
- •6.Негізгі қордың тозу түрлері.
- •7. Негізгі қордың тиімділігін анықтайтын негізгі көрстеткіштері.
- •8.Амортизацияның кезеңі,оның мөлшерін есептеу тәсілдері.
- •9. Айналым құралы, оның мазмұны.
- •10.Айналым құралының құрамы.Негізгі элементтері.
- •11.Айналым құралын мөлшерлеу.
- •12. Айналым құралын сипаттайтын негізгі көрсеткіштері.
- •13.Айналым қаражатының айналымдығын жеделтету жолдары.
- •14. Кәсіпорында айналым қорларын пайдаланудың экономикалық тиімділігі.
- •20. Қандай шығындар тұрақты және өзгермеліге жатады?
- •21. Өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты шығындар қалай өзгереді?
- •22. Өнімнің өзіндік құны дегеніміз не?
- •23. Кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын арзандату жолдары.
- •24. Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар құрамын айтыңыз.
- •25. Калькуляцияның негізгі түрлері және өнімнің бір өлшемінің өзіндік құнын анықтау тәртібі.
- •26. Өнімді сатудан түскен пайданы қалай анықтауға болады?
- •27.Баланстың және таза пайданың құрамын айтыңыз
- •28. Кәсіпорынның экономикалық тиімділігі деген не?
- •29 Кәсіпорында таза пайданы қалыптастыру үрдісіне қалай түсінесіз және көрсеткішетр жүйесі қандай?
- •30.Өндірістің рентабельдігі дегеніміз не?
- •31.Рентабельдік түрлері.
- •32.Өндіріс үрдесі, оның құрамы және құрылу тәртібі
- •33.Өндірісті ұйымдастыру үрдістің негізгі принципі, оның мазмұны және маңызы.
- •34.Өндіріс циклі, оның құрылымы, ұзақтық тиімділігін қысқартудың жолдары.
- •35 Еңбек затының өндірісте қозғалу түрі, оның өндірістік циклінің ұзақтығына әсері.
- •42. Ғылыми зерттеуді ұйымдастыру, оның жіктеулі мен орындалу мақсаты.
- •43. Ғылыми зерттеуді орындаудың негізгі кезеңдері.
- •45.Техникалық қызмет көрсету жүйесі мен техниканы жөндеу, оның негізгі мақсаты.
- •46. Кәсіпорында аспап шаруашылығын ұйымдастыру, оның құрамы, міндеті мен маңызы.
- •47. Кәсіпорында көлік шаруашылығын ұйымдастыру.
- •48. Қойма шаруашылығын ұйымдастыру.
- •49. Кәсіпорында энергетикалық шаруашылықты ұйымдастыру.
- •51. Күрделі қаржыны салымдарының (инвестицияның) абсолюттік
- •53) Өнімнің өзіндік құнын төмендетудің
- •59. Өндірістік қуат, оның ұғымы, мақсаты.
- •60 . Өндірістік қуатты есептеу әдісі.
- •61. Қойма шаруашылығына қажеттілікті есептеу.
- •62 .Кәсіпорында көлікке қажетілікті есептеу.
- •65 Өндірісті ұйымдастырудың топтар әдісі.
- •72 .Бөлімшедегі жабдықтардың жүктеу коэффициенті.
- •73. Өндіріс цикліне түсінік.
- •74. Өндіріс циклінінің маңызы.
- •75. Өндіріс циклінің түрлері.
- •78. Өндіріс ұйымдастыруда өндіріс типтерінің атқаратын ролі.
- •85. Энергиялық баланс.
- •86. Энергияға жұмсалатын шығын есебі.
- •89. Нарық жағдайындағы өнімді өндіруге кететін шығындарды азайтудың жолдары мен маңызы.
- •90.Кәсіпорында көлік шаруашылығын ұйымдастыру.
14. Кәсіпорында айналым қорларын пайдаланудың экономикалық тиімділігі.
Капитал деп тауар өндіру мен қызметтер көрсетуге, инвестициялық жұмсалым ретінде пайдаланылатын ақшалай соманы айтады. Капитал мына түрлерде болуы мүмкін - өндіріс құрал – жабдығы (өндірістік капитал), ақша (ақшалай капитал) және тауарлар (тауар капиталы). Өндірістік капитал екіге бөлінеді: негізгі капитал мен айналмалы капиталға. Негізгі капиталдан айналмалы капиталдан айырмасы - өзінің құнын жаңадан өндірілген пайдалы қазбаларға толық көшіріп, өндірушіге капиталдың әрбір ауыспалы айналымының соңында ақшалай нысанында қайтарылады.
Тау – кен кәсіпорнының әдеттегі және үздіксіз жұмыс істеу үшін негізгі қорлардан басқа айналмалы өндірістік қорлар мен айналыс қорлары болуы тиіс. Ақшалай нысанда көрсетілген айналмалы қорлар мен айналыс қорлардың сомасын кәсіпорынның айналым қаражаттары дейді.
Сонымен пайдалы қазбаларды өндіру мен сатудың үздіксіз үдерісін қамтамасыз ету үшін тау – кен кәсіпорнында жеткілікті көлемде айналым қаражаты болуы керек. Айналым қаражаты кәсіпорынның ақшалай қаражат жиынтығы.
Тау – кен кәсіпорындарының өндірістік қорларының бір өндіріс кезеңінде түгел тұтынылатын және өзінің құнын өндірілетін пайдалы қазбаларға толық көшіретін, табиғи нысанын сақтамайтын қорлар және аяқталғаннан кейін ақшалай қайтарылатын бөлігін айналмалы қорлар деп атайды.
Айналмалы өндірістік қорлар өндірістік процесті бастауға дайындалған кезде еңбек заттарынан тұрады. Капиталдың өндіріс саласынан айналыс саласына көшуін капиталдың айналымы дейді. Капиталдың айналымы – капиталдың ауыспалы айналымы, ол дүркін – дүркін жаңарып отырған процесс ретінде қаралады, оның дейректі түрде авансылануын (өндіріс құрал – жабдығын сатып алуға, жалақы төлеуге аванс берілуін), өндірілген пайдалы кенбайлықтың сатылуын, бастапқы нысанға қайтып оралуын қамтиды.
Сөйтіп бұл процесте ақша капиталы өндіргіш капиталға, өндіргіш капитал тауар капиталына және тауар капиталы ақша капиталына айналады. Сонымен капитал (айналым қаражаттар) үш сатыдан өтеді.
Бірінші сатысында ақшалай қаражаттар оларсыз өндірістік процесс орындалуы мүмкін болмайтын әр түрлі материалдық құндылықтардың өндірістік қорларына ауысады, яғни ақшалай нысаннан өндіріс құрал – жабдығы мен жұмыс күші нысанына ауысады. Осы кезде кәсіпорын қосалқы материалдарды, бекітпелік материалдарды, жарылғыш заттарды, жару құралдарын, жабдықтарға қосалқы бөлшектерді, құрал – саймандарды сатып алады.
