Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих_Тоша.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.4 Mб
Скачать

1.Ғылым ретіндегі Қ.тарихының мақсат,міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі. Тарих - бұл адам қоғамының өткені мен осы уақыты туралы, нақты формадағы, кеңістік-уақыттық өлшемдегі қоғамдық өмірдің дамуының заңдылықтары туралы ғылым. Тарихтың мазмұны - бұл адам өмірінің құбылыстарындағы көрінетін тарихи процесс, тарихи ескерткіштер мен деректерде сақталған мәліметтер болып табылады. Бұл құбылыстар әртүрлі, яғни шаруашылықтың дамуына, елдің ішкі және сыртқы қоғамдық өміріне, халықаралық қатынстарына, тарихи тұлғалардың қызметіне қатысты болып келеді. Тарих - ғылым бір-біріне сәйкес көп жақты, ол тарихи білімнің жеке салаларынан қалыптасады, дәлірек айтқанда: экономикалық, саяси, әлеуметтік, азаматтық, әскери, мемлекет пен құқық, дін т.с.с. Кейінгі жылдары Қазақстан тарихы бойынша көптеген кітаптар жарық көрсе де, әлі де болса зерттелетін мәселелер баршылық. Еліміздің тарихы көптеген қайшылықты тұстарды бастан кешірді. Бүгінгі таңда Қазақстан тарихының негізгі мақсаты - болашаққа өнеге болу үшін өткен кезеңдерімізге тоқталып, ұрпаққа көненің көзі іспеттес тарихымызды ешбір бұрмалаушылықсыз, қаз-қалпында жеткізу болып отыр. Онда тек шындық айтылуын баса назарға ала отырып, еліміздің бүгінгі ұрпақтарына баяндау – ғылым ретінде Қазақстан тарихының негізгі міндеттері болып саналады. Қазіргі кезде сан ғасырлық тарихымыздың асыл қазыналары түгел ашылып болды деп айтуға келмес, әрине, себебі, түгелденбеген жайттарымыз, қалпына келмеген қатпарлы тарихи шындықтарымыз да қаншама. Егемен ел болып, еңсемізді көтергелі бері көптеген шаруалар атқарылса да, тарихты зерделеу – тынымсыз еңбектену мен ізденістерді талап етеді. Халқымыздың шежіре-баянын жан-жақты жүйелеп, ғылыми-танымдық тұрғыда жеткізу, елімізге қатысты оқиғаларды толық енгізе отырып, бүгінгі күнге қалыптасқан ойлау тұрғысынан түсіндіру - тарихты зеттеудің өзекті мәселелерінің бірі болмақ.

2.Қ.территориясындағы тас дәуірі ескерткіштеріҚазақстан жеріндегі тас құралдар туралы алғашқы деректер XIX ғ 50-ж басталады. Ол барлық территорияда табылған. Оңт. Қаз-да Шолаққорған қалашығының батысынан Ащысай тұрағы, Орт.Қаз-дағы Батпақ тұрағы, Шығ. Қаз-да Қанай, Свинчатка, Үңгір, Ново-Никольское тұрақтары, Бат.Қаз-дағы Арал өңірінде Сексеуіл тұрағы, Шаңдыауыл, Құлсары, Шатпакөл, Қайнар, Жыланқабақ, Сарықамыс, Шаянды тұрақтары. Қостанай облысынан Ботай тұрақтарынан пышақ тәрізді тас құралдар, тас жебелер, тас найза ұштары, қырғыштар, балталар табылған. Қазіргі таңда Қазақстан жерінде ғылымға белгілі 500-ден аса неолиттік тұрақтар бар. Тұрақтардың орналасу сипатына қарай 4-түрге бөлінеді: 1. Бұлақ бойындағы; 2.Өзен жағасындағы; 3. Көл жиегінде; 4. Үңгірдегі баспаналар. Қазақстан жерінде көбірек тарағаны – өзен бойындағы тұрақтар, олардың көбісі уақытша, маусымдық – кезбе аңшылардың орны саналған. Қазақстанның шөл-дала аймақтарындағы ескерткіштердің ерекшелігі – олардың басым бөлігі – ашық (жер бетіндегі) тұрақтар. Қазақстаннан осы заманға тән баспаналар табылған жоқ, себебі, ежелгі адамдар үңгірлерді, таулы аймақтарды, үңгіме қуыстарды, жартас қалқасын паналаған. Алайда,Қазақстан жерінде толық зерттеліп біткен тас дәуірі ескерткіштері онша көп емес, бірақ қолдағы бар деректер тас дәуірі адамдарының материялдық мәдениеті дамуының ешбір үзілмей, үнемі жүріп отырғанына, сол сияқты Қазақстан аумағындағы қоныстану процесінің де үзілмегендігіне көз жеткізеді. Тас дәуірінде жер кәсібі, қолөнер, мал шаруашылығы сияқты шаруашылықтың жаңа түрлері дами бастады. Яғни, қорыта келе, тас дәуірінде адамдардың пайда болуы, қалыптасуы, алғашқы адамдардың Қазақстан аумағына қоныс аударуы мен игере бастау үрдісі жүрді.

3.Қола дәуіріндегі Қазақстан.(Б.з.д. 2800-900мыңж) Тас ғасыры аяқталғаннан кейін, қола ғасыры басталады. Қазақстандағы қола дәуірінің зерттелуі Кеңес өкіметі кезінде ғылыми жағынан жолға қойыла бастады. Қола дәуірі б.з дейінгі 2 мыңж. пен 1 мыңж.-тың басы аралығын қамтиды. Ежелгі адамдар мыс пен қалайыны қосу арқылы металл бұйымдардың беріктігін күшейтті. Қола дәуірінің негізгі ерекшеліктері: 1)түсті металлдардың өндірістік жолмен игеріле бастауы; 2) Ең алғаш еңбек бөлінісінің пайда болуы; 3) Аталық отбасылық рулық қатынастың орнауы; 4)Көшпелі мал шаруашылығына көшу; 5) Рулық қатынас ыдырап, тайпалық бірлестіктер пайда болды. Әлкей Марғұлан 1946 ж. Қаз-ғы қола дәуірін эерттеуді бастады. Деректер Қазақстанның түкпір-түкпірінен табылған. Қола дәуіріне жататын 30 қоныс, 150 оба Орт. Қаз-нан табылды. Зерттеу кезінде табылған тұрғын үйлердің 2 түрі болды: 1) Жартылай жертөле; 2)Жер бетіне салынған үйлер. Ол дәуірдегі қоныстардың көбісі өзен жағасында орналасқан. Көкшетау жеріндегі Шағалалы қонысынан қола шалғы табылды. Жер тесемен өнделгендіктен, сол кездегі, егіншілік Андронов тайпаларында «теселі егіншілік» деп аталған. Көбінесе бидай, тары өсіріген: бақшалық шаруашылық та дамыған. Андроновтықтар жылқы, сиыр, қой, ешкі, кейіннен түйе өсірген: жануарлардың терісі мен жүнін киім ретінде, еті мен сүтін тамақ ретінде және қосымша жануарларды көлік, күш ретінде пайдаланған. Киім тігуге қой жүнін, ешкі түбіті, малдың терісі, сүйек, тарамыс жіп т.б. пайданалынған. Олар жүннен тоқылған баскиім, теріден тігілген құлақшын, өкшесі жоқ аяқкиім т.б. киген.Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің кезінде өмір сүрген адамдардың негізгі мәдениеті – Андронов деп аталады. Орт. Қаз-дағы жаңа мәдениет – Беғазы-Дәндібай мәдениетінің құрылуымен байланысты. Онан табылған ескерткіштердің барлығы дерлік өзіндік өнері мен наным-сенімдерінің қайталанбас болуымен ерекшеленеді. Сонымен, қорыта келе, Қаз-ғы қола дәуірінің өзіндік мәдениеті болғандығын, олар өз ерекшеліктерін сақтай отырып, Қазақстан аумағына таралып, белгілі бір даму сатыларынан өткенін байқаймыз.

4.Андрон мәдениеті: археологиялық ескерткіштері,кезеңдері және негізгі ерекшеліктері.Евразия даласындағы қола дәуірінің негізгі мәдениеті – Андронов деп аталады. Қола дәуірінің ең алғашқы ескерткіші Сібірдегі Ачинск қаласына жақын Андронов селосынан 1914 жылы табылған. Андронов тайпалары Қаз-ң барлық аймағын мекендеген. Негізгі қоныстанған аймағы – Орт. Қаз. Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне кен орындары, тастағы суреттер табылып отыр. Андроновтықтар» кетпенмен жер өңдеп, өсірілген астықты қола орақпен орып алған. Олардың тұрақтарынан тастан жасалған дән үгіткіштер жиі табылады. Ерте және орта қола кезеңдерінде, яғни б.з.д. I мыңж.-тың басында андроновшылар отырықшы болған. Андронов мәдениеті кезеңінде мал шаруашылығы, кен өндіріп балқыту ісі, тұрмыста әсемделген қыш ыдыстар жасау және т.б. түрлерінің жоғары деңгейде өрлеуі негізгі ерекшелігі болып табылады. Қазақстанның далалары мен таулы алқаптарында әрбір отбасы ыдыс-аяқтарын өздері жасаған. Ет, сүт өнімдерін жер астындағы шұңқырларда сақтаған. Әйелдер саз балшықты жасап, одан ыдыс-аяқ жасап, оларды ошақтағы отқа, кейде таспен қоршалған шұңқырға от жағып сонда күйдірген. Қыш ыдыстар геометриялық ою-өрнектермен өрнектелген. Және Андроновтықтарда аңдық стильде жануарлардың бейнесін ыдыс-аяқтарға, бұйымдарға салу жоғары дейгейде дамыды. Таңбалы, Жасыбай, Хантау жерлерінде тасқа салынған суреттер осының дәлелі болып отырғаны сөзсіз. «Андроновтықтардың» негізгі тіршілік көзі әрқашанда мал шаруашылығы болды. Андроновшылар тіршілігінде мал өсіру бәрінен маңызды мәселе болған. Олардың негізгі малдары – қой, сиыр, жылқы болды. Шаруашылық қозғалысының өсуіне сәйкес қос өркешті түйелердің саны да өсті Андронов тайпалары тұңғыш рет қыс мезгілінде малды қолда ұстау дәстүрін енгізді. Тұрғын үйлерді жалғастыра мал қораларын салған. Төрт дөңгелекті арбаға орнатылып, алыс қашықтықтарға көшуге бейімделген киіз үйлер пайда болды. Андроновтықтардың баспанасы жертөле мен жартылай жер бетіндегі үйлер болған. Бөлмелерді жылыту үшін тастан қаланған пештер қолданылды.Көлемі үлкен үйлер Бұғылы, Ақбауыр қоныстарын қазу кезінде кездестірген. Андроновтықтарда теселі егіншілік болған. Олар негізінен бидай, қарабидай, тары өсірді. Ежелгі кеншілер жұмсақ кенді қайламен омыру арқылы, қатты, тығыз кенді отпен уату арқылы және сонымен қатар үңгіп қазу арқылы өндірген. Уақталған кендерді арнайы пештерде балқытқан. Ондай пештердің орны Мало-Красноярск, Алексеевка, Никольское, Петровка II-де табылып отыр.Деректерге сүйенсек, Жезқазған өңірінде 100 мың тонна мыс қорытылған, ал Успен кенішінде 200 мың тонна кен өндірілген. Андроновтықтар қоғамында барлық істі халық жиналысында шешіп отырды. Зерттеу кезіндегі деректер - андронов қоғамының біртекті болмағанын айқындайды. Яғни, билеушілер, абыздар, жауынгерлер болып бөлінгені жайында. Сонымен, қорыта келгенде, Андроновтардың өзіндік мәдениеті болғандығын, олар өз ерекшеліктерін сақтай отырып, Қазақстан аймағына таралып, белгілі бір даму сатыларынан өткенін байқаймыз.

5.Сақтар:жазба деректері,материалдық ж/е рухани мәдениеті,қоғамдық құрылысы.Сақтар – б.з.д. 1 мыңж-та Орта Азия, Солт. Үндістан, Ауғанстан және Қазақстан өңірлерін мекендеген ежелгі тайпаларының бірі. Лингвистикалық зерттеудің мәліметіне қарасақ, сақтар – көне иран тұрағынан табылған ирандық, нақтырақ, шығыс ирандық тайпа тобына жататынын байқаймыз. Топ құрамында: дай, массагет, исседон, аримаспылар, қаспилер, аргийпейлер, т.б. ондаған тайпалар кірген. Сақтар жайында парсы, иран, грек, қытай авторларының еңбектерінде кездеседі. 1) Парсы дерегінде: «құдіретті еркектер» 2) Иран дерегінде: «жүйрік атты турлар» 3) Грек деректерінде: «Азиялық скифтер» деп кездеседі. Герадоттың жазбасында: «Киімі мен өмір сүруі скифтерге ұқсас, ағаш үйлерде тұрған» деп жазады. Страбон: «...олардың бәрі ақкөңіл, уәдеге берік жандар, құдай деп күнді есептейді» деп жазады. Ктесий: «...сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс кезінде ерлеріне көмектеседі» деп жазады. Гректер: «Әлемдегі ең шыншыл, әрі досқа адал, дұшпанға қатал» деген. Сақтар орналасу жағдайына байланысты 3 топқа жіктелді: 1) хаомаварга-сақтары (хаома сусынын даярлайтын сақтар); 2) тиграхауда-сақтары (шошақ бөрікті); 3) Парадарайа-сақтары (теңіздің арғы жағындағы сақтар). Бүгінгі түркі халықтарының тілінде «сақ» сөзі жиі ұшырасады. Мәселен, якуттардың өздерінше атауы сыха, қазақта: сақа адам, сақшы, сақ сөздерінің сақталуы да бұлар Сақтардың ұрпағы екенінің бір дәлелі.Сақ мәдениеті – Орт. және Азия мәдениеті мен өнері жетістігінің бірі болды. Осыған қатысты қорымның көп болуы дәлел. Жуантөбе қорымы (Іле өзенінің сол жағы) – 300 оба, Берікқара қорымы (Талас өзенінің аңғары) – 500 оба, Кетпен-Төбе алқабы (Солт. Қызғызстан) – 700 обадан тұрады. Әртүрлі уақытта жерленіп, жүздеген жыл бойы қалыптасқан. Обалардың ерекшелігі — оларда тас жалы, «мұрты» болады. Бесшатыр қорымынан қарағай-бөренеден жасалған ірі жерлеу құрылысы жақсы сақталған. Есік обасынан табылған Алтын Адам қабірі қайран қалдырды. Басынан-аяғына дейін алтын, 4000-ға жуық қаптырма мен қалақша арқылы әшекейлеген. Аң стилінде жасалған. Жанынан табылған күміс тостаған түбінде 26 таңбадан тұратын жазу, тегінде, әліпбилік жазба болуы мүмкін. Қызылордадан 300 шақырым жерден Шірік-Рабат қаласының орны табылды. Сол жерден жауынгердің темір қару-жарағы мен биік күзет мұнарасы, қыш күйдіретін пеш, қол диірмен табылды. Сақ қоғамында халықтың 3 тобы болған. Олар: жауынгерлер, абыздар, қауымшыл сақтар.Осы жіктердің әрқайсысының өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге – қызыл және қызыл-сары, абыздарға – ақ, қауымшыл сақтарға – сары мен көк түстер тән. Сонымен қатар, абыздардың белгісі – құрбан табағы мен айрықша бас киім болды. Сақ көсемдері мен патшалары жауынгерлер тобынан сайланған. Патшалардың белгісі жебелі садақ болды. Сақ әйелдері қоғамдық өмірдің барлық салаларына, тіпті соғыс шайқастарына да ерлермен бірдей қатынасып, ерлік көрсетіп отырған. "Аң стилі" — мазмұны жағынан мифологиялық, өнер, яғни діни-наным сипатында болды. Жануарлар мен құстардың бейнелері, көбінесе жыртқыштар мен тұяқты жануарлар олардың тұрмыста қолданған заттарында бейнеленді. "Аң стилі" сәндік сипатта да қолданылды.Өнер туындыларының келесі бір тобында — жолбарыс, арыстан, барыс, т. б. аңдардың тұтас бейнелері, жабайы жануарлардан — бұғы, таутеке, бұлан, қабан, үй жануарларынан — ат пен түйе бейнеленген. Қорыта келе, б.з.д. IV-V ғ. өзінде-ақ сақтардың қоғамдық құрылысының сол заманғы өте үлкен сатысына көтерілгенін, экономикалық-саяси міндеттерінің үлкен болғандығын аңғаруға болады. Қазіргі қоғамдық құрылыстың алғышарттары сол кездің өзінде басталғандығын, әскери демократия басым болып, ер мен әйелдің тең құқықты болғандығын көруге болады. Сақтардың мәдениеті мен өнері осы замандағы біздер секілді жастарға теңдесі жоқ мұра болып, тарихта аты жаңғырып тұра бермек.

