
- •2. Заттар массасының сақталу заңы. Құрам тұрақтылық заңы
- •3. Химиялық байланыстардың типтерi(донорлы-акцепторлы, металдық). Мысалдарды келтір
- •6. Газ күйiндегi заттардың массаларын табу тәсiлдерi. Бiр газдың екiншi газ бойынша салыстырмалы тығыздығы.
- •7. Эквивалент және эквивалент заңы; жәй және кұрделi заттардың эквивалентiн анықтау тiсiлдерi. Мысалдарды келтір
- •8.Элементтердің Менделеевке дейінгі классификациясы. Периодтық заң және периодтық жүйе.
- •9. Коваленттi байланыстың қасиеттерi (гибриттенуi, молекулалардың пiшiнi). Мысалдарды келтір
- •10. Химиялық байланыс пен элементтердің максимал валенттіктері, еселік, сигма (σ), пи (π) байланыстар
- •11. Дж. Томсоның моделi мен Резерфордтың атомның ядролық моделi.
- •12. Химиялық байланыстардың типтерi (коваленттi полюстi және полюссiз) Мысалдарды келтір
- •13. Атом құрылысы туралы квант-механикалық көқзарас. Квант сандары (бас квант саны, орбиталь квант саны, магнит квант саны, спин квант саны).
- •14. Периотық жүйе және атомдардың электрондық құрылымы.
- •15. Химиялық реакциялардың жылдамдығына әрекеттесушi заттардың табиғатының және концентрациясының әсерi. Әсер етушi массалар заңы
- •16. Коп электронды элемент атомдарының электрондық құрылымы. (Паули және минимал энергия принципi. Клечковский және Хунд ережелерi).
- •17. Химиялық элементтердiң қасиеттерiнiң периодтылығы (металдық және бейметалдық, атом радиусы, иондану энергиясы, электрон ынтықтық, электртерiстiк)
- •18. Химиялық реакциялардың жылдамдығына температураның және катализатордың әсерi, Вант-Гофф ережесi.
- •19. Химиялық тепе-теңдiктi ығыстыру әдiстерi. Ле-Шателье принципi.
- •20. Қайтымды және қайтымсыз реакциялар. Мысалдарды келтір
- •21. Тотығу-тотысыздану реакцияларының типтері. Мысалдарды келтір
- •22. Ерiтiндiлердiң жалпы стипаттамасы. Ерiгiштiк.
- •23. Ерiтiндi құрамын сан мәнiмен өрнектеу. Ерiтiндiлердiң концентрациясы.
- •24. Маңызды тотықсыздандырғыштар мен тотықтырғыштар.
- •25. Күштi және әлсiз электролиттер. Диссоциациялану дәрежесi.
- •26. С.Аррениустың электролиттiк диссоциация теориясы. Электролиттер және бейэлектролиттер.
- •27.Диссоциациялану константасы. Оствальдтың сұйылту заңы.
- •28. Судың диссоциациялануы. Сутектiк көрсеткiш (рН).
- •30. Тұздардың гидролизi. Дәрежесі мен константасы. Мысалдарды келтір
- •31.Комплексті қосылыстардағы координациялық сфераның құрылысы.
- •32. Ерітіндідегі комплексті косылыстардың номенклатурасы
- •33.Комплексті косылыстарды алу және реакциялары.
- •34. Орталық ион, лигандтар, лигандтардың донорлы атомы, координациялық сан, сыртқы сфералық ион. Комплексті қосылыстардың тұрақтылығы.
16. Коп электронды элемент атомдарының электрондық құрылымы. (Паули және минимал энергия принципi. Клечковский және Хунд ережелерi).
Клечковскийдің бірінші ережесі. Элемент атомының электрондары оның энергетикалық деңгейлері мен деңгейшелерінде бас және орбиталь квант сандары қосындысының (n + l) өсуі ретімен орналасады.
Клечковскийдің екінші ережесі. Егер екі деңгейше үшін бас және орбиталь сандарының қосындысы (n + l) бірдей болса, онда электрон алдымен l– дің мәні кіші n – нің мәні ҥлкен деңгейшеде, одан соң n – нің мәні үлкен l –дің мәні кіші деңгейшеде орналасады.
Паули принципі. Күрделі атомдардың орбитальдарын электрондармен толтыру үшін орбитальдардың әрқайсысында бола алатын электрондар санын анықтап алу қажет. Ол ҥшін 4 квант санын өзара комбинациялайдың жолын білу керек. Швецария физигі В. Паули 1925 жылы элементтердің периодтық
жүйедегі орнына қарап және спектрлерін анализдей отырып, квант сандарын электронның реалды күйін сипаттай алатындай етіп, комбинациялаудың жалпы принципін ұсынған. Паули бұл тыйым салу деп аталған принципі бойынша бір атомның ішінде барлық жағынан ұқсас екі электрон болуы мүмкін емес, яғни
атомдағы 2 электронның 4 квант санының төртеуі де бірдей бола алмайды.
