Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IT_shpory.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
638.98 Кб
Скачать

21.Есептеу жүйесінің бағдарламалық жасақтамасы. Бағдарламалық жасақатамалардың классификациясы.

Бағдарламалық жасақтама (Software) деп есептеуіш жүйесінде орындалатын бағдарламалар жиынтығын айтады.

Бағдарламалық жасақтама – белгілі бір типтегі есептеуіш машиналар кластарына арналған, оның аппараттақ құралдарының жан-жақты қызметін, сонымен қатар пайдаланушының оның есептеу ресурстарына мұқтаж кез келген есептерін шығаруын жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы.

Бағдарламалық жасақтамасының классификациясы:

Қолданбалы бағдарламалар; Жүйелік бағдарламалар; Инструменталдық(аспаптық) бағдарламалық жүйелер.

Қызметтік БЖ

Қолданбалы бағдарламалық жабдықтар - әртүрлі мәселелік аумақтардағы қолданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы бағдарламалар мен қолданбалы дестелерден тұратын бағдарламалық жасақтама түрі

Жүйелік бағдарламалар - қолданбалы бағдарламалармен бірге орындалады және компьютер ресурстарын орталық процессор, жады, енгізу-шығару, басқаруға қызмет етеді. Олар компьютерді пайдаланушылардың бәріне бірдей арналған, жалпы қолданылатын бағдарламалар.

Инструменталдық бағдарламалық жасақтама – кез келген пәндік аумақта (сонымен қатар ЖБЖ және ҚБЖ) ерекше бағдарламалық құралдарды құруды автоматтандыруға арналған бағдарламалық жасақтама бөлігі. Оның негізін құрастырушылар:

- бағдарламалау тілдері (Delphi, Visual Basic және т.б.);

- компиляторлар;

- интерпретаторлар;

- стандарттық бағдарламалар библиотекалары (СПБ);

- бағдарламаларды редактрлеу, жөндеу, тестілеу құралдары.

Қызметтік бағдарламалық жүйелер ол негізгі сатыдағы бағдарламалар мен де, жүйелік сатыдағы бағдарламалар мен де байланысты. Қызметтік бағдарламалар жүйену тексеру, баптау және жөндеу жұмыстарын автоматтандырады.Сонымен қатар олар жүйелік бағдарламалар қызметін жақсарту/кеңейту мен айналысады. Олар компьютерлік жүйені тексеру, баптау ж/е жөндеу жұмыстарын автоматтандырады.

22. Есептеу жүйесінің бағдарламалық жасақтамасы. Жүйелік бағдарламалар. Бағдарламалық жасақтама – белгілі бір типтегі есептеуіш машиналар кластарына арналған, оның аппараттақ құралдарының жан-жақты қызметін, сонымен қатар пайдаланушының оның есептеу ресурстарына мұқтаж кез келген есептерін шығаруын жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы.

Бағдарламалық жасақтамасының классификациясы:

- жүйелік БЖ;- инструменталдық БЖ;- қолданбалы БЖ.

1.Жүйелік бағдарламалық жасақтама – деректерді өңдейтін компьютерлік технологиялардың барлық түрін пайдалану барысында орындауға тура келетін көмекші жұмыстардың көбісін аппараттық құралдармен автоматтандырады. Жүйелік программа тобына операциялық жүйе, операциялық қорапша, архиватор, антивирустық программа және т.б кіреді. Жүйелі программалық жасақтамалар ЭЕМ –нің аппараттық жабдықтардың жұмысын басқарып, жұмыс істеп отырған адамдарды қолданбалы программалармен байланыстырады. Жүйелі программалық жасақтаманы бірнеше топқа жіктеуге болады:

Операциялық жүйелер

Утилиттер

Сервистік программалар.

Операциялық жүйелер – компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Дербес компьютер үшін кең тараған операциялық жүйелер: MS (PS), DOS, WINDOWS 98, WINDOWS 2000, WINDOWS NT, OS 2, UNIX жатады.

Утилиттер – белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті топ. Оларға мысал ретінде: антивирустық программаларды, мәліметтерді архивтеу программаларын компьютердің жұмыс істеу қабілетін тексеретін программаларды айтуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]