Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эк пп шпор.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
311.5 Кб
Скачать

1.Мемлекеттік Кәсіпорын— мүлкі мемлекетке тиесілі және салымдар, үлестер, акциялар бойынша бөлінбейтін кәсіпорын. Оны құрған кезде жарғылық капитал теңгерімде бөліп көрсетілмейді. Мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын мемлекеттік органдар келісімшартқа сәйкес жалдайды және жұмыстан босатады. Бюджеттік кәсіпорын смета бойынша бюджеттен қаржыландырылады. Мемлекеттік кәсіпорындарға жедел басқару құқығына негізделген кәсіпорындар (қазыналық кәсіпорын, мекеме), шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорындар жатады.

Кәсiпорындарды ұйымдық-құкықтық нысандары бойынша межелеу олардың қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына, өндiрiстiк-шаруашылық қызметiн қаржыландыруға, шаруашылықты жүргiзудiң нәтижелерiне әкеп соғады.

Меншiк нысандарына қарай шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қорларын қалыптастырудың ерекшелiктерi болады. Мысалы, өндiрiстiк кәсiпорындардың қаржы қорлары мына көздер есебiнен құрылады; меншіктi көздер (амортизациялық аударымдар, табыс (пайда), басқалары); банк несиелерi; бағалы қағаздар шығарудан тусетiн қаражаттар; мемлекеттiк кәсіпорындарда қаражаттардың бұл көздерi қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтерде — кооператив мүшелерiнiң үлестiк жарналарының қаражаттары. Практикада көбiнесе меншiктiң аралас нысандарымен шарттасылған қорлардың көздерi бойынша оларды құрудың аралас нысандары көздеседi. Мысалы, негiзгi құралдар мен айналымдағы активтердiң үлкен бөлiгi мемлекетке жататын мемлекеттiк кооперативтерде қызметкерлердiң үлестiк жарналары болымсыз рөл атқарады. Мемлекеттік акционерлiк қоғамдарда да осылай.

Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардын мүлкiн жалға бергенде айрықшалықты төлем — жалға берiлген мүлiк құнынын амортизациялық аударымдарын, жалға беру мерзiмiнiн өтуiне қарай объектiлердi жөндеу үшiн жалдаушының жалға берушiге берітiн қаражаттарын, жалға алынған мүлiктi қоғамдық қажеттi пайдаланудан түсетiн пайданың (табыстың) бiр бөлiгiн (жалгерлiк пайызды) кiрiктiретін жалгерлiк ақы қолданылады.

Өндiрiстiн бастапқы қорларынын қалыптасуына сәйкес шаруашылық қызметтің мынадай қаржылық нәтижелерi бөлiнедi және пайдаланылады: жалпы табыс, пайыздық табыс, дивиденттер, үлестiк табыстар, бюджеттің (бюджеттік кредиттердiң) және бюджеттен тыс қорлардың шығыстарын өтеу.

Үлестiк жарна негiзiнде жұмыс iстейтiн кәсіпорындардың - шаруашылық серiктестiктерiнiң, кооперативтердiң, бiрлескен кәсіпорындардың қаржысын үйымдастыру мұндай кәсіпорындар қаржысының қалыптасу және алынған табыстарды әрбiр қатысушының - мүлiктегi үлесiне сәйкес кейiнгi бөлудiң ерекшелiктерiмен анықталады. Мұндай кәсiпорындардын құрылтайшылары мен қатысушылары өздерiнiң салымдарын ақша қаражаттары, мүлiктiң әр түрлі түрлерi (үймереттің, ғимараттың, жабдықтың және басқаларының), мүлiктi құкықтар (жердi, табиғи ресурстарды, мүлiктi, зияткерлiк (интеллектуалдық) меншiктi пайдалану құкықтары) түрiнде жүзеге асырады.

