- •2. Заттар массасының сақталу заңы. Құрам тұрақтылық заңы
- •3. Химиялық байланыстардың типтерi(донорлы-акцепторлы, металдық). Мысалдарды келтір
- •6. Газ күйiндегi заттардың массаларын табу тәсiлдерi. Бiр газдың екiншi газ бойынша салыстырмалы тығыздығы.
- •7. Эквивалент және эквивалент заңы; жәй және кұрделi заттардың эквивалентiн анықтау тiсiлдерi. Мысалдарды келтір
- •8.Элементтердің Менделеевке дейінгі классификациясы. Периодтық заң және периодтық жүйе.
- •9. Коваленттi байланыстың қасиеттерi (гибриттенуi, молекулалардың пiшiнi). Мысалдарды келтір
- •10. Химиялық байланыс пен элементтердің максимал валенттіктері, еселік, сигма (σ), пи (π) байланыстар
- •11. Дж. Томсоның моделi мен Резерфордтың атомның ядролық моделi.
- •12. Химиялық байланыстардың типтерi (коваленттi полюстi және полюссiз) Мысалдарды келтір
- •13. Атом құрылысы туралы квант-механикалық көқзарас. Квант сандары (бас квант саны, орбиталь квант саны, магнит квант саны, спин квант саны).
- •14. Периотық жүйе және атомдардың электрондық құрылымы.
- •15. Химиялық реакциялардың жылдамдығына әрекеттесушi заттардың табиғатының және концентрациясының әсерi. Әсер етушi массалар заңы
- •16. Коп электронды элемент атомдарының электрондық құрылымы. (Паули және минимал энергия принципi. Клечковский және Хунд ережелерi).
- •17. Химиялық элементтердiң қасиеттерiнiң периодтылығы (металдық және бейметалдық, атом радиусы, иондану энергиясы, электрон ынтықтық, электртерiстiк)
- •18. Химиялық реакциялардың жылдамдығына температураның және катализатордың әсерi, Вант-Гофф ережесi.
- •19. Химиялық тепе-теңдiктi ығыстыру әдiстерi. Ле-Шателье принципi.
- •20. Қайтымды және қайтымсыз реакциялар. Мысалдарды келтір
- •21. Тотығу-тотысыздану реакцияларының типтері. Мысалдарды келтір
- •22. Ерiтiндiлердiң жалпы стипаттамасы. Ерiгiштiк.
- •23. Ерiтiндi құрамын сан мәнiмен өрнектеу. Ерiтiндiлердiң концентрациясы.
- •24. Маңызды тотықсыздандырғыштар мен тотықтырғыштар.
- •25. Күштi және әлсiз электролиттер. Диссоциациялану дәрежесi.
- •26. С.Аррениустың электролиттiк диссоциация теориясы. Электролиттер және бейэлектролиттер.
- •27.Диссоциациялану константасы. Оствальдтың сұйылту заңы.
- •28. Судың диссоциациялануы. Сутектiк көрсеткiш (рН).
- •30. Тұздардың гидролизi. Дәрежесі мен константасы. Мысалдарды келтір
- •31.Комплексті қосылыстардағы координациялық сфераның құрылысы.
- •32. Ерітіндідегі комплексті косылыстардың номенклатурасы
- •33.Комплексті косылыстарды алу және реакциялары.
- •34. Орталық ион, лигандтар, лигандтардың донорлы атомы, координациялық сан, сыртқы сфералық ион. Комплексті қосылыстардың тұрақтылығы.
30. Тұздардың гидролизi. Дәрежесі мен константасы. Мысалдарды келтір
Тұздардың гидролизі. Тұздардың көпшілігі суға ерігенде, оның иондары,судың сутек не гидроксид ионымен қосылады, мұны тұздардың гидролизі дейді.Тұздың өзін қышқыл мен негізден яғни катион мен анионнан тұрады деп қарасақ, онда негізінде төрт түрлі тұз болуы мүмкін екен: әлсіз қышқыл мен
күшті негізден түзілген тұз, күшті қышқыл мен әлсіз негізден түзілген тұз, әлсіз қышқыл мен әлсіз негізден түзілген және күшті қышқыл мен күшті негізден түзілген тұздар. Енді осы әр түрлі тұздардың гидролизін қарастырамыз:
1. Әлсіз қышқыл мен күшті негіздің тұзы. Мысалы NaCN, NaCH3COO, Na2CO3 сияқты тұздар. Судың молекулалары аз да болса диссоциацияланады.Судың иондары NaOH және HCN молекулаларын түзуге болар еді; бірақ NaOH күшті негіз болғандықтан оның молекулалары ерітінді жағдайында
болғандықтан бұл иондардан түзіле алмайды, ал HCN - әлсіз қышқыл. Сондықтан нашар диссоциацияланатын HCN молекулаларын түзеді:
NaCN + H2O = NaOH + HCN
CN- + H2O = HCN + OH-
Мұнда гидроксид иондарының концентрациясы өсіп, ерітінді сілтілік реакция көрсетеді.
