Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekon_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
660.89 Кб
Скачать
  1. Тауар өндірісі: сипаттамасы, пайда болу шарттары.

Тауар өндірісі: сипаттамасы, пайда болу шарттары. Тауарлы өндірістің қалыптасуының жалпы негізі қоғамдық еңбек бөлінісі, осымен б\ты өндірушілер әр қилы өнімдерді өндіруге маманданады. Екінші бір шарты, жекелей өндірушілердің бір бірінен экоеомикалық жағынан оқшаулануы нәт өз еңбектерінің өнімдеріне өздері ие болып рынокқа сатуға шығады. Тауар дегеніміз айырбастау ж\е сату, тұтыну .шін шығарылатын еңбек өнім Тауар өндірісінің тарихи пайда болуына негізгі үш алғышарт қажет. Тарихта үш түрлі күрделі қоғамдықеңбек бөлінісіб\ды. Алғашқы күрделі еңбек бөлінісі мал шаруашылығы мен егіншілердің бөлінуі нәтижесінде осы тайпалар арасындағы айырбастың дамуын тездетті. Екінші күрделі еңбек бөлінісі ауыл шаруашылығынан қолөнердің бөлініп шығуы, үшінші күрделі еңбек бөлінісі жоғарыда аталған тайпалар арасынан саудамен ғана шұғылданатын әлеуметтік топтың шығуы. Осы көрсетілген күрделі қоғамдық еңбек бөлінісі қазіргі заманғы ауыл шарушылығы, өнеркәсіп, тасымал, құрылыс ж\е сауда салаларының негізі екені айқын. Бірақ өндіргіш күштердің алғашқы қауыммен салыстырғанда орасан зор дамығанын еске алсақ, қоғамдық еңбек бөлінісі, мамандандыру саласының мыңдаған тармаққа бөлініп, кең етек жайғанын байқаймыз. Демек тауар өндірісінің экономикалық негізі қоғамдық еңбек бөлінісі. Ол болмаса тауар өндірісі де рынок те болмас еді. Тауар өндірісінің екінші шарты тауар өндірушінің жеке меншігң болуы. Басқа сөзбен айтқанда, тауар өндіруші өз мүлкін еркін сатуға, басқа жерге апарып өткізуіне ерікті болуы қажет. Меншік қатынасы негізінен бірнеше тарихи сатылардан өтті. Алғашқы адамзат қоғамына бегілі қауымдық, тайпалық меншік болды. Бұл меншіктің пайда болуы алғашқы қауымдағы адамдардың, табиғаттың дүлей күштеріне тәуелді болуынан, күн көрудің ауыртпалығынан туған қажеттілік. Өндіргіш күштердің дамуы, бірігіп еңбек атқару, құрал саймандарды жетілдіру, сол сияқты отпен пайдаланатын тағам пісіру, қорған, үй салу сияқты еңбекке бейімделу арқылы алғашқы қауымда өмір сүрген адамдардың күнделікті тұтынуынан артық қосымша өнімі пайда болды. Ал қосышша өнімнің болуын тауар айырбасының, рынок қатынасыныфң дамуына қажет үшінші алғы шарт деу керек. Тауар шаруашылығының пайда болуы және себептеріне қоғамдық еңбек бөлінісі, өндірушілердің экономикалық ерекшеленуі, өнімдерді өндірушілер мен тұтынушылардың рынок арқылы байланыс жасауы, тауарларды сату және сатып алу жатады. Еңбекбөлінісі алғашқы қауымдық құрылыста пайда болған. Оның қарапайым түрі еңбектің жыныстық және жас мөлшері бойынша бөлінуі болды.ал мал шаруашылығы мен жерді игерудің басталуы алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Өндіріс құралдарының жетілдірілуі жеке дара шаруашылыққа өту мүмкіндіктерін ашты, сөйтіп бірлескен еңбек түрі біртіндеп жойыла бастады. Бұл арадан жалпы ортақ меншіктен жеке меншікке өту жағдайын айқын көруге болады.жеке меншіктің пайда болуы қоғамдық еңбек бөлінісімен және айырбастың дамуымен тығыз байланысты. Ең бірінші жеке меншікте мал, өндіріс құралдары болса, кейіннен жерде жеке меншікке айналды. Өндіргіш күштердің дамуымен қоғамдық еңбіктің де түрлері күрделене түсті, ол өз кезегінде еңбек бөлінісінің күрделенуі және маманданудың өсуінен көрінеді. Белгілі бір еңбек түріне машықтанған мамандану әрбір өндірушіге өз дағдылары мен білімдерін белгілі бір тауар өндірісінде үлкен пайдалалықпен қолдануға мүмкіндік береді. Адамдар бір бірлері үшін еңбек етеді, яғни ол белгілі бір қауым ішіндегі қоғамдық еңбек сипатына ие болады, яғни олардың еңбегінің өнімдері рынокта сатылуы үшін өндірушілер арасында өзара айырбасқа түседі, сөйтіп еңбек өнімдері тауар сипатына ие болады да қоғамда рыноктық экономика негізгі тауар шаруашылығы орныға бастайды. Негізінен тауар шаруашылығы құл иеленушілік, феодалдық кезеңдерде де орын алған, бірақ капитализмге дейін оның жалпыға бірдей сипаты болмаған. Тауар тауар өндірісінің қорытынды категориясы, оның «экономикалық клеткасы». Тауар өндірісі жағдайында еңбек өнімі оны тауарға айналдыратынжаңа ерекше қасиеттерге ие болады. Бұл өнімнің бағалығы өндіріс үшін емес, басқа адамдар үшін болады басқаша айтсақ, бұл өнім қоғамдық қасиетке ие болады. Тауар болу үшін заттың тек басқалар үшін жасалуы, оның тауар болуына жетімсіз жаідай; осы зат басқаларға өткізілуі керек, оның орны эквиваленттік түрде өтелуі қажет. Басқа адамның қажеттігінқанағаттандвру үшін жасалған сыйлық тауар болмайды. Тауар дегеніміз еңбекпен жасалған қоғамдық бағалылықты иемденген жіне айырбасқа арналған заттар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]