Екінші сатысында өндірістік қорлары дайын өнім шығаруға жұмсалады, өндіріс процесі жүзеге асырылып пайдалы қазбалар өндіріледі.
Үшінші сатысында кәсіпорын өзінің өндірген өнімін сатып, өткізіп, өнімге жұмсалған қаражатын қайтарып, пайда алуға күш салады. Осы процесс аяқталған бойда капитал қайта ақша нысанына ие болады.
Бірінші және үшінші сатылары айналыс саласына, ал екінші сатысы – өндіріс саласына жатады. Сонымен ақша тауарға айналып, тауар қайтадан ақшаға ауысады, үздіксіз өндірістік процесс қайталанады.
14. Кәсіпорында айналым қорларын пайдаланудың экономикалық тиімділігі
Кәсіпорынның іс- әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт- қолда бар айналым қаражаттарының болуы. Айналым капиталы- бұл өндірістік айналым қорларын құру, айдалану және үздіксіз өндірістік роцестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым капиталының мәні- ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым капиталы өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.
Айналым капиталы- бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.
Айналым капиталының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын айтады. Кәсіпорындардағы айналым капиталының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды.
Кәсіпорында айналым капиталының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы, өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.
Айналым капиталы 2 бөлімнен тұрады:
өндірістік айналым қорлары;
айналыс қорлары;
1- кесте. Айналым капиталы
Айналым қорлары |
Айналыс қорлары |
|||||
өндірістік запастар |
Аяқталмаған өнадіріс |
Болашақ кезең шығындары |
Қоймадағы дайын өнімдер |
Жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар |
Есептеулердегі ақша құралдары |
Ақша және т.б. қаражат айналымы |
Нормаланған |
Нормаланбаған |
Өндірістік айналым қорлары- өндірістік процессте бір рет қолданылады және өзіндік құнын толығымен өндіріетін өнімге аударады. Өндірістік айналым қорлары өнеркәсіптегі айналым қорларының ең негізгі бөлігі болып табылады. Олар барлық айналым қорларының өнеркәсіпте 70%, машина өндіру мен мелалл өңдеуде 80% аса бөлігін құрайды.
Өндірістік айналым қорларына шикізат, негізгі және қосымша материалдар, комплекттік бұйымдар, өндірісте аяқталмаған өнім, отын, тара және басқа еңбек құралдары.
Өндірістік айналым қорлары мынадай топтарға бөлінеді:
Өндірістік запастар. Оларға- шикізат, негізгі материалдардың, отынның, қосалқы бөлшектердің қалдығы, бағасы 100 тенгеден кем құнсызданғыш және тозғыш заттар, арнайы құрал- саймандар жатады.
Аяқталмаған өндіріс. Оның ішінде өз ішінде шығарылған жартылай дайын өнімдер.
Болашақ кезеңдердің шығындары- жаңа өнімдерді әзірлеуге және игеруге еткен шығындар.
Айналыс қорлары- запастағы дайын өнімдер, әлі бағасы төленбеген, бірақ жөнелтілген тауарлар, есептеу құралдары және кассадағы ақша қорлары.
Сонымен, айналым қорлары-бұл өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құруға арналған, кәсіпорынның ақша қорлары.
Кәсіпорынның айналым капиталы құрылымын білу өте маңызды, өйткені ол белгілі бір мөлшерде, сол уақыттағы немесе басқа уақыттағы кәсіпорын жұмысының қаржылық жағдайын көрсетеді. Мысалы, дебиторлық қарыздың шектен тыс өсуі, қоймадағы дайын өнімнің, аяқталмаған өндірістің өсуі кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмендеуін көрсетеді. Дебиторлық қарыз айналымнан құралдарды алып, оны өз айналымында қарыз дебиторлар қолданады. Аяқталмаған өндіріс көлемінің, қоймадағы дайын өнім көлемінің ұлғаюы айналымнан құралдардың алынғанын, сату көлемінің төмендегенін көрсетеді.
Кәсіпорынның айналым капиалының құрылымы әр түрлі себептерге байланысты үнемі өзгеріп отырады.
Әр түрлі саладағы кәсіпорындардың айналым капиталы құрылымы манадай жәйттерді бірдей қажет етпейді:
Кәсіпорын спецификасы. Өндірістік циклы ұзақ кәсіпорындарда аяқталмаған өндірістің көлемі айтарлықтай жоғары болуы мүмкін; тау-кен өнеркәсібінде болашақ кезең шығындары. Өндіріс процесі тез кәсіпорындардың қоймадаңы тауарлар запасының үлес салмағы жоғары болады;
Дайын өнім сапасы. Егер кәсіпорын сұранысқа ие болмайтын, сапасы төмен өнім өндірсе, онда бір мезетте қоймадағы тауар запасы көлемі ұлғаяды;
Мамандану деңгейі;
Ғылыми- техникалық прогрессті жеделдету. Бұл фактор айналым құралдарының құрылымына барлық элементтері бойынша әсер етеді. Егер, кәсіпорынға отынды аз жұмсайтын қондырғы қондырса, қалдықсыз жұмыс жасайтын болса, онда айналым құралдары құрылымында өндірістік запастар көлемі күрт азаяды;
Айналым капиталы құрылымына басқада факторлар әсер етеді. Бірақ факторлар ұзақ уақытты және қысқа уақытты болатындығын білген маржан.
Айналым қорларының құрамы мен құрылымын 4 белгісі бойынша анықтайды:
Айналым сферасы;
Элементтері;
Норма ауытқуы;
Қаржыландыру көздері;
Айналым сферасына байланысты айналым қорлары өндірістік айналым қорлары (өндіріс сферасы), айналыс қорлары (айналыс сферасы) болып бөлінеді.Айналым қорлары айналыс сферасында да, өндірістік сферасында да бір мезгілде, айналымның үш стадиясынан өте, қызмет етеді: жабдықтау, өндіру, өткізу.
Кәсіпорын жұмысында айналым капиталы үш сатыдан өтеді:
Ақша сатысы. Мұнда ақша өндірістік запастарға айналады. Яғни, кәсіпорын өз ақшасына шикізат немесе материалдар сатып алады. Жабдықтаушылардың счеттарын төлейді және жабады.
Өндірістік сатысы. Өндірістік запастар бірінші аяқталмаған өндіріске айналады, одан кейін дайын өнімге айналады.
Тауарлық сатысы. Дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады.
15. «Инвестициялар»,күрделі қаржылар» ұғымына анықтама беріңіз.
Инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.
Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай-ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, мал, екпе ағаштар, жер қойнауын барлау, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармалардың түпнұсқалары, жаңа үйлер және жаңа ақпарат жатады. Негізгі капиталға салынған инвестиция Қазақстанда 2000 жылы бейқаржылық активтерге салынған инвестиция көлемінің 79,1%-ы болды. Бейқаржылық инвестицияның қалған 20,9%-ы материалдық айналым құралдарының қорларын толықтыруға, құндылықтар мен бейөндірістік активтерді (жер, жер қойнауы телімдерін, патенттер, лицензиялар, т.б) сатып алуға жұмсалды. Негізгі капиталға салынатын инвестиция елдің экон. өрлеуінің негізгі факторы болып табылады. Шетелдік инвестиция – шет ел инвесторы жүзеге асыратын инвестиция Әлемдік экономикалық жүйені жаїандандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. Өтпелі кезеңде экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті оның рөлі мен мәні арта түсуде. Шетелдік инвестицияға тікелей шетелдік инвестиция (яғни қаражатты кәсіпорындардың немесе компаниялардың жарғылық қорына не акцияларына салу), қоржындық шетелдік инвестиция, сондай-ақ, сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады. Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесінің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа рыноктарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы борышты қалыптастырмайды
Инвестицияның мәні, қызметі
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады. Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық , құрылыс) өсуіне , дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады. Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға , облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады. Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық;
Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады. Ұлттық инвестор дегеніміз- Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы. Инвестиция дегеніміз – табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады , яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді: - жеке инвесторлар (жеке адамдар). - инстиуттандырылған инвесторлар (банктер , инвестициялық қорлар , зейнетақы қорлары , тағы басқалары). Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін , өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс. Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді. Ал , капитал дегеніміз - тауар өндірісінің жұмыс күші тауарға айнала бастаған кезінде пайда болады. Капиталдың алғашқы қорлануы процесінде тікелей өндірушілер өндіріс құрал- жабдықтары капиталистік кәсіпкерлердің қолына жинақтала бачстады. Өндіріс құрал жабдығынан айырылған жұмысшы өз жұмыс күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл процесс тауар өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын көрсетеді. Капиталды әлем елдерінде пайдаланудың негізгісі мыналар :
1. Инвестициялаушы елдегі капиталдың мол қорлануы;
2. Дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы;
3. Жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі;
4. Капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің болуы;
5. Саяси тұрақтылықтың және қолайлы инвестициялық ахуал;
Капиталды шетке шығару мына нысандарда жүргізіледі:
өнеркәсіп, сауда т.б. кәсіпорындарына тікелей инвестициялар ;
портфельдік инвестициялар (шетелдік облигацияларды, акцияларды және басқа да құды қағаздарға алу үшін);
Ішкі инвестициялық ресурстар өте тапшы бүгінгі экономикалық жағдайда экономиканы тұрақтандыруға , реформаларды тереңдету және құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру шетел капиталын тартпайынша мүмкін емес. Шетел инвесторы - шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары , шетел мемлекеттері , халықаралық ұйымдар , шетелде тұрақты тұрғылықты мекені бар Қазақстан Республикасының азаматтары , егер олар шаруашылық қызметін жүргізу үшін азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты мекені бар елде тіркелген жағдайда. Шетелдік инвестиция дегеніміз-қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап, басқарып отыру үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы болып келеді. Шетелдік инвестициялардың елдер мен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі кәңіргі халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер етеді. Шетелдік инвестицияларын тарту саясаты 1991 жылдан басталып, оң нәтижелер беруде. Шетел капиталын басқаратын Қазақстан эксимбанкі, сырттан қарыз алу жөніндегі комитет және инвестициялар жөніндегі комитет тәрізді органдар құрылды. Сөйтіп Қазақстанда шетел капиталы үшін қолайлы ахуал ққалыптасты. Шетел инвестицияларын тартудың басты бағыттарына тіршілікті қамтамасыз ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер – мұнай-газ және мұнай – химия салалары , электр энергетикасы , металлургия , коммуникация және де Қазақстан дәнді дақылдапр , жүн , мақта т.б. ірі өндіруші болу себепті, ароөнеркәсіп кешені жатады. Мұнай-газ саласында күш-қуат мұнай мен газ өндіріп , экспорттқа шығаруды арттыруға сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ құбырларын салуға жұмсалады. 1995 жылдың шетелдік инвестициялардың көлемі 235 млрд. $-ға артып, 2.6 трлн $ деңгейін жетті. Шетелдік инвестицияларды тартудың маңызды көзі- потрфель инвестициялары . Олар ірі корпорациялардың , мемлекеттік және жекеменшік банктердің облигациялық қарыздарын қаржыландырады. Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялар мынадай элементтерді: негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды , материалдық айналым қаражаты қорын толтыруға жұмсалған инвестицияларды , өндірілмеген және материалдық емес активтерге жұмсалған инвестицияларды , басқа да қаржы емес активтерге жұмсалған инвестицияларды өзіне қосады. 2004 жылғы қаңтарда қаржы емес активтерге инвестициялардың бағалау көлемі (материалдық айналым қаражатының қорларын толтыратын инвестицияларсыз ) 57.6 млрд. Теңгені құрады, оның 56.9 млрд теңгесі (98.7%) негізгі капиталға инвестицияларға келеді. 