6.Ұлы Жібек жолының тариха-мәдени маңызы. Жібек жолы деп аталу себебі, жібек саудасына байланысты шықты. Батыс пен Шығыс Қазақстанды байланыстырғандықтан «Ұлы» сөзі қосылды. Жібек жолының басы қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарынан басталады. Қытай императоры Уди б.з.д. 138 ж. Батыс елдерге елшілік жібереді. Елшілік 13 жылдан кейін қайтып оралады. Б.з.д. II ғ. ортасында Жібек жолы халықаралық қатынас жолына айнала бастады. Б.з.д. I ғ. ортасында қытайдан батысқа жібек артқан керуендер шыға бастады. Қытай дерегінде б.з.д. II-I ғ. үйсіндердің қытайлармен байланысы баяндалады. Соғдыларда да жібек өндіру дамығаны соншама, олар қытаймен бәсекеге түсті. Оның басты бір дәлелі, ондағы ғибадатханада осы уақытқа дейін соғды тілінде жазылған қолжазбаның сақталуы. Жібек жолы арқылы әр елдің шеберлерінің қолынан шыққан тамаша өнер туындылары үлкен сұранысқа ие болып сатылды. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде Византия шеберлерінің қолынан шыққан күміс құмыралар Тараз қаласынан табылды. Қытайдың фарфордан жасалған ыдыстары Қазақстанның Талғар, Испиджаб, Отырар сияқты ортағасырлық қалаларынан табылды. Маңызды сауда жолдарында керуен сарайлар, жолда құдықтар мен су қоймалары орналасқан.Өзендерге көпірлер салынған.Қалаларда сауда орны,ірі базарлар болған. Орта Азиядан шыны, асыл заттар,көп қолданылатын өнер бұйымдары, жылқы малы т.б шығарылып, Қытайдан жібек, фарфор, керамика әкелінетін. Шеттен әкелінетін бұйымдар-меруерттен, лазуриттен, маржаннан жасалған немесе солармен әшекейленген заттар.Қалалардың өсіп өркендеуі,сауданың дамуы,ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған.Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болды.Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды.Халықаралық сауда жолы арқылы Орта Азияның атақты асыл тұқымды жылқылары, Шығыс елдерінен пілдер мен мүйізтұмсық, барыс пен арыстандар, аң аулауға және саятшылық құруға қажетті құстар (қаршыға, бүркіт) сияқты сирек кездесетін жан-жануарлар сатыла бастаған. Әсіресе, бұл жолдың бойымен қолда өсірілетін мәдени өсімдіктердің ішінде жүзім түрлері, шабдалы, қауын, Шығыстың, Орта Азияның жемістері сатылған. Көкөністердің сирек кездесетін түрлері тұқымымның сатылуы олардың Азия елдерінде де егіліп, шаруашылықтың жандануына пайдасын тигізіп отырған. Жібек сол уақыттары алтынның құнымен бірдей болып тұрды. Елшілік арасында сыйлық және аса құнды тауар ретінде бағаланды. Қазақстанның Орт.-шығысындағы Жетісу жері – осы керуен жолдың шығысқа шығатын негізгі қақпасы болды. VII ғасырда Тараз «Ұлы Жібек жолындағы» ірі мекенге айналды.X-XII ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған. Жібек жолы арқылы сауда жүргендігінің арқасында, керуен бойындағы қалалардың экономикалық-әлеуметтік-мәдени жағдайлары біршама ілгеріледі. Мәдени деген себебіміз, осы жол арқылы сауда жасайтын түрлі мемлекеттің мәдениетінің бір үлгісін алып келеді. Соның әсерінен, қалаларда мәдени алға жылжу орын алады. Ұлы Жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалы. Сауда кезінде жол бойындағы елдердің бір-бірімен қарым-қатынас жасауының барысында олар тек тұтыну бұйымдары арқылы ғана емес, өзара мәдени жағынан да байланысқа түседі. Яғни, қалаларда жан-жақты түрленудің салдарынан қала мәдениеті жаңарып отырады. Алайда, теңіз сауда жолының ашылуы – Жібек жолының әлсіреуіне алып келді.

7.Неолиттік төңкерістің мәнін ашып көрсетінің.Неолит кезеңі б.з.д. 5-3 мыңж. арасын қамтиды. Бұл тас өңдеудің техникасының аса жоғары деңгейге жеткен кезі. Тасты өңдеудің жаңа технологиялық тәсілдері: тегістеу, бұрғылау, аралау пайда болды. Тастан балта, кетпен, келі, келсаптар, дән үккіштер жасалды. Чоппер - бұл тақыр тас кесінділерінен (өзен жұмыр тасы немесе домалак тастар), немесе жуан тастың жаңқасынан жасалған, кесетін жағы дөңес немесе жазық, тек бір беті (жағы) ғана өңделген, дөрекілеу келген кескіш сайман. Ағылшын тілінде чоппер және чопинг «шабатын құрал», «балта», «кесу механизмі» дегенді білдіреді. Микролиттер дайындау неолитте меңгерілді. Әртүрлі микролиттерді дайындау, оның ішінде геометриялық бейнелі құралдар - сегменттер, трапециялар, үшбұрыштар, тікбұрыштар, параллелограммдар өндірісі кеңінен дами бастайды. Микролиттер дайындауда қолданылатын микроқиятын техника дамиды. Балта, шот балта, қашау сияқты кесу құралдарын, макролиттік арнаулы құралдар - кетпен, қайла жасау кең таралады.Сүйек өңдеу жетіле түсті. Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының тууы, табиғаттың даяр өнімдерін пайдалану, аң аулау орнын өндіруші шаруашылықтың басуы – сол кезеңнің аса маңызды белгісі болып табылады. Азық өндіруге көшу, жеуге келетін өсімдіктерді, әсіресе астық тұқымдастарды саналы түрде өсіру, малдарды үйрету, өсіру және сұрыптау адамдардың отты меңгергеннен кейінгі тарихындағы ұлы экономикалық революция болып табылды. Ғылымда бұл құбылыс «Неолит төңкерісі» деп аталады. Адамдар жабайы аңдарды қолға үйретіп, жер өңдеудің қарапайым түрімен айналыса бастады. Шаруашылықтың жаңа түрінің қалыптасуы – адамзат қоғамының дамуына үлкен әсер етіп, адам еңбегінің ауқымы мен көлемін ұлғайтты. Алғашқы қауым халқының өндіргіш күштерді дамытудағы неолит кезеңі тұсындағы қол жеткен деңгейі басқа да мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың ашылуына ықпал етті. Осы кезде тау-кен ісі мен тоқымашылық пайда болып, керамикалық ыдыстар жасала бастады. Осылай, тау-кен өндіру қалыптасты. Адамдар – саз балшықтан жасалып, отқа күйдірілген мықты қыш ыдыс – керамика жасауды үйренді. Ол ыдыстарға онша күрделі емес геометриялық өрнектер салынған. Қазіргі кезде ғылымға белгілі 500-ден аса неолиттік ескерткіш бар. Неолиттік ескерткіштердің орналасу сипатына қарай:1) бұлақ бойындағы; 2) өзен жағасындағы; 3) көл жиегіндегі; 4) үңгірдегі болып төрт түрге бөлінеді. Әдетте, өзен мен көл жиегіндегі тұрақтарда бұйымдар саны едәуір көп мөлшерде кездеседі, бұл жәйттен ол адамдардың түпкілікті немесе ұзақ уақыт тұрып тірлік еткенін байқаймыз. Қоныстардан, молалардан табылған бұйымдар адам баласының өмірінде неолит кезеңінде үлкен өзгерістердің болғандығын біле аламыз. Жер кәсібі, қолөнер, мал шаруашылығы сияқты шаруашылықтың жаңа түрлері дами бастады. Неолит кезеңінде қоғамда аналық рулық құрылыс болды. Адамдардың күн көрісі тіршілігінде ананың рөлі басым болған.

8.Ежелгі Қазақстан тарихы б-ша жазбаша деректер(антикалық, қытай, ежелгі парсы) Пай Көне парсы деректері. Тарих ғылымы белгілі бір мәселені зерттеуді, оң алдымен, деректер жинаудан бастайды. Деректер тарихи болмысты шындық тұрғысынан оқып-үйренуге бағыт береді. Ежелгі Қазақстан тарихы жөнінде жазбаша деректемелер көне парсы, көне грек, латын, қытай тілдерінде бізге келіп жетті. Бұл жазбаша деректемелер мазмұны мен сипаты жағынан сан алуан.Басты деректемелердің бірі "Авеста"1 деген ісітап атауымен белгілі. Ахура Мазда Құдайына арналған "Авеста" жырларының авторы Заратуштра ("Кәрі түйеші" деген мағына береді) делінеді. Заратуштра Каспий теңізінің шығыс-солтүстігін қоныстанған арий тайпасының Спитама руынан шыққан.Шамамен алғанда, адамзат тарихындағы тұңғыш пайғамбар, абыз Заратуштра, біздің заманымызға дейін IX ғасырда өмір сүрді. Табиғи дарынының арқасында арийлердің батыр ұлдары жайлы жырлап, отыз жасында жаңа дінді ойлап табады. Қазақстан, Орталық Азия, Иран, Әзірбайжан, Aуғанстан жерінде таралған Заратуштра ілімінің қасиетті жазбалар жипағы біздің заманымызға дейін III ғасырында хатқа түскен 21 кітаптан тұрады. "Авестаның" сақталған бөлігінде Құдай атына айтылатын әнұрандар (гимндер) бар.Басында Айға, Күнге, отқа, суға табынатын арийлер оның діни уағыздарын қабылдай қоймады. Әсіресе турлар қатты қарсылық көрсеткен. Заратуштра басқа жақтарға қоныс аударып, өз ілімін көрші елдерге таратады. Осылайша зороастризм діні дүниеге келді. Заратуштра уағыздарының Қазақстанның ежелгі тұрғындарының тарихын, мәдениетін танып білуде маңызы зор. Онда шығыс ирандық көшпелі тайпалар "турлар" деген жинақ атаумен беріледі. Сонымен қатар "Авестада" "сайримдер", "дахтар" деген тайпалар туралы да айтылады.Tурлар мен арийлер арасындағы шым-шытырық оқиғалар Әмудария мен Сырдария, Каспий мен Арал, Еділ мен Кама өңірлерінде өрбиді. Бұл "әнұрандағы" кейіпкерлер доңғалақты арбаларға мінген. Олардың қарулары — садақ пен жебе, найза, айбалта, кәсібі — мал өсіру (өгіз, жылқы және түйе), тамағы — ет пен сүт, Құдайға құрбандыққа шалуға жылқы, сиыр, қой әкелетіндігі баяндалған."Авестадағы" Құдай әнұрандары Орталық Азия мен оның солтүстігінде жапсарлас жатқан Қазақстанның баұташы-егінші тайпаларының рухани өмірі туралы құнды материал береді. Арийлердің Құдайға құрбандық шалып, оның атына мадақтау айтатын жерлері археологиялық деректермен де расталып отыр.Көне грек авторларының шығармаларыГеродотКелесі кезекте — Ежелгі Қазақстан жөнінде хабар жинақтаған көне грек авторларының шығармалары. Көбіне грек және ішінара латын тілдеріндегі деректердің ішінен Кіші Азиядағы Галикарнас қаласынан шыққан ежелгі грек тарихшысы Геродотты (біздің заманымызға дейін 490 және 484—425 жылдардың арасы) ерекше атауға болады. Ежелгі Рим ғұламасы Цицерон Геродотты "тарихтың атасы" деп көрсетеді. Көне грек авторларын үлгі етуіміздің себебі, олардың мұраларының ең ескі дерек көздері болғандығынан деп ойлаймыз. Біздің заманымызға дейін V ғасырдың ортасында жазған "Тарих" атты тоғыз томдық еңбектің 4-томында тұңғыш рет антикалық әдебиетте скифтердің географиялық орналасуы, саяси тарихы, әдет-ғұрпы, тұрмысы суреттеледі. Геродот скифтердің Шығыстағы далалық көшпелі тайпалар арасынан келгенін айтады. Геродот грек авторларының көпшілігі сияқты сақтарды "азиялық скифтер" деген терминмен атайды. Сарматтар тайпа бірлестігі құрамына Солтүстік-батыс Қазақстан өңірінен шыққан аорстар да енген. Жайық — Елек өзендері аралығынан табылған археологиялық ескерткіштер де аорстардың сарматтармен мәдени ұқсастықтары бар екендігін анықтады. Геродот Дарийдің Скифияға жорығы туралы айта келіп: "Сарматтар скифтер жағында белсенді түрде соғысты", — деп жазды. Оларды әйелдер басқаратындығын айта келіп, амазонка әйелдер тайпасы туралы аңызды баяндайды."Сармат әйелдері садақ атады, сапы лақтырады, аттың үстінде жүреді. Барлық саны үш жауды өлтіргенше қыз күйеуге шықпайды", — деп көрсетеді. Сарматтар негізінде біздің заманымға дейін IV—III ғасырларда Сармат тайпалар одағы құрылды. Соңғы жылдардағы Батыс Қазақстаннан табылған " Алтын адам", "қайқы қылыш" сияқты археологиядағы жаңалықтар сарматтардың әскери өнері дамығандығы туралы Геродот жазбаларын растай түседі. Геродот: "Осынау көші-қон біздің заманымызға дейін VII—VI ғасырларда жүзеге асты" деп көрсетеді. Исседондарға ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстандағы Тасмола мәдениеті тән. Археологиялық зерттеулер Орталық Қазақстан, Жетісу мен Орталық Азияда табылған қару-жарақ үлгілерінің ұқсастығын анықтап берді. Тасмола мәдениетіндегі тайпалар (исседондар) сақ тайпаларының қуатты бөлігін құраған. Геродоттың баяндауынан сақ тайпалары ішінен массагеттер мен исседондардың бір-біріне ұқсас тайпалар екендігін байқауға болады. Тарих атасының айтуынша, массагеттер Аракс (Сырдария) өзенінен шығысқа қарай исседондарға қарама-қарсы мекендеген ірі әрі күшті тайпа болған.Бұл тайпалар жайлы Страбон еңбектерінен де табуға болады. Ертедегі грек географы әрі тарихшысы "География" еңбегінің авторы Страбонның мәлімдеуіне қарағанда, Каспий теңізінің шығысына қарай тұратындар массагеттер мен сақтар делінеді. Ал қалғандарын Страбон жалпылама скифтер деген атаумен береді. "Бірақ әрбір тайпаның дербес атауы бар. Олардың арасындағы барынша белгілілер: асиилер, пассиактар, тохарлар, сакаравилер. Массагеттер тек Күнді ғана Құдай деп санайды және оған құрбандыққа жылқы шалады... аттылы-жаяу жақсы жауынгерлер. Ұрысқа алтын белдік тағып шығады. Аттарына алтын жүген салады. Оларда күміс жоқ, темір аз, бірақ қола мен алтын өте көп. Егіншілікпен айналыспайды, қайта номадтар (көшпенділер), скифтер сияқты мал бағып, барлық аулап тіршілік етеді", — деп жазды. Бұдан Страбонның тарихи материалдарды көбінесе Геродоттікіне ұқсас екендігін аңғаруға болады. Қытай жазба деректеріимператор У-диҚытайдың Батыс аймақтарды бағындыруға ұмтылуы сол өңірдегі халықтар жөнінде материалдар жинаудан басталды. Қытай жазба деректері өзінің көлемі жағынан және жүйелі жазылғандығымен ерекшеленеді.Қазақстан тұрғындары туралы алғашқы анық мәліметтер император У-ди Батыс өңірге жіберген тұңғыш Қытай елшісі Чжан Цяннан алынды. Қытай жазбаларындағы "Батыс өңір" деген жерлер қазіргі Шыңжаң (Шығыс Түркістан) және Қазақстан мен Орталық Азияның біраз бөлігіне қатысты қолданылды.Чжан Цянь екі рет Батыс өңірде болып қайтты.Чжан Цянь бастаған елшілікке ғұндарға қарсы Жетісудағы үйсіндермен одақ жасау міндеті жүктелді. Ол елшілік барысында жергілікті халықтың шаруашылығына, әскери күштеріне, қару түрлеріне, әдет-ғұрып, салт-дәстүріне дейін пазар аударып, жазып алып отырды.Әулеттердің тарихын жазушылардың ішінде У-ди императордың басты жылнамашысы "Қытай тарихының атасы" Сыма Цянды бөліп көрсетуге болады. Оның "Тарихи жазбалар" ("Шицзи")деген еңбегінің "Сюнну туралы хикая" және "Давань туралы хикая" деген екі тарауында ғұндар туралы мәліметтер бар. Б.з.б. II ғ. Қытай жазба деректемелерінің хабарына қарағанда Жетісу жерінде атақты Үйсін тайпалары өмір сүрген. Үйсін тайпаларының тарихи өмір тіршілігін қалыптастыруда, археологиялық материалдарды жазба деректермен салыстыра отырып, зерттеуде еңбек еткен ғалымдар академиктер Ә. Марғұлан мен А. Бернштам болды. Қытай тарихшысы Сюй-Сунаның қалдырған дерегіне қарағанда үйсіндер көшпелі мемлекет болған. Олар өзімен көрші жатқан Қытай сияқты ірі елдермен тең құқықты дәрежеде саяси және сауда қарым-қатынасын жасаған. Үйсіндердің Гуньмолары Қытай ханшаларына үйленіп отырған. Үйсіндерде жоғары деңгейде тұрған әскери үйым болды. Әскерлері жақсы қаруланған салт аттылардан тұрды. Үйсіндердің негізгі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы болды. Сонымен бірге олар егін шаруашылығымен де айналысты. Жерге жеке меншік орнап, ол мұрагерлік жолмен атадан балаға қалып отырды. Үйсіндер жылқы, қой, ешкі, сиыр, түйе және басқа малды өсірген. Міне,осындай еңбектер, біздің тарихты тереңінен түсінуімізге мүмкіндік туғызады.

