
- •Экономикалық теорияның зерттеу пәні, зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.
- •Экономикалық теорияның ғылым ретінде пайда болуы және дамуы.
- •Экономикалық теория қызметтері.
- •Экономикалық заңдар мен категориялар.
- •Экономикалық құбылыстарды танып білу әдістері.
- •Экономикалық ресурстар.Экономикалық теориядағы ресурстардың сиректігі және шектеулігі мәселесі.
- •Өндіріс және оның факторлары.
- •Өндіріс факторларын тиімді пайдалану бағыттары.
- •Қоғамдық өндіріс (материалды және материалды емес өндірістің рөлі).
- •Өндірістік мүмкіндіктер шекаралары.
- •Өндіріс және ұдайы өндіріс.
- •Ұдайы өндірістің типтері
- •Ұлғаймалы өндірістің түрлері:
- •Жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс.
- •Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.
- •Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы:
- •Әкімшілік - әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы:
- •Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:
- •Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:
- •Меншіктің объектілері мен субьектілері, экономикалық категориясы.
- •М еншік субъектісі меншік объектісі
- •Меншік құқығының экономикалық теориясы.
- •Меншік типтері мен формалары.
- •Меншікті жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру процестерінің экономикалық мазмұны.
- •Жекешелендірудің тәсілдері
- •Тауар өндірісі: сипаттамасы, пайда болу шарттары.
- •Экономикалық өнім формалары: игілік, тауар, қызмет көрсетулер.
- •Тауар және оның қасиеттері.
- •Еңбек бағасының теориясы.
- •Тауар бағасын құрудың альтернативті теориясы.
- •Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
- •Ақшаның функциялары.
- •Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •Ақша массасы және ақша агрегаты.
- •Капитал: мәні, әртүрлі көзқарастар.
- •Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.
- •29. Капитал құрылымын талдаудағы ерекшеліктер.
- •Қр жеке кәсіпкерлікті дамыту.
- •Жұмыссыздықтың табиғи денгейі және толық жұмысбастылық.Оукен заңы
- •Капитал айналымы. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдері.
- •Негізгі және айналмалы капитал.
- •34.Негізгі және айналмалы капиталды қолданудағы тиімділік көрсеткіштері.
- •Инвестицияға капиталдық салымдар.
- •Рынок: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.
- •Рынок түрлері мен типтері, жіктелу критерийлері.
- •Рыноктық жүйе және оның элементтері.
- •Рыноктық инфрақұрылым.
- •Рыноктың артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •Сұраныс.Сұраныс заңы.Сұраныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
- •Ұсыныс.Ұсыныс заңы.Ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
- •Тепе-теңдік баға. Рыноктық тепе-теңдіктің бұзылуы.
- •44 . Натуралды шаруашылық, оның негізгі белгілері мен ерекшеліктері
- •Икемділік түсінігі. Икемділік коэффициенттері.
- •Бәсеке мәні. Бәсекелік күрестің түрлері.
- •Монополия және бәсеке.
- •Жетілмеген бәсеке жағдайындағы рыноктық құрылымның типтері
- •Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері. Бағалық дискриминация.
- •Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны.
- •Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формалары.
- •Кіші, орта және ірі фирмалардың экономикадағы рөлі.
- •Кәсіпорын шығындарының теориясы.
- •Шығындар түрлері және олардың жіктелуі.
- •Пайда теориясы және оның түрлері.
- •Жалақының мәні және оның формалары.
- •Еңбек-құн теориясы.
- •Ренталық қатынас теориясы.
- •Жер рентасының формалары.
- •Натуралды шаруашылық, оның негізгі белгілері мен ерекшеліктері.
- •Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы
- •Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктер.
- •Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаты және есептелу әдістері.
- •Ұлттық есептеу жүйесі.
- •Ұлттық байлық және оның құрылымы.
- •Жұмыссыздық және оның түрлері.
- •Инфляция: мәні, себептері, түрлері.
- •Экономикалық цикл теориясы.
- •Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.
- •Мемлекеттік реттеудің құралдары мен әдістері.
- •Несиенің мәні мен формалары.
- •Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары.
- •Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері.
- •Индустриалды-инновациялық бағдарлама.
- •Ақша жүйесінің эволюциясы.
- •Қазақстан Республикасының банктік жүйесі.
- •Әлемдік шаруашылықтың байланыс жүйесіндегі Қазақстан экономикасы.
- •Қазақстандағы нарық түрлеріне талдау жүргізу.
- •Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық мәні, оның сипаттық белгілері.
- •Жұө дефляторы.
- •Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру мен мемлекеттендіру.
- •Пайда функциясы. Кәсіпкерлік табыс.
- •А.Смиттің «Көрінбейтін қол» нарығы.
- •Биржа нарықтық инфрақұрылым элементі ретінде.
- •Ақша реформасы, себебі, мәні және әлеуметтік салдарлары.
- •Кәсіпкерліктің әртүрлі формаларын дамытуды мемлекеттік қолдаудың әлемдік тәжірибесі.
- •Тұк және ұлттық экономика.
- •А.Маршаллдың «Экономикс принципіндегі» баға концепциясы
- •Менеджменттің құрылымы, қызметі және тәсілдері.
- •Емтихан сұрақтар
- •Экономикалық теорияның зерттеу пәні, зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.
Ақша массасы және ақша агрегаты.
Ақша массасы — жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.
Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әртүрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агрегаттары деп атайды.
