
- •Бейдағдарыс моделінің бірінші кезең – мақсаттарды дәлелдеу. Осы кезеңде қандай іс шаралар қабылданады?
- •Бейдағдарыс моделінің екінші кезеңі – болжамды талдау. Осы кезеңде қандай іс шаралар қабылданады?
- •Бейдағдарыс моделінің кезендерінің бірі – дағдарыстың ықтимал себептерінің диагностикасы. Осы кезенде қандай іс шаралар қабылданады?
- •Бейдағдарыс моделінің кезендерінің бірі – төтенше жағдай жобасын құру. Осы кезенде қандай іс шаралар қабылданады?
- •Бейдағдарыс моделінің кезендерінің бірі – стратегияны таңдау. Осы кезенде қандай іс шаралар қабылданады?
- •Бейдағдарыс моделінің кезендерінің бірі – тактиканы құру. Осы кезенде қандай іс шаралар қабылданады?
- •Бейдағдарыс моделінің кезендерінің бірі – бақылау және өзгерістер еңгізу. Осы кезенде қандай іс шаралар қабылданады?
- •Моделдерді қолдануға итермелейтін негізгі себептерді атаңыз.
- •Сипаттау модельдеріне 10 мысал келтіріңіз.Мысал тапсандар косындаршы
- •Сипаттау модельдерін құрылуының реттілігінің схемасын салып көрсетіңіз
- •11.Нормативтік модельдеріне 5 мысал келтіріңіз
- •Уақыт факторына байланысты модельдердің қандай түрлері бар
- •Статикалық модельдің 3 мысалын суреттеңіз
- •14.Модельдердің қай түрі «Егер…болса, не болады?» сұрағана жауап беруіне мүмкіндік береді? Бұл модельдін ерекшелігі қандай?
- •15.Модельдердің қай түрі «Егер бәрі де бұрынғы жағдайда қалса, не болады?» сұрағана жауап беруіне мүмкіндік береді? Бұл модельдін ерекшелігі қандай?
Бейдағдарыс моделінің кезендерінің бірі – бақылау және өзгерістер еңгізу. Осы кезенде қандай іс шаралар қабылданады?
Дағдырыс [кризис] - мәселенің аса асқынып, ушығып, басқа мәселелерді кері ысырып, алдыңғы орынға шығатындай деңгейге көтерілу дәрежесі. Ал оның жағымсыз (ұнамсыз) салдарының орнын толтыру оңайға түспейді. Мысалы, саяси, экономикалық, экологиялық және т.б. дағдарыстар.
Дағдарысқа қарсы басқару - дағдарыстық құбылыстың диагностикасын алдын алу, бейтараптандыру мен және одан арылу бойынша басқарушылық шаралардың жүйесі. Дағдарысқа қарсы басқару дағдарыстық үрдістің дамуының барлық кезеңдерін қамту тиіс. Бейдағдарыстық басқарудың моделі дағдарыстың орташа кешенді көпфакторлық талдаудың элементтерінің өзара байланысқан жүйесі. Модельдің міндетті шарты төтенше жағдайдың жоспарын, дағдарыстың ағымын бақылау және уақытында қорытынды жасау мақсатында стратегияны дәлелдеу. Бейдағдарыстық модель кезеңдері
Мақсатты дәлелдеу
Болжамды талдау
Дағдарыстық ықтимал себептерінің диагностикасы
Қоғамдық пікірді бағалау
Төтенше жағдай жобасын құру
Стратегияны таңдау
PR формасын әдісін жасау
Тактика құрып,бағдарламаны іске асыру
Нәтижені бағалап, тиімділікті талдау
Бақылау, өндірістке енгізу
Бейдағдарыстық модельдің соңғы кезеңі – бақылау және өзгерістер енгізу болып табылады. Бұл кезең модельдің әрбір кезеңінің нәтижелілігін және жалпы шығындарын бақылау механизміндерінің нақты жұмыс істеуін көздейді. Кері байланысты түзету бейдағдарыстық комитеттер жүзеге асырады. Фирма ішінде және оның сыртындағы әрбір коммуникацияның эффективтілігі бойынша үздіксіз бақылау жүргізіледі.
Моделдерді қолдануға итермелейтін негізгі себептерді атаңыз.
Қоршаған ортаның объектілерін зерттей отырып, біз бір жағынан анализ жасау үшін ыңғайлы түрде көрсету үшін, екінші жағынан оны уақыт және кеңістік ішінде сақтау және жіберу үшін зерттеулердің нәтижелерін суреттеу керекпіз. Жаңы нәрсе құрастыру, оны жобалау барысында біз ол жаңа заттың қандай да бір бейнесін қалыптастырамыз. Кез келген нәрсені басқару кезінде біз бұл басқару қандай нәтижеге алып келетініне талдау жасауға тырысамыз. Жоғарыда көрсетілген мәселелер объект туралы белгілі бір бейне (сөздік, графикалық) түріндегі сипаттаманы немесе суреттемені талап етеді.
Осыған байланысты адамның практикалық және танымдық әрекетінде үлкен және ең басты рольді үлгі және үлгілеу ойнайды. Әсіресе, үлгілеу қиын объектілермен (көбіне экономикалық) жұмыс істеу кезінде қажет. Осының барлығы үлгілеу менеджменттің жүйелік анализінде маңызды құрал болып табылады.
Модель –ең алдымен, модельдеу өнімі, яғни модельдеу объектісі мен осы моделбдеуді тікелей жүзеге асыратын субъект «қатынасатын» үрдіс.Модельдеу –бүгінгі күні болашақ нұсқаларды көрудің және объективті түрде салыстыруға мүмкіндік беретін баламалы шешімдердің әлеуетті салдарларын анықтаудың жүйеленген тәсілі.
Үлгі- белгілі бір нысанда объектіні, жүйені, идеяны көрсету. Бұл ұғым белгілі бір конструкцияны, бұйымды көптеп шығаруға арналған эталонды нұсқа үлгіні білдіреді. Үлгі- үлгілеуді уске асырып отырған тұлға үшін, түпнұсұа болып табылатын заттың, объектінің, сипаттамасы, схемасы. Үлгі- зерттеліп жатқан объектімен ұқсас, физикалық немесе абстрактты объект.
Үлгі бүгінгі күнде болашақтың варианттарын және баламалы шешімдердің ықтималды салдарын көрудің жалғыз жүйеленген тәсілі және ол салдарды объективті салыстыруға мүмкіндік береді. Модельдеудің қажеттілігі көптеген себептермен байланысты: объектерді зерттеу қиындығы, тәжірибе жасау мен болжамдау қажеттілігі, біздің мүмкіндіктерімізбен уақыттық және кеңістік масштабтардың сәйкессіздігі.