
- •2. Ақпараттық технологиялар ұғымы. Ақпараттық технологиялар мақсаты және құралдары.
- •3. Ақпараттық технологиялардың даму тарихы, сатылары.
- •4. Ақпараттың эем-де берілуі жəне өлшем бірліктері.
- •5. Ақпарат ұғымы, ақпараттың құрылымы.
- •6. Ақпарат және оның қасиеттері.
- •7. Ақпарат, оның түрлері, берілу формалары.
- •8. Ақпараттық технологиялар – ғылым мен технологиялар дың бірлігі. Ақпаратты технологияларды қолданудың сапалық аумағы.
- •9. Қоғамды ақпараттандыру. Ақпараттық ресурстар, ақпараттық үрдістер.
- •10. Есептеу техникасы ж/е оның даму тарихы, кезеңдері.
- •11. Ақпаратты енгізу, шығару ж/е сақтау құрылғылары.
- •12. Санау жүйелері. Санау жүйелерінің түрлері.
- •14. Санау жүйелерінде арифметикалық амалдарды қолдану технологиялары.
- •15. Логика. Логика заңдары. Логикалық пікірлер.
- •16. Бульдік алгебра. Логикалық қорытындының заңдары.
- •17.Дербес компьютер құрылымының функционалды-логикалық негізі.Дк архитектурасы.
- •18.Есептеу жүйесінің аппараттық жасақтамасы. Эем-ң ұйымдас тырушының жалпы принциптері. (фон Нейман принциптері.)
- •19. Есептеуіш жүйенің жадысытың құрылымы. Компьютердің ішкі жəне сыртқы жады.
- •20. Жедел жəне тұрақты жады. Кэш жады. Жадтың өлшем бірліктері.
- •21.Есептеу жүйесінің бағдарламалық жасақтамасы. Бағдарламалық жасақатамалардың классификациясы.
- •23.Есептеу жүйесінің бағдарламалық жасақтамасы. Инструменталдық бағдарламалық жабдықтама.
- •26. Амалдық жүйелер. Аж классификациясы және функциялары.
- •27. Бумалар мен Файлдар (файл типі, файл атауы) Файлдық жүйе. Сілтеуіш ағдарламасының көмегімен файлдық жүйені басқару технологиясы.
- •29. Windows амалдық жүйесінің анықтамалық жүйелері
- •30. Компьютерлік вирус. Вирус классификациясы.
- •31. Ақпаратты қорғау. Ақп-ты қорғауда вирусқа қарсы бағд-қ құралдар және оның классиф-ы.
- •32. Ақпаратты қорғау. Ақпаратты қорғаудың криптографиялық əдістері.
- •35 Алгоритм, бағдарлама ұғымдары. Алгоритм түрлері, қасиеттері,Құрылымы
- •36. Есептеу желілері және телекоммуникациялар. Есептеу желісінің классификациясы және жұмыс істеу технологиясы.
- •38. Бағдарламалау технологиялары. Бағдарлама құрылымы.
- •40. Есептеу жүйесіндегі ақпараттарды өңдеу.
- •42 Есептеу жүйесіндегі кестелік процессорда мəліметтер қорын құру және басқару технологиялары.
- •43 Есептеу жүйесіндегі электрондық кестелерге енгізілетін ақпарат түрлері жəне оларды өңдеу технологиялары
- •44 Есептеу жүйесіндегі электрондық кестелердегі мəліметтерді графикалық бейнелеу технологясы.
- •45 Электрондық кестелерді өңдеу құралдары. Функция шеберлері арқылы есептеулер
- •47.Интернет. Іздеу жүйелері. Интернеттегі іздеуді ұйымдастыру.
- •48.Интернетті шолушы бағдарламалар. Internet Explorer бағдарламасымен жұмыс.
- •49.Интернет.Интернеттің қосымша қызмет түрлері.
- •50. Мқбж. Мәліметтер қорлары және мақсаты. Мқ модельдері.
- •53.Мқбж ms Access-те басылымдар түрлері жəне оларды құру технологиялары. Басылым (отчет) – мәліметтердің керекті құрылымын баспаға шығарып қағазда бейнелеу тәсілі
- •54.Мқбж ms Access-те пішімдер (формалар) түрлері жəне оларды құру технологиялары.
- •56. Мқбж ms Access-те кестеаралық байланыстар. Байланыстар схемаларының түрлері.
- •57) Сайт жасау технологиясы. Html элементтері.. Html тегтері
- •58) Эү дамуының концепциясы.Электрондық үкімет (эү) анықтамасы. Электрондық үкімет дамуының концепциясы
- •59. Компьютерде есепті шешудің негізгі кезеңдері.