Өнеркәсібі жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша массасын анықтау барысында төмендегідей ақша агрегаттары қолданылады:
Ml агрегаты, яғни ол айналыстағы нақты ақшаларды (банкноттар мен монеталарды) және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды камтиды;
М2 агрегаты, ол Ml агрегаты қосылған коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдарынан (төрт жылға дейінгі) тұрады;
МЗ агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі жинақсалымдарын кұрайды;
M4 агрегаты, ол МЗ агрегаты қосылған ірі коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттардан тұрады.
АҚШ-та, ақша массасын анықтауда төрт ақша агрегатын, Жапония мен Германияда — үш, Англия мен Францияда — екеу, Ресейде — үш ақша агрегаттары пайдаланылады.
Қазақстанда ақша массасына Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банкілердің баланстық шоттарын шоғырландыру негізіңде анықталады және оның құрамына айналыстағы қолма-қол ақша және резидент занды тұлғалар мен үй шаруашылығы (жеке тұлғалардың) депозиттері жатады.
Қазақстан Республикасында Ұлттық Банктің 12.01.1995 жылы Директорлар кеңесінің № 2 хаттамасымен бекітілген «Ақша массасын, ақша базасын анықтау әдісі және ішкі және сыртқы активтерді анықтау барысында баланстық шоттарды жіктеу туралы ережесіне» сәйкес ақша базасы мен ақша массасы есептеледі
Өнеркәсібі дамыған елдердің қаржылық статистикасында мынадай ақша агрегаттары қолданылады:
М1 – айналыстағы нақты ақшаларды және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды қамтиды;
М2 – М1 + коммерциялық банктегі мерзімді және жинақ салымдары ( 4 жылға дейінгі );
М3 – М2 + арнайы несиелік мекемелердегі жинақ салымдары;
М4 – М3 + ірі коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттар;
Қазақстан Республикасының ақша массасының құрлымына келесі ақша агрегаттары кіреді:
М0 - айналыстағы қолма- қол ақша;
М1 - өзіне М0 агрегатын және шаруашылық субъектілерінің есеп шоттары мен басқа депозиттерінің, заңды тұлғалардың күрделі қаржыландыру шотының, чектік және аккредитивтік шоттардың, қоғамдық және басқа үкіметтік емес ұйымдар шоттарының қалдығын және халық пен заңды тұлғалырдың талап етіп алатын салымдарын біріктіреді;
М2 - өзіне М1 агрегатын, сонымен бірге жеке және заңды тұлғалардың мерзімді салымдарын біріктіреді;
М3 - өзіне М2 агрегатын және мемлекіттік займ облигацияларын біріктіреді;
Ақша массасы бірнеше жолмен өсуі мүмкін:
банкноталар мен монеталар эмиссиялау есебінен.
Орталық банктен коммерциялық банктердің несие алуымен;
мемлекеттк бюджеттің кемшілігін жабу үшін орталық банктің үкіметке несие беруімен
Орталық банктің асыл металлдарды, шетел валютасын және мемелекеттік бағалы қағаздарды сатып алуымен;
чек шығарумен немесе коммерциялық банктердің салым тарту негізінде заим беруімен (депозиттер негізінде несие ақшаларын шығару);
К.Маркс өзінің « Капиталының » І томында бұл теңдікті былай көрсеткен болатын:
Ақша массасы = тауарлар сомасы / ақша бірліктерінің айналым саны
Сондай – ақ К.Маркс қажетті ақша көлемін толығырақ сипаттады:
М = ( Ц*Т – Кц + П – Вп ) / n
Мұндағы:
Ц*Т – тауар бағасының сомасы;
Кц – несиеге сатылған тауарлар сомасы;
П – ертерек сатылған тауарлар сомасы, бірақ олар бойынша төлемдер ағымдағы периодта жүзеге асады;
n – ақша бірлігінің айналым саны;
Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты, қалыпты болмайды. Ол ақша нарығы құралдарының дамуына байланысты өзгереді.
Ақша агрегаттары бір – бірінен өтімділігі бойынша ажыратылады. Ең өтімділігі жоғары агрегат болып М0 ( қолма – қол ақша ) саналады. М1 – дің өтімділігі М0 – ге қарағанда азырақ, бірақ М2 – ден жоғары.
М2 ақша агрегаты қолма қол ақша және қолма – қол емес құралдар арқылы анықталады, өз кезегінде олар халықтың жинақ жасауымен және заңды тұлғалардың шоттарындағы қалдықтармен тікелей байланысты. Яғни, бұдан мынадай ойға келуге болады: халықтың жинақ жасау үрдісі интенсивті түрде жүрсе, халық банктерге сенеді және өз ақшаларын солардың шоттарында ұстаса, онда Орталық банк ақша массасын көбейте алады. Ендеше халықтың жинақтар жасауы жаңа ақшалардың пайда болуын қамтамасыз ету функциясын атқарады деп айтуға болады.
Әр елдегі ақша агрегаттарының құрамы бірдей емес. Мысалы, АҚШ- та ақша массасын анықтау үшін төрт ақша агрегаты қолданылады, сондай – ақ М2 –нің құрамына бір күндік операциялар бойынша бағалы қағаздар, ақша нарығының депозиттік шоттары, Ал М3 –ке М2 –ге қосымша ретінде қазынаның қысқа мерзімді вексельдері, коммерциялық банктермен жасалатын сатып алу туралы жедел келісімшарттар кіреді. Ал Жапония мен Германияда үш ақша агрегаты қолданылады. Англияны айтатын болсақ, онда бес ақша агрегаты қызмет етеді.