Экономикада едәуiр орынды мемлекеттiк сектор алады. Бұл секторда кәсіпорындардың мынадай тұрлерi жұмыс iстейдi:

1) шаруашылық жүргiзу құкығына негiзделген кесiпорындар; бұл құкық мүлiктi мемлекеттен меншiк иесi ретiнде алған және осы мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құкықтарын заңнамада белгiленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсіпорынның заттық құкығы болып табылады;

2) жедел басқару құкығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсіпорындар. Бұл құкық қазыналық кәсіпорынның меншiк иесiнен алған және өз қызметiнiң мақсатына, меншiк иесiнiң тапсырмалары мен мүлiктiң мақсатына сәйкес заңнамалық актiлерде белгiленген шекте сол мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асыратын заттық құкық болып табылады.

Мемлекеттiк меншіктiң түрiне қарай кәсiпорындар:

1) республика меншiгiндегi кәсiпорындар — республикалық мелмлекеттiк кәсіпорындар;

2) коммуналдық меншiктегi кәсiпорындар — коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар болып бөлiнедi;

Басқа мемлекеттiк кәсіпорын құрған мемлекеттік кәсіпорын еншілес мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.

Мемлекеттiк кәсіпорын үшiн мемлекеттiң тапсырмасын орындау мiндеттi болып табылады. Мемлекеттiк кәсіпорындар қызметiнiң негiзгі мiндет-мақсаты (арналымы) қоғам мен мемлекеттiң қажетiне қарай айқындалатын мынадай әлуеметтiк-экономикалық мiндеттердi шешу болып табылады, олар:

1) мемлекеттiң қорғаныс қаблетiн материалдық жағынан қамтамасыз ету және қоғам мүддесiн қорғау;

2) экономиканың жеке меншiк секторы қамтыған немесе жеткiлiксiз қамтылған қоғамның өндiрiстiң сфералары мен салаларында бiрiншi қажеттіктегi тауарларды өндiру (жұмыстар атқару, қызметтер көрсету);

3) мемлекеттік монополияға жатқызылған немесе мемлекеттiң функциясы болып табылатын сфералардағы қызметті жүзеге асыру.

Кәсіпорынға қатысты уәкілдi орган меншiк иесiнiң және мемлекеттiк басқару органдарының басқару функцияларын орындайды.

2 Кәсіпорынның негізгі қоры, оның маңызы.

Кәсіпорынның бірқалыпты функционалды жұмыс істеуі, ең алдымен, қолда бар керекті еңбек құралдары мен көздерінің болуымен тығыз байланысты. Осындай құралдардың көзі ретінде негізгі қорларды жатқызуға болады. Өнеркәсіптік кәсіпорынның өндірістік үрдісінің үзіліссіз жүзеге асырылуы тек қана негізгі қорлардың іс жүзінде ықпалыменен болады.

Негізгі қорлар – өндіріс процесіне бірнеше рет қатысатын, өзінің бастапқы құнын сақтай отырып, дайын өнімге біртіндеп ауыстыратын өндірістік қорлардың бір бөлігі

Экономикалық әдебиеттерде негізгі өндірістік қорлардың анықтамаларының бірнеше түрлері көрсетіледі. Соның ішінде кеңінен таралған нұсқаларын ұсынуға болады:

Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – еңбек құралдарының құндылық белгісі. Негізгі қорларды басты белгісі сыртқы нысанын өзгертпейді және өнімге өзінің құнын біртіндеп ауыстырады: өндірістік циклдардың қатарының өтуімен немесе бөліктермен, тозу мөлшеріне қарай ауыстырады.

Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – бұл еңбек құралдары болып табылады, олар көптеген өндірістік циклдарда қатысады, өздерінің натуралды нысанын сақтай отырып, тозу көлеміне қарай дайын өнімге құнын біртіндеп ауыстырады[3, 142б].

Негізгі қорлар – еңбек құралдарының құндылық сипаты болып табылады. Негізгі құралдардың басты белгісі оның өз құнын дайын өнімге біртіндеп көшіру, яғни өндірістік циклдардың қатарлы ағымы мен тозу көлеміне байланысты[4, 66б].

