Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эк пп шпор.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
311.5 Кб
Скачать

72 .Бөлімшедегі жабдықтардың жүктеу коэффициенті.

Негізгі өндіріс қорының белсенді бөлігін қолдану деңгейін тікелей сипаттайтын және өндіріс қуаттылығын, сонымен бірге оларды пайдалану мүмкіндігін жақсартатын жеке көрсеткіштеріне жататыны:

А)жабдықтарды пайдаланудың экстенсивті коэффициенті-негізгі өндіріс қорының белсенді бөлімін пайдалану деңгейін уақытпен сипаттайтын көрсеткіш, немесе жабдықтардың нақты істеген жұмыс сағат санының, жоспар бойынша оның жұмыс сағат санына қатынасымен анықталады.:

КЭКСТнжт

Мұнда, УН-машина және жабдықтардың нақты жұмыс жасаған уақыты;

УЖТ-жұмыс тәртібіне сәйкес машина және жабдықтардың жұмыс атқару уақытының режимдік қоры.

Өндірісте негізгі қорды пайдаланудың экстенсивті тобында төмендегідей коэфициенттерді қолданады:

- жабдықтарды алмастыру коэффициенті;

- жабдықтарды жүктеу коэффициенті;

- жабдықтардың жұмыс тәртібінің алмасуын пайдалану коэффициенті.

Құрал-жабдықтарды ішкі сменалық қолдану дәрежесі құрал-жабдықтардың жүктеу коэффициентін (Кжүкт.) сипаттайды, ол нақты жұмыс уақытының (Тн) тиімді уақыт қорына (Тқ) немесе номиналды уақыт қорына қатынасымен анықталады:

Номиналды уақытты пайдалану дәрежесі тиімді уақыт қорының (Ттиім.) номиналды уақыт қорына (Тн) қатынасымен анықталады:

К'р = Ттиім.н

Қарастырылып жатқан көрсеткіштер құрал-жабдықтар және жұмыс уақытын пайдалану құрамы құрал-жабдықтарды пайдаланудың экстенсивті формасын сипаттайды.

Б) жабдықтарды пайдалануда интенсивті коэффициентінің маңызы өте зор. Ол машинаны және жабдықтарды пайдалану деңгейін қуаттылықпен сипаттайтын көрсеткіш. Бұл көрсеткішті есептеу үшін төмендегі формуланы қолданады:

КИНТнм

Мұнда ӨН-машина және жабдықтардың нақты өнімділігі;

ӨМ-машина және жабдықтардың техникалық мүмкінділік өнімділігі (жабдықтардың паспорты бойынша анықталады).

В) жабдықты интегралды пайдалану коэффициенті-машина және жабдықтарды пайдалану деңгейін уақытпен және қуаттылықпен сипаттайтын кешенді көрсеткіш.

Оны мына формуламен анықтауға болады:

Кинтегэксинтен

Жұмыс жасап тұрған құрал-жабдықтарды тиімді арттыру 2 жолмен жүргізіледі: экстенсивті (уақыт бойынша) және интенсивті (қуаттылығы бойынша).

Құрал-жабдықтарды пайдаланудың экстенсивті жолын сипаттайтын көрсеткіштер - құрал-жабдықтар саны, соның ішінде әрекетте жоқ еңбек құралдарының үлесі, істен шыққан уақыты (машина уақыт), машина және станок паркінің құрылымы.

73. Өндіріс цикліне түсінік.

Өндірістік цикл – бұл өндіріске шикізат пен материалдарды қосу кезінен бастап дайын өнімнің шығуына дейінгі күнтізбелік кезең уақыты.

Процесс циклының ұзақтығы  - оның басталу кезінен аяқталу кезіне дейінгі уақыт кесіндісі.

Өндірістік цикл – бұл өндірістік процесті орындау ұзақтығы. Технологиялық цикл - бұл берілген технологиялық процестің барлық технологиялық операцияларын орындау уақытының ұзақтығы. Операциялық цикл – бұл өнім партиясын орындау операцияларының ұзақтығы. Операцияны орындау уақыт нормасы – бұл бір өнім өндіру операциясының ұзақтығы.

