
- •6.Негізгі қордың тозу түрлері.
- •7. Негізгі қордың тиімділігін анықтайтын негізгі көрстеткіштері.
- •8.Амортизацияның кезеңі,оның мөлшерін есептеу тәсілдері.
- •9. Айналым құралы, оның мазмұны.
- •10.Айналым құралының құрамы.Негізгі элементтері.
- •11.Айналым құралын мөлшерлеу.
- •12. Айналым құралын сипаттайтын негізгі көрсеткіштері.
- •13.Айналым қаражатының айналымдығын жеделтету жолдары.
- •14. Кәсіпорында айналым қорларын пайдаланудың экономикалық тиімділігі.
- •20. Қандай шығындар тұрақты және өзгермеліге жатады?
- •21. Өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты шығындар қалай өзгереді?
- •22. Өнімнің өзіндік құны дегеніміз не?
- •23. Кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын арзандату жолдары.
- •24. Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар құрамын айтыңыз.
- •25. Калькуляцияның негізгі түрлері және өнімнің бір өлшемінің өзіндік құнын анықтау тәртібі.
- •26. Өнімді сатудан түскен пайданы қалай анықтауға болады?
- •27.Баланстың және таза пайданың құрамын айтыңыз
- •28. Кәсіпорынның экономикалық тиімділігі деген не?
- •29 Кәсіпорында таза пайданы қалыптастыру үрдісіне қалай түсінесіз және көрсеткішетр жүйесі қандай?
- •30.Өндірістің рентабельдігі дегеніміз не?
- •31.Рентабельдік түрлері.
- •32.Өндіріс үрдесі, оның құрамы және құрылу тәртібі
- •33.Өндірісті ұйымдастыру үрдістің негізгі принципі, оның мазмұны және маңызы.
- •34.Өндіріс циклі, оның құрылымы, ұзақтық тиімділігін қысқартудың жолдары.
- •35 Еңбек затының өндірісте қозғалу түрі, оның өндірістік циклінің ұзақтығына әсері.
- •42. Ғылыми зерттеуді ұйымдастыру, оның жіктеулі мен орындалу мақсаты.
- •43. Ғылыми зерттеуді орындаудың негізгі кезеңдері.
- •45.Техникалық қызмет көрсету жүйесі мен техниканы жөндеу, оның негізгі мақсаты.
- •46. Кәсіпорында аспап шаруашылығын ұйымдастыру, оның құрамы, міндеті мен маңызы.
- •47. Кәсіпорында көлік шаруашылығын ұйымдастыру.
- •48. Қойма шаруашылығын ұйымдастыру.
- •49. Кәсіпорында энергетикалық шаруашылықты ұйымдастыру.
- •51. Күрделі қаржыны салымдарының (инвестицияның) абсолюттік
- •53) Өнімнің өзіндік құнын төмендетудің
- •59. Өндірістік қуат, оның ұғымы, мақсаты.
- •60 . Өндірістік қуатты есептеу әдісі.
- •61. Қойма шаруашылығына қажеттілікті есептеу.
- •62 .Кәсіпорында көлікке қажетілікті есептеу.
- •65 Өндірісті ұйымдастырудың топтар әдісі.
- •72 .Бөлімшедегі жабдықтардың жүктеу коэффициенті.
- •73. Өндіріс цикліне түсінік.
- •74. Өндіріс циклінінің маңызы.
- •75. Өндіріс циклінің түрлері.
- •78. Өндіріс ұйымдастыруда өндіріс типтерінің атқаратын ролі.
- •85. Энергиялық баланс.
- •86. Энергияға жұмсалатын шығын есебі.
- •89. Нарық жағдайындағы өнімді өндіруге кететін шығындарды азайтудың жолдары мен маңызы.
- •90.Кәсіпорында көлік шаруашылығын ұйымдастыру.
60 . Өндірістік қуатты есептеу әдісі.
Өндірістік қуат деп кәсіпорын өзінің өндірістік мүмкіндіктерін нормативтік пайдалану кезінде және белгіленген жұмыс режимінде қабылданған технологияны сақтау. Жұмыстарды жүргізу барысында нормалар мен пайдалану ережелері және қауіпсіздік техниканы бұзбау жағдайында уақыт өлшемінде барынша жоғары өнім шығару көлемін айтуға болады.
Кәсіпорынның оңтайлы жобалық қуаты әр – түрлі әдістермен анықталуы мүмкін. Оның – бірі графикалық әдіс.Тау –кен кәсіпорындарының оңтайлы жобалық қуатын есептеудің графикалық әдісі меншікті үлесті шығындарды анықтауға байланысты.
