымдастыққа Қазақстанды институттарды қоғамық,саяси және құқықтық салаларда бекітті.Бірақ 1993 жылғы қабылданған Конституцияның Қазақстандағы шынайы әлеуметтік эканомикалық жәгне саяси үрдістерден алшақтығы мемлектет тұрғындарының тіл мәселесі,меншік нысандыры, жерге ,азаматтыққа, мемлекетке қатысты сәйкессіздіктерден туындатты. Негізгі заңда атқарушы және заң шығарушы биліктердің арасындағы келіспеушіліктерді шешетін тетіктер болмады. Мемлекеттік билік тармақтарының арасындағы қайшылық күшие түсті. Үкімет биліктен кетуімен жалғасқан парламенттік дағдарыс, атқарушы биліктің дәрменсіздігін күшейтіп, мемлекеттік биліктің тұрақтылығына, мемлекетті басқарудың мүдделеріне қауіп төндірді.Осы себептерге байланысты 1993 жылғы Конституцияны қайта қарау және Конституцияның қажеттілігі туралы пікір туындады.

145.ХХ ғасырдың 90 жылдарынан басталған демократиялық өзгерістер еліміздегі партиялық жүйені түбірімен өзгертті. Елімізде 70 жылдан астам үстемдік құрған бірпартиялық жүйе орнына көппартиялық жүйе қалыптаса бастады. Бұл егеменді Қазақстанға демократиялық өзгерістердің нәтижесінде келген саяси плюрализмнің нақты көрінісі. Мұратымыз демократия құру болғандықтан, еліміздегі партиялық жүйені жетілдіру, оны дамыту басты міндеттердің бірі болып табылады.Демократиялық өзгерістер бір күнде, бір сәтте жүзеге асырылатын, жылдам нәтиже беретін үдерістер емес. Осы орайда елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «...Біз демократия жол басы емес, ол алдағы мақсатымыз екенін ешқашан естен шығарғамыз жоқ. Біз демократияны декретпен енгізуге болмайтынын, оны жан-жүрегіңмен түйсіну керек екенін білдік» [1] - деуі бұл үдерістің күрделілігін айқындай түседі.Жалпы демократия, демократиялық институттар туралы ойлар қазақ қоғамдық-саяси ойы үшін жат идеялар емес. Тарихтан белгілі, көне көшпелі қоғамда демократиялық дәстүр жүйелі түрде дамып отырған. Мысалы, сайлау жүйесі, сотпен әкімдер қызметін бақылау, жариялылық т.б. қазақ қоғамына тән болған. Кезінде «Алаш» партиясының 1917 жылы жарияланған бағдарламасының жобасында да «Россия демократиялық, федеративтік республика болу. (Демократия мағынасы - мемлекеттi жұрт билеу. Федерация мағынасы құрдас мемлекеттер бiрлесуі. Федеративтік республикада әр мемлекеттiң iргесi бөлек, ынтымағы бiр болады. Әрқайсысы өз тiзгiнiн алып жүредi)» [2] - деп айқын көрсетiлген. Сонымен бірге, осы бағдарламада негізгі құқтар қатарында «...Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлерге, газет шығаруға, кітап бастыруға - еркіншілік», - деп жариялануы да бекер емес.Яғни, Алаш қайраткерлері демократиялық билікті жүзеге асыруда саяси партиялардың (қауым ашу) рөлінің маңызды екенін көре білген. Бірақ қазақ қоғамында демократиялық билік идеясы кең тарағанымен, біз тек тәуелсіздігімізді алғаннан кейін ғана «Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет», - деп жариялауға қол жеткіздік.Қазақстандағы демократиялық үдерістің дамуына кеңестер одағындағы Коммунистік партияға балама ретінде қалыптасқан саяси оппозиция мен бейресми қозғалыстардың ықпал еткені сөзсіз. Бейресми қозғалыс пен саяси оппозиция қатарында еліміздегі алдыңғы қатардағы зиялы қауым өкілдері, ХХ ғасырдың 70-80 жылдарындағы саяси диссиденттер, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен оны қолдаушылар болғанын айтуымыз қажет.Жалпы қазақстандық партиялар қызметіне таптық мүддені қорғаудан гөрі ұлт-азаттық мүддені бірінші орынға қою тән. Бiздiң ойымызша, қазақстандық саяси партиялардың ерекшелiгi отарлау саясатына күрес нәтижесiнде пайда болуында деп бiлемiз. Біздің бұл ұстанымымызды «Алаш» партиясының бағдарламасы да дәлелдей түседі, онда қазақ жерiнде завод-фабрика аздығына байланысты, жұмысшылар санының аздығы туралы айтылуы бекер емес.Сондықтан елімізде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай, дүниеге келген жүздеген саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстар ұлттық идея төңірегінде топтасты. Олардың қатарында: азаматтық демократиялық «Азат» қозғалысы, «Желтоқсан» қоғамдық қозғалысы, 1991 жылы Қазақстан халық конгресі және 1992 жылы - Қазақстан халқының бірлігі одағы дүниеге келді. Бірақ партиялардың көбі ұйымдық тұрғыдан әлсіз, бағдарламасы бұлыңғыр, қолдаушы тобы аз болатын.Осы он сегіз жылдан астам уақыттан бері біздің еліміздегі партиялар саны да бірде азайып, бірде көбейіп өзгеріп отырды. Ол графикте айқын көрінеді.Әрине, саяси партиялар сандық тұрғыдан ғана өзгерген жоқ, олардың қызметіндегі сапалық өзгерістерді де байқаймыз. Бұл өзгерістер бір жағынан, уақыт талабынан, яғни партиялар қызметінің заңдық-құқықтық негіздеріндегі өзгерістерге байланысты туындап отырса, екінші жағынан партиялардың есею кезеңін бастарынан өткеріп, жетілгендігінің де дәлелі. Мысалы, 1999 жылы саяси партиялар санының күрт өсуі 1998 жылы Конституцияға, 1999 жылы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына енгiзiлген өзгерiс бойынша Парламент Мәжiлiсiнiң құрамы он депутаттық мандатқа кеңейтiлiп, бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша және бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайлау енгiзiлуіне байланысты. Жетi проценттiк кедергiден өткен саяси партия Парламент Мәжiлiсiнен орын алуға мүмкiндiк алды. Саяси партиялардың партиялық тiзiм бойынша президенттiк және парламенттiк сайлауға қатысу мүмкiндiгi, олардың қызметiнiң жандануына алып келдi.Ал 2002 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы Саяси партиялар туралы» заңда партияларды құру тәртібінің күшейтілуі (саяси партияның құрамында партияның барлық облыстардағы, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы әрқайсысында кемiнде жетi жүз партия мүшесi бар құрылымдық бөлiмшелерiнiң атынан өкiлдiк ететiн кем дегенде елу мың партия мүшесi болуы тиіс), керісінше партиялар санының азаюына алып келгені мәлім. Себебі, көптеген партиялар өз қатарына елу мың мүшені жылдам тартуға мүмкіндіктері болған жоқ.2004 және 2007 жылдардағы Парламент Мәжілісіне, 2005 жылғы Президенттік сайлаулар да партиялық алаңда біршама өзгерістер алып келді. 2006 жылы 4 шілде де кезектен тыс өткен IХ съезде «Отан» партиясы «Асар», кейін «Азаматтық» партияларымен бірікті. Осы өзгерістердің нәтижесінде партия аты да «Нұр Отан» болып өзгертілді. Сонымен қатар, қазіргі Қазақстанның «Азат» демократиялық партиясы «Нағыз Ақ жол» партиясы ретінде Қазақстанның Демократиялық партиясынан бөліну нәтижесінде 2005 жылдың 29 сәуірде дүниеге келді. 2006 жылы 10 қыркүйекте «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының негізінде Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) құрылды.Сөйтіп, күннен күнге әлеуметтік-саяси үдерістерде саяси партиялардың рөлі өсіп отыр. Ал 2007 жылғы Конституциялық реформа саяси жүйедегі саяси партиялар рөлін одан әрі күшейтті. 2007 жылы Қазақстан Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес Парламент Мәжілісін қалыптастырудың жаңа тәртібі енгізілді: 107 депутаттың 98 партиялық тізім бойынша жалпыұлттық сайлау округінен пропорционалдық негізде, ал 9 депутат Қазақстан халықтарының ассамблеясынан сайланады. Міне, осы өзгерістерге сай 2007 жылы өткізілген Парламент Мәжілісіне сайлау нәтижесінде «Нұр Отан» партиясы сайлаушылардың басым көпшілік дауысына, Мәжілістегі 98 депутаттық мандатқа ие болды. Мінеки, осы уақыттан бастап Қазақстандағы партиялық жүйені басым партиясы бар көппартиялық жүйе деп айтуға толық негіз бар. Яғни, қазақстандық парламент бірпартиялық негізде құрылды. Бұл да өз кезегінде еліміздегі саяси партиялардан белсенді қызметті талап етеді.Жалпы 2007 жыл тәуелсіз Қазақстан тарихында саяси жаңару жылы, әрі Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағалық ету туралы шешімнің қабылданған тарихи жыл екенін де айтып кетуіміз қажет. Себебі, осы шешім еліміздегі демократиялық үдерістерді одан әрі тереңдетіп дамытуды қажет етуде.Осы орайда, 2009 жылы «Қазақстан Республикасының партиялар туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі, партиялық алаңда қалыптасып отырған жағдайдың маңызды екенін көрсетеді. Саяси партиялар туралы заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар партиялар қызметініңұйымдық-құқықтық негізін халықаралық талаптарға сай жетілдіруге бағытталған. Әсіресе, саяси партияны құру, тіркеу талаптарының қайта қаралуы және «Саяси партияны қаржыландырудың көздерi және оның қаражатын пайдалану» туралы 18 бапқа қосымша 18-1 баптың қосылуы партиялар қызметін белсендірері сөзсіз. Әлемдік тәжірибеде кең өріс алып отырған партияларды мемлекеттік қаржыландыру мәселесі де шешілгендей. Себебі сайлау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде өкілдік ететін саяси партияларға мемлекеттік қаражат жыл сайын бөлінетін болды. Мінеки осы өзгерістер саяси-партиялық алаңдағы қарым-қатынастарды зерттеуді қажет етеді. Әрине, отандық зерттеушiлермен елiмiздегi партиялық жүйенiң қалыптасуы, оның даму тенденциясы туралы жүргiзiлген iзденiстер баршылық. Ол түсінікті де, себебі тәуелсіздігімізді алған уақыттан бері өмірдің өзі партиялық жүйенің қалыптасуында өзіндік бір ерекшеліктер тән екенін көрсетті.Тәуелсіз Қазақстандағы көппартиялық жүйенің қалыптасу кезеңдерінің өзі үлкен мәселе. 1990-2009 жылдар аралығында партиялық жүйеде күрт өзгерістер болмағанымен, отандық саяси партиялар өз дамуында бірігу және ыдырау үдерістерін бастарынан кешірді. Бір партиялар саяси алаңнан кетуге мәжбүр болса, ал екінші бір партиялар іріленіп өзінің рөлін нықтауға мүмкіндік алды. Партиялық жүйенің қалыптасу үдерісі әлі күнге дейін жалғасуда. Бірақ бірпартиялық жүйе келмеске кеткені анық.Сондықтан еліміздегі әртүрлі саяси көңіл-күйді білдіретін саяси партиялар туралы мәліметтерді жинақтап, бір жүйеге келтіру өте маңызды. 2009 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен ресми тіркеуден өткен он саяси партия қызмет жасауда. Олар «Қазақстанның «Азат» Демократиялық партиясы», «Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы», Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясы, «Әділет» Демократиялық партиясы, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы», «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы, «Руханият» партиясы, Қазақстанның Коммунистік партиясы, Қазақстанның коммунистік халық партиясы, Қазақстанның патриоттар партиясы. Сонымен қатар, ресми тіркелмегеніне қарамастан «Алға» партиясы да өз қызметін жалғастыруда.Мінеки, осы тұрғыдан алғанда бұл материалдар саясатқа қызығушылық танытатын кез келген оқырманға саяси партиялар қызметімен, олардың бағдарламаларымен танысуға мүмкіндік береді. Ал арнайы мемлекеттік, партиялық құрылымдар қызметкерлері үшін таптырмайтын көмекші құралға айналары сөзсіз.Әрине, Қазақстандық Саяси партиялар туралы анықтамалық жинақ шығарудағы бұл бірінші талпыныс емес. Бұған дейін де анықтамалық материалдар бірнеше рет жарық көрді, соларға қысқаша тоқталып кетелік. Алғашқы анықтама 1994 жылы жарық көргенБ. Аяғанов(жауапты редактор), Баймағамбетов С.З., Жұманова Г.Ж. және т.б. құрастырған «Қазіргі замандағы Қазақстанның саяси партиялары мен қоғамдық қозғалыстары» /Политические партии и общественные движения современного Казахстана. Справочник. Алматы, 1994 г./ атты екі бөлімнен тұратын жинақ. Жинақтың бірінші бөлімінің мазмұны екі тараудан тұрады деуге болады. Бірінші бөлімде авторлар партиялардың ашық қызмет жасауына негіз болып отырған Қазақстан Республикасының Конституциядан (1993 жылғы) және ҚазССР «ҚазССР қоғамдық қозғалыстар туралы» заңнан үзінділер берген. Келесі екінші бөлім сол кезеңде қызмет жасаған саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар туралы мәліметтерден және бағдарламамен, кейбір партиялардың жарғыларынан тұрады. Бірақ саяси партиялар бағдарламалары толығымен берілмеген.1995 жылы Қазақстанның даму институты бастамасымен дайындалған Қазақстандағы саяси партиялар әлеміне арналған жинақтың да /Бабакумаров Е., Булуктаев Ю., Кушербаев К. Казахстан сегодня: мир политических партий. - Алматы, 1995/ орны зор.Келесі анықтама 1998 жылы Ю.О. Булуктаев, С.В. Дьяченко, Л.И. Кармазинамен құрастырылған /Булуктаев Ю.Ю., Дьяченко С.А., Кармазина Л.И. Политические партии Казахстана: Справочник. 1998 год. – Алматы: ИПК, 1998./ Анықтама екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде авторлар Қазақстан Республикасында ресми тіркелген саяси партиялар қызметіне тарихи шолу мен олардың қызметіне қысқаша тоқталған. «Қазақстандағы саяси партиялар мен қозғалыстар 1988-1998 жылдардағы қызмет фактілері мен хроникасы» атты екінші бөлім алты қосымшадан тұрады.2000 жылы Дьяченко С.В., Сейдуманов С., Кармазина Л.И. құрастырған анықтама жарық көрді. /Политические партии Казахстана. Год 2000: Справочник / С.Дьяченко, Л.Кармазина, С.Сейдуманов.- Алматы, 2000.- 428 с./ Анықтамалық жинақта авторлар 2000 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде ресми тіркелген саяси партиялардың мақсат, міндеттерін, олардың жүргізіп отырған саяси курсын, тактикасы мен стратегиясын талдап көрсеткен. Сонымен бірге, саяси партиялар қызметінің заңдық негіздері және саяси партиялардың 1999 жылғы Парламент және мәслихат сайлауларына қатысуы туралы толық ақпарат берілген. Бірақ бұл анықтамада саяси партиялар бағдарламалары мен жарғылары берілмеген. 2004 жылы Г. Хасановамен дайындалған «Гендер және саяси партиялар» /Хасанова Г. Гендер и политические партии. А., 2004 г./ атты еңбек жарық көрді. Аталмыш еңбек саяси партиялар қызметі аясындағы гендерлік аспектіні зерттеген. Әрине, бірінші кезекте, гендерлік мәселелер талданып, 2004 жылғы уақытқа дейінгі саяси партиялар туралы қысқаша анықтамалық материал қосымша ретінде ғана берілген.Айта кеткен жөн, жоғарыда көрсетілген жинақтардың барлығы тек орыс тілінде жарияланған. Дегенмен, бұл жинақтар өз уақытында зерттеушілер үшін де, партиялық қызметкерлер үшін де пайдалы, әрі таптырмайтын көмекші әдістемелік құралға айналды.Жалпы бұл анықтамалық сипаттағы жинақтардан басқа Қазақстандағы қоғамды саяси трансформациялау, саяси жүйенi модернизациялау мәселелерi шеңберiнде саяси партиялар рөлі мәселесiн зерттеген отандық зерттеушiлер А.Х. Бижанов, Қ.С. Сұлтанов, И.Н. Тасмағамбетов, Т. Мұстафин, К.Н. Бұрханов, М.С. Әшімбаев, Ә.Қ. Бәкір, Ә.М. Жүнісов, А.Ш. Ишмухамедов, М.С. Машан, Е.М. Әбен еңбектерiнің де өзіндік орны бар.Ал саяси үдерiстегi саяси партиялар орнын анықтауда еліміздегі көппартиялықтың қалыптасуының әлеуметтік негіздерін, ерекшеліктерін зерттеуге арналған С.А. Дьяченко, Е.Ж. Бабақұмаров, Ю.О. Булуктаев, Г.Р. Нұрымбетова, А.Ж. Шоманов, Р.С. Сартаев, Л.И. Кармазина еңбектерiнің маңызы зор.Бірақ 2000 жылдан бері еліміздегі партиялық жүйедегі өзгерістерді көрсететін, жаңадан пайда болған партиялар қызметі туралы мәліметтер жүйелі түрде жарық көрген жоқ. Мінеки, осы кеңістікті толтыру мақсатында оқырман қауымға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде ресми тіркелген саяси партиялар құжаттары жинақталып көмекші анықтамалық-әдістемелік құрал ретінде ұсынылып отыр. Сондықтан ұсынылып отырған анықтама 2002 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының саяси партиялары туралы» заңнан кейін ресми тіркеуден өтіп, 2004 және 2007 жылдардағы Парламент Мәжілісі, 2003 және 2007 жылдардағы Мәслихат сайлауларына атсалысқан партиялар қызметі туралы мәліметтерге негізделген. Сонымен қатар, 2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына, 2004 жылғы 14 сәуірде, 2009 жылғы 9 ақпанда «Сайлау туралы» Конституциялық заңға, 2009 жылғы 6 ақпанда «Саяси партиялар туралы» заңға енгізілген өзгерістер мен түзетулер де ескерілген.Сонымен оқырман қауымға ұсынылып отырған анықтаманың жоғарыда көрсетілген анықтамалардан ерекшеліктері:Біріншіден, жинақтың екі тілде, мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалуы;Екіншіден, саяси партиялар бағдарламалары мен жарғылары мәтінінің толығымен берілуі;Үшіншіден, анықтамада жиі қолданған саяси партия мен партиялық жүйеге қатысты негізгі түсініктер анықтамасының берілуі; Төртіншіден, елбасының саяси жүйедегі саяси партиялардың орны туралы көзқарасының берілуі. Қазіргі заманғы Қазақстанның саяси партиялар туралы анықтамалық жинақ құрылымы:Бірінші бөлім: Қазақстандағы көппартиялық жүйенің қалыптасу үдерісі, Әділет Министрлігінде ресми тіркелген саяси партиялар қызметіне шолу жасау.Екінші бөлім: Қазақстан Республикасында саяси партиялар қызметінің заңдық-құқықтық негізіне қатысты материалдардан тұрады. Нақтылар болсақ, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» заңы (1996 ж., 2002 ж., 2009 жылғы түзетулер мен толықтырулар), «ҚР Сайлау туралы» заңы (толықтырулар мен өзгерістермен қоса), Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет» туралы заңы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы.

146. Қ.ның халықаралық аймақтық ұйымдарға қатысуы Орта Азия және Қазақстан мемлекеттері үшін үлкен саяси маңыз, 2000 жылдың жазында Душанбеде өткен Шанхай форумының бес мемлекеттер басшыларының кездесуі барысында бірқатар келісілген шешімдер мен бекітілген аймақтағы содырлық және терроризммен біріккен күресу жүргізу ерлігін атап өту жөн. Бұл Шанхай форумының аймақтағы қауіпсіздікке төндіретін жаңа қауіппен күресудегі потенциалын пайдалануына жақсы негіз қалыртастырады.2000 жылы терроризм, сепаратизм және экстермизммен күресу жөнінде Шанхай Конвенциясы қабылданды (Шанхай, 2001жыл 15 маусым). Конвенцияға сәйкес Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарлығының мақсаттары мен қағидаларын басшылыққа ала отырып, ең алдымен, халықаралық бейбітшілік және қауіпсіздікті сақтау, мемлекеттер арасында достық қатынастар мен ынтымақтастықты дамытуды көздейді; терроризм, сепаратизм және содырлық халықаралық бейбітшілік және қауіпсіздікке, мемлекеттер арасында достық қарым-қатынастардың дамуына, сонымен қатар адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға қауіпті екенін біле тұра; аталған құбылыстар Жақтардың аумақтық біртұтастығы мен қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіретінін, сонымен қатар олардың саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына қатер төндіретінін мойындай тұра; 1998 жылдың 3 шілдеде Алматы бірлескен мәлімдемесінің қағидаларын, 1999 жыл 25 тамыздың Бішкек Декларациясын, 2000 жыл 5 шілдегі Душанбе Декларациясы және 2001 жыл 15 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру туралы Декларациясын басшылыққа ала отырып, ланкестік әрекеттерді алдын-алу, ашу және бұлтартпау аясындағы ынтымақтастықты жүзеге асырады Қатысушы мемлекеттер қажетті болуы мүмкін шараларды қабылдайды. Яғни ланкестік актілер ішкі жағдайда саяси, философиялық, идеологиялық, ұлттық, этникалық, дәни немесе басқа аналогиялық сипаттағы ой – пікрлерімен аяқталмауын қамтамасыз етуді жүзеге асыру және егер мұндай әрекеттер орын алатын болса, олардың ауырлық деңгейіне сәйкес жаза қолдануды көздейді.2005 жылы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мүше мемлекеттері терроризм, сепаратизм және содырлықмен күресудегі ынтымақтастық концепциясын жобалаған. Концепция Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мүше мемлекеттері терроризм, сепаратизм және экстермизммен күресудегі, сонымен қатар оны жүзеге асыру механизмі аясындағы ынтымақтастықтың негізгі мақсаттарын, міндеттерін, қағидаларын, бағыттар мен нысандарын анықтайды. Концепция преамбуласында белгіленгендей ШЫҰ мүше мемлекеттері терроризм, сепаратизм және содырлықты былай анықтайды:- халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіреді, мемлекеттер арасында достық қарым-қатынастардың дамуына, сонымен қатар адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіреді;- ШЫҰ мүше мемлекеттерінің аумақтық біртұтастығы мен қауіпсіздігіне, сонымен қатар олардың саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына қауіп-қатер төндіреді;- Ланкестік актілер, олардың себептерін, олардың себептеріне байланыссыз, ешқандай жағдайда ақталуы мүмкін емес. Ал оларды жүзеге асыруда кінәлі ұйымдар мен тұлғалар жауапкершілікке тартылуы керек.Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мүше мемлекеттері Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарлығының мақсаттары мен қағидаларына ұстанушылығын, басқа да халықаралық бейбітшілік, қауіпсіздік және көрші достық қатынастардың дамуын, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сонымен қатар мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қолдауға байланысты жалпы танылған халықаралық құқық қағидалары мен нормаларын қолдайтынын бекітті [3].Концепцияға сәйкес, ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары болып мыналар табылады:- Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мүше мемлекеттері өз аумағында орналасқан республика азаматтары мен басқа тұлғаларды терроризм, содырлық және сепаратизм қауіптерінен қорғауды қамтамасыз ету;- Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мүше мемлекеттерінің антиланкестік потенциалын дамыту.Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мыналар:- Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мүше мемлекеттері терроризм, содырлық және сепаратизммен күресу аясында біртұтас саясатты қалыптастыру және атлмыш қызметті мемлекетаралық үйлестіруін жүзеге асыру;- Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мүше мемлекеттерімен тиым салынған террористік, сепаратистік және экстремистік ұйымдардың қызметін тоқтатуға байланысты бірыңғай жоспарды құру, соның ішінде аталмыш ұйымдардың тізімін құрып, олардың қаржылық капиталдары мен мүліктерін конфискациялауды жүзеге асыру;- Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мүше мемлекеттерінің антиланкестік потенциалын жүзеге асыру мен дамытуды қамтамасыз ету;- Терроризм, сепаратизм және содырлық сипаттағы қызметі үшін жазаның мызғымастығы мен қайтарымсыздығын қамтамасыз ету;- Террористік сипаттағы қылмыстарды жасағаны үшін немесе жасады деп сезіктелген халықаралық іздеуге жарияланған тұлғалардың бірыңғай іздеу реестрін құру және жүргізу;- Терроризм, сепаратизм және содырлықпен күресуде ынтымақтастықтың құқықтық негіздерін дамыту;- Терроризм, сепаратизм және содырлықпен күресуде мемлекетаралық шаралр жүйесін қалыптастыру және жүзеге асыру [4].Жан-жақты ынтымақтастықтың қағидаларына сүйене отырып, 2000 жылы Ташкентте Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасында «Терроризммен, саяси және діни содырлықмен, ұйымасқан трансұлттық қылмыстылықпен және Жақтардың тұрақтылығы мен қауіпсіздігі қауіптерімен күресудегі біріккен қызмет жөнінде» Келісімге қол қойылды. Келісімге сәйкес, Жақтар мемлекеттердің бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, адам құқықтарының бұзылуына, қоғамның бостандықтар мен демократиялық негіздерін таптауға әкелетін терроризм, содырлық және барлық нысандардағы ұйымдасқан трансұлттық қылмыстылықтың даму тенденциясы мен көлемінің өсуімен толғанатындығын жариялады. Мүше мемлекеттер азаматтардың өміріне, құқықтары мен заңды көзқарастарына, мемлекеттердің аумақтық біртұтастығы мен егемендігіне қылмыстық қолсұғушылықтан мықты қорғануды қамтамасыз ету ұмтылысын айқындады; олар саяси, идеологиялық , ұлттық-этникалық діни немесе басқа сипаттағы ой-толқындары ақталуы мүмкін емес терроризмді, саяси және діни содырлықді бірауыздан ұсынады; ланкестер мен экстремистерге баспана беруге немесе олардың шарттарына көнуге қарсы тұратындығын жариялады да, оған қоса жасаған әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға ұмтылатынын және осы мақсаттарға орай мүдделі мемлекеттерге қылмыскерді беру туралы халықаралық шарттардың негізінде тапсыруды шешті. Жақтардыңынтымақтастығы олардың Орталық құзіретті органдары арқылы жүзеге асырылады.Келісімнің 6 бабына сәйкес мүше мемлекеттер өз елдерінің заңнамаларына сәйкес келесі қылмыстық әрекеттерді алдын-алу, ашу, бұлтартпау және тергеуде ынтымақтасуға міндеттеледі: терроризм - тұтқындарды ұстау, диверсия, ұйымдасқан қылмыстылық пен басқа да қоғамдық қауіпсіздікке қауіпті қолсұғушылық; - әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік және діни қайшылықтарды жандандыру;- саяси және діни экстремистік актілер;-қару-жарақтардың, әскери құрылғылардың, жарылғыш заттар мен құралдардың, радиоактивті материалдардың заңсыз айналымы;- есірткі заттардың және психотропты заттардың заңсыз айналымы;- автокөлік құралдарымен байланысты заңсыз операциялар;-жақтардың ынтымақтастығын қажет ететін басқа да ұйымдасқан трансұлттық қылмыстылық нысандары.Қазақстанның аймақтық ынтымақтастық шеңберінде терроризм және содырлықпен күресу аясындағы халықаралық ынтымақтастығы күшейе түсуде. Қазіргі таңда Қазақстандық мамандардың аталмыш аядағы бірқатар Батыс және Азия мемлекеттерінде тәжірибе алмасу мен оқыту жөнінде келісімдерді бекіту туралы мәселе қарастырылып жатыр. Республикада заңнама деңгейінде үлкен жұмыс өткізіліп жатыр. Қазақстан терроризммен күресуде бірқатар маңызды көрсеткіштерге қол жеткізді. Ланкестік әрекеттердің ошақтарына тиесілі болмаған Қазақстан АҚШ, Ауғанстан, Ирактағы орын алған оқиғалардан бұрын барлық ланкестік әрекеттерден азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын бірқатар нормативтік актілерді қабылдаған.Орта Азия мемлекеттері сүйенетін орталық құжат болып «Терроризммен күресудегі құқықтық нормалар мен адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша» Халықаралық Заңгерлер Комиссиясының Декларациясы (Берлин Декларациясы) табылады. Алматыда Британиялық Соғыс және Бейбітшілік Институтының ұйымдастыруымен «Орталық Азиядағы терроризм: можахедтер кімдер» деген тақырыпта дөңгелек стөл жиыны болып өтті. Бұған Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген сарапшы мамандар, мемелекеттік құрылым қызметкерлері,саясаткерлер және дипломатиялық елшіліктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.Қазақстанның одан әрі дамуы мен азаматтарының әл-ауқатының негізгі шарттары ұлттық қауіпсіздік және егемендік болып табылады. Біздің мемлекетіміз қазіргі заманғы қауіп-қатерлер: халықаралық терроризм, діни лаңкестік, есірткі саудасы, заңсыз көшіп-қонуға барынша әрекет етуі тиіс. Партия көршілес мемлекеттер мен әлемнің жетекші ірі елдерімен өзара тиімді ынтымақтастыққа және тұрақтылық, серіктестік қатынастарға негізделген көпсалалы саясатты қолдайды. Қазақстанның сыртқы саясаты өзіндік ұлттық мүдделер негізінде қалыптасып, одан әрі экономикалық, саяси даму үшін қолайлы сыртқы орта қалыптастыруға бағытталуы тиіс, сондай-ақ, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен халықаралық беделін қамтамасыз етуі қажет. Теңдік және өзара тиімділік, халықаралық құқық нормаларының мүлтіксіз сақталуы жағдайында барлық елдермен және халықаралық ұйымдармен табысты өзара қатынас жасауды жақтайды.

147.Қ.халқының Ассаблеясы мен ФорумдарыАссамблеясын құру туралы» Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 ж. наурыздың 1 құрылған.ҚХА-ның мақсаты — республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақты қамтамасыз ететін іс-тәжірибелік ұсыныстарды ойластыру, ҚР Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу.Ассамблея:мәдени-ағартушылық — тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту және насихаттау;тәрбиелік — қазақстандық және ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру;ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту;Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайында ісімен айналысады.Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі бар. ҚХА-на мүшелікке кандидаттарды тең арақатынас қағидасы бойынша жергілікті жерлердегі Қазақстан халықының кіші Ассамблеясы, республикалық және аймақтық ұлттық-мәдени бірлестіктер, Ассамблея Кеңесінің мүшелері ұсынады. ҚХА-ның төрағасы — ҚР Президенті. Ол Ассамблея мүшелерінің ұсынысы бойынша төрағаның екі орынбасарын тағайындайды. Ассамблея мәжілістері арасындағы жұмысты ҚР Президентінің шешімімен Ассамблея кеңесі жүргізеді. ҚХА кеңесі ұлттық-мәдени орталықтар, ардагерлер кеңесі өкілдерінен, кіші Ассамблея жетекшілерінен, сондай-ақ, Ассамблеяға мүше басқа тұлғалардан құралады.ҚХА-н құру идеясын алғаш рет ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 ж. тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халықтарының 1-форумында ұсынды.ҚХА 2003 ж. дейін қызметі барысында 9 сессия өткізілді. ҚХА Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халықтардың мәдениетін, тілін дамытуға қолайлы жағдай жасау бағытында Қазақстан халықтарының фестивальдерін, тілдер фестивальдерін, жексенбілік мектеп окушыларының мемлекеттік тіл мен ана тілін білу дәрежесін анықтайтын байқауларын, тіл саясаты мәселелері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар, т.б. өткізеді.Ассамблея Кеңесінің мүшелері жетекшілік ететін республикалық, аймақтық және қалалық Ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істейді. Әзірбайжан, айсор, юнан, ингуш, неміс, шешен, поляк, т.б. халықтардың ұлттық мәдени орталықтарының жексенбілік мектептері бар. ҚХА Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының құрылымдарымен тығыз іскерлік байланыстар орнатқан. Осы ұйымның қолдауымен Ассамблея үлтаралық қатынастар мәселелерін зерттейтін талдау орталығын құрды.2007 ж. Конституцияға еңгізілген түзетулер бойынша ҚР Парламент Мәжілісіне ҚХА 9 депутат сайлайды.8 қараша күні сағат 10.00-де, Астана қаласында, «Думан» қонақ үй кешенінің бизнес орталығында («Парламент» залында) бірінші рет Қазақстан халқы Ассамблеясының Әлеуметтік жауапкершілік форумы өтеді.Форум Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен Мемлекет басшысының ҚХА-ның ХVI және ХVII сессияларында берген Ассамблеяның Қазақстанды индустриалды-инновациялық дамыту және әлеуметтік жаңғырту процесіндегі рөлін күшейту бойынша тапсырмаларын орындау мақсатында өткізіліп отыр.Форумның мақсаты: бизнес-қауымдастықты этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету бойынша азаматтық процесске, Қазақстан этностарының тарихи шығу елдерімен байланысын пайдалана отырып инновациялық экономиканы дамытуға тарту.Форум 3 секциялы кең көлемді көрменің таныстырылымымен ашылады, онда: этномәдени бірлестіктердің бизнес, ауыл шаруашылығы, индустриалды-инновациялық даму салаларындағы 60-тан аса жобасы, ҚХА-ның әлеуметтік қолдау және қоғамды әлеуметтік жаңғыртуға қатысуы бойынша 20 жобасы, сондай-ақ бірегей қолөнер бұйымдары мен шеберлік жұмыстарының жаппай сатылымы ұйымдастырылатын этномәдени бірлестіктердің қызметінде қолданбалы қолөнерді дамыту саласындағы 20 жоба таныстырылады. Сонымен қатар, көрмеде Астана қаласының белгілі «EXPO-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығын жеңіп алуға өтінімін насихаттау бойынша ақпарат ұсынылатын болады.Форумның пленарлық отырысының модераторы ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов. Пленарлық отырыс барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Өрентайұлы Исекешевтың, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-ның басқарушы директоры Ерлан Сапарұлы Байжановтың, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, «Қазақстан украиндары Радасы» одағының төрағасы Юрий Евгеньевич Тимощенконың, республикалық этномәдени бірлестік басшыларының, аймақтық этномәдени бірлестіктер мен басқа да ұйымдар басшыларының баяндамасы жоспарлануда.Шараның қорытындысы бойынша Ассамблеяның Әлеуметтік жауапкершілік форумының ұсынымдары қабылданады.Форум аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастығының бірінші жиналысы өтеді, онда ҚХА-ның жаңа құрылымына мүшелік, жұмыс басымдықтары және басқа да ұйымдастырушылық мәселелер талқыланады.Форум жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары; Индустрия және жаңа технологиялар, Ауыл шаруашылығы, Байланыс және ақпарат, Экономикалық даму және сауда министрліктерінің; мемлекеттік компаниялар мен даму қаржы институттарының өкілдері; облыстар, Астана және Алматы қалалары ҚХА хатшылықтарының меңгерушілері; этномәдени бірлестіктердің кәсіпкерлері, Қазақстанның барлық аймақтарынан келген қолөнер шеберлері; ҮЕҰ, БАҚ өкілдері қатысады.