2004 жылғы қаңтарда негізгі капиталға инвестициялар 56.9 млрд. теңге болды, бұл 2003 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 17.2%көп. 2004 жылғы қаңтарда инвестицияның өсуі республиканың 12 өңірінде байқалды. Ең көп өсу Жамбыл (4.8 есе), Павлодар (2.2 есе), Оңтүстік Қазақстан(1.6 есе), Қостанай , Атырау, Қарағанды (1.4 есе) облыстары мен Астана қаласында да (1.9есе ) байқалды. Өсім сондай-ақ Шығыс Қазақстан , Ақмола, Қызылорда, Алматы облыстарында мен Алматы қаласында да (4-13%) байқалды. Өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда инвестиция көлемінің төмендеуі Ақтөбе (45%), Батыс Қазақстан (44%), Солтүстік Қазақстан мен Маңғыстау (6%)облыстары байқалды. Мұнай өндіру және табиғи газ (негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінен (61%) , жылжымайтын мүлікпен операция (12%), өңдеу өнеркәсібі (8%), көлік және байланыс (4%)) басым салалар болып табылады. Шетел инвестицияларының жалпы республикалық көлемінің ең көп үлесі Атырау (46%) және Батыс Қазақстан (33%) облыстарында игерілді. Инвестициялық қызмет дегеніміз – шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыратын табыс алу және меншікті капиталын өсіру мақсатындағы қаражат жұмсалымы. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар – сатып алуға, құруға , негізгі құралдарды қайта өндіруге және күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жиынтығы болып табылады. 2002 жылы Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің нәтижесі- қаржы емес активтерге жұмсалған 1307.2 млрд. теңге инвестицияны игеру болды, мұның 1100 млрд. теңге инвестициясы негізгі капиталға жұмсалған. Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлесі 84.2% құрады. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2001 жылғымен салыстырғанда 10.6 %-ға (2001 жылы-44.7%-ға; 2000 жылы – 48.5%-ға ; 1999 жылы – 33.0%ға ) өсті. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлеміндегі ірі кәсіпорындар дың үлесі – 47.0%, орташаларынікі -27.9%, шағындарынікі – 23.9% , халық үлесі – 1.2% құрады. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың түрлік құрылымына сәйкес тұрғын емес үйлер мен ғимараттарға кеткен шығындардың үлесі 45.0% құрады, бұл 2001 жылғы көрсеткіштен 9.6пайыздық пунктке артық. Тұрғын үйлерге салынған салымның үлесі 0.6 пайыздық пунктке өсіп, 4.8% құрады. Машиналарға, жабдыққа, құрал-сайманға, керек- жарақтарға кеткен шығындардың үлесі 1.6 пайыздық пунктке төмендеді. Негізгі капиталға жұмасалған басқа шығындар 131 млрд. теңгені құрады, оның 89.1% геологиялық барлауға жұмсалған. Өңдеу өнеркәсібі салалары арасында металлургия өнеркәсібінің үлесіне ғана негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің 44.4%тиеді. Көлік және байланыста негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың елеулі үлес салмағы құбырлармен айдауға (42.3%) әуе көлігіне (15.4%) және электр байланысқа (19.8%) келеді. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі ауыл шаруашы- лығында бұрынғысынша мардымсыз (1.3%). Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі де табиғат қорғау шараларына мардымсыз болды. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінде үйлер мен ғимараттарды күрделі жөндеуге кеткен шығындар үлесі 13.3%құрады,бұл 2001 жылғы көрсеткіштен 4.2 пайыздық пунктке артық. Күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жалпы көлемінен үйлер мен ғимараттарға – 52.3%, машиналар мен жабдықтарға кеткен шығындар 47.7% құрады.
Күрделі қаржы өндірісті дамытудағы инвестицияның негізі ретінде бұл жаңадан салынатын құрылысқа, кеңейтуге, қайта құруға, техникамен қайта жабдықтауға және қолданыстағы өндірісті қолдануға, сол сияқты тауар-өндірістік қосалқы қорлар жасауға, айналым қаржыларының өсуіне және материалдық емес активтерге қаржы жұмсау. Күрделі қаржы – капитал жасаушы инвестицияның құрамды бөлігі. Олар жасауға және негізгі қорларды ұдайы жаңартуға, бағытталған шығындар. Күрделі қаржы кәсіпорынның тіршілік етуінің қажетті жағдайы болып табылады. Күрделі қаржы құрамына кіретіндер: құрылыс-монтаж жұмыстарына кететін шығындар; негізгі қорларды сатып алуға жұмсалатын шығындар (станоктар, машиналар, жабдықтар); ғылыми-зерттеу, жобалау-іздестіру жұмыстарының шығындары, т.б; еңбек ресурстарын инвестициялау; басқадай шығындар. Инвестициялық қаржыдан алынған пайданың маңызды мезеті қоржынды ойдағыдай басқару. Қоржынды басқару әр түрлі құнды қағаздар жиынтығына иелік істеу өнерін түсіндіреді, тек олар өзінің құнын сақтау ғана емес, сонымен бірге қандай болса да тәуекелдікке байланысты емес түпкілікті табыс ету. Қағида бойынша, қоржындарды басқару екі тәсілге бөленеді: активтік және пассивтік. Активтік басқару – инвестициялық қоржынннан алынған табыс мөлшерінің мүмкіндігін болжайтындығын сипаттайды. Пассивтік басқарудың мәні – күні бұрын тәуекелдік деңгейі анықталған және қоржынды өзгеріссіз жағдайда ұстап қалатын жақсы әртараптандырылған қоржындарды жасаудан тұрады. Отандық экономика дамуының ерекшелігі, инвестициялық қоржынды әр түрлі екі жағынан жақындатуға мүмкіндік береді:
Классикалық көзқарас негізінде инвестициялық қоржынды қалыптастыру
Экономиканың нақты жағдайын еске ала отырып, инвестициялық қоржынды қалыптастыру
Бұл екі көзқарасты салыстыру, олардың қасиеттері мен айырмашылықтарын көрсету өте маңызды. Ең әуелі классикалық инвестициялық қоржынның орнын түсіндіру:
инвестор белгілі кезең ішінде әбден оңтайлы инвестициялы болуы керек және аяғында пайдамен алынады.
Қоржынның құрамының өзгеруі осы кезең ішінде қарастырылмайды.
Қоржын әр уақытта дивидент бола алады.
Құнды қағаздардың қоржынға қосылуы екі параметрмен сипатталады – болжамды табыс және стандарттық ауытқу.
Енді қоржынның нақты айырмашылық бет әлпетіне тоқталсақ:
Бағым қоржыны, яғни оның табысы оған кіретін қағаздардың бағым құнының өсуінен құралады.
Егер де классикалық қоржынды салынған қоржынның қайтарымын сенімді уақиғалар деп есептелінсе, онда нақты да олардың азаюы мүмкін және тәуелдіктің азаю әдісі ретінде қоржын көзқарасының мәнділігі артады.
Қаржы құрылымының өзгеруі мүмкін. Сонымен ұзақ мерзімді жоспарлау әдісі қолданылады, яғни осындай қоржынды басқарудың мақсаты – пайданы күнделікті ауытқудан емес, ол ұзақ мерзімді беталыс негізінде табу.
Сонымен, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі өзінің өндірістік-экономикалық потенциалын сақтау және әрі қарай дамыту. Кәсіпорынның бұл саладағы іс-әрекеті – инвестициялық іс-әрекет деп аталады. Қазақстан республикасының «нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы Заңы бойынша инвестициялық іс-әрекетке инвестицияларды атқаруға байланысты кәсіпкершілік іс-әрекет жатады. Қазақстан Республикасында кәсіпорындар инвестициялық іс-әрекеттері «нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Шетел инвестициялары туралы» Заңдармен және де «Банкроттық жайлы», «Бағалы қағаздар нарығыжайлы» Заңдармен, тағы басқа да нормативтік актілермен реттеледі.
16 Тікелей инвестициялардың атқаратын қызметі.
