Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эк пп шпор.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
311.5 Кб
Скачать

10.Айналым құралының құрамы.Негізгі элементтері.

Айналым құралдары – бұл өндіріс және өнімді дайындау процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етуде өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құру және пайдалану үшін авансыланған қаражат жиынтығы. Айналым қаражаттарының негізгі қорлардан айырмашылығы сонда, ол тек бір кідірістік кезеңде ғана жұмыс жасайды және өзінің құнын толығымен жаңадан дайындаған өнімге береді. Сондықтан да оны айналым капиталы деп те атайды. Экономикалық әдебиетте өнеркәсіптік кәсіпорынның айналым құралдарын топтау қабылданған, осыған сәйкес олар келесідей бөлінеді:

  1. айналым саласы бойынша:

а) өндірістік айналым қорлары (өндіріс саласы);

ә) айналыс қорлары (айналыс саласы);

2) айналым құралдарының элементтері бойынша:

а) өндірістік қорлар (шикізат, негізгі материалдар және жартылай фабрикаттар, көмекші материалдар, отын, ыдыс, жөндеудің қосымша бөлшектері, төмен құнды, тез тозатын заттар);

ә) аяқталмаған өндіріс және меншікті дайындалған жартылай фабрикаттар;

б) болашақ кезең шығындары;

в) дайын өнімдер (қоймадағы, жөнелтілген өнімдер);

г) ақшалай қаражаттар (банк шотындағы, кәсіпорын кассасындағы) және есептесудегі қаражаттар (дебиторлық қарыз және басқа да есеп айырысулар)

3) нормаланумен қамтылуы бойынша:

а) нормаланатын айналым құралдары (өндірістік қорлар, аяқталмаған өнімге шығындар, қоймадағы өнімдер);

ә) нормаланбайтын (жөнелтілген өнімдер, ақшалай қаражаттар және есеп айырысудағы қаражаттар);

4) құрылу көзі бойынша:

а) меншікті айналым қаражаттыры (пайда, тұрақты пассивтер);

ә) қарыз айналым қаражаттыры (кредиттер, ақшалай қаражаттар және есеп айырысудағы қаражаттар). Кәсіпорынның айналым құралдарының құрамы келесідей: Болашақ кезең шығындары – бұл жаға өнімді меңгеруге және дайындауға кететін шығындарды қосқанда ағымдағы кезеңде өндірілетін, бірақ болашақ кезең өнімі болып табылатын айналым қорларының заттық емес элементі. Аяқталмаған өндіріс және меншікті дайындаған жартылайфабрикаттар – бұл өндірістік процесіне енетін еңбек заты. Оларға құрастыру мен өндіру процесінде материалдар, сонымен қатар, меншікті дайындалған жартылайфабрикаттар жатады. Өндірістік қорлар – бұл өндірістік процесс кезінде шығарылуға дайындалған еңбек заты. Оларға шикізат, негізгі және көмекші материалдар, жартылайфабрикаттар, отын, ыдыс, жөндеудің қосымша бөлшектері, тез тарататын заттар жатады. Айналым құралдарының құрылымы кәсіпорынның қызмет ету тиімділігін сипаттайды сондықтан оны білу және талдаудың мәні зор. Айналым құралдарының құрылымы келесі себептерге байланысты үнемі өзгеріп отырады: 1. Өндірістік үдерісті ұйымдастыру ерекшелігі; 2. Жабдықтау және өнім өткізу шаралары; 3. Өндіріс шығындарының құрылымы; 4. Жабдықтаушылар мен тұтынушылардың орналасқан орны; 5. Кәсіпорын ерекшелігі; 6. Дайын өнім сапасы; 7. Шоғырландыру, мамандану, кооперациялау деңгейі; 8. Ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету.

11.Айналым құралын мөлшерлеу.

Айналым құралдары – бұл өндіріс және өнімді дайындау процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етуде өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құру және пайдалану үшін авансыланған қаражат жиынтығы. Материалдық-техникалық жабдықталу – кәсіпорынның қажетті мөлшерде және белгіленген уақытта жоспарлы түрде еңбек құралдары және заттарымен қамтамасыз етілуі. Материалдық ресурстарға қажеттілікті анықтау формуласымен анықталады: Мжнжтжпб-НПбс-НПсі; мұндағы Мн-негізгі өндіріс үшін материалдарға қажеттілік; Мжт-жаңа техниканы енгізу материалдарына қажеттілік; Мжп-жөндеу-пайдалану материалдарына қажеттілік, теңге; НПб; НПс – сәйкесінше жыл бойы мен аяғындағы аяқталмаған өндіріс қалдықтарының құны, тг; Збс-сәйкесінше жыл басы мен аяғындағы өндірістік қорлар, тг; Мі-ішкі мүмкіндіктер (резервтер), тг.

Өнім өндіруге жұмсалатын әр түрлі материалдар, отын, энергияның шығыны нормаланады, демек олардың бір өнімге кететін шығынының жоспарлы мүмкін болатын ең көп мөлшерін белгілейді. Айналым құралдарына қажеттілікті анықтау кезінде қолданылатын әдістер: тікелей шот, таңдамалық, коэффициенттік. Тандамалық әдіс кәсіпорынның орташа қалдақтарының мөлшеріне байланысты айнымалы қаражатына деген қажеттіліктерді анықтауға мүмкіндік береді. Коэффициенттік әдіс кезінде босалқы қорлар мен шығындар өндіріс көлемінің өзгерісіне тікелей тәуелді және тәуелді емес болып бөлінеді. Бірінші топта айналым қаражатына деген қажеттілік базисті жыл мен келер жылдағы өндіріс өнімінің өсу темпінің мөлшеріне байланысты анықталады. Екінші топта айналым қаражатына деген қажеттілік бірнеше жылдардың орташа қалдықтары негізінде жоспарланады. Тікелей шот әдісі айналым қаражатының әр элементі бойынша босалқы қорларын есептеуге негізделген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]