2. Күшті қышқыл мен әлсіз негізден тұратын тұз. Оның мысалы NH4Cl,CuCl2, (NH4)2SO4. NH4Cl тұзын суда ерітсек, ерітіндідегі гидролиз процесі мынатүрде көрсетіледі:
NH4Cl + H2O = NH4OH + HCl
NH4+ + H2O = NH4OH + H+
Нәтижесінде ерітіндіде ОН- иондарынан Н+ иондары көбірек болады,ерітінді қышқылдық реакция көрсетеді.
3. Күшті қышқыл мен күшті негізден тұратын тұз. Мұндай тұздардың мысалына калий хлоридінің гидролизін келтіруге болады:
KCl + H2O = KOH + HCl
K+ + Cl- + H2O = K+ + OH- + H+ + Cl-
Калий хлориді гидролизінің теңдеуі күшті негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздардың иондарының су иондарымен әрекеттеспейді, сол себепті ерітінді бейтарап болады.
4. Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан тұратын тұз. Мысалы CH3COONH4,(NH4)2S бұл тұздардың катионы да, анионы да сумен әрекеттеседі:
CH3COONH4 + H2O = CH3COOH + NH4OH
CH3COO- + NH4+ + H2O = CH3COOH + NH4OH
Түзілетін қышқыл мен негіздің күшіне қарай, қайсысы басым болса,ерітіндінің ортасы аздаған қышқылдық немесе негіздік болуы мүмкін.
Гидролиздену дәрежесі. Гидролиздену дәрежесі дегеніміз тұздың гидролизденген мөлшерінің оның жалпы еріген мөлшеріне қатынасы, оны пайызға шағуға болады:
31.Комплексті қосылыстардағы координациялық сфераның құрылысы.
Комплексті қосылыстар туралы ілімнің негізін жасаған Швейцария ғалымы Альфред Вернер. Вернердің пікірі бойынша қосылыстардың бірінші ретті (қарапайым) және жоғары ретті деп екі топқа бөлуге болады. Жоғары ретті қосылыстар бірінші ретті қосылыстардың өзара бірігуі нәтижесінде түзіледі. Олардың кейбіреулері қатты күйінде де еріген күйінде де тұрақты болады, ал енді біреулері қатты күйінде тұрақты болғанымен, ерітіндіде құрам бөліктеріне ыдырап кетеді. Мұндай қатты күйінде де және еріген күйінде де тұрақты болып келетін жоғары ретті қосылыстар комплексті қосылыстар деп
аталады.Комплекс түзушінің айналасына, соның әсері жететіндей жақындатқанда жиналған, яғни координацияланған иондарды не молекулаларды лигандтар(аддендтер) деп атайды. Осылар (комплекс түзуші мен лигандтар) бірігіп,комплексті қосылыстың ішкі сферасын құрайды. Ішкі сфераға орналаспай
қалған иондар комплексті қосылыстың сыртқы сферасын құрайды. Комплексті қосылыстарды жазғанда олардың ішкі және сыртқы сфераларын айырып көрсету үшін ішкі сфераны квадрат жақшаға алады. Мысалы:
[Pt(NH3)], Cl2, [NH4]Cl, [Pt(NH3)2Cl2]Cl2
Комплексті қосылысты суға еріткенде сыртқы сферадағы иондар диссоциацияланып кетеді. Сондықтан оның комплекс ионымен байланысы иондық болады. Енді ішкі сферада координацияланған иондар болсын, не молекулалар болсын, олар комплекс түзушімен байланысқан қалпында диссоциацияланбайтын комплекс болып қала береді. Мысалы, PtCl4 ∙ 4NH3 сияқты аммиакат комплексті қосылыс [Pt(NH3)4Cl2]Cl2 былай
диссоциацияланады:
[Pt(NH3)4Cl2]Cl2 = [Pt(NH3)4Cl2]+ + 2Cl-
Комплекстің ішкі сферасында координацияланатын лигандтар иондар не бейтарап, бірақ полюсті молекулалар болуы мүмкін, онымен қатар бұлар аралас болуы мүмкін, мысалы CrCl3 ∙ 5NH3 дұрысында мынадай комплексті қосылыс[Cr(NH3)5Cl]Cl2