9. Сақ-сармат дәуірі: жазба деректер және археологиялық ескерткіштері.Көне грек авторларыныңБіздің заманымызға дейін V ғасырдың ортасында жазған "Тарих" атты тоғыз томдық еңбектің 4-томында тұңғыш рет антикалық әдебиетте скифтердің географиялық орналасуы, саяси тарихы, әдет-ғұрпы, тұрмысы суреттеледі. Геродот скифтердің Шығыстағы далалық көшпелі тайпалар арасынан келгенін айтады. Геродот грек авторларының көпшілігі сияқты сақтарды "азиялық скифтер" деген терминмен атайды. Скиф атауы Солтүстік Қара теңіз өңірі мен Алдыңғы Азияның көшпелі тайпаларына қатысты қолданылады. Герадоттың жазбасында: «Киімі мен өмір сүруі скифтерге ұқсас, ағаш үйлерде тұрған» деп жазады. Страбон: «...олардың бәрі ақкөңіл, уәдеге берік жандар, құдай деп күнді есептейді» деп жазады. Ктесий: «...сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс кезінде ерлеріне көмектеседі» деп жазады. Гректер: «Әлемдегі ең шыншыл, әрі досқа адал, дұшпанға қатал» деген. Сақтардың сол кездегі көптеген тарихи оқиғалардың бел ортасында жүргендігі байқалады. Ертедегі грек географы әрі тарихшысы "География" еңбегінің авторы Страбонның (біздің заманымызға дейін 64 — біздің заманымызда 23 жылдары) мәлімдеуіне қарағанда, Каспий теңізінің шығысына қарай тұратындар массагеттер мен сақтар делінеді. Ал қалғандарын Страбон жалпылама скифтер деген атаумен береді. "Бірақ әрбір тайпаның дербес атауы бар.Адамзат жинақтаған мол құндылықтармен танысу әлемдік өркениеттегі Еуразия көшпенділерінің алатын орнын анықтауға көмектеседі. Грек деректемелерінде басқа да тайпа атаулары кездеседі.Сарматтар тайпа бірлестігі құрамына Солтүстік-батыс Қазақстан өңірінен шыққан аорстар да енген.Жайық — Елек өзендері аралығынан табылған археологиялық ескерткіштер де аорстардың сарматтармен мәдени ұқсастықтары бар екендігін анықтады. Геродот Дарийдің Скифияға жорығы туралы айта келіп: "Сарматтар скифтер жағында белсенді түрде соғысты", — деп жазды. Оларды әйелдер басқаратындығын айта келіп, амазонка әйелдер тайпасы туралы аңызды баяндайды."Сармат әйелдері садақ атады, сапы лақтырады, аттың үстінде жүреді. Барлық саны үш жауды өлтіргенше қыз күйеуге шықпайды", — деп көрсетеді. Сарматтар негізінде біздің заманымға дейін IV—III ғасырларда Сармат тайпалар одағы құрылды. Сармат тайпаларының одағы аорстар, сирақтар, роксаландар, аландар, 30 языгилерден түрды. Соңғы жылдардағы Батыс Қазақстаннан табылған " Алтын адам", "қайқы қылыш" сияқты археологиядағы жаңалықтар сарматтардың әскери өнері дамығандығы туралы Геродот жазбаларын растай түседі. Сармат-алан тайпаларын IV ғасырда ғұндар талқандады.

10. Ғұн, Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілері.Ғұн: - Б.з.б. III ғ. Аяғындағы қытай деректерінде «ғұн» атауы кездеседі.Ал Еуропалық жылнамашылар оларды гунни деп атаған. Б.з.б 206 жыл-ғұндардың билеушісі Мөде шаньюй (б.з.б 228-174ж.ж)батыста үйсіндерге шабуыл жасады. Солтүстікте Саян-Алтай тайпаларын бағындырып,оңтүстікте Қытайдағы Хан әулетін жеңеді.Б.з.д. IV ғасырда-ақ, Қытай мемлекеті ғұндарды өздерінің "солтүстік-батыстағы күшті бәсекелесі, жауы" деп есептеген.Қытай билеушісі Мөде шаньюйге бас иіп «тыныштық және туыстық туралы»шартқа отырып, жыл сайын оған салық төлеп тұрды.осы кездегі ғұн одағының территориясына Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркісттаннан Хуанхенің орта ағысына дейінгі жерлер қосылды.Халұы-1,5млн.адам. Б.з.б.55жыл-ғұн одағы 2ге бөлінді:-Оңтүстік бөлігі Ханьимпериясына бағынышты болды. –Солтүстік ғұндар монғолияның солт-батысындағы Қырғыз-Нұр көлі маңына ордаларын орнатты. Б.з.б 47жыл солтүстік ғұндар Тянь-Шаньнан өтіп ,қаңлылармен көрші болды. Ғұндардың күшейуі Қытайларды алаңдатады.олар жорыққа дайындалады. Шайқастың салдары:-ғұн әскері талқандалды-1200 жауынгер Қытайдың ұол астындағы Ферғана ж-е үйсінбилеушілеріне сыйлыққа берілді.-Чжи-Чжимен бірге1518адам тұтқынға түсті. Б.з I ғ.-ғұндардың Қазақстанға 2ші рет қоныс аударуы. Ғұндар тарихы,әсіресе,жауынгерлік жорықтармен велгілі.Аты аңызға айналған үлкен ақыл иесі,көреген қолбасшы,саясаткер Атилла(410-456-3)(Еділ) басшылығымен ғұндар еуропалық елдердің бірқатарын тізе бүктірген. 453 жылы-Еділ қайтыс болғаннан кейін империя ыдырай бастады.Ғұндар Қазақстанға Орт.Азиядан б.з.б.1 ғасырдың соңы мен б.з.1ғасыры аралығында келді. Бұл-«халықтардың ұлы қоныс аударуы» атанған тарихи оқиғамен тұспа-тұс кезең.Үйсіндер:Б.з.б II ғ.-үйсін тайпалары Орталық Азиядан Жетісуға қоныс аударды. Б.з.б 160жыл –үйсіндер тиграхауда сақтарының жерін мекендеді. Ертедегі қытай жазбаларында «усун»атауы кездеседі. Негізгі орналасқан жері:Іле даласы . Территориясы:Шу мен Талас өзендері-Қаратау-Тянь Шань тауы-Балқаш көлі-Ыстықкөл. Мемлекет 3ке бөлінген:шығыс, батыс, орталық. Астанасы-Чичуген(Қызыл аңғар). Халқы-630мың.Соғыс жағдайында 180мың әскер жасақталған. Билеушісінің титулы-гуньмо. Тайпа көсемдері мен руьасылары – бектер. Б.з.б I ғ. Ежелгі үйсін қоғамында шұрайлы жерлерді жеке меншікке иелену басталды. Жеке меншіктің болғанының тағы бір белгісі- жеке адамдарға тиеселі мүліктің ерекше таңбалармен белгіленуі. Үйсіндер қытаймен дипломатиялық және туыстық қатынаста болды. Ертедегі жылна- машылардың мәліметіне қарағанда, үйсіндердің кейбір әскербасылары мен шенеуніктерінде, күнби сарайы жанындағы тағы да басқа лауазымды адамдардың алтын және мыс мөрлері болған.Үйсін мемлекетінің басында үлкен күнби тұрды. Кей зерттеушілер үйсін мемлекетінің ел-басын күнби деп те атап жүр. Қытай тілінде үйсін патшасын гуньмо деп атаған. Үлкен күнбиден кейінгі мемлекеттік лауазым кіші күнби болды. Бұл — бас уәзір. Одан кейінгі лауазым — тулы (дулы), бұл Қытай мемлекетіндегі үлкен уәзірмен дәрежелес болды. Әскер оң және сол қанатқа бөлінді, оларды екі қолбасы басқарды. Елдің жоғарғы сотының қызметін оңқа билер деп аталатын екі орынбасары атқарды, оларды даруга (дарту) деп атады. Абыз атанған лауазым діни басшылықты іске асырды. Бұдан кейінгі мемлекеттік лауазым — бүкіл ұлыстың ұлы бегі (биі) болды. Оның екі орынбасары болған. Ел билейтін лауазым иелерінің тапсырмаларын орындатып отыратын атқосшы мансаптары болды.Үйсін мемлекетінің астанасы Ыстықкөл жағалауындағы Чигучэн қаласы болды.Олар ұйғыр тайпалары,Енисей қырғыздары, Еділ бойы халықтарымен сауда байланысын жасады.Қаңлы:Қазақстанның оңт.де қаңлылардың тайпалық бірлестігі құрылды.(б.з.б 3ғ немесе 2ғ соңы) Территориясы: Қаратау жотасы-Сырдарияның орта ағысы. Астанасы- Битянь. Халқы-600мың,120мың үй.Билеушінің титулы-хан. Бүеңл елді басқару ісін ханның 3 уәзірі атқарған. Жазба деректерде қаңлы ⅝ бқлікке бөлінген.Әр бөліктің кіші хандары болған,олар ұлы ханға бағынған.Соғыс тұтқындарын құлға айналдырған.Б.з. қарсаңында Қаңлы ірі мемлекеттік бірлестікке айналып,Қытай,Рим,Кушан,Парфия,Кавказ мемлекеттерімен жан-жақты байланыс жасады. Қаңлылар әскериодақ құрып, көрші тайпалар –ғұн және үйсіндермен соғысты.Қаңлылар өз жеоімен өтетін Ұлы Жібек жолын үнемі бақылауда ұстауға тырысқан.

11.Бірінші Түрік қағанатының тарихы.

Алғаш қытай жылнамаларындағы “Тукюә” (түрік немесе қажыр қайраттылар) деген атпен белгілі болды. Атау алғашында саяси мағынада қолданылып, кейіннен этн. мағына иеленді.552жылы – Түрік қағанаты құрылып, Бумын өзін қаған деп жариялады. Территориясы:Жетісу, Амудария, Сырдария. Астанасы-Суяб. «Түрік» атауы алғаш рет542 жылы қытай деректерінде кездеседі. Қытайлар түріктерлі ғұндардың ұрпағы деп санады. Бумын қағанның ізбасарлары Қара Ыссық және Мұқан қағандар езінде мемл. Орт.Азияда саяси үстемдікке жетті. Түріктер Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды,Солт.Қытай мемл.тін бағындырды. Viғ. Қазақстан жері Түрік қағанатының иелігінде болды. Түріктердің Орта Азияны алудағы басты қарсыласы-эфталиттер. Түрік қағанаты 10 ұлысқа бөлінді. Ұлыс басқарушысы-шад. Ұлыстық үстемдік ретінде 10алтын жебеберілді. Естеми қаған мен оның ұлы Түріксанфа тұсында қағанат әлміреді. Басты себептері: 1)ішкі тартыстар. 2)көрші елдермен соғыс. Осы ауыр жағдайды пайдаланған Қытай империясы шапқыншалық бастады. 603жылы қағанат 2 ге бөлінді:-Батыс Түрік –Шығыс Түрік.Мемлекет ретінде не бары 38 жыл өмір сүрді. Бірақ дербес мемлекет ретінде тарихта өшпестей із қалдырды.Түрік Қағандығы мемл. басқару жүйесі, өзіндік қолтаңбасы бар жазу мәдениетін қалдырды. Қағандықта өзіне тән қылмыс ережелері болды.

12.Батыс Түрік Қағанатының тарихы.

Қағанаттың орталығы-Жетісу. Астанасы-Суяб. Жазғы ордасы- Мыңбұлақ. Халқы ежелгі үйсін жерінің Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі аралықты қоныстанған 10 тайпадан тұрды.(он оқ будун) Тайпа 2-ге бөлінді:1)Дулу-Шу өзенінен шығысқа қарай орналасқан 5 тайпа 2)Нушиви - Шу өзенінен батысқа қарай 5 тайпа. Қағанатты түріктің ашина тайпасынан шыққан ақсүйектер биледі. Қаған- ең жоғарғы билеуші,әскер басы және бүкіл жердің иесі. Халқы-үйсіндер, қаңлылар,қарлұқтар,түркештер, шығылдар,яғмалар. Алғашқы қағаны- Тардуш. Ол Шығ.Түрік қағанатын жаулап, 2қағанатты біріктіруді ойлады. Алтайдағы теле тайпасын шабуылдап, өхін Шығ.Түрік қағанатының қағаны деп жариялады. Телелердің бас көтеруінен кейін қағанаттар қайта бөлінді.Батыс-түрік қағанатының саяси билігінің күшейген кезі Шегу мен оның інісі Тонның кезінде болды.Шегу қаған саясаты (610-618)-шығыстағы жане батыстағы шекараны кенейтті.Тон қаған саясаты(618-630)-батыс шекараны ұлғайтты,627ж-Иранға қарсы византиямен одақтасты. Тон қаған озінің батыстағы ықпалын нығайтуды және одан айырылып қалмауды ешқашан есінен шығармаған, әсіресе Иран мен Виантия сияқты ірі мемлекеттердің арасындағы жағдайды бақылап отырған. Екі елдің арасындағы келіспеушілік туа қалса, өзінің одақтасы Византияға көмектесуге дайын тұрған.Кейіннен Елтеріс қаған кезінде,659ж Қытай Жетісуға басып кіреді,Елтеріс қаған қаза табады.704ж батыс турік қағанаты құлап,орнына Түргеш қағанаты келді.