148.Қ.Р.Қарулы күштерін құру ж/е модернизациялауҚазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қарулы күштерді модернизациялаудың бірінші кезеңін алдағы үш жылда аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін келісім-шарт негізінде борышын өтеуші әскери қызметкерлермен кездесу барысында әскери мекеменің басшысы Даниал Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі. "Біз үш жыл ішінде біздің әскерімізді модернизациялаудың бірінші кезеңін аяқтауды жоспарлап отырмыз, бұл бізге жақсы қаруланған және біздің еліміздің шебін қорғаудағы міндеттерді атқара алатын жағдайдағы мобильді армия құруға мүмкіндік береді",- деді Даниал ахметов. Қорғаныс министрі, "сатып алынып жатқан және де алдағы жылдары сатып алынатын жаңа қару-жарақтар мен жаңа техникалар ең алдымен тұрақты әскери дайындық бөлімшелеріне жөнелтілетін болады", деп атап көрсетті. Атап айтқанда, оның сөздеріне сүйенсек, 62 ресейлік БТР-80А бронетранспортерін осы жылы, осыншалықты жаңа БТР келесі жылы сатып алу жоспарланған. Бір БТР-дің құны, Даниал Ахметовтың мәліметтеріне сүйенсек, 1 млн АҚШ долларын құрайды. Сонымен қатар, министр осы жылдың ішінде қазақстандық армия қару-жарағының есебінде тұрған Т-72 танкілері жаңартылатындығын, модернизация бұл машинаның атуды басқару жүйесі мен қозғалтқыш бөлігіне қатысты екендігін атап өтті. Д. Ахметов, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің осы жылы әскери дайындыққа кеткен шығыны 10 млрд 600 млн теңгеден асып жығылатындығын хабарлады. "Бастапқыда 2007 жылғы әскери дайындыққа 3,9 млрд теңге қарастырылған болатын. Біз осы жылдың бюджетіне талдау жасай отырып, әскери дайындықтың сапасын жақсарту үшін қосымша 3 млрд 095 млн теңге қарастырдық. Нәтижесінде біз оларды 12 Л-39 ұшағын күрделі жөндеуден өткізуге жібереміз, МиГ-31 әуе тренажерларын аламыз, әуе қорғаныс күштері үшін жанар-жағармай сатып аламыз, ал үстіміздегі жылы әскери дайындыққа кеткен жалпы шығын 10 млрд 600 млн теңгеден астам қаржыны құрайды",- деп түсіндірді министр.

149.Астана – Қазақстан Республикасының астанасы.(1997 жылдың 10 желтоқсанынан). 2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, халқының саны 697 257 адамды құрайды. Халық саны жағынан бұл қала Қазақстанда Алматыдан кейін екінші орында. Қаланың байырғы атаулары – Ақмола (1830-дан 1961 жылдарға дейін), Целиноград – 1961-ден 1992 жылдарға дейін, Ақмола – 1992-ден 1998 жылға дейін. Жағрапиясы.Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.Қала аймағының жер-бедері тегістелген. Қаланың климаты шұғыл континеттік. Астана қаласындағы негізгі әрі маңызды сулы артериясы Есіл өзені болып табылады, және оның екі арнасы Сарыбұлақ пен Ақбұлақ. Астанадан 25-30 шақырым радиуста тұщы және ащы көлдер көп. Қала аумағы – 71 мың га. Табиғаты Қоңыржай шұғыл континеттік. Жазы ыстық әрі құрғақ, қысы аязды әрі ұзақ. Жылдық орта температурасы 3,1 °C. Жылдық жауын-шашын көлемі 300 мм. Жаздың ыстығы 40 °C –тан асып кете алса, қыстың суығы – 50 °C-қа дейін төмендейді. Қысының суығы сібір аязына таяса, жаздыгүні Орта Азияның ыстық қапырығы байқалады. Халқы2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, қаланың халық саны 697,3 мың адамды құрайды. 2009 жылдың көрсеткіштерінде Астана қаласының миграциялық сальдосы 31 908 адамды құрады – бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш. Қалаға жасалған миграциялық толқындар негізінен Қазақстанның өзге аймақтарынан болады. Астана адам капиталын тарту жағынан және тұрғындарының табысы жағынан елдегі көшбасшы қала болып келеді. Ұлттық құрамы: қазақтар, орыстар, украиндар, татарлар, армяндар, әзірбайжандар, еврейлер, белорустар, грузиндер, молдавандар, тәжіктер, өзбектер және т.б. Қазақстан астанасының тарихыАстана өн бойына халықтың күші мен қайратын жинап, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналған Елордасы. 1997 жылдың 10 желтоқсанында Президент Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға (ол кезде Ақмола) көшті. Бұл шешімге көптеген себептер болды, негізінен елдің экономикалық және геосаяси мүддесіне байланысты. Астана ел аумағы ортасында орналасып, Еуропа мен Азияға көпір болып тұр. Қала елдегі экономикалық ірі аймақтардан алшақ жатыр. Өнідірісі дамыған болуы, аграрлы инфрақұрылымының болуы, маңызды транспорттық торап мәртебесі, жағымды экономикалық жағдайда болуы, үйлесімді табиғаты мен халық санының аз болуы – міне, осы факторлардың барлығы аталған қаланың астаналық мәртебесіне сай келіп, оның дамуына түрткі болды.Қала күні жыл сайын 6 шілдеде атап өтіледі. Астана белсенді дамып жатқан қоғамның сөресіне айналды. Қаланы Есіл өзені бөліп жатыр. Онда баяу қозалыспен катерлер жүзеді. Осыдан біраз жылдар бұрын ғана мұнда саусақпен санарлықтай он қабатты үйлер болған. Ал қазірде мұнда 70 метр және одан да зәулім үйлер көп. Жыл өткен сайын Астана қызмет көрсету саласы дамыған ірі мегапоислке айналып келеді. Жүздеген кафелер мен мейрамханалар, дүкендер, көңіл көтеру ошақтары мен сауда үйлері ашылды. Бүгінгі Астана – жедел қарқынмен дамып жатқан заманауи қала. Сәулет өнеріне келсек, еуропалық және шығыстық үлгілердің жағымды дәстүрлері байқалады. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде қаланың халқы үш есеге артты. Аз уақытта қаланың бет-бейнесі де айтарлықтай өзгерді. Қаланың архитектуралық бейнесін қалыптастырар сәтте Нұрсұлтан Назарбаевтың оған еуразиялық рең беру қажет деген ұсынысы ескерілді. Құрылыс барысында еуропалық технологиялар пайдаланылды. Сонымен қатар оған жергілікті және түркиялық, италиялық, француздық және швейцариялық компаниялар атсалысты. Жеделдетілген құрылыс қарқыны 6-7 жылдың шамасында Қазақстанның даласынан заманауи модернизацияланған, қайталнбас бейнесі бар қала тұрғызуға мүмкіндік берді. ЭкономикаҚаланың экономикасының негізін құрайтындар: сауда, көлік, байланыс және құрылыс. Қазақстан экономикасының сауда саласындағы жалпы өнімге салатын үлесі жағынан Астана еліміздегі маңызы бар облыстар мен қалалар арасында Алматыдан кейінгі екінші орынды алады. Астана және Алматы қалаларының біріккен аймақтық өнімі Қазақстанның сауда саласының тең жартысын алып отыр. Сондай-ақ, бөлшек сауда айналымы бойынша Астана еліміз бойынша екінші орында тұр. Астана республикада құрылыс жағынан да алға озып келеді. 2009 жылы елде пайдалануға берілген құрылыс нысандарының бестен бір бөлігі осы өңірдің үлесіне тиеді. Соңғы бес жыл көлемінде қолдануға берілген үйлердің көлемі бойынша да Астана алда келе жатыр.Қаланың өндірістік әлеуеті негізінен құрылыс бұйымдарын, тамақ өнімдері/сусындар және машина жасау салаларына бағытталған. Астана Қазақстан бойынша құрылысқа арналған темір бұйымдарын, бетон, қолдануға дайын бетон, бетоннан жасалған заттар шығару жағынан жетекші орынды алады. Сонымен бірге, құрылысқа арналған темір құрылғылар, радиатор, орталық жылу қазандық, көтергіш-көлік құрылғыларын жасау жағынан да басым үлеске ие. Қаланың жалпы аймақтық өнімінің 22 пайызын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері толықтырып отыр. Инвесторларды тарту және бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындар ашу үшін қалада "Астана – жаңа қала» атты арнайы экономикалық белдеу (АЭБ) құрылған. АЭБ негізінде салық және кедендік жеңілдіктер қарастыратын құқықтық тәртіп енгізілген. АЭБ аймағында әртүрлі бағыттағы бағдарламалар жұмыс істейді. Қаланың дамуы өндірістің жаңа әрі ірі көлемі бойынша бәсекеге қабілетті экономика құруға, оның ішінде қаланың жалпы аймақтық өнімі мен туризм саласын дамытуға мүмкіндік беретін шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласын дамытуға бағытталған. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың №67 Бұйрығымен 2006 жылдың 17 наурызынан бастап 2003 жылға дейін қаланың тұрақты дамыту стратегиялық жоспары бекітілген. Аталған жоспарды қаланы тұрақты дамыту орталығы жүзеге асырды. МәдениетіСондай-ақ, қалада бес жоғарғы оқу орны, Ақмола облыстық филармониясы, мұражай (тарихи-аймақтану мұражайы, қолданбалы өнер мұражайы), театрлар (К.Бәйсейтова атындағы ұлттық опера және балет театры, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драмалық театры, М.Горький атындағы орыс драмалық театры), кітапханалар жұмыс істейді. Қаланың мәдени-ағарту орындарына, сонымен бірге, Конгресс-холл, Жастар сарайы, Президенттің Мәдениет Орталығы, «Шабыт» шығармашылық сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайын жатқызуға болады. Бәйтерек монументі қаланың басты символы болып саналады.

150.Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы.ЕҚЫҰ-ның 2010ж.желтоқсанда Астана қаласында өткен Саммиті және оның маңызы.Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға өз тәуелсіздігін алғаннан кейін көп уақыт өтпей-ақ, яғни 1992 жылдың қаңтар айында мүше болды. ЕҚЫҰ – Солтүстік Америка, Еуропа мен Орталық Азияның 56 мемлекетінің басын біріктіріп отырған әлемдік деңгейдегі іргелі ұйым. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мәселесі алғаш рет осы ұйымның Тұрақты кеңесінің 2003 жылы 18 ақпанда өткен жиналысында айтылды. Ал Қазақстанның төраға болуына қатысты шешім 2007 жылы желтоқсанда Мадридте өткен ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлері кеңесінде қабылданды. Сөйтіп 2010 жыл еліміз тарихындағы жарқын парақтардың бірі болып қалмақ. Бұл оқиғаның саяси маңызы – ЕҚЫҰ тарихында тұңғыш рет бұл ұйымға ортаазиялық мемлекет төрағалық етуінде. Және Қазақстан – қазіргі таңда ТМД кеңістігінде бұл ұйымға төраға болған бірден-бір мемлекет.Иә, Президент Н. Назарбаевтың ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің биыл шілде айында Алатау баурайында өткен бейресми кездесуінде сөйлеген сөзінде айтылғандай, ұйым құрылған 1975 жылы, сол тұста әлі әлемнің саяси картасында орын алмаған Қазақстан тәрізді мемлекеттің 35 жылдан кейін оны басқаратыны, сірә, ешкімнің қиялында болмаған шығар.Әскери-саяси өлшем.Қазіргі таңда Қазақстан ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы ретінде және серіктерінің белсенді қолдауымен құрлықтар мен өркениеттер арасындағы дәнекерлік дәстүрлерін қайта жаңғыртуда. Тарих үшін тым қысқа уақыт ішінде дүние жүзі мүлдем өзгеше сипат алды. Геосаяси ахуал жаңарып, халықаралық қатынастардың мәні өзгерді, трансұлттық қауіп-қатерлердің жаңа түрлері пайда болды. Бұл ретте ЕҚЫҰ-ның заман талабына сай болуы аса маңызды. Осыған байланысты біз артықшылықтарымызды айқындап, жаңа қауіп-қатерлерге төтеп беретін қарымта жауаптарымызды белгілеуіміз керек.Қазақстан төрағалығы ЕҚЫҰ-ның үш өлшемі аясында, төрт «Т»-дан тұратын – «траст» (сенім), «традишн» (дәстүр), «транспаренси» (ашықтық) және «толеранс» (төзімділік) деп жария етілген ұрандар рухында барлық мәлімделген басымдықтар бойынша жүзеге асырылуда. Өз төрағалығы тұсында Қазақстан еуропалық қауіпсіздік ұғымы континенттік аядан әлдеқайда шығып тұратыны туралы тезисті дәйектілікпен және белсенді түрде ілгерілетуде. Соның нәтижесінде бүгінде ЕҚЫҰ еуроатлантикалық және еуразиялық қауіпсіздік ұғымдарын нақты пайдалануда.ЕҚЫҰ-ның байтақ кеңістігіндегі күрделі әскери-саяси жағдайды ескере отырып, Қазақстан өз төрағалығы тұсындағы қызметін дағдарыстық жағдайларды болдырмау және реттеу жөніндегі ЕҚЫҰ мүмкіндігін күшейтуге бағыттады. Бұл саясат ЕҚЫҰ Қырғызстандағы дағдарысқа кез болған жағдайда өзін-өзі ақтап шықты. Қазақстан ЕҚЫҰ жауапкершілігі аймағынан тыс пайда болатын қауіпсіздік мәселелеріне жаңа көзқараспен қарай бастағанын атап өту қажет, бұл Ауғанстанды бейбіт өмірге қайта әкелудегі ЕҚЫҰ-ның көмек көрсетуінің мүмкін жолдарын белсенді ізденісте, сонымен қатар ынтымақтастық бойынша ЕҚЫҰ-ның Азиялық және Жерорта серіктестерімен диалогтың күшейтілуінде көрініс тапты. ЕҚЫҰ-ның әскери-саяси өлшемінің күшеюіне дем берген Қазақстандық төрағалықтың басқа ерекше элементі - басты халықаралық ұйымдарымен, соның ішінде БҰҰ, ЕО, НАТО, ТМД, КҚТКҰ (ОДКБ) және АӨСШК-мен интенсивті, іс жүзіндегі қайтарымға бағытталған диалог пен әрекеттесуді іске асыруы болып табылды. Соңғы 7 ай ішіндегі әскери-саяси өлшемінің шеңберіндегі басты шараның бірі Қазақстан Республикасының төрағалығымен өткен Қауіпсіздік саласындағы мәселелерге шолу жөніндегі жыл сайынғы конференция (Вена, 14-16 маусым) болды. ЕҚЫҰ-ның бірінші өлшемін күшейту мақсатына сәйкес, Қазақстан Ұйымға мүше мемлекеттер соңғы жылдары көтеріп келе жатқан бұл негізгі форумның жұмыс сессияларын кеңейту және жиі өткізу жөніндегі мәселенің шешімін табуына қол жеткізді. Қауіпсіздік саласындағы мәселелерге шолу жөніндегі жыл сайынғы конференцияның маңызы Қазақстан төрағалығының жоғары деңгейімен аталып өтті.Қазақстан төрағалығы тұсында жасалған жұмыстардың бірі – «Корфу үдерісі» аясында Вена кеңестерінің нәтижелері қару-жарақты таратпауды жіті бақылауда ұстау мен сенім шараларын күшейтудің маңыздылығын көрсетті. одан әргі жұмысымыз үшін консенсустық салаларды анықтауда прогреске қол жеткізе алдық. Әскери-саяси қауіпсіздік мәселелерін талқылау Қазақстан төрағалығы барысында нақты көрініс тапқан «Корфу процесі» шеңберіндегі еуро-атлантикалық және еуразиялық қауіпсіздіктің болашағы жөніндегі диалогтың негізі болып табылады. Қабылданған бағдарламаға сәйкес, алғашқы жартыжылдықта сегіз кездесу, екі көшпелі семинар, соның ішінде қақтығыс, трансұлттық қатер, қарулануды бақылау және сенім мен қауіпсіздік шараларын күшейту тақырыбында да семинарлар мен кездесулер өткізілген. «Корфу процесінің» формалды емес және ашық сипаты әр түрлі идеялар мен ұсыныстардың пайда болуына, атап айтқанда, кәдімгі қаруландыруды бақылау тәртібінің әрекет етуін қайта орнату, Вена құжатын қазіргі заманға сай жаңартуды, таратпауды реттейтін ЕҚЫҰ қағидаларының жаңарту мүмкіндігін туғызды. Барлық көтерілген ұсыныстар Венадағы (5 шілде) Тұрақты кеңес және Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі форумда және Алматыда (16-17 шілдеде) ЕҚЫҰ-ның бейресми СІМК-де талқыланған қазақстандық төрағалықтың аралық есебінде көрініс тапты.Қазақстан төрағалығымен өткен 7 айдың барысында ЕҚЫҰ-ның жауапкершілік аймағындағы «созылмалы» қақтығыстарды реттеу жөніндегі келіссөз форматтары дәйектілікпен ілгерілетілді. «Созылмалы» қақтығыстар жөніндегі Арнаулы өкіл белсенді жұмыс істеуде. Әзірбайжанның, Арменияның президенттерімен Таулы Қарабақ проблемалары бойынша бірқатар кездесулер өткізілді. Қазақстан Ресей Президенті Д. Медведевтің әзірбайжан-армян қақтығысын реттеу жөніндегі күш-жігеріне қолдау білдірді. Ұйымға мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің Алматыдағы бейресми кездесуінің аясында ЕҚЫҰ-ның Таулы Қарабақ бойынша Минск тобы теңтөрағаларының отырысы өтіп, бірқатар мәселелер бойынша пікірлер алмасылды.Қазақстан төрағалығы тұсында маңыз берілген мәселенің бірі – Ауғанстандағы жағдай. ЕҚЫҰ-ның Ауғанстанға қатысты жаңа стратегиясының қажет екендігіне еш күмән жоқ. Бұл елді нәрлендіру жөніндегі халықаралық күш-жігерді арттыра түсуі қажет. Лондондағы халықаралық конференцияда қуатталған, Ауғанстандағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жауапкершілігін жергілікті билікке кезең-кезеңмен беруді көздейтін бастаманың зор маңызы бар. Елде Талибанды қоса алғанда барлық саяси күштер спектрінің өкілдерін бейбіт өмірге қайта кіріктіру жолымен қантөгісті тоқтату мақсатындағы Кабулдың бағыты да қолдауға лайық. Бұл ел экономикасының түрлі салалары үшін білікті кадрлар штатын құру Ауғанстанның өткір қажеттілігі болып табылады. Сондықтан да Қазақстанда ауған азаматтарын еліміздің жоғары оқу орындарында оқыту жөніндегі, құны 50 миллион долларлық білім бағдарламасын іске асыру басталды. Соған сәйкес 2010-2018 жылдары Қазақстанда мың ауған студенті оқытылады. Қазақ елі ауған жастарына сапалы білім алу мүмкіндігін беріп, бұл елді нәрлендіру үдерісіне ғана емес, сонымен бірге экстремизм және лаңкестік идеологиясының таралуын қысқартуға маңызды үлес қосатыны даусыз.Қазақстан төрағалығы тұсында көршілес ел Қырғызстандағы саяси жағдайдың шиеленісуі де үлкен сынақ болды. Ұйымның тиімділігіне Қырғызстандағы саяси дағдарыс елеулі сынақ болды. Соңғы 5 жылдағы екі мемлекеттік төңкерістің басты себептері экономиканың дамымағандығы, халықтың кедейлігі, билік тіктемесінің әлсіздігі және мемлекеттің қалыптасу кезеңіндегі демократиялық институттардың тұрлаусыздығы болды. Қазақстанның әлемдік көшбасшылармен келісілген күш-жігері бұл елдегі кең ауқымды азамат соғысының қаупіне жол бермеді. Шекаралас, бауырлас ел ретінде Қазақстан бұл елге гуманитарлық көмек жіберіп, арнайы конференция ұйымдастырды. Қазақстан төрағалығы өз құзырының аясында әрекет етіп, ЕҚЫҰ-ның БҰҰ-мен және Еуропа Одағымен қажетті өзара ықпалдастығын қамтамасыз етті. Бұл посткеңестік кеңістікте қақтығысты бірлескен тиімді реттеудің алғашқы тәжірибесі болды. Жалпы, Қазақстанның төрағалық етуі ЕҚЫҰ-ның құрылымдарын, біріншіден қауіпсіздіктің әскери емес аспектілерінде мамандандырылған Полициялық қызметтің стратегиялық мәселелері бойынша бөлім мен Лаңкестікке қарсы бөлімшелерінде қолдауларына айрықша көңіл бөлуде. Осы жылы аталмыш бөлімшелер басшыларының Қазақстанға жұмыс сапарлары ұйымдастырылды. Алдағы саммитке дайындық шеңберінде ЕҚЫҰ-ның лаңкестікке және есірткі айналымына қарсы күресінің рөлін оңтайландыру тиісті өріс алуы тиіс.Жаңа сыңдарға және қауіп-қатерлерге қарсы тұруға жол бермеу контекстінде Іс басындағы төрағалықтың басымды бағыты болып ЕҚЫҰ-ның шекаралық қауіпсіздігі және бақылау әлеуетін бекітуі болып табылады. Орталық Азия және Ауғанстан елдерінің шекара кадрларын дайындауға арналған Ұйымның Душанбедегі ЕҚЫҰ-ның шекаралық колледжін дамытуға зор мән берілуде. . ЕҚЫҰ-ның сыртқы қатынастарын бекіту бойынша Қазақстанның төрағалық ету жігерінің маңызды нәтижелерінің бірі Алматы қаласында ұйымдастырылған Еуроатлантика және Еуразиядағы қауіпсізідік сұрақтарымен айналысатын маңызды халықаралық ұйымдардың – БҰҰ, ЕҚЫҰ, НАТО, ЕО, Еуропа Кеңесі, ТМД, ҰҚКҰ және АӘСШК басшы/өкілдерінің бейресми кездесуі болып табылды. Кездесу барысында іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуын қатысушылар қазақстандық төрағалықтың жетістігі деп бағалады және де қауіпсіздік жөнінде өзекті проблемалар бойынша, сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы аталмыш құрылымдардың тұжырымдамалары туралы өзара ақпарат алмасу жөнінде ашық және баянды ой-пікірлер алмасты.

151.Қазіргі Қазақстанның сыртқысаяси басым бағыттары.Қазақстан экономикалық реформаларды және сыртқы саяси басымдықтарды жүзеге асыру мәселелерінде Орталық Азиядағы көшбасшы ел.Бүгінгі күні елімізде 75 елшілік пен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істейді.Тек биылғы жылдың өзінде Астанада шетелдердің 12 елшілігі ашылды.Олардың бесеуі жаңадан ашылса,жетеуі Алматыдан көшіп келген.Осындай басымдықтардың бірі Ресей Федерациясымен одақтастық қарым-қатынастарды нығайту болып табылады.ҚХР-мен стратегиялық байланыстар тереңдей түсуде.Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықты арттыру қазақстандық сыртқы саясаттың маңызды бағыты болып қала бермек.АҚШ-пен стретегиялық әріптестік кеңейтілмек.Еуропа елдерімен және Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты жандандыру мақсатында Қазақстан Президенті ағымдағы жылы «Еуропаға жол»мемлекеттік бағдарламасын бекітті.Н.Назарбаев ислам әлемінің ажырамас бөлігі болыптабылатын Қазақстан Шығыстың араб және мұсылман мемлекеттерімен ынтымақтастыққа үлкен маңыз беретінің атап өтті.Жапония,Үндістан,Бразилия,Түркия,Корея Республикасы,Оңтүстік-Шығыс Азия,Латын Америкасы мен Африканың жетекші мемлекеттерімен әріптестікті дамыту Қазақстанның басты назарында болмақ.»Қазақстан Республикасыкөпжақты ынтымақтастық пен мемлекеттердің жаһандық проблемаларды шешуге ұжымдық жауапкершілігі принципін нығайтуды көздейтін белсенді және теңдестірілген сыртқы саясатты ұстанады»,-дейді мемлекет басшысы.Бүгінде еліміздің АӨСШК-ке,Азиядағы ынтымақтастық жөніндегі диалогқа төрағалық етуі,сондай-ақ ШЫҰ аясындағы белсенді қызметі Қазақстанның өңірдегі ынтымақтастық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан қомақты үлесі болып табылады.Қазақстан ықпалдастық үдерістерді алға жылжыту мен ЕурАзЭҚ аясында Кедендік Одақ құруды жалғастыра береді.ТМД қызметі бұрынғыша өзекті болып отыр.Қазақстан 2011 ж.Ислам Ұйымы конференциясы министрлер конференциясына төрағалық етуді осы ұйымның жетекші мемлекеттерімен қарым-қатынасты нығайту мүмкіндігі ретінде ғана емес,сондай-ақ Шығыс пен Батысың әртүрлі өркениеттерді мен діндері арасындағы ашық үнқатысуды кеңейту мен тереңдетудің бірегей мүмкіншілігі ретінде қарастырады.

