
- •6.Негізгі қордың тозу түрлері.
- •7. Негізгі қордың тиімділігін анықтайтын негізгі көрстеткіштері.
- •8.Амортизацияның кезеңі,оның мөлшерін есептеу тәсілдері.
- •9. Айналым құралы, оның мазмұны.
- •10.Айналым құралының құрамы.Негізгі элементтері.
- •11.Айналым құралын мөлшерлеу.
- •12. Айналым құралын сипаттайтын негізгі көрсеткіштері.
- •13.Айналым қаражатының айналымдығын жеделтету жолдары.
- •14. Кәсіпорында айналым қорларын пайдаланудың экономикалық тиімділігі.
- •20. Қандай шығындар тұрақты және өзгермеліге жатады?
- •21. Өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты шығындар қалай өзгереді?
- •22. Өнімнің өзіндік құны дегеніміз не?
- •23. Кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын арзандату жолдары.
- •24. Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар құрамын айтыңыз.
- •25. Калькуляцияның негізгі түрлері және өнімнің бір өлшемінің өзіндік құнын анықтау тәртібі.
- •26. Өнімді сатудан түскен пайданы қалай анықтауға болады?
- •27.Баланстың және таза пайданың құрамын айтыңыз
- •28. Кәсіпорынның экономикалық тиімділігі деген не?
- •29 Кәсіпорында таза пайданы қалыптастыру үрдісіне қалай түсінесіз және көрсеткішетр жүйесі қандай?
- •30.Өндірістің рентабельдігі дегеніміз не?
- •31.Рентабельдік түрлері.
- •32.Өндіріс үрдесі, оның құрамы және құрылу тәртібі
- •33.Өндірісті ұйымдастыру үрдістің негізгі принципі, оның мазмұны және маңызы.
- •34.Өндіріс циклі, оның құрылымы, ұзақтық тиімділігін қысқартудың жолдары.
- •35 Еңбек затының өндірісте қозғалу түрі, оның өндірістік циклінің ұзақтығына әсері.
- •42. Ғылыми зерттеуді ұйымдастыру, оның жіктеулі мен орындалу мақсаты.
- •43. Ғылыми зерттеуді орындаудың негізгі кезеңдері.
- •45.Техникалық қызмет көрсету жүйесі мен техниканы жөндеу, оның негізгі мақсаты.
- •46. Кәсіпорында аспап шаруашылығын ұйымдастыру, оның құрамы, міндеті мен маңызы.
- •47. Кәсіпорында көлік шаруашылығын ұйымдастыру.
- •48. Қойма шаруашылығын ұйымдастыру.
- •49. Кәсіпорында энергетикалық шаруашылықты ұйымдастыру.
- •51. Күрделі қаржыны салымдарының (инвестицияның) абсолюттік
- •53) Өнімнің өзіндік құнын төмендетудің
- •59. Өндірістік қуат, оның ұғымы, мақсаты.
- •60 . Өндірістік қуатты есептеу әдісі.
- •61. Қойма шаруашылығына қажеттілікті есептеу.
- •62 .Кәсіпорында көлікке қажетілікті есептеу.
- •65 Өндірісті ұйымдастырудың топтар әдісі.
- •72 .Бөлімшедегі жабдықтардың жүктеу коэффициенті.
- •73. Өндіріс цикліне түсінік.
- •74. Өндіріс циклінінің маңызы.
- •75. Өндіріс циклінің түрлері.
- •78. Өндіріс ұйымдастыруда өндіріс типтерінің атқаратын ролі.
- •85. Энергиялық баланс.
- •86. Энергияға жұмсалатын шығын есебі.
- •89. Нарық жағдайындағы өнімді өндіруге кететін шығындарды азайтудың жолдары мен маңызы.
- •90.Кәсіпорында көлік шаруашылығын ұйымдастыру.
7. Негізгі қордың тиімділігін анықтайтын негізгі көрстеткіштері.
Негізгі өндірістік қорларды пайдалануының тиімділігін анықтау үшін бірнеше экономикалық көрсеткіштер пайдаланылады. Олар жалпы қорытынды, жинақтау және талдамалы жекеленген көрсеткіштерге бөлінеді. Көрсеткіштер тағы заттай және құндық нысанында болуы мүмкін.