13. Батыс-түрік қағанатының этно-мәдени үрдістері және халықаралық байланыстар(түрік-эфталит, түрік-иран, түрік-византия). Батыс-түрік қағанатының саяси билігінің күшейген кезі Шегу мен оның інісі Тонның кезінде болды. Тон қаған озінің батыстағы ықпалын нығайтуды және одан айырылып қалмауды ешқашан есінен шығармаған, әсіресе Иран мен Виантия сияқты ірі мемлекеттердің арасындағы жағдайды бақылап отырған. Екі елдің арасындағы келіспеушілік туа қалса, өзінің одақтасы Византияға көмектесуге дайын тұрған.Бірақ қағанаттағы ішкі қайшылықтарға байланысты Кавказда көп тұрақтай алмай, кері қайтып кеткен. Толассыз жүргізілген жорықтар мен алым-салықтардың ауыртпалығына наразы болған халықтың бой көтерулерін сыртқы жаулар өз пайдасына пайдаланып отырған. Кейбір тайпалар Таң империясы қол астына өтіп кетіп отырған. Таң империясы оларға барынша қолдау көрсетіп, басшыларына шен-шекпен, мансап беріп, әскери күшке айналдырып, қағанатқа қарсы жұмсады. Шығыс түрік қағанаты Бесбалық қаласын басып алған соң, Ертіс бойындағы қарлұқтар, іле-шала дулулар орталық билікке қарсы көтеріліске шықты.Дулу мен нушебилер арасындағы 638 жылғы қантөгістен соң, олардың арасындағы шекара Іле өзені арқылы өтіп, қағанат оң және сол қанатқа бөлінді. Тайпааралық соғыстар 17 жылға (640 — 57) созылды, бұл қытай әскерлерінің баса-көктеп кіруіне қолайлы жағдай туғызды. 656 жылы Ашина Хэлу қаған қытай әскери қолбасшысы Су Динфаннан жеңілгеннен кейін Батыс Түрік қағанаты Таң империясының ықпалына түсті. Бұдан кейінгі жерде Батыс Түрік қағанатын Таң империясы әкімшілік аймақтарға бөліп, бұрынғы түрік қағандарының қытайланған ұрпақтарынан басқақтарды — “қуыршақ қағандарды” тағайындап отырды (қ. Ашина Буяжен, Ашина Мижелі, Ашина Суйцзы). Дегенмен олардың ішінде Дучжы (Дучжи хан, Ашина Дучжы) қаған (басқақ) отарлық езгіге қарсы шығып, елді бостандыққа жеткізуге ұмтылды, бірақ мақсатына жете алмады, 679 жылы қытайлықтар оны алдап қолға түсіріп, қорлап өлтірді. Батыс Түрік қағанатының соңғы 23-қағаны Синь (Ашина Синь) 704 ж. Құлан қаласында түргештердің басшысы Үшлік (Учжилэ, Үшелік) қолынан қаза тапты. 704 жылы Батыс Түрік қағанатының орнына Түргеш қағанаты құрылды

14.Түргеш қағанатынын тарихы.Түргеш қағанатынын өзегі. Жетісуда қалыптасқан. Онын қамтыған аумағы Шу мен Іле өзені аралығы. Алғашқы қағаны-Үшлік қағаны (704-706) Астанасы Суяб қаласы,Жазғы ордасы-Күнгіт ((іле озені бойында) Бүкіл жер 20 аймаққа бөлінген. Әр аймақта 7 мың әскер болган. Қағанат 2 қарсылас топқа бөлінген. Олар:сары жане қара тургештер. Тургештер туралы алгашқы деректерді Күлтегін ескерткіші,Кытай жазбаларынан аламыз. Сары жане қара Түргештер арасында өзара күрес жүріп жатты.748жылы қытайлар Қағанат астанасы Суябты жаулап алады.Кейіннен Шаш әмірін өлтіріп,қаланы алады.Ал Шаш әмірінің баласы арабтарды көмекке шақырады.751 жылы Атлах қаласы маңында араб қытай соғысы жүрді.5күнге созылған шайқастың шешуші кезеңінде қарлұқтар арабтар жағына шығып,қытайлардыжеңді.756жылы қағанат қарлұқтардың озбырлығына шыдай алмай біржолата құлады.Бірақ ішкі қырқыс Түргеш мемлекетін әбден тұралатып тастады. 711ж кара Түргештер сары Түргештерді женіп,онын кағанын тұтқынға түсірдіде,қағанат күйрейді. Қара Түргештер билігіне Сұлу қағаннын келуімен қағанат нығая түседі. Жане Орда Тараз қаласына ауыстырылады. Сол кезендегі жағдайға байланысты Сулу каған үш жакты күрес жүргізді. Олар:батыста-арабтар,шығыста-Қытай мемлекеті жане Шығыс Түрік қағанаты Сулу қағаннын шығыспен жүргізген саясаты:Шығыс Түрік қағаны Білгеннін қызына баласын үйлендіреді. Өзі Тибет патшасынын қызына үйленді.717жылы Таң империясына барады.Ал батыспен жүргізген саясаты Бұхара,самарқан тұрғвндарымен бірігіп арабтарды жеңеді.Сұлу қағанды арабтар Сүзеген қаған деп атаған.Бұл қағанат Сұлу қағанның қайтыс болуымен әлсіреді. 756 жылы түрік тілді қарлұқ тайпаларының әрекетінен түргеш мемлекеті құлады.

15.Қарлұқ қағанатының тарихы.5ғасырдағы Қытай дерегінде болат немесе бұлақ деп аталғаны белгілі.Түркі руна ескерткіштерінде "үш қарлұқ" атын алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалар бірлестігіне айтады. 7 ғ. ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық кірген. Көсемдері Елтабар деп аталған.7ғасырда бұлық,жікіл,ташлық тайпалары бірігіп қарлұқ бірлестігін құрады.741ж ұйғырлармен одақтасып Шығыс Түрік қағанатын құлатқанымен ұйғырлардың қысымына шыдай алмай746 ж қарлұқтар Жетісуға жылжыды.756 ж түркештерден билікті алады.Қарлұқтардың негізгі топтасқан жерлері Алтай тауы­-Балқаш көлі.Астанаксы Тараз,Баласұғын.2ғасыр бойы(170)қарлұқтар арабтар ға қарсы күрес жүргізіп отырды.840ж ұйғыр қағанаты Енисей қырғыздарының соққысынан құлаған кезде,Білге Кул Қадырхан өзін хан деп жариялайды.Араб тарихшысы Әл Марвизи “Қарлұқтар 9тайпадан тұрады”деген.Қарлұқтардың 25қаласы болған.Және елді мекендері Тараз,Құлан,Мерки,Атлах,Талғар т.б.Қарлұқ тайпалары Жетісуда 200жылдай билік құрды.Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты. Қарлұқ қағанаты ішкі қырқыс, өкіметті алу жолындағы, қоныс-өрісті иемдену жолындағы талас-тартыс мемлекетті ыдыратты. 940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс түркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және ягма тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.

16.Қимақ мемлекеті:этносаяси тарихы және шаруашылығыҚимақтар туралы алғашқы мәліметтер Өытай деректерінде кездеседі.Мекендеген жерлері Алтайдың солтүстігінде,Ертіс бойында.Қытай дерегінде яньмо деген атпен белгілі.Астанасы Қимақ,екінші астанасы Карантин(Алакөл маңы).Билеушісі қаған.Қимақтар құрамы тайпадан тұрады.Ең атақтылары:эймур,байандур,татар,ланиказ,ажлар,имек,қыпш Қағаннан екі саты төмен атақ ябғу.Билік мұрагерлікпен берілген.Жеке тайпа көсемдеін шад түтік деп атады.Саяси жағдайы: әскери қызметкерлердің беделі күшті болған.Сыр бойындағы оғыздармен бірге бейбіт,бірде соғыс жағдайында болған.10ғасырдан бастап қарахандықтардың шабуылы басталды.Қимақ қағанатының құлау себептері:ішкі тартыстың күшеюі,қыпшақ хандығының жиі шабуылы,көрші тайпалардың шабуылы.10ғасырдағы қимақ шонжарлары ислам дінін қабылдай бастаған.Қимақтардың басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды.Көшпелілер маусымдық жайылымдардың бірінен соң біріне ауысып,ұзақ уақыт көшіп жүрді.Қимақтардың кейбір топтары қыста Жайық пен Жем арасын қыстап,жазда Ертіс жағасын жайлап жүрді.Оларда жылқы,қой,ешкі өсіру маңызы болған және олардың өнімдерін пайдаланған.Сонымен қатар,олар аң аулау,балықаулаумен де айналысқан.Қимақтардың кейбір топтарында отырықшы және жартылай отырықшы топтарда кездесті.Және олардың тағы бір шаруашылығы,егіншілік.Деректерге қарасақ олар,тары,бидай,арпа,және жүзім мен күріш өсіруде кездеседі. (9-11 ғ.б.) - көне қазақ мемлекеті.Кимақтар 7 ғ. қытай деректерінде айтылады. Синологтар оны "яньмо" тайпасымен бір деп қарайды.840 ж. Орталық Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оған енген тайпалардың бір бөлігі кимақ бірлестігінің өзегіне келіп қосылады. Сол кездері жеті тайпадан тұратын кимақ федерациясы құрылады. Кимақ патшасының титулы - "байгу" деп аталады. Ал 9 ғ. соңы мен 10 ғ. басында Кимақ қағанаты құрылғаннан бастап, олардың ханы түріктің ең жоғары лауазымы - қаған атын алады.10 ғ. ортасынан бастап, кимек қағанаты 4 болысқа бөлінетін болады. Кимек тайпаларының одағы қандас-туысқандық байланысқа негізделген құрылым болмаған, ол территориялық-әкімшілік қарым-қатынас принциптеріне сүйенген.Кимектерде жазу-сызу болғанын араб саяхатшысы Әбу Дулафтың (10 ғ.): "оларда қамыс өседі, олар сонымен жазады" - деген сөзі дәлелдейді. Олар тәңірге, ата-баба рухына, сондай-ақ кейбіревлері христиан тектес дін - манихейлікті ұстанған. Кимек қағанының Ертістегі ордасы Қимеқияға (Имекияға) апаратын керуен жолдары болған.11 ғ. басында Кимақ қағанаты күйреді. Оның құлауның екі себебі бар: өздерін өздері билеуге ұмтылған қыпшақ хандарының орталықтан бөлінуге тырысушылығы, және қағанатта ішкі талас - тартыстың күшеюі.

17.Оғыздар мемлекеті:этно саяси тарихы,шаруашылығы,мәдениеті.Оғыз тайпаларының өзегі Жетісуда қалыптасқан.9ғасырдың соңы мен 10ғасырдың басы Оғыз мемлекеті құрылды.Аумағы Сырдарияның орта және төменгі.Астанасы Янгикент,билеушісі жабғу.Орынбасары Күл еркін.Әскербасы сюбашы.Басқарушының ұрпақтары иналдар.Оларды атабектер тәрбиелеген.М.Қашғаридың дерегі тбойынша ,оғыз одағында 24тайпа болған.Ал Әл Марвизидің жазуы бойынша оғыз одағы 12тайпадан тұрған.Оғыздардың сыртқы саясаттағы мақсаттары:Қара теңіз,Дон өзені бойындағы жайылымдардың иемдену,Еуропаны Азиямен байланыстыратын сауда жолына шығуы.Сонымен қатар,оғыздар 965жылы Кикв Русьінің князі Святославпен одақтасып,Хазарларды талқандады.Ал 985жылы княз Владимирмен бірігіп Еділ бұлғарларын талқандады.10ғасырдың 2ші жартысында салықтың ауыртпалығынан халық көтерілістері жиіледі,мұны селжұқтар пайдаланды.1043жылы Шахмәлік осы Селжұқтардың қолынан қаза тапты,ол соңғы билеуші болған. Мемлекеттің әлсіреу себептері:селжұқтармен соғысы,ішкі талас тартыстар,қыпшақ тайпаларының шабуылдары.11ғасыр басында оғыз одағы ыдырап,қыпшақ мемлекетінің құрамына кірді.Шаруашылығы мал шаруашылығымен айналысты.Жартылай көшпелі және жартылый отырықшы.Олардың тұрақты қысқы және жазғы жайылымдары болды. Жазғы жайылымы Каспий теңізінің далалы аймағы.Қысқы жайылымдары Арал теңізі жағалауы,Сырдың төменгі және жоғарығы ағысы.Ибн Хаукал дерегі бойынша Түркістан аумағында елтері беретін қойлар көп өсірілген. Қыпшақ мемлекеті (ХІ ғ. басы – 1219 ж.) Оғыз мемлекеті (9-11 ғасырлардың басы). 9-10 ғасырлар Сырдың орта, төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайралардың саяси бірлестігі құрылды. «Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Махмуд Қашғари, Марвази енбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар — бузук және үшүк (учук).Оғыз мемлекеті.8 ғасыр ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың «Көне Гузия» деп аталатын ордасы болды. 9 ғасыр бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. 9 ғасыр соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады.Печенегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-европа, финн-угор тектес ежелгі компоненттері және Жетісу мен Сібірдің халаджылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ процесс болды.9 ғасыр соңы мен 11 ғасыр басында оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Оғыздар туралы алғашқы дерек тер 9-10 ғасырлардың басы араб деректерінде мысалы, әл-Якубидің (9 ғасыр) еңбегінде айтылады.Орта Азия мен Шығыс Еуропаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғасыр оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы — түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге — «иналамиға» — беріліп отырған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбаши» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, бақсы-балгерлерге табынды. Біртіндеп ислам діні де ене бастады.Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды орны болды. 965 жылы олар Киев Русымен одақтасып хазар қағанатын талқандайды. 985 жылы оғыз жабғысы орыс кінәздарымен бірлесіп Еділ Булғариясын талқандады. Осының бәрі оғыз мемлекетінің саяси күш-қуаты өсуіне әсер етті.10-11 ғасырлар Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оған алым-салыққа қарсылық білдірген оғыз тайпалары көтерілістері себеп болды. Салжықтармен, қыпшақтармен болған соғыстарға шыдамай, оғыз мемлекеті 11 ғасырдың ортасында біржола құлайды. Жартысы қыпшақтардың қысымынан Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға, жартысы Мәуереннахрдағы қарахандарға, хорасан селжұқтарына, қалғаны Дешті-Қыпшақ тайпаларына араласып кетті

18. Қыпшақтардың этно-саяси тарихы(9-11ғ).Қыпшақ мемелекетінің құрылуы. Қыпшақ сөзінің пайда болуы. Қ.тардың қоныстанған жерлері және этникалық құрамы. Қ. Хандығы күшейе бастаған кезінде оңтүстік жағындағы шекарасын кеңейтіп, Сырдың орта және төменгі бөлігін, Арал мен Каспий өңірі далаларын өздеріне қаратқан. Қ.шонжарлары Сыр бойындағы қалалардың билеушілеріне айналған. Қ.тар Есіл мен Тобыл, Нұра, Елек пен Сарысу өңірінде көшіп-қонып жүрген. Олар Маңғыстау мен Үстіртте қыстап, жаз айларында Жем, Сағыз, Ойыл, Қобда, Жайық өзендерінің тарихи қалыптасқан көшу бағыттары болған. 11ғ.дан бастап Қазақстанның Жетісудан басқа жерллерінің барлығына Қыпшақтар ие болды. Хандықтың әлеуметтік-экономилық жағының нығаюы жерін кеңейтуді талап етті. Әсіресе қыпшақтарға Қазақстанның Оңт.дегі қалаларға, Орта Азияның базарына, Орыс елінің оңт. Далаларына шығу қажет болды. 10ғ.дың аяғы, 11ғ.дың басында Оғыз қағандығының жағдайының нашарлай бастады. Бұл жағдайды Қ.хандығы дер кезінде пайдаланып, Оғыздарға Солт. Және Солт.Шығ.нан басып кіреді. Сөйтіп қыпшақтар өздерінің шекарасын Сырдың орталық ағысынан Арал теңізіне дейін кеңейтеді. Қыпшақтар Хорезм елімен де қатынасты жақсартуға әрекет жасайды., алайда Хорезм шахы қыпшақтардың күшеюінен және олардың өз шекараларына жақындауынан қауіптене бастаған болатын. Ондай әрекеттерге кезінде Хорезм шахының мұрагері Атсыз да барған болатын. Кейбір жазба деректерге қарағанда Атсыз қыпшақтардың қол астындағы Оғыздардың жеріне бірнеше рет шабуыл да жасаған. 13ғ басында Сыр бойындағы қалалар үшін Хорезм шахы Мұхаммед пен қыпшақ хандығының арасында бірнеше шайқастар болды. Бұл шайқастарда қыпшақтар өз ішіндегі алауыздықтың кесірінен жеңіліп, солт.ке қарай шегінді. Билік үшін бәсеке тек монғолдар екі елді де жаулап алғаннан кейін ғана біржола тынады. Қыпшақ хандығы құлағанымен оның халқы жойылып кеткен жоқ. Олар өздерінің тарихи дамуын жалғастырумен болды. Ақыр сонында қыпшақтар қазақ халқының басты этникалық құрамының біріне айналды.