152.ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ.Тәуелсіздікті алған кезден бастап-ақ Қазақстанның жоғарғы басшылығы Ресеймен тату көршілік қатынастарды орнату қажеттігі туралы қорытындыға келді. Әңгіме шын мәнінде жаңа тарихи жағдайларда екі мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастың үлгісін жасау туралы еді. Басқаша сөзбен айтсақ, Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясында Ресеймен ынтымақтастыққа бірінші дәрежелі назар аударылады. Қазақстанның пікірі бойынша, екі мемлекеттің әл-ауқаты көп жағдайда халықтар арасында қалыптасқан байланыстардың сақталуына, экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың оң әлеуметінің нығайтылуына, қазіргі бар қарым-қатынасты кең ауқымды ынтымақтастыққа, үдемелі мемлекет аралық кооперацияға айналдыруға байланысты. Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығына жол ашатын көптеген факторлар бар. Бұл ортақ тарих, 7 мың км-ге ұзақтыққа созылатын ортақ шекара, ортақ тіл және ұқсас діл. Сондықтан тату көршілік пен тең құқықты ынтымақтастықтан басқа қандай да бір өзге саясат екі мемлекеттің түбірлі мүдделеріне қайшы келеді. Оның үстіне екі елдің өзара іс-қимылының терең қатпарлы факторлары Астана мен Мәскеудің көптеген көкейтесті халықаралық проблемаларға көзқарастарының жақындығын айқындайды. Мұның өзі ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған сыртқы саяси өзара іс-қимылға, бастамаларды екі жақты қолдауға жәрдемдеседі. Халықаралық сахнадағы ынтымақтастық өзара қарым-қатынастың сапалы жаңа деңгейіне – стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілуге мүмкіндік береді, бұл дегеніміз екі мемлекет басшыларының тұрақты байланыстарын қоса алғанда, барлық деңгейлердегі жан-жақты байланыстарды білдіреді. Отандық және шетелдік тарихнамада Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарын кезеңдерге бөлу мәселесіне қатысты бірнеше көзқарастар бар. Біздің көзқарасымызша төмендегідей кезеңдерге бөліп көрсету орынды секілді: 1. Мемлекетаралық қатынастардың құқықтық негіздерін қалыптастыру (1991 ж. тамыз – 1992 ж. мамыр);2. Саяси экономикалық және әскери салаларда екі жақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен нысандарын белгілеу (1992 ж. мамыр – 1994 ж. соңы);3. ТМД шеңберіндегі интеграциялық процестер арнасында екі жақты ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету (1995 ж. бастап осы уақытқа дейін).Бірінші кезеңде тараптардың күш-жігері шарттық-құқықтық құжатты әзірлеуге бағытталды. Мұндай құжат екі жаңа мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастардың негізгі принциптерін айқындайды. Президенттер Н. Назарбаев пен Б. Ельцин 1992 ж. 25 мамырда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойды. Бұл құжатта КСРО ыдырағаннан кейін болған іргелік өзгерістер және екі мемлекеттің қарым-қатынасы сапалы жаңа геосаяси деңгейге көтерілгені көрініс тапты. Шарт екі жақты ынтымақтастықтың берік құқықтық негізін қалап, Қазақстан мен Ресейдің ресми мемлекетаралық өзара қарым-қатынасының жаңа бетін ашты. Шартта Қазақстан мен Ресей тарихи қалыптасқан байланыстарды негізге ала отырып, өздерінің қарым-қатынастарын Одақтас мемлекеттер ретінде құратыны айтылады. Екі жақты қатынастар мемлекеттк егемендікті, аумақтық тұтастықты және қазіргі шекаралардың мызғымастығын өзара құрмет тұтуды, дауларды бейбіт жолмен шешуді және қысым жасаудың экономикалық және өзге де тәсілдеріне жол бермеуді, тең құқылықты және бір-бірінің ішкі істеріне араласпауды, адам құқығын сақтауды, сондай-ақ негізгі бостандықтарды, міндеттемелерін адал ниетпен орындауды қоса алғанда, күш қолданбау және күш қолдану қауіпін туғызудан бас тарту принциптеріне негізделеді. 1994 ж. наурызда болған, Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына жасаған тұңғыш мемлекеттік сапары екі жақты қарым-қатынасты кеңейту мен тереңдетуде елеулі роль ойнады, оның барысында 22 ірі ауқымды құжаттарға қол қойылды. Олардың ішінде экономикалық ынтымақтастық пен интеграцияны одан әрі тереңдету туралы шартты бөліп көрсету қажет. Осы құжатқа сәйкес Тараптар экономикалық интеграцияны қамтамасыз етуде, ортақ рынокты қалыптастыруда, шаруашылық заңнамаларын жақындастыруда өзара тығыз үйлестіру ісін жүзеге асыру туралы уағдаласты. Сол сапарда бір-бірінің аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан мен Ресей азаматтарының азаматтығы мен құқықтық мәртебесіне байланысты мәселелерді шешудің негізгі принциптері туралы меморандумға, Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі принциптері мен шарттары туралы келісімге қол қойылды. Осы келісімдер тату көршілік рухындағы ынтымақтастықты дамытуда төтенше маңыз алды. Осыған байланысты Азаматтық және Байқоңыр ғарыш айлағының мәртебесіне байланысты құжаттарды айырықша бөліп көрсету қажет. Қол жеткізілген уағдаластықтардың әлемдік практикада ұқсас нұсқалары жоқ. КСРО ыдырауынан туындаған күрделі проблемаларды шешу екі жақты қатынастардың ерекше достық сипатына, олардың тұрақтылығына және болжай білуге болатындығына байланысты. Байқоңыр ғарыш айлағының мәртебесіне қатысты құжаттардың тарихи маңызы ТМД аумағында болған оқиғалардың тұрғысында осы күндері айырықша көзге түседі. Қара теңіз әскери флоты бойынша Ресей мен Украинаның тайталасы, Әзірбайжан мен Армения арасындағы жанжал, Кавказдағы жағдай – мұның бәрі жоғары деңгейде қабылданған, жалға алу шарты мен ғарыш айлағын бірлесіп пайдалану туралы саяси шешімнің ұтымдылығын көрсетеді ( жыл сайын 115 млн. доллар). Қазақстан мен Ресейдің ғана емес, бүкіл адамзаттың игілігі болып табылатын Байқоңыр ғарыш айлағының мәртебесі жөнінде басқаша шешім қабылдануы мүмкін емес еді. Қалай болғанда да осы күрделі проблемаға өзгеше көзқарас екі елдің ұзақ мерзімді мүдделеріне қайшы келіп, әлемдік космонавтиканың болашағына қатысты қолайсыздық туғызатыны айдан анық.Бірқатар құжаттар екі жақты ынтымақтастықтың әскери-саяси аспектілерін қозғады, олар: Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан стратегиялық ядролық күштер туралы келісім, әскери ынтымақтастық туралы шарт; Семей сынақ алаңы жабылғанға дейін онда қаланған, ядролық құрылғыны бөлшектеу жөніндегі әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісім, сондай-ақ әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі өзге де құжаттар. Екі елдің мәдени-гуманитарлық байланыстарына да үлкен назар аударылды. Тараптар үкіметтік деңгейде қаржы-өнеркәсіптік топтар құрудың негізгі принциптері туралы келісімге қол қойды. Тап осы 1994 жылғы наурызда екі елдің арасындағы экономикалық ынтымақтастыққа қозғау салынды, дегенмен кейінірек қаржы-өнеркәсіп топтары олардан талап етілетін рольді ойнай алған жоқ. Ал екі елдің үкіметтері арасындағы кеден ісіндегі ынтымақтастық пен өзара көмек көрсету туралы келісім Кеден Одағын құру ісіндегі алғашқы қадам болатын. 1994 жылғы наурыздағы жоғары деңгейдегі Қазақстан-Ресей кездесуі мемелекетаралық қатынастардың серпінді дамуына қатысты берік шарттық базаны құруға әкелді. Шын мәнінде мемлекеттер басшыларының келіссөздері экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы тығыз интеграцияның жаңа кезеңін ашты. Бұдан бөлінбейтін еуразиялық кеңістікте ғасырлар бойы тұрып жатқан екі ел халықтарының достық пен өзара тиімді іс-қимылдың әлеуетін сақтауға және еселеуге деген ұмтылысы көрінді.1995 жылы Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы жемісті түрде дамуын жалғастырды. Жыл ішінде Қазақстан мен Ресейдің Президенттерінің екі кездесуі өтті. Жоғарғы деңгейдегі келіссөздер барысында проблемалардың кең ауқымы қаралды және саяси, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы тығыз интеграцияның жаңа кезеңін ашты. Бұдан бөлінбейтін еуразиялық кеңістікте ғасырлар бойы тұрып жатқан ел халықтарының достық пен өзара тиімді іс-қимылдың әлеуетін сақтауға және еселеуге деген ұмтылысы көрінді.1995 жылы Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы жемісті түрде дамуын жалғастырды. Жыл ішінде Қазақстан мен Ресей Президенттерінің екі кездесуі өтті. Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында проблемалардың кең ауқымы қаралды және саяси сондай-ақ экономикалық сипаттағы маңызды құжаттарға қол қойылды. 1995 жылғы 20 қаңтарда екі елдің Президенттері аса маңызды үш құжатқа қол қойды, олар: Ресей-Қазақстан ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету туралы декларация; Ресей Федерациясының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын Ресей Федерциясы азаматтарының құқықтық мәртебесі туралы шарт; Ресей Федерециясына тұрақты тұру үшін келген Қазақстан азаматтарының және Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келген Ресей Федерациясы азаматтарының азаматтық алуының жеңілдетілген тәртібі туралы келісім.Азаматтық мәселелерін реттейтін құжаттар айрықша назар аударуды қажет етеді. Келіссөздер процесі басталғаннан кейін бастап Ресей тарапы қосарланған азаматтық тұжырымдамасын тануды және оны іс жүзінде екі жақты қарым-қатынастарда қолдануды талап етті. Қазақстан тарапы біздің елімізде қосарланған азаматтықты қоданудың орынсыздығы туралы өз дәлелдерін келтірді. Түпкі нәтижесінде үкіметтік деңгейде азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Осындай жолмен тұңғыш рет әлемдік практикада тиісті елдердің азаматтығын алу үшін мейлінше қолайлы жағдайлар туғызу туралы мәмілелер жасалды. Басқаша сөзбен айтсақ, Ресей азаматтығын алғысы келген қазақстандық азаматтар мұны күрделі бюрократиялық рәсімдерді аттап өтіп, оның ішінде Мемлекеттер Басшыларына өтініш жазбастан істей алады. Азаматтардың құқытық мәртебесі туралы шарт сондай-ақ бі елді екінші елдің аумағында тұрақты тұратын азаматтары үшін олардың заңды құқықтарына қысым жасамастан қолайлы жағдайлар туғызуды көздейді.Мұндай келісімдер тараптардың шынайы ынтымақтастыққа және тату көршілікке өзара ұмтылысының нәтижесінде мүмкін болды.Ресей басшысының 1996 жылғы сәуірдегі Қазақстанға сапары Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарында қол жеткізілген сапалы жаңа деңгейдің жарқын айғағына айналды. Н.Назарбаев пен Б. Ельцин Каспий проблемаларына айрықша мән берді. Кездесудің қорытындылары бойынша Мемлекеттер басшылары Каспий теңізін пайдалану жөніндегі ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Ол құжатта жаңа саяси жағдайларда Каспий проблемаларын әділетті түрде шешудің аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде шешуші маңызы болатындығы атап көрсетілді. Тараптар Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы мәселені шешуде және теңіздің минерелдық, биологиялық ресурстарын пайдалануда тығыз ынтымақтасуға уағдаласты. Сөз болып отырған уақытта Теңіз кен орнынан Новороссийскіге дейін мұнай құбырының құрылысын салу туралы (Каспий құбыр желісі концорциумының жобасы) түпкілікті шешім қабылданды.Содан кейін екі жыл бойы Қазақстан және Ресей тараптары жоғары саяси деңгейде қарқынды келіссөздер жүргізді Келіссөздерде Қазақстан мен Ресейдің өзара іс-қимылына үздіксіз сипат беруге, екі жақты ынтымақтастықтың қарқыны мен көлемін ұлғайтуға айрықша назар аударылды.Осы бағыттағы күш-жігер табысты аяқталды. ХХІ ғасырға бағдарланған мәңгілік достық пен одақтастық туралы декларацияға қол қойылды. Бұл құжаттың үлкен саяси мәні бар. Екі жақты қарым-қатынастардың тарихында бұрын-соңды болмаған осы құжатқа 1998 жылғы 6 шілдеде қол қойылып, Қазақстан мен Ресейдің басшылары екі мемлекет те мәңгілік достық байланыстармен сипатталатын әріптестер және одақтастар болып табылатынын қуаттады.Н.Назарбаетың туған күнінде өткізілген жоғары дегейдегі кездесудің айрықша жемісті болғанын атап өту керек. Осы 6 шілде күні Каспий жөніндегі келіссөздер процесінде жаңа тұрпатты жаңалық болды. Президенттер жер қойнауын пайдалануға арналған егенменді құқытарын жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге қол қойды. Тараптар теңіздің түбі бойынша жетілдірілген орта сызықты жүргізу туралы принципті уағдалысқа қол жеткізді.Қазақстан Ресей қарым-қатынастарының тағы бір жемісі ретінде РФ Президенті Б.Ельциннің 1998 жылғы 12 қазанда Алматыға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындыларын айтуға болады, оның нәтижесінде 1998-2007 жылдарға арналған экононмикалық ынтымастық туралы кең ауқымды шартқа қол қойылды, осы құжатты іске асыру жөнінде нақты іс-шаралардың бағдарламасы жасалады.Бұл құжат экономиканың нақты секторының негізгі салаларындағы өндірістік инвестициялық, ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытудың нақты бағыттары мен үйлестіруші тетіктерін белгілейді.Шаруашылық жүргізуші субьектілердің арасында яғни тікелей экономикалық деңгейде байланыстарды кеңейтуді көздейді

153.ШЫҰ және Қазақстан.ШЫҰ – қызметі басқа мемлекеттерге немесе халықаралық ұйымдарға қарсы бағытталған әскери блок болып табылмайды. Сонымен қатар, ШЫҰ өз мүшелерінің арасында әртүрлі салаларда кең ынтымақтастықтың дамуын қарастырады.Қазақстанның ШЫҰ бойынша әріптес елдермен тең дәрежедегі диалогқа сындарлы және мақсатты қатысуы Қазақстанның өңірдегі ұстанымын күшейтеді, Ұйымның қағидаттарына толық сәйкес келетін мемлекеттер арасында өзара сенім мен түсіністіктің арта түсуіне көмектеседі. ШЫҰ-ның 2 жетекші ойыншысы – Ресей мен Қытайдың арасында орналасқан Қазақстан өңірлік ынтымақтастықтың жасампаз бастамалары мен жобаларын белсенді қолдайтын Ұйымның маңызды буыны болып табылады1996 жылы Шанхай үдерісі басталғалы бері Қазақстан – ШЫҰ аясында жан-жақты өзара іс-қимылдың белсенді қатысушысы болып табылады. Қазақстан Ұйымның аясында өтетін лаңкестікке қарсы әскери жаттығуларға, ғылыми конференциялар мен форумдарға тұрақты қатысып отырады, ШЫҰ құқықтық базасының нығаюына үлкен үлес қосып келеді. 2006 жылы Қазақстан Бейжіңдегі Хатшылықтың жанындағы және Ташкенттегі Өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымның Атқарушы комитетіндегі өзінің тұрақты өкілдігінің аппаратын алғашқы құрғандардың бірі болды.2007 жылдан бастап 2009 жылдың соңына дейін ШЫҰ бас хатшысы болып Болат Нұрғалиев (Қазақстанның өкілі), Аймақтық лаңкестікке қарсы Ташкенттегі құрылымның Атқарушы комитетінің директоры болып Мырзақан Субанов (Қырғызстан өкілі) тағайындалды. ШЫҰ-ның әрбір жұмыс органында Қазақстанның атынан 6 адам қызмет атқаруда.2006 жылғы маусымның 15-інде Шанхайда өткен саммитте Қазақстан ШЫҰ Азия энергетикалық стратегиясын жасауға бастама көтерді. Бұл ШЫҰ-да сауда-экономикалық салада тәжірибелік ынтымақтастықтың басталуына түрткі болды. Сондай-ақ ҚР Президенті ШЫҰ аясында заңсыз көші-қонмен күрес жөнінде келісім жасасуды ұсынды.Бүгінде ШЫҰ Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықтың барынша табысты модельдерінің бірі болып табылады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың айтуынша, « Қазақстанның ұсынысымен жүзеге асырылған Еуразия идеясының 3 киті – ЕурАзЭҚ, АӨІСШК және ШЫҰ».Ұйымға мүше мемлекеттердің арасында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету саласында өзара іс-қимылдың зор оң тәжірибесі жиналған, мүше мемлекеттердің арнайы қызметтері мен құқықтық органдары лаңкестік және экстремистік күштермен күресу үшін тиімді байланыстар орнатты.2006 жылы Қазақстан Қытаймен бірлесіп, шекаралас аудандарда «Тянь-Шань – 2006» лаңкестікке қарсы жаттығуларын, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қатысуымен «Шығыс-Лаңкестікке қарсы» жаттығуларын өткізді. 2007 жылы жазда Ресейде «Бейбітшілік миссиясы – 2007» ШЫҰ-ның кең ауқымды әскери жаттығулары өтті.ШЫҰ жылдан жылға ынтымақтастықтың жаңа салаларын қамтып келеді. 2006 жылы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерінің парламенттері, жоғарғы соттары басшыларының, білім министрлерінің алғашқы кездесуі өтті. Сыртқы экономикалық және сыртқы сауда қызметіне, көлік пен мәдениетке жауап беретін бас прокурорлардың, министрлердің кездесулері тұрақты ұйымдастырылып отырады. Отын-энергетика кешені саласында өзара іс-қимыл нығаюда. 2007 жылы энергетика министрлерінің алғашқы кездесуі өтті. Жоғарыда аталған барлық фактілер Шанхай ынтымақтастық ұйымы көп жақты өңірлік құрылымға бірте-бірте ауысып келе жатқандығын айғақтайды.2007 жылғы тамыздың 16-сында Бішкекте өткен саммитте мемлекеттер басшылары ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұзақ мерзімге тату көршілігі, достығы және ынтымақтастығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алты елдің көшбасшылары сондай-ақ Бішкек декларациясына қол қойып, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің халықаралық ақпарат қауіпсіздік жөніндегі Іс-қимылдар жоспарын бекітті.

154. ҚР-ның шектес мемлекеттермен меммлекеттік шекарасын анықтау. ҚР тәуелсіздік алғаннан кейін өз аумағын, мемлекеттік шекарасын анықтауға кірісті. Өйткені КСРО құрамында болған кезде Қазақ КСР-інің өз шекарасын басқаруға, оны басқа мемлекеттермен анықтауға құқығы болмады. КСРО-ның 1982 жылы 24 қарашада қабылдаған «КСРО мемлекеттік шекарасы туралы» Заңының бірінші бабында КСРО шекарасы сызығы КСРО аумағының шебін анықтайтын белгі делінсе, екінші бабында «КСРО мемлекеттік шекарасы КСРО Жоғарғы кеңесінің, КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төралқасын»ң шешімдерімен, сондай ақ КСРО халықаралық шарттарымен анықталады деп» белгіленеді. КСРО ның ыдырауынан кейін де бұрынғы одақтас республикада мемлекеттік шекараға қатысты басқа құжат болмағандықтан жаңа заңдар қабылданғанша 1982 жылғы «КСРО мемлекеттік шекарасы туралы» Заңы қолданыста болды. Тек, 1993 жылдың 13 қаңтарында ҚР«Мемлекеттік шекара туралы» заң қабылдады. Кеінірек, 1870 жылы, Хабарасу хаттамамен шекаралық сызықтың нақты өтетін жері белгіленді және бұл 1869, 1870 және 1883 жылдары келісімшарт карталарында белгіленді. Бұл келісімшарттың шартты күшін жойматынын, немесе жоққа шығаруға жатпайтынын айта кетуіміз керек. Себебі Қазақстан өркениетті мемлекет ретінде халықаралық нормаларды ұстануы тиіс. Халықаралық тәжірибеге сай бұл құжаттар өздерінің күшін жоғалтпайды және еш уақытта өзінің іс әрекетін тоқтатпайды. Қытаймен шекараны белгілеуде пайда болған тағы бір мәселе, Хабарасу хаттамасының мәтінінің орыс және маньчжурлік тілдерінде әртүрлі оқылуы болды. Дау жер жөніндегі жағдайда кеңестік картадағы шекара сызығының негізсіз Қытайға қарай 15 шақырымға жылжытылуымен байланысты туындады. 1864 жылғы 25 қыркүйектегі Шәуешек хаттамасының мәтінінде бұл жердің Қытайға қарайтындығы жөнінде жазылған. Сондықтан оңтүстікке қарай ағатын Сарышілді өзенінің алабы заңды негізінде Қытайға кетуі тиіс болды. Қытай жаңа тарихи жағдайда 1864 жылғы 25 қыркүйектегі хаттаманы негіз ете отырып бұл жерлерге өзінің құқығын жариялады. Қазақсатан Қытай шекарасына қатысты жер мәселесі шамамен 900 шаршы шақырым жер жөнінде жүрді. Ең басынан ҚР барлық жерді беру жөніндегі келіссөздердің жүрмейтінін, 1864 жылғы Шәуешек хаттамасына ж\е басқа да құжаттарға сүйеніп, сондай ақ қалыптасқан жағдайларға қарап келісімді іздеу қажеттігін жариялады. ҚР мен ҚХР арасындағы ресми дипломатиялық қатынас 1992 жылдың 3 қаңтарынан орнығып, екі ел арасындағы достық және ынтымақтастық қарым қатынас жыл санап беки түсті.Алайда екі елдің арасында шешімі қиын шекара мәселесі тұрды. Шекаралық мәселені шешуге алғашқы қадамдар жасалды. Шекаралық мәселені шешуге алғашқы қадам Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1993 жылдың қазан айындағы алғашқы ресми сапарынан басталды. Бұл сапарда шекара мәселесіне қатысты ешқандай ресми құжатқа қол қойылған жоқ. 1994 жылы сәуірде Қытай үкіметі және төрағасының Қазақстанға сапары кезінде Н.Назарбаев пен Ли Пэн қазақ қытай мемлекеттік шекарасы жөніндегі келісімге қол қойды. 1994 жылы құжат бойынша шекара сызығы түгелдей анықталды. 1999 жылғы 1 қыркүйекте ҚР қаулысына сәйкес ҚР-ның Рырғыз Республикасымен, РФ, Өзбекстан Республикасымен және Түркіменстанмен мемлекеттік шекараларды межелеу туралы ҚР үкіметінің комиссиясы құрылды. Қазақстан тәуелсіздін алғаннан кейін өзінің оңтүстік мемелекеттік шекарасымен шектесетін Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстан республикаларымен дипломотиялық қарым қатынас орнату негізінде республикалардың үкіметаралық комиссиялары мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау мәселелері бойынша келіссөздер жүргізе бастады. Қазақстанмен шекарасы ортақ мемлекеттердің бірі Түркіменстанмен шекараны межелеу тез уақытта жасалып, жеңіл өтті. Шекара ұзындығы оңтүстікте Үстірт қыратынан шөл далаға дейін шамамен 426 шақырымды құрайды. 1932 жылы 27 желтоқсанда заңдық негіз ретінде шекараны межелеуге дайындау үшін КСРО ОАК Президиумы қаулысы және 1972 жылғы Түркіменстан КСР мен Қазақ КСР Президиумымен шекара сызығына сәйкес топографиялық картаның құжат парақтары қабылданды. Бүгінгі таңда Қырғызстан, Түркіменстан және Өзбекстан республикаларымен шекараны межелу мәселесі толығымен реттелді.

154. Қазақстан Республикасының шектес мемлекеттермен мемлекеттік шекарасын анықтауы және белгілеуі. ҚР тәуелсіздік алғаннан кейін өз аумағын, мемлекеттік шекарасын анықтауға кірісті. Өйткені КСРО құрамында болған кезде Қазақ КСР-нің өз шекарасын басқаруға, оны басқа мемлекеттерімен анықтауға құқығы болмады. Тек, 1993 жылдың 13 қаңтарында ҚР-ның «Мемлекеттік шекара туралы» заң қабылданды. Қаз-Қытай шекарасын реттеу: даулы жердің жалпы көлемі 34 мың шаршы шақырым жерді құрайды.Қытаймен шекараны белгілеуде пайда болған тағы бір мәселе, Хабарласу хаттамасының мәтінінің орыс немесе маньчжурлік тілдерде әр түрлі оқылуы болды. Екінші дау жер жөніндегі жағдайда кеңестік картадағы шекара сызығының негізсіз Қытайға қарай 15 шақырымға жылжытылуымен байланысты туындады. 1864ж 21-қыркүйектегі Шәуешек хаттамасының мәтінінде бұл жердің Қытайға қарайтындығы жазылған.ҚР мен ҚХР арасында ресми дипломатиялық қатынас 1992 жылдың 3 қаңтарынан орнығып, 2 ел арасындығы достық және ынтымақтастық қарым-қатынас жыл санап беки түсті. Алайда,2 елдің алдында шешімі қиын шекара мәселесі тұрды. Министрлер кабинетінің 1992 жылы 17 шілдедегі қаулысына сай Қаз. жағы ҚХР-мен келіссөздерге кірісті. Шекаралық мәселелерді шешуге алғашқы қадамды ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1993 жылдың қазан айындағы алғашқы ресми сапарынан басталды. 1994 ж сәуірде Қытай Үкіметі төрағасының Қаз-ға сапары кезінде Н.Назарбаев пен Ли Пэн қазақ-қытай мемлекеттік шекарасы жөніндегі келісімге қол қойды. Құжат бойынша шекара сызығы түгелдей анықталды.Даулы аймақ 53:47 үйлесімдікпен бөлінді. Қаз-ға 537 шаршы шақырым, Қытайға 407 шаршы шақырым тиесілі болды. 1999ж 1 кыркүйекте ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес ҚР-ның Қырғыз Республикасымен, Ресеймен, Өзбекстанмен және Түрікменстанмен мемлекеттік шекараларды межелеу туралы ҚР-ның үкіметінің комиссиясы құрылды. Қаз-мен Түрікменстанға ортақ шекараны межелеу тез жасалып, жеңіл өтті. Шекара ұзындығы оңт. Үстірт қыратынан шөл далаға дейын 426 шақырымды құрайды. Осындай жағдай Қырғыз шекарасында өз жалғасын тапты.Бүгінгі таңда Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан респуб. шекараны межелеу мәселесі толығымен реттелді.Қаз-Ресей шекаралары құрлықтағы ең ұзын шекара сызығы болып табылады. Қаз-Ресей мемлекетік шекарасын межелеу жөніндегі бірінші хаттамаға 1998ж қол қойылды. 2005 ж 18 қаңтарда мемлекет басшысы және РФ президенті ВВ.Путин Қаз-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартына қол қойды

155. ҚР қазақ тілінің мәртебесі. 1996 жылы 4 қарашадан ҚР Президенті қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін айқындайтын «ҚР-ның тіл саясаты тұжырымдамасын» бекітті. 1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тіледр туралы» Заң қабылданды. Аталған заңның І тарауының 4-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі» болып бекітіліп, орыс және басқа да ұлт тілдәрі туралы І тараудың 5, ІІ тараудың 8-15, ІІІ тараудың 16-18 баптарында айтылды. Осы заңды жүзеге асыру мақсатында 1998 жылды 14 тамызында қабылданған «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту туралы» Үкіметтің №769 қаулысында іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу туралы айтылды. Мемлекеттік тілді дамыту және іс шараларды ұйымдастыру мен үйлестіру жұмыстарын жүргізу мақсатында бірнеше ресми органдар құрылды. Мәселен, 1998 жылы ҚР Үкіметі жанынан мемлекеттік терминологиялық комиссия, ҚР Үкіметінің 1999 жылдың 9 қазанындағы №1545 Қаулысымен «Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны ашылды. Қазақстандық зиялы қауым өкілдері де мемлекеттік тіл мәселесін дамытуға белсене араласты. Тіл тағдырының күрделі мәселеге айналуының бірнеше себептері бар. Оның басты себебі кеңес үкіметінің солақай саясаты. Басқаша айтқанда, коммунистік партияның «кеңес халқын» қалыптастыру желеуімен орыс тілінің мәртебесін үнемі нығайтып отыруы. Соның салдарынан қазақ тілінің мәртебесін үнемі нығайтып отыруы. Соның салдарынан қазақ қоғамында қазақ тілді және орыс тілді қазақтар деген екі түсінік қалыптасты. Бүгінгі ҚР да Елбасының тікелей араласуымен мемлекеттік тілді жан жақты дамыту және мемлекеттік тіл бүкіл қазақстандықтардың айналуы үшін қыруар жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, мемлекеттік тілді дамытуға мемлекет тарапынан 2005 жылы 133 миллион, ал 2006 жылы 560 миллион, 2007 жылы 3 миллиардтан астам, 2008 жылы 5 миллиардтан аса теңге бөлінді. Елімізде мемлекеттік тілді тиімді оқытуды арттыру мақстаында 16 аймақтық, 15 қалалық, аудандық қазақ тіліне оқыту орталықтар жұмыс істеді. Қазақ тілінің мемелекеттік мәртебесінің дамып, қалыптасуында Елбасының еңбегі орасан зор.

156. «Қазақстан-2030» бағдарламасына сай ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау және оны іске асырудың стратегися. Кез келген мемлекет түбегейлі трансформацияға шешім қабылдау кезеңінде өзінің дамуының негізгі бағыттарын айқындауға мәжбүр болады. Ең бастысы, қозғалыс бағыттарын белгілеп, негізгі басымдықтарға сәйкес міндеттерді анықтау мемлекеттік және ұлттық мүдде үшін қажет. Мұндай жүйелі бағдарламасыз алға қарай қозғалыс қиындай түседі. Ұзақ мерзімді даму бағдарламасын жүзеге асыру жолындағы белгіленген мақсаттарға жету, мемлекет басшысына деген қоғамның сенімі экономика мен саяси жүйені модернизациялаудағы басты мүмкіндікке айналды. Қазақстан өзінің тәуелсідігін алғаннан кейін ақ кең ауқымды әлеуметік, саяси және экономикалық реформаларды жүргізе бастады. Елдегі өтпелі кезеңнің ауыртпалықтары азайып, кезеңдік реформалардың күрделі даму мерзімі аяқталар тұста дербес төл стратегиялық бағытымызды айқындау мақсаты қойылды. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» даму стратегиялық бағдарламасын ұсынды. Бұрынғы Кеңес Одағы кеңістігінде Қазақстан бірінші болып мемлекеттік дамудың стратегиялық бағдарламасын жасады. Сол жылдардағы зейнетақы мен жалақының уақытында берілмеуі, жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауы, қалаларда жылу берілмей, электр қуатының азаюы сияқты сан түрлі күрделі мәселе күмән туғызғанымен, стратегия өзінің қажеттілігін көрсетті. Бұл стратегияны дайындауда әлемдік өзгерістер ескерілді. Бүгінгі күні Қазақстанда орта тап құру үдерісі біршама нәтижелер беруде. Стратегиялық басты басымдықтардың негізгі тобы сыртқы және ішкі инвестицияларды көбірек тартуды көздейтін ашық нарыққа, қуат көздерін тиімді пайдалану мен инфрақұрылымды қайта құруға, экономиканы нарыққа, бәсекеге қабілетті етіп қайта жасақтау, азаматтарымыздың денсаулығын, білім беру саласы және әл ауқатын арттыруға бағытталды. Бұл арқылы қазақстанның көркеюінің нақты мүмкіндіктері, олардың жүзеге асуының ықтимал кескіндемесі жүйеленеді. Стратегиня жүзеге асыру мақсатында 1998-2000 жылдарға жоспарланған жеті басымдық пен 1998 жылдың Үкімет алдындағы сегіз нақты міндеті терең талданды. Экономикалық реформалар арқылы еркін нарықты құру, билікті демократияландыру шаралары жүзеге асырылды. Елбасы даму стратегиясын белгілеуде келешек мүмкіндіктеріміздің қандай екенін, оның қайтсежүзеге асатынын, қалай пайымдайтынын ортаға салып, халыққа сенім артты,Әуелі қоғамды қиын жағдайдан шығарып алудан кейін, қайта өрлеу жолында еңбектенуге шақырды. Бағдарламада Қазақстанның қарқынды дамуын қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық мәнді жеті негізіг ұзақ мерзімді басымдық белгіленгені мәлім. Осы бағдарламдан кейінгі жылдары Елбасының жасаған Жолдаулары осы бағдарламаның заңды жалғасы болып табылады.

157. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылғы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан халқына Жолдауының елдің келешегі үшін маңызы. Бұл стратегия ел үшін маңызыд және қоғамның барлық салаларына қатысты. Әсіресе, білім беру мен ғылымды дамыту бәсекеге қабілеттіліктің бірден бір белгісі. Алайда еліміздің алдына қойылып отырған міндеттің өзіндік қиындығы да бар. Әлемдік экономикалық форумның 2006 жылғы жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша Қазақстан әлемнің дамыған елінен онша қашық тұрған жоқ, 56-орында. Мемлекеттің жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі тығыз бағанда анықталады. Ол білімнің сандық жағы мен білім сапасын қамтиды. Сонымен қатар арнаулы ғылыми қызмет пен мамандар дайындау, кадр дайындау деңгейі, т.т. ескеріледі. Кез келген ел экономикасының қарқынды дамуын қамтамасыз ететін жоғары бірлікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлау негізгі басымды бағыттардың бірі болып саналады. Содан да болса керек, ЮНЕСКО техникалық және кәсіптік білімге баса назар аударса, БҰҰ Декларацисы оны мыңжылдық даму мақсатына жатқызды. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруді алға қойған Қазақстан да осы бағытта елімізде 2008-2012 жылдарға арналған техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдап, негізгі міндеттерді айқындады. Елбасы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында кәсіптік және техникалық білім берудің маңыздылығына ерекше мән беріп, оған жаңаша көзқарас қажеттігін баса айтып жүр. 2006 жылдың желтоқсанында өткен шетелдік инвесторлар Кеңесінің 16-отырысында Президент Үкіметке осы мәселеге қатысты мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді тапсырды. Бірінші басымдық индустрияны дамыту. Қазақстанды экономикалық жаңарту мен халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілеттігін нығайтудың қосымша құралы ретінде БСҰ ға кіру, экспорттық импорттық кредиттеуді дамытуды мемлекеттік қолдау, ең жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін академиялық орталықтар мен оқу орындарын құру, осы заманғы және бәсекеге қабілетті көлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, табиғат ресурстарын пайдаланудың ашық саясатын іске асыру, Алматыны қаржы және іскерлік белсенділіктің ірі өңірлік орталығы ретінде дамыту бағыттары белгіленді. «Қазақстан экономикасынтұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру» атты екінші басымдыққа қатысты қаржы несие саясаты, қадағалау тәртібі мен тиімді салық саясаты, экономиканың тиімділігі мен экономикалық қайтарым деңгейін арттыру, мемлекеттік активтерді тиімді басқару, нарық қағидаттары негізінде мемлекет пен жекеменшік сектор арасындағы экономикалық өзара қатынастардың тиімділігін арттыру, кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдау, шағын және орта бизнестің тұғырын кеңейту мен нығайту, өңірлік әлеуметтік даму мен кәсіпкерлік корпорацияларын құру есебінен экономикалық өркендеудің өңірлік «локомотивтерін» жасақтау, экономикны теңдестіре дамыту қажеттігіне сай келетін аумақтық даму, Астананы осы заманғы әлемдік стандарттарға сай келетін қала ретінде, Еуразиядағы халықаралық ықпалдастықтың ірі орталықтарының бірі ретінде дамыту айрықша аталып көрсетілген.

158. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылғы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Бүгінгі күні бүкіл әлем қаржылық дағдарыстан экономикалық күйзеліске ұшыраған кезде Қазақстанда жүргізілетін дағдарысқа қасрсы сасаттың мәні айқындалған. Дағдарыстан жаңарып шығудың негізгі жолдары, әлеуметтік экономикалық салалар бойынша жүзеге асырылатын негізгі шаралар және оған қажетті қаржыны бөлудің нақты жоспары туралы айтылды. Мәселен агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 280 млрд теңге, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға 120 280 млрд теңге қаражат бөлінетін болды. Жалпы ел экономикасына дағдарысқа қарсы мақсатта 2 трлн. 700 миллионнан астам қосымша қаржы қарастырылды. Жолдаудағы басты мәселе халықтың әл ауқатын көтеру. Бұған қатысты бірнеше маңызыды шешімдер қабылданған болатын. Жолдауда осындай дағдарыс заманында Қазақстанда жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін шешудің бірнеше жолдары атап көрсетілген. Бұдан, әрине , дәстүрлі Жолдау ел өмірінде, оны жақсарту жолында жасалынып отырған нақты міндет пен іс шаралардың ұнамды көріністері болғаны танылады. Елбасының жыл сайынғы Жолдаулары Қазақстанның қазіргі тарихындағы елеулі оқиғалар. Өйткені, ондағы қойылған міндеттер және жасалынған пайымдаулар мен тұжырымдамалар әр жыл сайын бір бірімен жалғастық тауып, мемлекеттің тұтастай дамуын жаңаша деңгейге көтеруді айқындап отырады. Нақты көрсеткіштерге негізделген мақсат міндеттер қойылады. Мемлекетіміздің жыл сайын барынша қуатты дамып, көркеюінің және халықтың хал ахуалының көтерілуінің басты кепілдігі болып табылады.

159. Қазақстанда президенттік институттың қалыптасуы. 1990 жылы сәуірде республиканың Жоғарғы Кеңесінің ұйғаруымен Қазақ КСР-і Президентінің қызметі тағайындалды. Жоғарғы Кеңестің сол мәжілісінде тұңғыш президент болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. Қалай болғанда да, өкімет билігінің әлсіреп, экономиканың шұғыл күйреуі жағдайында Қазақстанда саяси және экономикалық өмірді тұрақтандыруға тұтқа болатын президенттік басқарылудың енгізілуі заңды құбылыс еді. Ол кезде мұндай шешімдердің қабылдануы да, оның іс жүзіне асырылуы да жылдам жүріп жатты және бұрынғы одақтас республикалар бірінің істегенін бірі қайталап отырды. Мемлекет басшылығына келген Н.Назарбаев КСРО ның келешегі туралы айтыстар жүріп жатқан кезде жаңарған федерация ұстанымдары негізінде одақты сақтап қалу үшін белсенді күрес жүргізді. Кейінірек Қазақстанның жетекшісі конфедерациялыққұрылым ұсынысын көтерді. Бірақ елде орталықтан іргені аулақтату үрдісі үстемдік ала берді.

160. қазіргі Қазақстанның мемлекеттік құрылымы: Парламент.1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ҚР ның қос палаталы парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады. ҚР Парламентінің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депуттатарының құқықтық жағдайы Конституциямен, ҚР ның Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы. Конституциялық заңмен және басқа да заңнамалық актілермен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі бірінші сессия ашылған сәттен басталып, жаңа сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяталады. Парлементтің өкілеттік мерзімі кезекті сайланымдағы Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімімен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі ҚР ның Конституциясында көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан тұарды. Сенат және Мәжілістен. Сенат, әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және ҚР ның астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, оның он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Сенат депутаттарынң өкілеттік мерзімі алты жыл. Мәжіліс жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің 98 депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі бес жыл.

