Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эк пп шпор.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
311.5 Кб
Скачать

22. Өнімнің өзіндік құны дегеніміз не?

Өнімнің (жұмыстың , қызметтің) өзіндік құны - өнімді өндіру кезінде пайдаланылатын табиғат ресурстардың, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі қорлардың, еңбек ресурстардың, оны дайындау мен өткізуге жұмсалатын басқа да шығындардың ақшалай бағалануы.

Өнімнің өзіндік құны – кәсіпорынның өнім өндіруге және өткізуге жұмсаған шығындардың ақшалай тұлғануы.

Кезкелген меншік нысандағы кәсіпорын залалсыз жұмыс істеуге тиіс болатын нарықтық қатынас жағдайында өнімнің өзіндік құны аса маңызды экономикалық көрсеткіштердің бірі болып табылады.

Өнімнің өзіндік құны арқылы оның нарықтық бағасы құралады, пайда мен пайдалылық деңгейі анықталады, тауардың құны белгіленеді.

Өнімнің өзіндік құны – жалпылама, жинақтау (синтездік) көрсеткіш, ол кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін сипаттайды. Өнімнің өзіндік құнының мөлшері мен серпіні арқылы тау-кен кәсіпорнының басқару, жоспарлау, еңбек пен жұмысақы ұйымдастыру, өндіріс техникасы мен технология деңгейі туралы пікір айтуға болады.

Кәсіпорында өндірілген өнім құны үш бөліктен тұрады:

T = C + V + m ,

мұндағы: Т – тауар құны;

С- тұтынылған өндіріс құралдары;

V- қажетті еңбек;

m – қосымша құн.

Тұтынылған өндіріс құралы деп материалдарға , отынға, энергияға, негізгі қорлардың тозған бөлігіне жұмсалған шығындарды айтады, яғни бұлар бұрын затталған еңбекті құрады. Тұтынылған өндіріс құралдары құн өндіруге қатынасады, бірақ тікелей өнім өндірмейді. Оны К. Маркс «тұрақты капитал» деп атаған (constant capital).

Құн тек еңбекпен өндіріледі. Еңбектің өзі жұмыс күшін тұтыну процесі. Жұмыс күші – тауар құны, ол жұмысшының дене және мәдени талғамдарын қанағаттандыру үшін қажетті игіліктер құнына тең. Кәсіпорын қызыметкерлері өзінің еңбегіне, өзінің жұмсалған жанды еңбегіне жұмысақы алады. Жұмыс күші өндіріс процесінде өзгереді, өйткені жұмыс күші өз құнынан артық қосымша құн өндіреді. Капиталдың бұл бөлігі өзгермелі (variable) капитал делініп, “V” әріпімен, ал қосымша құн “m” әріпімен белгіленеді.

Қосымша құн жұмыс күшін тұтыну процесінен туындайды, олай болатыны өндіріс процесінде жалдамалы жұмысшы қажетті жұмыс күшінен артық құн мөлшерін өндіреді. Қосымша құн кәсіпорынның алғашқы авансыланған қаражаттардан түскен таза пайдасы.

Өнімнің құнынан өнімнің өзіндік құны сандық және сапалық жағынан айырмашылығы бар. Өнімнің құны үш бөліктен: тұтынылған өндіріс құралдарының, сондай-ақ қажетті және қосымша еңбекпен жасалған өнімнің құнынан құралатын болса, өнімнің өзіндік құнында алғашқы екі бөлік толық , үшінші бөлігі ішінара, әлеуметтік мұқтаждарға аударым және тұтынылған еңбек заттарының бағасымен есептелген пайда қамтылады.

Сапалық айырмашылығы мынада: құн сұраныс пен ұсыныс арқылы айқындалады, ал өнімнің өзіндік құны қол жеткізілген техника мен технология, еңбек өнімділігі мен баға, жұмыс күшін қалпына келтіруге жұмсалған шығындар, табиғат ресурстарын , еңбек құралдары мен заттарын пайдалану деңгейі жағдайында өндіріс шығындарымен анықталады.

Пайдалы қазбаларды өндірудегі өзіндік құны әр түрлі факторлармен байланысты. Оның бірі табиғи кен – геологиялық жағдайлары болып саналады, олар пайдалы қазбаларды өндіру тәсілін (ашық немесе жер астында), қазу жүйесін, кәсіпорынның жылдық өндірістік қуат мөлшерін анықтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]