Негізгі қорлар – кәсіпорынның өндірістік материалдық-техникалық базасы болып табылады. Олардың көлемі кәсіпорынның өндірістік қуаты мен еңбектік техникамен қарулану деңгейіне байланысты болады[5, 100б].

Өндірістік үдеріске қатысу дәрежесіне, қолданылып жүрген топтастыруына қарай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді.

Өндірістік бағыттағы негізгі қорларға:

− Өнеркәсіп,

− Құрылыс,

− Ауыл шаруашылығы,

− Автомобиль көлігі,

− Байланыс,

− Сауда,

− Ғимараттар,

− Құрылыстар,

− Машиналар,

− Жабдықтар мен басқа да еңбек құралдары жатады.

Олар өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысады.

Өндірістік емес қорларға:

− Тұрғын-үй,

− Коммуналдық шаруашылық,

− Денсаулық сақтау,

− Білім беру,

− Мәдениет,

− Спорт салаларына бөлінеді.

Олар өндірістік процеске тікелей қатыспайды, бірақ олар жұмысшы күшін ұдайы өндіруге қажетті жағдай жасай отырып, оның нәтижесіне жанама әсер етеді[6, 43б].

Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активтік және пассивтік болып бөлінеді.

Актив бөлігі (машиналар, құрал-жабдықтар) тікелей өндіріске, өнімнің (қызмет, жұмыс) мөлшері мен сапасына ықпал етеді.

Пассив бөлігі негізгі қордың ғимарат, құрылыс және өндірістік процеске қажетті жақтарын құрап, жағдай жасайды[7, 25б].

Негізгі қорлар алдына қойған мақсаты мен атқаратын қызметіне қарай мына топтардан тұрады:

− Үйлер;

− Ғимараттар;

− Өткізбелік тетіктер;

− Күш машиналары;

− Жұмыс машиналары мен жабдықтар;

− Есептеуіш техникалары және олардың бағдарламалық құралдары;

− Тасымалдау құралдары;

− Құрал-саймандар мен жабдықтар;

− Өндірістік және шаруашылық құрал-жабдықтары;

− Өнім және жұмыс малдары;

− Көпжылдық өсімдіктер мен көшеттер;

− Кәсіпорындардың, мекемелердің меншігіндегі жер телімдері және басқа да негізгі қорлар деп бөлінеді. [7, 25б]

Басқа негізгі қорлардың құрамына техникалық кітапханалар, өрт сөндіретін шаруашылық құралдары және т.б. кіреді[8, 64б].

Негізгі қорлар топтарының аталғандардың барлығы өндірістегі және тиімділігін көтеру маңызы әрқалай болады. Негізгі қорлардың белсенді бөлігі өндірістегі еңбектің техникалық қарулану деңгейіне тікелей байланысы бар, яғни олар жұмыс машиналары, құрал-жабдықтар, көліктік құралдар және құрал-саймандарды пайдалану өнімділік пен тиімділіктің сапасы және көлеміне үлкен әсерін тигізеді.

Өндірістік қорлардың басқа бөліктері өндіріс үрдісінде жанама қатысады (өткізбелік тетіктер), олар машиналар мен құрал-жабдықтарды пайдалануда қажетті жағдайлар ұйымдастырады, себебі, машиналар өндіріс процесінің тірегі болып табылады. Кәсіпорынның материалдық-техникалық базаның деңгейі негізгі қорлардың белсенді бөліктерінің саны мен сапасына қарай анықталынады.

Меншіктік қатынасына қарай қорлар өзіндік және уақытша жалға алынған болып бөлінеді. Өзіндік қорлар кәсіпорынның меншігіндегі қорлары болып табылады, ал жалға алынған қорлар басқа кәсіпорындардың меншігіндегі қорлар болып есептелінеді және нақты кәсіпорын келісімшартқа сәйкес пайдаланады[9, 4б].