161. Қазіргі Қазақстанның мемлекеттік құрылымы: Үкімет. Үкімет ҚР ның атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады жәнге олардың қызметіне басшылық жасайды. Үкімет Республика Конституциясының, осы Конституциялық заңның, Республиканың заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің негізінде және оларды орындау үшін іс қимыл жасайды. Үкіметті Республика Президенті ҚР ның Конституциясында көзделген тәртіппен құрады. Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер Министр тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде Республика Премьер Министрі, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың басқа да лауазымды адамдары кіреді. Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі біткеше іс қимыл жасайды және жаңадан сайланған Республика Президенті алдында өзінің өкілеттігін доғарады. Егер өздеріне жүктелген функцияларды одан әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп санайтын болса, Үкімет және оның кез келген мүшесі Республика Президентіне өзінің орнынан түсуі туралы мәлімдеуге хақылы. Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіспейтін немесе оны жүргізбей отырған Үкімет мүшелері де орнынан түседі. Қазақстан Үкіметі кейінгі жылдары халықты әл ауқатын жақсарту, соның ішінде еңбекшілер мен қызметкерлердің жалақысын арттыруға назар аударады.

162. Қазіргі Қазақстанның мемлекеттік құрылымы: Сот билігі. 1993 жылғы Конституциясының 16- тарауы сот билігіне арналды. Конституцияның 95-бабында Қазақстандағы сот билігі Конституциялық Сотқа ,Жоғарға Сотқа және Жоғарғы Төрелік Сотқа сондай ақ, заң бойынша құрылатын төменгі соттарға тиесілі екені атап көрсетілді.Онда: «Ешқандай өзге органның, лауазымды немесе өзге адамның сот билігі міндеттерін өз мойнына алуға қақысы жоқ», деп жазылып, «Конституциялық Сот ҚР Конституциясын қорғау жөніндегі сот билігінің жоғарғы органы деп табылатыны» белгіленді. Республика Президенті Жоғарғы Сот Кеңесінің және Әділет біліктілік алқасының ұсынуымен судьялардыңқызметтік міндетін түпкіліті бекітуді талап етті. Соттардың қызметін жан жақты қамтамысз етудегі кадр, ішкі шаруашылық істерімен айналысуды сот істерінен бөліп, аппарат басшылығына жүктеу көзделді.Жоғарғы Сот Республикадағы жалпы соттардың ең жоғарғы ұйымы болып табылатындығы атап көрестілді. Бұл қаулыда ҚР ның Жоғарғы соты арнайы сот алқаларына бөлініп құралатыны, судьялар құрамы да соған қарай іріктелетіні, сондай ақ, облыстық соттың құрылымы, оның төрағасы, алқа төрағалары, оған теңестірілген қалалық соттың да құрылым жүйесі осы негізде болатындығы жазылды.

163. Қазіргі Қазақстанның мемлекеттік құрылымы. ҚР ның Конституциялық Кеңесі. Конституциялық Кеңес мемлекеттік органдар ретінде Республиканың бүкіл аумағында ҚР Конституциясының жоғары тұруын қамтамасыз етеді. Өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде дербес және мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, лауазымда адамдар мен азаматтарға тәуелсіз, Республика Конституциясына ғана бағынады. 1995 жылғы 29 желтоқсанда қабылдаған заң күші бар «ҚР ның Конституциялық Кеңесі туралы» жарлығына дейін жүзеге асырды. Қазіргі қолданып жүрген ҚР Конституциялық Кеңестің құрамын, өкілеттігін, оның құрылуын жаңаша анықтайды. ҚР ның бірінші бабына сәйкес Конституциялық Кеңеңсі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Республиканың экс Президенттері құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестің мүшесі болып табылады. Конституциялық Кеңестің екі мүшесін Республика Президенті тағайындайды және дауыс тең бөлінген дағдайда оның даусы шешуші болып табылады. Және екі екі мүшеден Сенат пен Мәжіліс тағайындайды.

164. 2007 жылғы мамырда ҚР Конституциясына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер. Бұл өзгерістер билік тармақтарының арасындағы тепе теңдік және тежемеліліктің тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталды. Осы мақстта Президенттің біршама өкілеттілігі Парламентке берілді. Сөйтіп, Парламент Үкіметті, Конституциялық Кеңестің үштен еі бөлігін, Орталық Сайлау Комиссиясын, Есеп комитетін қакалыптастыру және олардың қызметін бақылау құзырына ие болды. Үкіметтің қызметі тиімді және сапалы болуы үшін оның мемлекет басшысы мен Парламент алдында жауаптыылығы қалыптастырылды. Атқарушы билікті реформалау шеңберінде әкімдерді сайлау, жергілікті өзін өзі бақару институттарын жетілдіру қарастырылды. Бұл іс жүзінде президенттік басқарудан президенттік парламенттік басқаруға өтуді білдірді. Сонымен, Конституциялық реформа нәтижесінде Қазақстанда жаңаша саяси жүйе қалыптастыру мүмкіндігі туды. Конституциялық реформалар саяси билік институттарын одан әрі жетілдіру, билік тармақтарының қарым қатынасын реттеу, қазіргі заманғы талаптарға сәйкестендіру мақсатныда жүргізілді. Соның нәтижесінде мемлекеттік басқару жүйесі жаңартылды.

167.Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар (1990-2011)Демократиялық бағытпен дамуға бет алған әрбір мемлекет өз елінде азаматтық қоғамның қалыптасуына және оның тұрақты дамуына қол жеткізуі тиіс. Өйткені азаматтық қоғам мемлекет пен жеке сектор арасында нақты байланыстың бар екендігінің айқын көрінісі. Бұл демократиялық елдерге қойылатын басты талап. Азаматтық қоғам мемлекет тарапынан қолдау тауып, үкіметтік емес ұйым өкілдері елде болып жатқан кез-келген процестерге емін-еркін араласып немесе оған өзіндік үлесін қоса алатын жағдайға жеткен кезде ғана азаматтық қоғам қалыптасты деуге толық негіз бар. Жалпы азаматтық қоғам ұғымының анықтамасы жеке тұлғаның негізгі құқықтары мен еркіндіктерін заң жүзінде қамтамасыз ете алатын және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы, үйлесімді дамыған қоғам дегенді білдіреді екен. Ендеше демократиялық даму бағытын ұстанып отырған Қазақстанда азаматтық қоғам толық орнықты деп айта аламыз ба?Экономикасы дамыған Батыс елдерінде мемлекеттік маңызы бар қоғамдық жұмыстардың тең жартысын, тіпті басым бөлігін үкіметтік емес ұйымдар атқарады екен. Ал бізде әзірге үкіметік емес сектор мемлекеттік маңызды мәселелердің басым бөлігін жүзеге асырып отыр деп айта алмаспыз. Үкіметтік емес секторда батыстың дамыған елдеріндегі көрсеткіштерге жету үшін бізге әлі қыруар шаруа атқару қажет сияқты. Дегенмен азаматтық қоғам қалыптастыруда мемлекет «ауызды қу шөппен сүртіп отыр» деуге тағы болмайды. Өйткені бұл мақсатта еліміз тәуелсіздігін алған жылдардан бергі атқарылған іс бүгін жап-жақсы нәтижесін беріп отыр.Жалпы азаматтық қоғам институттары еліміз тәуелсіздігін алғанға дейін де, одан кейін де жұмыс істеп келеді. Ал тәуелсіздіктің алғашқы жылдарымен салыстырғанда олар сан жағынан да, сапа жағынан да едәуір өсті. Айталық 1990 жылдардың басында Қазақстанда 300 бен 400-дің арасында үкіметтік емес ұйымдар болса, кейінгі жылдары олардың саны 5 мыңға жуықтаған және аталмыш ұйымдарға мүше адамдар саны да күн санап артып келеді. Олар көтеріп жүрген немесе айналысып жүрген мәселелер де ауқымды. Мысалы, үкіметтік емес ұйымдардың бірі мүмкіндігі шектеулі жандардың мұңын мұңдаса, ендігі біреулері зейнеткерлер мен тұтынушылардың жоғын жоқтайды. Сондай-ақ азаматтық қоғамды қалыптастырып, экология, әлеуметтік саладағы мәселелермен айналысып жүрген ұйымдар да баршылық. Қорыта айтқанда, Қазақстандағы үкіметтік емес сектор осы уақытта билік пен халық арасындағы байланыс қызметін атқаратын, көпшіліктің талап-тілектерін жоғарыға жеткізе алатын іргелі ұйымға айналды. Осыған орай қазір олар тарапынан атқарылып жатқан және атқарылуы тиіс мәселелер жетерлік. Ең бастысы, үкіметтік емес ұйымдар өзара ауызбіршілікте, ынтымақтаса жұмыс істесе болғаны. Бұлай дейтініміз, Қазақстаннның азаматтық альянсының төрайымы, Мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева ақпарат құралдарының біріне берген сұхбатында «үкіметтік емес ұйымдар бірлесе қызмет еткен жағдайда үлкен қоғамдық күшке айналып, нәтижелі жұмыстар атқара алады» деп атап өткен еді. Депутаттың сөзінше, елде бірі Үкіметтен, енді біреулері халықаралық ұйымдардан гранттар мен түрлі көлемде қаржы алып, өз беттерінше жұмыс істеп жатқан ұйымдар жетерлік. Әрине олардың істеріне сәттілік. Дегенмен «жұмыла көтерген жүк жеңіл» екендігін олардың да бірауық ескергендері жөн болар еді. Жалпы азаматтық қоғамға қатысты елдегі жағдайдың бұлайша сипат алуы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың елде жүргізіп отырған сарабдал саясатының нәтижесі.Қазақстан Президентінің бастамасымен дүниеге келген Азаматтық форум бүгінде үкіметтік емес ұйымдардың бірлесіп, ортақ проблемаларын талқылауға арналған алаң және ол үкіметтік емес сектордың дамуына ықпал етіп отырған іргелі шаралардың бірегейі. Ағымдағы жылдың қазан айында Қазақстанның азаматтық альянсы аталған жиынды төртінші рет өткізбек. Форумның осыған дейін ұйымдастырылған басқосуларында үкіметтік емес сектордың дамуына ықпал еткен үлкен жұмыстардың атқарылғандығы белгілі. Атап айтқанда алғашқы форумға Елбасының өзі бастамашы болып, онда елде үкіметтік емес ұйымдардың бар екендігін және олардың қолдаушыларының да жеткілікті екендігі айқын болды. Яғни қоғам өкілдерінің үкіметтік емес секторға деген сенімі, оларға деген қызығушылығы пайда бола бастады. Сондай-ақ алғашқы форум елімізде билік пен бизнес арасында да байланыс бар екендігін дәлелдеп берген жиын болды. Екінші форум бұдан да нәтижелі, жемісті болды. Онда 500-ден астам үкіметттік емес ұйымдардың басын біріктіретін Қазақстанның азаматтық альянсы құрылды. Сондай-ақ осы жиында азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасы қабылданып, оны Мемлекет басшысы бекітті. Бұл құжатты жүзеге асыру жоспары да қабылданды. Осы орайда айта кететін мәселе, үкіметтік емес ұйымдар осы уақытта белгіленген жоспар бойынша аталмыш тұжырымдаманың бірінші кезеңін жүзеге асырып та үлгерді. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде үкіметтік емес ұйымдар бүгінде өзіндік даму бағыты, ұстанған мақсаты бар, ел өміріндегі біршама мәселелердің шешілуіне ұйытқы болыпкеле жатқан іргелі ұйымға айналып отыр. Алдағы болатын 4-ші форумда қоғамдағы өзекті деген мәселелер, соның ішінде мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысты әрі қарай дамыту, адам құқықтары және әлеуметтік қызмет көрсету және ондағы үкіметтік емес ұйымдардың үлес салмағы сияқты келелі мәселелер талқыланбақ. Онда саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдары, халықаралық ұйымдар өкілдерінен жиналған 630-ға тарта адам жоғарыда аталған мәселелер төңірегінде пікір алмасатын болады. Жиынға сондай-ақ Парламент депутаттары да қатыспақ. Жиынның алғашқы күнінде осыған дейінгі форумдарда атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылып, «Таным» байқауының жеңімпаздары анықталады. Онда елдегі ең үздік деген үкіметтік емес ұйымдар 15 түрлі аталым бойынша дайындалған сыйлықтармен марапатталады. Форумның екінші күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен пленарлық мәжіліс өтеді. Бұған қоса жиын бағдарламасына сәйкес тағы көрме ұйымдастырылады деп күтілуде.

168.«Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы :елдің келешегі үшін тарихи маңызыАЛМАТЫ. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Айгүл Тұрысбекова/ - Мен «Болашақ» Президенттік бағдарламасының алғашқы түлектерінің бірі екендігімді әрдайым мақтан тұтамын. Бүгінде көп жылдардан кейін осы бағдарламаның өзім үшін де, жалпы елім үшін мән-маңызы ерекше екендігін түсіндім. Ол мен сияқты көптеген жас қазақстандықтардың өмірі мен тағдырын өзгертті. «Болашақ» бағдарламасының идеясы Елбасымыздың көрегендігін айғақтайтын, стратегиялық маңызды шешім болды, деп санаймын. ҚазАқпарат тілшісіне Қазақстанның менеджмент, экономика және болжамдау институтының (ҚМЭБИ) Тілдер орталығы директорының орынбасары, доктарант, аға ұстаз Мағанат Шегебаев осындай пікір білдірді. М. Шегебаев Қызылорда мемлекеттік университетінің филология факультетінің ағылшын бөлімін бітірген. Ол соңғы курста оқып жүрген 1996 жылы «Болашақ» бағдарламасы туралы алғаш рет естіді. Конкурстан ойдағыдай өтіп, 1996 жылы АҚШ-тағы Фейрфилд университетінің магистратурасына ағылшын тілі мұғалімі мамандығы бойынша оқуға аттанды. 1998 жылдан бастап ҚМЭБИ-де бастапқыда қатардағы ұстаз, одан соң Орталықтың жоғары басшыларының бірі ретінде қызметке кірісті. Бүгінде ол ұстаздық жұмысына қоса ғылыми зерттеулермен, түрлі халықаралық бағдарламаларға атсалысумен айналысады, бірқатар мақалалары жарық көрген. Ұстаздық шеберлігі арқасында екі мәрте марапатты атаққа , ал докторантурадағы жетістіктері үшін Оңтүстік Кореяның жетекші қаржы мекемелерінің бірі ? Кукмин банкінің атаулы грантына ие болды. «Өзімді-өзім жетілдіру маңыздылығын түсініп, 2005 жылы ҚМЭБИ-дың докторантурасына түстім. Бұл ? Қазақстанда барлық батыстық талаптар мен стандарттар бойынша жасалған алғашқы бағдарлама. Бағдарлама ? кең көлемді курстарды қамтиды. Оның үстіне батыстық ғылыми басылымдарға мақала жазуға міндеттейді», - дейді М.Шегебаев. Ағылшын тілі ? бұрыннан-ақ жоғары технологиялардың, бизнес пен қаржының тілі ретінде үлкен маңызға ие болып келеді. «Сондықтан шетелде білім алу өте маңызды. Әрине, тәуілсіздіктің алғашқы жылдарында еліміздің алдында басқа міндеттер тұрды, экономикалық қиындықтар болды. Қалай болғанда да, осындай ауыр уақытта бізге сенім білдірілді. Енді біздің кезегіміз келді. Біз бүгінде жаңа Қазақстанның өркендеуіне қажырлылықпен үлес қосуға дайынбыз. Бұл жәй сөз емес. Мен үлкен жетістіктерге жеткен, түрлі салаларда табысты жұмыс істеп жүрген көптеген «болашақтықтармен» таныспын. Олар Қазақстанды жаңа белестерге шығара алады». М.Шегебаев «Зияткер ұлт - 2020» мемлекеттік бағдарламасын жасауға қатысуын үлкен мүмкіндік ретінде бағалайды. Бұл бағдарламаның идеясын «болашақтықтардың» 2008 жылғы қаңтардың 30-ында Астанада өткен форумында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған болатын. Бағдарламаның негізгі мақсаты ? жаңа формациядағы қазақстандықтарды тәрбиелеу және Қазақстанды бәсекеге қабілетті адами капиталы бар елге айналдыру. «Бұл ? дер кезінде көтерілген қажетті идея,-деді М. Шегебаев. - Қазақстанға ХХІ ғасырда қалай жұмыс істеу керектігін білетін адамдар керек. Олар ? кәсіби, ішкі және халықаралық үдерістерді жақсы меңгерген, мемлекеттік мүддені жеке бастың мүддесінен жоғары қоятын отансүйгіш, басқарушы, менеджменттің алдыңғы қатарлы тәсілдерін қолдануға дайын адамдар болуға тиіс. Елбасы дәл осы туралы айтты». Бағдарламаның басты міндеттерінің тағы біреуі ? ұлттың зияткерлік әлеуетін көтеру. Бүгінде бағдарламаны жасау мақсатында Астана мен Алматыда екі жұмыс тобы іске кіріскен. Жобаға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жетекшілік етеді. «Менің ойымша, бұл бағдарламаның негізгі құндылығы сол - оның аты бар да заты жоқ құжат болып қалмайтындығында. Оны батыстық терең білім алған және белгілі бір жұмыс тәжірибесі бар адамдар жасауда. Егер ол тәжірибеде де пайдаланылатын болса, бұл біздің шынайы үлесіміз болар еді. Қазір жұмыс өзінің қорытынды кезеңіне жақындап келеді», - дейді жас ғалым. 2020 жылға дейін Қазақстан интеллектуалды дамуға бастайтын білім беру, рухани құндылықтар, мәдениет пен ғылым салаларын дамытуға күш шоғырландыруы қажет. Бағдарламаны әзірлеуге бизнес, академиялық орта, мемлекеттік құрылым өкілдері қатысады. Бұл ? дарынды балалардың қабілетін ашуға бағытталатын және кезең-кезеңімен атқарылатын жоспар болмақ. Әрбір талантты оқушы, студент, жас ғалым, өнер иесі Қазақстан үшін құнды Адам болуы керек. Президент атап көрсеткендей, білім берудің заманауи озық үлгісін, экономикалық өмірдің жетілдірілген нысандарын жұртшылық үшін қолжетімді болатындай етуіміз қажет. Мұндай жобалар көптеген дамыған елдер үшін үйреншікті жайт. Біз бұл жобаны түзу барысында халықаралық тәжірибені ескеруге және барлық саланы қамтуға тырыстық, деді М.Шегебаев. «Мен өзімнің онжылдық педагогикалық тәжірибеме сүйене отырып, елімізде талантты жастардың аз еместігін сеніммен айта аламын. Олар ? болашақты ойлайтын студенттер. Шын мәнінде 2020 жылға дейінгі мерзім онша ұзақ емес, ал, алға қойған мақсат өте маңызды. Өз басым «Тіл және өнер» саласына жауап беремін. Өйткені менің мамандығым лингвист, менің өз пайымым және нақты ұсынысым бар. Елбасымыздың үштілділік бағдарламасын ұсынуы Қазақстанның жағдайында айрықша маңызға ие. Ағылшын тілін оқыту ? шетелде білім алу үшін басым мамандықтардың тізбесіне енеді. Бүгінгі таңда ағылшын тілінсіз экономиканың барлық саласындағы озық ақпаратты меңгере алмаймыз, әлемдегі оқиғаларға қатыса алмаймыз және жаһандық деңгейде әрекет ете алмаймыз. Бұл орайда, әрине мемлекеттік тілді дамытудың маңызы да айрықша», ? деп біледі жас ғалым. М.Шегебаев тілді дамытудың он бағытын ұсынады. Біріншісі ? грамматикалық-аудармашылық тәсілге қарсы коммуникативтік әдісті дамыту. Екіншісі ? бастауыш топтағыларға «қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту» принципін енгізу. Үшіншісі ? мемлекеттік тілді меңгеру бойынша талаптарды стандарттау; мысалы, TOEFL немесе IELTS қазақ үлгісін енгізу. Төртінші ? толеранттықтың, бәсекеге қабілеттіліктің және коммуникативтіктің символы ретінде үштілділік принципін кең тарату. Бесінші бағыт ? қазақ тілі мен басқа да тілдерді тілдік пән ретінде емес, басқа пәндер - математика, география, тарих сияқты оқыту қажет. Алтыншысы ? Қазақстанда тұратын этникалық топтардың тілдерін дамытуды жан-жақты қолдау. Жетіншісі ? олимпиадалар, мерекелер, тілдер күнін өткізу. Сегізіншісі ? ниет білдіргендерге арнап тегін немесе ақылы үйірмелер ұйымдастыру. Тоғызыншысы ? тілдің беделін арттыруға бағытталады. Мысалы, дыбыстық дубляждың орнына мәтіндік аудармасы бар фильмдерді көрсету практикасын, мүмкіндігі шектеулі адамдардың сурдоаудармаларды пайдалану үшін технологиялық ресурстарды (Internet, спутникті TV және т.б.) қолдану. Оныншысы ? әлемдік әдебиет пен мәдениет қазыналарын кәсіби түрде аударуды қолға алу. «Өнер, мәдениет пен руханият ? заманауи қоғамның ажырамас бөлігі. Мен суретші отбасында өстім, сондықтан Әбілхан Қастеев, Евгений Сидоркин, Айша Ғалымбаева, Гүлфайруз Исмаилова сияқты қазақстандық қылқалам шеберлірінің есімдері маған жастайымнан құлағыма сіңісті болды. Елбасымыз «болашақтықтардың» алдында сөйлеген сөзінде мемлекеттілік қашан да ұлттық тарих пен мәдениетті терең меңгеруге негізделетінін айтқан болатын. Егер азаматтар оны білсе және көзінің қарашығындай сақтаса, қоғам нығая түспек. Бұған байланысты менің де нақтылы ұсынысым бар», ? деді М.Шегебаев. Жас ғалым Қазақстанда өнер саласын дамытудың бес принципін ажыратып көрсетеді. Біріншісі ? балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйірмелерінің жұмыстарын сапаландыру. Екіншісі ? эстетиканың мүсін, сурет, көркем-қолданбалы салалары бойынша мектептерде пән сағаттарын арттыру. Үшінші ? мұражайларға, концерттерге, театрларға және көркем сурет көрмелеріне барудың дағдыларын қалыптастыру. Бесінші принцип ? «маңызды өнер ретінде» ұлттық киноиндустрияны дамыту. М.Шегебаев бағдарламаны әзірлеушілер оны жасағаны және оның алдағы тағдыры үшін жауапкершілікті терең сезінетінін айтты. «Біз ортақ күшіміз бен білімізді аянбай жұмылдырсақ бағдарламаның құндылығы арта түседі. Жоба басты үш сәтті? білім берудің инновациялық дамуын, қуатты ақпараттық төңкерісті және жастарға рухани тәрбие беруді ескеруі тиіс», ? деді ол. Елбасымыз ғылым мен бизнесті үйлестіре дамытқан елдер экономикасының әлемде көшбасшылық танытып отырғанын талай айтқан болатын. Қазақстанды шикізат ресурстарына тәуелсіз, индустриялық экономикасы бар мемлекетке айналдыру үшін жоғары білімді адамы ресурс қажет. «Болашақ» бағдарламасы бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыруға бағытталған маңызды жобалардың бірегейі болуға тиіс. «Таяу жылдарда біздерге мемлекеттік басқару үшін де, бизнес үшін де жаңа заманауи және әсерлі басқарушыларды қалыптастыру қажет болады. Қазақстанның алдына бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына ену міндеті қойылып отыр. Сонымен қатар, біз «Еуропаға жол» бағдарламасын жүзеге асыруға талаптанып отырмыз», ? деп қорытты М. Шегебаев

169.""Мәдени мұра"" мемлекеттік бағдаарламасы:елдің келещегі үшін тарихи маңызы Жылдар жылжып, уақыт өткен сайын Тәуелсіздігіміздің мәні жарқырай ашылып, маңызы арта түскенін бүгінгі өмірдің өзі көрсетіп отыр. Қол жеткен табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы сан рет айтылды да, жазылды да. Мен оларды тағы да қайталап жатудан аулақпын. Тек олардың қатарында еліміздің рухани әлемін дамуында бірден-бір үлес болып табылатын, ұлттық мәні зор «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын қосар едім. Біз ғана емес, ЮНЕСКО тарапынан да бұл - дүниеде сирек кездесетін жоба, басқа елдерге де өнеге болатын құжат деп белгіленді.Естеріңізде шығар, біз біраздан бері әр жылға ат беріп, айдар тағуды дәстүрге айналдырдық. Сондай жылдардың бірі - “Ұлттық тарих жылы” болды. Жадымызды жаңғыртуға арналған сол атаулы жылы қазақтың тарихы мен тағдырына қатысты қаншама “ақтаңдақтар” ашылып, мұрағат түпкірінде шаң басқан жәдігерлеріміз жарыққа шықты.Кеңес Үкіметі кезінде бізге шығартқызбай, көрсеткізбей келген тарихымызды тәуелсіздігіміз кезінде елімізге паш етіп, өзіміздің жастарымызды патриоттыққа тәрбиелеу деген ой болатын.Ендігі бір жылды “Мәдениетті қолдау жылы” деп құлдырап бара жатқан мәдениетімізді сақтап қалуға жұмыс істедік. Жабылып қалған, шашылып қалған кітапханалардың жер-жерде қайта жандануына, шағылып қалған клубтар мен мәдениет ошақтарының қайыра бой көтеруіне мұрындық болдық. Біраз қалаларда қазақ театрларының ашылуына негіз жасадық.Сайып келгенде, осы жылдар біз бүгін сөз еткелі отырған “Мәдени мұра” бағдарламасына дайындық, үлкен істің кіріспесі болатын. Экономиканың өсіп, жағдайымыздың жақсаруына байланысты бұл үлкен жұмысқа да кірісуге мүмкіндік туды.Адамзат тарихының күретамыры - мәдениет, ал мәдениеттің күретамыры - адамзаттың ақыл-ойы мен іс-әрекетін дүниеге әкелген материалдық құндылықтар болып табылады. Бұл бәрімізге белгілі ақиқат. Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі - мәдениеті. Мәдениет - ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады.Осы орайда “Мәдени мұра” бағдарламасы - мәдениетке деген мемлекеттік көзқарастың соны стратегиялық ұстанымын айқындаған маңызды жоба болды. Ол жаңадан қалыптасып жатқан қазақстандық қауымдастықтың әлеуеті мен гуманистік бағыт-бағдарын танытты.Бұл Бағдарламаны қабылдағанда біздің алдымызға қойған басты мақсатымыз - халқымыздың өскелең рухани-мәдени сұранысын қанағаттандыру болатын.Бағдарламаны жүзеге асырушы Қоғамдық кеңестің алдына бірнеше міндеттер қойылды.Ең алдымен, білім беру саласын дамыту, халқымыздың тарихына қатысты мәдени мұрамызды сақтауды қамтамасыз ету, алыс-жақын шет жұрттағы жәдігерлеріміз бен мұрағаттарымызды іздестіріп, жинақтау керектігі міндеттелді.Екіншіден, қазақтың тарихи-мәдени ескерткіштерінің көпшілігі кең сахарамызда шашыла орналасқаны белгілі. Олардың біршамасы бұған дейін тиіп-қашып жөнделсе де, қалпына келтіру, жаңарту жұмыстары жүйелі түрде қолға алынбаған еді.Оның өзіндік себептері де бар болатын.Кеңес заманында көне тарихты қопарудың қажеті жоқтай жасқаншақтап, коммунистік идеологияның жымысқы саясатынан аса алмадық. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қолымыз қысқа болды.Осы жағдайды жан-жақты ескеріп, бағдарлама аясында жер-жерде шашыла орналасқан еліміздің аса маңызды деген тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштеріне зерттеулер жүргізіп, оларды ғылыми негізде қайта жаңғырту жұмыстарын қолға алу туралы тапсырма берілді.Үшіншіден, қазақ шын мәнінде бір дүниесімен мақтанар болса, ол - фольклорымыздың байлығы ғой. Ежелден сөз өнерін қасиет тұтқан елміз. “Қазақ халқының фольклоры жүз томнан асады” деген әңгімені біз естігелі қанша заман болды! Сөйте тұра, осы шаруада да істен гөрі сөз көбірек болды. Ертегісі бар, батырлар жыры бар, айтысы мен дастаны бар оннан астам кітапты анау бір жылдары шығарғанымыз есімізде. Сосын оның аяғы да құрдымға кетті.Осыған байланысты мамандарға ауыз әдебиетінің бар байлығын жарқырата шығарып, қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін зерделеудің тұтастай жүйесін жасау міндеттелді. Ұлттық әдебиет пен жазуымыздың көп ғасырлық тәжірибесін қорытып, том-том етіп оларды кітап түрінде тарату жүктелді.Төртіншіден, кеңес дәуірінде баяғыда қазақ тіліне көп шығармалар аударылған сияқты көрінетін және әлемдік классиканы түгел аударып тастағандай сезінуші едік.Сөйтсек, бұл шаруада да тындырғанымыз шамалы болып шықты.Аударма саласында мүлдем жүйе болған жоқ. Әлемдік классика да үзіп-жұлып қана аударылған. Әйтеуір, орыстың классикалық әдебиеті ғана біршама қамтылыпты. Содан кейінгі аудармалардың баршасы дерлік кеңес әдебиетінің туындылары.Сондықтан, әлемдік көркем әдебиеттің де ең үздік туындыларын жүйелі түрде ана тілімізге аудару қажеттігі туды. Оған қосымша әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениеттің озық үлгілерін қазақшалау негізінде гуманитарлық білім берудің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын жасау ойластырылды. Сайып келгенде, осының бәрі мемлекет болып қалыптасуымыз үшін, ұлт болып топтасуымыз үшін қажет жағдай. Әлемдік ғылым мен мәдениеттің озық жетістіктерін бойымызға сіңіре отырып, қазақстандықтардың рухани кемелденуі, өркениет көшінен кейін қалмауы ең негізгі мақсат етілді.Өздеріңіз білесіздер, кейінгі жылдарда Қазақстанның Ресейдегі жылы, Ресейдің Қазақстандағы жылы деп атаудың арқасында біз Абай бабамыздың ескерткішін Мәскеудің дәл ортасына орнатқыздық. Бұл да үлкен жетістік болып табылады.Ал рухани-мәдени таным арқылы, тарихи сана негізінде патриоттық сезім, отаншылдық рух қалыптасатыны белгілі. Әсіресе бүгінгі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу - мемлекеттік идеологияның темірқазығы болуы тиіс.Әлемдік ғылым мен білімнің асыл қазыналарын қазақшалау арқылы біз мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесін негізгі мақсат етіп қойдық. Келешекте мектеп, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының бағдарламаларын осы «Мәдени мұра» кітаптары негізінде қайта қарап, толықтыру мәселесі де ойластырылуы қажет.Мәдениеті жоғары, тарихи танымы орнықты, ойы сергек елдің рухы да биік. Рухы биік халықтың іргесі де берік, әлеуеті де қуатты, ынтымағы да жарасты болмақ деп есептеймін.Мінеки, бұдан төрт жыл бұрын менің халыққа Жолдауымда айтылған, содан кейін қабылданған және бүгін мәресіне жетіп отырған “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасының алдына осындай мақсаттар мен міндеттер қойылған болатын.Менің Жарлығымен құрылған Қоғамдық кеңес, оған төрағалық еткен Иманғали Тасмағамбетов, Мұхтар Құл-Мухаммед және мәдениет, ақпарат, білім министрліктері өткен үш жылда орасан зор қызмет атқарды. Баршаларыңызға зор рахмет айтайық.

