
- •6.Негізгі қордың тозу түрлері.
- •7. Негізгі қордың тиімділігін анықтайтын негізгі көрстеткіштері.
- •8.Амортизацияның кезеңі,оның мөлшерін есептеу тәсілдері.
- •9. Айналым құралы, оның мазмұны.
- •10.Айналым құралының құрамы.Негізгі элементтері.
- •11.Айналым құралын мөлшерлеу.
- •12. Айналым құралын сипаттайтын негізгі көрсеткіштері.
- •13.Айналым қаражатының айналымдығын жеделтету жолдары.
- •14. Кәсіпорында айналым қорларын пайдаланудың экономикалық тиімділігі.
- •20. Қандай шығындар тұрақты және өзгермеліге жатады?
- •21. Өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты шығындар қалай өзгереді?
- •22. Өнімнің өзіндік құны дегеніміз не?
- •23. Кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын арзандату жолдары.
- •24. Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар құрамын айтыңыз.
- •25. Калькуляцияның негізгі түрлері және өнімнің бір өлшемінің өзіндік құнын анықтау тәртібі.
- •26. Өнімді сатудан түскен пайданы қалай анықтауға болады?
- •27.Баланстың және таза пайданың құрамын айтыңыз
- •28. Кәсіпорынның экономикалық тиімділігі деген не?
- •29 Кәсіпорында таза пайданы қалыптастыру үрдісіне қалай түсінесіз және көрсеткішетр жүйесі қандай?
- •30.Өндірістің рентабельдігі дегеніміз не?
- •31.Рентабельдік түрлері.
- •32.Өндіріс үрдесі, оның құрамы және құрылу тәртібі
- •33.Өндірісті ұйымдастыру үрдістің негізгі принципі, оның мазмұны және маңызы.
- •34.Өндіріс циклі, оның құрылымы, ұзақтық тиімділігін қысқартудың жолдары.
- •35 Еңбек затының өндірісте қозғалу түрі, оның өндірістік циклінің ұзақтығына әсері.
- •42. Ғылыми зерттеуді ұйымдастыру, оның жіктеулі мен орындалу мақсаты.
- •43. Ғылыми зерттеуді орындаудың негізгі кезеңдері.
- •45.Техникалық қызмет көрсету жүйесі мен техниканы жөндеу, оның негізгі мақсаты.
- •46. Кәсіпорында аспап шаруашылығын ұйымдастыру, оның құрамы, міндеті мен маңызы.
- •47. Кәсіпорында көлік шаруашылығын ұйымдастыру.
- •48. Қойма шаруашылығын ұйымдастыру.
- •49. Кәсіпорында энергетикалық шаруашылықты ұйымдастыру.
- •51. Күрделі қаржыны салымдарының (инвестицияның) абсолюттік
- •53) Өнімнің өзіндік құнын төмендетудің
- •59. Өндірістік қуат, оның ұғымы, мақсаты.
- •60 . Өндірістік қуатты есептеу әдісі.
- •61. Қойма шаруашылығына қажеттілікті есептеу.
- •62 .Кәсіпорында көлікке қажетілікті есептеу.
- •65 Өндірісті ұйымдастырудың топтар әдісі.
- •72 .Бөлімшедегі жабдықтардың жүктеу коэффициенті.
- •73. Өндіріс цикліне түсінік.
- •74. Өндіріс циклінінің маңызы.
- •75. Өндіріс циклінің түрлері.
- •78. Өндіріс ұйымдастыруда өндіріс типтерінің атқаратын ролі.
- •85. Энергиялық баланс.
- •86. Энергияға жұмсалатын шығын есебі.
- •89. Нарық жағдайындағы өнімді өндіруге кететін шығындарды азайтудың жолдары мен маңызы.
- •90.Кәсіпорында көлік шаруашылығын ұйымдастыру.
61. Қойма шаруашылығына қажеттілікті есептеу.
