Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
model_shpor_1-blok.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
48.58 Кб
Скачать

1.Моделдеу түсінігі

Модель –ең алдымен, модельдеу өнімі, яғни модельдеу объектісі мен осы моделбдеуді тікелей жүзеге асыратын субъект «қатынасатын» үрдіс.Модельдеу –бүгінгі күні болашақ нұсқаларды көрудің және объективті түрде салыстыруға мүмкіндік беретін баламалы шешімдердің әлеуетті салдарларын анықтаудың жүйеленген тәсілі.

Үлгі- белгілі бір нысанда объектіні, жүйені, идеяны көрсету. Бұл ұғым белгілі бір конструкцияны, бұйымды көптеп шығаруға арналған эталонды нұсқа үлгіні білдіреді. Үлгі- үлгілеуді уске асырып отырған тұлға үшін, түпнұсұа болып табылатын заттың, объектінің, сипаттамасы, схемасы. Үлгі- зерттеліп жатқан объектімен ұқсас, физикалық немесе абстрактты объект.

  • модельдер құрудың және оларды сәйкес құбылыстар, процестер, объектілер жүйесі негізінде оқып білу әдістерінің жиыны;

  • зерттеу объектілерінің сипаттамаларын біліп алу немесе анықтап алу үшін, басқаруды жақсарту немесе нұсқа жөнінде сәйкес болжамды тексеру үшін, жаңадан құрастырылатын объектілерді жасау тәсілдерін тиімді ету үшін модельдерді зерттеу нәтижесін пайдалану әдістерінің жиыны. Модель, нұсқаны табиғи жағдайларда зерттеу кандай да болсын себептермен қиын немесе мүмкін болмағанда, кандай да бір объектіні зерттеу процесін жеңілдету керек болғанда қолданылады. Әдістер модельдің сипатына, оны қолдану алаңы мен зерттеу мақсатына тәуелді;

  • өзінің қүрделілігі мен өлшемдері бойынша сол күйінде зерттеуге мүмкіндік бермейтін қандай да болсын объектілерді қайталап жасау. Модельдеу ғылым, техника,технология негіздері бойынша қабілеттерді дамытуға көмектеседі.

2.Модельдерге қойылатын міндетті талаптар

Үлгілерге қойылатын талаптар қатары:

  • Бара- барлық – объект қасиеттерін дәлме- дәл суреттейді.

  • Толықтылық- қабылдаушыға объект туралы қажетті толық ақпаратты береді.

  • Икемділік- жағдай мен параметрлердің өзгеру диапозонында әр түрлі құбылыстарды көрсету мүмкіндігі.

3.Сипаттау модельдері

Эксперименттік мәселерді шешу үшін сипаттау моделі қолданылады.

Сипаттау модельдері нақты объектінің қасиеттерін н/е мінез-құлқын сипаттауға арналған. Мысалы: қала картасы, тұлғаның психологиялық мінездемесі. Шешілетін мәселерге қарай сипаттау моделінің мақсаттары:

  1. Объектіні зерттеу –ғылыми зерттеулер, яғни қасиеттерін зерттеп ж/е толығырақ нақтылап көрсету.

  2. Басқару –жұмыс диапозонында объект қасиеттерінің параметрлерінің өзгеруін толығырақ айқындау.

  3. Болжау –объектінің болашақта өзгеруін нақтырақ болжауға қабілетті модельді өңдеу.

  4. Білім беру –молеьде объектінің зерттелетін сипаттарын көрсету.

Сипаттау модельдері келесі схема бойынша қалыптастырылады:

Объект-байқау-кодтау-бекіту-модель

4.Нормативтік моделдеу

Нормативтік модельдер конструтивтік мәселерді шеше отырып, іс-әрекеттердің мақсатын ж/е сол мақсатқа жетуге көзделген шаралар тәртібін, алгоритмін көрсетеді. Нормативтік модельдерде әдетте модель сөзінің орнына жоба, жоспар сөздері қолданылады.

Көптеген тәжірбиеде қолданылатын модельдерді келесі критерийлар бойынша жіктейміз:

  1. Модельдеу тәсілі бойынша

  2. Үлгіленген жүйе сипаты бойынша

Модельдеу тәсілі бойынша:

  1. Аналитикалық –бұл жерде модельдеу объектісінің қылығы функционалдық тәуелділік пен логикалық шарттар түрінде көрсетіледі.

  2. Иммитациялық –бұл жерде нақты процестер компьютерлік алгоритмдер арқылы көрсетіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]