170."Нұрлы көш"мемлекеттік бағдарламасы:елдің келешегі үщін тарихи маңызы «Нұрлы көш» - Қазақстан мемлекеттік бағдарлама. Басты мақсаты – ресми, қасаң тілмен айтқанда этникалық көшіп келушілерді, жылышырай беріп айтсақ шеттегі қандастарымызды, сондай-ақ еліміз аумағында еңбек қызыметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; қолайсыз аудандарда тұратын тұрғындарды ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу. «Нұрлы көш» бағдарламасы арадағы үзіліп қалған тінді жалғап, тиылып қала жаздаған көштің тиегін қайта ағытса игі.Бағдарламаны іске асыруға 2009-2011 жылдарға 197 795,6 млн. теңге, оның ішінде қосымша 118 073,7 млн. теңге қарастырылып отыр. Бірақ жүзеге асыру 2010 жылдан басталмақшы.Алматы көші-қон комитетінің мәліметінше, Астана мен Алматы қалаларына «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша қоныстандыру жүргізілмеуі де мүмкін. Өйткені тұрғын үй қымбат, бөлінетін жер телімі тапшы. Ал нарық бағасынан төмен қақпен, әкімдік тарапынан берілетін жалдамалы пәтерлердің мәселесі әзір шешілмейтін түрі бар.Есесіне өзге облыстар бойынша қоныстандыру жүргізілмек. Әсіресе, облыс орталықтарында, жұмыс орыны жеткілікті қалаларда, шегкараға іргелес елді мекендерде, ауылдық елді мекендерге қоныстандыруға көңіл бөлінбек.«Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша барлық көшіп келушілерді тұрғын үймен қамтамасыз етіледі делініп отыр. Тұрғын жайлар жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй есебінен үлестіріледі. Кейбір аймақтарда оралмандарды шоғырландырып қоныстандыратын қалашықтар салынбақшы. Олардың қарызын қайтару үшін оралмандарға «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» 4 пайыздық мөлшерде кредит беріледі. Оны қайтару үшін жұмыспен қамтылады, кәсіппен шұғылдануға қаржы бөлінеді.Қауымдастық шетелдерде тұратын қазақтармен мәдени-рухани, оқу-білім, көші-қон саласында тұрақты байланыс жасайтын республикамыздағы бірден бір халықаралық ұйым. Соған орай, ол шетелдегі қазақ диаспорасына қатысты елімізде жүзеге асырылатын барлық іс-шараларға әрқашан да белсенділікпен ат салысып келеді. Мысалы, Қауымдастықтың тікелей ұсынысының негізінде «Шетелдегі отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды, «Халықтың көші-қоны туралы» заңының да шетелдегі қазақтардың атажұртқа оралуына барынша тиімді болып қабылдануына өз үлесін қосты. Бұл ретте мына мәселені де қадап айтқымыз келеді: Шетелдегі сан миллион қазақтардың «Нұрлы көш» бағдарламасына деген сенімі мен артар үмітінің айрықша екені бізге жақсы мәлім. Алыстағы ағайын бұл бағдарлама өздерінің атажұртқа оралуына бұрын-соңды болмаған жаңа мүмкіндіктер туғызады деп сенеді. Олардың бұл сенімі, әсіресе, өткен жылы Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бұрынғы министрі Бердібек Сапарбаев Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына келіп, көші-қон мекемелерінің басшыларының, шетелдегі қазақ диаспорасы мен оралмандардың өкілдерінің басын қосып «Нұрлы көш» бағдарламасын талқылау жөнінде дөңгелек үстел мәжілісін өткізгеннен кейін ерекше арта түсті. Бұл мәжілісте «Нұрлы көш» бағдарламасының маңызы мен оны жүзеге асырудың жолдары жан-жақты талқыланды. Қауымдастық өз қарауындағы басылымдар арқылы бұл мәжілістің бүкіл әңгімесін қаз-қалпында шетелдегі ағайындарға жеткізді. Соған орай, қазір сырт жерлердегі қазақ диаспорасы бұл бағдарламаға айрықша қызығушылық танытып отыр. Сонымен бірге оны тиімді түрде жүзеге асыруға байланысты өздерінің ұсыныс-тілектерін де білдіруде. Төменде осы ұсыныс-тілектерді бір жүйеге түсіріп, назарларыңызға ұсынып отырмыз. Біріншіден, шет елдерден көшіп келетін қазақтар туралы социологиялық зерттеулер жүргізу, (көшіп келушілердің тізімін кім шығарады, біз қандай мамандықтарға зәруміз, олардың білімі, мамандығы, жасы т.т.). Ғылыми іс жүргізу киын, онымен кім айналысады? Қауымдастық жанында ғылыми орталық бар,ол өз деңгейінде ғана жұмыс істеп жатыр. Ғылыми зерттеулер болмай, дұрыс сараптама жасалмай бұл іс алға басуы қиын.Екіншіден, бүгінгі таңда атажұртқа оралуға ерекше ынта-ықылас білдіріп отырған Өзбекстан, Қытай, Моңғолия және Түркіменстан қазақтары. Тіпті Монғолиядан Атамекенге көшуге бел байлаған 650-ден астам адам тіркеліп, құжаттарын дайындау үстінде. Бұл жөнінде Монғолия қазақтарының мәдени орталығының төрағасы Хабсатар Омарұлы өзі Сіздерге баяндайды."Нұрлы көш" бағдарламасына кіру тәртібі қандай, кім реттейді, Көші-қон комитетінің өкілдері бір елге барған емес. Арада делдалдар жүреді. Мыс: Өзбекстан...Ал, жоғарыдағылардың ішінде көші-қон жөнінен қиындыққа көп ұшырайтын – Қытай қазақтары. Бұл елден Қазақстанға міндетті түрде виза алып келу керек. Бірақ виза мәселесін шешудің кедергілері көп. Әсіресе, бүкіл отбасымен келудің толып жатқан қиындықтары бар. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Қытай арасында көші-қон туралы келісім-шарт жоқ. Және жақын арада ондай келісім-шарттың қабылдануы да екі талай. Сондықтан да Қытай қазақтары Қазақстанға тұрақты тұруға, негізінен, туыстық шақырту жасату арқылы келеді. Қазір мұндай шақыртулар ҚР Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы басқармасы, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті және Көші-қон комитеті арқылы жүзеге асады. Міне, осы үш мекеме бірлесе отырып Қытайдан тұрақты шақыртудың оңайтылған бір жүйесін жасағандары жөн. Қытайдың кейбір аудандарында төлқұжатқа кісінің фамилиясын жазбайды. Міне, осындай паспортпен келген қазақтар Қазақстанда фамилиясы жоқ болғандықтан біраз қиындықтарға кездеседі. Осы мәселені де шешу керек. Сондай-ақ, қытай транскрипциямен қате жазылған аты-жөндерін де кириллицаға түсіргенде (Азаматтық төлқұжатын алғанда) дұрыс жазып беруді шешу керек. Мыс: Гүлзира – Гүлизила, Серік – Селике, Шаймұрат – Шаймұлати, Жарқын – Жакин т.т. Мұндай қателіктер барлық елден келетіндерде кездеседі. Жолдас - Джолдас, Омар – Умар, Уатқан –Уватхаан, Бақытгүл – Бахатгул т.б. Қытайдан келетін оралмандар Үрімжі қаласындағы Қазақстанның Консулдық бөлімшесінен виза алады. Бірақ осы Консулдық бөлімше дұрыс жұмыс істемейді, жұрт ұзақ уақыт, тіпті бірнеше ай бойы кезек күтеді деген әңгімелер жиі айтылады. Бұл жөнінде Қауымдастыққа арыз-шағым айтып келушілер де баршылық. Жылдағы жағдай қайталануда, негізінен делдалдарға жол беріп отырмыз.«Нұрлы көш» бағдарламасын жүзеге асыру барысында осы мәселеге де айрықша көңіл бөлінсе дейміз.Сондай-ақ Қытай мен Монғолиядағы қазақтар атажұртқа өздерінің жекеменшік малдарын алып өткісі келеді. Осы екі елдегі қазақтардың ежелгі асыл тұқымды малдары жақсы сақталған. Оларды Қазақстанға әкеліп өсіру өте тиімді. 1990 жылдардың басында Монғолиядан "Семей импорт" арқылы мал өткізіліп, кейін тоқтап қалды. Егер өз малдарымен келсе Қазақстанға өте тиімді болар еді. Бұған Қытай, Монғолия жақтарынан кедергі жоқ. Ал қарсылық, керісінше, Қазақстанның Ауылшаруашылығы министрлігінің Малдәрігерлік қызмет мекемелерінің және Ресей елі тарапынан болып отыр. Олар жұқпалы ауру болуы мүмкін деген сылтаумен малды шекарадан өткізуге қарсы. Қытай мен Монғолиядан қазақтың ежелгі малын өткізгенше Америкадан тауық етін әкелген жөн деп есептейді. Бұл ретте Ауылшаруашылығы министрлігіндегілер Америкадан тауық етін тасумен айналысатын жекеменшік фирмалардың мүддесін көздейді деген әңгімелер де айтылады. Мүмкін, ол рас та шығар. Әйтеуір, қалай болғанда да, Қытайдан тамақтың да, заттың да неше түрін әкелгенде қазақтың өз малын өткізуге неге тиым салынатыны түсініксіз. Монғолиядан мал кіргізуді де қайта жолға қою керек деп есептейміз.«Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы осы мәселені бір жүйеге түсіріп шешсек дұрыс болар еді. Оралмандарға қатысты және бір үлкен мәселе – тұрақты тіркеуге тұру. Қазіргі кезде оралмандарды көші-қон квотасына қосу, азаматтық беру оп-оңай, тек олардың Қазақстанда тұрақты тіркеуі болса жетіп жатыр деген әңгіме барлық жерде жиі айтылады.Яғни, оралмандар тұрақты тұратын жерді өздері тауып, өздері тіркелулері керек. Ал Қазақстанға жаңадан келген адам тұрақты тұратын жерді қайдан табады?.. Оларды өз үйлеріне кім тіркеуге тұрғызады?.. Міне осының салдарынан алыстан келген ағайын тұрақты тіркелетін жер таба алмай, квотаға кіретін, азаматтыққа өткізетін құжат жинай алмай ұзақ уақыт әуре-сарсаңға түседі.Тіпті, бұл мәселені шеше алмай, еріксіз кейін қайтып кетіп жатқан қазақтар қаншама! Осы мәселені бір жүйеге түсіріп реттейтін уақыт әлдеқашан келді. Яғни, шетелден келген оралмандарды тұрақты тіркеу мәселесін шешуді Көші-қон мекемелері өз мойындарына алулары керек. Сондай-ақ, және бір күрделі мәселе – оралмандарды жермен қамтамасыз ету. Қазір оралмандарға бөлінетін квотаның саны жиырма мың отбасына жетті деп жүрміз. Бірақ сол жиырма мың отбасының қаншасы үй салатын жер телімдеріне қол жеткізеді?.. Оларға егін егіп, мал өсіретін жер бөлу мәселесі қалай шешіледі?..Несие алу, баспаналы болу ең үлкен мәселе. Мүмкіндігінше аз мөлшердегі несие алуларына көмектесіп, баспаналы болуына жағдай туғызу аса қажет, негізінен жағдайы барлар Елімізге келіп болды. Ал, жағдайы жоқтар келе алмайды. Сауд Арабиясында бір мыңға жуық қазақтар бар. Қауымдастық пен Елшілік бірлесіп 1998 жылы сол елден 10 отбасын көшіріп алғанбыз, ол кезде бұлар қорқып бұғып қалған, кейбірі кейіннен қосылған дегендей.

171.Қазіргі Қазақстанның демографиялық даму. Қазақстандық көпбағдарлы демографиялық саясаттың жетістіктерін 2009 жылғы ұлттық Халық санағы айқындап берді. Ана мен баланы қорғау, гендерлік саясат, отбасының тұрақтылығы мен әл-ауқатын арттыру, бала тууды ынталандыру, халықтың орташа өмір сүру жасын ұзарту – осының бәрінде де Қазақстан алға ілгерілеп келеді.Атап айтар болсақ, бала туу көрсеткіші 25 пайызға артты, ал адам өлімі 11 пайызға төмендеді. Халықтың табиғи өсімі 1,7 есеге көбейді. Алдағы уақытта да демографиялық ахуалды жақсарта түсуге бағытталған ірі міндеттер жүзеге асырылмақ. Мәселен, халықтың орташа өмір сүру жасын 72-ге жеткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар халық санын 18 миллионға жуықтату, ана мен бала өлімін 2 есеге төмендету міндеті қойылып отыр.Тағы бір қуанышты дерек, мемлекетті құраушы қазақ халқының үлесі артып келеді. Бұған тәуелсіздік жылдары шекара асып, атамекенге көшіп келген 800 мыңнан астам қандастарымыздың да қосып жатқан үлесі бар. Соңғы Ұлттық халық санағы елдегі қазақтардың үлесі 64 пайызға жеткенін көрсетті. Жалпы арғытегі бір, туыс этностарды қоса алғанда, 70-72 пайызды құрайды. Демек, қазақтың демографиялық дәлізі кеңейіп келеді деуге негіз бар.Демографиялық даму ұлттық құндылықтарымызды да ілгерілетуге серпін берері анық. Билеуші элита барынша байқап-бағамдап, мемлекеттік тілге деген қажеттілікті арттырып келеді. Билік ұстанып отырған осы мемлекеттік тіл саясаты арқылы ақырындап, сондай-ақ осы демографиялық дамумен тіл түйткілін шешіп алуымызға зор мүмкіндік бар. Демографиялық ілгерілеу тілдік ортаны өздігінен қалыптастыра алады. Яғни тілдік орта қоғам тарапынан мығым қалыптасып үлгерсе, мемлекеттің тікелей араласуынсыз да ана тілімізді армандаған деңгейге жеткізе аламыз. Тілдік ортаның ұйтқысы болар жергілікті ұлт өзіміздің тіл ге деген құрметіміздің таяздығы да басты себеп болып келеді. Байқап қарасақ, бүгінде халық санының өсуімен тілдік орта өзі-ақ қалыптасып келе жатқаны сезіледі. Өз кезегінде мемлекеттік билік ыңғайын тауып және осыған демографиялық салмақты ескеру саясатын белсендіре беруі тиіс.Дегенмен демографиялық ахуалға алаңдаушылық жоқ десек, ақиқаттан аттаған болар едік. Қоғамның тұрақты дамуы мен оның қауіпсіздігі үшін елдегі халықтың саны салыстырмалы деңгейде жеткілікті болуы керек. Демографиямыздың ақсақалы Мақаш Тәтімов Қазақстанның жалпы әлеуеті 50 млн халықты кеңінен қамтамасыз ете алады деп санайды. Ал белгілі ғалым-идеолог Жанұзақ Әкімнің есебінше, еліміздің территориясы өте кең, сондықтан бүгінде Қазақстанда коммуникациялық желілерді, автожолдар, теміржолдар, су құбырларын салу үшін әрі мұның тиімді болуы үшін елдегі халық саны 60 миллион болуы керек. «Сонда бұған салған қаржының тиімді қайтарымы болады. Онсыз су, газ құбырларын жүргізе алмаймыз. Бұл тиімсіз болған соң, экономика көтерілмейді. Қазіргі кезде Қазақстан демографиясы үшін маңызды бірінші ресурс – шеттегі ағайындар. Екіншіден, жалпы өсімді қолдауымыз қажет» деген пікірде Ж.Әкім.Демографиялық өсімге сырттағы қандастарымыздың оралуы айтарлықтай серпін бергенін жоғарыда атап өттік. Осы тұста арнайы қабылданған «Нұрлы көш» бағдарламасы орынды саяси шешім болды. Десе де, 5 миллионнан астам, яғни әрбір үшінші қазақ әлі де шетте жүр екен. Сәл кері шегініс жасап, тарихқа үңілсек, губернатор Колпаковский Қазақстанға бір миллионнан астам ресейліктерді көшіріп әкеліпті. Столыпин реформалары тұсында тағы да миллионнан астам ресейлік қоныстанып үлгерген. Тың игеру науқаны кезіндегі қоныстандырған адамдардың саны да миллионнан асып жығылды. Демек, Колпаковский құрлы қауқарымыз болса, сыртта жүрген қазақтарды елге көшіріп алып келуге бар күшімізді салуымыз керек-ақ.Халықтың өсімін қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдаулар аз жасалып жатқан жоқ. Мәселен, бұрын 10 балалы аналарға – «Алтын алқа», 8-9 балалы аналарға «Күміс алқа» берілетін. Билік бұл межені «Алтын алқа» үшін – 7 балаға, «Күміс алқа» үшін 6 балаға дейін түсірді. 2010 жылы балалардың тууына арналған жәрдемақыны төлеуге мемлекет 15 миллиард теңгеден астам қаржы бөлген болатын. Ал баланы күтуге байланысты жәрдемақыға 19 млрд-тан астам теңге жұмсады. 2003 жылдан бері баланың тууына арналған бір реттік жәрдемақы енгізілген болатын. Соңғы 5 жылдың ішінде оның көлемі 2,7 есеге көбейді.Сонда да бала туу мәселесіне маңызды қолдау әлі де болса қажет. Әр отбасында дүниеге келген бірінші балаға – 30 мың теңге, екіншіге – 40 мың теңге, үшіншіге 70 мың теңгені бір рет қана береміз. Ал Ресейде бала туып жатқан аналарға біздің ақшамен 2 млн теңге, яғни 50-60 есе көп төлейді. Тіпті жетім балаларымызды да жеткілікті қорғай алмай отырғанымыз тағы бар. Қаншама бала шетелге тауар болып сатылып, кетіп жатқанын айтудың өзі ауыр.Дүниеге келген әрбір баланың жағдайын жасап, отбасына пәтер, қаражат болсын, қолдан келген жан-жақты көмекті көрсету аса маңызды. Қазіргі халықтың орташа демографиялық жасы – 24-27 жас. Ал 20-30 жылдан кейін өсуге тап осындай қолайлы жағдай болмайды. Ол кезде миллиондап ақша сыйласақ та өсім болмауы әбден мүмкін. Технократия заманы мен әлемдік тәжірибе осыны меңзейді. Сондықтан бүгін біз барлық саясатты стратегиялық тұрғыдан қарастырып, қолда бар мүмкіндікті жіберіп алмауға тырысуға тиіспіз. Аз халықтың басына бақ қонбайтыны және болашағы үшін күресе алмаған халық құритынын естен шығармауымыз қажет. Және санымыздың көбеюі үшін күресуіміз керек.Демографиялық ахуалымызды еске алғанда, көрші елдерге қарап, үрейленіп қалатынымыз бар. Бұл – орынды уайым. Ресей демографиялық дағдарыс күйін сезініп отырғанымен, халқы бізбен салыстырғанда 10 есе көп. Ал Қытай еліндегі демографиялық ахуал баршамызға белгілі. Олардың саясаты бойынша, ұлты қытайлық әйел не еркек өзге ұлт өкіліне үйленсе де, одан туған бала қытай болып есептеледі. Мәселен, Қытайдың 30 жылдан бері орташа жылдық дамуы 9-10 пайызды тұрақты ұстап, қаржылық-экономикалық дағдарысқа да қарамай дамып келеді.Тағы бір мәселе – урбанизация. Оған мемлекет тарапынан арнайы қолдау қажет. Себебі урбанизацияның салмағын қазақтар басып отыр. Мәселен, қазақтар шама-шарқынша Астанаға жаппай қоныстанып жатыр. Мамандардың болжауынша, 10-15 жылда Астана 1 миллион тұрғыны бар қалаға айналса, оның 85 пайызын сол жергілікті ұлт құрамақ. Бүгінде Астана халқының саны жағынан республикамызда үшінші орында тұр. Бірінші орында – Алматы, екінші орында – Шымкент, үшіншісі – Астана, төртінші қала – Қарағанды. Яғни ел бойынша урбанизация үрдісі жаман жүріп жатқан жоқ. Бірақ бұл ауылды ұмыту деген сөз емесін түсінуіміз керек. Соңғы ұлттық халық санағы да осыны көрсеткен болатын.Жүздеген жылдар бойы қазақта сақталған мұсылмандық дәстүр – ол қазақ жесірін далаға тастамайтыны, жетімін жылатпайтыны. Осы әлеуметтік институт әмеңгерлік деп аталады. Бұл сөз жоқ, қазақтың ежелден келе жатқан демографиялық философиясы. Осындай әлеуметтік-демографиялық дәстүрлерді заманға лайықтап, кәдеге жарата білу де керек сияқты. Алдағы уақытта біздің ескерер мәселелердің бірі де осы болуға тиіс. Сосын ең маңызды мәселе – жас отбасыларды қолдау болуға тиіс. Өйткені бүгінгі таңда жастар шаңырақ көтеруге асықпағаны өз алдында, отбасылы болғандардың өзі бала сүю бақытын еркінен тыс кейінге шегере тұруға мәжбүр. Өйткені оларды баспана мәселесі қинайды. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы барлық жас отбасыларды қамтамасыз етіп отырған жоқ. Өйткені ол үйлерді жас шаңырақ иелері мемлекеттік қызметкерлермен және бюджетті сала мамандарымен «бөлісіп» отыр. Сондықтан жаңа отау иелерін баспанамен қамтудың басқа жолын қарастырған да жөн секілді. Жоғарыда айтылғандарды жөнге келтіргенде ғана демографиялық саясатымызға дем бере аламыз. Және бұл өте маңызды. Өйткені халықсыз мемлекеттің болмайтыны бұлтартпас аксиома Дербес демографиялық саясат – берік болашақ кепілі Демография – бұл халық туралы ғылым. Ал демографиялық саясат деп мемлекеттік тұрғыдан қоғамның ең өміршең және бастапқы қажет тіршілігін, атап айтқанда – халықтың өсіп-өнуі мен сақталып дамуын, өлім-жітімі мен көші-қонын және мекен-жайға дұрыс орналасуын қамтамасыз ететін, маңызды аталмыш «бес таған» айналасын реттеуге арналған шара мен іс-әрекеттердің біртұтас жүйесін айтамыз. Бүгінгі күннің аса күрделі мәселелерінің бірі- Қазақстанның өзіндік дербес демографиялық саясаты біздерге не үшіе соншама қажет? Не үшін оған ұлттық қауіпсіздікте бірінші басымдылық беріліп отыр? Себебі, Қазақстан ұлысының негізгі ұлты ретінде қазақ халқының жан-жақты даму бағдарламасын қабылдап, көп ұлтты республикамызда ұлтаралық қатынастарды жақсарту мен сауықтыру мәселесін мемлекеттік саясат деңгейіне көтергенде ғана болашаққа толық сеніммен қарай аламыз. «Мың өліп, мың тірілген қазақ» халқы басынан талай демографиялық апаттарды өткерді. Елдігіміздің шырқын өткенде отаршылдар нағыз демографиялық зобалаң жолдармен бұзып келгені баршаға аян. Қазақ хандығы құрылғаннан бастап, көрші, әсіресе, Жоңғар, Қытай, Ресей, Қоқан, Хорезм мемлекеттерінің шабуылына талай ұшырап, көптеген жерімізге қоса халқымыздан да айырылдық.Зұлматты геноцидтің басталуы қаншама тереңде жатса, оның зардабы да соншама ұзақ сақталуда. Бұл санымызға, тілімізге, егемендігімізге, дінімізге, санамызға, ділімізге, мәдениетімізге, экономикамызға, өркениетімізге, менталитетімізге тікелей әсер еткендігі сөзсіз анық. Енді тым алысқа бармай-ақ, аңсаған тәуелсіздігімізді алғаннан бергі еліміздегі демографиялық өзгерістерге назар аударсақ. Кеңес Одағының ыдырауы мен еліміздің көптен күткен тәуелсіздігін алуы барысындағы өтпелі кезеңде біз күрделі демографиялық өзгерістер мен жаңа көші-қон толқындарына куә болдық. Бұл кезеңдегі демографиялық үрдістердің негізгі ерекшелігі- өлім-жітімнің көбеюі, бала туудың кемуі, яғни, табиғи өсімнің құлдырауы салдарынан халықтың жалпы санының азаюы.Бұған қоса республикамыздан алыс-жақын жерлерге ауып кетіп жатқан көші-қон толқындарының өрістеуі де халық санын төмендетіп жіберді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы демографиялық дағдарыстың ең ауыр нәтижесі - Қазақстан халқы 1989-1999жж. Аралығында 1,5млн-нан астам адамға, яғни, 8,2%-ға азайды.Халық санының азаюы 2002ж-ға дейін созылып, тек 2003ж-дан бастап аз да болса өсе бастады.Бұның басты себебі- тек 1991-1999жж. аралығында сыртқа кеткен көші-қон нәтижесінде Республика халқы 1 000 854-нан астам адамға кеміді. Кеткендердің басым көпшілігі өз тарихи отандарына қайта оралғандар еді. Олардың ішінде тек 1993-1998жж. – 1млн-нан астам орыс, украин, беларустар, 400 000-ға жуық немістер болған еді. Бұл көші-қон толқындары Қазақстан халқының ұлттық құрамына күшті әсер етіп, олардың үлестік ара-салмағын күрделі түрде өзгертіп жіберді. Егер 1939ж-дан кейін қазақтар өз Отанында көпшілікке айналса, 1999ж. едәуір өсіп, 53,4%-ға жетті, оның үстіне бұрын басым болған орыстардың үлесі 30,0%-ға тоқтап, төмендей түсті. 2005ж. Басында Қазақстан халқының саны 15млн-нан асып, ұлттық құрамы келесідей болды: қазақтар – 8 725 206 немесе 57,9%, орыстар – 4 024 357 немесе 26,7%, украиндар – 458 993 немесе 3,0%, өзбектер – 419 529 немесе 2,8%, немістер – 228 123 немесе 1,5%, татарлар – 231 236 немесе 1,5%, ұйғырлар – 226 513 немесе 1,5%, кәрістер – 100 982 немесе 0,7%, белорустар – 94 214 немесе 0,6%, әзірбайжандар – 86 138 немесе 0,57%, түріктер – 84 035 немесе 0,55%, басқалар – 395 441 немесе 2,6% құрады. Бұл жерде республикаға өз атын берген қазақ ұлтының кейбір демографиялық артықшылықтарын айта кеткен жөн болар. Атырау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан басқа Республика жерінде жалпы халық саны негізінен кеміген болса, қазақтар саны бүкіл облыстарда өсумен болды. 1989-2005жж. Қазақтар саны 2 000 228,3-ға, яғни, 34,2%-ға өсті. Қазақтар Батыс және Оңтүстік аймақтарда едәуір басым болды. 1999ж. Қызылорда облысында -94,2%, Атырау облысында -89,0%, Маңғыстау облысында – 78,7%, Ақтөбе – 70,0%, Оңтүстік Қазақстан – 67,6%, Батыс Қазақстан облысында – 64,6% құрады. Ал Солтүстік және Орталық Қазақстанда қазақтар әлі де болса аз болды.Олар халықтың 1/3-нен төмен, не аз ғана жоғары болды. Солтүстік Қазақстан облысында – 29,5%, Ақмола – 37,4%, Қарағанды – 37,6%, Павлодар – 38,2%, Шығыс Қазақстанда – 48,5% болды. Жалпы, қазақтар орыс, украин, неміс, басқа да еуропалық ұлт өкілдеріне қарағанда табиғи өсімі жоғары саналғанымен, 1990жылдары олардың арасында 3 және одан да көп балалы отбасылар азая түсті. Қазақтардың табиғи өсімінің төмендеуі рыноктық қатынасқа, қымбатшылық пен жұмыссыздықтың өрістеуіне, сондай-ақ қазақтар басым орналасқан ауыл-селоның жағдайының күрт нашарлауына, басқа да өтпелі кезеңнің ауыртпалықтарына тікелей байланысты еді. 1993ж. Қазақстан адам мүмкінділігінің даму индексі бойынша Дүниежүзінің 175 мемлекеті ішінде 54-орынға ие болса, 1997ж. 93-орынға төмендеді. Қазақтардың жалпы саны мен үлесінің өсуі, біріншіден, жоғарыда айтылып кеткендей, табиғи өсімнің басқа ұлт өкілдерімен салыстырғанда жоғарылауына, ал екіншіден, егемендігімізді алумен басталған шетелдегі қандастарымыздың тарихи Отанына қайту көші-қонына тығыз байланысты еді. Бұлар қазақ-жоңғар соғысы, 1916ж. ұлт-азаттық соғыс, кейінгі Кеңес заманындағы азамат соғысы, 1918, 1921, 1931-1933жж. ашаршылық, Ұлы Отан соғысы кезіндегі тұтқындалу және басқа да қайғылы-қасіретті оқиғалар нәтижесінде Отанынан ауа көшіп кеткен қазақтар еді. Шетелдегі қазақтар мәселесі Кеңес Одағы кезінде көпке дейін тыйым салынған жағдайда болып келгені рас. Бүгінгі таңда шетелдегі қазақтар мәселесі, әсіресе олардың саны мен жыныстық, жастық, әлеуметтік құрамы, білім деңгейі, ұлттық тілді, мұсылман дінін, дәстүрлі мәдениетіміз бен тұрмыс жағдайын сақтау сияқты басқа да мәселелер бүгінгі күнде де тарихи демографиямыздағы ашық мәселе. Шетелдегі қазақтардың көпшілігі білім алуда қатты қиналатыны белгілі. Ұлттық мектептер жоқтың қасы, әсіресе Қытай мен Өзбекстанда бұл жағдай қиындап кетті. Жалпы, шетел мемлекеттерінің саясаты ұлт тілін, мәдениетін сақтап, дамытуға мүмкіндік туғызбайды. Шетелдегі қазақтар санына келер болсақ, Қазақтардың Дүниежүзілік Қауымдастығы жинаған мәліметтерге сүйенер болсақ, жақын шетелдерде 3 000 137, алыс шетелдерде 2 529 800. Қазақтар көп шоғырланған мемлекеттер: Қытайда – 2 000 260, Өзбекстанда – 1 000 750, Ресейде – 1 000 100, Монғолияда – 150 000, Түркіменстанда – 150 000, Қырғызстанда – 95 000, Ауғанстанда – 30 000, Түркияда – 15 000, АҚШ-та – 14 000, Тәжікстанда – 10 000, Иранда – 10 000, Германияда - 9 000-дай қазақ бар екен. Кеңес Одағы тарап, Қазақстанымыз егеменділігін алған соң шетелдегі қазақтардың Отанына бағытталған көші-қонның ең күшті толқыны басталды. 1991ж-дан бастап Қазақстанға ТМД елдерінен, алыс шетелдерден қазақтар ағыла бастады. Осы 1991ж-дан 1995ж-ға дейінгі аралықта республикаға 137 919 қазақ көшіп келді. Олардың басым көпшілігі, дәлірек айтсақ 50,6%-ы таяу шетелден, негізінен Ресей, Тәжікстан, Кавказ өңірінен, алыс шетелден – Монғолия, Иран, Түркия, Қытай, Ауғанстаннан келген иммигрант қазақтар. Ұлттық қауіпсіздігімізді сақтап қалу және экономикамызды жаңа еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету үшін елбасымыз 2015жылға дейін халық санын 20млн-ға жеткізу қажеттігін баса айтып келеді. Халық санын көбейтіп, құрамын нығайту үшін тарихи демографиялық ғылым айқындаған екі жолды – табиғи өсім мен сырттан келетін көші-қонды оң пайдалануымыз керек. Табиғи өсімді күшейту үшін жастарға, әсіресе жаңа отбасыларға, көп балалы аналарға, олардың жас ұрпақтарына өкімет тарапынан жан-жақты, нақтылы, тұрақты және жүйелі түрде қамқорлық, тікелей жәрдем ұйымдастырылуы жолға қойылған. Қазақстанның экономикалық өсу траекториясына шығуына байланысты орташа өмір сүру ұзақтығы, өмір сүру деңгейі және білім алу сияқты компоненттерден құралатын адамның даму индексі бойынша 2005ж. Қазақстан 80-орынға көтерілген. Оралмандарға еліміз барынша жағдай жасауға тырысады. Қазақстанның дербес демографиялық саясатының өзіндік адал әрі биязы әдіс-әрекеттерді қалыптастыра отырып дамуы болашақта қазақ сияқты өр рухты халқымыздың елдігін нығайтары хақ. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуы тиіс. Біз бұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз»,- деген еді. Ал Қазақстанымыздың ұлттық бәсекелестігін арттыратын ең маңызды фактор – бұл адам ресурсы. Қазақ қашанда мал басын өсіремін деп жүріп, жан санын, яғни, өз санын да өсіру керектігін ұмБілім беру жүйесіндегі реформалар білім саласының қарқынды дамуына елеулі ықпалын тигізуде. Соған байланысты Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда.Бағдарлама білім беру қызметі білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыруға, педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейтуге, білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізуге бағытталған. Жастардың бойында белсенді азаматтық ұста-нымды, әлеуметтік жауапкерші-лікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру, респуб-лика азаматтарының материалдық және рухани әл-ауқатын жақсарту, экономиканың тұрақты дамуы үшін баршаға арналған сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен ең бастысы еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту маңызына негізделген. Аталған мемлекеттік бағдарламада «білім беру сапасы, бірінші кезекте, сапалы даярлығы бар оқытушылармен айқындалады» деп атап көрсетілген. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында мұғалімдердің біліктілігі мен кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талап та жоғары болуға тиіс. Сондықтан бүгінгі таңда сыни тұрғыдан ойлай алатын, алған біліміне салыстырмалы талдау жасай алатын, жаңа шешімдер қабылдап, технология мен инновация тәсілдерін тиімді қолдана білетін және т.б. кәсіби қасиеттері бойына қалыптасқан мұғалімдер өте құнды. Бағдарламаның маңызды бағыттары-ның бірі – білім беруді дамыту жағдайында педагогикалық кадрларды дайындау, біліктілікті арттыруды қамтамасыз ету және осы жүйе құрылымдарының өзара әрекетінің тиімділігін арттыру.Сондықтан, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған қаржыландырудың жаңа тетіктерін әзірлеу, жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету, педагог қызметкер-лердің мәртебесін көтеру, білім берудегі менеджментті жетілдіру міндеттерін жүзеге асыру мақсатында біліктілікті арттыру жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізу қажет. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесіне ваучерлік-модульдік жүйе енгізумен жаңартылады. 2013 жылы бұл жүйе 2 облыс базасында (Жамбыл және Павлодар) және Астана, Алматы қалаларында сынақтан өтетін болады.Осыған байланысты біліктілікті арттыру жүйесін жаңарту үшін модульдік-ваучерлік оқыту жүйесі мен оқыту технологияларын, оның ішінде ақпараттықкоммуникативтік технологияларды тиімді қолдану қажеттілігі туындап, педагог кадрлардың ақпараттық құзыреттіліктерін қалыптастыруға баса назар аударылады. Осы мақсатта облыстық педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институты біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыруда тыңдаушылардың біліктілік санаты, еңбек өтілі мен жұмыс істеу ерекшеліктері ескеріліп отыр. Ал, біліктілікті арттыру курстарының оқу-тақырыптық жоспарлары инварианттық және вариативтік бөліктері нормативтік-құқықтық, мазмұндық - әдіснамалық, тәжірибелік, рефлексивтік - бақылау, таңдау модульдерін қамтиды.ытпауымыз абзал