Кәсіпорындағы өндірісті материалды-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету, өнім өткізу жұмыстарьш жэне қойма шаруашылығын ұйымдастырудың міндетіне кэсіпорынның қызметіне қажетгі шикізат қорын, материалдарды, сатып алынатын жартылай фабрикаттарды, аяқталмаған ондіріс өнімдерін және сатуға шығарған дайын өнімді сактау жэне тұтынушыларға жіберу сияқты жүмыстар жиынтығы жатады. Материалды құндылықтардың сақталуы, олармен өндірісті үздіксіз қамтамасыз ету, айналым қаржыларының айналу жылыдамдығы, өнім сапасы мен кұны қойма шаруашылығы жұмысының сапасын анықтайды. Кәсіпорын қоймалары бірқатар белгілеріне қарай жіктеледі. Қызмет корсету саласына қарай қоймалар цехаралық (орталық) (кәсіпорынның барлық бөлімшелерін қамтуға арналған) жэне цехтың (яғни, дайын өнім сақтайтын қоймалар) болып бөлінеді. Сақталатын материалды құндылықтар атауларына қарай қоймалар: әмбебап (көп атаулы немесе зр түрлі материалдарды сақтауға арналған) жэне арнаулы қоймалар (яғни біртекті материалдарды сақтауға арналған) болып белінеді. Қойма аумағына карай ашық, жабық және жартылай жабық болып бөлінеді. Қоймалардың құрылымы сақталатын материалдардың физико-химиялық талаптарына сай болып, койма аумағы толығымен пайдалануы тиіс. Қойма жұмыстарьш жүргізу барысында барлық қауіпсіздік шараларын орындалуы басты шарт болып табылады. Қоймалардың аумағы сакталатын құндылықтардың максималды мөлшеріне қарай есептеледі. Қойманың жүк тұратын аумағында және өзге жалпы аумағының ішінде есіктер мен өту жолдары, сұрыптау аумақтары жэне тагы басқа орындар болуы тиіс. Қойманың пайдалы аумагы дәл немесе шамамен есептеледі. Қойманың шамамен есептеген аумағы коймадағы қордың максималды молшерінің 1 шаршы метр аумақтағы тоннамен есептелінетін жүк салмағына қатынасымен анықталады. Сыртқа тасымалданатын материалды қүндылықтар сапа және сан жағынан тексеруден өтеді. Қабылдаиған материалдар қабылдау актілерімен бекітіледі. Меншікті өндіріс өнімдері тек сандық тексеруден өтеді. Қабылданған материалды құндылықтар алдын ала белгіленген орынның шамасына, маркаларыыа қарай орналастырылады. Қоймадан сыртқа шығарылатын материалдар ондірістік тұтыну дайындығынан өткізіледі. Дайындық жүмыстары материалдардың түріне қарай жүргізіледі. Материалды құндылықтардың келіп түсуі мен тасып әкетілу есептері қоймаларда және бухгалтерияда жүргізіледі. Қоймаларда есеп жүргізу үшін картотека жасалынады. Мұнда әрбір номенклатуралық бап бойынша кіріс-шығыс карточкалары болады. Бүл карточкалар бойынша бухгалтерлік ведомостъ толтырылады.
62 .Кәсіпорында көлікке қажетілікті есептеу.
Кэсіпорында ӛндірістік үрдісті жүргізу үшін шикізат, матери-алдар,
қүраушы ӛнімдер пайдаланылады. Жалпы ӛндіріс үрдісінде кӛп мӛлшердегі
еңбек құралдарын пайдалану үшін оларды тасы малдаумен қатар, ӛнім дайын
болғаннан кейін оны кэсіпорыннан сыртқа тасып экету қажет. Міне, осындай
барлық тиеу-түсіру, тасымалдау жұмыстарын кэсіпорынның колік
шаруашылығы атқарады. Ал оны ұйымдастыру деңгейі ондірістің техника-экономикалық кӛрсеткіштеріне елеулі ықпал етеді. Мүны тек кӛлік
шығыңдарының енімнің ӛзіндік қүнындағы алатын үлкен үлесімен ғана емес,
сонымен қатар осы аталған жұмыстардың материалдық қүндылықтардың
тасымалдау кӛрсеткіштері мен сақталуына қа-лай эсер ететіндігінен де кӛруге
болады. Бұған қоса кӛлік шаруа-шылығының үйымдастырылу дэрежесі
ӛндірістік циклдың үзақ-тығына жэне соның нэтижесінде аяқталмаған
ӛндірістегі айналым қаражаттарының мӛлшеріне тигізетін осері жоғары.
Кэсіпорынның кӛлік шаруашылығының міндетіне барлық тиеу-түсіру
жэне тасымалдау жұмыстарын уақтылы, сапалы жэне үнемді жүргізу жатады.