Өндірістік цикл (Тц) екі кезеңнен тұрады:

  өндіріс процесінің жүру уақыты;

өндіріс процесіндегі үзілістер уақыты.

Технологиялық цикл немесе жұмыс кезеңі деп аталатын, өндіріс процесінің жүру уақыты келесілерден тұрады:

- дайындап-аяқтайтын операциялар уақыты (Тд.у);

 -технологиялық операцияларға арналған уақыт (Ттехн);

 -табиғи технологиялық процестердің жүру уақыты (Ттаб.тех);

-өндіріс процесіндегі тасымалдау уақыты (Ттас);

-техникалық бақылауға арналған уақыт (Ттех).

Өндіріс процесіндегі үзілістер уақыты – бұл уақыт ішінде еңбек затына ешқандай ықпал жасалынбайды және оның сапалық қасиетінде ешқандай өзгерістер болмайды, бірақ өнім дайын деп есептелінбейді және өндіріс аяқталмаған болып табылады. Өндіріс процесіндегі үзілістер уақыты келесілерден тұрады:

-операциялар арасындағы тоқтап тұру уақыты опер.);

-ауысым арасындағы тоқтап тұру уақыты(Тауысым).

Осылайша, өндірістік цикл келесідей формуламен анықталады:

 

Тц = Тд.у + Ттехн + Ттаб.тех + Ттас + Ттех.б + Топер + Тауысым

 

Дайындап-аяқтайтын операциялар уақыты – бұл жұмысшының (бригаданың) өндірістік тапсырманы орындау үшін өз жұмыс орнын және өзін дайындауға және де оны аяқтау бойынша барлық әрекеттерге кететін уақыты.  Оған материал, арнайы аспап және қосалқы құрылғы, наряд алу және құрал жабдықты жөндеу уақыты жатады.

Технологиялық операциялар уақыты - бұл жұмысшының өзімен, немесе оның басқаруымен машина және механизмдер арқылы еңбек затына тікелей ықпал ету уақыты.

Табиғи технологиялық процестердің жүру уақыты – бұл адам және техниканың ықпалынсыз еңбек заттарының қасиеттерінің өзгеру уақыты  (боялған немесе қызып кеткен өнімді ауа арқылы кептіру, өсімдіктердің өсуі мен пісуі, кейбір өнімдерді ашыту және т.б.).

Техникалық қызмет көрсету уақытын құрайтын, өндіріс процесіндегі тасымалдау уақыты мен техникалық бақылауға арналған уақыт келесілерден тұрады:

-өнімді өңдеу сапасын бақылау;

-жабдық және машина жұмысының кестесін бақылау;

-материалдар мен дайындамаларды әкелу, өңделген өнімді қабылдау және тазалау.

Операциялар (ауысымдар) арасындағы үзілістер келесілерге бөлінеді:

-партиялық үзілістер – бөлшектерді партиямен өңдеген кезде пайда болады. 

-күту үзілістері – технологиялық процесстің аралас операцияларының ұзақтығының келісімсіздігене байланысты пайда болады.

-жинақтаудағы үзіліс – бір жинаққа кіретін кейбір бөлшектердің аяқталмауына байланысты пайда болады.  

-ауысым арасындағы үзілістер – жұмыс кестесімен (ауысым саны және ұзақтығымен) және жұмыс ауысымдары арасындағы демалыстар мен мереке күндері, тамақтану үзілістерімен анықталады.  

Бір тәулікте мүмкін циклдер саны мына формула бойынша анықталады:

Жұмыс процесін орындау ұзақтығы мына формуламен есептелінеді:

мұндағы -ауысым ұзақтығы, минут;

-әр жұмыс процесі бойынша бір үңгілеу циклге шаққан жұмыс көлемі;

-әр процеске тиісті бекітілген ауысымдық өндірім нормасы;

-белгілі жұмыс процесін орындауға қажетті жұмысшылар саны.

Барлық жұмыстар процестерінің ұзақтығын және жалпы циклдің ұзақтығын анықтағаннан кейін, технологиялық карта құрылады. Онда әр жұмыстың уақыты, жұмысшылар саны, бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысу тәртібі көрсетіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]