172.Қазіргі Қ.ның көші-қон саясаты.Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының тұжырымдамасы (бұдан әрі-Тұжырымдама) көші-қон процестерінің негізгі қағидаттарының, басымдықтарының, тетіктерінің, міндеттері мен әдістерінің негізгі жүйесін тәртіпке келтіру мен реттеуді білдіреді. Осы тұжырымдамада көші-қон процестерін реттеу деп-Қазақстанның ағымдағы және алыс перспективалық қажеттіліктеріне жауап беретін және көшіп-қонушылардың қүқықтарын іске асыруды қамтамасыз ететін бағыттарда адамдардың қоныс аударуын ынталандыруға не шектеуге бағытталған әкімшілік және әлеуметтік-экономикалық, шаралар кешені түсініледі.Көші-қон процестері мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық келісімге, елдегі экономикалық және демографиялық ахуалға әсер етеді.Көші-қон саясаты Қазақстанның мемлекеттік сыртқы және ішкі саясатының құрамдас бөлігі болып табылады, оны іске асыру мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болуға тиіс.Көші-қон саясатының субъектілері-орталық және жергілікті атқарушы органдар болып табылады.Мемлекеттік органдардың көші-қон саясатын іске асыру жөніндегі әріптестері қоғамдық бірлестіктер болуға тиіс.Тұжырымдама адам қүқықтары мен бостандықтарын сақтау негізінде, жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, көші-қон саясатының негіздерін айқындайды.Тұжырымдама еліміздің тұрақты дамуға көшу кезеңіне және экономиканың тұрақтануы мен өсуінің ұзақ мерзімдік перспективасына есептелген.Тұжырымдама таяудағы перспективаға мемлекеттің саяси болмысын және әлеуметтік-экономикалық жағдайын негізге алады, олар Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерін реттеу жүйесінің шектеушілері болып табылады.Көші-қон саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасының Заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге негізделген. Тұжырымдама көші-қон процестерін реттеудің отандық және шетелдік тәжірибесін ескереді.1. КӨШІ-ҚОН АХУАЛЫН БАҒАЛАУҚазақстанның халық көші-қоны саласындағы ерекшелігі мемлекет дамуының тарихи ерекшеліктерінен туындаған көп ұлтты адамдар қауымдастығының орнығуы болып табылады. Мәселен, 1968 жылға дейін республика үшін халықтың көші-қонының онды сальдосы тән болды, яғни, елімізге келушілердің саны одан кетушілердің санынан едәуір көп болды. Мысалы, 1950-1959 жылдар мен 1960-1969 жылдар кезеңінде орташа жыл ішінде 1000 адамға шаққанда республикадағы халықтың көші-қон өсімі тиісінше 12 және 5 адам болды.Алайда, 1968 жылдан бастап қазіргі кезге дейін республиканың көші-қон процесінде кері ахуал қалыптасты, яғни елге халықтың келуінен гөрі кетуі неғұрлым жедел қарқында. Мысалы, 1970-1979 жылдар мен 1980-1989 жылдар кезеңінде орташа жыл ішінде 1000 адамға шаққанда республика халқының көші-қон есебінен кемуі тиісінше 5 және 7 адамды құрады.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуымен, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының трансформациялық процестерінің басталуымен жөне басқа да көптеген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріндегі сияқты Қазақстаңда жекелеген этникалық топтардың тарихи Отанына оралу мүмкіндігінің кеңеюімен көші-қонның теріс сальдосының өсу үрдісі қалыптасты. Мәселен, соңғы 10 жыл ішінде көші-қонның теріс сальдосы халықтың осы кезендегі табиғи өсімін толығымен жұтып қана қойған жоқ (1990 жылдарда табиғи өсім, туу санының күрт азайып кетуі және 1980 жылдармен салыстырғанда қайтыс болғандар санының ұлғаюы есебінен 2 есеге дерлік азайды), сонымен қатар және одан 2 еседен астам асып кетті.Қазақстан Республикасындағы көші-қон ахуалы мынадай негізгі процестермен сипатталады:1. Эмиграцияда халықтың бұрын патша заманында Қазақстанға жіберілген, сталиндік режим жылдарында жер аударылған, тың және тыңайған жерлерді игеруге жіберілген орыс тілді бөлігі өкілдерінің және әскери-өнеркәсіп кешеніне қызмет көрсететін контингенттің кетуі басым;2. Көшіп келуде этникалық қазақтардың қарқыны басым, ол мынадай жағдайлардан:өзінің ұлттық бірегейлігін сақтау ниетінен;әскери жанжалдар салдарынан;тарихи отанына оралу ниетінен туындап отыр.3. Ішкі көші-қонда:аграрлық сектордың құлдырауы нәтижесінде ауылдық елді мекендерден халықтың көшіп кетуі;қаланы ұстап тұған кәсіпорындар мен өндеу кешендерінің тоқтап қалуы салдарынан шағын және орташа қалалардан- кетуі;экологиялық себептер салдарынан Семей полигоны аймағы мен Арал өңірінен халықтың көшіп кетуі.4. Қазақстан Республикасының геосаяси орналасу жағдайынан, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен шекаралардың ашықтығынан, достастық елдерінің біріңғай келісілген саясаты болмауынан және заңдық базаның жетілмеуінен туындаған заңсыз көші-қон.5. Ішкі еңбек рыногында өзіміздің еңбек ресурстары асып-артылып жатқан кезде шетелдік жұмыс күшін тартуға байланысты еңбек көші-қоны.6. Бірқатар мемлекеттердегі қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақсыздығы салдарынан босқындардың болуы.Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның босқындар мәртебесі туралы 1959 жылғы Конвенциясына және оған 1967 жылғы Хаттамаға қосылуы босқын мәртебесін алудан үміттенетін адамдарды қабылдау жөнінде белгілі дәрежеде міндеттеме жүктейді.Көші-қон проблемаларын шешу Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтану перспективаларымен айқындалады.2. КӨШІ-ҚОН САЯСАТЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ҚАҒИДАТТАРЫКөші-қон саясатының мақсаты — көші-қон процестерін басқару, тұрақты демографиялық дамуды қамтамасыз ету, еліміздің мемлекеттік қауіпсіздігін нығайту және көшіп-қонушылардың кұқықтарын іске асыру үшін жағдай жасау.Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты мына қағидаттарға:көшіп-қонушылардың құқықтарын сақтау мен қорғауға, оларды нәсілдік, ұлттық, тілдік белгілері, шығу тегі, діни нанымы, саяси сенімі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы бойынша кемсітушілікке жол бермеуге;көші-қон процестерін және халықаралық міндеттемелерді реттеу саласында заңдардың ережелерін орындауды қамтамасыз етуге;жеке адам мен мемлекеттің мүдделерін ұштастыруға, өкімет билігінің барлық тармақтары мен қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруге;Қазақстан Республикасы халқының мүддесін қорғауға, тең құқықты ынтымақтастық негізінде халықтың көші-қоны алмасуындағы Қазақстан мен әріптес-мемлекеттердің басымдықтарын келісуге;жергілікті халық пен көшіп-қонушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге негізделеді.3. КӨШІ-ҚОН САЯСАТЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ, НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫКөші-қон ахуалының қазіргі кездегі жағдайына және даму перспективасына талдау жасау: біріншіден, көші-қон проблемаларын шешудегі басымдықтарды; екіншіден, өтпелі кезенде оларды шешудің негізгі бағыттарын, тетіктерін және көші-қон процестерін реттеу жөніндегі бағдарламаны әзірлеуді және оны ұзақ мерзімдік перспективаға - әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен елдің тұрақты дамуы кезеңіне іске асыруды айқындауға мүмкіндік береді.Көші-қон саясатының неғұрлым елеулі басымдықтары ретінде:өтпелі кезеңнің мәселелерін шешу үшін:оралмандарды жайластыруға, қоныстанған жеріне олардың бейімделуіне және жергілікті әлеуметтік ортаға бітеқайнасып кетуіне, қарулы жанжалдарды бастан кешірген адамдарды психологиялық сауықтыруға барынша жәрдемдесу;мәжбүрлі көші-қон, соның ішінде заңсыз көші-қон ағыны мен одан туындайтын теріс салдарлардың алдын алу және жолын кесу;босқындар деп танылған адамдардың әлеуметтік ортаға тезірек бітеқайнасып кегуі және олардың өздері шыққан мемлекетке ерікті түрде қайтып оралуы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету;Қазақстан Республикасының аумағында көшіп келуді бақылау жүйесін құру және дамыту;эмиграция процестерін азайтуға және тұрақтандыруға, соның ішіңде республиканың интеллектуалдық әлеуетінің кетуін болдырмауға жәрдемдесу;ішкі және сыртқы еңбек көші-қонын реттеуді қамтамасыз ету;ұзақ мерзімдік перспективада:әлеуметтік-экономикалық алғышарттарды жасау және соның негізінде көші-қон ағанын қайта бағдарлау;Қазақстанның геосаяси жағынан маңызды аймақтарында халық санының сақталуына және одан әрі қалыптасуына жағдайлар жасау;халықаралық еңбек рыногына Қазақстанның өркениетті ықпалдасуын қамтамасыз ету, қазақстандық эмигранттар арасынан білікті мамандардың қайтып оралуын ынталандыру;Қазақстан Республикасының аумағында көшіп келуді бакылау ісінің бірыңғай жүйесін енгізу және жүзеге асыру жолымен көшіп келу процестерінің бақылануын қамтамасыз ету;шет елдердегі отандастармен сындарлы өзара қарым-қатынасты қолдау және дамыту болып табылады.Көші-қон саясатын іске асырудың негізгі бағыттары, тетіктеріӨтпелі кезең үшін: 1. Оралмандарды жайластыруға, олардың қоныстанған жеріне бейімделуіне және жергілікті әлеуметтік ортаға бітеқайнасып кетуіне, қарулы жанжалдарды бастан кешірген адамдарды психологиялық сауықтыруға барынша жәрдемдесу;Оралмаңдардың жаңадан келген жерінде бітеқайнасып кетуі мыналарды көздейді:мемлекет кепілдік беретін негізгі құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға қажетті жағдайлар жасау және көмек көрсету;әлеуметтік қолдау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру, жайластыруға жұмсалған бюджеттік қаражатты қайтаруға және қайта инвестициялауға мүмкіндік беретін жүйе жасау, жұмыссыз оралмандарды жұмысқа орналасуға және қайта даярлауға жәрдемдесу, кәсіпкерлік бастаманы көтермелеу, өлеуметтік қорғау жүйесіне нақты қол жеткізуді қамтамасыз ету.Оралмандарға көмектесу бағдарламаларын аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың бағдарламаларымен неғұрлым тиімді ұштастыру мыналарды көздейді:тұрғылықты халықтың мүдделерін ескеру. Оралмандарға көмек көрсету, олар жинақы орналасқан аудандарда инфрақұрылымды дамыту кезінде тұрғылықты халық арасында реніш тууына жол бермеген жөн. Бұл реттте, көшіп келушілер мен жергілікті халық арасындағы этникалық, мәдени, тілдік және конфессиялық арақатынасты ескеру маңызды.атқарушы органдар мен оралмандар үшін көңілге қонымды тұрғылықты жерді таңдау;бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен пайдалана отырып оралмандардың бейімделу және бітеқайнасып кету проблемалары туралы халыққа хабарлап отыру.2. Мәжбүрлі көші-қон ағынының алдын алу және одан туындайтын теріс салдарларды болдырмау.Басқа мемлекеттерден кслетін мәжбүрлі көші-қонның алдын алудың аса маңызды бағыты - көші-қон ағынын жан-жақты есепке алу, заңнамалық базаны жетілдіру және Қазақстан Республикасы шет мемлекеттермен екі жақты қарым-қатынас орнату кезіңде отаңдастарымыздың әлеуметтік- экономикалық жағдайын зерделу болып табылады. Мемлекеттік басқару оргаңдары азаматтарды қоныстандыру процестерін және олардың құқықтарын қорғауды реттейтін екі жақты және көп жақты келісімдерді тезірек жасасуға және іс жүзіне асыруға жәрдемдесетін болады.Орталық және жергілікті атқарушы органдар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде және алыс шет елдерде тұрып жатқан этникалық қазақтардың қоныс аудару жағдайы туралы объективті ақпарат алуына, оралман мәртебесін алуына және Қазақстан Республикасында тұруына жәрдем көрсететін болады.Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында экологиялық жағдайдың мониторингін енгізу қажет. Егер ахуал халықтың өмірлік тіршілігі үшін белгіленген нормаға сай келмеген жағдайда орталық және жергілікті атқарушы органдар экологиялық жағдайдың бұзылу себептерін жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын болады, ал мұны жасау мумкін болмаған жағдайда - халықты көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады және іс-әрекеті экологиялық жағдайды бұзуға алып келген барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарды осы іс-шараларды қаржыландыруға тартады.Экологиялық жағдайы қолайсыз аудандарда көшіп-қонушылар ағынын шектеу жөніндегі іс-шараларды өзірлеу және өткізу қажет.3. Мәжбурлі көшіп-конушылардың және босқындардын, өздерінің шыкқан мемлекетіне өз еркімен қайта оралуы көші-қон саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады, оны жүзеге асыру мыналарды көздейді:әрбір жеке адамға дара көзқарас;өзінің тұрақты тұратын жеріне кайта оралуға мүдделі адамның ерікті турде білдірген тілегінің болуы;қайта оралу процесіне мемлекеттің қатысуы;кемсітушілікке жол бермеу және адам құқықтарын сақтау, ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді ескеру;қайтьш оралатын аймақтағы ахуал туралы бәрін қамтыған және объективті ақпараттың болуы. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мұндай ақпараттарды, соның ішінде тәуелсіз көздерден алуға ықпал жасауы тиіс. Адам құқықтарын сақтау және жеке бастың қауіпсіздігі саласындаға жағдайға байқау жургізетін халықаралық және мемлекеттік емес ұйымдар маңызды рөл атқарады.4. Көшіп келуді бақылау жүйесін жасау және дамыту.Заңсыз көші-қонның жолын кесу Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, оның экономикалық муддесін және қазақстандық азаматтардың мүддесін қамтамасыз етудің аса маңызды факторы болып табылады.Қазақстандағы көші-қон бақылауының қазіргі жүйесі заңсыз көші-қонның қалыптасқан жағдайына сай емес. Сондықтан көші-қон процестерін баскаруды ұйымдастыру кезінде Қазақстанның халықаралық міндеттемелерді орындауы, адам құқықтарын іске асыру және мемлекеттің ұлттық мүдделерін қорғау, соның ішінде онын қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттарын негізге алу қажет.Көшіп келушілердің, бірінші кезекте заңсыз көшіп келушілердің ағанына байланысты Қазақстан үшін жаңа проблемалар мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде күш-жігерін үйлестіруді талап етеді.Қазақстанға заңсыз келген және оның аумағыңда тұратын көшіп келушілер өздеріңің диаспоралары мен қауымдастығы тарапынан көмек алады, сол арқылы өздерінің мақсатына жету жөніндегі іс-қимылдарға мейлінше ықшам және әзір болып келеді.Заңсыз көшіп келуді болдырмау және оның жолын кесу үшін осы проблеманы шешуге кешенді көзқарас және атқарушы оргаңдардың мынадай бағыттар бойынша бірлескен іс-қимылы негіз болуға тиіс:көшіп келуді бақылаудың пәрменді бірыңғай жүйесін жасау процесін жседелдету;бір жағынан, көшіп-қонушылардың заңнамалық құкықтарын қорғауды көздейтін көші-қон зандарын жетілдіру, екінші Жағынан, Қазақстан Республикасының заңнамаларын бүзған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шаралар қолдану, соның ішінде және оларды жер аударуды да жүзеге асыру;босқындар деп танылған адамдардың елдің әлеуметтік-экономикалық өміріне тезірек бітеқайнасып кетуі үшін жағдайлар жасау;белгілі бір құқықтық мәртебесі жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ушін уақытша орналастырылатын арнаулы орталықтар желісін құру;Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің әрқайсысымен шарттық процесті жаңдандыру және Достастық шеңберінде ішкі және сыртқы шекаралардағы, заңсыз көшіп келуге қарсы күрестегі жағдай үшін міндеттемелер мен жауапкершілік нақты белгіленген тиісті келісімдерді жасасу;Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамаларының шегінде жергілікті атқарушы органдардың өздеріне бағынышты аумақтарға шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың болу нормалары мен ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру;шетелдіктердін жене азаматтығы жоқ адамдардың келу, болу және кету мәселелеріне байланысты мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру және олардың арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды нығайту;мемлекет ауқымында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, олардың саны, орналастырылған жері, олардан этникалық немесе басқа негізде диаспоралар мен қауымдардың құрылуы туралы тұрақты ақпарат алып отыруға мумкіндік беретін бірыңғай есепке алу жүйесін қалыптастыру (көші-қон ақпарат орталығы).5. Еңбек көші-қонын реттеу.Орталық және жергілікті атқарушы органдар шетелдік жұмыс күшін тарту мен пайдалануға бақылау жасауды, отандық еңбек рыногын қоргауды, бос тұрған жұмыс орындарына қазақстандық азаматтардың алынуына басым құқықты қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасының аумағына келіп жатқан еңбекші көшіп-қонушылар туралы жариялап отыруды, жұмыс берушілердің шетелдік қызметкерлерді нысаналы пайдалану, еңбек келісім-шарттары талаптарын сақтауын қамти отырып, еңбек көші-қоны проблемаларын шешуде өзара іс-қимылды күшейту жөніндегі шараларды жүзеге асыруы қажет. Заңсыз еңбек көші-қонына қарсы күрес жөніңдегі шараларды жүзеге асыру және шетелдік қызметкерлердің жұмысы аяқталғаннан кейін Қазақстаннан уақытылы кетуіне және қолданылып жүрген заңнамаларды бұза отырып жұмысқа қабылданған шетелдіктерді жер аударуды бақылауды ұйымдастыру.Еліміздің өндіргіш күштерін трансформациялау күтілуде, бұл орайда батыс, солтүстік, шығыс және оңтүстік аймақтар басым дамуға ис болады. Орталық аймақта тау-кен өндіру және қайта өндеу салалары бойынша мамандандырылған қалалар мен поселкелер басым даму бағытын сақтайды.Ауыл халқы жердің табиғи құнарлылығы төмен аймақтардан жерінің қадастрлық бағасы 60-90 балдан төмен емес, құнарлылығы жоғары аймақтарға қоныс аударатын болады.Ауыл шаруашылығында табиғи-климаттық жағдайы қолайлы аймақтарда жаңа жұмыс орындарының пайда болуы күтілуде және керісінше, жерінің кадастрлық бағасы 50 балдан төмен аймақтардан ауыл шаруашылығы өндірісінің ықшамдалу процесі және жұмыс орнының азаюы салдары ретінде халықтың көшіп кетуі орын алады.Халықты қоныстандыру саясаты адамдарды өндірісі тиімсіз аймақтардан тірішілік ету және жұмыс істеу үшін қолайлы аймақтарға көшіруге жағдай жасайтын белсенді шараларды көздейді.Еңбекке қабілетті халықтың ауылдан қалаға қазіргі жүріп жатқан көші-қоны реттеліп, жаңа тепе-тендікпен қалыптастырылады, бұл орайда шамамен халықтың 25%-ы ауылда тұрып қалатын болады.Жаңа жұмыс орындары халықтың экономикалық белсенді тобының көші-қон толқынын туғызады. Халықтың көші-қоны өндірістік қуаттарды орналастаруға сәйкес және жұмыс орнын ашу ескеріле отырып жүзеге асырылатын болады.Халықтың еңбекке қабілетті бөлігі жері тиімді пайдаланытын және инфрақұрылымы дамыған аймақтарға қоныс аударатын болады.Ұзақ мерзімді болашаққа1. Бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясат арқылы көші-қон ағынын қайта бағдарлау негізінде халықты орналастыру.Елімізде әлеуметтік-экономикалық ахуалдың дұрысталуына қарай, көші-қонның ауылдан қалаға бет алған дәстүрлі бағытымен қатар, халықтың оңтүстік аймақтардан солтүстікке қоныс аударуына ұласатын көші-қонның жаңа бағыты пайда болуы мүмкін.Егер көші-конның қаладан ауылға бет алуы ауыл экономикасы салаларының жедел дамуына, ішкі рынокта азық-түлік тауарларының жеткілікті болу принципінің сақталуы жағдайында еңбек өнімділігін арттыруға негізделсе, ауылдан калаға бет алған көші-қон қазақстан қоғамының ұзақ мерзімдік мүддесіне сай келеді.Мемлекет орталық, және жергілікті атқарушы органдар арқылы инфрақұрылым мен әлеуметтік саланы дамытудағы жауапкершілікті өз мойнына алады. Жеке меншік сектордың бәсекелестік қабілеті бар кәсіпорындарына жұмыс күшін тарту, қызметкерлерді алу, оларды көшіру және тұрмыс пен еңбектің қолайсыз жағдайларының өтемі ретіндегі жеңілдіктер барлық түрлерін беру көсіпорын есебінен жүзеге асырылатын болады.2. Халықаралық еңбек рыногына Қазақстанның өркенистті ыкпалдасуын қамтамасыз ету, эмигранттар арасынан білікті мамандардың қайтып оралуын ынталандыру.Қазақстан Республикасы өзіне халықаралық шарттар енгізген шектеулер шеңберінде өзінің экономикалық мүдделерін, ішкі еңбек рыногын қоса, қорғау мақсатында сыртқы көші-қонды реттеуді жүзеге асыратын болады.Шетелдік жұмыс күшін тарту кезінде Қазақстан Республикасы өзінің геосаяси және экономикалық мүдделерін басшылыққа ала отырып, жоғары білікті, бағалы еңбекші көшіп-қонушыларды және ішкі еңбек рыногында жеткіліксіз болып отырған кәсіптер мен мамандық иелерін бірінші кезекте қабылдауды жүзеге асыратын болады.Бұрын шет елге тұрақты тұру үшін немесе еңбек келісім-шартымен кетіп қалған отандастарымыздың, бірінші кезекте ғалым, жоғары білікті мамандардың басқа да санаттарының, кәсіпкерлердің - әлеуетті инвесторлардың Қазақстанға қайтып оралуын ынталандыру маңызды міңдет болып табылады.3. Қазақстан аумағында көшіп келу процестерін бақылауды қамтамасыз ету мыналарды көздейді:көші-қонды бақылау қосындарын және көші-қон инспекциясын қоса, көші-қон органдарының қызметін дамыту және жетілдіру арқылы бірыңғай көші-қон бақылауын енгізу және жүзеге асыру;баспана іздеген адамдарды қабылдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай жасау;тезірек бітеқайнасып кету жөніндегі арнаулы бағдарламаны әзірлеу жөне республиканың мүддесі үшін көшіп-қонушылардың интеллектуалдық және еңбек әлеуетін пайдалану үшін жағдай жасау.4. Шет елдердегі отандастармен сындарлы өзара карым-катынасты қолдау және дамыту.Перспективада әртүрлі елдерде, ең, алдымен бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағында Қазакстанмен этникалық тамырлары байланысты жеткілікті дәрежеде көптеген диаспора тірішілік ететін болады. Орталық және жергілікті атқарушы органдар көрсетілген мемлекеттермен өзара тиімді саяси, экономикалық, мәдени байланыстарды басым дамыту саясатын жүргізіп, мынадай шаралар кешенін жүзеге асыратын болады:туыстық карым-қатынастарға жәрдемдесу, шекарадан өту және Қазақстан аумағында болу рәсімдерін онтайландыру;еңбек қызметін және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, оқуға, азаматтық және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат алуға басымдықпен қол жеткізу бөлігінде өзге шетелдіктердің алдында шетелдік отандастарымыз үшін пұрсаттылықты қамтамасыз ету;шекара маңындағы ынтымақтастықты, соның ішінде бірлескен экономикалық және мәдени жобаларды жүзеге асыруды дамыту.5. Босқын деп танылған адамдардың әлеуметтік ортаға тезірек бітеқайнасып кету жағдайын қамтамасыз ету.Қазақстанда қалыптасқан нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, нарықтық қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты босқын деп танылған адамдардың әлеуметтік ортаға бітеқайнасып кету тетігін жасау.4. КӨШІ-ҚОН САЯСАТЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІКөші-қон саясатын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкімет органдары, қоғамдық бірлестіктері алдында:1. Сырткы саясат саласында:мемлекетаралық деңгейде оралмандар, босқындар, мәжбүрлі қоныс аударушылар проблемасын шешудің екі жақты және көп жақты форматының тетігін әзірлеу және жүзеге асыру;мемлекеттердің - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушылардың жанжалдарды болдырмау мен этникалық және діни проблемаларды бейбіт шешудегі ынтымақтастығы;көші-қон процестерін реттеу және көшіп-қонушылар шыққан елдермен тиісті ақпараттар алмасу жөнінде Қазақстан . Республикасының мемлекетаралық шарттарын жасасуы;көші-қон жөніндегі ұлттық заңнамаларының үйлесімін жасау;Қазақстанның еңбеккер көшіп-қонушыларының құқықтары туралы екі жақты және көп жақты келісімге қосылуы;Қазақстан Республикасының шекара маңыңдағы сауданы оңтайландыру, мәдени, өлеуметтік-тұрмыстық және өзге де жанжалдарды жеңілдету жөніндегі мемлекетаралық және үкіметаралық уағдаластықтарға қол жеткізуі;отандастарымыздың тұрып жатқан елдердегі толық құқылы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму құқығын іске асыруға жәрдемдесу, Қазақстанмен рухани және өзге де байланыстарын қамтамасыз ету;көші-қон проблемаларын шешу мүддесінде шетелдердің көші-қон қызметтерімен, халықаралық мемлекеттік емес және гуманитарлық ұйымдарымен өзара іс-қимыл міндеттері тұр.2. Ішкі саясат саласында және әлеуметтік-экономикалық салада:оралмандарды жайластыру, мемлекеттік атаулы көмек беруді дамыту және оларды қолдау үшін жағдайлар жасау;Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық реформаларының негізгі бағыттарымен демографиялық және көші-қон саясаты басымдықтарының үйлесімі;көші-қон саясаты басымдықтарын ескере отырып көші-қон бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;әлеуметтік-экономикалық дамудың аймақтық бағдарламалары құрамына оралмандарды жайластыру жөніңдегі шаралар кешенін енгізу;республиканың аймақтарындағы, еңбек рыногындағы, тұрғын үйге және мәдени-тұрмыстық саладағы әлеуметтік-экономикалық ахуал мониторингі;оралмандарға көмек көрсететін қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл;шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың келуіне және кетуіне, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағында болуына бақылау мәселелерін көздейтін нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлеу.3. Заңнама саласында - Қазақстан Республикасының Зандарьн және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерін қабылдау.4. Ақпараттық салада:рухани бірлік, халықтар достығы, қоғамдық және ұлтаралык келісім идеясын калыптастыру және тарату;Қазақстан халықтарының тарихы және мәдениеті туралы білімдерді тарату;көшіп-қонушылардың ұлттық салт-дәстүрлерін ескеру;бұқаралық ақпарат құралдарына көшіп-қонушылардын құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жағдайын объективті түрде жариялауға жәрдемдесу;көші-қон проблемаларын тиімді шешуге жағдай жасайтын-онды қоғамдық пікірлерді қалыптастыру;Қазақстан Республикасының халқын көшіп-қонушылар психологиясының ерекшелігі, көшіп-қонушылар жағдайының себептері мен проблемалары, олардың бейімделуіндегі қиындықтар туралы объективті хабардар етіп отыру;көші-қон саласындағы инвестициялық жобалар туралы ақпараттарды жинау және тарату жүйесін орныктыру.5. КӨШІ-ҚОН САЯСАТЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІКөші-қон саясатын іске асырудың басты бағдарламалық-нысаналық әдісі - республикалық көші-қон бағдарламаларын, өзге де нысаналы бағдарламаларды, атқарушы органдардың көші-қон проблемаларын шешуге бағытталған аймақтық бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру болып табылады. Бағдарлама көшіп-қонушылардың әртурлі санаттарының проблемаларын шешуге сараланған көзқарасты қоса, құқықтық, үйымдық және экономикалық шараларды көздеуге тиіс.Көші-қон процестерінің елдегі мешекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық келісімге, экономикалық және демографиялық ахуалға ықпалының жан-жақты сипатын ескере отарып, көші-қон саясатын әзірлеуге және іске асыруға орталық және жергілікті атқарушы органдар қатысуға тиіс.

173.Қ.Р.Президенті Назарбаевтың 2011ж. “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз” Қ.халқына жолдауының мәні мен мазмұны 29.01.2011 / 08:01"Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына ЖолдауыАСТАНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Кеше, 28 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жыл сайынғы халыққа Жолдауын арнады. ҚазАқпарат Мемлекет басшысы Жолдауының толық мәтінін таратады. Қадірлі отандастар! Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері!Ханымдар мен мырзалар!Биыл - біз үшін ерекше қастерлі жыл.Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылды¬ғы¬на қадам бастық.Бодан жұртты бүгінгідей бостан күн¬ге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық.