19. Қарахан мемлекеті:этносаяси тарихы, әлеум-экон-қ дамуы, мәдени өркендеуі. Олардың біреуі ұйғырлардан, екіншісі яғмалардан, үшіншісі қарлұқтардан, төртіншісі жікілдерден шыққан дегенге саяды. Батыс зерттеушілері Қарахан Әулетінің тегі – қарлұқтардың билік жүргізуші тобы» деп қарайды. Қарахан Әулетінің негізін қалаушы – Сатұқ Бұғра Қарахан. Ол өлген соң билік Мұсаға тиді. 998 ж. оның ұлы Әбілхасан Әли ибн Мұса таққа отырды. Ең жоғары билеушісі – хан болды. Қарахан мемлекетінде ұлыс билеушілерінің құқықтары кең болғаны соншалықты – олар өз аттарынан ақша шығаруға құқылы болды. Қарахан мемлекетіндегі ақша айналымында – дирхемдердің барлық түрі қолданылды. Қарахан әулетінің хандары – яғма тайпасынан ғана болды. Жер иеленушілер мен салық жинаушылар – ихтадар деп аталды. Яғни, ихта термині – салық жинау құқығы деген сөз. Мемлекетте елшілерді – ялавашылар деп атады. Қарахандықтардың мал шаруашылығында жетекші орынды – жылқы шаруашылығы алды. Баласағұн Қарахандықтардың жылқы малына ерекше көңіл бөлетінін айтқан. Қарахан мемлекетінде әлсіз адам үлесіндегі жерді күштінің қамқорлығына берді, ал күшті өз кезегінде әлсізді қорғауы тиіс болды, мұндай кедейлерді қанау саясаты – «Коммендация» (қамқорлыққа алу) деп аталды. Саулет өнері мен мәдениеті.Қарахандықтардың сәулет өнері ескерткіштерінің бірі – Қарахан кесенесі. Х-ХІ ғ.ғ. ең алғашқы Бабаджа – Қатын кесенесі; ХІ – ХІІ ғ.ғ - Айша Бибі кесенелері бой көтерді.1041 жылы Қарахан қағанаты Батыс және Шығыс Қарахан қағанаты болып екіге бөлінді. Батыс Қарахан қағанатында Әли ибн Мұса ұрпақтары, Шығыс Қарахан қағанатында Хасан Боғра хан ұрпақтары билік жүргізді. Олардың билігі 13 ғасырдың бірінші ширегіне дейін жалғасты.Қарахан мемлекеті негізін салған Сатұқ Боғра хан (915—955). 940 (942) ж. Сатуқ Баласағұн билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап Қарахандар мемлекеті тарихы басталады. Қарахан мемлекетінің құрылуы мен оның ерте тарихында басты рольді Қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды.Қарахан мемлекеті шекаралары тұрақты, толып жатқан еншіліктерге бөлінетін. Еншілік иелерінің құқтары зор болатын. Олар өз атымен теңгелер шығаруға дейін, кейде тіпті лауазымдарын өзгерте алатын.11 ғ. 30 жж. соңында Ибрахим ибн Насырдың тұсында мемлекет екіге бөлінеді: біріншісі, орталығы Бұқарда болған, қарауына Ходжентке дейінгі Мәуереннахрды қосып алған Батыс хандығы, екіншісі — қарамағына Тараз, Исфиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу мен Қашғар кіретін Шығыс хандығы. Оның астанасы Баласағұн қаласы. Осымен Қарахан мемлекетінің еншіліктерге бөлінуі заңды түрде бекітілді.Арслан хан кезіңде қарахан мемлекеті одан сайін бөлініп кетеді: әрбір еншілік өз тәуелсіздігін құру үшін таласады.Қарахан әулеті мемлекетінде аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болды. Хандар өз туыстарына белгілі бір территорияның, сол уақытқа дейін мемлекет пайдасына деп алынған салықты өздері жинап алу құқын берді. Мұндай салық «икта» деп аталады, ал оны жинаушыны «мукта», немесе «иктадар» деп атаған. Халық көшпелі, жартылай көшпелі болды.Мемлекеттік дін ретінде — Ислам діні болды. Исламның (960 ж. Мұса жариялады) енуіне байланысты, араб әрпіне негізделген жаңа түркі жазуы қалыптасады. Түрік этносының ой-санасы өседі. Жүсіп Баласағұни есімі кең мәлім болды.Қарахан мемлекетінде өмір сүріп, түркі тілдес тайпалардың бір – біріне жақындығын зерттеп, үш кітаптан тұратын мәңгі өшпес мұра – «Түркі тілдерінің сөздігі» атты кітапты – М.Қашқари жазды. ХІ ғ. түркі әдебиетінің жазу тілінің үлгілері – осы «Диуани – лұғат – ат – түрікте» көрініс тапты. ХІ ғ. дейін түрік халықтарының қоғамдық ой – санасында орын алған ғылыми еңбек – «Құтадғу - білік». Оны 1065 ж. Шу бойында дүниеге келген ғұлама – Ж.Баласағұн жазған. Бұл еңбегін ол Арслан Сүлеймен ханға сыйға тартқаны үшін «ұлыс хан-хажип» лауазымын алған. Жүсіп Баласағұнның еңбегінде: «арабша, тәжікше кітаптар көп. Ал бұл біздің тіліміздегі тұнғыш даналық жинақ» - деп жат елдің тілінде сөйлеп, өз тілін қорсыну сияқты әрекеттерге қарсы болды. «Құтадғұ - білік» бұл ХІ ғасырда түркі тілдес халықтардың алғашқы ақсүйектер әдебиетінің ескерткіші болып табылатын еңбек. Жазба әдебиетінің көрнекті өкілі, қарахан мемлекетінде даңқы шыққан ақын – А.Иугенеки. Ол көзі тірісінде халықтан «ақындардың ақыны, даналардың көшбасшысы» деген баға алған. Шын аты – жөні Әбіб Ахмед Махмудұлы. Оның ең басты еңбегі – «Ақиқат сыйы» деп аталады. Бұл еңбек халықты инабатты болуға, адал өмір сүріп, арамдықтан аулақ болуға шақырған Қарахан халқына түсінікті түрік тілінде жазылған дастан.

20. Қыпшақ хандығы. VІІ – VІІІ ғ.ғ құрыла бастады. Қыпшақ хандығы – шамамен 11 – 13-ғасырларда қазіргі қазақ жерінде өмір сүрген мемлекеттік бірлестік.VІІІ-ХІ ғ.ғ. аралығында қыпшақтар қимақтардың құрамында болған еді. ХІ ғ. ортасында қыпшақтардың бір бөлігі – Еділ өзенінін батысқа қарай жылжыды. Қыпшақтарды орыстар – половецтер, сорочиндер деп, Еуропа саяхатшылары – кумандар деп атады. Еуропа саяхатшылары қыпшақтардың айран мен майдан қалай құрт алатындарын жазды. Осылайша, этникалық құрамы 2 бөлікке бөлінді: 1) Батыс бірлестік (оң қанат), астанасы – Сарайшық қаласы, бұл бірлестікке – 11 тайпа енді. 2) Шығыс бірлестік (сол қанат), астанасы – Сығанақ қаласы, бұл қанатқа – 16 тайпа кірген. Жалпы, Орталық Азиямен Шығыс Еуропадағы барлық түркі тілдес халықтар арасында саны жағынан ең көп тайпа – қыпшақтар болған. Сонымен Батыс және шығыс қыпшақ бірлестігінің шекарасы – Еділ өзені болды. ХІІ ғ. қыпшақтар- Русь, Византия, Венгрия халықтарымен жан-жақты байланыс жасай бастады. ХІІ ғ. тілдік дінді ұстанған қыпшақ тайпалары – Жент пен Фараб арасында орналасты. Қыпшақтардың Сеңгір қаласы – Талас өзені жағасында салынды Қыпшақ бірлестігіне енген ХІІ ғ. Арал маңын жайлаған тайпалар – қаңлы, қарлұқ. Х ғ. Сыр бойындағы қыпшақтармен оғыздар арасында өзара байланыс басталды Ал енді Қыпшақ хандығына байланысты Хорехмшахтар саясатының басты мақсаты – мұсылмандандыру болды. Өйткені, қыпшақтар ХІІ ғ. аяғына дейін – пұтқа табынушылар болып қала берген еді. 1216 ж. Мухаммед Хорезм Шах Қадырханға жорығы кезінде Торғай даласында меркіттерді қуып келе жатқан Жошы әскерлерімен соқтығысып қалды. Бұл моңғолдардың қазақ даласында алғаш рет бой көрсетуі болатын. 1219 ж. моңғол шапқыншылығынан соң, қыпшақ мемлекеті құлады. Орталық, шығыс Қазақстандағы Дешті – Қыпшақ кейіннен – Сарыарқа деп аталды. Қыпшақтар туралы тарихи деректер. Мәселен, далада шөлдеп келе жатқан – В.Рубрукке қыпшақтар алдынан шығып, айран ұсынған. ХІІІ ғ. еврей саяхатшысы – Петахья өз жазбаларында қыпшақтардың тары мен күріш өсіретіні туралы жазған. Әл – Омари қыпшақтардың көшу жолдары туралы жазды. ХІІІ-ХІV ғ.ғ. қыпшақтардың – «Қобыланды батыр» эпосында қыпшақ халқының қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғысы баяндалған. Қоғамдық- саяси өмір Қыпшақ тайпаларының ең беделдісі – бөрілер деп аталды. Қыпшақ хандары тек осы ел бөрілі тайпасынан шыққан. Қыпшақ хандығында құлдықтың болғандығын М.Қашқаридың құлды қыпшақ тілінде «яланкуг» деп атағандығынан көре аламыз Қыпшақтарда байлықтың негізгі өлшемі – жылқы боп есептелді. Жылқы кімде көп болса, сол бай боп есептелінді. Үндістанда қарапайым қыпшақ жылқысы – 100 динарға бағаланса, жақсы жылқысы – 500 динарға сатылған..

21. VI-XIIғ. Түркі тайпаларының мәдениеті. Көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіштерін сөз етуден бұрын беретін келе қазақ халқын құраған тайпалық бірлестіктерінің тұрмыс- тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында бірер сөз айта кеткен дұрыс. Өйткені “Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын, белгілі бір, қажетті қатынастарда - өндірістік қатынастарда болады, бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. “Түрік” деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. “Түрік” этнонимі алғашқы кезде белгілі бір адамның ата-тегі шонжар топтағы немесе әскери ақсүйектерден шыққанын білдірген. Кейінірек бұл сөздің семантикасы бірте-бірте ұлғайып, билік жүргізуші, үстемдік етуші, яғни “патша” шыққан тайпаның символы болған. Бертін келе сол билік етуші тайпаға бағынышты болып қалған тайпаларды да көршілері түріктер деп атап кеткен. Түрік қағандығының әлеуметтік, саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алып, үлкен роль ойнағаны тарихтан жақсы мәлім Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдық және саяси қондырма орнайды және бұған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сай келеді. Материалдық өмірдің өндіріс әдісі жалпы өмірдегі әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызады. Адамдардың санасы олардың болмысын бейленейді, қайта керісінше, олардың болмасы олардың санасын билейді. Орта Азия мен қазіргі Қазақстанның кең байтақ даласын алғашқы қауымдық құрылыс тұсында-ақ аңшылық, егіншілік және мал шаруашылығымен айналысатын түрлі тайпалар мекен еткені тарихтан жақсы мәлім. Бұл өлкенің табиғаты, ауа-райы, кен байлығы ежелгі адамның тіршілігіне қолайлы болған. Сонау қола дәуірінің өзінде түрлі тайпаларынан мал өсірушілеодің бөлініп шығуын Ф.Энгельс қоғамдық алғашқы ірі еңбек бөлінісі деп атады. Мал өсіру және егіншілікпен қатар темір қорыту, қару-жарақ (найза, семсер, айбалта, садақ жебелері, дулыға т.б), үй шаруашылығына қажетті және зергерлік бұйымдар жасаған.

22. Көне түрік жазуының ескерткіштері. Көне түркі жазба ескерткіштері, түркі руникалық жазба ескерткіштері – 7–9 ғ-лардағы көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, көне түркі әліпбиіндегі әр алуан мәтіндер. 7—8 ғғ. жазылған көне түркі руникалык ескерткіштері болып табылады. иран Білге каган, Күлтегін, Тонукүк, Күлі-чур, Мойун-чур т.б. ескерткіштер жатады Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы қазіргі түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады.Табылған аймақтары. Көне түркі жазба ескерткіштері табылған аймақтарға Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарлары, Моңғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің алқабы, Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауы жатады. Орыс этнограф-ғалымы Н.М.Ядринцев 1889 жылы Моңғолиядағы Орхон өз-нің құйылысынан қос тілдік жазуы бар ерекше үлкен екі тас тапты. Кейіннен біреуі Білге қағанға (735), екіншісі оның інісі Күлтегінге (732) қойылғаны белгілі болып, мазмұны толық анықталды. Бұл ескерткіштердің бір қырына Қытай иероглифтері ойылған, ал үш қырына ойылған жазу таңбалары «Сібір руналарына», Енисей бойынан табылған жұмбақ жазуларға (бұл жазулар сыртқы көрінісі жағынан Скандинавия руналарына біршама ұқсас болғандықтан «руникалық» немесе «руна тәріздес» деп те аталды) ұқсас. Финн және орыс ғалымдары жүргізген арнаулы зерттеулер нәтижесінде Орхон және Енисей ескерткіштерінің нұсқалары (фотосурет, эстампаж) жинақталып жарияланған атластар жарық көрді. Сайып келгенде Дания лингвисі В.Томсен 1893 жылы түркі руникалық (Орхон-Енисей) таңбаларының дыбыстық мағыналарын негізінен дұрыс анықтап, акад. В.В.Радлов 1894 жылдың қаңтарында көне түркі тілінде жазылған Күлтегін ескерткішіндегі руникалық жазудың тұңғыш аудармасын берді. Ғылымда ашылған бұл жаңалық – тіл білімінің тарихи салыстырмалы бағытын белгілеп, түркітану ғылымын жүйеге келтіру ісінде мықты қазық болды. Мұнан кейін Көне түркі жазба ескерткіштері тек тастарға ғана қашалмағандығы, металл (алтын, күміс, қола) және саз балшықтан жасалған түрлі бұйымдарға ойып жазылғандығы да айқындала түсті. Моңғолиядағы, Сібір мен Азиядағы айқындалған түркі руникалық ойма жазуларының жалпы саны әзірше екі жүзге жуық. 20 ғ-дың бас кезінде Шығыс Түркістандағы түркі руникалық жазуының шамандық, манихейлік, буддалық дін және заң мазмұнында қағазға жазылған нұсқалары (8–10 ғ-лар) айқындалды. 1932 жылы Талас алқабынан ағаш таяқшаға ойылған руникалық жұмбақ жазу табылды.Онын сырт жағына руна тәріздес 26 танба ойылып жазылған. Ескерткіштін күндылығы — біріншіден, ертедегі Казакстан жерін мекендеген сак тайпаларынын тілі коне түркі тілі екендігін, екіншіден, будан 2500 жыл бүрын түркі тектес тайпалардын әліпбилік жазуы болғанын дәлелдейді:Могoилян жазба ескерткіш — Орхон езені бойынан табылған көне түркі ескерткіші (7 ғ.соны). Ескерткіш Күтлүғ(Кдпаған) кағаннын баласы Могилян- ғаарналған, мәтінін жазған Иоллығ Тегін, оны тапкан Н. М. Ядринцев, алғаш рет окыған В. В. Радлов. Жазуда Могиляннын, Күлтегіннін, Тонукүктын жорыктары баяндалған.Орхон-Енесей көне түркі жазуымен 759 ж. жазылған ескерткіш. Оны Солтүстік Монголияда 1909 ж. тапкан Г. И. Рамстедт. Ол — ескерткіш мәтінін немісше аударыгі, 1913 ж. жариялаған. Бұл енбекті Н. Оркун түрік тіліне, С. Е. Малов 1959 ж. орыс тіліне аударып жариялаған. Ескерткіш "Селенге тасы" деп те аталады.