Кәсіпорын негізгі өндірістік қорлар бойынша шаруашылық айналымын жүргізу үшін мынадай сатылардан тұрады:

− Негізгі қордың тозуы;

− Амортизация;

− Негізгі қорды толық қалпына келтіру үшін жинақталған қаражаттар;

− Капитал салымдарын жүзеге асыру жолдары.

Кәсіпорынның және басқа да әр түрлі салалардың негізгі қор құрылымы мынадай факторлармен анықталады:

− Өндірілген өнімнің көлемі мен сипаты,

− Өндірістің техникалық деңгейі,

− Мамандыру және т.б.

Амортизация – негізгі қорлардың құнын олардың көмегімен өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер есебінен біртіндеп толтыру. Негізгі қорлар өндірістік процесте:

− Натуралды;

− Ақшалай нысанда зерделенеді.

Натуралды нысандағы құралдардың есебі:

− Негізгі қорлардың техникалық құрамын;

− Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын;

− Құрал-жабдықтарды пайдалану дәрежесін;

− Басқа да мақсаттарды анықтау үшін қажеттілік.

Негізгі қордың ақшалай нысандағы есебі:

− Негізгі қордың жалпы мөлшерін, динамикасын, құрылымын;

− Амортизациялық аударымдардың есебін;

− Дайын өнімді тасымалдау құнын;

− Капитал салымдарының және инвестицияның экономикалық тиімділігін анықтайтын қажеттілік[10, 156б].

Негізгі қорларға жататын негізгі құралдар пайдалану дәрежесіне қарай келесі негіздемелерге бөлінеді:

− Пайдалану түріне;

− Запасты (резервті) құру түріне;

− Құрастыру, құрылу кезеңдеріне, қайта құрастыру, модернизация және бөлшекті ликвидация кезеңдеріне қарай бөлінеді.

Объектілерге құқықтық иемдену тәуелділігіне қарай негізгі құралдар былайша жіктеледі:

− Меншіктік құқығы негізінде ұйымға жататын негізгі құралдар объектілері (соның ішінде жалға өткізілгендер);

− Шаруашылық жүргізу немесе басқарудың меншіктік құқығы негізінде ұйымның қарамағындағы негізгі құралдар объектілері;

− Ұйымнан жалға алынған негізгі құралдар объектілері[11, 137б].

Кәсіпорынның өндірістік тиімділігі нарықтық экономиканың негізгі категорияларының бірі болып табылады. Өндірістің экономикалық тиімділігі – бұл екі өлшемнің жалпы түрдегі өндірістің сандық көрсеткіштердің қарым-қатынасы, яғни шаруашылық өндіріс нәтижелері және өндіріс шығындары.

3 Негізгі қордың белсенді және енжарлы бөлігі.