- •60) Желі құру принциптері. Желінің программалық және аппараттық компоненттері.
1. Ақп-қ техн. пәні. Пәннің объектілері. Пәннің мақсаты
"Ақпарат" термині "informatio" деген латын сөзінен шыққан, мағынасында мəлімет, түсініктеме, түсіндіру дегенді білдіреді. Бұл терминнің кең таралғанына қарамастан, ақпарат ұғымы ғылымдағы ең таласты ұғымдардың бірі болып отыр. Ақпараттарды өңдеу үшін адамзат мыңдаған жылдар айналысты. Алғашқы ақп-қ техн-р есептеулер мен жазуға негізделді. Осыдан елу жылдай бұрын бұл технологиялардың жылдам дамуы басталды, бұл бірінші кезекте компьютерлердің пайда болуымен байланысты еді.
Қазіргі кезеңде "ақпараттық технология" термині ақпараттарды өңдеуге арналған компьютерлерді пайдаланумен байланысты қолданылады. Ақпаратты технологиялар барлық есептегіш техникалар мен байланыс техникаларын жəне ішінара,тұрмыстық электрониканы, телекөріністер мен радиотаратуды таратады. Ақп тех-я пәні адамдырдың ақпаратарды басқаруда ж/е өңдеуде пайдаланатын әдіс-р мен құрылғыларды сала-рда қолдану тур ғылым. АТ пәні Информатика пәні-ң құрамдас бөлігі.
Ақпараттық технология бұл адамдардың ақпараттарды өңдеу үшін пайдаланылатын әдістері құрылғыларының жиынтығын қамтиды. .
Олар өндірісте, саудада, басқаруда,банктік жүйеде, білім беруде, денсалық сақтауда, медицина мен ғылымда, көлік пен байланыста, ауыл шаруашылығында, əлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінде қолданыс табады, əртүрлі мамандықтағы адамдар мен үй шаруасындағы əйелдерге қызмет етеді.
Қазіргі уақытта ірі масштаптағы ақпараттық-технологиялық жүйелерді құру экономикалық тұрғыдан мүмкін болып отыр, бұл оларды дайындауға бағытталған ұлттық зерттеу жəне білім беру бағдарламаларының пайда болуына негіз жасайды
Пәннің мақсаты: бұл ғылымның тек компьютерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында ақпаратты кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.
Пәннің объектілері:
Ақпарат
Ақпаратты басқаруда, өңдеуде пайдаланатын құрылғылар
Ақпаратты басқару, өңдеу тәсілдері, әдістері.
2. Ақпараттық технологиялар ұғымы. Ақпараттық технологиялар мақсаты және құралдары.
Қазіргі кезеңде «ақп-тық тех-ия» термині ақп-ды өңдеуге арналған компьютерлерді пайдаланумен байланысты қолданылады.Ақп-ты тех-лар барлық есептегіш тех-лар мен байланыс тех-ры және ішінара тұрмыстық электрониканы, телекөріністер мен аудио таратуларды зерттейді. Олар өндірісте, саудада, басқаруда, банктік жүйеде, денсаулық сақтауда, медицина мен ғылымда көлік және байланыста, ауыл шаруашылығында, әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінде қолданыс табады. Ақпараттандырудың мақсаты-адамдар еңбегінің өнімділігін арттыру мен жағдайларын жеңілдету есебінен олардың тұрмысын жақсарту.
Сондай-ақ ақп-тық тех-лар дегеніміз-ЭЕМ жадындағы сақталған картоzкадағы, катологтардағы, әр түрлі архивтер мен кітапханалардағы информацияларды жинақтауға, біріктіріп сақтауға, керектілерін жылдам іздеп табуға болатын әр түрлі мәліметтер базасы мен информациялық жүйелер. Жаңа ақп-тық тех-дың дамуы ЭЕМ желілеріне негізделген электрондық поштасыз,байланыс желілері мен информациялық коммуникацияларсыз көзге елестету мүмкін емес.
Жаңа информациялық тех-ды жан-жақтылығын дұрыс түсіну үшін «тех-ия»ұғымының мәнін ашып алу керек.Қоғамдық дамудың алғашы кезеңдерінде «тех-ия»деп белгілі бір бұйымдарды жасау кезіндегі тәсілдер жиынын айтатын еді.
Өндірістің күрделіленуі, оны механикаландыру мен автоматтандыру тех-ия ұғымын машиналар, механизмдер құрал-саймандар және т.б өндіруді ұйымдастыру тәсілдері мен оған керек тех-лық жабдықтар жиыны ретінде қабылдауды қалыптастырады.
