
- •2. Заттар массасының сақталу заңы. Құрам тұрақтылық заңы
- •3. Химиялық байланыстардың типтерi(донорлы-акцепторлы, металдық). Мысалдарды келтір
- •6. Газ күйiндегi заттардың массаларын табу тәсiлдерi. Бiр газдың екiншi газ бойынша салыстырмалы тығыздығы.
- •7. Эквивалент және эквивалент заңы; жәй және кұрделi заттардың эквивалентiн анықтау тiсiлдерi. Мысалдарды келтір
- •8.Элементтердің Менделеевке дейінгі классификациясы. Периодтық заң және периодтық жүйе.
- •9. Коваленттi байланыстың қасиеттерi (гибриттенуi, молекулалардың пiшiнi). Мысалдарды келтір
- •10. Химиялық байланыс пен элементтердің максимал валенттіктері, еселік, сигма (σ), пи (π) байланыстар
- •11. Дж. Томсоның моделi мен Резерфордтың атомның ядролық моделi.
- •12. Химиялық байланыстардың типтерi (коваленттi полюстi және полюссiз) Мысалдарды келтір
- •13. Атом құрылысы туралы квант-механикалық көқзарас. Квант сандары (бас квант саны, орбиталь квант саны, магнит квант саны, спин квант саны).
- •14. Периотық жүйе және атомдардың электрондық құрылымы.
- •15. Химиялық реакциялардың жылдамдығына әрекеттесушi заттардың табиғатының және концентрациясының әсерi. Әсер етушi массалар заңы
- •16. Коп электронды элемент атомдарының электрондық құрылымы. (Паули және минимал энергия принципi. Клечковский және Хунд ережелерi).
- •17. Химиялық элементтердiң қасиеттерiнiң периодтылығы (металдық және бейметалдық, атом радиусы, иондану энергиясы, электрон ынтықтық, электртерiстiк)
- •18. Химиялық реакциялардың жылдамдығына температураның және катализатордың әсерi, Вант-Гофф ережесi.
- •19. Химиялық тепе-теңдiктi ығыстыру әдiстерi. Ле-Шателье принципi.
- •20. Қайтымды және қайтымсыз реакциялар. Мысалдарды келтір
- •21. Тотығу-тотысыздану реакцияларының типтері. Мысалдарды келтір
- •22. Ерiтiндiлердiң жалпы стипаттамасы. Ерiгiштiк.
- •23. Ерiтiндi құрамын сан мәнiмен өрнектеу. Ерiтiндiлердiң концентрациясы.
- •24. Маңызды тотықсыздандырғыштар мен тотықтырғыштар.
- •25. Күштi және әлсiз электролиттер. Диссоциациялану дәрежесi.
- •26. С.Аррениустың электролиттiк диссоциация теориясы. Электролиттер және бейэлектролиттер.
- •27.Диссоциациялану константасы. Оствальдтың сұйылту заңы.
- •28. Судың диссоциациялануы. Сутектiк көрсеткiш (рН).
- •30. Тұздардың гидролизi. Дәрежесі мен константасы. Мысалдарды келтір
- •31.Комплексті қосылыстардағы координациялық сфераның құрылысы.
- •32. Ерітіндідегі комплексті косылыстардың номенклатурасы
- •33.Комплексті косылыстарды алу және реакциялары.
- •34. Орталық ион, лигандтар, лигандтардың донорлы атомы, координациялық сан, сыртқы сфералық ион. Комплексті қосылыстардың тұрақтылығы.
18. Химиялық реакциялардың жылдамдығына температураның және катализатордың әсерi, Вант-Гофф ережесi.
Реакцияның жылдамдығына температураның әсері. Заттардың әрекеттесуі үшін олардың бөлшектері өзара кездесіп соқтығысуы қажет. Соқтығысу нәтижесінде бөлшектердің электрон бұлттарының тығыздықтары өзгеріп, жаңа химиялық байланыс түзіледі. Тәжірибе жүзінде температура әрбір 100С – қа
артқанда реакция жылдамдығы 2-4 есе ӛсетіндігі анықталған. Бұл ереже оны ашқан ғалымның атымен Вант – Гофф ережесі деп аталады.Вант – Гофф ережесінің математикалық теңдеуін жылдамдық
константаларының не жылдамдықтардың арақатынасы арқылы өрнектесек:
γ
– жылдамдықтың температуралық
коэффициенті, оның мәні 2 – 4
аралығында жатады. Бҧл қатынастардың жуықтан орындалатынына қарамастан
көптеген процестердің температураға тәуелділігін білу маңызды роль атқарады.
Катализатордың әсері. Катализатор дейтініміз – реакцияның жылдамдығын өзгертіп, бірақ реакция нәтижесінде өздері химиялық өзгермей қалатын заттар.Әрбір реакцияның өзіне лайықты катализаторлары болады, ол катализатор басқа реакцияларға әсер етпеуі мүмкін. Кей жағдайда әр түрлі катализаторлар қолданып, бір заттан бірнеше өнімдер алуға болады. Реакцияға катализатор қатысқандықтан ондағы актив молекулалар саны артады, содан барып реакциялар жылдамдығы артады. Катализаторлар қатты, сұйық және газ күйінде де болады. Қатты катализаторлардың катализаторлық активтігінен айырылып қалуы оның
улануы, мұндай заттар катализатордың уы деп аталады. Катализатордың уымен қатар активаторлары белгілі, бҧл өз бетінше катализаторлық активтілігі жоқ,бірақ аз мөлшерде катализаторға араластырса, оның активтігін көтеретін заттар;мұндай заттарды промотр деп атайды. Реакция жылдамдығын тездететін
катализатордан басқа реакцияны баяулататын қасиеттері бар заттар да бар,оларды ингибитор деп атайды.
Катализатор әсерінен жылдамдығын өзгертетін процестерді каталитикалық процесс немесе катализ деп атайды.Катализде гомогенді және гетерогенді болады. Гомогенді катализде катализатор да, реакцияласушы заттар да бір фазада болады. Гетерогенді катализде катализатор мен рекцияласушы заттар әр түрлі фазаға жатады.Гомогенді катализдегі катализатордың әсері аралық қосылыстардың түзілуі арқылы түсіндіріледі. Айталық А + Б = АБ реакциясы өте баяу жүреді;оған катализатор К қатынастырсақ, реакция тездейді, өйткені ол арада реакцияласқыш аралық қосылыс АК тҥзіледі:А + К = АК
Тҥзілген аралық қосылыс АК, Б затымен реакцияласып бізге керекті АБ
қосылысын түзеді: катализатор К бос таза күйде бөлініп шығады;АК + Б = АБ + К
Бұдан катализатор реакцияға қатысқанымен реакция нәтижесінде химиялық өзгермей қалатындығын көреміз.Химиялық тепе – теңдік күйіне келіп тұрған жүйенің жағдайының(концентрация, температура, қысым) біреуін өзгерту, тепе – теңдікті сол өзгертуге қарсы әрекет туғызатын реакция бағытына қарай ығыстырады.Температура көтерілгенде тепе – теңдік эндотермиялық реакция бағытына қарай, ал температура төмендегенде экзотермиялық реакция бағытына қарай ығысады. Мұны Вант – Гофф заңы деп атайды.