Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эк пп шпор.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
311.5 Кб
Скачать

12. Айналым құралын сипаттайтын негізгі көрсеткіштері.

Айналым қаражаттарын пайдалану экономикалық көрсеткіштермен сипатталады. Айналым қорларының айналым жылдамдығы айналым қаражаттарын тиімді пайдаланудың маңызды көрсеткіші болып табылады. Ол өзара байланысты келесідей көрсеткіштердің көмегімен анықталады: айналыс коэф-ті, Бір айналыстың ұзақтығы және жүктелу коэффициенттері.

- Айналым құралдарының айналыс коэф-ті. Бір жыл ішінде айналым қаражаттарымен жүзеге асырылған айналым саның көрсетеді:

Кайн ═ РП/Нж РП – бір жылдағы өткізілетін өнімнің көлемі (1жыл ішінде)

Бір айналыстың орташа ұзақтығы

Тайн═ Ткезайн Ткез- жоспарлы кезең уақыты, күн.

айналыс жылдамдығына кері шама өнім өткізу түсімінің 1 теңгесіне авансыланған айналым құралдарының көлемін көрсетеді. Бұл қатынас айналым құралдарының жүктелу коэф-ті деп аталады.

q айн═ Нж/РП

Айналысттыңң үдеуі нәтиижесінде босаған айналым құралдарыныың сомасы:

∆бос═ РП/Ткк*(Т1020) ═ ∆То*РП/Ткк

Ткк – жоспарлы кезең ұзақтығы, күнтізбелік күндер; Т10- бір айналыстың жоспарлы немесе базалық уақыты,күн; Т20- нақты айналыс уақыты, күн; ∆То- бір айналыстық айналымның үдеуі, күн

Айналым құралдары абсолютті және салыстырмалы босауы мүмкін.Айналым құралдары абсолютті босауы: ∆абс ═ РПжаж-РПнан. РПж, РПн – бір жылдағы жоспарлыы және нақты өткізілетін өнім көлемі

Айналым құралдары салыстырмалы босауы: ∆сал ═РПна баз- РПНан

Каж, Кан, Ка баз- сәйкесінше, айналым құралдарының жоспарлы,нақты, базалық айналыс коэф-ті

13.Айналым қаражатының айналымдығын жеделтету жолдары.

Өндіріс тиімділігіне айналым қаражаттарының айналымдылығы үлкен әсер етеді. Ол бір жылдағы, бір тоқсандағы айналым қаражат айналымының санын және бір айналымның ұзақтығын сипаттайды. Сонымен айналым қаражаттарының айналымдылығы оны тиімді пайдалануын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш. Алдында айтқандай кәсіпорынның айналым қаражаттары ұдайы өндіріс процесінің бір сатысынан екінші сатысына үнемі ауысып отырады. Оның бұл үздіксіз қозғалысы айналым қаражаттарының ауыспалы айнымалы болып табылады.

Айналым қаражаттарының айналымының жылдамдығын айналымдылық коэффициент сипаттайды, ол өткізілген өнім құны және айналым қаражаттарының орташа қалдығы қатынастарымен есептеледі:

КА = ӨӨ / АҚ ,

мұндағы КА – айналым қаражаттарының айналымдылық коэффициенті;

ӨӨ – белгілі бір кезеңде нарық белгілеген бағамен өткізілген өнім көлемі, теңге;

АҚ – айналым қаражаттарының үздіксіз айналыста болатын орташа қалдығы, теңге.

Айналым қаражаттарының орташа жылдық, тоқсандық сомасы (қалдығы) хронологиялық орташа мәнін есептеу арқылы табуға болады, яғни:

АҚ = (1/2 АҚБ + АҚі + ½ АҚС)/(n-1),

мұндағы АҚ – айналым қаражаттарының орташа жылдық, жарты жылдық, тоқсандық, айлық сомалары, теңге;

АҚБ – айналым қаражаттарының есептік кезең басындағы мөлшері, теңге;

АҚС – айналым қаражаттарының есептік кезең соңындағы мөлшері, теңге;

АҚі – айналым қаражаттарының есептік кезең ортасындағы сомалары, теңге;

n – қатардағы деңгейлер, көрсеткіштер саны.

Айналымдылық коэффициентіне кері көрсеткішті жүктеме немесе орналастыру коэффициенті дейді. Бұл көрсеткіштің экономикалық маңызы мынада – бір теңгеге өнім шығару үшін қанша айналым қаражаттары керек екендігін білдіреді.

Басқа маңызды көрсеткіш – бір айналымының уақыты (ұзақтығы). Ол кезеңдегі күндер санын айналымдылық коэффициентке бөлумен табылады:

t = T/KA немесе T · АҚ / ӨӨ,

мұндағы t – бір айналымның ұзақтығы, күндер;

T – кезеңдегі күндер саны (жылда 360 күн, тоқсанда 90 күн).

Келесі көрсеткіш айналым қаражаттардың қайтарым көрсеткіші (ҚАҚ), ол өнім өткізуден алынған пайда мен кәсіпорынның айналым қаражаттардың қалдығы қатынасымен анықталады, яғни:

ҚАҚ = П / АҚ ,

мұндағы П – өнім сатудан алынған пайда, теңге;

АҚ – сол кезеңдегі айналым қаражаттардың орташа қалдығы (сомасы).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]