Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IT_shpory.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
638.98 Кб
Скачать

29. Windows амалдық жүйесінің анықтамалық жүйелері

Windows-тағы анықтама жүйесі пайдаланушыға амалдық жүйемен жұмыс істеу жөнінде туындайтын сұрақтардың көпшілігі бойынша анықтама беру қызметі болып табылады. Оның құрылымы жүйелі, тілдесуі өте ыңғайлы.

Windows анықтама жүйесіне бірнеше тәсілмен жүгінуге болады:

• <Windows >+ <F1> пернелер тіркесімі көмегімен;

• Бас мәзірдің Анықтама және қолдау (Windows XP амалдық жүйесінде) немесе Анықтама (Windows өзге нұсқаларында) тармағын таңдау арқылы;

• амалдық жүйенің қандай да бір құрамдас бөлігі терезесінің мәзірінен Анықтама – Анықтама және қолдау орталығы немесе Анықтама – Анықтаманы шақыру әмірін таңдау.

Windows қосымшаларында анықтама жүйесін шақыру ұқсас тәсілдермен жүзеге асырылады:

• <F1> пернесін басу;

• бағдарлама мәзірінен Анықтама> Анықтама: бағдарлама атауы немесе Анықтама> Анықтаманы шақыру әмірін таңдау.

Windows қосымшаларында мәтінмәндік анықтамаға жүгіну тәсілдері:

• <Shift>+<F1> пернелер тіркесімі қолдану;

• Қосымша терезесі мәзірінен Анықтама > Бұл не? әмірін таңдау.

Сұхбат терезелерінде мәтінмәндік анықтамаға жүгіну тәсілі: терезе тақырыбындағы «?» анықтаманы шақыру батырмасын шерту. Бұл әмір орындалып жатқан кезде тінтуір көрсеткіші «?» пішіміне енеді. Оны терезенің сұрақ туындатқан нысан орналасқан тұсына апарып, тінтуір пернесімен шерту қажет.

Windows XP амалдық жүйесінің «Анықтама және қолдау орталығы» терезесі құрылымы және анықтама алу тәсілі жағынан Windows-тың алдыңғы нұсқаларындағы анықтама жүйесі терезесінің классикалық пішімінен ерекшеленеді.

Құралдар үстелінде анықтама жүйесін басқару батырмалары орналасқан.

Қажетті анықтама жүйесін жылдам іздеу үшін терезеде Іздеу енгізу өрісі бар. Онда өзіңізді қызықтыратын терминді енгізу қажет. Көрсеткісі бар жасыл батырманы басқаннан кейін жүйе ұқсас тақырыптар тізімінде іздеу нәтижелерін шығарады.

Нақты атауды не терминді іздеу кезінде құралдар үстеліндегі Көрсеткіш тармағын пайдала-ныңыз, ол қажетті бөлімге немесе қор көзіне өтудің жылдам да қарапайым тәсілі болып табылады.

30. Компьютерлік вирус. Вирус классификациясы.

Компьютерлік вирус-арнайы жазылған шағын көлемді программа.Ол өздігінен басқа программалар соңына н/е алдына қосымша жазылады да, оларды “бүлдіруге” кіріселі. Компьютерлік вирустардың негізгі түрлеріне мыналар жатады:

Программалық вирустар – автоматтандырылған жүйелерде сақталатын мәліметтерді ж/е програм/қ қамтаманы жою не өзгерту мақсатымен телекомуникациялық желілер мен автоматтандырылған желілердегі өзіндік туындау мен рұқсатсыз таралу қасиетіне ие болатын орындаушы не интерпретацияланатын програм/қ код.

Жүктелетін вирустар – программалық вирустардың жүктелетін вирустардан ерекшелігі тарату әдістерінің басқаша болуы. Олар програмалық файлдарды емес, магниттік тасушы иілгіш және қатты дискілер белгілі бір жүйелік аумақтарды бұзады. Сонымен бірге іске қосылып тұрған компьютерде олар уақытша жедел жадыда орналасады.

Макровирустар. Вирустың бұл түрі макроклманданы орындауға арналған құралдары бар қолданбалы программалардағы құжаттарды бүлдіреді. Мысалы,Місrоsоft Word (dos кеңейтуі бар) мәтіндік процессорының құжаттары.

Компьютерліквирустарды келесі белгілерге сәйкес классификациялан ады: тіршілік ортасы, жұғу тәсілі, зиянкестік әрекеті, алгоритмі (әрекеті), көлемі б/ша. Тіршілік ортасына қарай: желілік вр, файлдық вр, жүктелетін вр, файлдық жүктеу вр. Жұғу тәсіліне қарай: резидентті, резидентті емес. Зиянкестік әрекетіне қарай: қауіпсіз, қауіпті, өте қауіпті. Алгоритміне қарай: компаньон, паразит вр, репликаторлар(құрттар), көрінбейтін(стелс), мутанттар, макровирус тар, троян вр. Көлеміне қарай: монолитті, таралатын шашыраңқы вр.

Файлдық вр орындалатын файлдарға енеді (*.СОМ, *.ЕХЕ, *.SYS, *.BAT, *.DLL). Желілік вирустардың негізгі “тұратын” орны локальдық желі.Желілік вирус бір компьютерге кіріп, өзі қалаған компьютерлерге таратыла береді. Троян аттары көп таралған вирустар түрі, ерекшелігі-олар компьютерге н/е оның ішіндегі сақталған ақпараттарға зақым келтірмейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]