Өндіріске қатысу нәтижесінде негізгі өндіріс қоры-өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді. Негізгі өндіріс қоры-бұл қор өндіріс үрдісінде тікелей қатысатын-машина күштері мен жабдықтар немесе оның іске асуына жағдай туғызатын, өндірістің корпусы, тасымалдау көлігі, сақтау және қойма бөлімдері кіреді. Негізгі қормен бірге өндіріс үрдісіне тікелей қатыспайтын (кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер)-өндірістік емес қорлар бар. Бұл негізінен, кәсіпорындағы әлеуметтік құрылымға кіретін тұрғын үй қоры, мәдени-тұрмысқа арналған ғимараттар мен құрылыстар, спорттық құрылыстар, денсаулық сақтау объектілері, балабақша, мектеп т.б. объектілер кіреді. Өндіріс үрдісінде және табиғи заттай белгісімен, барлық негізгі өндіріс қоры өзінің өндірісіне арнауына қарай төмендегідей бөлінеді: Өндіріс ғимараттары; Ірі құрылыстар; Беріліс қондырғылар; Күш машиналары мен жабдықтар; Жұмыс машиналары мен жабдықтар; Өлшеуіш және реттеуші приборлардың барлық түрлері, лабораториялық жабдықтар; Шаруашылық және өндіріс инвентарлары; Инструменттер, аспаптар; Көлік машиналары; Басқадай негізгі қорлар түрлері. Әрбір топтағы негізгі өндіріс қорының құндарының жалпы өндіріс қорына үлес салмағын (%) өндірістегі құрылымын көрсетеді. Негізгі өндіріс қорының құрылымы салаларда, бірлестіктерде және кәсіпорындарында өзінің қолдануына, бағытына, көлеміне қарай әртүрлі болады. Негізгі өндіріс қорының кейбір бөлігі үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, өндіріс және шаруашылық құралдары өнім өндірісіне тікелей қатыспауы мүмкін - ол тек еңбек тіршілігіне, өндірістің технологиялык үрдісін дамытуына кемектеседі. Мұндай негізгі өндipic қорының бөлігін - енжарлы бөлігі дейді. Ал, беріліс қондырғылар, ішкі зауыт көліктері, әcipece өнім өндірудегі машиналар мен жабдықтар, яғни негізгі өндіріс қордың бөлігі өндіріс бөлімшелерінде өнім өндіруге шешуші роль атқаратын өндіріс қорларын- белсенді бөлігіне жатқызады. Өндірісте белсенді бөлігіне кұны, кәсіпорынның мүмкіндігіне қарай дамыған сайын, өнім шығаруда дамып, қордың көрсеткішіжоғарлап, кәсіпорынньң техникалық денгейін және қуаттылығы артады. Heriзгі өндіріс қорын есепке алынғанда және жоспарлағанда, сонымен бipre негізгі өндіріс қорының өндіріс қуаттылығын анықтағанда табиғи және құн (ақшалай) формасындағы көрсеткіштері қолданады. Негізгі қордың құнын есептеп шығару - өндірісте жоспар жасарда, ұлғаймалы ұдайы өндіріс көлемін жocпapлaғaндa белгілі бip тозу және амортизация көлемін есептеуге, өнімнің өзіндік құнын құрастырғанда, сонымен негізгі өндіріс қорын тиімді қолданудағы экономикалық көрсеткіштерінде қолданады. Бұл көрсеткіш жинақтаушы көрсетіш, ол құн есебіндегі көрсеткіш. Жұмыс істеп тұрған негізгі қорлар бухгалтерлік есепте олардың, баланстық құны бойынша көрсетіледі. Негізгі өндіріс қорлары төмендегідей бағаланады: бастапқы құны бойынша, яғни қорға ие бoлғaндaғы, оны жеткізу және кұрастырып орналастыру шығындары кіреді; қалпына келтіру кұны бойынша, яғни негізгі қорларды кайта  бағалау нетижесіндегі есеп бойынша бағаланады; қалдық құны бойынша, яғни бастапқы құнының немесе калпына келтірілген құнның тозу құнының айырмашылығымен анықталады. Heriзri өндіріс қорының қалдық құнын мына формуламен анықтауға болады: Ққ= НҚ бқ-( НҚ бқ* Ма/100*t ), Мұнда, Ққ - қалдық құны; НҚ бқ - негізгі өндіріс қорының бастақы құны, теңге; Ма - толық қалпына келтіру амортизациясының мөлшері, %; t - негізгі өндіріс қорының нақты жұмыс істеген уақыты, жыл.

4 Негізгі қорды бағалауда қолданатын құндар

Негізгі өндірістік қорларды жоспарлау мен есепке алу натуралды (дана, тонна, шаршы шақырым және т.б) және ақшалай түрде (теңге) жүреді.

