Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эк пп шпор.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
311.5 Кб
Скачать

24. Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар құрамын айтыңыз.

Кәсіпорын өзінің қызмет ету барысында жай және күрделі өндіріс үшін материалды және ақшалай шығындарға ұшырайды, мысалы: негізгі қор және айнымалы құралдарға, өнімді өткізуге, еңбек коллективінің әлеуметтік дамуына және тағы басқаға кететін шығындар. Ал кәсіпорынның ең көп шығындарды талап ететіні – ол өнім өндірісіне кететін шығындар болып табылады.

Кәсіпорынның еңбек қабілеттілігін ұстап тұру үшін, өнімді өткізу үшін және өндірістік факторларды қолдану мақсатындағы шығындардың құны ақшалай көрсеткішпен бағаланады. Өндірістік шығындардың жиынтығы өнімнің өндірістік өзіндік құнын құрайды. Өнімнің өзіндік құны өнім өндірісінің үрдісінде қолданылатын табиғи ресурстардың, шикізаттың, материалдардың, жанар майдың, энергияның, негізгі қордың, еңбек ресурстарының және тағы басқа өнім өндірісіне, өнімді өткізуге кеткен шығындарды көрсетеді.

Өндірістік шығындар - өзіндік құн экономикалық категориясының бастысы болып есептеледі. Олардың деңгейі, көбінесе, пайданың көлемін, кәсіпорынның рентабельділігін, оның шаруашылық қызметінің тиімділігін анықтайды. Өндірістік шығындарды қысқарту және оптимизациялау - әр кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін, беріктілігін, қаржылық тұрақтылығын білдіретін экономикалық қызметінің негізгі бағыты.

Жалпы, шығындарды жақсы түсіну үшін олардың түрлерін қарастырайық. Біріншіден, мынаған көңіл бөлген жөн: экономист өндірістік шығындарды қысқартуды ойластырады, ал бухгалтерді фирманың қаржылық балансы қызықтырады. Бухгалтер фирманың бұрынғы қызметінің тиімділігін бағалап, активі мен пассивін қадағалайды және фирманың қаржысына ретроперспективті көзқараспен қарайды. Экономистер мен басқарушылар, керісінше, фирманың перспективасына қызығушылық білдіреді. Олар болашақ шығындарды қалайша азайтамын және рентабельділікті қайтіп көбейтемін деп қам жейді.

Сонымен, шығындар экономикалық және бухгалтерлік деп бөлінеді. Экономикалық шығындарға ресурстарды қолдану үшін кәсіпорынның жабдықтаушыларға төлейтін барлық шығындары жатады. Олар сыртқы шығындардан тұрады, яғни жабдықтаушыларға, ресурстарға, жанар майға, материалдарға, шикізатқа, жұмыс күшіне және тағы басқаға төленетін ақшалай төлемдер. Сонымен қатар, экономикалық шығындарға ішкі шығындар да жатады, яғни кәсіпорын иесінің өндірістік ресурстарды қолданғаны үшін төлейтін шығындар. Ішкі шығындар кәсіпорынның қосымша ресурстарын және нормалды пайданы көрсетеді. Экономикалық шығындар деген түсінікті жоспарлы есепте, құрылымдық талдауда, шығындарды қысқарту резервтерін шығаруда, өнімнің құнын белгілегенде және тағы басқа жағдайларда қолданады. Ал бухгалтерлік шығындар фирманың практикалық қызметін шығарғанда, шығынның нақты соммасын есептегенде, салық салынатын пайданы анықтағанда және тағы басқа жағдайларда қолданады.

ТМД елдерінде жалпы бухгалтерлердің өнім өндірісінде қолданатын шығындардың классификациясын қарастырайық.

  1. Өнімнің өзіндік құнының құрамына кіруіне байланысты шығындар:

  • тікелей шығындар, олар өнімнің өзіндік құнына тікелей кіретін, өнімнің жеке түрлерінің өндірісімен байланысты болады;

  • жанама шығындар, олар бөлінгеннен кейін ғана өнімнің өзіндік құнына кіріп, бірнеше өнім шығарумен байланысты болады.

  1. Өндіріс көлемінің өзгеру деңгейіне байланысты шығындар:

  • пропорционалды шығындар, олардың соммасы тікелей өнім өндірісіне байланысты болады;

  • пропорционалды емес шығындар, олар өнім өндірісі кезінде өзгермейді немесе өзгерісі айтарлықтай көрінбейді (жанар май, ғимараттың амортизациясы, тағы басқа).

Бұл классификация бір өнім өндірісіне кеткен шығындар минималды

болып, оптималды өнім көлемін анықтауға мүмкіндік береді.

  1. Шығындардың шығу орнына байланысты шығындар:

  • негізгі шығындар;

  • қосымша шығындар.

  1. Біртектілік деңгейіне байланысты шығындар:

  • элементті шығындар (шикізатқа, негізгі материалдарға, негізгі қордың амортизациясына кететін шығындар), оларды құрамдық бөліктерге бөлуге болмайды;

  • кешенді шығындар (құрал-жабдықтардың эксплуатациясы және оларды сақтаудағы жалпы өндірістік шығындар), олар бірнеше біртекті шығындардан тұрады.

  1. Технологиялық үрдісіне байланысты шығындар:

  • негізгі шығындар, олар өнім өндірісіне тікелей қажетті, жұмысты атқаруға, қызмет көрсетуге қажетті шығындар;

  • қосымша шығындар, олар өндіріс үрдісін басқаруға, қызмет көрсетуге, координациялауға, еңбек етуге жағымды жағдай жасауға қажет.

  1. Өнімнің өзіндік құнына және пайда болу уақытына байланысты шығындар:

  • ағымдағы шығындар, олар ағымдағы уақытқа қатысты болып, сол кезеңнің өзіндік құнына кіреді;

  • болашақ кезең шығындары, олар берілген уақытта болады, бірақ алдағы уақыттағы өнімнің өзіндік құнына белгілі бір мөлшерде кіреді;

  • алдағы күтілетін шығындар (кезекті демалысқа төленетін төлемдер, мезгілдік шығындар және тағы басқа), бұл әлі жұмсалмаған шығындар, бірақ бұларға нормалданған смета жасалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]