
- •2. Заттар массасының сақталу заңы. Құрам тұрақтылық заңы
- •3. Химиялық байланыстардың типтерi(донорлы-акцепторлы, металдық). Мысалдарды келтір
- •6. Газ күйiндегi заттардың массаларын табу тәсiлдерi. Бiр газдың екiншi газ бойынша салыстырмалы тығыздығы.
- •7. Эквивалент және эквивалент заңы; жәй және кұрделi заттардың эквивалентiн анықтау тiсiлдерi. Мысалдарды келтір
- •8.Элементтердің Менделеевке дейінгі классификациясы. Периодтық заң және периодтық жүйе.
- •9. Коваленттi байланыстың қасиеттерi (гибриттенуi, молекулалардың пiшiнi). Мысалдарды келтір
- •10. Химиялық байланыс пен элементтердің максимал валенттіктері, еселік, сигма (σ), пи (π) байланыстар
- •11. Дж. Томсоның моделi мен Резерфордтың атомның ядролық моделi.
- •12. Химиялық байланыстардың типтерi (коваленттi полюстi және полюссiз) Мысалдарды келтір
- •13. Атом құрылысы туралы квант-механикалық көқзарас. Квант сандары (бас квант саны, орбиталь квант саны, магнит квант саны, спин квант саны).
- •14. Периотық жүйе және атомдардың электрондық құрылымы.
- •15. Химиялық реакциялардың жылдамдығына әрекеттесушi заттардың табиғатының және концентрациясының әсерi. Әсер етушi массалар заңы
- •16. Коп электронды элемент атомдарының электрондық құрылымы. (Паули және минимал энергия принципi. Клечковский және Хунд ережелерi).
- •17. Химиялық элементтердiң қасиеттерiнiң периодтылығы (металдық және бейметалдық, атом радиусы, иондану энергиясы, электрон ынтықтық, электртерiстiк)
- •18. Химиялық реакциялардың жылдамдығына температураның және катализатордың әсерi, Вант-Гофф ережесi.
- •19. Химиялық тепе-теңдiктi ығыстыру әдiстерi. Ле-Шателье принципi.
- •20. Қайтымды және қайтымсыз реакциялар. Мысалдарды келтір
- •21. Тотығу-тотысыздану реакцияларының типтері. Мысалдарды келтір
- •22. Ерiтiндiлердiң жалпы стипаттамасы. Ерiгiштiк.
- •23. Ерiтiндi құрамын сан мәнiмен өрнектеу. Ерiтiндiлердiң концентрациясы.
- •24. Маңызды тотықсыздандырғыштар мен тотықтырғыштар.
- •25. Күштi және әлсiз электролиттер. Диссоциациялану дәрежесi.
- •26. С.Аррениустың электролиттiк диссоциация теориясы. Электролиттер және бейэлектролиттер.
- •27.Диссоциациялану константасы. Оствальдтың сұйылту заңы.
- •28. Судың диссоциациялануы. Сутектiк көрсеткiш (рН).
- •30. Тұздардың гидролизi. Дәрежесі мен константасы. Мысалдарды келтір
- •31.Комплексті қосылыстардағы координациялық сфераның құрылысы.
- •32. Ерітіндідегі комплексті косылыстардың номенклатурасы
- •33.Комплексті косылыстарды алу және реакциялары.
- •34. Орталық ион, лигандтар, лигандтардың донорлы атомы, координациялық сан, сыртқы сфералық ион. Комплексті қосылыстардың тұрақтылығы.
25. Күштi және әлсiз электролиттер. Диссоциациялану дәрежесi.
Күшті және әлсіз электролиттер Электролит молекуласындағы атомдар арасындағы байланыстың беріктігіне карай диссоциацияланған молекулалар саны диссоциацияланбаған молекулалар санынан не көп, не аз болуы мүмкін. Электролит молекуласындағы байланыс әлсіз болса, диссоциацияланған молекулалар саны көп болады. Керісінше байланыс берік болғанда, иондарға айналатын молекулалар саны аз болады. Электролиттің қандай мөлшерде диссоциацияланғанын көрсететін шама -иссоциациялану дәрежесі деп аталады және α (альфа) әрпімен белгіленеді. Диссоциациялану дәрежесі дегеніміз — диссоциацияланган молекулалар санының ерітіндідегі жалпы молекулалар санына қатынасы. Диссоциациялану дәрежесін процентпен көрсету үшін оның шамасын 100-ге көбейтеді. Мысалы, электролиттің диссоциациялану дәрежесі 60% болса, бұл оның 100 молекуласының 60-ы иондарға ыдырағанын білдіреді. Диссоциациялану дәрежесіне байланысты электролиттер 3 топқа жіктеледі.
Күшті электролиттер, олардың диссоциациялану дөрежелері 30%-тен жоғары болады. Мысалы: HN03 91%, NaCl 84%, HC1 92%, КОН жәнө NaOH 84% болады. Күшті электролиттердің молекулалары сүйылтылған ерітіндіде иондарға толығымен ыдырайды.
Орташа электролиттер. Олардың диссоциациялану дәрежелері 3% пен 30% аралығында болады. Мысалы: Н3Р04 26%, HN02 6,5%, т.с.с.
Әлсіз электролиттер. Олардың диссоциациялану дәрежелері 3%-тен төмен болады. Мысалы, СН3СООН (сірке кышкылы) 1,3%, NH4OH (аммоний гидроксиді) 1,3%, Н2С03 (көмір қышқылы) 0,171'/о, H2S (күкіртті сутек қышқылы) 0,07%, т.с.с.
Айта кететін жағдай, тамаққа қосылатын қышқылдар — сірке қышқылы, лимон қышқылы, алма қышқылы, сол сияқты дәрі ретінде қолданылатын бор қышқылы, ацетилсалицил қышқылы (аспирин) әлсіз электролиттерге жатады. Судың диссоциациялану дөрежесі (бөлме температурасында) =10~9, яғни бір миллиард молекуладан біреуі ғана диссоциацияланады. Сондықтан оның диссоциациялану теңдеуін жазбай молекула түрінде бейнелейді.
Электролиттердің диссоциациялану дәрежесіндегі айырмашылықты, олардың электрөткізгіштігі арқылы анықтауға болады. Ол үшін концентрациялы сірке кышқылының ерітіндісіне электр өткізгіштікті тексеретін аспаптың электродтарын батырып, ток көзіне қосамыз. Электр шамы әлсіз жанады. Енді электродтарды дистилденген сумен жуып, концентрациясы сірке қышқылының концентрациясындай тұз қышқылының ерітіндісіне салып ток көзіне косамыз, аспаптың шамы жарқырап жанады. Сірке кышқылында диссоциацияланған молекулалар саны аз, сондықтан электр шамы әлсіз жанады, яғни электрөткізгіштік ерітіндідегі иондар санына байланысты болады. Ал тұз қышқылының ерітіндісінде диссоцияланған молекулалар саны өте көп болғандықтан электр шамы жарық жанады.
Электролиттердің иондарға ыдырауының сандық мәні диссоциациялану дәрежесі арқылы өрнектеледі. Диссоциациялану дәрежесі дегеніміз — иондарға ыдыраған молекула санының жалпы молекула санына қатынасы. Электролиттерді диссоциациялану дәрежесінің мәніне қарай 3-ке бөледі: күшті, орташа, әлсіз электролиттер.