Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekon_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
660.89 Кб
Скачать
  1. Меншік типтері мен формалары.

Мешік адамдардың затқа жай қатынасы ғана емес. Меншік осы затпен байланысты адамдар арасындағы қатынас. Меншік, әдетте затпен б\ты, алайда күнделікті тұрмыстағы түсінігіміздегідей жай зат емес, осы заттарды иемденумен б\ты адамдар арасындағы қатынас. Меншіктің әр қилы тарихи типтерін анықтасақ: бір адамның екінші адамға күш көрсету жолымен қосылуы, ұүл иеленушілік ж\е көпшілік жағдайда феодалдық меншік типі; жұмыс күшін сатып алу, сату арқылы қосылуы, меншіктің капиталистік типі. Меншік экономикалық тұрғыда өндіріс пен еңбектің бөліну және кооперациялану деңгейлеріне байланысты бірнеше сатыларға бөлінеді. Ұйымдастырушылық-эконоикалық қатынастардың бұл түрлері өндірістің нақты дамуы сатысын көрсетеді. Мұндағы ең төменгі саты- жеке бір адамның шаруашылық жүргізуі. Аса жоғарғы саты адамдардың белгілі бір ұйымдарға бірігуі арқылы пайда болады. Өндірісті ұйымдастырудың бір сатысынан екінші сатысына өту техникалық прогреске және алынатын экономикалық пайдаға байланысты. Мысалы, өндіріс құралдарының жетілуі, технологияның дамуы және бәсекенің күшеюі капиталдардың орталықтануы мен шоғырлануы туындатады.

Меншік типтері: а) өздеріне тиесілі мүліктерді меншік иелерінің жалпы мақсатта пайдалану деңгейі бойынша; б) жекелеген еншілес меншік иелері арасында жалпы меншікті еркін бөлу мүмкіндігі мен мүмкін еместігі бойынша анықталады.

1.Жеке өзіндік меншік- жеке азаматтардың мүлікті жеке басының табыс көзі ретінде пайдалануын білдіреді. Иемденудің бұл типі меншік иесінің экономикалық психологиясын қалыптастырады, яғни адамның шаруашылық тәсілі мен іс-әрекетінің белгілеріне әсер етеді. Жеке меншік иесінің келесідей психологиялық ерекшіліктері бар:

-Өз мүлкінен табыс алуға материалдық тұрғыдан жеке өзі мүдделі болады;

-Әдетте қоғамдық міндеттер үшін еңбек пен мүліктік шығындардың пайдасы жоқ деп есептейді;

-Өзінің жеке мүдделерін жоғары қояды;

-Жеке меншік иелері «әркім өзі үшін» мәтелді жиі ұсынады.

Жеке иемденудің екі түрі бар:

а)адамның өзінің еңбегіне негізделген меншік, мұнда меншік иесі мен жұмысшы рөлін бір тұлға атқарады, сондықтан өндірістің барлық нәтижесі жұмысшының меншігі болып табылады;

б)жалдамалы еңбекке негізделген меншік, мұнда жалдамалы жұмысшылардың еңбегі пайдаланылады, сондықтан меншік иесінің алатын пайдасы жалақы мөлшеріне кем болады;

2.Иемденудің екінші түрі- жалпы үлестік меншік. Ол жеке өзіндік меншіктен өзгеше, бірақ ұқсастықтары бар.

Жалпы үлестік меншіктің ерекше белгілері: а) жеке меншік иелерінің үлестерін біріктіру негізінде құрылады; б) ол жалпы мақсатта, ортақ бақылау мен басқару арқылы пайдаланылады; в) мүлікті ортақтасып пайдаланудың экономикалық нәтижелері ұжымдық шаруашылыққа қатысушылардың арасында әрқайсысының үлесіне қарай бөлінеді.

Жалпы үлестік меншікке қатысушылардың экономикалық-психологиялықерекшеліктері келесідей:

-Олардың жеке дербес мүдделері ұжымдық мүдделермен үйлеседі;

-Әрбір меншік иесі ортақ мүліктегі өз үлесін арттыруды көздкйді;

-Меншік иелері кәсіпорынның тұрақты және табысты болуы үшін мүдделі;

-Әрбір қатысушы өз әл-ауқатының жалпы табыстардың көлеміне тәуелді екенін түсінеді;

-Жеке экономикалық мүдделер ұжымдық меншік мүдделерімен тығыз байланысты.

-Жалпы үлестік меншіктің нақты нысандары суретте көрсетілген.

Шаруашылық серіктестік- жарғылық капиталы қатысушылардың үлестеріне бөлінген, пайда табу мақсатында әрекет ететін коммерциялық ұйым.

Акционерлік қоғам- жарғылық капиталы акциялардың белгілі бір санына бөлінген коммерциялық ұйым.

Өндірістік коорпоратив- бірігіп шаруашылық жүргізу үшін оның мүшелерінің мүліктік пайлық жанрларын біріктіру арқылы құрылатын азаматтардың ерікті бірігуі.

Біріккен кәсіпорын- отандық және шетелдік әріптес кәсіпорындардың капитал салымдары негізінде құрылуы.

3.Жалпы ортақ меншіктің өзіндік ерекшеліктері: а) біртұтас ұжымға біріккен заңды және жеке тұлғалар өндіріс факторлары мен нәтижелерін ортақтасып пайдаланады; б) әрбір қатысушының мүліктік үлесі анықталмайды; в) меншіктен алынатын жалпы табыс қатысушылар арасында теңдей үлесте немесе әрқайсысының ұжымдық нәтижелерге қосқан еңбектік үлесіне байланысты бөлінеді; г) мүлікті пайдалану, басқару барлық қатысушылардың келісімі арқылы жүзеге асырылады.

Алғашқы қауымдық ортақ меншік- адамзат өміріндегі ортақтасып иемденудің алғашқы нысаны. Табиғатқа толық тәуелді болғандықтан, олар тек қауымдасып өмір сүрді.

Жалпы отбасылық меншік- отбасы мүшелерімен жинақталған мүліктер.

Мемлекеттік меншік- мемлекеттік меншік құқығына негізделген елдің барлық мүліктері. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей мемлекеттік меншік тиімді бола алады, өйткені оның қызметтерімен байланысты өзіндік артықшылықтры бар: макроэкономикалық реттеуге, елдің экономикалық даму стратегиясын қалыптастыруға, ұлттық экономика құрылымын оңтайлы етуге қабілетті.

Муниципалдық меншік- жергілікті өзін-өзі басқарушы органдардың меншік құқығының болуы. Муниципалды меншік объектілері: су құбыры және канализация желісі, газ шаруашылығы, электрмен жабдықтау, көлік, тұрғын үй және т.б.

Тарихқа меншіктің екі формасы мәлім: жалпы ж\е жеке меншік. Бұлардың бірінен бірінің айырмашылықтары қоғамдастырудың дәрежесі мен иеленудің сипаты, формалары ж\ке әдістерімен айқындалады. Екеуінің түпкі мәні ортақ, сондықтан жалпы меншік жеке меншіккеғ жеке жалпыға айнала алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]