Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эк пп шпор.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
311.5 Кб
Скачать

48. Қойма шаруашылығын ұйымдастыру.

Қойма шаруашылығын ұйымдастыру

Қойма шаруашылығының өнеркәсіптегі маңызы, жүйесі

Кәсіпорындағы өндірісті материалды-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету, өнім өткізу жұмыстарьш жэне қойма шаруашылығын ұйымдастырудың міндетіне кэсіпорынның қызметіне қажетгі шикізат қорын, материалдарды, сатып алынатын жартылай фабрикаттарды, аяқталмаған ондіріс өнімдерін және сатуға шығарған дайын өнімді сактау жэне тұтынушыларға жіберу сияқты жүмыстар жиынтығы жатады.

Материалды құндылықтардың сақталуы, олармен өндірісті үздіксіз қамтамасыз ету, айналым қаржыларының айналу жылыдамдығы, өнім сапасы мен кұны қойма шаруашылығы жұмысының сапасын анықтайды.

Кәсіпорын қоймалары бірқатар белгілеріне қарай жіктеледі.

Қызмет корсету саласына қарай қоймалар цехаралық (орталық) (кәсіпорынның барлық бөлімшелерін қамтуға арналған) жэне цехтың (яғни, дайын өнім сақтайтын қоймалар) болып бөлінеді.

Сақталатын материалды құндылықтар атауларына қарай қоймалар: әмбебап (көп атаулы немесе зр түрлі материалдарды сақтауға арналған) жэне арнаулы қоймалар (яғни біртекті материалдарды сақтауға арналған) болып белінеді.

Қойма аумағына карай ашық, жабық және жартылай жабық болып бөлінеді. Қоймалардың құрылымы сақталатын материалдардың физико-химиялық талаптарына сай болып, койма аумағы толығымен пайдалануы тиіс. Қойма жұмыстарьш жүргізу барысында барлық қауіпсіздік шараларын орындалуы басты шарт болып табылады.

Қоймалардың аумағы сакталатын құндылықтардың максималды мөлшеріне қарай есептеледі. Қойманың жүк тұратын аумағында және өзге жалпы аумағының ішінде есіктер мен өту жолдары, сұрыптау аумақтары жэне тагы басқа орындар болуы тиіс.

Қойманың пайдалы аумагы дәл немесе шамамен есептеледі. Қойманың шамамен есептеген аумағы коймадағы қордың максималды молшерінің 1 шаршы метр аумақтағы тоннамен есептелінетін жүк салмағына қатынасымен анықталады.

Қойма жұмыстарын ұйымдастыруда еңбекті көп қажет ететін жүмыс түрлерін, қол еңбегін азайту мақсатыида қоймалардағы жетекші тасу-тиеу, ыдысқа салу, орау жүмыстарын техникалардың жаңа түрлерімен жабдықтау қажет.

Сыртқа тасымалданатын материалды қүндылықтар сапа және сан жағынан тексеруден өтеді. Қабылдаиған материалдар қабылдау актілерімен бекітіледі. Меншікті өндіріс өнімдері тек сандық тексеруден өтеді.

Қабылданған материалды құндылықтар алдын ала белгіленген орынның шамасына, маркаларыыа қарай орналастырылады.

Қоймадан сыртқа шығарылатын материалдар ондірістік тұтыну дайындығынан өткізіледі. Дайындық жүмыстары материалдардың түріне қарай жүргізіледі.

Материалды құндылықтардың келіп түсуі мен тасып әкетілу есептері қоймаларда және бухгалтерияда жүргізіледі. Қоймаларда есеп жүргізу үшін картотека жасалынады. Мұнда әрбір номенклатуралық бап бойынша кіріс-шығыс карточкалары болады. Бүл карточкалар бойынша бухгалтерлік ведомостъ толтырылады.

Бұл ведомость алдымен жекелеген цехтар, қоймалар бойынша, ал содан кейін жалпы кэсіпорын бойынша толтырылады.

Кәсіпорында кеңінен пайдаланылатын шахматтық ведомость косіпорынның жалпы жүк айналымын, сонымен қатар жүк агымының көлемін анықтауга мүмкіндік береді. Жүк ағымының берілгендері көбіне жүк ағымы сызбасы түрінде беріледі. Оларды қүру жобаланатын маршруттар ұгымдылығы деңгейін анықтауға мүмкіндік берсді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]