Натуралды түрде негізгі өндірістік қорларды бағалау - машиналар саны, олардың өндіргіштігі, қуаттылығы, өндіріс аумағының өлшемімен және т.б сандық көлемдер арқылы ескеріледі. Бұл аталғандар кәсіпорын мен оның әртүрлі саласындағы өндіргіштік қуатын есепке алуда және өндіргіш программасын жобалауда, құрал-жабдықтар резервтерін жоғарлатуды орындауда және де балансын құрастыруда қолданылады. Бұл мақсатпен құрал-жабдықтарды құжаттау (паспорттау) мен жабдықтау, оның келуі мен кетуін есепке алу жүргізіледі. Құжат негізінде кәсіпорын және оның цехтарын өнідірістік профилі бойынша: материалды-техникалық мінездемелерді, жұмыстың техника-экономикалық көрсеткіштерді, құралдардың құрамын анықтауға болады. Құжатта сонымен бірге құралдардың эксплуатациялау мерзімі, тозу деңгейі, техникалық аумақтармен, машиналар және құрал-жабдықтардың техникалық мінездемесі толықтай көрсетіледі.

Негізгі өндірістік қорларды ақшалай немесе өзіндік құн бойынша бағалау негізгі қорды қайта өндіру кезінде кеңейтуді жоспарлау үшін, істен шығып қалу дәрежесі мен амортизациялық аударым көлемін анықтау үшін, жекешелендіру көлемін анықтау үшін қолданылады.

Негізгі қорларды бағалауда өндіріс процесіне ұзақ жылдар бойы қатысып, тозуына байланысты және осы уақыт аралығындағы қайта өндірудің жағдайына байланысты бірнеше түрі бар. Олар – бастапқы (номиналды) құн КБ, қайта қалпына келтіру құны КҚ және де қалдық құндар Кқал.

Негізгі өндірістік қорлардың бастапқы құны – бұл қорды жасаумен немесе сатып алумен, оларды жеткізу мен монтаждауға кеткен шығындар сомасы. Ол амортизация нормасын және амортизациялық аударым көлемін анықтауда, кәсіпорынның табысы мен рентабельділігінің активтерін, олардың қолданылу көрсеткіштерін есептеуде қолданылады.

Жер учаскесінің бастапқы құнына келесілер кіреді:

● Шотта көрсетілген сатып алу бағасы;

● Қозғалмайтын мүлік жөнінде агенттерге комиссиондық сый-ақылар;

● Сату-сатып алу келісім шартын жасаған заңгердің қызметіне төлем;

● Салықтар және жинақтар;

5. Амортизация, оның ұғымы, мазмұны. Амортизация (өтелім) – негізгі қорлардың тозуына қарай олардың құнын өндірілген өнімге бірте – бірте көшіру жолымен өтеу процесі.

Амортизацияның ақшалай сипаты амортизациялық аударымдар болып табылады. Тозудың ақшалай құны өнімнің өзіндік құнына енгізіледі.

Сонымен, негізгі қорлардың тозуын толтыру үшін, яғни оны ұдайы өндіру үшін, осы қорлар бір бөлігін аударып отыруды өтелім жарнасы дейді, ол өнімнің өзіндік құнының «Амортизация» элементін құрайды.

Амортизация қоры деп мезгіл сайынғы өтелім жарнасын аудару жолымен құрайтын ақшалай қаржаттың мақсатты қорланымы. Оның сомасы амортизацияланатын негізгі қорлардың орташа құнымен амортизация нормасының шамасынан құрылатын туынды сома.

Амортизация нормасы дегеніміз процент (пайыз) түрінде алынған қор құнының жыл (ай) сайынғы үлес салмағы.

Жоғарыда айтып кеткендей жылдық амортизациялық аударымдары (АЖ) негізгі қордың құнын (НҚ) амортизация нормасынан (НА) көбейтумен табылады:

АЖ=НҚ·НА/100

Амортизациялық аударымдарды есептеу үшін қолданатын әдістер келесідей:

  1. біркелкі (бір қалыпты) әдіс;

  2. өндірістік әдіс – негізгі қорлардың құнын өнім шығару көлеміне тепе-тең әдіспен есептен шығару;

  3. қалдықты азайту (кеміту) әдісі;

  4. кумуляциялық (шоғырланбалы) әдіс – амортизация кезеңінің жылдар санының қосындысы бойынша есептен шығару;

  5. кемітілмелі құн әдісі.