Тікелей инвестиция – бұл қаражаттарды тікелей өндіріске, кұрал-жабдыктарды сатып алу және әлеуметтік, өнідірістік сипатағы объектілерді салуға жұмсалады. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау. Қазақстанда “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” Заң (28 ақпан 1997 ж.)қабылданған. Онда инвестицияның қызметі- инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау ең алдымен келесілерден тұрады:
- инвестициялық қызметті қамтамасыз етудің заң шығарушы кепілдері;
- жеңілдіктер мен артықшылықтар жүйесін белгілеу (мемлекетті сол немесе басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға олардың қызметіне қолайлы жағдайлар жасау мақсатымен жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі);
- Қазақстан Республикасының мүддесін инвесторлар алдында көрсетуге өкілетті, бірыңғай мемлекеттік органның болуы.
Заңда тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаттары мен міндеттері белгіленген. Бұл қолдаудың мақсаты- экономиканың басым секторларында тауар өндірісін, жұмыс пен қызмет көрсетудің жедел дамуын қамтамасыз ету үшін қолайлы инвестициялық климат жасау болып табылады. Мемлекеттік тікелей қолдаудың ортақ мақсатына жету үшін міндеттердің бірқатарын шешу қажет:
- жаңа технологияларды , алдыңғы қатарлы техника мен ноу- хау енгізу;
- жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуге ішкі нарықтың қанығуы;
- отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мен ынталандыру ;
- экспортқа бейімделген және импортты алмастырушы өндірістерді жетілдіру;
- ҚР- ның шикізат базасын ұтымды және кешенді пайдалану;
- менеджмент пен маркетигтің қазіргі әдістерін енгізу;
- жаңа жұмыс орындарын құру;
- жергілікті кадрларды үздіксіз оқытудың, олардың мамандық деңгейін жоғарлатудың жүйесін енгізу;
- өндірісті күшейтуді қамтамасыз ету;
- қоршаған табиғи ортаны жақсарту.
Басқару процесі үшін инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды ынталандырудың шаралар жүйесі басты мәнге ие. Соның ішінде, жеңілдіктер жүйесі : бекітілген инвесторлардың мүддесін қорғау бойынша ҚР- ның берген кепілдері, сондай-ақ , келісім шартқа отыру мен оны бұзудың шарттары мен тәртібі қарастырылған. Тікелей инвестицияларды қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, инвестициялар бойынша Мемлекеттік Комитет болып табылады. Ол ҚР- на тікелей инвестицияларды тарту жұмыстарын ұйымдастыру ; инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; барлық келістіруші және рұқсат құжаттарын алуды қамтамасыз ету; инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру сияқты функцияларды атқарады.
17 Инвестициялық қызметтің базалық принциптері қандай?
Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор. Бұл тұрғыдан инвестициялық іс - әрекетті екі құрамдас бөлікке жіктеуге болады. Экономикалық құрылым мынадай элементтерден және инвестициялық іс-әрекеттің нәтижесінен тұрады:
Пайда табу. Түскен пайданың өзі екі аспектіні қамтиды: экономикалық, яғни инвесторлар пайда тауып оны қайта өндіріске жұмсайды – реинвестирование және әлеуметтік, тапқан пайданының белгілі бір бөлігі инвестордың әлеуметтік қажеттілігіне жұмсалады.
Жоғарыда көрсетілген пайданың негізінде жұмыскерлер де табыс тауып, соның негізінде өздерінің, жанұяларының әлеуметтік қажеттілігін өтейді.
Пайдадан түскен салық пен өтелімдер мынадай мақсаттарға жұмсалады:
Міндетті медициналық қамсыздандыру қорына;
Мемлекеттік зейнетақы қорына;
Аймақтық бюджетке;
Республикалық бюджетке;
4. Өнеркәсіптік әлеуметтік даму қорын құру.
Егер фирма салымдары бойынша ең жоғары тиімділікке жетуге тырысса, онда олардың басшылары инвестициялаудың базалық принциптерін есептеуі керек.
1. Инвестициялаудың шектеулі тиімділігі
2. "Замазкалау" принципі.
Сылап, бітеу жұмысына келетіндей инвестиция жүргіз. Шешімді қабылдап алғаннан кейін, инвестицияны іске асыру барысында ол еркіндікті енді оған бармау алмастырады, Мәселен, қандай станокты сатып алуға, не жалға алуға немесе өзің өндіргің келеді де, бұл операцияны жүргізу үшін қанша кредит аласың, оны қандай мерзімге және қанша проценттік мөлшерде алуға шешім жасауға еріктісіз. Ал, бұл операциялардың бәрін жасап болғаннан кейін, қайтадан қайту оңайға түспейді, өте қыйын болады. Бұл станокты көп жыл бойына пайдалану керек болады, алған кредит үшін проценттерді төлеу керек болады. Сөйтіп, сылап-бітеу процесінен шыға алмай, байланасың да қаласың, өйткені иңвестициялық жоба күшіне еніп алғаннан кейін еркін қимыл-әрекеттерге баруың шектеулі болып қалады.
Мұнан еркін шешімділікке және басқа әрекеттерге баруың мүлдем тиылды деуге болмайды. Әрине, сатып алған станокті қайтадан сатып жіберуге де болады немесе акциялардан да құтылуға болады да, "дезинвестирование" деп аталатынды жүргізуге болады. Көбінесе осыны жүргізеді. Қатені кейінге қалдырудан гөрі, тезірек түзетуге тырысу керек. Бірақ қатені тузеу үшін уақыт та кетеді, ақша да жұмсалады, басқару қызметінде шәлгездік туады, іскер серіктестермен байланыс үзіледі.
Мысалға, әлгі сатып алынған станокты алсақ, оны 1 жыл бойы пайдаланып келеген. Конъюнктура өзгеріп кетті де, енді оны пайдалануға мүмкіндік болмай қалды, оны 10 жыл бойы пайдаланбақ болған. Осы 10 жылға есептеліп кредит алып, әкеліп беруші және сатып алушылармен келісіп, амортизацияны да есептеп, тиісті ұзақ мерзімді келісім шарттарды жасап қойған. Дезинвестирование жүргізуге шешім қабылдап, қателіктерді жөндеуге бару керек болады, бірақ қателіктерді жөндеуге ештене төлемейтін болды. Кредит үшін (10 жыл) төлеу керек, әкеліп берушіге шартты бұзғаны үшін айып пүл төлеу керек, өйткені ол станоктың жетіспей қалған бөлшектерін әкеліп берген болатын, олар да 10 жыл бойы тиімді келісім бойынша пайда алатынына сенген болатын. Өнімді сатып алушыларға да 10 жыл бойы беріп тұру жөнінде шартқа отырғандықтан, оларға да төлеу керек. Өткізуші ұйымдарға да осы тәртіп бойынша төлеу керек. Мұнан да сорақы жағдай, жабдықтарды қайтадан сатқан кезде туады. Мұны рынокте әлі қалай сата алады? Қандай бағаға? Диллер саудалық-делдалдық үшін қанша алады?