Жалпы қорытынды көрсеткіштерге өндіріс пайдалылығы, қор қайтарылымы, қор сыйымдылығы және еңбектің қормен жарақтандырылу жатады. Жалпы көрсеткіштер барлық негізгі өндірістік қорларды пайдалануын сипаттайды, ал жеке көрсеткіштер негізгі қорлардың жекеленген топтары мен ішкі топтарын пайдалануын білдіреді.
Жеке (талдамалы) көрсеткішке бірінші кезекте негізгі өндірістік қорлардың актив бөлігін пайдалануының техникалық-экономикалық көрсеткіштері жатады.
Негізгі өндірістік қорлардың бүкіл жиынтығын пайдалануының қорытындылаушы көрсеткіші болып қор қайтарылымы саналады. Қор қайтарылымы (ҚҚ) өндірілген және өткізілген өнім (ӨӨ) құнының орташа негізгі қорлар құнына қатынасын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш:
ҚҚ= ӨӨ/ НҚ.
Негізгі қорды пайдалануының көрсеткіші, негізгі құралдардың құрылымының және оның актив бөлігінің қайтарылымының өзара байланыстарын мына үлгі көрсетеді:
ҚҚА= ӨӨ/ НҚА; dA= НҚА/ НҚ; ҚҚ= ҚҚА· dA,
мұндағы ҚҚА – негізгі қорлардың актив бөлігінің қайтарылымы;
НҚА – негізгі қорлардың актив бөлігінің орташа құны;
dA – негізгі қорлар құнындағы актив бөлігінің үлесі.
Қор қайтарылымына кері көрсеткішті қор сыйымдылығы деп атайды, ол өндірілген және сатылған өнімнің бір өлшеміне шаққандағы негізгі өндірістік қорлардың мөлшерін көрсетеді:
ҚС=1/ҚҚ=НҚ /ӨӨ.
Қор сыйымдылығы кәсіпорынның ақшалай тұлғадағы өндірілген және сатылған өнімнің бір өлшеміне шаққандағы негізгі өндірістік қорлардың, не олардың актив бөлігінің мөлшерін көрсетеді. Осы көрсеткішті кейбірде негізгі құралдарды орнықтыру коэффициенті дейді.
Қор сыйымдылығын төмендету арқылы біз қоғамдық еңбек өнімділігін арттырамыз, өнім шығару көлемін ұлғайтамыз, күрделі қаржы салымдарын үнемді пайдаланамыз. Тау – кен өнеркәсібінің кәсіпорындарында өнімнің қор сыйымдылығына әсер ететін факторлар болып негізгі қорлар мен өнім өндіру өрлеу қарқындардың арақатысы, өндірісті ұйымдастыру нысаны, өнімнің материал сыйымдылығы, өндіріс циклінің (кезеңінің) ұзақтығы, технологиялық жабдықтардың қызмет ету мерзімі, еңбектің қормен жарақтандырылуы мен еңбек өнімділігі жатады.
Тағы бір маңызды көрсеткіш – өндірістің пайдалылығы. Ол пайданың өндірістік қорлармен нормаланатын айналым қаражаттарының қатынасымен (процент есебімен) айқындалады.
ӨП=П·100/(НҚ+АҚН),
мұндағы ӨП – өндірістің пайдалылығы, %;
П – баланстық, жалпы немесе таза пайда, теңге;
АҚН – кәсіпорынның нормаланатын айналым қаражаттары.
Өндірістің пайдалылығы өндірістік қызметтің белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі пайдалылығын сипаттайтын кәсіпорындар қызметінің маңызды көрсеткіштерінің бірі, шығындар қайтарымының деңгейі және өнім өндіру мен сату процесінде қаражаттың пайдалану дәрежесі.
Негізгі өндірістік қорлар құнының өндірістік қызметкерлер санына қатынасын еңбектің қормен жарақтандырылуы дейді: ҚЖ=НҚ /N немесе НҚБАЛ/N,
мұндағы ҚЖ – еңбектің қормен жарақтандырылуы, бір жұмыс істейтін адамға шаққандағы теңге . көлемі;
N – тізімдегі өндірістік қызметкерлер саны.
Еңбектің қормен жарақтандырылуы өндірістік негізгі қорлардың орташа жылдық баланстық құнының ауысымдағы жұмыс істейтіндердің, не жұмысшылардың ең көп санына, не олардың орташа тізімдік санына қатынасымен айқындалады.