23. Түркі тайпаларының наным-сенімдері мен салт-дәстүрлері. Халықтың діні, наным-сенімдері мен көзқарастары оның тарихына, рухани-мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін фактор болып табылады. Дін – руханияттың өзекті саласы. Дін тарихын білмейінше белгілі бір аймақты мекендеген халықтардың тұрмысын, өмірін, мәдени болмысының қыр-сырын терең тану мүмкін емес, яғни кез келген ұлттық мәдениеттің рухани бастауларын, оның менталитеті мен дүниетанымын ұғыну үшін мәдени тұтастықтағы діни жүйелерді терең зерттеп, зерделеудің маңызы ерекше. Ежелгі руханиятта дін оның негізгі құрамдас бөлігі екендігін ескерсек, айтылған тұжырымның маңыздылығы арта түседі. Себебі дін өткен тарихи дәуірлерде мәдениеттің барлық салаларын қамтып жатты. Үлкен өркениеттердің қалыптасуында ұлттық діндердің тар шеңберден шығып, рухани-мәдени тұтастықты құрауы, дүниетаным мен адами қасиеттердің жаңа мазмұндарын қалыптастыруы ерекше маңызды. Алайда, өркениет ағымына қосылған этностар мен этностық топтар өркениетке ор­тақ дінді, оның рәсім-рәміздерін қабылдағанмен, олардың наным-сенімдері мүлдем жоғалып кетпейді. Олар халықтың әдет-ғұрпында, дүниетанымдық рәміздерінде, дүниені түйсінуінде, сезінуінде сақталады. Ислам діні мен араб мәдениетінің қазақ халқының руханиятына тигізген игі әсерін, тарихтағы үйлестіруші қызметін теріске шығаруға болмас, алайда қазақтарды өзіндік халық, этнос ретінде қалыптастырған, руханиятының өзегін құрап, тұрақтандырған архетиптік наным-сенімдерін ұмытпаған жөн, оларсыз мәдениетімізді толыққанды түсіну мүмкін емес.

ұмытпаған жөн, оларсыз мәдениетімізді толыққанды түсіну мүмкін емес.

24.VІ-ХІІғғ оңтүстік ж/е оңтүстік-шығыс Қазақстанның қалалық мәдениеті – жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесінде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 – 9 ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрік әулеттеріне бағынды және реті бойынша Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына енді. Бұл кезеңде көшіп жүретін жер аумағы шектеліп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егіншілік пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлініп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көшті. Мемлекеттік төрешілдік аппарат құрылып, ортақ тіл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломаттық байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкімшілік және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретінде қалалар салына бастады. Оңтүстік Қазақстандағы ең ірі қала Исфиджаб саналады. Ол 629 ж. Сюань-Цзянның жылнамасында “Ақ өзендегі қала” атымен алғаш аталады. Кейін Махмұт Қашқари Сайрам – ақ қаланың аты, ол Исфиджаб деп, кейде Сайрам деп те аталғанын жазады. Сайрамнан Шашқа баратын жол бойында 8 – 10 ғасырларда Газгирд (Қазығұрт) болған. Исфиджабтың шығыс жағында Шарап, Будухкет, Тамтаж, Абараж, Жувикат қ-лары мен елді мекендері орналасқан. Шарапқа – Төрткөл Балықшы, Будухкетке Қазатлық қалаларының жұрты сай келеді. Тамтаж, Абараж – керуен сарайлары іспетті. Арыстың төменгі ағысында орталығы Отырар қ. болған Фараб (Отырар) өңірі жатты. Отырар аты (Отырарбенд) 8 – 9 ғ-лардағы жазба деректерде аталады. Оның Фараб, Тарбанд секілді атаулары да бар. Отырардан төменірек Сырдария бойындағы Шауғар өңірінде сол аттас орталығы болған. Шауғар қ.аласы(соғды тілінен аударғанда “Қара тау”) Түркістанның оңтүстік-шығысында 8 км жерде орналасқан Шойтөбе қ-ның орнында болған.Оңтүстік-Батыс Жетісуда қалалардың өркендеуіне, қолөнері мен егіншіліктің және құрылыс техникасының дамуына Соғды ұрпақтарының елеулі әсері болды. 8 ғ-дың 2-жартысында олар Шу, Талас жазықтарына көптеп қоныстана бастады. Соғдылық саудагерлер Иран мен Византияны Шығыс Түркістанмен жалғастыратын Ұлы жібек жолының бойына сауда қоныстарын салды. Осындағы Тараз және Суяб қалалары Қазақстаннан тыс жерлерге де мәлім болды. Жазба деректерге қарағанда 7 – 13 ғ-ларда осы жол бойындағы Аспара, Шігілбалық, Атын, Семекина, Талхиз, Мерке, Құлан, Исфиджаб, Усбаникет және басқа қалалар да маңызды рөл атқарды. Бұл қалаларда ұсталық, зергерлік, былғары өңдеу, қыштан ыдыс жасау кәсібі өркендеді. Тұрғындары егін шаруашылығымен айналысып, бидай, тары егіп, бақ, жүзім өсірген. 9 – 10 ғасырларда солтүстік-шығыс Жетісуда да қалалар салына бастаған. Іле өз. бойындағы көшпелілер қоныстарының орнына пайда болған бұл қалалар тез арада-ақ қолөнері мен сауда орталығына айналды.. Іле өз. бойындағы көшпелілер қоныстарының орнына пайда болған бұл қалалар тез арада-ақ қолөнері мен сауда орталығына айналды.9 ғасырларда және 10 ғасырдың 1-жартысында Жетісуда билік қарлұқтар қолына өтуіне байланысты көшпелі халықтар отырықшылыққа жедел көше бастады. Көшпелі тайпалардың ақсүйектері құнарлы жайылымдарды басып алу, соғыс жорықтары және сауда арқылы байыды. Қоғамның қарапайым мүшелері топ-тобымен отырықшылыққа көшіп, егіншілердің, қолөнершілердің қатарын толықтырды. Осыдан барып үлкенді-кішілі елді мекендер мен қалалар көбейе бастады. 9 – 12 ғасырларда қоғамның өндіргіш күштері үлкен қарқынмен өсті. Жаңа қалалар пайда болды. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстанда қалалар көркейе түсті. Бұрын 5 – 7 га-дан аспаған Отырар рабадының аумағы 170 га-ға дейін жетті.Кең көлемдегі қазба жұмыстары Оңтүстік Қазақстандағы қала мәдениеті ескерткіштерінің типологиясын жасауға мүмкіндік береді. Аумағы 30 га-дан асатын қала жұрттарына Сайрам (Исфиджаб), Шортөбе немесе Қараспан-1, Отырартөбе, Құйрықтөбе, Шойтөбе, Жанқала, Сунақ-Ата, Құмкент жатады. Қазақстанның оңтүстігінде жалпы саны 27-ге жететін осындай қала жұрты бар. Қазақстанның оңт-ндегі қала жұрттарына құрылымында – ішкі қамал (цитадель); шахристан (дуалмен бекіндірілген қала) және рабад (қала төңірегіндегі сауда-қолөнер орны) болатын топография тән. Шахристанда бай шонжарлардың, ірі саудагерлер мен дінбасылардың үйлері, сарайлар орналасты. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың ерте орта ғасырлардағы қалаларының жұрттарын анықтаған кезде мынадай белгілердің жиынтығы: көлемі мен құрылымы (қамал және бүкіл көлемі немесе қамал мен шахристан); бекіністері; мәдени қабатының байлығы; археол. кешені пайдаланылады. Осындай сан және сапа белгілеріне сүйенгенде, Оңтүстік Қазақстандағы алдыңғы орта ғасырлардағы барлық қалалар саны 33 болды.Алайда, Оңтүстік Қазақстанның барлық қалалары неғұрлым кейінгі уақытта да өмір сүргендіктен, қала орындарының кейінгі мәдени қабаттары ертедегі қалалардың көлемін анықтауға және олардың үлгілерін жорамалдауға мүмкіндік бере бермейді.

25.Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары. Әбу-насыр әл-Фараби, М.Қашғари, Қожа Ахмет Иассауи, Ж.Баласағұни және т.б.Әбу-насыр әл-Фараби(870-950)-Дүние жүзінде Аристотель сынды ғұлама ретінде танылған.Отырар қалаында дүниеге келіп,қыпшақ тілінде білім алған.Араб тілін Исфахан,Бағдат,Дамаск қалаларында игерген.Шығармаларын араб тілінде жазған.Негізгі еңбегі-“Ғылымдардың шығуы”-Махмуд Қашқари (1030-1090)-3 кітаптан тұратын “Түркі тілдерінің сөздігі”(Диуани лұғат ат -түрік)еңбегі өшпес мұра болған.Бұл шығарма ХІғ түркі әдебиетінің жазу тілінің үлгісі.М.Қащқари-орта ғасырлық энциклопедист ғалым .-Қожа Ахмед Иассауи(1103-1167)-Сайрам қаласында туылған.Әкесі Ибрахим.Анасы -Мұса Шайқының қызы –Айша(Қарашаш)Сайрам қаласында жерленген.Еңбегі-“Диуани хикмет”(Даналық кітабы).Еңбек түрік тілінде араб әліпбиімен жазылған.Қ.Иассауи ислам дініндегі суффизм ағымының және әдебиеттін сопылық бағытын негізін қалаушы.Қ.Иассауи Бұхара қаласында Юсуп Хамадидан діни білім алады.Ұстазы,пір тұтушы адамы- Арыстан баб.Шәкірті ел ішінде Хәкім ата аталған-Сүлеймен Бақырғани.-Жүсіп Баласағұни(1021-1075)-Шу өзені бойындағы Баласағұн қаласында дүниеге келген.Еңбегі-”Құт негізі-білік”(Құтадғу білік).Еңбек ХІғ түркі тілдес халықтардың алғашқы ақсүйектер әдебиетінің ескерткіші.”Құтадғу білік” ХІғ дейнгі түрік тілді халықтардың қоғамдық ой санасында орын алған еңбек.Ғұлама бұл еңбекті Сүлеймен Арслан ханға сыйлаған.Хан бұл сыйлық ұшін оған Ұлы хас хажип деген лауазым берген. Арабша,тәжікше кітаптар көп,ал бұл біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинақ деп өз тілін қорсынып,жат елдердің тілінде сөйлеу,шығарма жазу сияқты әрекеттерге қарсы болған ғұлама-Ж.Баласағұни.-Ахмет Игүнеки(шын аты-Әділ Ахмет Махмұдус)-халық”ақындардың ақыны”,”даналардың көшбасшысы”деп бағалаған.Еңдегі-”Ақиқат сыйы” түрік тілінде жазылған,инабатты болуға,адал өмір сүруге шақырады.-Әбу Райхан әл-Бируни(973-1050)Еңбегі -600-ден астам жер шары қалаларының координатасын тауып,алғаш марктін жасап,”Глобус”атты ғылыми еңбек жазған.-ХІІІғ басында Оңтүстік Қазақстанда мұсылман дінінің дамуына байланысты жарық көрген “Жүсіп-Зылиха”поэмасының авторы-Әли ақын.

28.Шыңғыс ханның Орта Азия мен Қазақстанды жаулаудағы іскери тактикасы 1219 жылы қыркүйекте 150 мыңға жуық Шыңғыс-ханның қалың қолы Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды. Шағатай мен Үгідей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алады. Жошы бастаған әскерлер Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды алуға аттанады. Үшінші бөлік Сырдарияныңжоғарғы ағысындағы қалалар мен қыстақ – кенттерді алуға, ал Шыңғыс-хан өзі кіші баласы Төлей мен Бұхараға қарай бет алды.Бұл 3 бағыттығы соғыс аяқталған соң олар бір жерге,Шыңғыс ханның Ертістегі ордасында кездесетін болды Моңғол қолбасшылары Жебе мен Субедей нояндар басқарған 30 мыңдық әскер Солтүстік Иранды басып өтіп, 1220 жылы Кавказға кірді. Олар алаңдарды, половцыларды және Қалқа өзінінде орналасқан орыстарды (1223 жылы) тас-талқан етіп жеңді. Моңғолдар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, қазақ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғыс-ханның Ертістегі ордасына қайта оралды. 1225 жылы Шыңғыс-хан Моңғолияға қайтып келді.

29.Шыңғыс ханның Қазақстан мен Орта Азияны жаулауы 1219-1224жжШығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге «Отырар опаты» деп аталатын жағдай себеп болды. 1218 жылы Шыңғыс-хан Орта Азияға Омар -Қожа Отрари, Жамал Марағи және басқа саудагерлер басқарған сауда көруенін жіберді, 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені 1218 жылы жаз айында Отырар қаласына келіп жетеді. Отырар әміршісі Ғайыр-хан Иналшық саудагерлерді жансыз тыңшылар деп күдіктеніп, оларды қырып тастауға бұйырып, керуенді тонап алды. Шыңғыс-хан Ғайыр-ханды қолыма бер деп талап етті, бірақ Хорезмшах II Мухаммед бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге Шыңғыс-хан жіберген жазықсыз елшілерді өлтіруге әмір етеді. Осының өзі Шыңғыс-ханның Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды, алайда бұл соғыстың себептері оның бүкіл жаулап алу соғыстарының негізіне алған себептер болатын. 1219 жылы қыркүйекте 150 мыңға жуық Шыңғыс-ханның қалың қолы Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды. Шағатай мен Үгідей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алады. Жошы бастаған әскерлер Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды алуға аттанады. Үшінші бөлік Сырдарияныңжоғарғы ағысындағы қалалар мен қыстақ – кенттерді алуға, ал Шыңғыс-хан өзі кіші баласы Төлей мен Бұхараға қарай бет ады. Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады. Тек Хорезмшах II Мұхаммед көмекке жіберген Қараджа – Хаджибтің Суфи хан қақпасын ашып шығып, өз отрядымен моңғолдарға берілгенде ғана моңғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап қойды. Қараджа – Хаджиб өлтірілді. Алайда, моңғолдарға қаланы алу үшін тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар тегіс қырылғаннан кейін барып, қала 1220 жылы ақпанда алынды. Ғайыр-хан қолға түсіп, Шыңғыс-ханның алдында әкелген жерде қатал жазаланып өлтірілді. Сөйтіп, Отырар қамалын жермен – жексен етіп, Шағатай мен Үгідей бастаған моңғол отрядтары Шыңғыс-ханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғыс-хан Бұқара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын. Сырдария бойындағы басқа қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды. Соның бірі Сығанақ қаласы еді. Жеті күнге созылған шабуылға қала тұрғындары табан тіріесіп қарсыласты. Брақ көп ұзамай Сығанақ жеңілді. Моңғолдар қаланы талап, халқын аяусыз қырды. Сол сияқты қарсылық көрсеткен Үзкент, Баршынкент қалалары алынып, қарсылық көрсеткен Ашнас қаласының турғыңдары да қырғыңға үшырайды. 1219-1220 жылдар арасында бүкіл Сырдарияның бойындағы қалалар мен қыстақ кенттер моңғолдардың қол астына түседі. Сыр бойындағы қалалардың қарсылығын жеңгеннен кейін Шыңғыс-ханның әскерлері Орта Азияның ішіне баса көктем еніп, 1219 жылдан 1221 жылға дейін моңғолдар бүкіл Орта Азияға ойран салып өтті. Хорезмшах II Мухаммед Иранға қашып, кейін Атырау теңізі аралдарының бірінде өлді. 1220-1221 жылдардағы қысқа жорықтардың нәтижесінде моңғолдар Хорезм жерін тегіс жаулап, Орта Азиядағы соғыс қимылдарын аяқтады. 1221 жылдың көктемінен бастап соғыс Хорасан, Ауғанистан және Солтүстік Индия мемлекеттерінің жеріне ауысты. Моңғол қолбасшылары Жебе мен Субедей нояндар басқарған 30 мыңдық әскер Солтүстік Иранды басып өтіп, 1220 жылы Кавказға кірді. Олар алаңдарды, половцыларды және Қалқа өзінінде орналасқан орыстарды (1223 жылы) тас-талқан етіп жеңді. Моңғолдар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, қазақ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғыс-ханның Ертістегі ордасына қайта оралды. 1225 жылы Шыңғыс-хан Моңғолияға қайтып келді. Сонымен, 1219 – 1224 жылдардағы моңғолдар шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс-хан империясының құрамына кірді. Ұлыстардың құрылуы. Ұлан – ғайыр көп жерлерді жаулап алған Шыңғыс-хан өз көзінің тірісінде осы жерлерді төрт ұлына енші етіп үлестірді. Шыңғыс-ханның үлкен Ұлы Жошыға Ертіс өзенінен Орал тауларына дейінгі жерлер, одан ары батысқа қарай «моңғол атының» тұяғы жеткен жерлерге дейінгі аймақтар, Оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейнгі жерлер берілді. Амударияның төменгі жағындағы аймақтар мен Сырдария өңірі де Жошы ұлысына кірді. Бұл жерлер «Жошы ұлысы» деп аталады. Шыңғыс-ханның екінші ұлына Шағатай, Қашқария, Жетісу, Мауараннахр тиді. Үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Кенже ұлы Төлей әкесінің қара шаңырағы Моңғолияны мұраға алды. Сонымен бірге моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды, ал қалғаны үш баласының әрқайсысына 4 мың адамнан бөлініп берілді. Бұл ұлыстардың барлығы Қарақорымдағы (Монголиядағы) ұлы хан Шыңғыс-ханға бағынатын болды.

