
- •2. Заттар массасының сақталу заңы. Құрам тұрақтылық заңы
- •3. Химиялық байланыстардың типтерi(донорлы-акцепторлы, металдық). Мысалдарды келтір
- •6. Газ күйiндегi заттардың массаларын табу тәсiлдерi. Бiр газдың екiншi газ бойынша салыстырмалы тығыздығы.
- •7. Эквивалент және эквивалент заңы; жәй және кұрделi заттардың эквивалентiн анықтау тiсiлдерi. Мысалдарды келтір
- •8.Элементтердің Менделеевке дейінгі классификациясы. Периодтық заң және периодтық жүйе.
- •9. Коваленттi байланыстың қасиеттерi (гибриттенуi, молекулалардың пiшiнi). Мысалдарды келтір
- •10. Химиялық байланыс пен элементтердің максимал валенттіктері, еселік, сигма (σ), пи (π) байланыстар
- •11. Дж. Томсоның моделi мен Резерфордтың атомның ядролық моделi.
- •12. Химиялық байланыстардың типтерi (коваленттi полюстi және полюссiз) Мысалдарды келтір
- •13. Атом құрылысы туралы квант-механикалық көқзарас. Квант сандары (бас квант саны, орбиталь квант саны, магнит квант саны, спин квант саны).
- •14. Периотық жүйе және атомдардың электрондық құрылымы.
- •15. Химиялық реакциялардың жылдамдығына әрекеттесушi заттардың табиғатының және концентрациясының әсерi. Әсер етушi массалар заңы
- •16. Коп электронды элемент атомдарының электрондық құрылымы. (Паули және минимал энергия принципi. Клечковский және Хунд ережелерi).
- •17. Химиялық элементтердiң қасиеттерiнiң периодтылығы (металдық және бейметалдық, атом радиусы, иондану энергиясы, электрон ынтықтық, электртерiстiк)
- •18. Химиялық реакциялардың жылдамдығына температураның және катализатордың әсерi, Вант-Гофф ережесi.
- •19. Химиялық тепе-теңдiктi ығыстыру әдiстерi. Ле-Шателье принципi.
- •20. Қайтымды және қайтымсыз реакциялар. Мысалдарды келтір
- •21. Тотығу-тотысыздану реакцияларының типтері. Мысалдарды келтір
- •22. Ерiтiндiлердiң жалпы стипаттамасы. Ерiгiштiк.
- •23. Ерiтiндi құрамын сан мәнiмен өрнектеу. Ерiтiндiлердiң концентрациясы.
- •24. Маңызды тотықсыздандырғыштар мен тотықтырғыштар.
- •25. Күштi және әлсiз электролиттер. Диссоциациялану дәрежесi.
- •26. С.Аррениустың электролиттiк диссоциация теориясы. Электролиттер және бейэлектролиттер.
- •27.Диссоциациялану константасы. Оствальдтың сұйылту заңы.
- •28. Судың диссоциациялануы. Сутектiк көрсеткiш (рН).
- •30. Тұздардың гидролизi. Дәрежесі мен константасы. Мысалдарды келтір
- •31.Комплексті қосылыстардағы координациялық сфераның құрылысы.
- •32. Ерітіндідегі комплексті косылыстардың номенклатурасы
- •33.Комплексті косылыстарды алу және реакциялары.
- •34. Орталық ион, лигандтар, лигандтардың донорлы атомы, координациялық сан, сыртқы сфералық ион. Комплексті қосылыстардың тұрақтылығы.
9. Коваленттi байланыстың қасиеттерi (гибриттенуi, молекулалардың пiшiнi). Мысалдарды келтір
Орбитальдардың гибридтелу теориясы. Көптеген элементтердің атомдары химиялық байланыстар түзуге өздерінің әр түрлі деңгейшелерінде жатқан электрондарын пайдаланады. Осыдан келіп бір элементтің әр түрлі пішінді орбитальдары басқа элементтің орбитальдарымен әрекеттескенде түзілген химиялық байланыстар беріктігі неге бірдей болады деген сұрақ туады. Бұл сұраққа тек элементтер атомдарының гибридтелу теориясы жауап береді. Бұл теория бойынша химиялық байланыс түзердің алдында атомның әр түрлі орбитальдарының пішіндері мен энергиялары бірдей, кеңістікте симметриялы түрде орналасқан жаңа гибридті орбитальдар болады.Жеке s – немесе р – орбитальдардың қатысуымен түзілген химиялық
байланыстарға қарағанда гибридті орбитальдардың қатысуымен түзілген химиялық байланыстар мықтырақ болады. Өйткені гибридті орбитальдар басқа орбитальдарға қарағанда көбірек қаптасады.
Екінші негізгі топша элементтерінің қозған күйлерінде бір s -, бір р –электрондары болады. Сондықтан бұл элементтердің бір s - , бір р –орбитальдарының гибридтелуінен пішіндері және энергиялары бірдей, бір –
біріне 180 бұрыш жасай орналасқан екі гибридті орбитальдар түзіледі.Осы гибридті орбитальдардың қатысуымен түзілген ВеСl2 молекуласындағы
екі коваленті байланыс түзу сызықты 180бұрыш жасап орналасады
Үшінші негізгі топша элементтері атомдарының қозған күйлерінде бір s -,екі р – электрондары болады. Соған сәйкес олардың бір s – екі р –орбитальдарының гибридтелуінен кеңістікте бір – біріне 120 бұрыш жасай орналасқан үш sр2 – гибридті орбитальдар түзіледі .
ВСl3 молекуласы үш ковалентті байланыс бір – біріне 120 бұрыш жасай орналасқан . sp2 – гибридті орбиталь .ВСl3 молекуласы Төртінші негізгі топша элементтерінің атомдарының қозған күйлерінде
бір s – үш р – электрондары болады. Осы электрондардың бір s -, үш р –орбитальдарының гибридтелуінің нәтижесінде кеңістікте бір – біріне 109 бұрыш жасай орналасқан және тетраэдрдің төрт бұрышына қарай бағытталған sp3 – гибридті орбитальдар тҥзіледі. Осындай 4sp3 – гибридті орбитальдардың қатысуымен тҥзілген төрт ковалентті байланыстың орналасуы тетраэдр тәріздес болады. Мысалы, көміртегі атомының төрт sp3 – гибридті орбитальдары төрт сутегі атомдарының s – орбитальдарымен СН4 молекуласын
түзуі .
10. Химиялық байланыс пен элементтердің максимал валенттіктері, еселік, сигма (σ), пи (π) байланыстар
Сигма байланысы. Атомдардың орбитальдарының бір – бірімен қаптасуы нәтижесінде түзілген молекулалық орбиталь немесе ковалентті химиялық байланыс сол атомдардың ядроларының арасын байланыстыратын белдеу сызығының бойында жатса, онда осы сигма (σ) байланыс дейді.
Сигма байланысы екі s – немесе екі р - , немесе екі d – орбитальдар және s– пен р -, d – мен s - , d – мен р – орбитальдар әрекеттескенде түзіледі.
Пи – байланысы π. Атомдардың электрон орбитальдарының бір – бірімен қаптасу арқылы түзілген молекулалық орбиталь сол атомдардың ядроларын байланыстыратын белдеу сызығына тік бұрыш жасай жатса онда оны пи (π) байланысы дейді.
δ – байланыс Бұл байланысты параллель жазықтарда жатқан екі d –
орбитальдар өздерінің күлтелерімен түгел бір – бірімен қаптасу нәтижесінде
түзіледі.