
- •Экономикалық теорияның зерттеу пәні, зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.
- •Экономикалық теорияның ғылым ретінде пайда болуы және дамуы.
- •Экономикалық теория қызметтері.
- •Экономикалық заңдар мен категориялар.
- •Экономикалық құбылыстарды танып білу әдістері.
- •Экономикалық ресурстар.Экономикалық теориядағы ресурстардың сиректігі және шектеулігі мәселесі.
- •Өндіріс және оның факторлары.
- •Өндіріс факторларын тиімді пайдалану бағыттары.
- •Қоғамдық өндіріс (материалды және материалды емес өндірістің рөлі).
- •Өндірістік мүмкіндіктер шекаралары.
- •Өндіріс және ұдайы өндіріс.
- •Ұдайы өндірістің типтері
- •Ұлғаймалы өндірістің түрлері:
- •Жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс.
- •Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.
- •Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы:
- •Әкімшілік - әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы:
- •Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:
- •Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:
- •Меншіктің объектілері мен субьектілері, экономикалық категориясы.
- •М еншік субъектісі меншік объектісі
- •Меншік құқығының экономикалық теориясы.
- •Меншік типтері мен формалары.
- •Меншікті жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру процестерінің экономикалық мазмұны.
- •Жекешелендірудің тәсілдері
- •Тауар өндірісі: сипаттамасы, пайда болу шарттары.
- •Экономикалық өнім формалары: игілік, тауар, қызмет көрсетулер.
- •Тауар және оның қасиеттері.
- •Еңбек бағасының теориясы.
- •Тауар бағасын құрудың альтернативті теориясы.
- •Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
- •Ақшаның функциялары.
- •Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •Ақша массасы және ақша агрегаты.
- •Капитал: мәні, әртүрлі көзқарастар.
- •Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.
- •29. Капитал құрылымын талдаудағы ерекшеліктер.
- •Қр жеке кәсіпкерлікті дамыту.
- •Жұмыссыздықтың табиғи денгейі және толық жұмысбастылық.Оукен заңы
- •Капитал айналымы. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдері.
- •Негізгі және айналмалы капитал.
- •34.Негізгі және айналмалы капиталды қолданудағы тиімділік көрсеткіштері.
- •Инвестицияға капиталдық салымдар.
- •Рынок: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.
- •Рынок түрлері мен типтері, жіктелу критерийлері.
- •Рыноктық жүйе және оның элементтері.
- •Рыноктық инфрақұрылым.
- •Рыноктың артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •Сұраныс.Сұраныс заңы.Сұраныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
- •Ұсыныс.Ұсыныс заңы.Ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
- •Тепе-теңдік баға. Рыноктық тепе-теңдіктің бұзылуы.
- •44 . Натуралды шаруашылық, оның негізгі белгілері мен ерекшеліктері
- •Икемділік түсінігі. Икемділік коэффициенттері.
- •Бәсеке мәні. Бәсекелік күрестің түрлері.
- •Монополия және бәсеке.
- •Жетілмеген бәсеке жағдайындағы рыноктық құрылымның типтері
- •Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері. Бағалық дискриминация.
- •Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны.
- •Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формалары.
- •Кіші, орта және ірі фирмалардың экономикадағы рөлі.
- •Кәсіпорын шығындарының теориясы.
- •Шығындар түрлері және олардың жіктелуі.
- •Пайда теориясы және оның түрлері.
- •Жалақының мәні және оның формалары.
- •Еңбек-құн теориясы.
- •Ренталық қатынас теориясы.
- •Жер рентасының формалары.
- •Натуралды шаруашылық, оның негізгі белгілері мен ерекшеліктері.
- •Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы
- •Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктер.
- •Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаты және есептелу әдістері.
- •Ұлттық есептеу жүйесі.
- •Ұлттық байлық және оның құрылымы.
- •Жұмыссыздық және оның түрлері.
- •Инфляция: мәні, себептері, түрлері.
- •Экономикалық цикл теориясы.
- •Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.
- •Мемлекеттік реттеудің құралдары мен әдістері.
- •Несиенің мәні мен формалары.
- •Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары.
- •Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері.
- •Индустриалды-инновациялық бағдарлама.
- •Ақша жүйесінің эволюциясы.
- •Қазақстан Республикасының банктік жүйесі.
- •Әлемдік шаруашылықтың байланыс жүйесіндегі Қазақстан экономикасы.
- •Қазақстандағы нарық түрлеріне талдау жүргізу.
- •Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық мәні, оның сипаттық белгілері.
- •Жұө дефляторы.
- •Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру мен мемлекеттендіру.
- •Пайда функциясы. Кәсіпкерлік табыс.
- •А.Смиттің «Көрінбейтін қол» нарығы.
- •Биржа нарықтық инфрақұрылым элементі ретінде.
- •Ақша реформасы, себебі, мәні және әлеуметтік салдарлары.
- •Кәсіпкерліктің әртүрлі формаларын дамытуды мемлекеттік қолдаудың әлемдік тәжірибесі.
- •Тұк және ұлттық экономика.
