Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekon_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
660.89 Кб
Скачать
  1. Жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс.

Өндіріс – бұл адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып материалды және рухани игіліктерді өндіру процесі. Ал игіліктер – қажеттіліктерді қанағаттандыратын заттар.

Өндіргіш күштер – бұл қоғамдық өндірістің жеке (жұмысшы күші) және заттық (өндіріс құрал-жабдықтары) факторларының өзара әрекеті. Адам мен табиғат қатынасының шешуші, белсенді элементі.

Өндіріс бұл қоғамдық процесс. Өйткені бұнда адамдар бір- бірімен бірлесе, яғни бір- бірінсіз жұмыс істей алмайды.

Өндіріс процессінде көбіне 4 стадия болады.

1 Өндіріс

2 Бөліп- тарату

3 Айырбас

4 Тұтыну

Бөлу- өндірілген өнімдердегі әр адамның үлесін анықтауды білдіреді.

Айырбас – бұл бір өнімнің басқа өнімге айырбасталу процесі.

Тұтыну – адамның қажеттіліктерін өтеуі үшін өндірілген игіліктерді қолдануы.

Өндірістің үздіксіз қайталанып отыруы – ұдайы өндіріс деп аталады.

Оның өзі екіге бөлінеді:

Ұдайы өндіріс

Жай

Өндірістің бірқалыпты өзгеріссіз қайталануы

Ұлғаймалы

Ұдайы өндірістің өсіп ұлғайып қайталанып отыруы


Жай ұдайы өндіріс - өндіріс процесінің өзгеріссіз мөлшерде қайталанып отыруы

Ұлғаймалы ұдайы өндіріс – ұлғаймалы мөлшерде өндірістің жаңартылып отыруы.

Ұдайы өндіріс процессі кезінде капитал тоқтаусыз қозғалыста болады, және мына схема бойынша айналыс жасайды: өндіріс заттарын сатып алу-- өндіріс процессі ---- өндірілген товарларды өткізу. Бұл айналыс қайта-қайта қайталанып капитал айналысын құрайды.

  1. Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.

Экономикалық жүйе (грекше, systema-тұтас, бөлімдерден құралған) - өзара байланысқан шаруашылық қатынастар мен белгілі бір тәртіпке келтірілген экономика элементтерінің жиынтығынан тұрады және экономиканы ұйымдастырудың нысаны болып табылады.

Басты міндеті - шектеулі өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану жолдары мен әдістерін табу. Экономикалық жүйенің өмір сүруінің басты себебі - ресурстардың салыстырмалы түрде шектеулі болуы. Яғни, барлық қоғамға тән бұл мәселе тиімді шаруашылық жүргізудің әдіс-тәсілдеріне негізделген экономикалық жүйе арқылы өз шешімін табады. Экономикалық жүйенің тиімділігі қойылған мақсаттарға жету деңгейімен анықталады.

Экономикалық жүйенің мақсаты - халықтың әл-ауқатын арттыру, материалдық, рухани, әлеуметтік, ұлтттық және басқа да құндылықтармен қамтамасыз етудің тиімді жолдарын енгізу. Сондықтан экономиканың тиімділігін арттыру үшін экономикалық жүйе бір тұрпаттан (типтен) екінші (типке) тұрпатқа өзгереді.

Экономикалық жүйенің келесідей қасиеттері бар: біртұтастылық , тәртіптілік, тұрақтылық , орнықтылық , өзгергіштік, қозғалғыштық , қарама-қайшылық . Экономикалық жүйе келесідей белгілеріне байланысты жіктеледі: 1) Меншік нысаны мен экономикалық әрекетті басқару, бағдарлау тәсіліне байланысты: - дәстүрлі экономикалық жүйе. -орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйе (командалық- әкімшіліктік немесе тоталитарлық). - рыноктық экономикалық жүйе. - аралас экономикалық жүйе. 2) Өркениет типтерінің даму нәтижелері ретінде экономикалық жүйе : -дәстүрлі- қоғамдағы экономикалық қатынастар әдет-ғұрыптарға негізделеді. Өндіріс әдісі, көзқарастар, мәдениет, қоғамдық нормалар және т.б. ұрпақтан ұрпаққа мұраға қалып отырады. -либералды - қоғамның дамуының тиімділігіне жетуге ұмтылыс басым және жеке тұлғаның бастамашылығына ешқандай кедергілер жоқ (қазіргі индустриалды қоғам). - аралас - бірінші және екінші типтің элементтерінен құралады. 3) Сыртқы экономикалық байланыстардың сипатына байланысты: - жабық экономикалық жүйе -шаруашылық іс -әрекетін белгілі бір шеңбер көлемінде, тұйықталған күйде жүзеге асырады (натуралды шаруашылық). -ашық экономикалық жүйе - басқа елдердің өндірістік бірліктерімен экономикалық байланыстарын үнемі ұлғайтып отырады (рыноктық шаруашылық). Экономикалық жүйенің негізін құрайтын меншік нысаны мен экономикалық әрекетті басқару, бағдарлау тәсіліне байланысты оның келесідей типтері болады: 1.Орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйе (командалық- әкімшіліктік немесе тоталитарлық). 2. Рыноктық экономикалық жүйе. 3. Аралас экономикалық жүйе. Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.

Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.

Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.

  1. Меншік қатынастарының формалары бойынша:

    1. Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады.

    2. Әкімшілік - әміршілік экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.

    3. Нарықтық экономика - меншікке, бәсекеге негізделеді.

    4. Аралас экономика – мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.

  1. Өнеркәсіп революциясы мен ҒТП даму деңгейі бойынша:

    1. Индустриалды даму дәуіріне дейінгі жүйе – бұл жүйеде ауыл шаруашылығы натуралдық шаруашылық және қол еңбегі басым орын алады.

    2. Индустриалдық жүйе – бұл жүйе ірі машиналық өндіріске дамыған тауар- ақша қатынастарына негізделеді.

    3. Постиндустриалдық жүйе- бұл жүйеде негізгі ресурс ретінде ақпарат саналады, экономиканың бастаушы саласы – материалдық емес сала.

Меншік қатынастарының формалары бойынша әр жүйеге төмендегідей қысқаша сипаттама беруге болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]