Амортизацияланған құн бастапқы құны мен жою құнының арасындағы айырма. Амортизациялық аударымдар әрбір есептік кезеңнің шығысы ретінде танылады.

Жаңадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал шығып кеткен негізгі құралдар бойынша – шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.

Толығымен амортизацияланған негізгі құралдар бойынша амортизацияны есептеу қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына толықтай ауысқан айдан кейін туатын айдың бірінші күні тоқтатылады.

Тоқтап тұрған негізгі құралдар бойынша техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру барысында, консервацияға ауыстырылған кезінде амортизация есептелінбейді.

Негізгі құралдар бойынша есептеу қайтадан пайдалануға берілгендеріне байланысты, ал істен шыққандары бойынша - бұл қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына толықтай көшіріліп, берілген айдан кейінгі немесе соңғы айдың алғашқы күндерінде доғарылады.

Қайта құру мен техникалық қайта жарақтану уақытында олар мүлдем тоқтатылған және негізгі құрал-жабдықтарды тоқтатып қойған жағдайда амортизацияны есептеу жүргізілмейді.

Жалға алынған негізгі құрал-жабдықтар бойынша амортизацияны есептеуді жал шарты формасына және шарт талаптарына сәйкес жалға беруші немесе жалға алушы атқарады.

Өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктер енгізу түзету мен негізгі құрал - жабдықтарды жаңартуға қызығушылықты арттыру үшін қаржылық жағдай жасау мақсатымен субъектілер амортизацияны тездетіп есептеу, сандар (кумулятивті тәсіл) сомасы бойынша құнды есептен шығару, кемітілген қалдық тәсілдерін қолдана алады.

Сандар сомасы бойынша (кумулятивиті тәсіл) құнды есептен шығару тәсілі есептік коэффициентті табудан тұрады. Коэффициент бөлгіші қорытындысы пайдалы қызмет мерзімі сомасына, ал алым қызмет ету мерзімінің соңына дейін қалған жыл соңына тең болады.

Мысалы.

Құны 240000 теңгелік станок техникалық төлқұжатқа сай 6000 бұйым өңдеуге бейім, жойылу құны -18000 теңге.

Амортизация мөлшері 1 бұйымға:

Егер 2009 жылы майда 45 бұйым жасалса, онда амортизация сомасы: 45с* 37 теңге = 1665 теңге маусым 2007 ж.: 52с* 37 = 924 теңге маусым 2008 ж.: 48с* 37 = 1776 тенге

Техникалық төлқұжат бойынша жұмыс істелген сағат саны мысалы, 10000 сағат қарастырылған. 1 сағатжұмысқа амортизация мөлшері

Егер стоноктың 2010 ж. май айындағы жұмыс уақыты 224 сағат болса, онда амортизация:

224 с* 22 = 4928 теңге

Амортизацияны әр түрлі тәсілмен есептеген сомаларды салыстырғанда, қаралған тәсілдер кәсіпорын нәтижесіне ықпал ететін негізгі құрал-жабдықтардың жылдық амортизация саласына кемуіне немесе артуына мүмкіндік беретінін айқын аңғартты.

6.Негізгі қордың тозу түрлері.

Негізгі қорлар өндіріс процесіне ұзақ уақыт бойы қатысып, жәй-жәй тоза бастайды, яғни физикалық күштің, техникалық және экономикалық факторлардың әсер етуімен өзінің құрамын жоғалтады және жарамсыз болып қалады.

Тозу – моральдық және физикалық сипатынан айыратын процесс. Негізгі қорлар тозуының екі түрі бар физикалық және моральдық.

Физикалық тозуда негізгі қорлардың тұтыну құнының жоғалтуы болады, яғни еңбек процесінің, табиғат күштерінің әсер етуімен технико-экономикалық және әлеуметтік сипатының нашарлауы, сонымен қатар негізгі қоррларды пайдаланбау есесінен.