Кәсіпорында пайдаланылатын кӛлік қызмет кӛрсету аумағына қарай:
— сыртқы, оған кэсіпорынның сыртқы жабдықтаушыларымен жэне
енімді түгынушыларымен байланысын қамтамасыз ететін кӛлік түрлері жатады.
— цехаралық, яғни, жүктерді цехтар арасында тасу жэне жүктерді бір
қоймадан екінші қоймаға және кэсіпорын цехтарына тасуға арналған кӛлік
болып бӛлінеді;
— цехішілік, яғни бір цех ішінде ғана тасымалдау жүмыстарын
орындайтын кӛліктерді айтады.
Кәсіпорынның кӛлік шаруашылығы барлық тиеу-түсіру жэне тасу
жұмыстарының сипатын айқындайтын кешенді технология негізінде
ұйымдастырылуы тиіс.
Көліктің жұмысын зерттеу нақты және жоспарлы жүк айналымын, көліктік құралдардың техникалық күйі мен оларды пайдалануды, пайдалануды, жөндеуді ұйымдастыруды талдаудан және тағы басқа факторлардан құралады. Мысалы, автомобиль көлігіне арнап автомобильдердің техникалық әзірлігін, жүрісін пайдалануды, жүк көтерімділігін және т.б. сипаттайтын көрсеткіштер белгілейді. Автомобильдердің техникалық әзірлігі кәсіпорынның көліктік құралдарын пайдалану мүмкіндігі туралы айтады:
Кт.ә. = nт / n (4)
мұндағы, Кт.ә- автомобиль паркінің техникалық әзірлігінің коэффициенті;
nт – техникалық тұрғыдан жарамды автомобильдердің саны;
n – паркте бар автомобильдер.
Жүрісті пайдаланудың тиімділігі жүктемеленген автомобильдердің жүрісі мен бос күйіндегі жүрісінің (бос жүріс) арасындағы қатынасымен белгіленеді:
Кж.п. = L / L + L0 (5)
мұндағы, Кж.п. – жүрісті пайдалану коэффициенті;
L – жүгі бар автомобильдің жолы, км;
L0 – автомобильдің бос жүрісі, км.
Жүк көтерімділігін пайдалану автомобильдің жүктемесін сипаттайды:
К жүк = Q/q · m (6)
мұндағы, К жүк – автомобильдің жүк көтерімділігін пайдалану коэффициенті;
Q – тасымалданған жүктің салмағы, кг;
q – автомобтльдің оның паспортына сәйкес жүк көтерімділігі, т;
m – орындаған сапарлардың саны.
Кэсіпорындағы тасымалдау жұмыстарының кӛлемі кӛлік қү-ралдарына
деген қажеттілік жэне жүктерді тасымалдауды ұйым-дастыру жүк айналымы
мен жүк ағынының есебі негізінде анық-талады.
Жҥк айналымы деп белгілі бір уақыт аралығындағы белгілі бір болімше
шеңберінде тасымалданатын жүктің жалпы санын атайды.
Жҥк ағыны дегеніміз - белгілі бір уақыт аралығындағы тиеу-түсіру
пунктерінің арасындағы бір бағыттағы тасымалданатын жүк саны. Жүк
ағындарының жиынтығы кәсіпорынның жүк ай-налымын қүрайды.
Жүк ағынының кестесін тиімді қүру деңгейі кӛлік қызметтері-нің
үнемділігіне ықпал етеді. Жүк ағынының кестесін қүруда не-гізінен жүкті
тасымалдаудыц ең қысқа жолдары, қарама-қарсы тасымалды болдырмау, кӛлік қүралдарыныц бос жүрмеуін болдырмау шаралары қарастырылады. Ірі
кәсіпрындарда жүк ағынының кестелері экономико-математикалық эдіс
бойынша жэне компью-терлік технология кӛмегімен атқарылады.
Әрбір цех пен қойманың жүк ағыны мэліметтері бойынша кәсіпорынның
жалпы жүк айналымыныц шахматты кестесі жа-салады, осының негізінде
цехтардың, қоймалардың жэне жалпы кәсіиорынның жүк ағындарының кестесі жасалады. Шахматты кес-теде тігінен жүкті тиеуші-цехтар мен қоймалар, ал кӛлденецінен жүкті қабылдаушы-цехтар мен қоймалар кӛрсетіледі. Жүк айналымы мен жүк ағындары негізінде кӛлік қүралдарына деген қажеттілік жэне тиеу-түсіру жұмыстарының кӛлемі есепте-леді.
