Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IT_shpory.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
638.98 Кб
Скачать

42 Есептеу жүйесіндегі кестелік процессорда мəліметтер қорын құру және басқару технологиялары.

Электрондық кестелер процессоры – электрондық кестелермен жұмыс істеуге арналған программалар жиынтығы. Кестелер деректер қоймаңыздың негізі болып табылады, нақ соларға барлық деректер сақталады.

Кесте- бұл деректеріңді сақтайтын обьект. Кестен құруда бір типті ақпараттан тұратын өрісті анықтаймыз. Кестелер құрылымын құрар алдында деректер қоймасын құру нәтижесінде жететін мақсатыңызды көрсетуіңіз керек. Қойылған мақсаттан оған жету үшін қолданылатын кестенің қандай болуы керек екенін айқындап алып, қажетті кестені құруға кірісіңз.

Excel – кестелік құжаттармен жұмыс істеуге арналған көрнекті бағдарламаның бірі. Excel құжаты жұмыс кiтабы деп аталады. Бiр жұмыс кiтабы бiр файлға жазылады, ал әp файлдың бiр немесе бiрнеше кecтeci болуы мүмкiн. Электрондық кecтeнiң жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан тұрады. Жол аты – оның номері. Жол номері 1-ден басталып 65536 аяқталады. Баған аттары – латын алфавитінің бас әріптерінен A-дан Z-қа дейін, сосын AA -дан AZ, BA, BZ-қа дейін, т.с.с. тұрады.

Жолдармен бағандардың қиылысуы ұяшықтарды құрайды, екеуінің бірігуі оның адресі болып есептелінеді. Адрестерді білу үшін сілтеулер жасалады

Ұялар (ұяшықтар) және олардың адрестерi. Жолдар мен бағаналар қиылысында ұялар орналасады, оларға мәлiметтер (мәтін, сан, формула) енгiзiледi. Ұялардың бiреуi әрдайым активтi, яғни екпiндi күйде болып тұрады. Ұялар жиыны (диапазоны - ауқымы). Қатар орналасқан көршi ұяларда бiртұтас мәлiметтер орналасады да, оларға адрес арқылы сiлтеме жасауға болады. Ұялардың осындай жиынын диапазон деп атайды.

43 Есептеу жүйесіндегі электрондық кестелерге енгізілетін ақпарат түрлері жəне оларды өңдеу технологиялары

Элетрондық кестелер жүйесінде миллионнан аса торлар болады, олар пернелермен ақпаратты енгізу арқылы немесе формулалар өрнегін есептеу нәтижесі бойынша ком.ге жазылады. Мұнда кестелік мәліметтерді түзету оларды дискілерге сақтау түрлендіру қағазға басып алу сияқты көптеген өрнектер өте жылдам орындалады. Мәліметтер типі. Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз. Ол мынадай типтер: 1)Сан 2)Формула 3)Мәтін. Енгізілетін мәліметтің сан немесе формула екенін оның алғашқы символына қарап анықтайды. Егер енгізілетін символдың біріншісі сан болса, онда оны сандық типке жатқызамыз. Егер біріншісі теңдік белгісі болса, формула деп қабылдайды. Егер бірінші символымыз әріп немесе апостроф болса, мәтін деп қабылдайды.

Мәліметтерді енгізу Enter пернесін басумен жүзеге асырылады. Енгізілген мәліметтерді енгізбей алып тастау үшін немесе ұяшықтың бастапқы мәндерін қалпына келтіру үшін esc пернсін басамыз немесе формулалар жолындағы Болдырмау (отмена) батырмасын шертеміз.Excel-де енгізілген сандық мәліметтер автоматты түрде ұяшықтардың оң жақшетіне орналасады.

Сандық пішімде. Экономикалық есептерде санның үш түрлі пішімде жазылуы қолдананылады: кәдімгі сандық пішім, қаржылық және мерзімдік. Кәдімгі сандық пішім әр түрлі сандқ шамаларды жазуға арналған. Мысалы: қайсыбір тауардың санын, пайзын жас мөлшерін және т.б.  Ақша сомасын енгізу қаржылық пішімде жүзеге асырылады. Уақыт мезгілін жазу үшін мерзімдік пішім пайдалынылады.

Мәтіндік пішім. Мәтіндік пішім мәтіндік жолдар мен цифрмен көрсетілген сандық емес мәліметтерді жазу үшін қолданады. Бұларға жататындар: регистрациялық нөмірлер, поштаның индексі, телефонның нөмірі.

Ағымдағы ұяшықтың немесе ерекшеленген ауқымдығы мәлдіметтердің пішімін өзгерту үшін Пішім > Ұяшықтар(Формат > Ячейки) командасын пайдаланады. Ашылған Ұяшықтарды пішімдеу (Формат ячеек) сұхбат терезесіндегі қыстырмалардан мәліметтердің жазылу пішімін таңдап алады. Сол терезеде мәтіннің бағытын көрсетіп, оны түзеу, қарпін өзгерту, символдардың жазлуын, фонның түсін, жақтаудың түрін анықтайтын параметірлерді енгізуге болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]