Естеріңізде болар, 1997 жылғы ха¬лық¬қа алғашқы Жолдауымда мен былай деген едім:«2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады».Осы сөздерге кезінде күмән келтіргендер аз болған жоқ.Дегенмен, діттеген бұл межеге біз 33 жылда емес, бір мүшел жастың өзінде жеттік!Күні кеше Астанада 56 елдің бас¬шы¬лары мен халықаралық ұйым өкіл¬дерінің басын қосқан Саммит - соның айшықты айғағы.Жұлдызымызды жарқырата түскен бұл мерейлі белестен бұрын да біз біршама биіктерді бағындырдық.Біз талайлы заманда тарыдай ша¬шы¬лып кеткен қандастарын атамекенге жи¬наған әлемдегі үш елдің бірі болдық.Осы жылдары шет елдерден 800 мың¬нан астам отандасымыз келіп, ха¬лық саны бір жарым миллионға артты.Біз Сарыарқаның сайын даласына сәулеті мен дәулеті келіскен Астана салдық.Есілдің жағасына серпінді дамуы¬мыз¬дың символы болған еңселі Елорда қондырдық.Халқы тату-тәтті, саясаты сарабдал елдің ғана қазынасы қыруар, болашағы баянды болады.Қазақстанның халықаралық резерві бүгінде 60 миллиард долларға жуық қаржыны құрайды.Ырыс - ынтымаққа жолығады, дәулет - бірлікпен толығады.Тәуелсіздік жылдарында ел эконо¬микасына 120 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция тартылды.Сонымен қатар біз әлемнің 126 еліне 200-ден астам өнім түрін шы¬ға¬ра¬мыз.Бүгінде ұлттық дәулетіміздің үш¬тен бір бөлігі шағын және орта бизнестен құралады.Ауыл шаруашылығы саласы да дамып келеді.Ішкі жалпы өнім өсімі 2010 жылы 7 па鬬¬ыз, өнеркәсіп өндірісі - 10 пайыз, өң¬деу өнеркәсібі 19 пайыз мөлшерді құрады.Орташа айлық жалақы 2007 жылғы 53 мыңнан 2010 жылы 80 мың теңгеге дейін артты.Ұлттық әл-ауқат деңгейі жөнінен әлем мемлекеттерінің рейтингінде Қа¬зақ¬стан өткен жылы 26 сатыға ілгерілеп, 110 ел арасынан 50-ші орынға көтерілді.Біздегі орташа айлық жалақы 5 жарым есеге, зейнетақының орташа көлемі 4 есеге көбейді.Біз дүниені дүрбелеңге салған дағдарыстан демікпей шығып, дамудың даңғыл жолына батыл бет бұрдық.Алдымызға ұлан-ғайыр мақсаттар қо鬬дық және оларға қысқа мерзімде қол жеткіздік.Тәуелсіздік жылдарында 500-ге жуық жаңа денсаулық сақтау нысан¬да¬ры салынды.Медицина мекемелерінің материал¬дық-техникалық базасы айтарлықтай жақ¬сарды.Еліміз білім беру ісін дамытуда 129 елдің арасында көш бастаушылар қата¬рында келеді.Өткен онжылдықта білімге бөлі¬не¬тін қаражат 10 есеге көбейді Осы жылдары 750 жаңа мектеп са¬лын¬ды.Сонымен қатар, 5 302 мектепке дейінгі мекемелер, 1 117 балабақша мен 4 185 орталық ашылды.Астанада ғылым мен білім индус¬трия¬сының жаңа ғасырдағы орталығы болатын университет ашылды.Біз осылайша аз жылда абыройы арт¬қан айдынды елге, қуатты ұлтқа айнал¬дық.Осының бәрі жұртымызды жаһан¬дық ауқымда ойлауға баулу мақса¬тында жасалуда.1. Жеделдетілген экономикалық жаң¬ғырту - Үдемелі инновациялық ин¬дустрияландыру бағдарламасы-ның жалғасыҚұрметті қазақстандықтар!Біз Тәуелсіздіктің жиырмасыншы жылына аяқ бастық.1991 жылдың желтоқсанында, өзі¬міз¬дің стратегиялық мақсатымыз ретінде орнықтылық пен табысқа жетуді таң¬дап ала отырып, біз әр жаңа ке¬зең¬нің дамуына жаңа бағдарламалар жасап, алға жылжыдық.Біз кеуделі міндеттерге ұмтылып, оларға қол жеткіздік.Ел ілгерілеуінің шоғырланған көр¬сет¬кішін ғана келтірейін.1994 жылы жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім жеті жүз доллардан сәл ғана асатын.2011 жылдың 1 қаңтарына қарай бұл көрсеткіш 12 еседен артық өсіп, 9 мың АҚШ долларынан асып түсті.Біз бұл деңгейге тек 2015 жылы ғана жетеміз деп есептеп едік.Әлемдік тәжірибе тәуелсіздіктің ал¬ғашқы 20 жылында мұндай нәтижеге ешқандай ел қол жеткізе алмағанын көрсетеді.Мысалы, егемен дамудың алғашқы жиырма жылында жан басына шаққан¬дағы ішкі жалпы өнім Оңтүстік Кореяда 3 есе, Малайзияда - 2 есе, Сингапурда - 4 есе, Венгрияда - 5 есе, Польшада 4 есе өскен.2010 жылдың қаңтарында ел хал¬қына Жолдауымда мен Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жария еттім.Қазірдің өзінде оны жүзеге асы¬ру¬дың алғашқы жылының нақты қоры¬тындылары бар.Біз 152 кәсіпорынды іске қостық, 24 мыңға жуық қазақстандықты тұ¬рақты жұмыспен қамтамасыз еттік.Бүкіл ел бойынша барлығы сегіз жүзге жуық әртүрлі өндіріс орны құ¬рылды.Біз химия және жеңіл өнеркәсіпті белсенді түрде қалпына келтіру мен да¬мы¬ту үдерісін бастадық, ауылшаруа¬шы¬лық өнімдерін өңдеуде серпіліс жасадық.2014 жылға дейін жалпы құны 8,1 трил¬лион теңгені құрайтын 294 ин¬вестициялық жобаны жүзеге асыру жос¬парланып отыр.161 мың тұрақты жұмыс орны және 207 мың құрылыс уақытына есеп¬телген жұмыс орны құрылады.Алғашқы индустриялық бесжыл¬дық¬тың алғашқы жылының басты қо¬рытындысы - экономиканың нақты¬лы секторының есебінен экономика¬лық өсуде елеулі құрылымдық өзге¬рістердің басталуы.Таяу онжылдықтағы Стратегия¬лық жоспардың мақсаттарын тағы да еске салып өтейін.2020 жылға қарай біз мынандай көрсеткіштерге қол жеткізуге тиіспіз.Ішкі жалпы өнім өсуі кемінде 30 пайыз болады.Өңдеуші салалардағы өсім игеруші салалар деңгейінен асып түседі немесе соған жетеді.Ұлттық қордың активтері ІЖӨ-нің кемінде 30 пайызын құрайды.Экономиканың шикізаттық емес секторына салынатын отандық және шетелдік инвестиция кемінде 30 пайызға артады.Ішкі жалпы өнімдегі шағын және ор¬та бизнестің үлесі 40 пайызды құ¬райды.Халықтың саны 18 миллион адам¬ға жақындайды.Білікті мамандардың үлесі 40 пай¬ыз¬ды құрайды.Жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға дейін төмендейді.Ауыл шаруашылығындағы еңбек¬тің өнімділігі 2014 жылға қарай 2 есе, ал 2020 жылға қарай 4 есе өседі.Аграрлық секторда етті мал ша¬руашылығын дамыту жөнінде бұрын-соңды болып көрмеген жоба жүзеге асырылады.2016 жылдың өзінде ет экспорты 60 мың тоннаға жетеді, мұның құны 4 миллион тонна бидай экспортына тең.Мемлекет бұл мақсатқа 130 миллиард теңгелік несие ресурстарын бөледі.Бұл ауылдық жерлерде 20 мыңнан астам жұмыс орындарын ашуға мүм¬кін¬дік береді, жүз мыңнан астам ауыл тұрғындарының кіріс көзіне айналады. Мұның өзі малдың барлық түрінің асыл түліктері мен тұқымдарының бас санын көбейтуге мүмкіндік береді.Бұлардың барлығы сабақтас салаларда - ауылшаруашылық мәшине жасауда, химия және тамақ өнеркәсібінде, жемшөп өндірісінде, техника жөндеуде өндірісті ұлғайтуға қозғау салады.Үкімет, барлық өңірлердің әкімдері селодағы индустрияландырудың осы¬нау маңызды бөлігімен айналысуға тиіс.Біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі қуат шығындарын азай¬ту¬ды қамтамасыз ететін тиімді тех-нологияларға негізделуі керекШикізаттық емес секторларды да¬мы¬ту мақсатында Үкіметке Қуат тиім¬ділігінің кешенді жоспарын жасап, бекітуді тапсырамын.Индустрияландыру өңірлік саясат¬тың жаңа парадигмасын қалыптастырады.Үкімет әкімдермен бірлесе отырып Өңірлерді дамыту бағдарламасын жасап, бекітуі керек.Мұның барлығы - біздің саналған-сараланған жоспарларымыз.Біз әлі жол басында тұрмыз.Егер жақсырақ, дәулеттірек өмір сүргіміз келсе, біз осы жұмысты ат¬қаруға тиіспіз.Мен бизнес қуатты болса, мемлекет те қуатты деген қағидатты жақ¬тау¬шымын.Біз алғаш рет «Мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» Заң қабыл¬дадық.Бақылау жүргізудің бүкіл мемлекеттік органдар үшін ортақ қағидат¬тары мен тәртібі белгіленген. Бұл бизнеске әкімшілік қысымды бұрынғыдан да азайта түсу үшін жасалды.Құқық қорғау жүйесін реформалау аясында қазірдің өзінде 16 заң қа¬былданды.Меншікті қорғаудың құқықтық те¬тіктері енгізілді, үлкен қоғамдық қауіп төндірмейтін қылмыстар бойын¬ша қылмыстық заңдылықты ізгілендіру жүргізілді, бостандығынан айырумен байланысты болмайтын, сондай-ақ қа¬мауға алуға балама жазаларды қол¬да¬нудың аясы кеңейтілді. Осының ар¬қа¬сында биылғы жылдың өзінде ауыр¬лығы азын-аулақ және орташа қыл¬мыс¬тары үшін сотталған екі мыңға жуық адам бостандықтан айыру орында¬ры¬нан шығарылады.Құқық қорғау органдары аппарат¬тарының саны 15 пайызға қысқар¬тыл¬ды. Олардың құрылымдары оңтайлан¬ды¬рылды.Құқық қорғау органдарына тән емес қызметтер жеке секторға берілді.Сот жүйесінде елеулі өзгерістер жасалуда.Сыбайлас жемқорлықпен бітіспес күрес жүріп жатыр.Қазіргі таңда халықаралық сарап¬шы¬лардың бағасы бойынша Қазақ¬стан¬ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы ең тиімділердің бірі деп танылған.Тек 2 жылдың ішінде қылмыстық жауапкершілікке 40-тан астам рес¬пуб¬ликалық деңгейдегі жетекші, облыстық және қалалық ауқымдағы 250-ден астам лауазымды тұлғалар тартылды, олардың арасында 39 әкім мен олар¬дың орынбасарлары бар.Қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау министрлерінің, статистика жө¬ніндегі агенттік төрайымының, тө-тен¬ше жағдайлар және қорғаныс вице-ми¬нистр¬лерінің, «Қазақстан темір жолы» компа¬ния¬сы басқарма төрағасының, «Қаз¬Мұ¬най¬Газ», «Қазатомпром» ком¬па¬ния¬лары президенттерінің үстінен қыл¬мыс¬тық іс қозғалып, жауапкершілікке тартылды.Үш жылдың ішінде біздің еліміз әлем¬дік антикоррупциялық рейтингтегі көр¬сеткішін бірден 45 сатыға жақ-сарт¬ты.Осы индекс бойынша біз бүкіл ТМД-да үздік позицияда тұрмыз.Бұл жұмыс ымырасыздықпен жалғастырылады.Бүкіләлемдік банктің 2010 жылғы баяндамасында Қазақстан бизнес мүд¬десі үшін реформа жүргізуде көш-басшы деп танылған.Бизнеске неғұрлым қолайлы ахуал жасау жөніндегі әлемдік рейтингте Қазақстан 183 елдің арасынан 59-шы орынды иеленеді.Тұтастай алғанда мемлекеттік ор¬ган¬дардың шаруашылық жүргізуші субъек¬тілердің қызметіне негізсіз араласу фактілері тыйылды деуге жақын қалды.Өткен жылы Қазақстан, Ресей мен Беларусьтің Кедендік одағы жұмысын бастады.2010 жылдың 10 айының нәтиже¬сінің өзінде Ресеймен және Беларусьпен сауданың көлемі 38 пайызға өсті.Қазақстандық өнімдердің Кедендік одақ елдеріне экспорты 52,4 пайызға артты. Бюджетке құйылатын кедендік баждың өсімі 25 пайыз болды.Осының бәрі Кедендік одақтың біздің елдеріміздің экономикалық міндеттерін шешетін өте прагматикалық әрі нақты жоба екенін ап-анық көрсетеді.Біз Біртұтас экономикалық кеңістік құру ісінде барынша ілгеріледік. Ол кеңістік қазақстандық өндірушілер үшін өнім өткізудің байтақ базарын ашады.Бұл бәсекеге шыдас беретін тауарлар шығару мен қызмет көрсету үшін біздің бизнесімізді ынталан-дырады.2. Әлеуметтік жаңғырту - жаңа әлеуметтік саясатБіз өзіміздің индустрияландыру және экономиканы технологиялық тұр¬ғыдан дамыту жөніндегі жоспар¬ла-рымызды нақпа-нақ айқындап алдық.Біздің бағдарламаларымыздың бас¬ты мақсаты - халықтың әл-ауқатын нығайтуСондықтан да мен биылғы Жолдауда әлеуметтік жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударып тұрмын.Мен үш аса маңызды мемлекеттік бағдарламаларды - білім беру, денсаулық сақтау және тілдерді дамыту бағдарламаларын бекіттім.Үкіметке әкімдермен бірлесе оты¬рып биылғы 1 мамырға дейін мынандай қағидатты түрде жаңа бағдарлама¬ларды, яғни:жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясын;тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту;халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламаларын жасап, қабылдауды тапсырамын.Бұл бағдарламалар елдің миллиондаған қарапайым адамдарының күн¬бе-күнгі мәселелерін шешуге бағытталған.Олар қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартады.Жаңа әлеуметтік саясаттың басты аспектілеріне нақтырақ тоқталып өтпекпін.2.1. Білім беруБіз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз.Бүгінде мектептерді компьютерлендіру толықтай аяқталды.Орта білім берудің 12 жылдық моделі енгізілуде.«Өмір бойы білім алу» әрбір қа¬зақ¬стандықтың жеке кредосына айналуы тиіс.Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңарт¬пақ ниеттеміз.Бүгінде дамыған елдерде 1 миллион тұрғынға 1-ден 6 жоғары оқу ор¬нына дейін келеді.Қазақстанда барлығы 149 жоғары оқу орны бар.200 ғылыми кеңестер кандидаттар мен докторларды қалыптан құйғандай етіп жасап шығарып жатыр.60 кандидаттың 1-і және 37 док¬тор¬дың 1-і ғана ғылымға барады.Осы жылдан бастап ол кеңестердің жұмыстары тоқтатылады.Бұдан былай магистрлар мен PhD докторлар дайындалатын болады.Біз университеттік білім беру мен ғы¬лымды дамытудың жаңа деңгейін қам¬тамасыз етуге міндеттіміз.Бүгінде жаңа «Назарбаев уни¬вер¬си¬теті» арқауында нарық сұранысына бағдарланған жоғары оқу орнының инновациялық моделі қалыптасты¬ры¬луда.Ол барлық қазақстандық жоо-лар үшін үлгі болуы керек.Менің тапсырмам бойынша бүкіл елде ашылып жатқан 20 зияткерлік мектептер дарынды балаларды үздік жоо-лар үшін дайындаудың не¬гізгі арқауына айналатын болады.Үкіметке мыналарды тапсырамын:● жоо-лардың инновациялық қыз¬мет¬ке көшу тетігін қалыптастыру;● білім берудің сапасын арттыру және қолжетімділігін кеңейту үшін білім беруге қолдау көрсетудің жаңа қаржы¬лық-экономикалық құралдарын енгізу;● техникалық және жоғары білім бе¬рудің деңгейлері үшін бүгінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ипотекалық құрылыста жүзеге асырып отырғанға ұқсас жинақтау жүйесін әзірлеу.Қазақстандықтарда мемлекеттен пай¬ыз¬дық бонустар ала отырып бала¬ларын оқытуға қаржы жинаудың жаңа мүмкіндіктері пайда болуға тиіс.● бизнес-қауымдастықтар мен жұ¬мыс берушілер өкілдерін қатыстыра оты¬рып Кәсіптік-техникалық кадр-лар дайын¬дау жөнінде ұлттық кеңес құру.Білім беру жүйесіндегі барлық жұ¬мыс мынандай нәтижелерге қол жет¬кізуге бағытталуы тиіс.Мектепке дейінгі білім берумен және тәрбиемен қамтылған балалардың үлесі 2015 жылға қарай 74 пайыз¬ды, 2020 жы묬ға қарай 100 пайызды құ¬райтын болады.Менің тапсырмам бойынша қабыл¬дан¬ған «Балапан» бағдарламасын жү¬зеге асыру нәтижесінде тек 2010 жылы ғана 35 балабақша, 1534 мини-ор¬та¬лық, 137 жекеменшік балабақшалар салынды.Бұрын жекешелендіріліп кеткен мек¬теп жасына дейінгі мекемелерді қай¬тару есебінен 172 балабақша ашылды.Балаларды мектепке дейінгі ұйым¬дармен қамту 30-дан 55 пайызға дейін өсті.2020 жылға қарай біз оқытудың 12 жылдық моделіне толықтай көшетін бо¬ламыз. Ол үшін біз 2015 жылға қа¬рай республикалық бюджет қаржысы есебінен кемінде екі жүз мектеп салып, осынша мектепті жергілікті бюджет есебінен тұрғызамыз.2015 жылға қарай білім беру ұй¬ым¬дарының 50 пайызы электронды оқы¬туды пайдаланып, 2020 жылға қа-рай оның саны 90 пайызға дейін артады.2020 жылға қарай халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық аккредитациялаудан өткен жоо-лар үле¬сі 30 пайызды құрайтын болады.Инновациялық қызметті жүзеге асы¬ра¬тын және ғылыми зерттеулердің нәти¬желерін өндіріске енгізетін жоо-лардың үлесі 5 пайызға дейін артады.Кемінде 2 жоғары оқу орны үздік әлемдік университеттер рейтингінде аталатын болады.Сапалы білім беру Қазақстанның ин¬дустрияландырылуының және ин¬но¬ва¬циялық дамуының негізіне айналуы тиіс.2.2. Денсаулық сақтауОсы жылдар бойына біз қазақ¬стан¬дықтардың денсаулығын жақсарту үшін қажет нәрсенің бәрін жасадық.Денсаулық сақтауды қаржыландыру 2002 жылғы ІЖӨ-нің 1,9 пайызынан 2010 жылы 3,2 пайызына дейін ұл¬ғайды.Бүгінде бүкіл ел көлемінде тұңғыш рет медицинаның ең бір күрделі ба¬ғыт¬тары бойынша операциялар жасалуда.Жетекші шетелдік клиникалармен байланысы бар 150 телемедицина ор¬талықтары құрылды.Осыдан жиырма жыл бұрын бізге ол тек арман ғана болатын.Жүргізілген жұмыс нәтижесі ретінде бала туудың 25 пайызға көбейгенін, адам өлімінің 11 пайызға төмендеп, ха¬лықтың табиғи өсімінің 1,7 есе арт¬қанын атап өтуге болады.2013 жылы Біртұтас ұлттық ден¬саулық сақтау жүйесін енгізу аяқталады.Біз аурудың алдын алуға шындап кі¬рісіп, бастапқы медициналық-сани¬тарлық жәрдемнің сапасын арт-ты¬руымыз керек.Халықаралық бағалаулар бойынша, негізгі науқастар түрлерімен ауыратын тұрғындардың 5 пайыздайы денсаулық сақтаудың барлық қызметтерінің 70 пайыздайын ғана пайдаланады.Профилактикалық жұмыстарды сауат¬ты ұйымдастырған жағдайда ерте сатыда-ақ аурулардың алдын алуға болады.Сондықтан Қазақстанда халықтың мақсатты топтарының денсаулық жағ¬дайын бақылаудың ұлттық бағ-дарламалары кешенін енгізу қажет.Бірінші кезекте, олар балалар, жас¬өспірімдер, бала туу жасындағы әйел¬дер.Ауыл тұрғындары үшін меди¬циналық көмектің қолжетімділігін кеңейтуге айрықша назар аудару қажет.Өткен жылы жаңа әлеуметтік жоба - мамандандырылған емдеу-диагнос¬ти¬калық екі «Денсаулық» пойызы жұ¬мысын бастады.Олар еліміздің ең шалғай түкпір¬лерінде ондаған мың адамдардың денсаулықтарын тексеріп, ем жасады.Қазақстан үшін көліктік медицина өте көкейкесті, сондықтан біз оны дамытатын боламыз.Биылғы жылы тағы бір пойыз жіберілетін болады.Жұмылғыш медициналық кешендер-автоклиникалар санын 50 бірлікке дейін жеткізу қажет.Оларды шығару Қазақстанда жүзеге асырылуға тиіс.Үкіметке 2015 жылға дейін сани¬тарлық авиация мұқтажы үшін кемінде 16 тікұшақ ұйымдастыруды қам¬та-масыз етуді тапсырамын.Сол сияқты жол бойындағы меди¬циналық-құтқару пункттерін құру мәселесін жеделдете қарастыруды да тапсырамын. Оларды республикалық маңыздағы жолдардың апаттық қауіпті учаскелерінде орналастыру қажет.Төтенше медициналық жәрдем қыз¬меті көп салалы жұмылғыш және аэ¬рожұмылғыш госпитальдармен жа¬рақ¬тандырылуы тиіс.Бұл шаралардың біздің мыңдаған азаматтарымыздың өмірін құтқарып қалатынына сенімім мол.Қылмыстық-атқару жүйесіндегі туберкулез бен ВИЧ аурулары және одан болатын өлім деңгейін төмендетуге мұ¬қият назар аудару қажет.Осы міндеттерді орындау нәти¬же¬сінде 2015 жылға қарай қазақ¬стан¬дықтардың өмір жасының күтілетін ұзақтығы 70 жасқа дейін, ал 2020 жыл¬ға қарай 72 жасқа дейін ұлғая¬тын болады.Саламатты өмір салтын насихаттап, барлық жерде салынған спорт базаларын пайдалану керек.2015 жылға қарай 350 дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер және емханалар салы-натын болады.2.3. Тілдерді дамытуКөп тілді және көп конфессиялы қоғамдағы бейбітшілік пен келісім - бұл сіздер мен біздің еңбегіміз, құрметті қазақстандықтар.Қазақстандықтардың өзіміз өмір сүріп, елімізді жақсылықтарға бастап бара жатқан туған жерге атауын берген мемлекеттік қазақ тілін құрметпен және лайықты оқып-үйрене бастағандығын атап өтудің өзі қуанышты.Бүгінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі басым көпшілікті құрайды.Бұл Тәуелсіздіктің орасан зор жетістігі.Біздің міндетіміз - 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақ¬стандық¬тар санын 80 пайызға дейін жеткізу.Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс.Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады.Ол үшін біз бәрін де жасап жатыр¬мыз.Біз сол сияқты орыс тілін және өзге де қазақстандық этностар тілін да¬мы¬татын боламыз.Мен қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу - әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігін әрдайым айтып келемін.Сондықтан 2020 жылға қарай ағыл¬шын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есеп¬теймін.2.4. Жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясыЕкі жыл ішінде дағдарысқа қарсы «Жол картасы» шеңберінде біз халықты еңбекпен қамтамасыз етіп, жұмыссыз¬дық¬ты азайттық және қалаларымыз бен селоларымыздағы инфрақұрылым¬дар¬ды жақсарттық.Бұл бағдарламалар қазақстан¬дық¬тар¬дың кең қолдауы мен разылығына ие болды.Бүгінде жаңа экономика білікті кадрлардың жаңа генерациясын талап ететін болғандықтан еңбек рыногының тиімділігін арттыру қажет.Өзін өзі еңбекпен қамтып отырған тұрғындар - біздің экономикамыздың зор кадрлар резерві.Жаңа кәсіпорындарды біз оларда қазақстандықтардың жұмыс істеуі үшін салып жатырмыз.Олар оған дайындалуы керек. Жаңа мамандықтарға үйренулері қажет.Үкіметке облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері¬мен бірлесіп, 2011 жылдың 1 мамы¬ры¬на дейін халықты еңбекпен қамту жө¬нінен қағидатты түрде жаңа бағ¬дарлама әзірлеуді тапсырамын.Үкімет бизнес-қауымдастықпен бір¬лесіп индустриялық нысандарда жұмыс істегісі келетіндер үшін тегін кәсіптік оқу ұсынуы керек.Әрбір қазақстандықтың елді ауқым¬ды индустрияландыруға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет.Кезінде мен дағдарысқа қарсы «Жол картасы» бағдарламасы әрбір қазақ¬стандықтың отбасына дейін жететін болсын деген міндет қойдым.Ол табысты жүзеге асырылды.Осы тәжірибені пайдалана отырып, қазіргі уақытта жұмысты индустрия¬лан¬дыру шынымен де бүкілхалық¬тық сипат алып, әрбір қазақстан¬дық¬тың ісі болатындай етіп құру қажет.Өз өмірлерін ауылмен байланыс¬тарғандар үшін Үкімет жергілікті билік органдарымен бірлесіп, селолық кәсіпкерлікті дамыту жөнінен шаралар кешенін әзірлеуге тиіс.Өткен жылы селолық аумақтарды дамыту бағдарламасы аяқталды.Енді бұл жұмыстар Елдің 2020 жыл¬ға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамуы¬ның болжамдық схемасы шеңберінде одан әрі жалғасатын болады.Даму әлеуеті жоғары елді мекен¬дерде селолық инфрақұрылымдар да¬мы¬тылып, суаратын суларға, ми¬кро¬не-сиелеу бағдарламалары мен табиғи грант¬тарға қолжетімділік кеңейтіліп, кәсіпкерлік дағдыларына үйрету ұйымдастырылады.Қазірдің өзінде микронесиелік ұй¬ымдар қызметінің құқықтық негізі бар.Бүгінде рыноктағы олардың саны бір мың екі жүздей және олар халыққа сомасы 16 миллиард теңге болатын 110 мың несиелер берді.Дегенмен, олар негізінен айтарлық¬тай жоғары мөлшерлемемен тұтыну¬шылық мақсаттарға жұмсалуда.Ахуалды өзгертіп, тұтынуға емес, ең¬бекпен қамту жағына басымдық беру керек.Сондықтан Үкіметке қаржы реттеушілермен бірігіп, шұғыл түрде тиісті заң жобасы мен кешенді шаралар жасауды тапсырамын.Үстіміздегі жылы қосымша 3 миллиард теңге қарастырылсын.2012-2015 жылдары бұл қаржылан¬ды¬ру жыл сайын 10-15 миллиард тең¬геге көбейтілсін.Мемлекеттік желі бойынша берілген микронесиелердің барлық 100 пайызы тек өз ісін ұйымдастыруға ғана жұмсалуы тиіс.Жоғарыда айтылған мал шаруа¬шы¬лығын дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру ондаған мың ауыл тұр-ғын¬да¬рына жұмыс тауып береді.Сондықтан атқарушы биліктің бар¬лық деңгейлері мен «Нұр Отан» пар¬тиясынан үлкен түсіндіру жұмыстары талап етіледі.Үкіметке алдағы жылдан моти¬ва¬ция¬лы ақшалай төлемдерге көшуді тап¬сырамын.Басты мәселе - масылдықты еңсеру.Жұмыссызға жұмыссыз болғаны үшін емес, мамандық алу үшін грант берілетін болады.Кедейшілік проблемаларын мемлекеттік жәрдемақы есебінен жұмсарту емес, шешу керек.Мемлекет тек объективті тұр¬ғы¬дан еңбекке қабілетсіздер мен аз қам¬тамасыз етілгендерге ғана көмек-тесетін болады.2.5. ТКШ-ны жаңғыртуАзаматтардың өмір сапасының озық көрсеткіші - тұрғын үй жайлылы¬ғы¬ның деңгейі.Соңғы 10 жылда тұрғын үй қоры 30 мил¬лион шаршы метрге ұлғайды.Бұл бүгінде бір миллионнан астам азамат жаңа пәтерлерде тұрады дегенді білдіреді.Бұл - біздің тұрғын үй саясаты¬мыз¬дың маңызды нәтижесі.Көптеген жылдар бойы коммуналды сектор қалған-құтқанды бөлу қағидаты бойынша қаржыландырылып келді. Со¬ның салдарынан 2008 жылға қарай ком¬муникациялардың 72 пайызы жөндеуді немесе ауыстыруды қажетсінді.«Жол картасы» аясында біз 2009 және 2010 жылдары ТКШ нысандарын жөндеу бойынша үлкен жұмыс жүр-гіздік.Бұл жұмысты жалғастыру қажет.Сумен, жылумен, электр және газбен қамтамасыз ету жүйелеріне кең ауқымды жаңғырту жүргізіп, сондай-ақ тұрғын үй қатынасының оңтайлы моделін құруды қамтамасыз ету қажет.Күрделі жөндеуді қажет ететін ны¬сан¬дардың үлесі 32 пайыздан 2015 жылға қарай 22 пайызға төмендеуі тиіс.Жаңғыртылған жүйелердің ұзын¬ды¬ғы 2015 жылға қарай ел бойынша тұ¬тастай алғанда 31 мыңнан астам ша¬қырымды құрайтын болады.Мемлекет халықаралық қаржы инс¬ти¬туттары мен біздің банктерімізді тарта отырып, жеке инвесторларға, кәсіп¬орындар мен азаматтарға тұрғын үйлер мен коммуналдық нысандарды жөндеу және реконструкциялау үшін қаржы¬ландырудың бірлескен арнайы тетіктерін ұсынады.ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жыл сайын 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.Тұтастай алғанда, оны жүзеге асыруға 1,5 миллион адам - көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары қатысады.Үкіметке ортақ мүлікті жөндеу мен қалпына келтіруге қаржы жинақтауды ынталандыру мен қосыла қаржылан¬дырудың тетігін жасауды тап¬сыра¬мын.Біз тек осылай еткенде ғана тұрғын үй жағдайын жақсартып, азаматтардың өз мүлкін сақтауға жауапкершілігін жоғарылата аламыз.2.6. Сапалы ауыз суҚазақстандықтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері - ха¬лық¬тың денсаулығын жақсартудың аса маңызды міндеті, сондықтан бұл біздің басымдығымыз болады.Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыс 8 жыл бұрын бас¬тал¬ған болатын және оның оң нәти-желері бар.Орталықтандырылған сумен қам¬та¬ма¬сыз етуге қолжетімділік ауылды елді мекендерде 41 пайызға дейін, қала¬лар¬да 72 пайызға дейін өсті.Тасымалы суды пайдаланатын адамдар саны 4 есе азайды.Сонымен бірге, сумен қамтамасыз ету жүйелерін жақсартуды қажет ететін ауылдар да әлі аз емес.Қалалардағы сумен қамтамасыз ету жүйелерінің 60 пайызының тозығы жет¬кен.Орташа алғанда республика бойын¬ша ауыз суға қолжетімділік деңгейі 2020 жылға қарай 98 пайызды құрауы тиіс, ал судың сапасы белгіленген бар¬лық сани¬тарлық нормаларға сай болуы керек.Үкіметке жеке капиталды су ша¬руашылығы секторына барынша молы¬нан тарту үшін ынталандырудың тиімді жолдарын қарастыруды тап¬сыра¬мын.Жерасты суларының әлеуетін кеңі¬нен пайдаланып, сумен қамтамасыз ету¬дің жаңа нысандарын салу кезінде жүйелі қадамдар жасау керек.2020 жылға қарай сумен қамтама¬сыз етудің орталық желісіне қолжетім¬ділік қалаларда 100 пайызды құрауы тиіс.Ал ауылды жерлерде екі есе артып, 80 пайызға дейін жетуі қажет.2.7. Табыстардың артуы - өмірдің жаңа сапасыҚұрметті қазақстандықтар!Үстіміздегі жылы біз зейнетақылар мен стипендиялар көлемін, бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақыларын 30 пайызға өсіреміз.Екі жыл қатарынан біз оларды 25 пайызға ұлғайтып келдік.«Нұр Отан» партиясының Халық¬тық тұғырнамасында жоспар¬лан¬ға¬нын¬дай, 2012 жылға қарай зейнет¬ақы-лар¬дың, бюджеттік ұйымдар еңбекақы¬лары¬ның және стипендиялардың орташа көлемі 2008 жылмен салыстыр¬ғанда 2 есе өседі.Біз бұған уәде бердік, біз мұны орындадық.Менің тапсырмам бойынша үш жылдық бюджетте сіздерге айтқан индустриялық-инновациялық, сондай-ақ әлеуметтік бағдарламаларды қар¬жы¬лай қамтамасыз ету қарас¬тырылған.Енді барлығы Үкімет пен жергілікті билік органдарының бұл міндеттерді қалай орындайтынына, бұл жұмыстың қалай ұйымдасты¬рыла¬тынына байланысты болмақ.Бұл - таяудағы онжылдықта жа¬салуы тиіс жұмыстың ең аз деген мөлшері.Біз бұл жоспарларды артығымен орындауға ұмтылуға тиіспіз.Онжылдықтың басты әлеуметтік мақсаты, міне, осында.Қымбатты қазақстандықтар!Менің Жарлығыммен 2011 жыл Тәуелсіздіктің 20 жылдығы деп жарияланды.Мемлекеттік комиссия құрылып, шараның Жалпыұлттық жоспары бекітілді.Бұл - жалпыхалықтық іс.Үкіметке оны жүзеге асыруда ин¬весторлардың, бизнес-қауымдастық¬тары¬ның, қазақстандықтардың күшін біріктіруді тапсырамын.«БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ЖАСАМ¬ПАЗ¬ДЫҚТЫҢ 20 ЖЫЛЫ» - біздің мерейтойымыздың ұраны осы.Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жолының - БОСТАНДЫҚ, БІРЛІК, ТҰ¬РАҚТЫЛЫҚ, ӨРКЕНДЕУ секілді ар-қау¬лық құндылықтары қалыптас¬ты¬рыл¬ды.Қымбатты қазақстандықтар!Құрметті депутаттар!Мен үшін және бәріміз үшін Пре¬зиденттің өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту бойынша референдум өткізу ту¬ралы жалпыхалықтық бастамаға бай¬ла¬нысты әжептәуір саяси коллизия қалыптасып отыр.Мен референдумды қолдап, өзде¬рі¬нің қолдарын қойған барлық қазақ¬стан¬дықтарға, сондай-ақ акция бас¬та-машыларына шынайы ризашылы¬ғым¬ды білдіремін.Халықтың еркін білдіруі толқы¬нын¬да қаңтардың ортасына қарай Орталық сайлау комиссиясы 5 миллионнан астам адамның қол қойғанын жа¬риялады.Санаулы күндер ішінде референдум туралы бастама іс жүзінде бүкіл¬ха¬лықтық қозғалысқа айналды.Осы акция барысында «Нұр Отан» партиясы демократиялық күштердің «Қазақстан-2020» қоғамдық коали¬ция¬сын құрды.Халықтық бастама қазақстандық¬тардың өшпейтін азаматтық белсенділігін көрсетті.Ол елдің саяси, интеллектуалдық өмірін белсенділендірді.Бұл даму мен прогрестің үлкен әлеуеті барлығын айғақтап берді.Сіздер осы мәселе бойынша бар¬лық жағдаяттарды жақсы білесіздер.Мен өзімнің Жарлығыммен Парла¬менттің референдум өткізу туралы ұсы¬¬¬нысын қабылдамай тастадым. Өйт¬¬кені, 2012 жылғы президенттік сай¬лауға қатысуға дайындалып жүрген едім.Парламент, өзінің конституциялық өкілеттігін пайдаланып, Конституция¬ға өзгеріс енгізу туралы Заң қабыл¬дады.Мен заңды Конституциялық Ке¬ңес¬ке жолдадым, ол оның конститу¬ция¬лығын айқындауы тиіс.Тек осыдан кейін шешім қабыл¬данатын болады.Ол Конституция мен біздің заң¬дары¬мызға сәйкес келуі және халқы¬мыздың ұзақ мерзімді мүддесін ескеруі тиіс.Қалай болғанда да, халықтың еркі - бәрінен жоғары.Солай дей тұра, мен сыртқы саясатта біз бүкіл әлемдегі инвесторларға, бизнес-қауымдастықтарға міндет-те¬ме¬ле¬ріміздің тұрақтылығын қамтамасыз ететіндігімізді мәлімдеймін.Біздің саясатымыз барлық әріптестеріміздің үміттері мен күткендеріне сәйкесетін болады.Қазақстан Ресей, Қазақстан және Беларусь Кедендік одағын жедел де тиімді дамыту ұстанымында қалады.Біз ТМД елдерімен ынтымақтас¬ты¬ғымызды дамытатын боламыз.Біз еуропалық әріптестерімізге бірлесіп, көпжақты немесе екіжақты пішінде «Қазақстан - ЕО:2020» энер¬ге-тикалық хартиясын жасап, қабыл¬дауды ұсынамыз.Бұл Еуропа рыногына энергия ре¬сурстарын жеткізу, тұрба құбыры жүйесін дамыту тұрақтылығына кепілдікті қамтамасыз етеді.Біз осы жылы Алматыда Ауғанстан бойынша арнайы донорлық конференция өткізуге бастамашылық таныт¬пақпыз.Бұдан бұрын мен Каспийдегі тұ¬рақ¬тылық пактісін қабылдау идеясын ұсынғанмын.Бұл халықаралық құжат Орталық Азия мен Кавказдың барлық кең байтақ өңірінде тұрақтылықтың берік іргета¬сын қалай алады.Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалығы шең¬берінде бастаған жанжалдарды реттеу жөніндегі жұмысын жалғастырады.Біз жаһандық ядролық қауіпсіздік саласында көшбасшы болып қалып отырмыз.Қазақстан БҰҰ-ға Жалпыға ортақ ядросыз әлем декларациясын қабыл¬дау¬ды ұсынады.Сондай-ақ Қырғызстанға көмек¬тің мемлекетаралық бағдарламасын жасап, қабылдау маңызды деп са-най¬мын.Үстіміздегі жылы Қазақстан Ислам Конференциясы Ұйымына жетекшілік етеді.Біз Батыс пен Ислам әлемі үн¬қа¬ты¬суын нығайту бойынша бастама көтердік.ИКҰ-ға төрағалық Қазақстанның сыртқы саясатының азиялық век¬то¬рын күшейтуі тиіс.Үстіміздегі жылдың шілдесінде Аста¬нада Шанхай ынтымақтастық ұйы¬мының мерейтойлық саммиті өтеді.ШЫҰ біздің белсенді қаты¬суы¬мыз¬бен құрылған болатын және біз оның нығаюы үшін барлық қажетті нәрсені жасауға тиіспіз.Мұның барлығы Қазақстанның өңір¬лік және жаһандық тұрақ¬ты¬лық¬ты нығайтуға қосқан маңызды үлесі болады.Қадірлі қауым Қымбатты қазақстандықтар!Таяуда Елбасы өкілеттігін ұзарту үшін бүкілхалықтық референдум өт¬кізу туралы бастама көтерілгенін бар-ша¬ңыз білесіздер.Бастамаға үкіметтік емес ұйымдар мен жекелеген азаматтар, зиялы қауым өкілдері мен Парламент депутаттары қолдау білдіруде.Мен елдің бұл ыстық ықыласын тәуел¬сіздікті нығайту, мемлекетті ор¬нық¬тыру ісіне берген бағасы деп білемін.Отанды қалтқысыз сүю - оның суы¬ғына шыдап, ыстығына күюді талап етеді.Менің ғұмырым ел тағдырымен еншілес.Маған Сират көпіріндей қылпылда¬ған кезеңде тәуелсіздік алып, мемлекет құру ісі сеніп тапсырылды.Сондықтан, мен сенімге серт беріп, бар жауапкершілікті мойныма алдым.Күрмеуі қиын түрлі тағдырлы шешімдерді жүрегімнен өткізіп қабыл¬дадым.Мен 20 жылдан бері бар күш-жіге¬рім мен білік, тәжірибемді аямай, хал¬қыма қалтқысыз қызмет етіп келемін.Осы жылдары мәртебемізді көтеріп, мерейімізді асырған барша жетістіктеріміз - біздің ортақ табысымыз.Сондықтан, бастамашы азаматтар мен тілекші болған барша қазақстан¬дықтарға ризашылық білдіремін!Мен үшін қашанда мемлекет мүд¬десі мен ел игілігі жолында қызмет атқарудан артық бақыт болған емес.Алдымызда атқарылар қыруар істер бар.Бұл жолда біздің ең басты бай¬лығымыз - берекелі бірлігіміз.Мен ауызбіршіліктен айнымайтын ақжүрек жұртымның қуатты ұлтқа, шуақты ұлысқа айналарына кәміл сенемін.Халқымызда «Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады» деген даналық сөз бар.Біз бүгінгі Жолдау арқылы мерейлі белестегі атқарған істерімізді қорытын¬дылап, болашаққа бағдар жасадық.Баршаңызға ел игілігі, мемлекет мүд¬десі жолындағы абыройлы істерде мол табыс тілеймін!Мерекелі күндерге жеткізген берекелі тірлігіміз баянды болсын, ағайын!