Сөйтіп, қатені түзеу үшін қететін шығындар түгелімен кәсіпорын қалтасынан шығады. Осындай батпаққа батқаннан шығу өте қиын болады. Ал, егер осында "байланып қалу" бір уақытта 3-4 инвестициялық жоба бойынша болғанда не болады? Капиталды сіңіру саласы үлкен болып қалғанда, іскерлік серіктестіктер де мықтылар болады да, қатені түзеу үшін көп шығынға бататының анық болады. Міне, осыдан барып, инвестициялық жобаны іске қоспас бұрын, алдын-ала оның тиімділігін есептеп алған жөн. Тіпті 100 беделді фирмалар ақыл бергенімен, қате жібермеймін деп ойлауға болмайды. Нарықтың аты нарық. Бәрібір тәуекелділіктің аз болғаны дұрыс. Кәсіпорын басшылары тиісті шешім қабылдаудан қорықпауы керек, олар өздерінің жоспарларын жөндеуде өте икемді болулары қажет, конъюнктураның уақытша өзгеруіне және басқадай фактордарды көре біліп, тиімді істерді бастай алулары қажет.
3. Күрделі қаржыны салуда материалдық және тиімділіктерді бағалау үйлесімділік принципі. Тиімділікті бағалаудың үш варианты бар:
1) Шығындар мен шығарудың салыстырмалы бағаларын салыстыру арқылы, яғни тек қана құндылық, ақшалай таддау.
Бірақ әлемдік инвестиция жасау тәжірибесі тек қана тиімділіктің ақшалай бағалануы жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр. Әсіресе, мұндай тәсілдік инфляцияның ауыздықсыз кеткен жағдайында, су түбіне мүлдем батырады. Сондықтан ақшалай бағалауды техникалық есептеумен толықтыру керек болады.
2) Тиімділіктің ақшалай және техникалық белгілерінің үйлесімділігі. Бұл тәсіл сенімдірек болады. Өйткені инвестициялық жобаға салынған технологияға көп жағдай байланысты. Өндірістік күш-қарқынның артуының өзі тікелей технологияға қарай болады да, осыдан барып, инвестициялық мақсаттардың жүзеге асуына себебін тигізеді.
3) Тиімділікті бағалаудағы таза түріндегі техникалық тәсіл. Бұл бизнестегі нарықтық бағалауды есепке алмайды, сондықтан оның қолданылуы: әзірше Қазақстан жағдайында басты орында болмай тұр.
4. Үйренушілік шығындар принципі.
Үйренушілік шығындар деген не? Бұл - жаңа инвестицяялық ортаға үйренуге байланысты болған барлық шығындар. Бұларды қайта құрудан және кадрларды қайта даярлаудан жоғалтқан өнім шығарумен өлшенеді, жаңа жабдықтар қойылғанда, оны конъюнктура өзгеруіне қарай, қайтадан өзгертіп, құрастыру керек болады.
Уақытша жоғалту деген - табысты да жоғалтумен бірдей деп есептелінеді.
Әрқашанда да жаңа инвестиция жөніндегі шешім мен оны іс жүзінде асыру, орнын толтыру арасында уақытша қалып қоюшылық «лаг» бола береді. Бірден үйренушілік болмайды. Қандай да болмасын үйренушіліктің өзінің шығындары болады: жаңа хабарлар керек, жаңа технология, кадрларды қайта даярлауға қаржы керек болады. Бұлай болмағанда, тездету үшін төлеу керек. Мысалы, жаңа заводты қайта салу керек болады, оны жарты жыл ішінде. Бірақ мұндай құрылыстың құны "алтынмен" тең болып кетеді.
Өндірістік инвестицияаудағы үйренушілік шығындары одан да асып кетеді. Жабдықтарды орнаттық делік, технологиясы да дұрысталды. Бірақ нарықтық конъюнктура өзгерді де, енді технологияны қайтадан өзгертіп, оған орай жабдықтарды да қайтадан жаңғырту керектігі туады.
Қол жұмыстарын машинамен ауыстырғыңыз келді делік. Бұл да белгілі үйренушілік шығындарды керек етеді (тура және жанамалық). Солардың кейбіреулерін ғана атайық: кадрларды қайта даярлау, ескі жабдықтарды сатып, жаңаларын орнату, жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істемеген уақыттары үшін төлеу керек (тиісті қысқартулар операцияларды), ескі келісім шарттардың орындалмай қалғандарына айыппұл төлеу.
Мұнан туындайтын қорытынды : үйренушілік шығындарды жаңадан өндірілген өнімдерді сататын бағаға қосып жіберу. Бұл баға өндіріске қажетті шикізат, материалдар, технологиялар, жабдықтарға кететін бағалардан жоғары болғанда ғана, бұл вариант бойынша капиталды салудың артықтығы айқын көрінеді. Сіздің өнімге сұраным көбейген сайын, үйренушілік шығынына да іркілмей бара беретін боласыз.
Сұраным бағасы ұсыным бағасынан көп болып, ең бастысы көп уақыт осылай тұра берсе, сіздің үйренушілік шығындарына қарамай-ақ , бұл инвестицияларыңыздың тиімділігін тәжірибе толық көрсетіп берді.
5. Мультипликаторлық (көбейткіш) принципі.
Мультипликаторлық принцип салалардың өзара байланыстылығына сүйенеді. Бұл дегенің, мәселен, автомобильге деген сұраным өзінен өзі келеді де оның технологиялық істеріне керек тауарларға да сұранымды арттырады: металдар, пластмасса, резина және тағы басқалар. Өңдіріс технологиясын білу арқылы өзара қатынастық коэфффициенттерді есептеп шығаруға мүмкіндік туғызады. Мысалы, егер биржалық баға белгілеуде машина жасаудың құны көтерілетіні белгілі болса, машина жасаудың технологиялық байланыстылығы бізге белгілі болғандықтан (басқа салалармен), алдын-ала бұл байланыстылықтың мультипликациялық күшті әсерін есептеп шығара аламыз. Мәселен, фирма машина жасауға пластмаса шығарады делік.
Сөйтіп, келешектегі кірістің қандай болатынын білесіз. Мультипликатор арқылы салалар арасында байланыстылықты анық көрсетіп, оны сан жағынан да білдіреді.[2; 67]
Күш беруші саланың мультипликатор арқылы нәтижесі әр түрлі және әр түрлі уақытта болады. Егер мысалы, ондай тасыңыз ауыл шаруашылық техникасы болса, онда мультипликатор және технологияны жақсы білуіңіз арқылы толқынның сізге қашан кәсіпорнына келетінін, кірісті көтере немесе азайта ма, бәрін есептеп аласыз. Инвестициялық стратегияда мұны да есептеу қажет болады.