Цехаралық тасымалдар маятниктік жэне сақиналық жүйе бойынша
үйымдастырылады.
Маятниктік жүйе 2 түрақты пункт арасындағы жүк тасыма-лы үшін
қолданылады. Сақиналық жүйе бойынша тасымалдауда жүкті бір пункттен
келесі бір пунктке кезекпен тасып, ең соңында бастапқы пунктке қайта оралу
негізінде бірнеше пункт арасында тасымал жүргізіледі.
Кӛлік қызметін техника-экономикалық жоспарлау бес жылдық жоспар
қүрудан жэне тоқсаңдарға бӛлінген жылдық жоспар жа-саудан тұрады.
Жоспарды құру барысында жүк айналымы мен жүк ағындары есептеледі, тиеу тасу жүмыстарының кӛлемі, кӛлік қүралдарына, материалдарға, жұмыс күшіне, еңбекақы қорына жэне тағы басқаға қажетгілік есептелінеді. Осының негізінде кӛлік жэне тасымал жүмыстарының ӛзіндік құнын калькуляциялау жэне шығындар кестесі жасалынады.
63 . Кәсіпорында энергетикалық шаруашылықтағы қажеттілікті есептеу. Өнеркәсіп кәсіпорындары инновациялық техникамен, технологиямен
толық жарақтанып жатқан жағдайда және барлық өндірістік үрдістер
механикаландырылып, автоматтандырылып жатқан жағдайда түрлі энергия
кӛздеріне, еңбектің қуатпен қамтылуына және еңбек жағдайын жақсартуға
байланысты шараларды жүзеге асыруда электр қуатына деген қажеттілік
үздіксіз артып отырады.
Энергетика шаруашылығының негізгі мақсатына осы қызметті атқарушы
жұмыскерге аз шығын жұмсай отырып, кәсіпорынның барлық бӛлімшелерін
қажетті энергетикалық ресурстардың түрлерімен қамтамасыз ету қажеттігі
туындайды. Оған қол жеткізу үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс:
• жалпы ӛндіріске қажетті энергияны сырттан қабылдау және
кәсіпорынның ӛз күшімен ӛндірілетін энергияның жеке түрлерін іздестіру;
• кәсіпорынның барлық бӛлімшелерінде энергияны ұтымды пайдалануды
ұйымдастыру және жоспарлау;
• энергетикалық құралдарды ұтымды пайдалануды бақылау, оларға
техникалық қызмет кӛрсету және жӛндеуді бақылау;
• энергоресурстарды үнемдеу шараларын дайындау және жүргізу.
Қазіргі жағдайда энергоресурстардың негізгі кӛзі болып кәсіпорындарды
ӛз энергия кӛздерімен қамтамасыз етуі саналады. Кәсіпорынның ӛз
энергоресурстарымен жабдықталуы оған жоғары сапа, тӛмен баға және сенімді қызмет кӛрсетуді қамтамасыз етеді. Энергияны кәсіпорын ӛз күшімен ӛндіруі орталықтан жабдықтаудың кәсіпорын үшін тиімсіз, техникалық жағынан мүмкіндігі тӛмен болған жағдайда ғана қажет болады.
Энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану үшін оны жұмсауды және
ӛндіруді қатаң мӛлшерлеу талап етіледі. Электроэнергия, бу, қысымды ауа, газ, су, қосымша материалдардың жұмсау мӛлшері бір ӛнімге есептеледі.
Энергоресурстарды ӛндіруші бӛлімшелер үшін мӛлшерлер бір ӛнімге қатысты былай анықталады: электростанциялар үшін - 100 кВт сағ ӛндірілген
электроэнергия, қазандықтар үшін - 1 тонна бу немесе 1 Мкал басылу,
кӛміртекті қондырғылар үшін - 1 м3 газ түсті кӛміртек және т.с.с.
Негізгі цехтар үшін ӛнім бірлігіне келесі мӛлшерлер дайындалады: құю
және ұста цехтары үшін — 1 т кесілген құймалар, штамповкалар, тӛсеу
цехтарында - 1м2 тӛсеніштермен жабу, механикалық цехтарда - бӛліктердің
машинобӛліктері, жинақтау цехында - жинау бірлігі, агрегат немесе машина.