30. Моңғол шапкыншылығының Қ.н халқына тигізген зардаптары. Шыңғыс-хан әскерлерінің басқыншылығы жаулап алған елдер үшін өзінің зардабы жағынан ең ауыр апат болды, ол көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресін, олардың саяси әлеуметтік, этникалық дамуын ұзақ уақыт тоқыратты. Орасан зор регионның экономикасы құлдырап кетті. Моңғолдардың жаулап алуы салдарынан өндіргіш күштер талқандалып, адамдар жаппай қырылды, өркендеп тұрған қалалар жер бетінен ғайып болып, материалдық және мәдени қазыналар жойылып кетті, ондаған мың тамаша шеберлер мен қолөнершілер құлдыққа айналды. Жаулап алған елдерде індеттер таралып, жаппай жоқшылық басталды. Араб тарихшысы Ибн әл – Асыр моңғолдардың жаулап алуы туралы «бұл күн мен түн болып көрмеген, жаратылғанның бәрін жайлаған Орасан кесапат болды... жылнамаларда бұл секілді апаттың болғаны айтылмаған,» - деп жазды. Қалалардың қирауы. Жергілікті халықтың қарсыласуын басу үшін Шыңғыс - хан жаппай қырып жою және күштеу, тұтас бір қалалардан түк қалдырмау тәсілдерін қолданды. Шыңғыс-ханның Орта Азияға баратын жолында жатқан Оңтүстік Қазақстанның Сырдария бойындағы қалалары мен қоңыстары бұл тәсілдің алғашқы құрбандары болды. Моңғол әскерлері отпен өртеп, қылышпен қырып өзіне жол ашып отырды. Араб және парсы деректемелері түрлі елдердің халқын моңғолдар түгелдей дерлік қырып тастаған 30-ға тарта қалаларының атын келтіреді. Мәселен, моңғолдарға дейінгі уақытта 200-ге тарта елді мекен қалалар болса, XIII-XIV ғғ., 20-ға жуық қана қала қалған. Тіпті жуас қала атанған Баласағұнның өзі түп орнымен жоқ болып кеткен. Оны Мұхаммед хандардың мына сөзінен де көруге болады: «Баласағұнның өзі тұрмақ, оның орны қайда екені белгісіз». Оның ішінде оңтүстік Қазақстаннан Отырар, Сауран, Сығанақ, Жент, Ашнас сияқты ірі қалалар қиратылып құрып кетті. Жетісуда шаруашылықтың құлдырауы. Моңғол феодалдарының үстемдігі орнағаннан кейін туған ауыр зардаптарының әсері ешбір ұрыссыз – ақ басып алынған Жетісу жерлеріне күшті тиді. Бірақ, жазба деректемелер мен археологиялық мәліметтер Жетісудағы қала мен отырықшы – егіншілік егісінің едәуір бүлінгенін, егістік үшін игерілген жерлердің өлкеде моңғол үстемдігі орнығаннан кейін алғашқы ондаған жылдарда – ақ жайылымға айналдырғанын дәлелдейді. Француз королі IX Людовиктің моңғол ханы Мөңкеге жіберген елшісі Рубрук моңғол шапқыншылығынан кейін 30 жылдан астам уақыт өткен соң, 1253-1255 жылдары Қазақстан территориясы арқылы өтіп бара жатып, егіншілік егісінің бұзылғандығы туралы, Жетісу қалаларының, оның ішінде Іле аңғарындағы қалалардың ғайып болғандығы туралы алғашқылардың бірі болып дәлелдемелер қалдырып кеткен. Ұлыстар құрылғаннан кейін Жетісуға моңғол көшпелілердің қалың топтарының келіп қоңыстануы салдарынан егіс танаптары, өңделетін жерлер күрт азайып, экономиканың көшпелі мал шаруашылығы секторы отырықшылық сектор есебінен күшейе түсті. Елді мекендерді қирату, егістікті малға таптату, бау – бақшаны, ирригациялық жүйелерді жойып жіберу, отырықшы – егіншілікпен шұғылданатын халықтың қырылып, босып кетуі, оның көрші қалалармен және егіншілікпен шұғылданатын өлкелермен, соның ішінде, Оңтүстік Қазақстанмен экономикалық байланысының күрт азаюы – осының барлығы Жетісудағы шаруашылықтың құлдырауына және қалалардың өмір сүруінің экономикалық негізінің әлсеруіне әкеп соқты. Тоқырау мен материалдық жағынан ғана әсерін тигізіп қоймай, Қазақстан жеріндегі халықтардың қоғамдық жағынан рухани мәдениетінің дамуына үлкен кесел келтірді. Өйткені моңғол қоғамының даму деңгейі Қазақстандағы дамудың деңгейінен әлдеқайда төмен еді. Әскер күшіне сүйенген, жаулаушылыққа сай құрылған көшпелі әскери феодолизмнің шапқыншылығы Қазақстан жеріндегі әлеуметтік – экономикалық формацияның дамуына тәжеу жасады. Әсіресе, жаңадан халық болып қалыптасып келе жатқан халықтың құрамының шырқын бұзып, қазақ мемлекеттігінің пайда болу процесін екі ғасырға кешеуілдетті. Бұл шапқыншылық Қазақстан жеріне алым – салықтың ауыр зардабын, қайғы – қасіреттің, золық – зомбылықтың күшін орнатты. Қорытып айтқанда, Шыңғыс – хан бастаған моңғол басқынщылығы жаулап алынған елдер үшін өзінің кеселді зардабы жағынан ең ауыр апат болды. Ол көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресін, олардың саяси, әлеуметтік, этникалық дамуын ұзақ уақыт тоқыратты

31. Қазақстан аймағы моңғол ұлыстары құрамында. Ұлан – ғайыр көп жерлерді жаулап алған Шыңғыс-хан өз көзінің тірісінде осы жерлерді төрт ұлына енші етіп үлестірді. Шыңғыс-ханның үлкен Ұлы Жошыға Ертіс өзенінен Орал тауларына дейінгі жерлер, одан ары батысқа қарай «моңғол атының» тұяғы жеткен жерлерге дейінгі аймақтар, Оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейнгі жерлер берілді. Амударияның төменгі жағындағы аймақтар мен Сырдария өңірі де Жошы ұлысына кірді. Бұл жерлер «Жошы ұлысы» деп аталады. Шыңғыс-ханның екінші ұлына Шағатай, Қашқария, Жетісу, Мауараннахр тиді. Үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Кенже ұлы Төлей әкесінің қара шаңырағы Моңғолияны мұраға алды. Сонымен бірге моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды, ал қалғаны үш баласының әрқайсысына 4 мың адамнан бөлініп берілді. Бұл ұлыстардың барлығы Қарақорымдағы (Монголиядағы) ұлы хан Шыңғыс-ханға бағынатын болды. Жошының ордасы Ертіс алқабында, Шағатайдың ордасы Іле алқабында болды. Үгедейдің ордасы қазіргі Шәуешек қаласының маңында орналасты. Сонымен, Қазақстанның барлық жері моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен ( далалық ) бөлігі – Жошы ұлысының, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысының, Жетісудың Солтүстік Шығыс бөлігі Үгедей ұлысының құрамына кірді.

32.ҚАЗАҚСТАН ХІІ-ХVғғ Алтын Орданың құрылуы,гүлденуі және құлдырау кезеңінде.«Алтын Орда» мемлекетінің құрылуы. Қазақстан аумағы үш монгол ұлысының кұрамына енді: үлкен (далалық) бөлігі Жошы ұлысына, Оңтүстік жөне Оңтүстік-Шығыс Казакстан Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына карады. Жошы ұлысы Ертістен батысқа қарайғы ұлан-ғайыр жерді, Жетісудың солтүстік бөлігі мен бүкіл Дешті-Қыпшақты, Еділдің төменгі бойын қоса алып жатты. Шағатай ұлысы жоғарыда аталған жерге қоса, Шығыс Түркістан мен Мәуереннахрды қамтыды. Үгедей Батыс Монғолияны, Жоғарғы Ертіс пен тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғыс хан өлгеннен кейін бұл ұмтылыс күшейе түсіп, империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті.1227 ж. Жошы өлген соң орнына ұлы Батый отырды. Ол Батыс Дешті-Қыпшақ даласына, Еділ бұлғарлары жеріне, одан әрі батысқа шапқыншылық жорықтар ұйымдастырды. Ірі орыс князьдіктері талқандалды, Польша, Венгрия, Чехия және басқа көптеген елдер тонауға ұшырады. Жеті жылға созылған жорықтарынан кейін Батыйдың қол астына Қырымды қоса, Еділден Дунайға дейінгі жер, Солтүстік Кавказ, Батыс қыпшак (половецтер) даласы қосылды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі аясында Алтын Орда атты жаңа монғол мемлекетін құрды. Оған Жошы ұлысының жері — Шығыс Дешті-Қыпшақ, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі және батыстағы жаңадан жаулап алынған жерлер карады. Батый әскерінен жеңілген орыс князьдіктері бағынышты тәуелділікте болды. Орыс князьдері Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан князь атағын алып, алым-салық төлеп тұрды.Батый құрған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ұлысы деп, сондай-ақ Жошы ұрпактары — хандардың атымен (Батый ұлысы, Берке ұлысы, т. б.) аталды. Астанасы Сарай-Бату (Астрахань маңында), кейіннен Сарай-Берке қаласында болды.Алтын Орда көп ұлтты мемлекет. Оның құрамына бір-бірінен коғамдық-экономикалык даму деңгейі жағынан айырмашылығы бар, өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрлері сақталған көптеген ұлттар мен халықтар кірді. Көшпелілер негізінен түркі халықтары — ен көбі кыпшактар, сондай-ақ қаңлылар, наймандар және т. б. болды. Отырыкшылардан бұлғарлар, мордвалар, орыстар, черкестер, хорезмдіктер, т. б. кірді. Мұнда монголдар азшылык болды. XIII ғ. аяғы мен XIV ғасырда монғолдар толығымен түркілсніп, Алтын Орданын халқы «татарлар» деген атау алды.Алтын Орданың коғамдық құрылысы. Алтын Орда мемлекетінің кұрылысы толығымен Шыңғыс хан енгізген мемлекет үлгісін қайталады. Мемлекет Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Манызды мемлекеттік істі шешу үшін билік басындағы әулет мүшелері бастаған ақсүйектер жиналысы — құрылтай шақырылды. Армияны және өзге мемлекеттермен дипломатиялық катынастарды бешербек басқарды. Қаржы, алым-салык мәселесін, мемлекеттің ішкі істерін жүргізетін орталык аткарушы орган — диванның басында уәзір тұрды. Қалалар мен бағынышты үлыстардан алым-салык., сыбаға жинау міндетін атқаратын даругтер, басқақтар тағайындалды. Хан отбасының мүшелері маңызды қызметтер атқарды. Ірі нояндар, бектер, әмірлер, баһадурлер түмендерді, мындық, жүздіктерді басқаратын әскербасылары болып сайланды.Алтын Ордада жаулап алынған жер мен халықтарды басқару үшін үлыс жүйесі енгізілді. Батый хан тұсында Жошы ұлысында екіге — оң және сол қанатка, негізінен екі мемлекетке бөліну процесі жүргізілді. Оң қанат (үлыстың) басында Батый ханның өзі мен ізбасарлары тұрды. Ал сол қанатты Жошының үлкен ұлы Орда Ежен биледі. Қазакстан жерінің көп бөлігі сол канат құрамына кірді.Батый мен Орда Еженнің үлыстары өз ішінде тағы да кіші ұлыстарға бөлініп, олардың басында Жошының өзге ұлдары отырды.Үлысты (үлесті жер) билеуге өкімет басындағы әулет мүшелерінің барлығы күкықты болды. Ал өзге монғол аксүйектеріне үлесті жер ханға еткен еңбегіне карай бөлініп берілді. Біртіндеп аксүйектер құкығы арта түсіп, олар карамағындағы жерді ұрпзғына мұра етіп калдыра алатын дәрежеге жетті. Екінші жағынан Алтын Ордада көшпелілердің ру-тайпалық ұйымдары да сақталды.Алтын Орданын гүлденуі мен құлдырауы. Алғашында Алтын Орда Монғолиядағы үлы ханға тәуелді болды. Алайда 1260 ж. Монғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстарға ыдырап кетті.. Алтын Орда Батыйдың інісі Берке ханның (1256 — 1266 жж.) түсында-ақ тәуелсіздікке кол жеткізген. Одан кейінгі Мөңке хан (1266 — 1280 жж.) өз атынан теңге шығара бастады.Алтын Орданың тарихы ішкі қайшылыктарына коса, орыс князьдіктерімен, Ирандағы Күлағу ханның әулетімен, Ак Орданын және Хорезмнін билеушілерімен үздіксіз соғыстарға толы болды. Алтын Орданың XIV ғ. алғашқы жартысында, әсіресе Өзбекхан (1312 — 1342 жж.) мен одан кейінгі Жәнібек ханнын (1342 — 1357 жж.) тұсында кұдіреттілігі арта түсті. Ханның дара үстемдігі орнап, құрылтай шакыру аяқсыз калды, билік бір адамның колына жинакталды.1312 ж. Өзбек хан ісләмді Алтын Ордадағы мемлекеттік дін деп жариялады. Далалык. түркі-монғолдык мәдениет Еділ бойы (бұлғарлар) және Орта Азия (Хорезм) мүсылмандык, салт-дәстүрлерінін әсерімен ісләмді кабылдай бастады.XIV ғ. екінші жартысында Алтын Орда алауыздықтан әлсірей бастады. 1357 жылдан 1380 жылға дейін такка 20-дан астам хандар отырып, бірін-бірі елтіріп, орнын тартып алып жатты. 1380 ж. Алтын Орданың билеушісі, түменбасы Мамай Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен Куликово даласында тас-талкдн боп женілді. Жошы ұрпағы Токтамыс хан осы жағдайды пайдаланып, Алтын Орданың билігін тартып алды. Өз билігін соғыс жеңістерімен бекіте түспек болған ол 1382 ж. Мәскеуді ертеп жіберді, Мәуереннахр мен Закавказьеге бірнеше рет жорық жасады. Тоқтамыстың соңына түскен Әмір Темір Алтын Ордаға кайта-қайта шабуыл жасап, халқын қырып, байлығын тонап, енді кайта көтеріле алмастай етіп тұралатты.XV ғ. ортасына карай бірнеше үлкен үлыстар өз алдына хан сайлап, Алтын Орда біржола қүлады. Бүл ұлыстардың ең ірісі XV ғ. 30-жылдары Еділ мен Днепрдің аралығында қүрылған Ақ Орда болды. 20 — 60-жылдары Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахань хандықтары бөлініп шықты.Монғол хандарының ұлыс билігі үшін таласы. Қазақстаннын оңтүстік-шығысы үш ірі монғол ұлыстарының түйіскен орталығына айналды. Жетісу аумағы үшеуінің арасында саяси бөлініске түсті: солтүстік бөлігі Жошы ұлысына, оңтүстігі Шағатай үлысына қарады, Солтүстік-Шығыс Жетісу болса Үгедей үлысының маңызды орталығы болып есептелді. Ұлыс хандарының астаналары Жетісуға орнатылды. Шағатай ұлысына жататын Жетісу аумағында билікке таласкан Шағатай және Үгедей ұрпактарының арасында үздіксіз соғыстар жүріп жатты. Шыңғыс әулетініц арасындағы мүндай соғыстарда екі жак та кешпелі феодалдар арасынан жақтас тауып, оларды да күреске тартты.1251 ж. Үгедей ұлысы жойылды. Жері Мөңке ханның (Шыңғыс ханның кіші ұлы Төленің баласы) жақтастарына таратылып берді. Шағатай үлысында да билік колдан-қолға өтті. Әсіресе Мөңке өлгеннен кейін феодалдар тартысы кушейе түсті. 1260 ж. Арығ-Бұғы мен Күбылай екеуі де өздерін үлы хан деп жариялады. Үздіксіз шайқастардан жергілікті қалалар мен егіс алқаптары зардап шегіп, тозуға айналды. Рашид ад-Диннің айтуынша, XIII ғ. 60-жылдарында «Арығ-Бүғының тағылық әрекеттерінен Іле алқабында аштык болып, қаншама халык кырылып калған».1269 ж. үлы ханнан тәуелсіз Хайду мемлекетінің күрылуы жергілікті халықтан шыққан феодал билеушілердің бас көтере бастағанынын куәсі еді. Осы жылы Талас бойында шакырылған кұрылтайда олар отырықшы-егінші аудандарды кұрып кетуден қорғауәрекеттерін жасады.Алайда Шыңғыс әулетінін арасындағы толассыз талас-тартыс пен Хайдудын ұлы хан армиясымен үзакқа созылған соғысы кұрылтай шешімін жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді.Хайду ізбасарлары арасында басталған өзара тартыстар XV ғ. алғашқы жартысында Жетісудың экономикалык кұлдырауын шегіне жеткізді. Махмуд ибн Уәли Хайду ұлдары мен Шағатайдың шөбересі Доба арасындағы қақтығыстар туралы былай деп жазды: «Біздін аталарымыз өзара соғысып жатқан кезде көптеген адамдар жазыксыз қырылды, аудандар канырап калды, иелігіндегі жерлер сағымға айналды, егістік қурап қалды... кдлалар мен құрылыстар адамдар жылы орнын тастап, кезбе кайыршыға айналды».Монғолдар келгенге дейін дамудың жоғарғы сатысында тұрға Казакстанның оңтүстік-шығысындағы — Баласағұн, Тараз, Алма«-лық, Алмату, Қаялык, Ілебалық, Екіоғыз, т. б. үлкенді-кішілі калалац мен елді мекендер жер бетінен жоғалып кетті.Монғол хандарының арасында жергілікті ел басшыларына арқаі сүйей отырып, отырықшы-егінші және калалык мәдениет негізіндегі бір орталыктан баскдрылатын билік жүйесін жактаушылар да болды. Олардын ең көрнектісі жоғарыда айтылған Добаның үлы Кебек хані (1318—1326 жж.) еді. Ол көшпелі тұрмыстан қол үзіп, Жетісудані Мәуереннахрға барып коныстанды, ақша және әкімшілік реформасын жүргізді, Орта Азиядағы кираған калалардың қалпына келтіріліп, жаңадан кала салынуына ықпал жасады. Оның қамқорлығы аркасында Шағатай ұлысындағы онтүстікказақстандықі калалар калпына келтірілді. XV ғ. ортасында Хайду мемлекетінещ Моғолстан бөлініп шыкты.