Мультипликатордың күш әсерінің азаюы сіздің кәсіпорны саласының басқа саладағы - генераторлық сұраным мен кірісінен біртіндеп алыстай беруіне қарай болады. Кейіннен мультипликатордың күш әсері уақыты жеткен сайын әлсірей бастайды. Мұнан кейін күш беретін жаңа сала пайда болады да, инвестиция стратегиясын қайтадан түзеуге тура келеді. Өйткені рынок үнемі қозғалыста болып түрады.
6.Q - принципі
"Q" - принципі - бұл қор биржасындағы бағалау мен актив құнын нағыз қалпына келтіру арасындағы өзара тәуелділік. Бұл тәуелділіктің көрсеткіш - қатынасы :
Q ═ дің биржалық бағалануы (құндылығы) / бұл активтерді ауыстырудың (сатып алу) күнделікті шығындары.
Егер бөлшек бірліктен үлкен болса, онда инвестиция жүргізу тиімді болғаны (үлкен болған сайын, одан әрі тиімді болады). Мәселен, үйдің рыноктық (биржалық) құнының, оны салудағы күнделікті құнына қарағанда, артық болуына қарай, үй салуды ынталандырады, өйткені бұл үйді жаңа үймен ауыстыруға кететін шығындардан ол үйдің рыноктік бағасының артық болуы.
Сөйтіп, инвестициялау тиімділігі сұраным бағасы мен ұсыным бағасының өз ара қатынастарына байланысты болады. Егер тұтастай кәсіпорнын (фирманы) сатып алуға инвестицияны салуға есептегенде:
Q ═ фирманың барлық биржалық құны / оның материалдық бөліктерін орнына келтіру шығындары.
Тұтастай алғанда, бұл принциптің қолданылу деңгейінің аз болуы, мемлекеттік реттеушіліктің көп болуына қарай туады
18 Күрделі қаржыны қалыптастырудың негізгі көздері.
Экономикалық процестер мен құбылыстардың, олардың даму заңдылықтары мен беталысының сандық сипаттамасы үшін пайдаланылатын абсолюттік және салыстырмалы шамаларды – экономикалық көрсеткіштер дейді. Мақсаттарына қарай жоспарлық, статистикалық, талдамалы экономикалық көрсеткіш түрлеріне бөлінеді.
Күрделі қаржы салымдары – кәсіпорынның жаңа негізгі қорларын құруға, қолданыстағы қорларды жаңғыртуға, жаңа техника мен технологиялық процестерді енгізуге жұмсалған ақшалай қаражат.
Жаңа құрылыс – бұл жаңа өндірістік кәсіпорындарды құру, ол олардың толық жобалық қуатын іске қосудан кейін аяқталған деп саналады.
Жұмыстағы кәсіпорынды кеңейту деп – негізгі және қосымша өндірістің аз күрделі шығындармен өндірістік қуатын арттыруды түсіну.
Кәсіпорынды қайта құру – шығарылатын өнімнің көлемін ұлғайтып, сапасын жақсарту немесе жаңа түрлерін игеру мақсатымен негізгі қорларды, техника мен технологияны жетілдіру, жаңғырту мен жаңарту. Күрделі қаржы салымдары, оларды пайдалану тиімділігі бойынша бағалануы қажет. Ал экономикалық тиімділікті есептегенде, екі түсінікті пайдаланады: экономикалық нәтиже және экономикалық тиімділік. Экономикалық нәтиже – техникалық, шаруашылық немесе өзге де міндеттерді шешу тиімділігінің абсолюттік сомасы.
Күрделі жұмсалымдардың экономикалық тиімділігі – негізгі қорларды құруға немесе дамытуға арналған күрделі қаржы салымдар шамасы мен алынған нәтижелердің арақатынасы. Экономикалық тиімділік деп – экономикалық нәтиже мен соған жетуге қажетті шығындарға қатынастарды айтуға болады. Ол күрделі қаржы салымдарының, жаңа техниканы енгізудің және басқа шешімдердің абсолюттік (жалпы), салыстырмалы экономикалық тиімділігін ажыратады.
Халық шаруашылығы саласы және кәсіпорын, акционерлік қоғам деңгейінде ұлттық табыс, таза нормативтік өнім мен пайда көлемінің өсуін туғызған күрделі қаржы салымдарға қатынасы – абсолюттік экономикалық тиімділік көрсеткіштері болуы мүмкін. Еңбек өнімділігі, өнім сапасы, оның материал сыйымдылығы, қор сыйымдылығы, өндіріс тиімділігінің қосынды көрсеткіштері болады.
Кәсіпорын деңгейінде абсолюттік экономикалық тиімділік мына формуламен нықталады:
Эа = П / К немесе Т = К / П, (11.1)
мұндағы Эа – күрделі қаржы салымдарының абсолюттік тиімділік коэффициенттері;
П – күрделі қаржы салудан алынған кәсіпорын пайдасының өсуі;
К – пайда көлемінің өсуін туғызған күрделі қаржы салымдардың мөлшері;
Т – күрделі қаржы салымдарының өтелімділік мерзімі.
Күрделі жұмсалымдардың салыстырмалы экономикалық тиімділігі, белгілі техникалық немесе шаруашылық мәселені шешуде екі немесе одан да көп нұсқалардан біреуін таңдауында есептеледі. Осы әдістеме бойынша экономикалық мақсатқа сай келетін нұсқа, барынша аз келтірілген шығындарды қамтамасыз ететін нұсқа болып саналады, яғни:
Сі + Ен * Кі mіn, (11.2)
немесе
Кі + Тн * Сі mіn, (11.3)
мұндағы Сі – нұсқалар бойынша өнімнің өзіндік құны;
Кі – нұсқаларға сәйкес күрделі қаржы салымдары;
Ен – күрделі қаржы салымдарының салыстырмалы тиімділігінің нормативтік коэффициенті (тау-кен өнеркәсібінде оның мөлшері 0,14-ке тең);
Тн – күрделі жұмсалым өтелімділігінің нормативтік мерзімі (7 жыл).
Күрделі қаржы салымдары тиімділігінің салыстырмалы коэффициенті (Ес) мына формуламен анықталады:
Ес = (С1 - С2)/(К2 – K1). (11.4)
Егер Ес > Ен болса, онда күрделі шығындар экономикалық жағынан негізделген болып табылады.