Энергетика ресурстарын жұмсау мӛлшерін есептеу әдістемесі салалық
әдістемелік нұсқауларға сәйкес әзірленеді. Энергия шығындарын жоспарлау
жұмсау мӛлшері мен жоспар мерзімінің ӛндірістік бағдарламасы негізінде
ресурстардың түрлері бойынша жеке жүргізіледі. Негізгі және қосымша
ӛндіріске қажетгі энергия кӛлемі жеке есептелінеді. Сонымен бірге,
тораптардағы энергияны жоғалтулар ескеріледі.
Мысалы, механикалық цехтағы жоспар жылындағы ӛнім ӛндіруге
энергияны жұмсау шығыны келесі формуламен есептелі-неді
Р жос =Нэл*N
мұнда,
Ржос—жоспар мерзіміндегі электроэнергияны жұмсау шығыны, кВт.сағ;
Нэл — машинобӛлікке цех бойынша электроэнергияны жұмсау мӛлшері;
N - жоспарлы мерзімге есептелінген машинобӛлікке бағдарлама.
Қосымша қажеттіліктерге арналған электроэнергияға қажеттілік (кӛтеру,
тасымалдау құралдары, жарықтандыру, желдеткіштерге қажетті
электроэнергия) энергия жұмсау кӛздерінің санына, жұмыс тәртібіне және
энергия жұмсау мӛлшеріне байланысты анықталады.
Тораптардағы энергияны жоғалтулар бекітілген мӛлшерлер бойынша
есептеледі.
Аталған үш құрамдас бӛліктер бойынша қажеттіліктер жиынтығы
жоспарлы мерзімдегі цех бойынша электроэнергияның жалпы шығынын
анықтайды.
Жеке цехтар және жұмыс орындары бойынша жоспар жылына
кәсіпорынның электроэнергиясының жалпы шығынын есептеумен бас энергетика бӛлімі айналысады. Тораптардағы энергияны жоғалтулар бекітілген мӛлшерлер бойынша есептеледі.
Аталған үш құрамдас бӛліктер бойынша қажеттіліктер жиынтығы
жоспарлы мерзімдегі цех бойынша электроэнергияның жалпы шығынын
есептеумен бас энергетика бӛлімі айналысады.
Энергетика шаруашылығын ұйымдастыру тиімділігін сипаттаушы негізгі
техника-экономикалық кӛрсеткіштерге мыналар жатады: энергия түрлері
бойынша тораптардағы шығындар коэффициенттері, энергия жабдықтарын
пайдалану тиімділігі, отынды және басқа бастапқы материалдарды абсолютті
тұтыну және олардың энергияның белгілі бір түрінің бірлігіне үлестік шамамен жұмсалуы, энергияның әрбір түрінің толық ӛзіндік құны, еңбекті энергиямен жабдықтау және жұмысшыларды энергиямен қаруландыру коэффициенттері.
64 Жұмысшы орнын есептеу.
Кадрлық саясатты іске асыру құралы — персоналды басқару болып табылады. Персоналды басқару дегеніміз жұмыс берушілер мен жалға алынған жұмысшылардың арасындағы сенімді, әлеуметтік серіктестікті, кәсіпорындағы әлеуметтік саясаттың қалыптасуын қамтамасыз ететін менеджменттің басты бөлімі. Кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың кез-келген коммерциялық түрлерінің және жұмыс бастылықтық кез-келген фирмаларының қызметкерлерді басқарусыз дұрыс жұмыс жасауы мүмкін емес. Персоналды басқару стратегиясы кәсіпорындардағы бір-бірімен байланысты жақтардың қызметтерінің әділеттілігі мен тиімділігінің үйлесімді болуынан тұрады. Мұның мәні жеке адамдар мен әр түрлі әлеуметік топтардың бірегей тиімді ұйымға біріктіруде, яғни, ондағы қызметкерлердің мотивациялық қалыптасуы кәсіпорының табысы үшін жасалады. Нарық жағдайындағы кәсіпорындарды персоналды басқару жүйесі қызметкерлермен жұмыс істеу әдістері және жаңа реформаларын енгізуді, кадрлық мәселелердің комплекстік шешімдерін, жаңа жүйелік және аяқталған негізде кадрлық саясат концепциясын иемдеу керек. Кәсіпорын жұмысшылары объект болып есептеледі, өйткені, олар өндіріс процесінің бір бөлігі болып