- •А.Маршаллдың «Экономикс принципіндегі» баға концепциясы
- •Менеджменттің құрылымы, қызметі және тәсілдері.
- •Емтихан сұрақтар
- •Экономикалық теорияның зерттеу пәні, зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.
Ақша реформасы, себебі, мәні және әлеуметтік салдарлары.
Ақша — өндіріс және бөлу үдерісіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады: жалпыға тікелей айырбасталу нысаны; айырбас құнының дербес нысаны; еңбек өлшемінің заттай (материалдану) нысаны.
Жалпыға тікелей айырбасталу нысаны, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті, тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
Ақша реформасы - ұлттық валютаны нығайту, ақша айналысын реттеу мақсатында елдің ақша жүйесін қайта құру. Ақша реформасының түрлері: ақшаның көрсетулі құнын сақтай отырып, оның жаңа үлгісін шығарып, ақша белгілерін толық немесе ішінара ауыстыру; ақша өлшемін ірілендіру нысанында деноминациялау; ұлттық валютаның бағамын өзгерту; девальвация — ұлттық валютаның бағамын төмендету; ревальвация — ұлттық валютаның бағамын көтеру. Ақша реформасын мемлекетайналысқа жаңа ақша белгілерін шығару және ескі ақшаны мәжбүрлеп алу жолымен жүзеге асырады. Өндіріс түрпаты немесе қоғамдық-экономикалық формация ауысқан кезде (феодализмнің алтын стандарты капитализм тұсында банкноттық және несиелік түрпатпен ауысты), сондай-ақ соғыстар мен төңкерістердің салдарынан қираған экономиканы тұрақтандыру кезеңінде ақша реформасы сөзсіз жүзеге асырылады. Ақша реформасы толық немесе ішінара болады. Толық ақша реформасы (жаңа ақша жүйесін жасау) жаңа мемлекеттердің пайда болуына байланысты немесе бернеше елдердің ақша жүйесі біріктірілген жағдайда ұлттық акша жүйесінен тыс тұрған ақша жүйесін құру кезінде жүргізіледі (мыс., Еуропалық валюта одағы елдерінің бірыңғай ақша жүйесінің құрылуы). Iшінaрa ақша реформасы (ақша айналысын тұрақтандыру мақсатымен қолданыстағы ақша жүйесін ретке кел- тіру) кезінде әдетте ақша жүйесінің жекелеген элементтері өзгертіледі (мыс., ақша өлшемін шығару тәртібі, оның атауы, бағанын ауқымы, ақша белгілері немесе ақша-несиелік реттеу органдары өзгереді).[
Кәсіпкерліктің әртүрлі формаларын дамытуды мемлекеттік қолдаудың әлемдік тәжірибесі.
«Кәсіпкерлік» (ағыл. business) ұғымын алғаш рет XVIII ғасырда ағылшын банкирі әрі экономисі Ричард Кантильон (1680 – 1734) қолданған болатын.
Кәсіпкерлік дегеніміз - бұл өзінде үнемі түрдегі тәуекел жағдайларында тауарлық ұсыныс пен сұраныс өзара сәйкес келтіріліп отыратын экономикалық қызмет. Бизнестің отаны ретінде АҚШ елін қарастырады. Өйткені бұл елдің кәсіпкерлікті дамытудағы тәжірибесі анағұрлым мол, екіншіден, ел үкіметі де кәсіпкерліктің дамуына ерекше көңіл бөледі.
Тарих көрсетіп отырғандай, шындығына келгенде, шағын бизнес ірі бизнеспен табысты түрде бәсекелесуде, себебі ол дағдарыс жағдайларында анағұрлым икемді, анағұрлым ұтқыр, анағұрлым тұрақты болып келеді және үнемі түрде дамып отыруға, жаңашылдық енгізуге тез қабілетті. Шағын кәсіпорынды ашудың бірнеше жолдары бар: жаңа кәсіпорын ашу; франчайзинг; жанұялық бизнес.
Кәсіпкерлік қызмет циклі үш кезеңнен тұрады: қалыптасу, әрекет ету және даму. Осыған сәйкес кәсіпкердің әр кезеңдегі қажеттіліктері әр алуан. Мысалы, қалыптасу кезеңінде кәсіпкерге кәсіпкерлік қызметті құру тәртібі туралы ақпарат, бизнесті жүргізу негіздері туралы баспатқы капитал, қажет ғимараттар, бизнес-байланыстар қажет.Әрекет ету кезеңінде бизнесті басқаруды ұйымдастыру, қаржылық ресурстар, қажет жабдықтар мен ғимараттар, қосымша блім, нарық қажеттіліктері туралы ақпаратқа қол жеткізу көзделеді. Ал кәсіпкерліктің даму кезеңінде қажеттіліктер деңгейі артады, оған төмендегілер жатқызылады: басқару жүйесін жетілдіру, еңбеккерлердің біліктілігін арттыру, инновациялық технологиялар, кәсіпорынның беделін арттыру, жеке брендті дамыту, жаңа нарықтарға шығу, инновациялық жобаларды қаржыландыру, қаржылық ресурстар, білікті мамандар, т.с.с.