Қосымша күрделі қаржы салымдарының өтелімділік мерзімі (Тк) былай есептелінеді:
Тк = (К2 - К1)/(С1 - С2). (11.5)
Жылдық экономикалық нәтиже (Эж), базалық және енгізілетін нұсқалардың келтірілген шығындар арасындағы айырмасы ретінде анықталады:
Эж = (С1 + ЕнК1) – (С2 + ЕнК2). (11.6)
Күрделі қаржы салымдарының салыстырмалы тиімділігін анықтау әдістемесінің негізгі кемшілігі — ең жақсы нұсқаны анықтағанда, негізгі критерий келтірілген шығындар, ал пайда — нарықтық экономика талаптарына сай келетін критерий болып саналады.
19 Күрделі қаржының тиімділігін қалай арттыруға болады?
Күрделі қаржы жұмсалымы туралы шешім қабылдау – компания басшылығының алдында тұрған аса маызды да қиын міндет. Көптеген компаниялар алдағы кезеңдегі қызметті бес, он, тіпті оданда коп жылға алдын ала анықтап ұзақ мерзімді жоспар әзірлейді. Ал, күрделі қаржы шығыны осы ұзақ мерзімді жоспарға кіріктірген бір бөлігі болып табылады.
Сол себепті ұйым ең алдымен күрделі қаржы жұмсалымы туралы ұсыныстың экономикалық тиімділігін бағалап, кәсіпорындағы ақшалай қаражаттың айтарлықтай артық бөлігін (үлесін) қажет ететін процесс туралы әлдеқайда нақты болжам жасауға тырысады. Әдетте күрделі қаржы шығын көзіне қарыз қаражаты жатады, сондықтан да кәсіпорын мұндай жұмсалымның мақсатқа лайықты екеніне инвестордың көзін жеткізіп, оның өтелуін мұқият есептеуі керек.
Ұзақ мерзімді капиталға – құрылысқа, жылжымайтын мүлікке, жабдыққа және т.б. қаржы жұмсау тән. Бүгінгі таңда жүзеге асырылып отырған материалдық қаражатқа күрделі қаржы жұмсаумен байланысты инвестициялық шешім белгілі бір дәрежеде фирманың техникалық және технологиялық деңгейін, оның алдағы кезеңдегі жемісті жұмысның ойдағыдай болуын анықтайды.
Инвестор бағдар ретінде ұстанатын мақсаттардың екі негізгі тобын бөліп қарастыруға болады:
Ақша түрінде көрініс табатын мақсаттар – пайданы немесе тауар айналымын арттыру, шығындар мен инвестициялық шығындарды кеміту.
Ақша түрінде көрініс таппайтын мақсаттар - әйгілі болуға, мәртебелі орынға ұмтылу, тиісті нарық сигментін жаулап алу, тәуелсіздік немесе қандай да бір әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыру.
Бірінші топтағы мақсатты қарастырайық. Оны жетістікке жеткізу үшін санды әдісті қолдануға болады. Белгілі бір сандық мақсатқа қатысы бойынша оңтайлы инвестициялық шешімді қалыптастыруға мүмкіндік тудыртын сандық әдіс инвестициялық есептер деп аталады.
Инвестициялық негіздеу әдісі статистикалық және динамикалық деп екі топқа бөлінеді.
Инвестициялық есептің статистикалық әдісі мынадай жағдайларда: инвестициялық шығын кезең басында жүзеге асрылып, оның пайда түсіретін нәтижесі кезең аяғында болатын тек бір кезеңі қарастырылғанда, сонымен бірге бір қатар ұзақ мерзімді жоба орташа жылдық көрсеткіштерді аса қиындықсыз сипаттағанда қолданылады.
Статистикалық әдісті қолдану барысында барлық қарастырылатын инвестициялық жобалар салыстыруға келетіндей болуы керек, яғни крителік көрсеткішті (пайда, шығын және пайдаллық) қоспағанда барлық жобаның көрсеткіштері бірдей болу керек. Орташа жылдық пайда орташа жылдық табыс пен орташа жылдық шығын арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Дәстүрлі шығын бабынан басқа шығындардың құрамына белгілі бір жобаға капиталды ұзақ мерзімді жұмсаудағы инвестор табысының ысырап болуы ескеріледі.
Инвестициялық есептің динамикалық әдісі мынадай жағдайда, егер жоба ұзақ мерзімді сипатта болып, ал инвестордың табысы мен шығыны бұл кезең ішіндегі елеулі өзгеретін болса: оның үстіне , жыл бойвнша шығындардың уақыт ішінде өзгеруін сипаттайтын ұзақ мерзімді жобалада қолданылады.
Динамикалық әдістің негізінде мына алғышарттар бар:
кезң бірлігіне бір жыл кіретін ұзақ мерзімді инвестициялық жобалар қарастырылады;
әрбір инвестициялық жоба элементі әр жыл сайын оның жүзеге асырылу барысындағы инвестордың табыс мен шығынының сальдосын білдіретін төлем ретімен сипатталады.
Әрбір инвестициялық жобаның төлем реті жағымсыз элементтен басталады, өйткені инвестицияны бірден жүзеге асыру ақшалай шығынды талап етеді. Жобаны қаржыландырудың төлем реті жағымды элементтен басталады, өйткені қаржыландыруды жүзеге асыру өзіндік қаржының немесе қарыз қаражатының қолда бар екендігін білдіреді;
- инвестор жобаларды бағалаудың әр түрлі әдістерін қолдану ықтимал сипатында болатыны туралы өзіне есеп беруі, яғни есінде ұстауы керек, өйткені нақты нәтиже инвестиция есебінде анықталғаннан басқаша болуы мүмкін;
- динамикалық инвестициялық есепті жүзеге асыру процесінде инвестицияның тек болашақтағы нәтижесін анықтайтын экономикалық факторларды ғана ескереді. Сондықтан да бұл әдіспен қатар сандық талдау әдісін қолдану қажет.
Инвестициялық жобалардың тиімділігін талдаушы бухгалтердің объективті бағалауына мүмкіндік беретінәр түрлі әдістер мен тәсілдер бар, осылардың негізінде басшылыққа ұзақ мерзімді іргелі басқарушылық шешім қабылдауы үшін көмек көрсетіледі. Олар бір-бірімен оқшау, әр түрлі тәсілдемеде қолданылады.
Капитпалды жұмсаудың тиімділігін бағалау үшін мына көрсеткіштер пайдаланылады:
күрделі қаржы жұмсалымы және пайда мөлшері бойынша жүктелген шығындар;
таза дисконттау және күрделі қаржы жұмсалымы өтелуінің ішкі коэффициенті бойынша күрделі қаржы жұмсалымын бағалау әдістері;
күрделі қаржы жұмсалымының өтелу кезеңі;
өтелудің есептік коэффициенті және пайда индексі.