Өндірісте тозған негізгі қорлардың көпшілік бөлігі, мысалға өнеркәсіпте халық шаруашылығында елеулі шығындарға алып келеді, себебі біріншіден – құрал-жабдықтың көнеруі оны жұмыс жағдайында сақтап тұру үшін капиталдық жөндеуге қаржы салуды көбейтуді қажет етеді; екіншіден – ескірген өндіріс түгелдей жаңа техниканы пайдалануға мүмкіндігі жоқ. Осының салдарынан өнім және қызмет көрсету көлемі азаяды. Техникалы қартта қалған және моральды тозған шығынды өндіріс ғылыми техникалық прогресске бөгет жасайтын тоқырау аймағын тудырады.

Моральдық тозу көбінесе физикалық тозудан ерте келеді, яғни әлі пайдалануға болатын негізгі қорлар экономикалық тиімсіз болады. Өз кезегінде моральдық тозу екі түрге (немесе екі факторға) бөлінеді:

Моральдық тозудың бірінші түрі – машиндердің жарты бөлігінің құнын физикалық тозусыз жоғалту, яғни сол машиндердің жаңа жағдайдағы дайындалуының арзандау нәтижесінен (ғылыми техникалық прогресстің жетістіктерін пайдаланып). Бұл түрдің моральдық тозуы дәл сондай конструкциялы машиндерді шығару үшін жұмыс уақытының азаюынан болып тұр. Моральдық тозудың бірінші түрі құрал-жабдықтың қызмет ету уақытының ұзақтығымен, оның физикалық тозуының дәрежесімен байланысты емес, ол өнімді дайындау құнын төмендететін техникалық прогресстің қарқынына байланысты. Моральдық тозудың бірінші түрінде негізгі қорлардың тұтыну құны, құрал-жабдықтың өнімділігі өзгермейді, тек негізгі қорлар құны өзгереді.

Моральдық тозудың екінші түрі -  бұл бар машиндердің, құрал-жабдықтардың әрекет ету ұзақтығының қысқаруы, оның өнімділігінің  және қуаттылығының төменделуімен, ал көне машиндердің жаңалармен салыстырғандағы эксплуатациясы өндірісті үлкен шығындарға алып келетіменен серттелген.

Тозуды анықтау әдістері.

Физикалық тозу негізгі қорлардың қызметтену негізінде анықталады:

 

Ттозу(ф) = Тф /Тн · 100%                                        

 

мұндағы,        Тф – нақты қызмет ету уақыты (жыл);

Тн – нормативті қызмет ету уақыты (жыл).

Тозуды толық анықтау үшін негізгі қорлардың элементінің жағдайын анықтау қажет.

Моральдық тозудың  бірінші түрі баланстық және қалпына келтірілген құнның қатынасы негізінде анықталады:

 

Ттозу(м1) = Фб – Фв /Фб · 100%                                           

 

мұндағы,        Фб – баланстық құн (мың тг.);

Фв – қалпына келтірілген құн (мың тг.).

Моральдық тозудың екінші түрі көп жағдайда құрал-жабдықтардың  өнімділігін салыстыру негізінде анықталады.

 

Ттозу(м2) = Пр2 – Пр1 /Пр2 · 100%                        

мұндағы,        Пр1 – қозғалыстағы негізгі қорлардың өнімділігі;

Пр2  – жаңа негізгі қорлардың өнімділігі.

Бірақ бұл кезде жаңа негізгі қорлар қамтамасыз ете алатын шикізат және материалдарды үнемдеу немесе еңбек күшін үнемдеу есептелмейді. Сондықтан моральдық тозудың екінші түрін дәл есептеу үшін келесі формуланы қолданып негізгі қорларды және өндіріс шығындарын салыстыру   қажет.

 

Ттозу(м2) = Изд2 – Изд1 /Изд2 · 100%                               

 

мұндағы,   Изд1 – қозғалыстағы негізгі қорлардың өндіріс  шығындары (тенге);

Изд2  – жаңа негізгі қорлардың өндіріс шығындары (тенге).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]