Атомдағы әрбір электронның басқалардан гөрі ең кемінде бір квант сан өзгеше болуы керек. Паули принципін пайдалана отырып алғашқы екі квант қабатында бола алатын электрондардың санын табайық:
n = 1, l = 0 десек, ондағы электрондардың тек спиндері ғана өзгеше болады:n l m s
1 – электрон: 1 0 0 +½
2- электрон: 1 0 0 -½
Мұнда үшінші электрон болуы мүмкін емес, егер болған жағдайда онда Паули принципін бұзып, үшінші электрон алғашқы екеуінің біреуіне ұқсап кетер еді. n = 2 болғанда біріне бірі ұқсамайтын 8 электрон бола алады.Бір квант қабатындағы бірдей орбитальдарды электрондармен толтыру үшін Гунд ережесін білу керек. Гунд ережесі бойынша берілген қабатшадағы электрондардың спин сандарының қосындысы максималь болуы шарт.
17. Химиялық элементтердiң қасиеттерiнiң периодтылығы (металдық және бейметалдық, атом радиусы, иондану энергиясы, электрон ынтықтық, электртерiстiк)
Әрбір периодта солдан оңға қарай элементтердің реттік нөмірлерінің өсуіне байланысты олардың металдық қасиеттері кеміп, бейметалдық қасиеттері артады. Оның себебі атом құрылысы тұрғысынан қарағанда бір
периодтағы элементтердің электрондық қабаттарының саны өзгермейді, ал ядро зарядтарының саны біртіндеп арта береді де сыртқы валенттік электрондардың ядроға тартылу күшейеді. Осының нәтижесінде элементтердің радиустары кішірейіп, электрон беру қабілеті азаяды, яғни металдық қасиеттері кемиді де,
бейметалдық қасиеттері артады. Қысқа периодты жүйе жеті периодтар, ал бҧлар 10 қатардан тұрады.
Алғашқы үш периодтың әрқайсысы бір қатардан тұрады және оларды кіші периодтар деп атайды. Бірінші период екі элементтен (сутегі мен гелий), ал 2 және 3 периодтың әрқайсысы 8 элементтен тұрады. Кіші периодтарда элементтердің қасиеттері заңды түрде сілтілік металдан инертті газдарға дейін
өзгереді. 4, 5, 6, 7 периодтар үлкен периодтар деп аталады және әрқайсысы 2 қатардан тұрады. 7 период әлі аяқталмаған. 4 және 5 периодтың әрқайсысы 18 элементтен тұрады, 6 период кестенің төменгі жағына орналасқан лантаноидты қоса есептегенде 32 элементтен, ал 7 период кестеден тыс орналасқан актиноидты қосқанда шамамен 19 элементтен тұрады.Кіші периодтарда элементтердің қасиеттері біртіндеп өзгеретін болса,әрбір үлкен период ішінде элементтердің қасиеттері екі рет периодты түрде өзгереді. Мысалы, әр периодта элементтердің оксидтеріндегі жоғары валенттіктері периодтың басынан ортасына дейін біртіндеп өсіп шегіне жетеді, содан кейін қайтадан 1 – ден 7 – ге дейін өседі.Периодты жүйенің ұзын пішінді кестесінде негізгі топшалар бір – бірінен бөлініп әрқайсысы жеке топтар түрінде орналасқан. Қысқа пішінді кестеде бір топқа жататын негізгі және қосымша топша элементтерінің ұқсастығын көрсету үшін олардың нөмірлері бірдей, ал индекстері әр түрлі болады (мысалы ІА –негізгі, ІВ – қосымша). Сонымен қатар ұзын формалы периодтық жүйеде лантаноидтар мен актиноидтар кестенің құрамына кіреді.Д. И. Менделеевтің қысқа пішінді периодтық жүйесі вертикаль бағытта орналасқан сегіз топтан тұрады. Әрбір топ негізгі және қосымша топшаға бөлінеді. Бір топтағы негізгі және қосымша топша элементтерінің оттекті
қосылыстарындағы ең жоғарғы валенттілігі сол топтың нөміріне сәйкес.Әрбір топтағы бір топшаға орналасқан элементтердің қасиеттері өзара ұқсас болады. Әрбір негізгі топшада жоғарыдан төмен қарай металдық қасиет күшейіп, бейметалдық қасиет азаяды, өйткені осы бағытта олардың атомдарының радиустары артып, тотықсыздандырғыштық қабілеті артады.Мысалы, төртінші негізгі топшадағы көміртегі бейметалл, ал қорғасын нағыз металл.