Өнім өндіруге жұмсалған толық шығындар (ТС) тұрақты шығындар (ҒС) және өзгермелі шығындардың қосындысына тең, яғни ТС=FC+VC. Енді осы теңдеудің екі жағын өнім өндіру көлеміне бөлсек, онда мынадай өрнекті табамыз:
АТС=AVC+AFC
Мұндағы АТС және AVC – онім бірлігіне тиісті толық және өзгермелі шығындар, АFС - өнімінің өзіндік құны.
Бұл формулаларды пайдаланып, кәсіпорынның әртүрлі қуаттарына байланысты меншікті шығындарды графигін тұрғызады. Жиынтық үлесті шығындар қисығында ең аз шығындар бойынша (минимум нүкте) берілген кәсіпорынның оңтайлы жобалық өндірістік қуаты анықталады.
Кәсіпорынның оңтайлы жобалық қуатын анықтаудың екінші әдәсі аналитикалық деп аталады. Осы әдіс күрделі экономикалық – математикалық үлгілердің шығындарын құруға негізделген. Шығындар үлгілердің функциясы болып, кәсіпорын шығаратын өнім көлемі саналады. Осы жағдайда жасырылған математикалық функциясының бірінші туынды шамасын 0 – ге теңестіріп, оңтайлы қуатын жабады.
Жобалық қуатын кәсіпорын залалсыз жұмыс істеу үшін керекті өнім шығару көлемін анықтау әдісін пайдаланып, айқындауға болады.
Мысалы жұмыс істеп тұрған тау – кен кәсіпорынының өндірістік қуатын оның технологиялық тізбегінің әрбір буынының техникалық өнімділігімен, өткізу қабілеттілігімен анықтайды.
Әр түрлі бөлімдердің техникалық өнімділігі кәдімгі инженерлік формулалар бойынша анықталады, олар тазартыс жұмыстарына технологиясы, ішкішахталық көлік, жүк көтеру, шахтаны желдету оқу курстарында қарастырылады.
Мысалы шахтаның жағдайы өзгеруіне байланысты оның нақты өндіру қабілеттілігін қайта есептеудің қажеттілігін талап етеді, яғни оның нақты ағымдағы жылға сәйкес өндірістік қуатын анықтау керек.
Біріншіден, тау- кен кәсіпорынның технологиялық тізбегіін бір сапқа тұрғызады. Шахтаның өндіру мүмкіндіктері оның технологиялық тізбегінің жеке буындарының өнімділігімен анықталады. Технологиялық буындардың өнімділігі олардың техникалық өнімділігі және жабдықтар мен қондырғылардың сағаттық – құжаттық өнімділігі бойынша есептеледі. Әр берілген технологиялық буынның тәуліктілік өнімділігі өзіне тән өнім өлше бірлігінде анықталады. Сонан соң осы көрсеткіштер «шахта өндіруді қамтамасыз ететін тонналармен» қайта есептеледі және кестемен көрсетіледі.
Кестенің ақырғы бағанасы мәліметтері арқылы бірнеше бағаналы диаграммаларды құрайды. «Тар буындарды» істестіріп, шахтаның өндірістік қуатын арттыру үшін қандай шараларды қабылдау керектігін, ол үшін қосымша инвестиция жұмсауын нұсқалар бойынша зерттеді.
Әр нұсқаның экономикалық тиісмділігін (Э) есептеу үшін мына формуланы
Э = M(P-C) – E(K-O) – Q(P-C)
Мұндағы М-і нұсқаға сәйкес шахтаның жылдық өндірістік қуаты,m;
Р – кәсіпорын шығарған кеннің бағасы;
Е – капиталға пайыздық мөлшерлеме, 0,15;
К – і нұсқа бойынша «тар орынды» техникалық қайта құруға жұмсалған шығындарды;
О – і «тар орынды» қайта құру кезінде босатылған обьектілерінің нарықты құны;
Q – базалық жылдағы кәсіпорының нақты жылдық өнімділігі;
С – базалық жылдағы өнім бірлігінің нақты өзіндік құны;
С – кәсіпорын қуаты бойынша өнім бірлігінің есептік өзіндік құны, ол мына формуламен анықталады:
С = C – Э +- П+-А
Мұндағы Э – кәсіпорын арттыру нәтижесінде шартты – тұрақты шығындарының экономиясы;
П – технологиялық буындарды қайта құру нәтижесінде тікелей пайдалану шығындардың өзгеруі;
А – қарастырылған «тар орынды» қайта құру н,әтижесінде амортизациялық аударымдарының өзгеруі;
Баяндалған әдіспен белгіленген кәсіпорынның өндірістік қуаты экономикалық ең пайдалы болып саналады және оны жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның оңтайлы өндірістік қуаты деп аталады.