Ақп-ру –бұл халықтың тұрмыс салтының маңызды өзгерістерімен байланысты,күрделі әлеуметтік үрдіс.Ол көптеген бағыттырда соның ішінде компьютерлік сауатсыздықты жоюда,жаңа ақп–тық тех–ды пайдалану мәдениетін қалыптастыруда және т.б. қаржылы еңбекті қажет етеді.Ақп–ру бұл мағынасында «бұрын белгісіз бір нәрсені хабарлауды» білдіреді.
Ақпараттарды өңдеу құралдары- адамдар жасаған барлық қондырғылар мен жүйелер ж/е компьютер – ақпараттарды өңдеуге арналған әмбебап машина.
3. Ақпараттық технологиялардың даму тарихы, сатылары.
Информатиканың негізгі бөлімдерінің бірі болып табылатын ақ-қ тех-я – адам қызметінің барлық саласындағы (әлеуметтік, мәдени, құқық, ғылыми, өндіріс, басқару, қаржы, комерция, қорғаныс ж/е т.б) ақ-ты әзірлеу бойынша әртүрлі операцияларды орындайтын жұмыс тәсілдері мен нақты тех-қ ж/е программалық құралдардың жиынтығы.
Ақпараттық технологиялардың даму кезеңдері:
Бірінші кезең ХІХ ғасырдың екінші жартысымен шектеледі және ең бастысы, қылқалам, қағаз сияқты жабдықтарды пайдаланып, ақпаратты пошта, шабарманның көмегімен тарататын технологияларды білдіреді. Бұл технологиялар ақпаратты құру мен оны қажетті түрде ұсынуға бағытталған.
Екінші кезен ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың 40-жылдарына дейінгі аралықты алып жатыр. Ол жазу машинкалары, телефон, фонограф сияқты жабдықтарды, поштамен жеткізудің жетілдірілген (механикалық) тәсілдерін пайдаланумен сиппаталды. Технологиялар ақпаратты ұсынудың аса ыңғайлы формаларын қамтамасыз етеді.
Үшінші кезең ХХ ғасырдың ортасы (40-жылдардың соңынан 80- жылдарға дейінгі аралық). Ақпаратты өңдеудің акпараттаық технологиялары дами бастады. Оның жабдықтарына үлкен ЭЕМ, электрлік жазу машинкалары, көшірме аппараттары, магнитафондар жатады. Адам іс- әрекетерін түрлі салаларында ақпаратты өңдеуге арналған автоматтандырылған басқару жүйелері, базалық және арнайы программалы-техникалық кешендер, автоматтандырылған жұмыс орындары пайда болды.
Төртінші кезең (1980 жылдан бастап ХХІ ғасырдың басына дейін) дербес компьютерлерді және олардың әр түрлі программалық жабдықтамаларын, факсимальді байланыстарды, электрондық пошталарды, компьютерлік желілер мен Интернетті кеңінен қолдануға бағытталған «ақпараттық» кезең ретінде анықталды.
Пайдаланушылардың компьютермен немесе бір-бірімен қарым-қатынас жасаудың интерактивті режимі жүзеге асырылды. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі буыны-білімді ұсыну мен өңдеу.
Ақ-қ салаға дербес компьютрлерді енгізу әрі байланысты телекоммуникациялық құралдарын қолдану. Ақ-қ тех-ның жаңа даму кезеңін анықтап берді. Жана ақ-қ тех-я ұғымы әртүрлі құралдармен атап айтқанда, телефон, телеграф, комуникация, факс ж/е т.б ақпаратты беруді камтамасыз ететін коммуникациялық тех-ны да қамтитын болды. Осы заманғы ақ-тық тех-я ішінара мыналарды ұйғарады:
Машина тасушыдағы бастапқы ақ-ты тіркеуден бастап, ақ-ты кағазбен тасудан іс жүзінде толықтай бас тарту;
Әлемнің кез келген түкпірінде кез келген уақытта кез келген ақ-қа қол жеткізге болады.
Ақ-қ тех-яға ақ-қ және программалық құрал қажет. Ақ-қ тех-ның «шикізатына» тиісті өңдеуге жататын ақ-қ кіреді. Ақ-қ тех-яның түпкілікті өнімдеріне мыналар жатады: Мәтіндік ж/е графикалық құжаттар, бір табиғи тілден екінші табиғи тілге ударлама, шешімін табатын математикалық тапсырмалар, электрлі-тех-лық және машина жасаушы сызбалар, қолайлы анықтамалар мен энциклопедялар, эл. кеңесшілердің кеңестері, презинтация ж/е т.б.