Жалпы шағын және орта бизнес саласы нарықтық экономика жағдайында экономикалық, әлеуметтік және саяси қызмет атқарады. Шағын және орта бизнестің экономикалық қызметі жалпы ішкі өнім өндірісіне, оның салымдары мен экономика құрылымына әсері бәсекелік ортаны қалыптастырумен анықталады, халықтың экономикалық тәуелсіздігін нығайтып, олардың сұранысының төлем қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
Шағын және орта бизнестің әлеуметтік қызметі экономикадағы жұмыссыздық мәселесін шешу аясында жаңа жұмыс орындарын көптеп ашуға қабілетті. Ал шағын және орта бизнестің саяси қызметі шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, қоғамда меншік иелерінің дербес таптарының қалыптасуымен айқындалады. Бұл Президентіміздің анықтаған маңызды бағыттарының бірі – қоғамда орта тапты қалыптастыруға мәнді ықпал етеді, шағын және орта бизнес, сәйкесінше қоғамдағы саяси тұрақтылыққа кепіл болады.
Қазіргі таңда бизнес ішкі және сыртқы факторлардың әсеріне душар болады. Ішкі факторлар қатарына кәсіпорынның қызметімен тікелей байланысты факторлады жатқызуға болады. Бизнеске орталық макроәсерлерді төмендегідей бөлуге болады:
1. экономикалық факторлар – ЖІӨ өсуі, инфляция, жұмыссыздық деңгейі, фискалдық және монетарлық саясат, бағаны және еңбекақыны қадағалау деңгейі;
2. бизнесті мемлекеттік қолдау – кәсіпкерлерге қаржылық қолдау, менеджментке көмек көрсету, бизнесті ақпараттық қолдау, шағын және орта бизнесті қолдау, салық салу жүйесі арқылы ынталандыру, қоғамдық кәсіпкерлік климат қалыптастыру;
3. әлеуметтік факторлар - өмір сүруге қажет минимум және өмір сүру деңгейі, тұтынушылық белсенділігі, демографиялық өзгерістер;
4. ресурстық факторлар – қоршаған ортаны қорғау, энергиямен қамту, табиғат ресурстарын пайдалану;
5. технологиялық факторлар – ғылыми зерттеулерге жұмсалған шығындар, технологиялық жаңашылдық өңдемелер, патенттер мен ізденімпаздықты қорғау, автоматтандыру және роботтандыру.
Кәсіпкерлікті басқару үрдісі жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация жән бақылау қызметтерінен құралады. Өз кезегінде жоспарлау стратегиялық менеджмент, стратегиялық маркетингті жасап шығару, бизнес-жоспарды жасақтау қамтиды. Кәсіпкерлікті басқарудағы ұйымдастыру барлық деңгецдегі кәсіпкерлікті басқарудың сәйкес құрылымдарын құрумен байланысты. Мотивация ретінде кәсіпкерлік белсенділікті қолдайтын тетіктерді жасақтау түсініледі. Ал кәсіпкерлікті басқару үрдісіндегі бақылау қызметінде сәйкес түзетулер енгізу мақсатында жрспарлы іс-әрекеттердің ауытқуларды айқындау жүзеге асырылады.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, нарықтық қатынастар қалыптастыруда шағын және орта бизнес мемлекеттік қолдауды көп қажет етеді. Бұл әсіресе, өз елінің экономикасында «сілкініс» жасаған елдер Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур, Еуропа елдерінің тәжірибесінен айқын.
Мысалы, АҚШ-тағы шағын кәсіпкерлік ел экономикасының сауықтырылуында шешуші рөл атқарады. Бұл үшін 1953 жылы АҚШ-та шағын бизнес әкімшілігі құрылған болатын. Оның қызметі клиенттерге бағытталған, сапалы, кең ауқымды бағдарламаларды қалыптастыру болып табылады.
Ал Жапонияда шағын және орта кәсіпорындарда мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін мамандандырылған органдар желісі құрылған. Жапонияда шағын және орта бизнесте маңызды рөлді технопарктер атқарады. Технопарктердің көмегімен бұл елде шағын және орта бизнестің 70 пайызға жуығы құрылды, оның жартысынан мәнді көп бөлігі жоғары технологиялық өнім өндірісіне бағытталған. Сонымен қатар шетелдік инвесторларды тарту мақсатында жапон Үкіметі жеңілдікті жағдайлар жүйесін (жеңілдікті қарыз, несие, салықтық жеңілдіктер, техникалық және кеңс беру қызметі, ақпараттық-компьютерлік қызмет, т.с.с.) жасақтаған.
Нарықтық экономикасы дамыған елдердің шетелдік тәжірибесі кәсіпкерліктің экономикада аса маңызды міндеттерді орындап отырғанын көрсетіп отыр. Жапон экономикасы екінші дүниежүзілік соғысынан кейін шағын және орта кәсіпорындардың арқасында жылдам қалпына келді, сөйтіп «жапондық экономикалық ғажайып» орын алды.