Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эк пп шпор.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
311.5 Кб
Скачать

29 Кәсіпорында таза пайданы қалыптастыру үрдісіне қалай түсінесіз және көрсеткішетр жүйесі қандай?

Пайда– тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен табыстың осы тауарларды өндіру мен сатуға немесе қызмет көрсетуге жұмсалған шығыннан асып түсуі. Пайда – кәсіпорын мен кәсіпкерлердің шаруашылық қызметі қаржылық нәтижелерінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ол шаруашылық қызметтің өнімін сатудан түскен ақшалай түсім мен өндіріс факторларының осы қызметке ақшалай жұмсалған шығындарының сомасы. Пайданың алынуын немесе оның алынбауын екі нәрсе алдын-ала айқындайды, олар: өнімді өндіру мен өткізуге (жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге) жұмсалған жалпы шығын және негізгі қызметтен тыс жұмсалған шығын. Әдетте, табыс негізгі қызметтен алынған табыс пен негізгі қызметтен тыс қызмет түрінен алынған табыс болып бөлінеді. Кәсіпорынның негізгі қызметінен алынған табыс өнімді өткізуден (жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден) түскен табыстарды, сыйақыны, дивидендті, роялтиді, жалгерлік ақыдан түскен табыстарды, т.б. қамтиды. Негізгі қызметке жатпайтын қызметтен алынған табыстарда, мысалы, негізгі құрал-жабдықты сатудан алынған табыс, бағалы қағаздарды қайта бағалаудан немесе ұзақ мерзімді активтердың баланстық құнын көбейтуден алынған табыс, т.б. қамтылады.

Таза пайда – кәсіпорында ( фирмада) салықтар мен басқа да төлемдерді төлегеннен кейін қалатын пайда.

Кәсіпорынның толық билігінде болады‚ кәсіпорынның жарғысында өзге жағдай көзделмесе‚ ол бұл пайданы одан әрі пайдалану бағыттарын айқындайды. Таза пайданы пайдалану бағыттарын таңдауға мемлекеттік ықпал ету салықтар‚ салық жеңілдіктері‚ экономикалық санкциялар арқылы жүзеге асырылады.

Заңнамалық актілерде немесе кәсіпорын жарғысында көзделген реттерде Таза пайданың бір бөлігі кәсіпорынның еңбек ұжымының мүшелеріне берілуі мүмкін. Пайданың осы бөлігінің мөлшерін меншік иесі немесе ол өкілеттік берген орган белгілейді‚ ал оны бөлу тәртібін еңбек ұжымының жалпы жиналысы айқындайды. Еңбек ұжымының мүшесіне тиесілі пайда сомасы оның қосқан үлесін құрайды. Үлес сомасына акциялар берілуі мүмкін‚ бұл акциялар бойынша дивиденд төленеді.

Таза пайда – баланстық пайдадан пайдаға салынатын салықты, нормативтен тыс қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдерді, мемлекеттік баж салығын, салықтарды төлеу тәртібін бұзғаны үшін айыппұлдарды алып тастау арқылы анықталады.

К/о пайдасын бөлу деп бюджетке ж/е пайданы қолдану бағыттарын статьялары б/ша жұмсауды айтамыз. Таза пайда келесі бағыттарда көрінеді:

-к/оның өндірістік дамуын қаржыландыру

-тұтынушылардың ж/е әлеуметтік қажеттіліктерді қамтамасыз ету

-әлеум.мәдени саланы қаржыландыру

-жалақының үстіне еңбекақы қорына аударымдар

- қайырымдылық қажеттіліктер ж/е басқа да мақсаттар.

30.Өндірістің рентабельдігі дегеніміз не?

Рентабельділік дегеніміз шығындарға қайтарудың деңгейімен ресурстарды пайдалану мөлшерін сипаттайтын өндірістің тиімділігінің салыстырмалы көрсеткіштерін айтамыз. Рентабельділік көрсеткіштерін құру негізінде пайданың жұмсалған құралдар шығындарына, түсімге кәсіпорын обьектісіне қатнасы жатады. Рентабельділіктің келесі түрлері бар: өндіріс, өнім, сату, меншікті капитал рентабельділігі. Рә- кәсіпорынның табыстарын сипаттайды және келесі формуламен есептелінеді: Рә = Пб/ (Фс.г+ Он )•100% ; Мұндағы: Пб – баланстық пайда; Фс.г – негізгі құралдардың орташа жылдық құны; Он – нормаланған айналым құралдарының сомасы. Өнім рентабельділігі кәсіпорынның пайдалылығын көрсетедеі және келесі формуламен анықталады:Ро = Пбірл / Сп• 100% ; Мұндағы: Пбірл – бір өнім бірлігіне келетін пайда; Сп – толық өзіндік құн. Өнім өткізу рентабельділігі - өткізілген өнім әрбір теңгесіне кәсіпорын қанша пайыз пайда алатынын көрсетеді: Рө.ө = Пт / К •100 %; Мұндағы: Пт – таза пайда; К – меншікті капитал. Рентабельділікті арттыру резервтері: 1. Рентабельділікті өндірісте өнім өткізу көлемінің түрі өсуі нәтижесінде артуы. ∆ П = (РПп ⁄ РПб -1)• Пр.п.б ; Мұндағы: РПп ;РПб – сәйкесінше жоспарлы және базалық кезеңдегі өнім өткізу түсімі; Пр.п.б – барлық кезеңде өнім өткізуде алынатын пайда. 2. Баланстық пайданың өзгеру нәтижесінде жалпы рентабельділік деңгейінің артуы мен кемуі. ∆Рө =(Пб.п- Пб.б)/(Фс.г.п+ Он.п)•100%; Мұндағы: Пб.п ; Пб.б – жоспарлы және базалық кезеңдегі баланстық пайда ;Он.п – жоспарлы және айналым құралдарының нормативі.3. Жалпы рентабельділіктің өзгеруі нәтижесінде пайдалылықтың артуы немесе кемуі. ∆П=(Ро.п – Ро.б) / (Фс.г.п+ Он.п)•100%; Мұндағы: Оо.п; Оо.б – жоспарлы және базалық кезеңдегі жалпы рентабельділіктің өзгеруі. 4. Өзіндік құнның өзгеруі нәтижесінде пайданың артуы мен кемуі. ∆=Сп.п п.б • І /100); Мұндағы: Сп.п, Сп.б – сәйкесінше жоспарлы және базалық жылдардағы өзіндік құн; І – өндіріс көлемінің индексі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]