табылады. Сондықтан, персоналды басқарудың негізгі мағынасы — кәсіпорындағы жоспарлауды құру, қайта бөлу және адам ресурсын әлеуметтік пайдалануға байланысты және де осы көзқараспен кәсіпорынның материалды-заттық элементтерін басқаруына ұқсас қарастырылады4. Өндірісте персоналды басқару дегеніміз еңбек функцияларын атқару кезінде жұмысшылардың қызметі мен жүріс-тұрысының потенциалын максималды пайдалану мақсатымен қызығушылыққа басқарушы, әсер етуші комплексі, яғни, принциптерге, әдістерге, құралдарға және формаларға байланысты болады. Экономикалық категория ретінде персоналды басқару үздіксіз процесс формасында болады, яғни, жұмысшлардың мотивациясының, оларды максималды қайтарып беруін алуының толық өзгеруіне бағытталған. Сондықган кәсіпорын өндіріс қызметінің соңғы нәтижесі жоғары дәрежеге жетеді. Персоналды басқару құралы өндіріс процесі кезіндегі жұмысшылардың өзара байланыстарын /қарым-қатынастарын/ оқып білу, зерттеу болып табылады. Олардың өндірістік жүйеде жұмыс істеу потенциалын толық және тиімді пайдалану көзқарасынан көруге болады. Нарыктық экономикалық жағдайда кәсіпорынның персоналы дегеніміз шаруашылық қызметін тиімді қамтамасыз ететін және еңбек потенциалы өндіріске сәйкес келетін жалға алынған, сондай-ақ өзінің меншікті жұмысшыларының барлық жиынтығы. Персоналды басқару жүйесін кадрлармен қамсыздандыру дегеніміз кәсіпорынның жұмысшыларының сандық және сапалық қажетті құрылымының кадрлық қызметі. Ұйымның Уставы ұйымдық штат құрылымы мен анықталады. Кадрлық қызметтің штаттық жұмысшыларының қажетті санын есептеуде келесі факторлар ескеріледі: - кәсіпорынның жұмысшыларының жалпы саны; - өндірістің бөлек түрлерінің, масштабтарының қызмет ету сферасына /өндірістік, банктік, саудалық, сақтандыру және т.б./ байланысты ұйымның сипаттамасының ерекшелігі мен нақты жағдайлары; - ұйымның әлеуметтік сипаттамасы, оның жұмысшыларының құрылымдық құрамы /жұмысшылардың әр түрлі категориялары, орташа және жоғарғы білімді мамандар/, олардың квалификациясы; - персоналды басқару жөніндегі мәселелердің комплекстілігі /жинақтылығы/ және күрделілігі /стратегиялық жоспарлау, кадрлық саясаттың өндірілуі, оқыту ұйымы т.б./; - басқарушалақ еңбегін техникалық қамсыздандыру және т.б. Кадрлық еңбектің мамандардың және басқа да ұйымның персоналын, жетекшілердің сандарын есептеу әр түрлі әдістермен іске асырылады; Олар: экономика-математикалық, салыстыру әдісі, қызмет ету нормасы және т.б.
Тәжірибеде ұйым персоналын оқытудың екі формасын кұрайды: жұмыс орнында және жұмыс орнынан тыс. Жұмыс орнында оқыту ең арзан және оперативті болып келеді, ол күнделікті жұмыспен тығыз байланысы мен аудиторияларға оқытуға үйренбеген жұмысшылардың оқыту процесіне кіруі жеңілдетеді. Жұмыс орнынан тыс оқыту тиімдірек болады, бірақ қосымша қаржылық шығындармен байланысты және жұмысшының міндетінен алаңдатады. Жұмысшының күнделікті жұмысынан үзілуі мен ортаның саналы өзгеруі осыған байланысты. Персоналға кеткен шығындар, ұйымның өндірістік және әлеуметтік көрсеткіштерінің негізі болып табылады. Өндірістің өзіндік құнында персоналға кеткен шағындардың үлесі өсу тенденциясын алады. Ол келесі факторлармен ерекшеленеді. Қызметкерлердің сандық кажеттіліктерінің есептеу әдістерінің түрлері: еңбек процесінің уақыты туралы мәліметтерді қолдануға бағытталған әдіс.