Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
khimia_otvety.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
132.8 Кб
Скачать

24. Маңызды тотықсыздандырғыштар мен тотықтырғыштар.

Маңызды

тотықтырғыштар

Маңызды

тотықсыздандырғыштар

  1. Теріс тотығу дәрежелі күйге ауысатын бейметалдар (CI2, Br2, I2, F2, S, O3).

  1. Бейтарап күйге ауысатын металдар мен сутек катиондары: Ag+, Cu2++.

  1. Құрамындағы элементтердің тотығу дәрежесі жоғары немесе аса жоғары болатын күрделі заттар. Мысалы: калий перманганаты KMnO4, К2МпО4, марганец (ІУ) оксиді MnO2 калий дихроматы K2Cr2O7, калий хроматы K2CrO4, FeCI3, HNO3, HCIO4, H2SeO4, PbO2, Ag2O, H2O2, CuO, гипохлоридтер, хлораттар мен перхлораттар.

  1. Концентрлі Н2SO4, концентрлі HNO3 пен НҒ қоспасы, «патша арағы» (3:1 қатынастағы концентрлі НСІ және HNO3).

  1. Электролиз кезіндегі анод.

  1. Оң тотығу дәрежелі күйге ауысатын барлық металдар.

  1. Оң тотығу дәрежелі күйге ауысатын барлық бейметалдар (Н2 сутек, В бор, С көміртек).

  1. Құрамына тотығу дәрежесі төмен немесе өте төмен болатын элементтер енетін күрделі заттар. Мысалы: FeCI2; ҒеSO4; Cr2(SO4)3; MnSO4; H2S; HCI; HBr; HI; NH3; CO; N2H4; NO; SO2; H3PO3; H2SO3 және оның тұздары; HNO2; SnCI2; Na2S2O3.

  2. Органикалық заттар-альдегидтер, спирттер, глюкоза, құмырсқа және қымыздық қышқылдары.

  1. Электролиз кезіндегі катод.

Атомдардың тотығу дәрежесi өзгере журетiн реакциялар тотығу-тотығсыздану реакциялары деп аталады. Тотығу-тотығсыздану реакциялары үш топқа болiнедi: молекулааралық , молекулаiшiлiк және диспропорция реакциялары.

1. Молекулааралық тотығу-тотықсыздану реакцияларында тотыктырғыш пен тотығсыздандырғыш әр турлi заттардың құрамында болады.

2KMnO4 + 5Na2SO3 + 8H2SO4 -- 2MnSO4 + 5Na2SO4 + K2SO4 + 8H2O

2. Молекулаiшiлiк тотығу-тотығсыздану реакцияларында тотыктырғыш пен тотығсыздандырғыш бiр заттың құрамында болады.

2KClO3 --- 2KCl + 3O2

3. Диспропорция реакцияларында бiр атом әрi тотықтырғыш, әрi тотығсыздандырғыш болады.

2KClO3 ---- KClO4 + KCl

Тотығу-тотықсыздану реакцияларында электрондарды беретiн заттар тотығсыздандырғыш, ал электрондарды қосып алатын заттар тотықтырғыш деп аталады. Реакция барысында тотығсыздандырғыштың тотығу дәрежесi жоғарылап, тотығады, ал тотығтырғыштың тотығу дәрежесi төмендеп, тотықсызданады.

Тотығу-тотығсыздану реакциялары тiрi организмдерде журетiн демалу және зат алмасу процестерiнiң, шiру және ашу, сол сиякты жасыл өсiмдiктердегi фотосинтез реакцияларының, адам мен жануарлардың жүйке кызметтерiнiң негiзiн калайды. Тотығу-тотығсыздану реакцияларын шикiзаттар жанғанда, металдардың коррозиясы және электролиз процестерi кезiнде де байкауға болады. Тотығу-тотығсыздану реакцияларының аркасында гальваникалық элементтер мен аккумуляторларда химиялық энергия электр энергиясына айналады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]