33.Ақ Орда Қ.ның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет Ақ орда Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекет14-15 ғасырлар Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда.Жошы Ұлысының жері негізінен екі әскери қанаттарға бөлінген. Олар Оң қанат және Сол қанат болып бөлінген. Еділ бойындағы даланы, Қырымды, Солт. Кавказды және Хорезмнің солт. бөлігін қамтыған батыс бөлік (оң қанат) Алтын орданы құрады. Ал Қазақстанның Жетісуді қоспағанда, Жайық өзенінің шығыс жағы, Арал теңізі мен Сырдарияның солт. жағын қамтыған шығыс бөлік (сол қанат) Ақ орданы құрады.Ақ Орданың халқы - қыпшақтар, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды. Ақ Орда хандары - Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Орыс хан, Қойыршақ, Барақ.Ақ Орда аумағы XIV ғасырдың ІІ-ші жартысында Алтын Ордадан тәуелділігінің әлсіреуіне қарай біртіндеп қалыптасты. Ақ Орданың күшейген кезі 14 ғ. 2 жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханьды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс болды. Ақ Орда иелігі Орыс ханның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің билеушісі - Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, хажы-Тарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 ж. Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан 14 ғ. соңы мен 15 ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады.1423-1424 жылдары Орыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбан әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді.

34.Көшпелі өзбектер мемлекеті құрамындағы Шығыс Дешті-Қыпшақ(Әбілқайыр хандығы 1428-1468жж) 15 ғ 20- жылдарында Ақ орданың ыдырауына байланысты Жошы әлеттерінің арасында феодалдық қырқыс басталды. Қазақстанның орталық, батыс, солт.батыс аудандарында тәуелсіз иеліктер пайда болды. Осы иеліктердің бірі Әбілқайыр хандығы. Билеушісі Әбілқайыр Жошы ханның 5- ші ұлы Шайбанидің ұрпағы. Әбілқайыр жастайынан жетім қалып, Жұмадық ханның қолында өскен. Әбілқайыр 17 жасында яғни 1428 ж 200 ден астам ақсүйектердің қолдауымен хан болады.Тарихи жазба деректерде жаңа құрылған хандықтың атауы «Өзбек ұлысы», «Шайбани ұлысы», «Әбілқайыр хандығы » деп аталады. Әбілқайыр өзі 40 жыл билік еткен соң хандықты Әбілқайыр хандығы деп аталады. Хандық 92 баулы ру- тайпадан тұрған. Әбілқайр хан жас болсада жалғыз қзі елді дамытуға коп күш салады. Алдымен өзінің қарсыласы Махмұд- Қожа ханды жеңеді. 15 ғасырдың 40- жылдары Балқаш өңірінің терістік батысын өз иелігіне қосады. 1431 жылы Тоқа- Темір ұрпақтарына қарсы соғыста Әбілқайыр жеңіске жетеді. Одан кейін Батый ханның астанасы болған Орда – Базарды жаулап алып өзінің астанасы етеді. Әбілқайыр хан 1446 жылы Атбасар маңында Мұстафа ханды тас талқан етіп жеңеді. Бұл жеңістің нәтижесінде ол Қаратау аймағындағы Сығанақ, Созақ, Аққорғна, Аркөк, Үзкент сияқты маңызды қалаларды басып алады. Осыдан бастап хандықтың астанасын Сығанақ қаласы етіп бекітеді. Қаланың орналасқан жері Орта Азия мен Дешті Қыпшақ арасындағы тоғыз жолдың торабы еді.Әбілқайыр ханның ендігі алға қойған мақсаты ОРта Азияның атақты қалаларын басып алу болса, одан соң Жетісудағы Моғолстанға шабуыл жасау еді. Ханның бұл ойы 1446 жылы Самарқанды алумен іске аса бастайды.Алайды бұл ұзаққа созылмайды , Хандықтың ішінде алауыздықтар кобейіп кетеді. Халқының арасында әлеуметтік- экономикалық теңсіздік шиеленісе түседі. Ұрыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек ашық қарсылық корсетпесе де іштей Әбілқайырды қолдаған жоқ.Әбілқайыр 1456-145- ж.ж. Сығанақ түбінде Үз- Темір тайшы бастаған ойраттардан жеңіліп қалады. Хан бұл аймақты тастап Дешті Қыпшақ жеріне кетуге мәжбүр болған. Әбілқайыр жеңілістің себебін ішкі алауыздықтар мен қайшылықтарлың шиеленісуінен көріп, мемлекетті күшті қылуды қарастырады. Өзі күмәнданған ақсүйектерді жазалайды. Бұл одон сайын наразылықты туғызып Керей мен Жәнібек Жетісуға кошіп кетеді. Әбілқайыр оларды жазаламақ болып 1468 жылы Моғолстанға жорыққа аттанады. Жорық кезінде Әбілқайыр Алматы маңындағы Аққыстауда қайтыс болады. Хандық мүлде әлсіреп ыдырай бастайды. Халқының бір бөлігі Орта Азияға кетсе, бір бөлігі Қазақ хандығына қосыоады. Нәтижесінде Көшпелі Өзбек мемлекеті тарих сахынасынан жоғалады

35.14-15 ғ.ғ. Моғолстан құрамындағы оңтүстік- шығыс Қазақстан.Моғолыстан 14ғ ортасымен 15ғ аяғы аралығында өмір сүрген.14ғ ортасында Шағатай ұлысы ыдырып екі бөлікке бөлінді.Шағатай ұлысының шығыс бөлігі-Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Қырғыстын аумағында Моғолыстан мемлекеті құрылды.Мемлекетті Шағатай ханға адал қызымет еткен дулат тайпасының әміршісі Поладшы басқарған.Бірак ол хан болуға құқы болмағандықтан,Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді 1348ж хан етіп сайлайды.Тоғылық-Темір билікке саяси тұрақсыздық орнаған кезде келді.Бірак жағдайды біршама тұрақтандырып,Моғолыстанның бүкіл аймағын өз билігіне біріктірді.Ордасы Алмалық қаласы болды.Исламды мемлекеттік дін ретінде қабылдайды.Тоғылық-Темір өзінің билігн Мәуренахрға да жүргзбек болды.Өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлтының кезінде орныққан Орта Аэия жеріндегі билікті қалпына келтіруді көэдейді.1360-1361 жылдары Мәуреннахрға сатті жорықтар жасап,баласы ілияс Қожаны Мәуреннахрдың билеушісі етеді.Алайда Тоғылық-Темір қайтыс болады.Ілияс Қожа мұрагерлік құқын реттеу ушін Моғолыстанға оралады.Осы кезде Әмір Темір Мәуренахрда өз билігн орнату үшін Ілияс Қожаға қарсы шығады.Арасында бірнеше соғыстар болып Моғол ханы жеңіледі.Ақыры 1365ж 22 маусымында шешуші шайқаста Ілияс Қожа жеңеді.Одан кейн билікке Тогылық Темірдің соңғы ұрпағы Қызыр Қожа келеді.Бірақ осы кездері Әмір Темір бұларға жорықтар жасайды.Алғашқы жорық 1371-1372ж болды.Екіншісі 1375-1377ж болды.1380-90 жылдарында тағыда бірнеше рет жорық жасаған.Сонымен Әмір Темірдің шабуылдарынан әбден титығы жеткен Моғол хандығы мүлде әлсірейді.Қызыр Қожа Темірге өзінің тәуелділігін мойындайды.1405ж Темір қайтыс болған соң,Қызыр Қожаның ұлы Мұхаммед кезінде (1408-1410)тәуелсіздікке қол жеткізеді.Мұхаммед олген соң Моғолыстанда талстар қайтадан басталады.Моғол шонжарлары Қызыр Қожаның екінші немересі Уәйісті хан тағына отырғызады.1428ж Уәйіс қайтыс болған соңда талас-тартыс басылмыйды.Хандық үшін талас Уәйіс ханның екі ұлы Есенбұға мен Жүніс арасында жүреді.Дулат әмірлерінің қолдауымен Есен-бұға 1433-62ж хан тағына отырады.Бірақ Жүніс таласын тоқтатпайды.Ол Темір ұрпағы Әбу Саидтан комек сұрайды.1462ж Есен Бұға қайтыс болған соң Жүніс Моғолыстанға оралып өзін хан етіп жариялайды.Моғолыстан хандығы Жүністің немересі Абд-ар-Рашид ханның кезінде ыдырай бастайды.Ол Жетісу аймағы Қазақ ханығының құрамына енеді.Сонымен Моғолстан тарих бетінен жойылады.

36.Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамындаАлтын Орданың ыдырауы,Ақ Орданың әлсіреуі барысында Қазақстанның Солтүстік –батысында Ноғай ордасы құрылды.Ноғай орданың алғашқы аумағы Еділ мен Жайық өзендерінің арасы Орданың негізгі халқының құрамы маңғыттар болды.Олармен бірге қоңрат,найман,арғын,қаңлы,алшын,қыпшық,тама т.б түркі тілдес тайпалар болды.Ноғай Ордасының Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғайдың есімімен аталған.Бірак Ноғайдын кейін бұл ел ешбір тарихи деректерге ұлыстық дарежеде кездеспейді.Тек 14ғ соңғы кезінде Едігенің уакытында Ноғайлардың аты шыға бастайды.Едіге Ноғай елін Алтын Ордадан оқшаулата бастайды.Едігенің баласы Нұраддиннің кезінде (1426-40) Ноғай ордасы өз алдына жеке мемлекет болып Алтын Ордадан бөлініп шығады.Орталығы Сарайшық қаласы болған.Едіге негізінен Алтын Ордада хандардың кеңесшісі болған.Едіге 14ғ 90жылдарында Тоқтамыс ханмен үздіксіз соғысумен болады.Оның басты себебі біріншіден билік үшін күрессе екіншіден Ноғай Ордасының беделін көтерп шекарасын ұлғайту үшін соғысады.Едіге Алтын Ордада Темір Құтлық ханның кезінде беделі бик болып оның кеңесшісі болады ж/е оған аға-әмір-беклір бек деген атақты береді.Бірақ Темір Құтлықтың баласы Темір ханның кезінде Едіге мен арада қарама қайшылық туады.Екеуінің арасында соғыстар болады.Едіге Тоқтамыстың ұрпақтарымен үздіксіз соғысуы нәтижесінде, Тоқтамыстың Қадырберді деген баласымен соғыста Едіге қайтыс болады. Кейбір деректерде 1419 жылы қаза болған дейді. Осыларға қарап отырып Едігенің ел билеуге уақыты да болмағанын көреміз. Едіге қайтыс болған соң орнына Ғази бек болады. Ол бірақ өте қатал болғандықтан оны 1428 жылы әмірлер өлтіреді. Маңғыт елі біраз нашарлап, Едігенің балалары жан жақа бытырап кетеді. Осы кезде билікке Едігенің кіші ұлы Нұраддин келеді. Ьіне осы кезде және Нұраддиннің баласы Уақас бидің кезінде Ноғай ордасы болып толық бекінді. Уақас биден кейін оның бауыры Аббас Ноғай ордасының бегі болады. Мұның кезінде 1446 жылы Сырдария бойындағы қалалар алынып ол Үзгент қаласында билік жүргізген. Орда өмірінде Мұса мырза Жанбыршы бидің атқарған қызметтері зор болған. 16 ғ 2- жартысында Ноғай ордасы ыдырай бастайды. 1550жылы Қазан, Астрахан хандықтары Ресейге қосылуына байланысты Ноғай ордасы бірнеше иелікттерге болініп кетеді. Ыдырау кезінде халқының біраз болігі Кіші жүздің құрамына енген. Ал тағы бір болігі Ресейге қосылып кетеді. Осылайша Маңғыт елі тарих бетінен жоғалды