174.Қ.Р,нарықтық қатынастарға көшуінің негізгі кезеңдері. Проблемалары,қайшылықтары,жетістіктері мен нәтижелеріДамыған елдердің тәжірибесіне қарасақ, бәсекелестік орта қалыптастырмай нарықтық экономика құру мүмкін емес. Нарықтық экономикаға көшудің негізі мемлекеттік кәсіпорындар мен басқа да халық шаруашылығы нысандарын жекешелендіруде жатыр. Осы үдерісті жеделдету мақсатында 1991 жылы «Қазақ КСР-ның Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитеті мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойылды. Сол жылдан бастап облысымызда Ақтөбе аумақтық мемлекеттік мүлік жөніндегі комитет құрылды.Жекешелендіруді алғашқы болып бастап, қиыншылығы көп көзге көріне бермейтін жұмыстарды атқарған, аумақтық комитетті алғашқы басқарғандардың қатарындаПарламент Сенатының бұрынғы депутаты Е. Иманқұлов, «Қазақстан теміржолы» ҰҚ» АҚ-ның жаңа жобалар жөніндегі департаментінің директоры Ә. Ермұханов, облыс әкімінің бірінші орынбасары І.Өмірзақов, облыстық мәслихат хатшысы Б. Ордабаев, Қарғалы ауданының әкімі А.Сағиев тұрды.Сол кездегі мемлекеттік меншікті кең ауқымды реформалау экономикалық реформалардың басты түйініне айналды. Мұндағы басты мақсат мемлекеттік меншікті таратып беру емес, жаңа нағыз меншік иелерін туғызуда және экономиканы нарықтық жолға түсіруде болды.Аумақтық комитеттің жұмысы өнеркәсіп, сауда, тұрмыстық және ауылшаруашылығы нысандары бойынша қалалар мен аудандардың ұсыныстарын ескере отырып жасалған 1991-1992 жылдарға арналған шағын жекешелендіру бағдарламасын іске асыру жұмыстарынан басталды.Жаппай жекешелендіру кезінде жүздеген кафелер, асханалар, шаштараздар мен дүкендер мемлекет меншігінен жеке меншікке ауысты.Аумақтық комитет әртүрлі меншік нысанындағы жалпы саны 1 375 ұйымды қалыптастырды, соның ішінде 445 кәсіпорын жекешелендірілді, 930-ы басқа да құрылымдардың нысандары болды. Бұлардың 238-і еңбек ұжымдарына берілді, 281-і акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктеріне айналдырылды. 856-сы жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сатылды. Жүзден астам нысандар сенімгерлік басқаруға, 540-тың үстінде нысандар мүліктік жалға берілді және 204 акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің мемлекеттік акциялары мен мемлекет үлесі сатылды.1991 жылдан 1998 жылдың аралығында Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің үш бағдарламасы жүзеге асырылды. 1999 жылдан бастап аумақтық комитет қызметінің негізгі бағыты Қазақстан Республикасының 2030 – Стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру және мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалануды басқару болып келеді.Шаруашылық басқару органдарының жүйесін жетілдіру жұмыстарын жүргізу кезінде 81 кәсіпорын үш ұлттық компанияның құрамына кірді. Қазақстан Республикасы Үкіметі құрған 17 акционерлік қоғамдардың мемлекеттік холдингінің үшеуі Ақтөбе қаласында орналасты.Ауыл шаруашылығы саласында 56 кеңшар жекешелендіріліп, 94 акционерлік қоғам құрылды. Жекешелендірілген кеңшарлардың 14-і акционерлік қоғамға, 42-і ұжымдық кәсіпорындарға айналдырылды.Дөң тау-кен байыту комбинаты, «Ақтөбемұнай», Ақтөбе темірбалқыту зауыты, №406 авиажөндеу зауыты сияқты облыстың ірі әрі әмбебап кәсіпорындарының негізінде жекелеген жобалар бойынша акционерлік қоғамдар құрылды.Мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру мақсатында Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мүлікті басқару мен жекешелендірудің концепциясын жасады және оны Үкімет мақұлдады. Концепцияның негізгі мақсаты — мемлекеттік меншікті экономикаға инвестиция тартудың құралы ретінде пайдалану; мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіру үрдісіне тарту; мемлекеттік мүлікті пайдаланудан түсетін қаржы есебінен республикалық бюджеттің кірісін ұлғайту болды.1981 жылы құрылған Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігіне қарасты «Ақтөбемұнай» өндірістік бірлестігі 1993 жылдың желтоқсан айында «Ақтөбемұнай» АҚ-на, кейін 1998 жылы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ болып құрылды. Акционерлік қоғамның құрамына технологиялық процесте әрқайсысының өзіндік орны бар 19 мамандандырылған бөлімшелері кіреді.Мұнда мұнай мен газ өндіруді «Октябрьмұнай» және «Кеңкияқмұнай» мұнай-газ өндіру басқармалары жүзеге асырды. Бұл — адамдарды жұмыспен қамту жағынан да, активтері бойынша да акционерлік қоғамның ең үлкен бөлімшелері болды.1998 жылдың қаңтарынан бастап «Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның Қытай Ұлттық мұнай-газ корпорациясымен серіктестігі басталды. Қытай Ұлттық мұнай-газ корпорациясы акционерлік қоғамның акцияларының бақылау пакетін сатып алып, Ақтөбенің мұнай-газ өндірісін дамытуға 4 млрд. доллар инвестиция салатындығына Қазақстан Республикасының Үкіметіне кепілдік берді.Барланған хром рудасының қоры бойынша Кемпірсай кен орны арқылы Қазақстан Оңтүстік Африка Республикасынан кейінгі екінші орынды алады.1993-1998 жылдары нарықтық қатынастарға көшудің ауыр кезеңдері болды. 1993 жылы комбинат «Дөң кен байыту комбинаты» АҚ ретінде тіркелді.Өндірістегі негізгі рудалық материал — хромшпинелид, руда емес серпинтин болып табылады. Рудалар химиялық кұрамы бойынша жоғары сортты, хром оксидінің пайдалы бөлшектерін иеленген. Тау-кен байыту жұмыстары ашық және жабық түрде жүргізіледі. Жоғары сапалы руданың мол қоры, негізгі кен орындарын игеруге дайындықтың жоғары деңгейі, білікті мамандар — комбинат болашағының зор екенінен үміт күттіреді. Хромтаулықтар болашаққа нық қадаммен енуде.1991 жылы 30 қыркүйекте ұжымдық меншікке алғашқы сатылған нысандардың бірі №26 «Спорт тауарлары» дүкені. Дүкен кейін «ТОСТ» фирмасына, 1999 жылы «ТОСТ» ЖАҚ-на айналды. Негізігі қызмет түрі — бөлшек саудада теле-видео-аудиоаппаратураларды, тұрмыстық техникаларды сату. Бастапқыда фирма 23 адам жұмыс жасайтын бір дүкеннен тұрды және сату көлемі небәрі 360 мың теңгені құрады. Жиырма жылда фирма мейлінше кеңейді, 2 дүкені бар және онда 100-ге жуық адам жұмыс жасайды. АҚ қызметінен жыл сайын бюджетке 50 миллионға дейін салықтық түсімдер түседі.Жекешелендірудің бірінші кезеңінде «Спорт» кафесінің қызметкерлері өздерінің жұмыс жасап отырған кәсіпорындарын ұжымдық меншікке сатып алып, кейін «Рахат» деп атын өзгертті. Сол кезде кафеде небәрі 40 орындық болатын.Жиырма жылдың ішінде «Рахат» кафесі айтарлықтай өзгеріске түсті. Бүгінгі күні бұл мейрамхана — қаламыздағы ең көрікті мәдениет орталықтарының бірі. Ғимаратты қайта салуға байланысты пайдалы алаңы 2 400 шаршы метрге ұлғайды. Мұнда жұмыс жасайтын адамдардың саны сексенге жетті. Мейрамхананың қызметінен жыл сайын бюджетке 12 миллионға дейін салықтық төлемдер түседі.«Ақтөбе» қонақ үйі 1995 жылы желтоқсан айында ұжымдық меншікке сатылған болатын. «Демалыс жайы» ЖШС қонақ үйдің жаңа қожайынына айналғанымен, кешеннің қызметін өзгерткен жоқ. Қайта көрсетілетін қызметтердің санын арттырды. Уақыт өте қонақ үйдің 150 орынға арналған автотұрағы, жаттығу залы, кинозалы, фин саунасы, шаштаразы, ең қажетті тауарлар сататын дүңгіршегі пайда болды. Сонымен бірге семинарлар, іскерлік кездесулер өткізуге арналған жаңа технологиялармен жабдықталған мәжіліс залы салынды. Мейрамханасы мен түнгі бары, 75 орындық жазғы кафе ашылды. Қонақ үйде бөлмелерді күрделі қайта құрылымдау жүргізілді, бүгінгі күні бір орындық «люкс», «суперлюкс» нөмірлері бар. Қонақ үй заман талабына сай өз сайтын ашқан және сымсыз интернет желісін іске қосқан. Жұмысшылардың жалпы саны 146 адамға жетті. Қонақ үй жылына жиырма мыңға жуық адамға қызмет көрсетіп отыр.Облысымыздың көптеген кәсіпкерлік субъектілері іске бел шеше кірісті және өздері сатып немесе сенімгерлік басқаруға алған нысандарына әжептәуір қаражат сала бастады. Мысалы, 1998 жылы облыстық клиникалық аурухананың терапиялық корпусының ғимараты «Әйгерім» денсаулық және әсемдік орталығы» ЖШС-на сенімді басқаруға берілді. Бүгінгі күні бұл ұйым емханасы, көп профилді стационары, жедел медициналық жәрдем бөлімшесі бар ірі медицина бірлестігіне айналды. Мүнда терапиялық, гинекологиялык, хирургиялық, токсикологиялық және пластикалық стационарлық барлық көмек түрлері көрсетіледі. Сонымен бірге күндізгі және түнгі стационар, шағын хирургияның амбулаториясы, кеңес беру диагностикалық емханасы, жедел медициналық жәрдем бөлімшесі жүмыс жасайды.Үкіметіміз шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына үнемі қолдау көрсетіп келеді. Бұл ретте Президентіміздің арнайы Жарлығын жүзеге асыру мақсатында аумақтық комитет тарапынан 1997 жылы Ақтөбе қаласының Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан ғимараттағы аяқ киім жөндеу шеберханасы денсаулығы отырып қана жұмыс жасауға мүмкіндік беретіндігін ескеріп Мақсат Қызыловқа сатылды.Биыл Ел Президенті қол қойғаннан кейін елімізде Мемлекеттік мүлік туралы жаңа заң қабылданды. Бүл заңда мемлекеттік мүлікті басқарудың негізгі қағидалары белгіленген. Бүлар: заңдылық; есептілік және бақылауда ұстау; жариялылық; мемлекеттік мүлікті қоғам мұқтажына сай тиімді қолдану; бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасау.Аталған заңды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан мемлекеттік мүлікті қолдану мен басқаруға қатысты бірқатар жаңа ережелер бекітілді.Қабылданған жаңа ережелер мен қағидалар мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалануға және оны басқарудың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. «Батыс» өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің атқаратын қызметінің бір бағыты республикалық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың теңгерімдерінде тұрған мүліктің тиімді және мақсатты пайдаланылуын тексеру.2011 жылдың тоғыз айында біз 23 республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларға тексеру жүргіздік. Тексеру барысында барлығы 931 бірлік пайдаланылмай тұрған немесе істен шыққан мемлекеттік мүлік анықталды. Олардың 909-ын есептен шығаруға; 15-ін (автокөліктер) сатуға; 6-ын коммуналдық меншікке беруге; 1-ін өзге республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне беруге ұсынылды.Сонымен бірге, Республика Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №335 қаулысымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының аппараты мен арнайы бөлмелерін орналастыру үшін алаңдар нормалары бекітілді. Осыған орай, Өңіраралық департамент облысымыздың аумағындағы барлық мемлекеттік органдардың алып отырған үй-жайлары мен қолданып отырған қызметтік автокөліктеріне түгендеу жүргізді. Түгендеу нәтижесінде мемлекеттік органдардың ғимараттарынан жалпы алаңы 3 458,7 шаршы метр нормадан артық үй-жайлар, сонымен қоса 6 автокөлік анықталды. Олардың ішінде, 922,3 шаршы метр үй-жайларға өзге республикалық мемлекеттік мекемелерді орналастыруға, 119,6 шаршы метр үй-жайларды сатуға шығаруға, 2 416,8 шаршы метр үй-жайларды жалға беруге ұсыныс жасалды.Бұдан басқа, өңіраралық департамент республикалық мемлекеттік меншік нысандарын сату және жалға берумен айналысады.2011 жылдың тоғыз айында республикалық меншік нысандарын сауда-саттыққа қою кестесіне 16 нысан қойылып, аукционда сатылды.Сондай-ақ жалдаушылардан республикалық бюджетке 16 350 000 теңге жалдау ақысы аударылды.Соңғы жылдары облысымызда елді мекендерді газбен қамту қарқынды жүріп келеді. Іс жүзінде жаңадан салынған газ құбырлары облыстың коммуналдық меншігінен республикалық меншікке беріліп отырады. Республикалық меншікке қабылданған газбен жабдықтау нысандары оларға қызмет көрсету үшін заңнамада белгіленген тәртіпте сенімгерлік басқаруға беріледі. Осылайша, 2006 жылдан бері өңіраралық департамент жалпы бастапқы құны 4 109 896 192 теңгенің газ құбырлары мен онымен байланысты кұрылыстарды «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-на сенімгерлік басқаруға берді.арыңызға рахмет.

175.ҚР Президентінің Қ.ның индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы ҚР жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамуы бойынша Үйлестірілген Кеңес жанындағы инвестиция мен қаржылық құрал жөнінде жұмыс тобының кеңесі болды 13 тамыз Алматыда ҚР ИСМ қолдауымен ҚР жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамуы бойынша Үйлестірілген Кеңес жанындағы инвестиция мен қаржылық құрал жөнінде жұмыс тобының кеңесі болды. Мемлекеттік органдардың, даму институтының, мемлекеттік холдинг пен аймақтардың қызметін үйлестіру мақсатында ҚР Үкіметі қаулысымен Үйлестіру кеңесі құрылды. Кеңес қызметі нақты жобалар мен саланы қолдау бойынша ұсыныстарды дайындауға, сондай-ақ бизнес бастамасына назарландырылған. Ү.ж. 10 шілдесінде Үйлестіру кеңесінің шешімімен инвестиция мен қаржы құралы бойынша жұмыс тобы құрылды. Оның негізгі міндеті – жеделдетілген индустриалды дамудың мемлекет пен бизнес үшін тиімді қаржыландыру тетігін қарау мен негіздеу, соның ішінде оны шешудің жолы ұсынылған және жеделдетілген индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде қаржыландырудың өзекті мәселелері талқыланды. Жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдар, даму институттары, бизнес-құрылым, екінші деңгейдегі банктер өкілдері мен басқа да қызығушылық танытқан тұлғалар енді. Кеңеске KAZNEX корпорациясынан Басқарушы директор Рустам Әбдусәламов қатысты. Оның сөзі бойынша «жұмыс тобы бүгінде Қазақстанда жалпы қандай қаржылық қор барын түсінуге, екіншіден Қазақстанның жеделдетілген инвестициялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға біз көмектесе алатындай қандай ақша қаражаты барына мақсатталған». Кездесу барысында жұмыс тобының төрағасы вице-министр Ерхат Искалиев, жұмыс тобының қызметі мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы мөлдірлікті сақтау қағидасын сақтау аясында құрылғанын атап өтті. Ол сондай-ақ, «Бүгінде министрлік ИДҚҚ бағдарламасын жүзеге асыру үшін жаңа кешенді қаржылық қолдау құралын пайдалануға екпін қойып отыр, ішкі және сыртқы инвестролармен жұмыс жандануда, Қазақстанның барлық аймақтарында инвестициялық жобаны қолдаудың жолдары дайындалуда». Жеделдетілген индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде қаржыландырудың өзекті мәселелері бойынша нақты ұсыныстар қалыптастыру кеңес жұмысының қортындысы болды. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасыҮдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы ақпаратАлматы облысы бойынша Индустрияландыру картасына 25 жоба енгізілді, 2,5 мың жұмыс орнын құрылуымен.2010 жылы он объекті іске қосылды.Ағымдағы жылы сегіз объектіні іске қосу жоспарланған. Бірінші жартыжылдықта бес объекті:1) «Кормовик-Евротехнология» ЖШС премикстер мен концентраттарды өндіру заводы, қуаттылығы жылына 1200 тонна жем қоспаларын өндіру;2) «ЮрИнвестСтрой» ЖШС асфальт өндіру заводы, қуаттылығы жылына 850 мың тонна;3) Жылына 1800 тонна сүт өнімдерін өндіру заводы «Байсерке Агро» ЖШС;4) Пішінді құбырларды өндіретін завод «Компания SONIK» ЖШС, қуаттылығы жылына 24 мың тонна құбырларды өндіру;5) Хундай жүк автомобильдері мен автобустарын ірі-тораптық жинақтау бойынша жоба «ХундайАвтоТранс» ЖШС, қуаттылығы жылына 500 автокөлікке дейін.Ағымдағы жылғы 4 шілде телекөпір арқылы тікелей байланыстың барысында Мемлекет Елбасына «Компания SONIK» ЖШС пішінді құбырларды өндіретін завод таныстырылды.2011 жылғы екінші жартыжылдықта үш жоба іске қосылады:1. Индустриялық (стационарлық) қорғасын-қышқыл аккумуляторларын игеру «Қайнар-АКБ» ЖШС, іске қосылуы қараша айында.2. Текелі қаласында 3,65 га жерінде жылыжайдың құрылысы «Green House - жасыл үй» ЖШС, іске қосылуы қараша айында.3. Вакуумдық орауышта блокты ет және ірі тілімді еттерді шығару бойынша етті қайта өндіру кешенін құру «Байсерке Агро» ЖШС, іске қосылуы желтоқсан айында.Сонымен қатар, Республикалық Индустрияландыру картасының аясында 2011 жылы 2 объектіні іске қосу жоспарланған: Шарын өз. Мойнақ СЭС және «Жетіген-Қорғас» теміржол желісі.Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған индустриалды - инновациялық даму Мемлекеттік Бағдарламасы шеңберінде,Алматы облысында іске асырылып жатқан жобалар жөнінде.Облыста индустриалды - инновациялық даму бойынша аумақтық Үйлестіру кеңесі құрылған, инвестициялық жобалардың мониторингі апта сайын жүргізіледі.Түпкілікті жобалардың тізбесі Индустрия және сауда министрлігімен келісілген.

177.ҚР білім жүйесіндегі реформалар Білім беру жүйесіндегі реформалар білім саласының қарқынды дамуына елеулі ықпалын тигізуде. Соған байланысты Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда.Бағдарлама білім беру қызметі білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыруға, педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейтуге, білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізуге бағытталған. Жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкерші-лікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру, респуб-лика азаматтарының материалдық және рухани әл-ауқатын жақсарту, экономиканың тұрақты дамуы үшін баршаға арналған сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен ең бастысы еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту маңызына негізделген. Аталған мемлекеттік бағдарламада «білім беру сапасы, бірінші кезекте, сапалы даярлығы бар оқытушылармен айқындалады» деп атап көрсетілген. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында мұғалімдердің біліктілігі мен кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талап та жоғары болуға тиіс. Сондықтан бүгінгі таңда сыни тұрғыдан ойлай алатын, алған біліміне салыстырмалы талдау жасай алатын, жаңа шешімдер қабылдап, технология мен инновация тәсілдерін тиімді қолдана білетін және т.б. кәсіби қасиеттері бойына қалыптасқан мұғалімдер өте құнды. Бағдарламаның маңызды бағыттары-ның бірі – білім беруді дамыту жағдайында педагогикалық кадрларды дайындау, біліктілікті арттыруды қамтамасыз ету және осы жүйе құрылымдарының өзара әрекетінің тиімділігін арттыру.Сондықтан, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған қаржыландырудың жаңа тетіктерін әзірлеу, жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету, педагог қызметкер-лердің мәртебесін көтеру, білім берудегі менеджментті жетілдіру міндеттерін жүзеге асыру мақсатында біліктілікті арттыру жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізу қажет. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесіне ваучерлік-модульдік жүйе енгізумен жаңартылады. 2013 жылы бұл жүйе 2 облыс базасында (Жамбыл және Павлодар) және Астана, Алматы қалаларында сынақтан өтетін болады.Осыған байланысты біліктілікті арттыру жүйесін жаңарту үшін модульдік-ваучерлік оқыту жүйесі мен оқыту технологияларын, оның ішінде ақпараттықкоммуникативтік технологияларды тиімді қолдану қажеттілігі туындап, педагог кадрлардың ақпараттық құзыреттіліктерін қалыптастыруға баса назар аударылады. Осы мақсатта облыстық педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институты біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыруда тыңдаушылардың біліктілік санаты, еңбек өтілі мен жұмыс істеу ерекшеліктері ескеріліп отыр. Ал, біліктілікті арттыру курстарының оқу-тақырыптық жоспарлары инварианттық және вариативтік бөліктері нормативтік-құқықтық, мазмұндық - әдіснамалық, тәжірибелік, рефлексивтік - бақылау, таңдау модульдерін қамтиды.

178.Қ-әлемдік қауымдастықты Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі аясында Алматы қаласының жастары арасында іске асырылған жобалар туралы жаңа кітап жарық көрді. Жинақта жастардың Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі жайлы пікірлері ғана емес, сонымен қатар еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі жетістіктері мен ерекшеліктері, мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясаты жайындағы пікірлері жан-жақты қамтылған. Мұндағы материалдарды жастардың көзқарасымен қарағанда батыл түрде «Қазақстан Тәуелсіздігінің жылнамасы» деп атауға болады. Дегенмен жинақта ұсынылған жұмыстар сараптамалық материалдар болып саналмайды, бұл тек студент жастардың өзіндік жеке пікірлері ғана екені анық. Жинақтың басылып шығарылуы, сондай-ақ барлық іс-шаралардың өткізілуі ең алдымен Еуропадағы Ынтымақтастық және Қауіпсіздік Ұйымына Қазақстанның төрағалық етуін, бұл төрағалықтың еліміз үшін маңыздылығы мен рөлін жастарға түсіндіріп, насихаттауға бағытталған. Сонымен қатар ЕҚЫҰ жұмыстарының қағидалары және осы ұйымға мемлекетіміздің төрағалық етуіндегі жетістіктері туралы жастарды хабардар ету көзделген. Жалпы, өткізілген барлық іс-шаралардың негізгі мақсаты - белсенді азаматтық ұстанымы қалыптасқан студент жастарды анықтауға, жастардың әлеуметтік белсенділігін жоғарылатуға, студенттердің шығармашылық тұрғыда дамуына жағдай жасауға және де айқын азаматтық ұстанымы қалыптасқан белсенді әрі парасатты жастардың орталығы ретінде Алматы қаласының оң беделін нығайтуға бағытталады. - Бұл ұсынылып отырған жинақ біздің ойымызша үлкен идеологиялық маңызға ие және тұжырымдамалық салмағы бар, сондай-ақ алға қойылған міндеттерді тиімді түрде шешуге үндейтін іс-шараларға ерекше көңіл бөлінді. Қазіргі Қазақстан жастарының бойында патриоттық сезім ұлғайып келеді, олар отандық кинофильмдерге ерекше назар аударып, қызығушылық танытып отыр. Сол себепті, жыл сайын өткізілетін V Республикалық жастар кинофестивалі ағымдағы жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне арналды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан» акциясын өткізуде Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуін насихаттауға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі тақырыбында дөңгелек үстелдер, конференциялар, спорттық және интеллектуалды ойындар ұйымдастырылды. Осындай іс шараларды өткізу арқылы елімізде болып жатқан саяси оқиғаларға деген жастардың қатынасын

179.Қазақстан Республикасы БҰҰ барлық елдерімен дипломатиялық қарым-қатынасты қолдайды. Қазақстанның сыртқы саясаты еліміздің Президентімен және парламентімен анықталады, және Сыртқы істер министрлігімен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік пен егемендікті алған кезеңінен БҰҰ және ЕҚЫҰ мүшесі болып табылады, ТМД, ЕурАзЭҚ, ШЫО, ҰҚШҰ негізін қалаушылардың бірі болды, ИСҰ және ЭЫҰ қызметіне қатысады, НАТО-мен ынтымақтасады, ДСҰ-на кіру жөніндегі келіссөздерді жүргізеді, АСШІК жөніндегі меншікті бастамамаларды іске асырады.Қазақстан Республикасының Үкіметі әсіресе қазір Қазақстан өзінің дамуының жаңа сатысына енген уақытта халықаралық ынтымақтастықты ынталандырады. Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2010 жылғы Қазақстан халқына жолдауында, Қазақстан – құрылымдық және өзара тиімді ынтымақтастыққа ашық бейбітшілік сүйгіш ел екенін анық таныстырды. Елбасы: «Қазақстаннның жоғарғы халықаралық беделі біздің елімізге Қауіпсіздік жөніндегі ұйымның төрағасы болуға және Еуропадағы ынтымақтастыққа мүмкіндік берді» - деп атап өтті.

180.ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚР НЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ. Республика тұрғындарының ішінде сайлау құқығы барлардың 88.23% - ы дауыс беруге қатысып олардың 98.78%-і Н.Назарбаевты жақтап шықты. Желтоқсанның 10-ы күні Н.Назарбаев Республика сарайында салтанатты түрде ант қабылдап, ҚР-ның халық сайлаған Президенті ретінде ресми іске кірісті. Өмір Президент Назарбаев алдына күрделі міндеттер қойды: Қазақстан экономикасының бір жақты шикізаттық өндірушілік бағыты. Соның әсерінен өзгелерге қатты тәуелділігі өнеркәсәптә қалалардағы экономиканың негізгі тұтқаларына негіз болып отырған топтардың қысымы, нарық қатынастары тудырып отырған қиындықтар, т.б.Президент болып сайлағаннан кейін олұлтаралық татулық үшін бар жігерін жұмсады. Көп ұлтты Қ. жағдайында бұл ең басты нысана еді. ҚР президентінің айтуы бойынша “мемлекеттің негізін салушы болып табылатын және мен үшін жеке басының өнегесі мен үлгіге айналған аса көрнекті 2 қайраткерді ерекше атап айтқым келеді. Ол әлде қашан өмірден өткен Франция президенті Шарль Де Голль, сондай-ақ қазірде күйлі қуатты өмір сүріп жатқан Сингапурдың негізін салушы Ли Куан Ю. ” Біз үшін экономикалық нарықтық моделін құру кезінде экономикалық шаралардың жан-жақты ойластырылған пакетін жасап қана қоймай, оларды саяси ерік-жігер және дербестігімізді нығыйту арқылы соларды д»йекті түрде жүзеге асыру мәселесі тұрды. Жүргізіліп жатұан түбірлі өзгерістердің мәнін ой елегінен өткізіп, одан кейінгі даму тенденцияларын алдын-ала көре білу, ондаған миллион адамдардың мүддесіне сай келетін неғұрлым тиімді қайта құру стратегиясын таңдап алу қажет болды. Оның үстіне мұны қысқа мерзімге жасау керек еді, тарих қзақ сонар зерттеулер мен ой қорытуларға уақыт қалдырмады, әлем екпіндігін күшті қарқынмен өзгеріп жатты. Ал бізге тек экономикалық жүйені ғана емес, жалпымемлекеттік құрылымды да, оның ең түпкі негізінен бастап, тіпті әрбір Қ.дықтың ой өрісіне дейін осыған бейімдеу қажет болды. Және де осымен бірге,былайша айтқанда,біз барлық қалған әлемді “қуып жетушінің”жағдайында болдық. 2 топтағы біздің көптеген кадрларымыз бқл өзгерістердің болмай қалатынын түсінбеді, қаншама жылдар бойы барша әлемге жабық болып келген біз жаһанданудың төндіретін қаупін толық мәнде көз алдына келтіре алмадық. Сонымен бірге,оның мүмкіндіктерін де ескермедік. Бізде ашық әлемде “өмір сүру тәжірибесі деген болмады” . Сингапур премьер министрінің 1991 ж.лекциясы біз үшін ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияны жасау кезіндегі бағыт-бағдар берді. Өз даму жолымызды табу үшін неге қол жеткізсек дейміз,бізге соны фйқындап алу қажет болды.

.